Қазақстан топонимдері


МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР . . . 2
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН ТОПОНИМДЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АЛҒЫШАРТТАР . . . . . . 6
- Қазақстанның жер бедері және геологиялық құрылысы . . . 6
1. 2 Климаты . . . 15
1. 3 Cу ресурстары . . . 19
1. 4 Топырақ және өсімдік жамылғысы . . . 22
2 ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЗОНАЛАР ТАБИҒАТЫНЫҢ ТОПОНИМДЕРДЕГІ КӨРІНІСІ (ОРОНИМДЕР, ГИДРОНИМДЕР, ФИТОНИМДЕР, ЗООНИМДЕР)
2. 1 Орманды дала зонасы . . . 27
2. 2 Дала зонасы . . . 51
2. 3 Шөлейтті-шөл дала зонасы . . . 77
2. 4 Таулы тік белдемдік аймақ . . . 99
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАҒАН ЖЕР-СУ АТТАРЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3. 1 Жергілікті топонимдерді қалпына келтірудегі әлемдік іс-тәжиірбе . . . 102
3. 2 Қазақ географиялық терминдерінің әлемдік кеңестікке енуі, қазіргі жағдайы, тарихи алғышарттар . . . 105
3. 3 Еліміздегі бұрмаланған жер-су атауларын қалпына келтіру. Қолданбалық ұсыныстар . . . 111
Қорытынды . . . 115
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . 118
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
Географиялық нысандар
ал. - алқап
аң. - аңғар
айр. -айрық
бат. - батпақ
бей. - бейіт
бұл. - бұлақ
д. қос. - дала қосы
жай. - жайлау
ж. сай - жырасай
қон. - қоныс
км. ² - километр квадрат
қ. ар. - құр арна
е. м. - елді мекен
өз. - өзен
қыст. - қыстау
қон. - қоныс
тақ. - тақыр
төб. - төбешік
т. көл - тұзды көл
су қ. -су қойма
шығ. - шығанақ
Облыс, аудан және елді мекендер
Алм. обл. - Алматы облысы
Ақт. обл. - Ақтөбе облысы
Ақм. обл. - Ақмола облысы
Ат. обл. -Атырау облысы
Бат. Қаз. обл. - Батыс Қазақстан облысы
Қар. обл. - Қарағанды облысы
ОҚО. - Оңтүстік Қазақстан облысы
Пав. обл. - Павлодар облысы
ШҚО - Шығыс Қазақстан облысы
ст. - станция
раз. - разъезд
Кіріспе
Өркениеттің дамуы, адам ақыл ойының өрістеуі, қоршаған орта мен қоғамды тануға ұмтылыс жасауы нәтижесінде географиялық ортаға деген ұғым нық қалыптаса бастайды. Табиғатпен «тіл табысу» табиғат ресурстарын игеруге, табиғаттың түр - тұрпатын бедерлеуге, мұнан соң географиялық атаулардың пайда болуына алып келді. Кең дала төсінде, табиғатпен етене өмір сүру жалпы көшпенділер жұртының, қала берді қазақ халқының төл мәдениеті деп түсінсек халықтық ұғымдағы геоэколгиялық түсінік элементтері географиялық атауларда жинақталды. Географиялық атауларды қалыптастырушы негізгі фактор - халық десек, кез - келген халықтың рухани элементті өзі өмір сүрген орта мен өзі қолданыс ретінде пайдаланған, тұтынған шаруашылық тұрғысынан алатыны айқын. Осы ретте, қазақ халқына тән топонимдер көшпелі - отырықшы мәдениетіне орайластырылып, мал шаруашылығы, жануарлар әлемі және фитонимдік ұғым санатында өрбіп, нәтижесінде жер-су аттарын айыра білу, географиялық нысандардағы белгілерді нақтылауға алып келді. Сондықтан да қай өңірге тән топонимді алмайық сол дала халқының түсінік ұғымы, физикалық-географиялық құндылықтарын көрсететін мәлімет екендігіне көз жеткіземіз.
Қазақтың жер-су атауларына келсек бұл тақырып аясында кең көлемде деректер келтірумен қатар олар арқылы дәстүрлі қазақ өмірінің нақты ұғымымен бетпе-бет келе аламыз. Өйткені ғасырлардан бермен тамыр тартқан этникалық рухани мұрада жер-су аттары үлкен мәнге ие. Халықтың табиғатпен етене өмір сүру мәдениеті мен тәжиірбиесі осы топонимиялық атауларда жинақталған. Топонимдік фактор - қазақ тарихының үлкен бір бөлігі деп санасақ, тарихи жер-су атаулары секілді түсініктер тарихи күрделілікке ие.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Жалпы Қазақстанның топонимдері мен табиғи жағдайы барысында сөз қозғамас бұрын оның ежелгі руханияты мен мәдениеті турасында тоқтағанымыз ләзім. Атап айтсақ, әлемдегі көлемді жер мөлшеріне ие Қазақстанның ұлан-ғайыр даласының тарихы тереңде жатқаны баршаға аян. Атап айтсақ түркі жұртының отырықшы және көшпелі мәдениетінің негізі болып, Орта Азиядағы ең бай да атақты қалары болған, шығыс пен Еуропа арасына алтын көпір болған Ұлы Жібек Жолының бойынан орын тепкен қоғам сол кездерде-ақ табиғат мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға қол жеткізді. Мал шаруашылығы ғана емес, егіншілік, қол өнер, табиғат ресурстарын қолдана білу арқылы өркендеудің жоғарғы сатыларына қол жеткізе білген ескі мәдениеттің ізі мен жұрнағын бүгінде тек қана мұражайдағы тарихи экспонаттар ғана емес географиялық атаулар да айғақтай түседі. Біздің бұл пікірімізге ғылыми жұмыстың дерек көздері ретінде пайдаланған көптеген ғалымдардың еңбектері дем бере түседі. Атап көрсетсек, табиғатпен етене тіл табысуы нәтижесінде үлкен деңгейдегі жетістікке қол жеткізген өңірге тән ежелгі мәдениет турасында, осы ұғымның өрістеуі себепкерлігінен географиялық түсініктер орныққаны-көне саяхатшылар күнделгінен бастап, орта ғасырдағы зерттеушілерге, одан берідегі ғалымдарға азық болғанды. Еліміздің географиялық жағдайы, жер бедері, су көздері, өсімдіктер және жануарлар әлемін зерттеп, климаттың құбылмалылығы, сондай ақ топонимдер тудыруда халық мәдениетінің түрлі себептерінің барысы жайлы бұған дейін көптеген зерттеушілеріміз қалам тартты.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Қазақстан топонимикасына қатысты мәселерді негізінен тіл мамандары зерттеп келгендігі белгілі. География ғылымдары тұрғысынан арнайы зерттелген ғылыми жұмыс ретінде Ғ. Қ. Қоңқашпаевтың диссертациясының орны ерекше.
Алғаш рет К. Каймулдинованың ғылыми жұмыстарында қазақ топонимдерінің ақпарттық жүктемесінің этноэкологиялық негіздері зерттелсе, географ-ғалымдар А. Е. Аяпбекова, А. С. Омарбекова, А. О. Мақанова, Қ. Т. Сапаров, З. Қ. Мырзалиеваның жұмыстары аймақтық топонимикаға арналды.
Географиялық атаулардың табиғи ортамен байланысы Э. М. Мурзаев, Б. А. Будагов, Х. Л. Ханмогамедов, Ғ. Қ. Қоңқашпаев, Ж. Д. Достай, Ә. С. Бейсенова, А. П. Горбунов, С. Ә. Әбдірахманов, Қ. Б. Базарбаев, К. Д. Каймулдинова, А. С. Омарбекова, Ә. Е. Аяпбекова, Қ. Т. Сапаров, А. О. Мақанова, З. Қ. Мырзалиеваның еңбектерінде зерттеліп қарастырылған. Жалпы алғанда Қазақстанның табиғи климаттық зоналарындағы топонимдердің көрінісі зерттелмеген.
Біздің ғылыми жұмысымыз Қазақстанның табиғи климаттық зоналары бойынша алғаш рет зерттеу көзіне айналып отыр. Осы тұрғыдан алғанда ғылыми жұмысымыздың өзектілігі еліміздің барлық өңіріне тән географиялық атауларының пайда болу көзі, бұл атаудың халықтың тұрмысымен байланыстылығы және де географиялық терминологияға қатысты зерттеу, талдау жүргізу болып табылады. Тақырыпты жете зерттеуге осындай өзекті міндет себепкерлігінен туындады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері . Қазақстанның табиғи-климаттық зоналардың сипаттамаларының қазақтың географиялық атауларының қалыптасуындағы ролі мен көрінісін көрсету және географиялық атаулардағы, оронимдердің, гидронимдердің, фитонимдердің және зоонимдердің ролін анықтау. Қойылған мақсатқа сәйкес төмендегі міндеттерді шешуге тура келді:
- Қазақстан Республикасының топонимиясының тарихи-географиялық жағдайларына талдау жасау;
- нақты деректер негізінде Қазақстанның табиғат жағдайларының географиялық атауларда бейнелену заңдылықтарына талдау жасау;
- Масштабы 1: 500 000 карталар бойынша аумақтағы географиялық нысандарға қойылған атауларды табиғи-климаттық зоналар мен таулы тік белдемдік аймақ бойынша жүйелеп топтастыру;
- Қазіргі замандық карталардағы қазақтың географиялық атауларының көрінісінің тарихи және бүгінгі жағдайларына баға беру және олардың бұрмалану себептерін анықтау.
Зерттеу нысаны (пәні) . Қазақстан Республикасында қалыптасқан қазақ халқының топонимдер жүйесі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Әлемдік және еліміздегі ономастика саласында айырықша еңбек сіңірген танымал өкілдері мен географ ғалымдардың еңбектері болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Алғаш рет еліміздің топонимдер жүйесі географиялық тұрғыдан табиғи-климаттық зоналар мен таулы тік белдемдік аймақ бойынша арнайы зерттеліп, аумақтағы географиялық нысандарға қойылған атаулар жіктеліп, оларға табиғат жағдайларды бейнелейтін негізгі ақпарат ретінде баға берілді. Аумақтағы топонимдер ороним, гидроним, фитоним және зоонимдер түрінде сипатталды.
Топонимдер мен табиғи ортаның байланыстары және географиялық атауларда табиғат жағдайларының бейнелену заңдылықтары зерттеліп, арнайы карталар жүйесі (оронимдер, гидронимдер, фитонимдер және зоонимдер картасы) құрастырылды.
Бірінші рет табиғи климаттық зоналар мен таулы тік белдемдік аймаққа тән топонимдер жүйесі анықталып, кесте, карта түрінде берілді. Топонимдер негізінде табиғи-климаттық зоналар мен таулы тік белдемдік аймақтарды анықтауда топонимиялық мәліметтер пайдаланылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар . Талқылауға төмендегі қорғалатын мәселелер ұсынылады:
1. Қазақстанның табиғи-климаттық зоналарындағы қазақ топонимдерінің кеңістік бойынша көрінісі.
2. Әрбір табиғи-климаттық зонадағы географиялық атаулардың жіктелу заңдылығы.
3. Табиғи-климаттық зоналардағы топонимдердің ақпараттық қызметі.
Зерттеудің бастапқы материалдары . Зерттеуге Білім және ғылым министрлігі География институтының геоморфология және геоақпараттық картографиялау зертханасының топонимика және терминология бөліміндегі көп жылдардан бері жинақталған топонимдер, масштабы 1:500 000 (80 парақ) картарлардағы 25 000 шамасындағы жер су атаулары және масштабы 1:100 000 топографиялық карталардағы географиялық атаулар мен ізденушінің 2004 жылы еліміздің табиғи-климаттық зоналарына жасаған экспедиция материалдары негіз болды.
Жұмыстың теориялық маңызы. Қазақстандағы топонимиялық зерттеулердің географиялық, геоэкологиялық бағыттарын дамытуға және кешенді зерттеуге мүмкіндік туғызады.
Зерттеу нәтижелерінің қолданбалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысында талданған деректер Қазақстан топонимикасы арнайы курсында, Қазақстан физикалық географиясы курстарын оқыту барысында кеңінен пайдалануға және тақырыптық карталарды дамытуда үлес қосады.
Жұмысты жүзеге асыру . Зерттеу жұмысының материалдары Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары бойынша Қазақстан Республикасының географиялық атауларының мемлекттік каталогында жарыққа шықты.
Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі . Зерттеу жұмысының материалдары Алматы қаласында (2003 ж), Қарағанды қаласында (2005), М. В. Ломоносов атындағы Москва университетінде өткен ТМД елдерінің жас ғалымдарының конференцияларында (Москва, 2005), баяндалып, талқыланды. Зерттеу жұмысы «География және табиғат» ғылыми-педагогикалық журналында (№2, 2005 ж), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Хабаршысы» (№1, 2003 ж) журналында, «Гидрометерология және экология» (№3, 2004 ж) журналында жарық көрді.
Зерттеу нәтижелерінің жариялануы. Зерттеу жұмысының нәтижелері 2003-2007 жылдарда басылып шыққан ғылыми басылымдарда автордың 6 мақаласы жарық көрді.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі . Диссертация компьютерде терілген 130 беттік мәтіннен, оның ішінде кіріспе, үш тарау, 22 кесте, 19 сурет келтірілген. Пайдаланылған әдебиеттер саны 118 атау.
Диссертацияның 1 -ші тарауында қазақ топонимдерінің қалыптасындағы физикалық-географиялық алғышарттары қарастырылып, жер бедеріне мен геологиялық құрлысына, климатына, су ресурстарына, топырақ және өсімдік жамылғыларына жалпы шолу жасалды.
Жұмыстың 2-ші тарауында еліміздің табиғи климаттық зоналарының табиғи жағдайларына шолу жасалына отырып орманды дала, дала, шөлейтті-шөл дала зоналарындағы географиялық нысандарға атау берудегі топонимиялық заңдылықтарға назар аударылды. Зерттеліп отырған аумақтағы геогарфиялық атаулар 4 топқа: оронимдер, гидронимдер, фитонимдер және зоонимдер түрінде жіктеліп, олардың табиғи ортамен байланыстары талданды. Сонымен бірге олардың карталары жасалынып табиғи климаттық зоналардың ерекшеліктерін топонимдер арқылы анықтау мүмкіндігі қарастырылды. Табиғи климатттық зоналардағы кейбір географиялық атаулардың шығу тегі зерттелді. Аумақтағы географиялық нысандарға атау берудегі топонимиялық заңдылықтар назарға алынды.
Ғылыми жұмыстың 3 - тарауында топонимдерді қалпына келтірудегі әлемдік-іс тәжиірбие қарастырылды. Қазақ географиялық терминдерінің әлемдік ғылыми кеңестікке енуі, қазіргі жағдайы, тарихи алығшарттары қарастырыла отырып, еліміздегі бұрмаланған жер-су атауларын қалпына келтіру мәселелері зерттелді. Сонымен бірге жоғалған немесе өзгеріске ұшыраған тарихи географиялық атауларды қалпына келтіруге байланысты ұсынстар айтылды.
1 Қазақстан топонимдерінің қалыптасуындағы физикалық-географиялық алғышарттары .
- Жер бедері және геологиялық құрылысы.
Солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Өзбекстан, оңтүстік-батысында Түркіменстан Республикаларымен, шығысы мен оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен шектесетін, жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9-ыншы орынды алатын Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының ішкі жағында, барлық мұхиттардан қашықта орналасқан [1] .
Қазақстан батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 шақырым 2 сағаттық белдеуді басып өтеді. Солтүстікте Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Қызылқұм шөлі мен Тәңірітау тау жүйесіне дейін 1600 шақырымға созылып жатыр. Республика жерінің солтүстік нүктелері (55º26′с. е. ) Шығыс Европа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстік ендігіне, ал республиканың оңтүстік нүктелері (40º56′с. е. ) . Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Европа жерлері қоңыржай континенттік климатымен, ал батыс Европа жерлері субтропиктік климатымен ерекшеленсе, Қазақстан аумағы құрғақ және қатаң континентік климатымен ерекше көзге түседі. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 15 000 шақырымнан астам, оның 12 000 шақырымға жуығы құрлықпен, ал 3000 шақырымнан астамы Каспий және Арал теңіздері арқылы өтеді [2] .
Қазақстан аумағы тым ерте (палеозойға дейінгі) геологиялық кезеңдерде біртұтас геосинклиналдық алқап болған. Кейіннен әлденеше рет болған геотектоникалық қозғалыстар нәтижесінде олар біркелкі платформалық аймаққа айналған. Палеозой кезеңінен кейінгі күшті орогендік қозғалыстар салдарынан бұл платформалық кең аймақ екіге бөлінген. Қазақстанның негізгі бөлігі (бүкіл батыс, солтүстік және орталық аймағы) біраз өзгерістерге ұшырағанымен сол платформалық қалпында сақталған. Оңтүстікте, оңтүстік -шығыста (альпі геологиялық шеңберінде) бұрынғы геологиялық құрылымдар жойылып, олардың орнында платформадан кейінгі қозғалмалы орогендік алаңдар пайда болған. Оның бір жағында қатпарланған биік тау жүйелері қалыптасса, тау аралығында және оған шектес алаңдарда табиғи теңдестік заңдылығы негізінде әр мөлшерлі терең ойыстар орын алған. Жалпы алғанда айтылған екі бөлікте қалыптасқан аймақтық геологиялық құрылымдар мыналар (батыстан шығысқа қарай) : а) бұрынғы платформалық қалпында қалған - Каспий бойындағы ойыс; Оралтау - Мұғалжар қатпарлы тау жүйесі; Тұран және Солтүстік Қазақстанның (Сарыарқаның) қатпарлы таулы қыраттары; б) платформадан кейінгі қалыптасқан қозғалмалы орогендер: Тәңірітау - Жетісу және Тарбағатай - Алтай қатпарлы тау жүйелері мен тауларға шектес және тауаралық ойыстар [3] .
Еліміздегі айтарлықтай үлкен үстірттер - Үстірт, Бетпақдала, Жем, Орал үстірті, Торғай және Маңғыстау үстірттері. Қазақстанның орталық бөлігінің аласа таулы жер бедері өзіндік сипатқа ие. Мұнда төбелер, үшкір төбелі шоқылар, жазықтар, аласа таулар және тұзды көлдер толған ойыстар көптеп кездеседі. Үрлену үдірістері көптеген қыраттарға ұқсас түр келтірсе, кейбір қатты жыныстардан құралған беткейлері мен төбелерінде қабырға тәрізді кертпеш жасайды. Төбелер қырқасы 30-50 м биіктікке барады, осыған байланысты аумақты Сарыарқа деп атайды.
Шығыста және оңтүстік-шығыста тізбектері үзілмейтін, республиканың шекарасына сәйкес келетін таулар алып жатыр. Мұнда Қазақстанның табиғаты әр алуан және таңғаларлық. Шығыста Алтай тауының оңтүстік-батыс жартысы кіреді. Алтай тауының пайдалы қазбаларға бай бөлігі Кенді Алтай, ал келесісі Оңтүстік Алтай атауымен белгілі. Ертедегі адамдар жер бедерінің жаратылысын түсіне алмаса да әр түрлі ландшафттарды шаруашылық мақсатта орынды пайдалана білген [3] .
Қазақстан аумағының жаратылысы, көнелігі, тарихи қалыптасуы жөнінде бір - бірінен өзгеше болып келетін орографиялық бірліктеріндегі жер бедеріне байланысты топонимдер жердің табиғи бітімінің алуан түрлілігі туралы деректер мен мағлұматтар бере отырып, сонымен бірге жаратылысын, көнелігін, қалыптасуын білдіреді [4] .
Тауларда жер беті жыныстарының литогенді құрамдары өте күрделі. Олар тастанған шөгінді жыныстар мен жанартаулы кешендердің қатпарлы-жақпарлы қабаттарынан, керегетасты, кесектасты блоктардан тұрады. Сондықтан жер беті жыныстарының топырақ пайда болатын қабаты жартасты, қорымтасты, қиыршықтасты болып келеді. Жер беті жыныстарының осындай әр түрлі болып келуі сол өңірдің ландшафттарын күрделендіреді. Халқымыз табиғаттың осындай еркешеліктеріне үлкен мән беріп, жер атауларын өз көркіне сай атауға тырысқан. Бұған, Алатау, Қаратау, Құмбел, Қарақия, Қызылқұр сияқты көптеген жер аттары дәлел бола алады [5] .
Каспий бойындағы ойыс - Батыс Қазақстан аймағындағы сыртқы жер қабаттары тым тереңге сүңгіген ірі геотектоникалық күрделі құрылым. Бұл арада сыртқы шөгінді жер қабаттарының табаны (фундамент) ойыстың шет жақтарында 5-12 км-ден орталығында 20-23 км-ге дейінгі тереңдікте орын алған. Фундаменттің үстіндегі шөгінді жер қыртыстары бес қабаттын тұрады. Оның біріншісі (төменгісі) геологиялық тым егде (палеозойдан бұрынғы) кезеңде қалыптасқан шөгінді және эффузивтік тау жыныстарынан құралған қабат. Бұл қабаттың жалпы қалыңдығы ойыстың шет жақтарында 2-5 км болса, ортасына қарай 8-9 км-ге жетеді. Жалпы қалыңдығы көрсетілген бағытта 1-11 км-ге дейін өзгермелі екінші құрылымдық қабат (әр дәрежеде қатпарланған метаморфты тау жыныстарынан құралған) төменгі палеозойдан басталып, девонға дейінгі кезеңде пайда болған. Үшінші құрылымдық қабат девон кезеңінің ортасынан басталып, төменгі триасқа дейін қалыптасқан. Оны құрайтын шөгінділердің қалыңдығы 2-6 км болады. Бұл қабаттың үлкен ерекшелігі - құрамында қалың тұзды тау жынысының болуы. Осы тым қозғалмалы шөгіндінің болуы оның үстінде жатқан қабаттардың әр дәрежеде деформациялануына зор әсерін тигізген. Шөгінді тау жыныстарынан тұратын (жалпы қалыңдығы 2-3 км болатын) төртінші құрылымдық қабат орта триастан плиоцен дәуірінің төменгі қабаттамаларын қамтиды. Ақырғы, (бесінші) үйінді тау жыныстарынан тұратын қабаттамалар кейінгі плиоцен дәуірінен басталып, қазіргі заманға дейінгі шөгінділерден құрылған. Осы айтылған қабаттарда, әсіресе үстіңгі екі қабатта тым мол да өнімді жер асты сулары қалыптасқан.
Каспий топонимінің шығу тегіне тоқтала кетсек: «Каспий» теңізі орасан үлкен көлемді алып, бірнеше елмен шектесетіндіктен теңіз деп аталғанымен, географиялық жағдайына қарай - көл. Каспий ешқандай теңіз, мұхитпен шектеспейді. Тарихта Каспийдің жетпістен астам атауы болғанына қарап, бұл теңіздің ғасырлар бойы ғалымдар мен саяхатшылардың мамандар мен зерттеушілердің жіті назарында болғаны мен бұл теңізден пана тапқан халықтың мол болғанында жатса керек. Уақыт ағымына қарай теңіздің атауы да түрліше өрбіген: Горган, Еділ, Дербент, Хазар, Сарай, Түркімен, Оғыз, Албан, Табристан, Гилян, Гиркан, Булгар, Хвалын десе, әлемнің түкпір-түкпіріне сауда саттық мақсатында ағылған керуендер сыртқы сипатына қарап Ақтеңіз, Көктеңіз деп те атап отырған. Аңқытты, Елек, Жайық, Қобда, Ойыл, Ырғыз атауларының тарихы өте ерте кезеңдерден басталады [6] .
Тұран ойысы (ойпаты) Оңтүстік Орал-Мұғалжар қыраттарынан шығысқа қарай Сарыарқаның адырлы қыраттарына, солтүстіктен оңтүстік пен оңтүстік-батысқа қарай Торғай, Сырдария, Арал теңізі бойын және Үстірт пен Маңқыстау аумағын қамти орналасқан кең геологиялық құрылым. Бұл арада фундаменттің үстінде қалыптасқан шөгінділер төрт қабаттан тұрады. Оның төменгі қабаты Орта палезой кезеңінен басталып, төменгі плиоценге дейінгі пайда болған шөгінділерден құралады. Үшінші қабаттың құрамындағы карбонатты-құмтасты шөгінділердің жалпы қалыңдығы 1 км-ден аспайды. Бұл қабат негізінен ойыстың оңтүстік-батыс бөлігінде (Маңқыстау мен Үстірт аумағында) орын алған. Төртінші (ең жоғарғы) жер қабаты біртұтас емес, ойыстың әр бөлігінде сақталған, қалыңдығы 0, 5-1 км-ден аса қоймайды.
Тұран сөзі туралы қысқаша тоқатала кетсек: еліміздің топонимиясында зерттеушілердің пікірінше «тұран»-тау үстіндегі су жиналатын ойпаң жер [7] . Ерте көктемде ұқыпты қолмен көмілген қар суын шаруалар ыстық түскенше ілдалайды. Маңғыстау шаруагерінің осылайша суды айрықша қастерлеп жаңбыр мен қар суларының жиналатын орнын есепке алып, оларға айырықша ат беріп, айдар тағуы да осыдан. «Құсымның тұраны», «Көктастың тұраны», «Қаншым тұран» деген атаулар осының айғағы [8] .
Солтүстік Қазақстан ойысы (Батыс Сібір ойысының оңтүстік бөлігі) оңтүстік - батыс пен оңтүстік Тұран ойысы және Сарыарқа қыратымен, оңтүстік-шығыста Алтай таулы өлкесімен шектеліп жатқан кең жазық. Ол екі қабаттан тұратын геологиялық құрылым. Палеозойлық сомтасты тау жыныстарының (бірінші қабаттың) бетінде 2, 5-3 км-ге дейінгі тереңдікте қалыптасқан екінші қабаттың төменгі бөлігі триас-юра кезеңінде пайда болған жанартаулы және шөгінді жыныстардан (қалыңдығы 0, 8 -1, 2 км) шөгінділері негізінен ойыстың шығыс жағында орын алған. Кейбір араларда бұл шөгінділердің бетінде жатқан жоғарғы плиоцен мен төрттік дәуірдің ұнтақ тасты тау жыныстарының қалыңдығы 0, 1-0, 5 км ғана болады.
Оңтүстік Оралтау-Мұғалжардың аласа таулы, адырлы қыраты геологиялық құрылымы солтүстіктен оңтүстікке қарай 350 км созылған, Орал тауының оңтүстіктегі жалғасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz