Стереофотограмметри


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Алғаш Стереофотограмметрия - қос стерео (стереоскоптық бейне) фотосуреттің геометриялық қасиеттерін және қос стереофото кескіндер бойынша нәрселердің мөлшерін, пішінін кеңістіктегі орнын анықтайтын тәсілдерді зерттейтін фотограмметрия саласы. Ол аэро- және жер бетіндегі стереофотограмметрия болып ажыратылады. құрамына космостық фотосуреттер де енеді.
Стерефотограмметрия құралдары 20 ғасырдың екінші он жылдығында пайда болған. Олар жергілікті, әуе және ғарыштық фототүсіріс бойынша топографиялық карта құрастыруға мүмкіндік береді. Заманауи әмбебеп аспаптар конструкциясы негізінің принципі бойынша 2-ге бөлінеді: аналитикалық және аналогтік. Аналитикалық құралдар стерекомпаратордың жоғарғы дәлдікті базасында және электронды есептеуіш машинаcынан құрылған. Ол фототүсіріс және жер беті координаталарының байланысын есептеп, өлшеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Аналогтік аспаптар оптикалық, оптико-механикалық, механикалық болып бөлінеді. Проф. Г. В. Романовскийдің стереопроекторы СПР3 - механикалық типтегі жоғары дәлдікті аспап, топографиялық карта құрастыруға, геодезиялық торларды жобалық әуетүсіріс бойынша байланыстыруға арналған. Проф. Ф. В. Дробышевтің стереграфы СД3 - әуефототүсіріс бойынша топографиялық карта құрастыруға арналған аспап. ЦНИИГАиК стереографы - жобалық әуетүсіріс бойынша топографиялық карта құрастыруға арналған аспап. [1]
Қазіргі таңда құралдардың көптеген құрылымдары жасақталған. Жүйелі болу үшін құралдар фотограмметриялық құрал жасауды жетілдіру бағыттарына сәйкес жекелеген топтарға бөлінеді:
- Дифференциалдық аспаптар;
- Төмендегі топтарға жіктелетін әмбебап құралдар:
а) аналитикалық әмбебап құралдар;
б) аналогтік әмбебап құралдар.
3. Көмекші стереоқұралдар.
Мысалы, дифференциалдық құралдарға стереокомпаратор, стереометрлер, стереопроекторлар жатады. Ал әмбебап құралдарға стереоскоптар, интерпретоскоптар, топофлекс пен топокарт, аэропроекторлар, планикомптар, стереографтар және т. б. құралдарды жатқызуға болады. [2]
- ҚҰРАЛДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫӘмбебап құралдар
Универсал фотограмметриялық аспаптарға аэрофототопографиялық түсіруді камералдық жағдайда өңдеу жұмыстарын түгел орындауға мүмкіншілік беретін күрделі аспаптар жатады. Автомобиль жолдарын ізденіс жұмыстарында олармен кеңістікте трассалау мен трассаны фотограмметриялық нивелирлеу, жер бетіндегі түрлі нүктелердің координаталарын анықтау, трассаның бойындағы орналасқан жер бедері мен контурларды түсіру және с. с. жұмыстар жүргізіледі.
Универсал фотограмметриялық аспаптардың бірнеше түрлері бар. Оптикалық проекциялаушы аспаптарда - проекциялаушы сәулелер аэрофотосуреттің аттас нүктелерінен экранға қарай өтетін сәулелердің ағынынан құралған; механикалық проекциялаушы аспатарда - проекциялаушы сәулелердің бағыттары арнаулы жоғарғы дәлдікті рычагтардың көмегімен жасалады; оптикалы- механикалық проекциялаушы аспаптарда - проекциялаушы сәулелерді оптикалық тәсілмен құрып, ал модельді жасау үшін кеңістікті немесе жазықтықты механизмдер қолданылады; аналитикалық аспаптарда - сәулелер мен нүктелердің жағдайын аналитикалық түрде ЭЕМ-ді пайдалану нәтижесінде шығарады. [3]
- Аналитикалық тәсіл кезінде қолданылатын құралдар
Бұл құралдар үш топқа бөлінеді: дәлдігі жоғары стереокомпараторлар, маркалаушы құралдар мен монокомпараторлар, аналитикалық плоттерлер.
Координаттарды өлшеу дәлдігі жоғары стереокомпараторлар кеңістік триангуляциясының дамуына байланысты кеңінен қолданылуда. Аналитикалық тәсілді қолданудан фотограмметриялық қоюлату дәлдігі айтарлықтай жоғарылайды, өйткені аэросуреттердің бұрмалануы алдын-ала ескеріледі. Дәлдігі жоғары компараторларды жасаудың маңызды міндеттері олар ұзақ мерзім бойына дәлдікті тұрақты көрсетуі мен координаттарды өлшеу тәсілін таңдау мүмкіндігі болып табылады. Қазіргі құрал-саймандық дәлдігі 2-4 мк тең, алайда олардың көпшілігі координаттарды 1 мк дейін өлшеуге мүмкіндік береді. Дәлдіктің нашарлауы ең алдымен сыртқы жағдайларға, мысалы, температураның құбылуына байланысты болуы мүмкін. Координаттарды өлшеу дәлдігі жоғары стереокомпараторларға қойылатын жалпы талаптар: өлшеу нәтижелерін ЭЕМ-да қолданылуға қолайлы перфотаспа немесе перфопарақтағы кодталған түрінде автоматты түрде тіркеу мүмкіндігі; өлшеу үрдісі кезінде бір нүктеден екінші нүктеге дәлдіктен ауытқымай көшу; сурет қондырғыларының іс-әрекеттерінің және олардың өзара бағдарлануының тез орындалуы; суреттердің ауысуының шамаларын дәл өлшеу. Бұл ортақ талаптар әртүрлі фирмалардың құралдарында әртүрліше жолмен шешілген.
Ніlger and Watts фирмасының Recording стереокомпараторлары аэрофотоаппараттың тегістеуші әйнегіндегі айқас торлы бейнеленген 23х23 форматындағы аэросуреттерді өңдеуге арналған. Бұл айқастардың координаттары алдын-ала белгілі, сондықтан стереокомпараторда нүкте координаттары ең жақын орналасқан айқасқа байланысты өлшенеді Кәреткелердегі суреттер бірге немесе жеке-дара х-х құралының белдігі болып табылатын цилиндр бағытының бойымен орын ауыстыра алады. Сондай-ақ бірге немесе бөлек у-у белдігі бойымен қозғала алады. Х мен Ү бойымен айналатын кәреткелер мен оптикалық бөліктердің қозғалу кеңістігі 23 см құрайды. Сонымен қатар, х-х және у-у белдіктері бойында орналасқан бағыттаушылардың өздері ∆Х пен ∆Ү штурвалдарының көмегімен ±11 мм-ге орын ауыстыра алады. Бұл қозғалыстар микрометрлі деп аталады және ең жақын орналасқан айқас нүктесі координаттарын өлшеуге арналған. ∆Х пен ∆Ү штурвалдары 1 мм-ге тең етіп ойылған дәлме-дәл микрометрлік винттермен байланысқан. Бұл винттердің белдіктерінде электр тогын өткізетін немесе өткізбейтін учаскелері бар арнайы кодталған дискілер орналасқан. Мұндай кодтың көмегімен дәлдігі 1/1000 айналымға дейінгі дискілердің айналуын есептеуге болады, микрометрлік винттің ойылған қадамы 1 мм-ге тең болса, сызықтық алмасу 1 мк дәлдікпен табылады. Диск бетінде сырғып жүрген арнайы контакт құралдың код шешетін құрылғысындағы релені айырып-қосады. Құралдан аулақта орналасқан бұл құрылғының шығу сигналдары жанып тұрған сан немесе перфотаспадағы тесік ретінде автоматты түрде тіркеліп жатады. Дискінің толық айналымдарының ең жақын орналасқан сантиметрлік үлеске немесе ең жақын айқасқа қатысты санын қарапайым өзгертуші есептеп береді. Ең соңында абсцисса мен айқас ординаттарды есептеу үшін сурет кәреткелері мен оптикалық жүйенің қозғалмалы бөлшектеріне орнатылған кодталған шкалалар қолданылады. Шкалалардағы барлық бөліктерді кодтау үшін екілік жүйе қолданылады. Айқас координат шамалары мыңдық санмен бүтін миллиметр дәлдікпен, ал ∆Х пен ∆Ү шамалары 5 саннан тұратын санмен белгіленеді. Координаттарды есептеудің көрінісі бақылаушы алдындағы құрал тетігіне шығады.
оптикалық жүйесіндегі Пехан призмалары бейнені 180 о - қа дейін бұруға мүмкіндік береді. Әйнек табақшадағы өлшеу маркасы Пехан призмасынан кейін орналасқан, сондықтан бейненің оптикалық қозғалысы марканы қозғамай өтеді. Марка дегеніміз -екі 90 о - қа бұрылған Т әрпі, олар стереоскопиялық байқау кезінде бірігіп айқасталады. Оптикалық жүйенің ұлғаюы 5-тен 20 х -қа дейін біртіндеп өзгеруі мүмкін. Көзбен көру жиегінің диаметрі 6-дан 24 мм-ге ұлғаю барысында өзгереді. Стереокомпараторда оң және теріс базисті суреттерді өңдеу қарастырылған, сондай-ақ көрсету сәулелері айырылмайды, тек Пехан призмалары ғана бұрылып тұрады. Құралдың дұрыс жұмыс істеуін бақылап тұру үшін басқару тетігінде түрлі-түсті сигналдық шамдар орналасқан. Құралдың қосымша блоктарды қоспағандағы жалпы салмағы 450 кг.
Француздардың Societe d , Optique et de Mecanique de Haute Precision фирмасының SOM стереокомпараторының қозғалмайтын оптикалық жүйесі мен құралдың х-х және у-у белдіктері бойымен қозғалып тұратын суретті бекітуші кәреткелері бар. Құралдың тұғырында оптикалық көпірдің екі жағында екі Х кәреткелерінің бағыттаушы жолдары симметриямен орналасқан. Бұл кәреткелер перпендикуляр бағытта орналасқан Ү бағыттаушы кәреткелерін алып жүреді. Бұл бағыттаушылардың тегістігінің бұзылуы бірнеше микроннан аспауы тиіс. Оң және сол жақ Х пен Ү кәреткелерінің арасында механикалық байланыс жоқ, олардың біріккен және бөлек қозғалыстары штурвалдарға сәйкес электр сельсиндік басқару арқылы жүріп отырады. Х пен Ү кәреткелері бірге қозғалуы үшін кәреткелердің жанындағы басқарылатын сельсиндермен электр арқылы байланысқан, белдіктерінде жүргізуші сельсиндер орналасқан 2 қолмен басқарылатын штурвал қолданылады. Кәреткелерді қозғалтатын сельсиннің айналымдық қозғалыстары кәреткелермен байланысқан темір таспалар арқылы жүзеге асырылады. Кәреткелердің бөлек немесе саралық қозғалыстары Х пен Ү аяқ баспаларындағы белдіктерде орналасқан жүргізуші сельсиндердің көмегімен жүзеге асырылады. Аяқ баспалары қозғалғанда кәреткелер қозғалысқа түсіп, құралдың басқару тетігіндегі арнайы коммутатор арқылы жүргізуші дара сельсин оң немесе сол жақ кәреткенің басқарылатын сельсинімен байланысқа түседі. Кәреткелердің жалпы қозғалыстарының ауқымы 300х300 мм. Біріккен қозғалыстар жүргізуші сельсиндермен байланысқан синхромоторларды қолдану арқылы 25 мм/сек-қа дейін жететін жоғары жылдамдықпен жүруі мүмкін. Құралда шектен шығып жатқан жағдайда кәреткелерді электрмен тежеу қарастырылған.
Кәреткелердің қозғалыс шамалары Ferranti фирмасы дайындаған жүйенің көмегімен интерференциялық тәсілмен анықталады. Бұл жүйенің есептеу құрылғылары -кәреткелерге бекітілген және кәреткелердің қозғалыс бағытына көлденең салынған жұқа сызықтары бар шкалалы тікбұрышты әйнек табақшалар болып табылады. Сызықтардың аралары 0, 008 мм-ге тең. Қозғалмалы шкалаға дәл сондай сызықтары бар қозғалмайтын шкала кигізіледі, екі шкала сызықтарының жиектері өзара шағын бұрыштар түзуі тиіс. Кәреткелердің қозғалмайтын шкалаға қатысты қозғалысы барысында «муар жолақтары» деп аталатын кезектесетін жолақтар пайда болады. Муар жолақтарының саны 4 фотобөлшек көмегімен анықталады, муар жолақтары арқылы жүретін жарық ағыны синус заңы бойынша модульданады. Фотобөлшектер қабылдаған жарық сигналдары электр сигналдарына айналып, оларды импульске айналдыратын арнайы электронды құрылғыларға жіберіледі, олардың саны қозғалмалы шкала жүріп өткен ара қашықтыққа тең. Жарықтың синус заңымен модульдануы ара қашықтықты ¼ тор қадамы дәлдігімен, немесе 2 мк дәлдігімен өлшеуге мүмкіндік береді. Қозғалыс бағыты төрт фотобөлшектің әрқайсысына түсетін жарықтың қанық болу кезеңдерінің кезектесуіндегі айырмашылықпен анықталады. Аэросуреттердің нүкте координаттары электронды құрылғының бейне экранында жанып тұратын сан ретінде автоматты түрде көрсетіліп, бақылаушыға жақсы көрініп тұрады, сонымен қатар перфоратор көмегімен перфотаспаға жазылады немесе алыстан басқарылатын жазу машинасына ашық мәтін ретінде беріледі; координаттар ондық жүйедегі алты мәнді сан түрінде белгіленеді. Координаттарды есепке алу арнайы пернені автоматты түрде басу арқылы жүргізіледі, сонымен қатар ол перне кәреткелерді тоқтату құрылғысын іске қосады.
SОМ стереокомпараторының оптикалық жүйесі басты объектив пен окуляр бөлшектерін ауыстыру жолымен ұлғая алады. Фокустық қашықтығы 40 мм окулярларды қолданғанда жүйе 4 және 7 х тең. Ал фокустық қашықтығы 24 мм болса -тиісінше 7 және 12 х . 4 х -қа ұлғайтылғанда көзбен көру аймағы 20 мм болса, 12-қа ұлғайтылғанда 4, 8 мм-е тең болады. Құралда Дове призмаларын бұру арқылы екі суретті де бірге немесе бөлек бұру, сондай-ақ оң және теріс базис қондырғысы қарастырылған. Қара немесе жанып тұратын нүктелі өлшеу маркасы бар әйнек табақша кіріс объективінен кейін дереу орналасады. Оптикалық жүйеде бір атаулы нүктелер қайталанбас үшін көзбен көру аймағын өлшеу маркасымен фотоға түсіретін арнайы фотоаппарат пен проекциялайтын құрылғы енгізілген. Алғашқы суреттерді өңдеу барысында өлшеу маркасы кезекпенен барлық байланыс нүктелеріне тоқталып, олар қайтарымды фототаспаға суретке түсіріледі. Келесі маршрут өңдеу барысында айқындалған таспа бинокль басына орнатылған проекторға енгізіледі де, бұрынғы түсірілген көзбен көру аймағының бейнесі құралдың оптикалық жүйесі арқылы окулярлардың біріне жіберіліп, нүктелер стереоскопиялық көшіруден өтеді. Суреттерді жарықтандыру жоғарғы кәреткелердің ішіндегі флуоресцентті шамдар көмегімен жүреді, ал ауыспалы сүзгілер 3 түрлі түс реңдеріне боялған суреттерді көруге мүмкіндік береді. Стереокомпараторды басқару орталық басқару тетігі арқылы жүзеге асырылады.
Италияның OMI (Ottico Meccanica Italiana) фирмасы жасақтаған ТА-3 үлгісіндегі Nistri стереокомпараторы фототриангуляцияның аналитикалық тәсіліне арналған және 3 суреттіқысқышы бар. Арнайы оптикалық коммутаторды айырып-қосу орнатылған фотосуреттердің үшеуінің (1-2, 2-3, 3-1) біреуінің стереожұбын бақылауға мүмкіндік береді, яғни екі ұқсас стереожұптағы бір байланыс нүктесін көре аламыз. Өңделетін фотосуреттердің ауқымы 23х23 см.
координатометр деп аталатын суретқысқыштары мен сурет кәреткелері х-х және у-у белдіктері бойымен жылжи алады, ал оптикалық жүйе қозғалмайды. Құралдың тұғырында бақылаушының оң және сол жағында 2 басқару тетігі орналасқан, ондағы 3 штурвалдың әрқайсысы үш координатометрді қозғалысқа келтіреді, ал тұғырдың ортасында электр басқару жабдықшасы мен дабыл орналасқан. Ортаңғы суретқысқыш өз бетінде 180 о -қа бұрыла алады. Әр координатометрдің 3 Х бағыттаушы кәреткелері бар, оның екеуі демеуші де, үшіншісі құралдың х-х белдігінің бағытын анықтаушы. Х кәреткесінде 3 Ү бағыттаушы кәреткесі орналасқан, олардың қызметтері бірдей. Штурвалдар мен координатометрлер арасындағы байланыс -электрлі. Барлық 6 штурвал белдіктерінде жүргізуші сельсиндердің рөлін атқаратын моторлар орналасқан, ал қайталанбалы басқарылатын сельсиндер координатометр тұғыры мен Х кәреткелеріне орналасқан. Штурвал бір айналғанда қайталаушы сельсиннің белдігі де бір айналады, онымен ойылған қадамы 0, 5 мм-ге тең өте дәл жүру винті тығыз байланысқан. Бұл винтте тиісті кәреткемен байланысқан жүру гайкасы бар. Сонымен бірге жүру гайкасы радиал штифт арқылы болат таспа түріндегі лекалды корректор саңылауымен байланысқан, ол таспаға азғана мөлшерде оған айналып барып тірелетін винттар арқылы түрлі пішін беруге болады. Болат лекалдың кескінінің өзгеруі әсерінен жүру винті бар қайталанатын сельсиннің айналымының тұрақты бұрыштық жылдамдығы кезінде әртекті қозғалып, бұл жүру өлшеу винттерінің қатесі мен ауа температурасы құбылуы салдарынан ұзындығының өзгеруін түзетуге мүмкіндік береді.
Барлық үш кәреткені де х-х және у-у белдіктері бойымен 60 мм/сек жылдамдығымен қозғалтуға арналған 2 тапсыру моторы бар, олар үш жүргізуші сельсиндермен белдік жіберілімдер арқылы байланысқан. Соңында орталық жабдықшадаХ кәреткелерінің бөлек 3пернесі мен 3 Ү пернесі орналасқан. Пернелерді басқанда тиісті кәретке 0, 5 мм-ге қозғалады, яғни жүру винті бір айналымға бұрылады. Екі пернені қатар басқанда екі сурет қозғалады. Кәреткелердің қозғалыс ауқымы 308х308 мм. Кәреткелерде арнайы тірек шоқылары бар, олар кәреткелерді шеткі жағдайға жеткенде микроайырғыштарын тұйықтап, сонысымен сигналдық зуммерлерді іске қосады, сондай-ақ автоматты түрде тез қозғалу моторларын өшіреді. Суреттер ±18 о шамасында א бұрыштарына жайылады. Суреттердің бақыланатын учаскелері 4 түсті жарық-сүзгілермен жабдықталған шамдарының көмегімен жарқырап, ал барлық аймақты салқын жарықты сопақ шамдары жарық қылады. Кәреткелер жүріп өткен жол шамасы ұқсастыру-сандық өзгертушілері арқылы -әр кәреткенің жүру винті белдігінде орналасқан электр механикалық құрылғылармен өлшенеді. Ұқсастыру-сандық өзгертушілері бір-біріне тығыз орналасқан бірнеше шеңберден құралған блоктар болып табылады. Әр шеңберде радиалды тірек шоқы бар, ол блоктың айналуы арқылы кәреткелердің қозғалысын 2 мк дәлдікпен есептей алады. Жүру винтінің бұрылу шамаларын, яғни кәреткелердің қозғалысы ұқсастау-сандау өзгертушісінің соленоидының іске қосылуы арқылы әрекет ететін контакт қорапшасы қабылдайды. Контакт қорапшасының жүру винтінің бір түзу көлденең белдігіне орналасқан бірнеше (айналым санына сәйкес) электр контактылары бар. Әр айналым кәретке қозғалысының санына сәйкес келеді. Контакт қорапшасынан шығатын электр сигналдарын телефон сияқты арнайы селектор қабылдап-есептеп, сосын кодтап басып шығаратын немесе перфорациялық құрылғыға жібереді. Сонымен қатар әрбір ұқсастыру-сандық өзгертушісінде қосымша контакт қорапшалары бар, олар арқылы бақылау жүйесінің окулярының астында орналасқан стереокомпаратор экранына есеп көрініп тұру үшін жанып тұрған сан түріндегі координаттар шығады. Координаттардың автоматты түрде жазылуы басқару тетігіндегі арнайы перне басылғаннан кейін 10 сек ішінде орындалады, жазу кезінде барлық алты кәретке қозғалыссыз қалады. Ондық жүйедегі координаттардың жазылуы СТ-68 жазу құрылғысында немесе алыстан басқарылатын Т-2-СН жазу машинасында алты мәнді сан түрінде жүргізіледі.
ТА-3 үлгісіндегі стереокомпаратордың оптикалық жүйесі қозғалысқа түспейді, ол құралдың тұғырына бекітілген болаттан құйылған көпірге орналасады. Екі объективтен тұратын панкратикалық жүйе жалпы ұлғайтуды 8-12 х шамасында жүргізуге мүмкіндік береді.
Диапозитивтерді қалыңдыңы әртүрлі әйнектермен өңдеу кезінде сурет жазықтығы мен басты фокалдық жазықтықты үйлестіруге мүмкіндік беретін кіріс объективі алдында екі өзара көлденең белдік айналасында еркін айналып жүретін жайдақ-параллель табақша орналасқан. Табақшаны бұру арқылы өлшеу маркасына қатысты суретті қозғауға болады, қажет болған жағдайда координат өлшеудің соңғы екі разрядын нөлге келтіруге болады. Кіріс объективінен кейін сәулелердің параллель шоғыры жартылай күмістелген айнадан өтіп, онда жарық өлшеу маркасының бейнесі пайда болады. Құралда өлшеу маркасының екі түрі бар: нүктелік (диаметрі 0, 01мм) және қиық бұрышы 15 о болатын қиық тәріздес марка. Стереоскоп жақсы қабылдау үшін қиық бейнені оның төбесі жағынан бұруға болады. Өлшеу маркаларына түсетін жарықты реостаттар реттеп отырады, оларды бұру тұтқалары орталық басқару тетігінде орналасқан. Жарық сүзгілері арқылы нүктелік және қиық бейнелерге 5 түстің реңін беруге болады. Дове призмасы бейнені өлшеу маркасы айналысында 90 о -қа бұруға мүмкіндік береді. Оптикалық тармақшалар барлық үш бейнеге де бірдей. Дове призмасын бақылаушы барлық үш тармақшаны бір кезде немесе бөлек бұра алады. Жүйенің ұлғаюы әр суретте әртүрлі болуы мүмкін. Арнайы есептегіште терілетін нөмірімен бірге бір уақытта координаттарды жазу барысында нүкте бейнесін нақтылауға арналған фотоаппарат кадр форматы 24х36 мм болатын қайтарымды таспаға көзбен көру аймағын түсіреді. Ауа райының ауытқуының стереокомпараторға тигізетін әсерін азайту үшін ауаны реттеп тұратын тұғырдың төменгі жағында желдеткіш бекітілген. Координат өлшеуде кететін ең ірі қателік 5 мк делінеді. Стереокомпаратордың салмағы 1340 кг, оның ауқымы 210х110х130см.
ТА-3А жетілдірілген үлгісінің ТА-3 үлгісінен артықшылығы оның оптикалық жүйесінде. Айталық, жалпы ұлғайтудың үздіксіз өзгеруі дискретті ұлғайтудың белгілі бір санымен алмастырылған. Барлық бақылау жүйесі орналасқан бірыңғай көпірдің орнына жаңа үлгіде әр координатометрдің астына визирлік объективі мен жарық маркасының блогы бар көпірше орнатылған. Бұл ауа құбылған кезде суреттегі нүктелердің ауытқып кетуіне жол бермейді. Суреттердің бақылаудың көзбен көру аймағы да кеңейтілген.
Wild швейцарлық фирмасының SТК-1 стереокомпараторы 23х23 форматындағы суреттерді өңдеуге мүмкіндік береді, ол кәдімгі осыған ұқсас құралдар үлгісімен құрылған. Өлшеулердің дәлдігі құрылымның беріктігі мен барлық түйіндер мен тетікшелердің жақсы дайындалғанына байланысты. Құралды пайдалану ауасы тазартылған бөлмеде жүргені жөн. SТК-1 стереокомпараторында басқару тетіктерінің жіберілімдерінің суретқысқыштарға, суреттерден қозғалыс шамасын тіркейтін есептегіштерге өтуі механикалық құрылғы түрінде ойластырылған. Қатты тірек тұғырында бағыттаушылар орналасқан, олардың х-х белдіктері бойымен Х құралының суппорты жылжиды. Х суппортында орналасқан бағыттаушылар бойымен у-у белдігіне қарай Ү суппорты қозғалады. Бұл суппортта сол жақ суретқысқыш пен оң жақ суретқысқыш орнатылған айқас бағыттаушылардың 2 жұбы орналасқан. Екі суретқысқыш та өз жазықтығында
бұрыштарына бұрыла алады. Құрал Х және Ү координаттарын және оң жақ суретте өлшенетін Р
х
және Р
у
параллакстарын өлшеуге арналған.
Өлшем шамаларының барлығы нониусты шкала барабанында көзбен көрініп есетелінеді. Арнайы пернені басқанда өлшеу нәтижелері 2 мк дәлдікпен ондық жүйе түрінде ашық мәтінмен Wild ЕК-4 баспа құрылғысында немесе перфотаспа мен перфопарақтағы тиісті код түрінде тіркеледі.
Жеті мәнді сан түріндегі Х, Ү, Р х және Р у шамаларынан басқа тіркеу барысында бақыланатын нүктенің алдыңғы енгізілген кез-келген нөмірі автоматты түрде атып шығады. Х пен Ү суппорттарының қозғалыс ауқымы 260 мм-ге тең, ал Р х және Р у кәреткелерінікі -тиісінше 260 және 100 мм. Қозғалмайтын оптикалық жүйе құралдың ішіне орналасады да, суреттерге салқын жарық шамдары жоғарыдан түсіріледі. Бақылау жүйесіндегі линзаларды ауыстыру арқылы төрт түрлі ұлғайтуға болады: 6, 11, 20 және 40 * . Жанып тұратын өлшеу маркалары оптикалық жүйенің ұлғаюына қарай түрлі түстерге боялуы мүмкін. Визирлік белдіктердің айырылып-қосылау мүмкіндігі де қарастырылған, Дове призмаларының көмегімен бейнелер 90-қа бұрыла алады. Құралдың аумағы 219х139х136 см, перфоратормен қосқанда 1470 кг-ға тең.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz