Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Елтану кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ІРІ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қорғауға жіберілді
«___» 2009 ж.
№ хаттама
Елтану кафедрасының меңгерушісі
доцент Каймулдинова К. Д.
Норма бақылаушы:
Тургумбекова Н. М.
Орындаған: география-экология факультеті
050609 «география-туризм»,
мамандығы, 4 курс, күндізгі бөлім студенті
Махатова А.
Ғылыми жетекшісі:
г. ғ. к., оқытушы Мұздыбаева Қ. Қ
Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ІРІ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ . . . … . . . … . . . 4
2. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ІРІ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТИГІЗЕР АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕРЛЕРІ
2. 1 Өнеркәсіптің қоршаған ортаға тигізер әсері . . . … . . . …9
2. 2 Транспорттың қоршаған ортаға тигізер әсері . . . … . . . 13
3. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ІРІ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫН СИПАТТАУ
3. 1 Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының атмосфера жағдайы мен оған климаттық құбылыстардың әсері . . . . . . 15
3. 2 Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының суының жағдайы . . . 23 3. 3 Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының топырақ және биота
жағдайы. . 28
3. 4 Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының физикалық ластануы………. 36
3. 5 Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайларын талдау . . . 38
4. ҚАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТА ЖАҒДАЙЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ НЕГІЗІ . . . 44
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезде елдердің және әртүрлі технологияның қарқынды дамуы табиғатқа өз кері әсерін беруде. Антропогендік әсер, әсіресе ірі қалалар мен өндіріс орталықтарында өнеркәсіп және транспорт дамыған жерлерде өте қарқынды байқалуда.
Егер де қаланы антропогендік экологиялық қуыс ретінде қарастырсақ, онда қалалық тұрғындар популяциясында табиғи қуыс мекендеушілеріне қарағанда жүктеме көп есе жоғары. Мұнда адамға әсер етуші фактор көптеген. Бірақ олардың әсер ету уақыты аз, экологиялық стресс өте ауыр.
Әсер ету масштабтары агломерация көлеміне, өндіріс орындарының күрделі үйлесімдігіне, қаланың физикалық-географиялық (экологиялық-табиғи) орнына және т. б құрамдарына байланысты.
Кері әсерлерді Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларыда сезеді: әсіресе ірі өндіріс орындары мен автотранспорты дамыған Шымкент пен Алматы, физикалық-географиялық орналасуы күрделі Қызылорда қалаларын мысалға ала отырып айтсақ.
“Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық мәселелері” деп аталатын жұмыста жоғарыда айтылған Алматы, Шымкент пен Қызылорда қалаларын негізге ала отырып, қалалардың қоршаған ортасының элементтерінің өзгеру сипаты мен тенденцияларын, себептерін көрсету жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі ірі қалалардың геоэкологиялық жағдайын анықтау. Негізгі міндеттері:
- Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларына физикалық-географиялық тұрғыдан сипаттама беру;
- Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының қоршаған ортаға тигізетін антропогендік әсерін анықтау;
- Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайының сипаттамасын беру.
- Қалалардың қоршаған орта жағдайын оңтайландырудың негіздеріне талдау жасау.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Оңтүстік Қазақстан қалаларының геоэкологиялық жағдайына әсер етуші факторларды анықтап, оны қазіргі кезде Қазақстанның аймақтық геоэкологиясы және экология сабақтарында пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Жалпы жұмыс кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан тұрады. Көлемі 56 беттен тұратын жұмыс, 19 кесте, 5 суретпен жабдықталған.
1. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ІРІ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Оңтүстік Қазақстан өңірі Қазақстан Республикасының оңтүстігін, экономикалық бөлінуі жағынан Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарын қамтиды. Физикалық-географиялық аудандастыру жағынан Каспий маңы, Тұран еліне және Орта Азия таулы еліне жатады. Орналасу ендігіне байланысты өңірде шөл зонасы дамыған және Евразия материгінің ішкі бөлігі болуына байланысты климаты континентті. Бұл өңірдегі орналасқан қалалар табиғат жағдайына әсер етеді.
Геологиялық даму тұрғысынан өңір Тұран плитасын және оңтүстік-шығыс бөлігі Тянь-Шань геосинклинальдық белдеуін алады. Жер бедері жазық және тау алды жазығы болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан өңірінің қалалары өзендер бойын бойлай және тау алды ылғал жеткілікті бөлігінде пайда болған, кейбірі ескі заманнан бері келе жатқан қалалар болып келеді.
Қалаларың физикалық-географиялық жағдайлары мен оның геоэкологиялық жағдайлары арасындағы байланыс тығыз. Қалалардың экологиялық жағдайын анықтаудың бірінші шарты олардың орналасу ерекшеліктері мен табиғи жағдайын зерттеу. Бұл зерттеусіз толық қалалар экологиясын түсіне және олардың қоршаған ортасын сақтау негіздерін белгілей алмаймыз.
Алматы қаласы. Физикалық-географиялық орны. Іле Алатауының физикалық-географиялық ерекшеліктері Алматы қаласының табиғи жағдайына ерекше әсер етеді. Іле Алатауының тау алды шлейфі ендігі 20-25 км жетеді. Ол тау өзендерінің ысырынды конустарының қосылуынан түзілген. Гипсометриясы теңіз деңгейінен 600 метрден 1100 метрге дейін жетеді. Осы ысырынды конустың бірінде, Іле Алатауының солтүстік беткейінде Алматы қаласы орналасқан. Қала меридиан бағытта қатты созылған, солтүстік шеті оңтүстік бөлігіне қарағанда 250 метр төмен жатыр, ал шығысы 400 метр жоғары. Алматы тау сілемдерінің жондарымен қоршалып жатыр. Қала созылған бағытта екі негізгі қала өзендері Кіші Алматы мен Үлкен Алматы өзендері ағып өтеді. Дала мен биіктік таулылықтың өзара әрекеттесуі тек Алматыға ғана тән өзгешеліктерге әкеледі.
Жер бедері мен геологиясы. Қала жер бедері табиғи қалыптасқан бедерден қазіргі жағдайдан ерекше. Бұл ысырынды конустар қалыптастырған толқынды аллювильды- пролювиальды көлбеу келген жазық. Алматы маңы таулы, сайлы-жыралы. Алматы қаласы орналасқан жері Тянь-Шань тауының дамуымен тікелей байланысты. Бұл каледон қатпарлығы жүрген кезде пайда болып, төрттік жаңа орогенез кезінде қайта көтерілген тау жүйесі. Және де қазіргі неотектоникалық қозғалыстар үдерісінде, сондықтан Алматы қаласы қауіпті жер сілкінісі болатын аймаққа жатады. Мұнда 8-10 балдық жойқын жер сілкіністері болып тұрады. Алматы қаласы әртүрлі жастағы шөгінділер үстінде орналасқан. Негізінен борпылдақ, шойтасты және қиыршық пен малта тасты шөгінділер басым. Үстінде лесстәрізді саздақтар, құмды-сазды қабаттар жатыр.
Климаты. Алматы қаласы Евразия материгіне тереңдей орналасқан және мұхиттардан алшақ болуы климатының континентті болуына әкеледі. Тау алды жазығында орналасса да, жатқан ендігі, жауын-шашын, температура режимдеріне әсер етеді. Алматы қаласының қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы - 7-8 0 С. Жазы ыстық және қуаңшылық та байқалады. Шілденің орташа температурасы +23, 3 0 С құрайды. Жауын-шашын солтүстігінде (аэропорт) - 456 мм, орталығында - 575 мм, оңтүстігінде - 890 мм. Яғни жауын-шашын 100 метр сайын 50 мм көтеріледі. Булану жауын-шашыннан көп. Жаз басында 4 есе, тамыз айында 11 есе жоғары болады. Орташа жылдық булану-0, 45. Сондықтан жоғары салыстырмалы ауа ылғалдылығы қыста байқалады - 72-74 пайыз. Жаз кезінде 59-56 пайыз, кейде 49-46 пайыз. Қаланың атмосфера қысымы 926, 3 гПа.
Алматы қаласының жел режимі жердің беткі әлсіз желдің болуымен сипатталады. Қыста жылдамдығы 1, 2 м/с, жазда 2, 5 м/с ғана. Бұл жағдайда қалада таулық-аңғарлық жел басым көрініс береді.
Гидрографиясы. Қала Іле Алатауынан бастау алатын Қарғалы, Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендер атырабында орналасқан.
Кіші Алматы өзені Алатау Тұйықсу мұздығынан бастау алады. Ұзындығы 18, 5 км. Алматы қаласын шығысынан айнала ысырынды конустарға тіреледі. Тау алды бөлігінде Кіші Алматы өзені Есентай және Казачка өзендеріне, екі тармаққа бөлініп кетеді.
Үлкен Алматы өзені екі ағыстың қосылуынан түзіледі: Озерный және Проходная өзендері. Өзен қаланың батыс бөлігі арқылы ағып өтеді. Суының гидрохимиялық құрамы жағынан гидрокорбонатты болып саналады.
Топырақ және биотасы. Алматы қаласында топырақ пен өсімдік жамылғысының даму жағдайында биіктік белдеулік көрінеді. Мұнда тау алды шөлейті мен дала зоналары байқалады. Қала өзінің дамуы барысында табиғи ландшафтынан айырылған. Қаланың көп бөлігін мәдени ландшафттар алады.
Әл-Фараби даңғылынан Каменка кентіне дейін қалада қара топырақ, Әл-Фарабиден Райымбек даңғылына дейін қаланың басым бөлігін қара-қоңыр және қара топырақ дамыған.
Қалада боз жусанды дақылды-эфемерлі және жартылай бұталы тау беткейлік шөлейт өсімдіктері мен шымды-дақылды, бұталы-шалғынды дала өсімдіктері өседі [1, 2] .
Шымкент қаласы. Физикалық-географиялық орны. Қала - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі тораптардың бірі. Жер аумағы 7784 га. Қала үш ауданнан тұрады. Шымкент қаласы облыс шығысында, Бадам мен Сайрам өзендері аралығында, Өгем жотасының тау алды жазығында жатыр. Теңіз деңгейінен 500-512 метр биіктікте орналасқан.
Жер бедері мен геологиясы. Геологиялық құрылымы кембрийлік, девондық және тас көмірлік жыныстардан: тақтатас, құмтас, әктастан тұрады. Үстін бор және неоген-төрттік шөгінділер басқан.
Климаты. Қала жайғасқан өңірдің климаты континентті. Жазы ыстық, қысы біршама суық. Шілденің орташа температурасы +24-26 0 С, қаңтарда - 4-6 0 С. Аязсыз күндер ұзақтығы 184 күн. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 423 мм шамасында. Әсіресе қыс айларында басым бөлігі жауады. Қар жамылғысының қалыңдығы 18 см, тұрақсыз. Жату ұзақтығы 40-60 күн. Жазда 90-93 күндер аңызақтар мен қуаңшылық болып тұрады. Жиынтық күн радиациясы 800 мДж/м 2 . Басым желдер солтүстік-шығыстан соғады.
Гидрографиясы. Қала бойымен Бадам өзені ағып өтеді. Өзен Арыс өзенінің оң саласы болып табылады.
Қала жер асты суы Арал маңы - Торғай-Шу-Сарысу күрделі бассейніне жатады. Соның ішінде Шу-Сарысу бассейніне кіреді. Негізгі су қабаты неоген және төрттік шөгінділер қабатына тән. Суы гидрокорбонатты-сульфатты және хлоридті-сульфатты.
Топырақ және биотасы. Топырағы шөлдің сұр топырағы. Яғни кәдімгі оңтүстік тау алды сұр топырақтары. Өзен маңы аймақтарын жайылымдық шалғынды топырақтар алады. Өсімдігі жартылай бұталы, бұталы сирек орманды, эфемерлер мен эфемер тәрізді өсімдіктерден тұрады.
Қызылорда қаласы. Географиялық орны. Қызылорда облысының әкімшілік, экономикалық және мәдени орталығы - Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің төменгі ағысында оң жағалауда, 65˚25'-65˚35' шығыс бойлық пен 44˚44'-44˚53' солтүстік ендікте, Балтық теңізі деңгейінен 126-130 метр биіктікте орналасқан. Қала территориясы өзенді бойлай оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 15 км созылып, қисық төртбұрыш формада жатыр, ені 8 км. Қала ауданы 605 км 2 . Қаладан оңтүстікке ені 10-60 км болатын үлкен Қызылқұм шөлі созылып жатыр, ал 50 км солтүстікте өсімдік атаулыдан жұрдай. Арысқұм құмына қосылатын Дариялық тақырлар. Қала Сырдария өзенінің ежелгі дельтасының жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Қала территориясының жер көлемі 3683 га. Ал қазір қала территориясы кеңейіп келеді, өсіп барады. Тасбөгет, Белкөл қала типтес кенттері мен 5 ауылды округтерімен қосыла бір урбожүйе кешенін құрайды. Қала территориясының жер көлемінің 17, 0 га бөлігін темір жол торы алып жатыр, сонда қала үлесіне 3513 га жер тиеді, оның ішінде транспорттық көшелерге 165 га, қала бақтары мен демалыс орындарына 19 га, жасыл алқапқа 51 га жер тиеді.
Сегіз әкімшілік-аумақтық бірліктен тұрады: Қызылорда қаласы, Тасбөгет, Белкөл кенттері, Қосшыңырау, Қызылжарма, Қызылөзек, Ақсуат, Ақжарма ауылдары. Тасбөгет қыстағы қала бойынша су жүйесі әкімшілік басқарма орталығы.
Жер бедері және геологиясы. Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан, физикалық-географиялық жағдайы жағынан территориясы Төменгі Сырдария провинциясына кіреді (Тұран елінің) . Қала аккумулятивті жазық жер бедерінде жатыр, абсолюттік нүктелері 124-135 метрден аспайды.
К. Ахметовтың (1956 ж. ) жазуынша Сырдария өзенінің төменгі ағысы бойындағы аллювийлі жазықты зерттеуіне қарағанда, жалпы жер бетінің еңістеуі оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай, Сырдария өзенінің ағысын қуалай төмендейді. Яғни, қала территориясында биіктігі 130 м болатын, меридиан бағытында жатқан екі жайпақ үйілімді айтуға болады. Оның біріншісі қазіргі әскер бөлімшесі орналасқан жер немесе ескі қорғаннан базар бағытында болса, екіншісі: қаланы суландырып тұрған Сарқырама каналын бойлай өтеді. Осы каналдан оңға және солға қарай жер бедерінің төмендеуі 1-2 м-ге дейін байқалады. Қала маңы жер бедері өте өзгермелі, әсіресе Белкөл, Тасбөгет жағы, ол жерлерде көшпелі құм төбелер көп. Олар қалаға ентелеп келеді.
Қалада Сырдария өзенінің үш террассасы айқын байқалады. I-жайылма үсті террассасында қаланың басты бөлігі орналасқан. Едәуір биік II-террасса биіктігі 12 метр. Аккумулятивті бедер қазіргі антропогендік әрекеттер арқасында қатты бұзылған.
Геологиялық тұрғыдан Қызылорда қаласының аумағы Тұран эпигерциндік платформасы үстінде жатыр. Палеозойда қалыптасқан бұл жазықты кейде Сыр ойысы деп те атайды. Ойыстың шеткі иіндері палеозойлық қатты метаморфты жыныстармен толған. Ойыстың көлденең ені 400 км. Орталығында палеозойлық тау жыныстары 600 - 900 м тереңдікте жатыр. Кейіннен ойыс мезазой, одан кейін кайнозой жыныстарымен жабылған. Мезазойлық жыныстарынан Бор жүйесінің шөгінділері жақсы дамыған. Алуан түсті саздар мен ұсақ құмдардан тұратын бұл шөгінді қабаты қалыңдығы 140-150 метр. Мұнда жер асты суларының негізгі қабаты жатыр.
Жоғарғы бөлігінде неоген жүйесінің сазды-құмды шөгінділерінен тұрып, 60 метрлік қабат құрайды. Ал төрттік шөгінділер 70-80 метрлі құм, саз, құмдақтардан тұрады.
Гидро-климаттық орта. Климаты континентті, жазы аңызақты, ыстық, ең жоғары температура +42˚C, +44˚С көрсетеді. Қысы аз қарлы, аязды, желді келеді. Ауаның ылғалдылығы өте төмен, ең төмен кезең жаз айларына тура келеді. Мұндай көрсеткіштің болуы жалпы облыс жерінің Қызылқұм, Мойынқұм, Бетпақдала және Тұран ойпатының қоршай орналасуы әсерінен қалыптасады.
Б. П. Алисов бойынша Қызылорда климаттық белдеуі Солтүстік Тұран климаттық облысына жатады.
Климатына жыл бойы үш негізгі ауа массалары әсер етеді: арктикалық, қоңыржай және тропикалық. Айтылған ауа массаларының қайсысы басым болуына байланысты Қызылорда қаласында ауа-райы типі орнатылады. Қаланың орташа атмосфера қысымы 1003 гПа. Оған байланысты жел режимі орнатылады. Жел қаланың солтүстік-шығысынан және солтүстігінен келеді. Бұл желдер шаңды-тұзды Арал теңізінің ауасы мен Бетпақдала шөлдерінің құмдарын тасиды. Қатты желдер жылдамдығы 15 м/сек жетеді. Жылы кезеңде қалада шаңды дауылдар қайталанып болып тұрады. Орташа жылына 30 күн байқалады.
Жауын-шашынның 60 пайыз көктем-қыс кезінде байқалады. Жылдық орташа жауын-шашын 130 мм. Ал булану шамасы - 1229 мм құрайды.
Қаланың негізгі су артериясы Сырдария өзені қар-мұздық сумен қоректенеді, төменгі бөлігінде жер асты қабаттарының маңызы зор. Қызылорда шегінде Сырдария өзенінің ұзындығы 10 км. Ені 100-150 км. Ағыс жылдамдығы 0, 9 м/сек. Орташа жылдық су шығыны 1802 м 3 /сек, орташа жылдық ағыс көлемі - 37, 8 км 3 /жылына. Наурыз соңы мен маусымның басында өзен толысуы жүреді. Өзен суының мөлдірлігі төмен - 5-10 см. Лайлы заттар 100-150 мг/л. Тамыз бен қазан айлары аралығында өзен суы таязданып, жоғарғы минерализация кезі байқалады. Өзен тұздарының орташа шамасы 0, 6 г/л құрайды. Суының химиялық құрамы жыл мезгіліне байланысты өзгереді. Су таяз болған кезінде натрий, магний және калий сульфаттары өсіп, керісінше жағдай кезінде гидрокорбонаттар басым болады.
Жер асты суының бірнеше горизонттары бар. Мұнда төрттік аллювий, плиоцен, жоғарғы және төменгі бор шөгінді қабаттарын алған. Көбіне су қамтамасыз етуде төрттік және жоғарғы бор су қабаттары пайдаланылады. Төрттік шөгінділердегі су қабатының жату тереңдігі Сырдария өзені жайылмасында 0, 8-3, 0 м және террассасында 10 м. Химиялық құрамы бойынша сулары сульфатты (14-25 г/л) және сульфатты-хлоридті (200-100 г/л) . 1 г/л минералданған тұщы су Сырдария өзені маңында кездеседі. Қазаншұңқырлы жазық бедер су тұтқыш қабаттың жалпы жер асты ағынын қиындатады.
Топырақ және биота ортасы. Табиғи жағдайы жөнінен Қызылорда қаласы территориясы ежелгі атыраулы жазық. Территорияның топырақ жамылғысы ала. Басым топырақ түрі шалғынды топырақ түрлері мен сортаңдар.
Шалғынды топырақтары құнарлы. Олар Сырдария өзенінің жайылманың жайпақ жазықтарын, қала батыс бөлігін алады. Топырақ түзуші жыныстар ретінде әртүрлі қалыңдықты аллювий үйінділері саналады. Гумусты қабаты 0-40 см-де 1, 6-3, 0 пайыз аралығында. Қала солтүстік бөлігін шалғынды қалдықты топырақтар алып жатыр. Орталық бөлігінде шалғынды-шөл топырағы жатыр. Сортаңдар болса, қаланың әр жерінде таралған. Тұздану дәрежесі хлоридті-сульфатты. Сондай-ақ құмды, сорлы, тақыртәрізді топырақтар кездеседі.
Қалада топырақ дефляциясы мен су эрозиясы жиі құбылыс.
Өсімдік - ландшафт компонентінің динамикалық бөлігі. Табиғи жағдайда Қызылорда қаласында тоғайлы жайылмалық құрақты-қамысты шалғындар өскен. Табиғи өсімдіктер егіншілік, инженерлік-құрылыстық, жол салу жұмыстары, қала халқының өсуі және қоршаған ортаның нашарлауына байланысты өзгерген. Қазіргі кезде қаланың гидрофильді өсімдігі ксерофильді өсімдікке ауысуда. Ағаштардан жоңғар талы, тораңғы, өседі, бұталардан жыңғыл мен бұталы тал, шөптесіннен мия, бидайық, құрақ, кермек, карабарақ және т. б өседі.
Ландшафттық тұрғыдан Қызылорда біртекті. Бұл гидроморфты, интразональды қоңыржай белдеуінің шөлді ландшафттары [3] .
2. ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРІНІҢ ІРІ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТИГІЗЕР АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕРЛЕРІ
Табиғи экожүйелер өте биімшіл және тұрақты, бұл оған өте ауыр немесе зиянды әсерлерді басынан өткізуге көмектеседі. Бұндай тыс даму ауытқушылықтары жер тарихында, тіршілікте талай болған. Сондықтанда экожүйе кеңістікте антропогендік әсерлерге қарсы тұра алады. Бірақ созылмалы, қайталанатын ауытқушылықтар, әсіресе өндірістік химиялық қалдықтармен ластану өте айқын, тұрақты кері әсерлерге әкеледі. Мұндай жағдайда эволюциялық табиғи адаптация ағзаға, табиғат компоненттеріне көмектесе алмайды.
Адам табиғи ортаға әсер етуші аса күшті фактор. Оның кей әсерлері табиғаттың табиғат түзуші және өзгеруші факторлары күшінен де асып түседі. Осындай аса адам әсер еткен табиғи ортасы түбегейлі өзгерген жүйе қалалар болып табылады.
Урбанизация - қазіргі дамыған өркениеттің ерекше феномендерінің бірі. Урбанизация урбожүйе шегінде көрініс береді. Урбожүйе Н. Ф. Реймерс бойынша “архитектуралық-құрылыстық нысандар тұратын және табиғи экожүйесі күрт бұзылған тұрақсыз табиғи антропогендік жүйе” [4] .
Урбанизация кеңістікте таңдаулы, әркелкі, әр жерде әртүрлі көрініс береді. Қала табиғатта өмір сүреді және оған әсер етеді. Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалалары да осындай қасиетке ие. Қалалардың литогендік, гидроклиматтық, топырақ-биотикалық ортасы және ландшафттық құрылым жағдайының анализі (талдануы) қалалардағы табиғи компоненттердің барлығы адам іс-әрекеті негізінен өте қатты өзгерісте екенін көрсетеді. Және де өкінішке орай бұл өзгерістер, әсерлер теріс мағынада сипатталады.
Қалалар әсер ету сферасы үлкен және факторлары да алуан түрлі. Қала өзі де түбегейлі өзгерген табиғат. Қоршаған ортаға әсер ету факторларын жинақтай келе оларды: өнеркәсіптік және транспорттық деп екі негізгі қоршаған ортаға әсерлер ретінде топтастырылады.
2. 1. Өнеркәсіптің қоршаған ортаға әсері
Өнеркәсіп - Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының экономикалық потенциалы. Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының өнеркәсіп жүйесі көп салалы. Мұнда өңдеуші салалар, электроэнергетика, машина жасау мен металл өңдеу, құрылыс материалдарын жасау, целлюлоза-қағаз, жеңіл, тамақ, ұн-жарма және жем-шөп өнеркәсіптері дамыған. Қазіргі кезде өнеркәсіптер қалалардың дамуына байланысты оның ішіне кіретін бір элементіне айналған. Мысалы: Алматы қаласының ауыр машина зауыты қала орталығына жақын орналасқан. Алматы қаласында 70-тен астам өндіріс орындары жұмыс істейді. Қызылорда қаласының өзінде 33-тей өнеркәсіп орындары бар, ең ірі өндіріс орындары саны 13 (кесте 1) [1, 3] .
Кесте 1. Қызылорда қаласының негізгі өндіріс орындары
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz