Мұрагерлік құқық туралы мәлімет


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 107 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1-тарау. МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1. Мұрагерліктің тарихи негіздері 7
1. 2. Мұрагерліктің түсінігі мен мәні 11
1. 3. Мұраның ашылуы негіздері 15
1. 4. Заң және өсиет бойынша мұрагерлік 19
1. 5. Мұрагерді тағайындау 27
1. 6 Қазақстан Республикасындағы мұрагерлік
қатынастардың құқықтық реттелуі 29
1. 7 Халықаралық өмірдегі мұрагерлік қатынастардың
коллизиялық мәселелері 54
2-тарау. МҰРАГЕРЛІКТІҢ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ
ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ
2. 1. Мұраны ашу және мұралық мүлікті сақтау 66
2. 2. Мұрагерлік қатынастардың субъектілері және олардың құқықтық
жағдайы 68
2. 3. Мұрагерлік қатынастардың объектілері және мұралық мүліктің
құрамы 78
3-тару. МҰРАНЫ ҚАБЫЛДАУ
3. 1. Мұраны қабылдап алудың ерекшелігі 81
3. 2. Мұраға ие болу құқы туралы куәлік беру тәртібі 84
3. 3. Мұралық мүлікті бөлу және мұрадан бас тарту жағдайлары 86
ҚОРЫТЫНДЫ 94
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 96
КІРІСПЕ
Диссертацияның жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыс мұрагерлік құқықтық реттеудің теориялық және заңнамалық мәселелерін зерттеуге арналған. Мұрагерлік қатынастарды реттеу негізінде туындайтын көптеген теориялық және заңнамалық мәселелерді шешудің жолдары қарастырылып анықталады. Жұмыста мұрагерлік құқық ережелеріне талдау жүргізіледі, сонымен қатар мұрагерлік қатынастарды реттеудің теориялық және заңнамалық мәселелер негізінде отандық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалған.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясында да меншікке қатысты бабында мұрагерлік туралы ерекше атап өткен. Қазақстан Республикасы конституциясының 26 - бабының 2 - тармағында: «Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі» - деп жарияланған. Бұл коституциялық ереже Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 6 - тарауында өз жалғасын тапқан. «Мұрагерлік құқық» деп аталатын тарауда мұрагерлік институты толық қарастырылған. Дегенмен, өмірде әртүрлі жағдайлар кездеседі және оларға байланысты көптеген мәселелер мен сұрақтар пайда болып. олар тездетіп шешуді талап етеді. Мұрагерлік - құқықтық қатынастардан пайда болатын дауларға байланысты сот және нотариат тәжірибесінде істер көп болатыны да сол себептен. [1, 26 бап]
Менің диссертациялык жұмысымның тақырыбы ретінде мұрагерлік құқық институтын таңдауым қазіргі кезде теорияда және тәжірибеде мұрагерлік қатынастарға байланысты даулы сұрақтар көптеп кездеседі. Сондықтан ұсынылып отырған жұмыс осы мәселелерді зерттеуге арналған. Бұл тақырып әрдайым өзекті болып қалатыны сөзсіз.
Диссертация тақырыбының ғылыми зерттелу деңгейі. Мұрагерліктің теориялық мәселелеріне, сондай-ақ өсиет бойынша және заңды мұрагерлікті реттейтін құқықтық тәжірибелерге революциядан бұрынғы орыс. Кеңес дәуірі тұсындағы және отандық заңгерлердің еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Мұрагерлік құқық ғылымын дамытуға Д. И. Мейер, И. А. Покровский, Г. Ф. Шершеневич сияқты цивилистердің еңбектері ерекше үлес қосты. Олардың зерттеу жұмыстарында өсиет бойынша және заңды мұрагерлік институтының арақатынастарындағы көптеген аспектілерді өңдеу маңыздылығына назар аударылды. Аталған авторлардың мұрагерлік құқық, мұрагерлік құқықтық мирасқорлық, мұраның ашылу орны мен уақыты, туыстық жағдайлар, ұсыну құқығы бойынша және т. б. мұрагерлік құқық мәселелерге байланысты құнды пікірлері осы күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ.
Диссертациялық зерттеудің объектісі мен пәні. Зерттеудің обьектісі мұрагерлік құқықтың негізі өсиет бойынша және заңды мұрагерлік бойынша туындайтын құқықтық қатынастардың ҚР-ның азаматтық құқықтық және мұрагерлік құқық туралы заңнамалармен реттелуі болып табылады.
Зерттеудің пәні мұрагерлік құқықтық реттеудің бүгінгі жағдайы мен келешегі, мұра қалдырушы(өсиет қалдырушы) мен мұрагерлердің мәртебесін анықтау, мұрагерлік құқықтың негіздері өсиет бойынша және заңды мұрагерліктің құқықтық табиғатын айқындау және олардың теориялық және заңнамалық мәселелерінің мәнін зерттеу; өсиет бойынша және заңды мұрагерлікке байланысты пайда болатын қатынастарды анықтау мәселелері болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты. Берілген тақырыптың маңыздылығы бойынша диссертациялық зерттеудің мақсаты мұрагерлік құқық институтының даму тенденциясын білу болып табылады, яғни қазіргі мемлекеттің даму кезеңі мен кеңес дәуіріндегі мұрагерлік туралы заңнамаларды салыстыру және мәселелері жан-жақты талдап зерттеледі.
Осы диссертациялык жұмыста зерттеуде алға қойылған мақсаттар:
- мұрагерлік туралы жалпы түсінік;
- мұраға ие болу құқығы;
- заң және өсиет бойынша мұрагерлік;
- нақты мұрагелік тағайындау, мұралық құқықты сақтау, жүзеге асыру сондай-ақ мұраны қабылдап алу мәселелері.
Зерттеудің әдістемелік, теориялық және нормативтік құқықтық негізі. Жұмыстың теориялық негізін азаматтық құқық ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан отандық және шетелдік ғалым-заңгерлердің мұрагерлік құқықты қамтитын теориялық және заңнамалық тәжірибелік еңбектері, бұрынғы Кеңес Одағы тұсындағы ғалымдардың мұрагерлік құқық саласы бойынша жазылған ғылыми еңбектері қалады.
Зерттеудің нормативтік құқықтық негізін мұрагерлік қатынастар ҚР-ның Конституциясымен, ҚР-ның АК-сімен, ҚР-ның «Нотариат туралы» заңымен, сонымен қатар мұрагерлік құқықты реттейтін өзге де заң актілерімен реттеледі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 235-бабына меншік құқығына ие болу негіздерін былай деп атап көрсеткен:
- Егер шартта немесе заңдарда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиесілі.
Мүліктерді пайдалану нәтижесінде алған жемістер, өнімдер, табыстар, егер заңдарда немесе мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті заңды негізде иеленуші тұлғаға тиесілі болады.
- Меншік иесі бар мүлікке, меншік құқығына басқа адам сатып алу, сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге иелердін негізінде ие болу мүмкін.
Азамат қайтыс болған ретте, оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немесе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді. Меншік иесінің мүлкі меншік иесінің еріктен тыс басқа тұлғаға беруге осы кодексте, көзделгеннен басқа реттерде жол берілмейді. [2, 235 бап]
Қазақстан Республикасының конституциясының 26-бабында «Қазқстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандайда болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Меншікке оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі» - делінген.
Заңдар - мүліктік қатынастарды және азаматардың құқтарын қорғау саласындағы заңдылықты одан әрі нығайтудын маңызды құралы болып табылады. Меншік иесінің заңда белгіленген шекте мүлік иеленуге, пайдалануға және оған билік ету құқғы бар. Азаматтардың жеке меншігін және оған билік ету де құқы бар. Азаматтардың жеке меншігін және оған мұрагер болу құқығын мемлект қорғайды.
Заң бойынша кез-келген азаматтың жеке меншігіндегі ақша, лицензиялар, патентер, шетел валютасы, акциялар өз шаруашылығын жүргізуінен түсетін еңбек табыстары, үй, сая жай және басқа да күнделікті тұрмыс қажетіне арналған мүліктері болуы мүмкін.
Қосалқы шаруашылықпен айналысу үшін кез-келген азамат заң бойынша өмірлік мұрагерлік иелікке жер бөліктерін пайдалана алады. Сонымен мұрагерлік құқық азаматтардың жеке меншігімен тығыз байланыста және әрбір азаматтың Конституциялық құқы болып табылады.
Мұрагерлік құқық жеке меншік пен басқа да мүліктердің мұра қалдырушы адамның мұраға ие болатын мұрагерлерінің қарауына өтуін реттейді.
Мұрагерлік құқықтың жүзеге асырылуын:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі;
- Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңы;
- Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік нотариалдық конторларының нотариалдық істерді жүргізу тәртібітуралы» нұсқауы және басқада нормативті құқықтық актілер реттейді.
Мұрагерлік құқық Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің Алтыншы бөлімімен реттеледі және оның алатын орны өз алдына ерекше маңызды болып табылады.
Бірінші бөлімдегі мұрагерліктің жалпы сипаттамасы.
Екінші бөлімінде мұрагерлік құқықтық қатынастардың объектілерін
мен субъектілері.
Үшінші бөлімінде мұраны қабылдау туралы көрсетілген.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақстанда мұрагерлік құқық ұзақ уақыт бойы құқықтық ғылыми зерттеудің белсенді, өзекті тақырыбы болмады, мұны жоғарыда тақырыптың зерттелу деңгейіне жасалған шолудан байқауға болады. Сондықтан, қазір Қазақстанда мұрагерлік құқық мәселелеріне қатысты монографиялардың аздығы және заңгерлер үшін мұндай жұмыстар тапшы болып отыр. Зерттеуде азаматтық құқықтың ғылыми позициясы тұрғысынан мұрагерлік құқықтың негізгі мәселелерінің тәжірибедегі орны, сонымен қатар оның пайда болу себептері мен кемшіліктерін түзету жолдары сарапталады. Атап айтқанда, мұраның құрамы, мұраның ашылу орны, мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету, сонымен қатар заңды мұрагерліктің кезегі, мұраны алу, мұраны сенімгерлікпен басқару, өсиет бойынша мұрагерлік, өсиеттік бас тарту және т. б. мәселелер қамтылады.
Зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы. Диссертациядағы теориялық тұжырымдар ғылыми-зерттеу қызметінде қолданыла алады, ал зерттеудің өзі және диссертация тақырыбы бойынша жарияланған еңбектер «Қазақстан Республикасының мұрагерлік құқық» пәнін және онымен байланысты арнайы курстарды оқыту кезінде пайдаланылуы мүмкін.
Диссертациялық зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі. Диссертациялық зерттеу әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің азаматтық құқық кафедрасында дайындалды.
Зерттеу нәтижелерін автор әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің азаматтық құқық кафедрасының магистрі ретінде ғылыми қызметті жүзеге асыру барысында пайдалануда.
Сонымен бірге диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша 1 ғылыми мақала жарық көрген.
Диссертацияың құрылымы және көлемі. Магистрлік диссертация белгілеулер мен қысқартулардан, кіріспеден, он үш бөлімшеден құралған үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі - 97 бет.
- тарау. МҰРАГЕРЛІКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 МҰРАГЕРЛІКТІҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ.
Қазақстан қазіргі өзінің экономикалық, рухани, қүқықтық жағынан қайта қүруларды басынан өткізіп отырған кезеңде ізденуші қауым қазақ халқының қүқық жүйесінің қайнар көзі болған әдет-ғүрып заңдардың қамтыған салаларын жан-жақты зерттеуде. Соның ішінде кезек күттірмейтін институттың бірі - мүрагерлік қүқық мәселесі болып отыр. Мүрагерлік институт мыңдаған жылдармен өлшенетін дәуірлерден өтіп, әлі күнге дейін өз мәнін жойған жоқ.
Алғашқы қауымдық және рулық дәуірде мүрагерлік деген түсінік қалыптаспаған еді. Мүмкін оның мүраға қалдыратын мүліктердің жоқ-тығымен де түсіндіруге болар. Себебі рулық қауым түсында еңбек қүралдары, аң терілері, үй ішінде қажетті жабдықтар түгелдей ру мүшелеріне тиесілі болып, рудан руға өтті. Бірақ кейін жеке меншіктің пайда болуына байланысты тіршілікке қажетті еңбек қүралдарымен қүралған байлық әкеден балаға өтіп отырды. Осылайша әкеден балаға қалдыру - мирас түсінігі пайда болып, ол ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлермен реттеліп отырды. Бүл қатынастарды орындау қазіргідей мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен емес, қоғамдық пікір, ру, тайпа беделі сияқты шаралармен жүзеге асырылды.
Бертін келе шаруашылық салалары жіктеліп, қоғам әлеуметтік топтарға бөлініп, жеке меншік қалыптасты да олармен бірге мүрагерлік те пайда болды. Таптық қоғамда әдет-ғүрып алғашқы формасын сақтағанмен, оның мазмүны, мағынасы өзгерді. Енді әдет мемлекеттік биліктен қолдану тауып, заңды норма есебінде оның орындалуын күш қолдау арқылы жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Міне, осындай ежелгі заңдар Үнді мемлекетінде "Ману заңы", Римде "XII Кесте заңы", Франк мемлекетінде "Салическая правда", Ресейде "Русская правда", Қазақстанда "Жеті жарғы" деген атпен біздің бәрімізге жетті. [3, 89 бет]
Осы аталған заңдар жинағының барлығында біз сөз етіп отырған мүра-герлік мәселесі қарастырылған. Дүние жүзін қоныстанған басқа халықтар сияқты Азияны қоныстанған көшпенділер арасындағы ғүн, үйсін, қаңлы және түркі сияқты үлыстар өздерінің әр кездегі, әр деңгейдегі әдет заңдарын біртіндеп өмірге әкелгенді. Ол заңдар үлыстың орнығуына, қуат алуына, дамуына түрткі болды. Бірте-бірте көшпенділер басқарудың қүнды тәжіри-бесін меңгерді.
Оның айқын көрінісі, саяси биліктің ең жоғары нысаны мемлекеттік тақ мүрагерлігі пайда болды. Тақ мүрагерлігі әр елде әр түрлі аталғанмен сипаты жағынан бәрі монархиялық билеу түрінде еді.
Түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының тарихында ерте заманнан бері мүрагерліктің әскери, әкімшілік, рулық, мүліктік және рухани мүрагерлігі қалыптасқан болатын.
Көшпелі қоғамда ел қорғаны болған ерлер елдің, жердің билеушісі болған, таққа отырған. Оның билігі үрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тақ мүраға айналған. Мүрагерлік үрдіс, мүрагерлік заң-мүрагерлік институттың дәстүр жалғаудағы үйлестіруші тетігі, ал мүрагерлік институт- мүрагерлік заңның жалғасу нысаны және нәтижесі (Сапарғалиев Ғ., Ғабасүлы Ғ. Көшпелі қоғамның әдет заңдарының бастауы туралы "Мемлекет және қүқық" 2001 ж. ) .
Біздің заманымызға дейін Қазақстан территориясында өмір сүрген сақтар мемлекеті рудың әскери демократиялық формасын қалыптастырып, оны кейінгі пайда болған үйсін, қаңлы, ғүн тайпаларына мүра есебінде қалдырды. Үйсіндердің саяси өмірінде Билер кеңесі болған. Билер мүра-герлік заңды бүзуға жол бермеген.
Саяси мүрагерлік үрдіс заңдары түркілерде де болған. Түркілерде мүра-гердің таққа отыруы алдыңғы қағанның ауызша өсиеті, тәңірінің қалауы және сайлап қою сияқты үш түрлі жолмен іске асырылды. Түркілерде "әке өлсе үлы мүрагер, аға өлсе іні мүрагер" деген өсиет сақталынды. Яғни, түркі халықтарындағы саяси мүрагерліктің ерекшелігі биліктің бір әулеттің дара билігінде болуын көздейтін қандастық негізде түқым қуалай жалғасатын үрдіс болғанын дәлелдейді.
Мүрагерлік мәселеге хандық дәуірде де ерекше көңіл бөлінген. "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның әскери жолы", "Жеті жарғы" заңдарында саяси, әкімшілік әскери мүрагерлікпен қатар отбасылық қарым-қатынастағы мүрагерлікте қамтылған. Қазақтарда әке өсиеті көзінің тірісінде куәгердің қатысуымен ауызша айтылып, орындауға міндетті болған.
Әдет-ғүрып қүқы бойынша мүрагерлерге қайтыс болған адамның бала-лары, әйелі, бауырлары, ең жақын туыстары, тіпті еш кімі болмаса аталас ағайындары иелік ететін болған. Мүраны бөлу мәселесі әр түрлі жағдайларға байланысты орындалатын. Ол өлген адамның жасына да байланысты еді. Егер әке орта жастан асып, немесе қартайып өлген уақытта, көзінің тірісінде үйленген балаларына енші беріп үлгерген болса, қара шаңыраққа, мал мүлікке еш кімнің дауы болмай, оған енші алмаған кенже баласы түгелдей ие болатын.
Қазақ әдет-ғүрып зерттеуші Л. Баллюзектің мәлімдеуі бойынша еншінің көлемі әкенің дәулетіне байланысты екен. Әдет заңдарында әмеңгерлік мәселе де мүрагерлік жолмен жүзеге асты. Егер әке жастай өліп, артында жас балаларымен жас жесірі қалса, әмеңгерлік әдет бойынша өлген адамның бірге туған ағасы не інісі, олар болмаса немере, шөбере туыстары, қала берді аталас інісі жеңгесіне үйленіп балаларды өз қамқорлығына алатын да, мал-мүлкіне заңды түрде иелік ететін. Егер жесір қалған әйел күйеуге шықпай, балаларымен елде отыра беремін десе, оған зорлық жасалмаған.
Бірақ өлгеннің отын өшірмеу, жетімін тентіретпеу үшін ең алдымен жесірдің орнын дүрыстану керек болды. Жесір бір руға түскен кешегі келін ері өліп, бағы тайған жесір, өзі түскен шаңырақтың мүшесі, оның орны, мүддесі, кісілік қүқы сол әулеттің өсуі мен өшуіне, абыройы мен үятына астасып жататын. Өлген әке үрпағы сол әулеттің заңды түқымы, ал жесірдің әмеңгер болуы сол үрпақтың аман-есен өсуінің алғы шарттары. Жесірін әмеңгерлікке ала алмау, жесірін тентіретіп жіберу, сол әулеттің сүйегіне басылған таңба.
Жесір төркініне кетсе, немесе басқа рудан ер таңдаса сүйгенімен қашып кетсе, рулар арасында "жесір дауы" туындап, берісі шығын, арысы өлімге апаратын. Әдет заңдарын әмеңгерлік мәселесінде адамгершілік, ізгілік, қамқорлыққа байланысты көзқарасты қолдағанын ислам қүқын зерттеуші ғалым Н. Өсерүлы былай көрсетеді: "Күйеуінен қалған баларымен бірге әйелдерді жетімсіретпей, олардың қас-қабағына қарау, тек жанашыр туыс-тардың ғана қолынан келеді" . [3, 93 бет]
Мүрагерлік мәселеге мұсылман құқығында ерекше көңіл бөліп, мүраның мұрагерлер арасында әділдікпен бөлінуін қатты қадағалаған. Мүхамбет Пайғамбардың өзі де мүраға ерекше көңіл бөліп, мүраның әділ бөлінуіне мән берген. Қүранда бүл жайлы аяттар өте көп. Мүраның бөлінуі шариғат бойынша туысқандықты ескеріп, үш дәрежеде бөлінеді: бірінші дәрежеде - ата-ана, екінші дәрежеде - аға-іні, әпке-қарындастары, үшінші дәрежеде - ата-ана-сының тікелей туыстары жатады. Әсіресе, шариғатта мына жәйттер мүрагер болуға кедергі келтіреді: мүрагердің кәпір болуы, адам өлтірген қанды қол болуы, азат емес қүл болуы, хабар-ошарсыз кетуі (он жыл бойына) .
Ал енді империялық басқару түсындағы төтенше билер съезінде қабыл-данған Ережелерге сүйенсек, бүрынғы әдет заңдарына біршама өзгерістер енгенін көреміз.
Кеңестік дәуірмен салыстырғанда қазіргі Қазақстан Республикасында меншікті жеке түрімен басым бола бастауына байланысты, мүрагерлік мә-селеге ерекше көңіл бөлініп мән берілген. Бүгінгі күні үйлер, пәтерлер, салым ақшалар, акциялар, жер учаскілері, түрғын үй қүралдары, көліктер, өзге де мүліктер мүраға қалдырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 2-тармағында
"меншікке, оның ішінде мүрагерлік қүқына заңмен кепілдік беріледі", - деп
көрсетілген. Сондай-ақ, ҚР Азаматтық кодексінің 59, 60 тараулары түгелдей мүрагерлікке арналған. Мүрагерлік өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Мүра заң бойынша бөлінгенде бірінші кезектегі мүрагерлер -марқүмның балалары, асырап алған балалары, жүбайы және әке қазасынан кейін туған бала болып есептеледі.
Келесі кезектегі мүрагерлер алғашқы кезектегілері болмағанда немесе олар мүрадан бас тартқанда шақырылады. Мүраны бөлуді заңмен қарағанда азаматтың өсиеті ескеріледі, яғни азамат өз өсиеті арқылы мүлкін түгелдей немесе оның бір бөлігін бір немесе бірнеше адамға, ішінде заңды мүрагері немесе мүрагері емес адамға да өсиет бойынша қалдыру мүмкін. Сол сияқты заңды түлға немесе мемлекетке беру үшін де өсиет қалдыруы мүмкін.
Мүра қалдырушы мүрагердің біреуін, бірнешеуін, тіпті барлығын заң бойынша мүрадан шеттеуі мүмкін. Сол сияқты заңды түлға немесе мемлекетке беру үшін де өсиет қалдыруы мүмкін. Дегенмен де қазақ қоғамында мүра қалдырушы артында қалған үрпағын ешуақытта мүрадан айырмаған.
Көненің бәрін тәркі еткен большевиктік солақай саясат қандай күшпен болса, да, жеке меншікті жоямыз деген үранын дүрілдетіп түрды. Ал, мүраның негізінің өзі жеке меншікке бағышталатындығы белгілі.
Сөйтіп, жеке меншікті жою мақсатында бірнеше заңдар қабылданды. Мысалы, 1917 жылдың 26 қазанында "Жер туралы", 1917 жылдың 14 желтоқсанында "Банктерді ұлттандыру туралы" декреттер қабылданды. Жеке меншіктің мүрагерлік жолымен берілуін жою мақсатында 1918 жылдың 27 сәуірінде "мұрагерлікті жою туралы'' деген БОАК-тың декреті жарияланды. Осы декреттің 1-бабына сәйкес, заң бойынша да, өсиет бойынша да мүрагерлік мүлдем алынып тасталды. Яғни, мүлік иесі қайтыс болғаннан кейін оған тиісті (жылжитын, жылжымайтын) барлық мүліктері мемлекеттің, дәлірек айтқанда РСФСР-дің қарауына (меншігіне) өтетін болды.
Осылай қалыптасқан жағдай жаңа экономикалық саясаттың келуімен, біршама шектеулермен болса да, мүрагерлік қүқығын қайта дамытуға өз үлесін қосты. Сәл кейінірек, 1922 жылдың 22 мамырында қабылданған" РКФСР-да танылатын, оның заңдарымен қорғалатын және РКФСР-дың соттарымен қорғалатын негізгі жеке мүліктік құқықтар туралы » мүраның жалпы қүны 1 алтын рубльден аспайтын болса, мүраны жүбайының және тікелей үрпақтарының заң бойынша және өсиет бойынша мүрагерлік жолымен алу қүқығы бекітіліп, әрі осы декрет негізінде Азаматтық кодекстің мүрагерлік қүқық бөлімнің іргесі қаланған болатын.
Жоғарыда атап өткеніміздей, солақай саясат дамуын шектеп келген мүрагерлік институты, тек 1945 жылы ғана кеңірек, тыныстауға мүмкіндік алды. Осы жылдың 14 наурызында қабылданған КСРО Жоғарғы Кеңес төралқысың «Заң және өсиет бойынша мұрагерлер туралы» деген Жар-лығымен заң бойынша және өсиет бойынша мүрагерлердің қүқығы едәуір кеңіді. Мүндағы демократиялық қағидалар кейінірек Азаматтық кодексте өз көрінісін тапты.
Осындай небір бүралаң жолдардан өткен мүрагерлік қүқығы тәуелсіз Қазақстан заңдарында өзіне лайықты орнын алды деп есептейміз. Еліміздің қүқық жүйесінде мүрагерлік қүқығы азаматтық күқықтың үлкен бір бөлімі ретінде бекітілген. Әрі, біздің республикадағы. күшіжүретін заңдарға сәйк-ес, мұраның көлеміне шектеу жоқ.
щ --- ■■--
... жалғасы1. 2. МҰРАГЕРЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz