Қазіргі кездегі қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануы



1. Әдеби шолу
Қазіргі кездегі қоршаған ортаның химиялық заттармен ластану дәрежесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
Кәсіпорын орналасқан аймақтың табиғи.климаттық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Қорғасын, мыс, мырыш және кадмий элементтерінің
биологиялық әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1.4 Антропогенді факторлардың өсімдіктерге, жануарларға және
адам организміне әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
1.5 Қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік іс.шаралар ... ... 26

2. Материалдар мен зерттеу әдістері
2.1 Зерттеу орындарын анықтау және оларға қысқаша
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.2 Қорғасын өндірудің материалдық және энергетикалық
идеалдық үлгісінің баланстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.2.1 Агломерация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
2.2.2 Балқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

3. Су және топырақтағы ауыр металдардың мөлшері ... ... ... .32
3.1 Өсімдіктердегі ауыр металдардың мөлшері ... ... ... ... ... ... .36
3.2 Шымкент қаласының территориясын экотоксикологиялық
аймақтарға бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
3.3 Қоршаған орта факторларының тұрғындар денсаулығына
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
3.3.1 Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы және халық
денсаулығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
3.4 Судағы және топырақтағы ауыр металдардың қоршаған
ортаға таралу заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 49
3.5 Өсімдіктерге ауыр металдардың әсерін бағалау ... ... ... ... 51

4. Табиғатты пайдалану экономикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57

5. Еңбек қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
5.1 Электр қауіпсіздігімен қамтамасыздандыру ... ... ... ... ... ...59
5.2 Өндірістік санитария ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
5.3 Өндірістік шағын климат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
5.4 Жекелей қорғаныс құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
5.5 Шу мен дірілге қарсы күрес ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
5.6 Өрт қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63
Өндiрiстiк прогресс қоршаған ортаға көп мөлшерде зиянды заттардың түсуiмен және қалыптасқан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде. Бiздiң республикамыздың қазiргi экологиялық жағдайы күрделі — барлық жерде өндiрiстiк қалдықтармен, радиациямен ластану, ауру түрлерi мен мутациялардың өсуi, су мен тамақ өнiмдерiнде нитраттардың, пестицидтердiң, ауыр металдардың мөлшерiнiң өсуi етек алуда. Соңғы кезде металлургия өндiрiсi дамыған, өндiрiстен және автотранспорттан бөлiнген зиянды қалдықтармен ластану дәрежесi жоғары аймақтарда ауыр металдардың артық мөлшерiнiң қоршаған ортаға және адам организмiне түсуiне, олардың зияны мен биологиялық рөлiн зерттеуге ерекше көңiл бөлiнуде.Түстi металлургия өндiрiсi орналасқан аудандардың атмосферасына көп мөлшерде әртүрлi химиялық қосылыстар түседi, олардың iшiндегi негiзгiлерiнiң бiрi — ауыр металдар. Ауыр металдардың 80% микроэлементтердiң қатарына жатады. Микроэлементтердiң тiршiлiк ортасында, оның ішiнде ауыз су мен тамақ өнiмдерiнде жетiспеуi немесе артық мөлшерде болуы зат алмасудың бұзылуына, нәтижесiнде эндемиялық аурулардың дамуына әкелiп соқтырады. Ал өсiмдiктерде артық мөлшерде жиналуы, олардың организмiнде өтетiн тiршiлiк үшiн маңызды процестерге қауiп төндiретiнi белгiлi. Бұл ауыр металдардың суда және басқа геохимиялық орталарда қалыпты мөлшерде болуы қажеттiгiн көрсетедi.
Қоршаған ортаның өндiрiс орындарынан бөлiнген зиянды қалдықтармен ластану дәрежесi, олардың адам денсаулығына әсерi және санитарлы-гигиеналық маңызы көп ғылыми еңбектерде келтiрiлген. Қазақстанның бүкiл облыстары мен өлкелерi экологиялық апат аймағына айналып отыр. Солардың бiрi - қорғасын өндiрiсiнiң қалдықтарымен ластанған Шымкент қаласының территориясы. Осыны ескере отырып бiздiң алдымызға қойған мақсатымыз- Шымкент қаласының ауыр металдармен ластану деңгейiн анықтап, олардың трофикалық тiзбек арқылы тасымалдана отырып тiрi организмдерге, яғни биотаға және адам денсаулығына әсерiн зерттеу. Сонымен қатар, алынған нәтижелерге сүйене отырып, Шымкент қаласының қазiргi жағдайын биологиялық тұрғыдан бағалау болып табылады. Қазiргi кезде экологиялық проблемалар жан-жақты комплекстi зерттеудi талап етедi.
Өндiрiстiк қалдықтардың қоршаған орта объектерiне түсуiн, жиналуы мен миграциясын зерттеу, олардың әсерiн дұрыс бағалауға мүмкiндiк береді.
1. Тулебаев Р.К. Хроническая свинцовая интоксикция. -Алматы: Ғылым, 1995. —С. 9,11.
2. Белозеров Э.С., Жасыбаева Т.С. Социально-экологические аспекты здоровья человека. -Алматы, Ғылым, 1993. -С.3, 111.
3. Бигалиев А.Б. Генетика и окружающая среда. -Караганда,1987.—С.120.
4.Захидов С.Т. Антропогенный мутагенез и современные экологические катастрофы. Опасности преувеличены? 7/Вестник Московского университета. Серия 16. Биология. —1997. №2. -С.11,16.
5. Владимиров А.М. Охрана окружающей среды. -Ленинград,1991. —С.281-286.
6. Артамонов В.И. Растения и чистота природной среды. -Москва: Наука, 1986. —С.27-34.
7. Ленина Э.Г. Общая токсикология металлов. -Л., 1972. — С.183.
8. Битнерович А. //Охрана природы и воспроизводства природных ресурсов. —1999. -№4. —С.45.
9. Бигалиев А.Б. Загрязнения окружающей среды и сохранение генофонда человечества. —Алма-Ата, 1978. —С.27.
10. Атчабаров БА. Поражение нервной системы при свинцовой интоксикации. -Алма-Ата, 1966. -487 с.
11. Воронцов А.И., Щетинский Б.А., Никодимов И.д. Охрана природы. -М., 1989. -53 с.
12. Имамбаева Т.М. Влияние загрязнения воздушной среды на возникновение и течение бронхиальной астмы у детей // Проблемы экологии в патологической физиологии: сб.науч. трудов АГМИ. -Алматы, 1995.-С.145-151.
13. Тарасевич Д.Н., Субеева Н.А. Состояние здоровья населения как критерий общей нагрузки атмосферных загрязнений // Охрана природы и воспроизводство природных ресурсов. —1990.№4. -С.53.
14. Намазбаева З.И., Шабдарбаева М.С. Зависимость между некоторыми факторами окружающей среды и состоянием здоровья детей //Охрана природы и воспроизводство природных ресурсов. — 1990. —№12. -С.54.
15. Красовский Г.Н., Надеенко В.Г., Кенесариев У.И. Токсичность металлов в питьевой воде. —Алматы: Ғылым, 1992. - 18-42 с.
16. Бигалиев А.Б. Генетика и окружающая среда. -Караганда,1987. -120 с.
17. Белякова Т.М., Корнилова А.В. Тяжелые металлы и мышьяк в аэрозолях г.Чимкент в связи с техногенезом //Вестник Моск.Университета. Сер.5. 1993. №2. -С. 21-27.
18. Байсеитова Н.М., Бигалиев А.Б., Торгаутов Б.К.Современное состояние загрязненкя окружающей среды Южного Казахстана //Вестник КазГУ. Серия экологическая. -1996. —№1. -С.14-21.
19. Бигалиев А.Б., Байсеитова Н.М., Торгаутов Б.К. Уровень загрязнения окружающей среды тяжелыми металлами (по г.Шымкент) //Вестник КазГУ. Серия экологическая. -1998. —№4.-С. 86-89.
20. Байсейiтова Н.М., Бигалиев А.Б., Торгаутов Б.К., т.б. Шымкент қаласындағы қоршаған ортаны ластаушы негiзгi нысандардың медициналы және гигиеналық мәселелерi // Оңтүстiк Қазақстан Мед. Академиясының хабаршысы. —Шымкент, 1999. —№2. -Б.91-93.
21. Байсейiтова Н.М., Бигалиев А.Б., Баранова Ю.В. Өндiрiстiк қалдық заттардың өсiмдiктердiң фенологиясына әсерi //ҚАЗМУ Хабаршысы. — Алматы, 2000. —№6-7. -Б. 184-188.

МАЗМҰНЫ
1. Әдеби шолу
1. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның химиялық заттармен ластану
дәрежесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...9
2. Кәсіпорын орналасқан аймақтың табиғи-климаттық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Қорғасын, мыс, мырыш және кадмий элементтерінің
биологиялық
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.4 Антропогенді факторлардың өсімдіктерге, жануарларға және
адам организміне
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.5 Қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік іс-шаралар ... ... 26

2. Материалдар мен зерттеу әдістері
2.1 Зерттеу орындарын анықтау және оларға қысқаша

сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 27
2.2 Қорғасын өндірудің материалдық және энергетикалық
идеалдық үлгісінің
баланстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .29
2.2.1
Агломерация ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...30
2.2.2
Балқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...30

3. Су және топырақтағы ауыр металдардың мөлшері ... ... ... .32
3.1 Өсімдіктердегі ауыр металдардың мөлшері ... ... ... ... ... ... .36
3.2 Шымкент қаласының территориясын экотоксикологиялық
аймақтарға
бөлу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44

3.3 Қоршаған орта факторларының тұрғындар денсаулығына

әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..45
3.3.1 Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы және халық

денсаулығы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...45
4. Судағы және топырақтағы ауыр металдардың қоршаған
ортаға таралу
заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .49
3.5 Өсімдіктерге ауыр металдардың әсерін
бағалау ... ... ... ... 51

4. Табиғатты пайдалану
экономикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57

5. Еңбек
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .59
5.1 Электр қауіпсіздігімен қамтамасыздандыру ... ... ... ... .. ... .59
5.2 Өндірістік
санитария ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
5.3 Өндірістік шағын
климат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
5.4 Жекелей қорғаныс
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .59
5.5 Шу мен дірілге қарсы
күрес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 60
5.6 Өрт
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..62
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 63

КIРIСПЕ

Өндiрiстiк прогресс қоршаған ортаға көп мөлшерде зиянды заттардың
түсуiмен және қалыптасқан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде.
Бiздiң республикамыздың қазiргi экологиялық жағдайы күрделі — барлық жерде
өндiрiстiк қалдықтармен, радиациямен ластану, ауру түрлерi мен
мутациялардың өсуi, су мен тамақ өнiмдерiнде нитраттардың, пестицидтердiң,
ауыр металдардың мөлшерiнiң өсуi етек алуда. Соңғы кезде металлургия
өндiрiсi дамыған, өндiрiстен және автотранспорттан бөлiнген зиянды
қалдықтармен ластану дәрежесi жоғары аймақтарда ауыр металдардың артық
мөлшерiнiң қоршаған ортаға және адам организмiне түсуiне, олардың зияны мен
биологиялық рөлiн зерттеуге ерекше көңiл бөлiнуде.Түстi металлургия
өндiрiсi орналасқан аудандардың атмосферасына көп мөлшерде әртүрлi химиялық
қосылыстар түседi, олардың iшiндегi негiзгiлерiнiң бiрi — ауыр металдар.
Ауыр металдардың 80% микроэлементтердiң қатарына жатады. Микроэлементтердiң
тiршiлiк ортасында, оның ішiнде ауыз су мен тамақ өнiмдерiнде жетiспеуi
немесе артық мөлшерде болуы зат алмасудың бұзылуына, нәтижесiнде эндемиялық
аурулардың дамуына әкелiп соқтырады. Ал өсiмдiктерде артық мөлшерде
жиналуы, олардың организмiнде өтетiн тiршiлiк үшiн маңызды процестерге
қауiп төндiретiнi белгiлi. Бұл ауыр металдардың суда және басқа геохимиялық
орталарда қалыпты мөлшерде болуы қажеттiгiн көрсетедi.
Қоршаған ортаның өндiрiс орындарынан бөлiнген зиянды қалдықтармен
ластану дәрежесi, олардың адам денсаулығына әсерi және санитарлы-гигиеналық
маңызы көп ғылыми еңбектерде келтiрiлген. Қазақстанның бүкiл облыстары мен
өлкелерi экологиялық апат аймағына айналып отыр. Солардың бiрi - қорғасын
өндiрiсiнiң қалдықтарымен ластанған Шымкент қаласының территориясы. Осыны
ескере отырып бiздiң алдымызға қойған мақсатымыз- Шымкент қаласының ауыр
металдармен ластану деңгейiн анықтап, олардың трофикалық тiзбек арқылы
тасымалдана отырып тiрi организмдерге, яғни биотаға және адам денсаулығына
әсерiн зерттеу. Сонымен қатар, алынған нәтижелерге сүйене отырып, Шымкент
қаласының қазiргi жағдайын биологиялық тұрғыдан бағалау болып табылады.
Қазiргi кезде экологиялық проблемалар жан-жақты комплекстi зерттеудi талап
етедi.
Өндiрiстiк қалдықтардың қоршаған орта объектерiне түсуiн, жиналуы мен
миграциясын зерттеу, олардың әсерiн дұрыс бағалауға мүмкiндiк береді.

1. Әдеби шолу
1.1 Қазiргi кездегi қоршаған ортаның химиялық заттармен ластану
дәрежесі.

Қоршаған ортаға түскен экотоксиканттар метеорологиялық факторлардың
әсерiнен топырақта, суда және атмосферада кең таралып, тiрi организмдердiң
тiршiлiк әрекетiне керi әсер етуде. Экотоксиканттардың үлкен қашықтықтарға
таралуы олардың физикалық және физика-химиялық қасиеттерiне, яғни
булануына, ұшқыштығына, ерiгiштiгiне, т.б байланысты. Қазiргi кезде барлық
табиғи орталарда бақыланып отырған ластаушы химиялық заттардың
негiзгiлерiнiң бiрi — ауыр металдар. Бұл бiр жағынан металдардың
биологиялық активтiлiгiне байланысты. Сонымен қатар, олар органикалық
қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейдi, биохимиялық айналымға
түскенде ұзак сақталады. Үздiксiз әсер етушi химиялық заттардың аз
мөлшерiнiң өзі өсiмдiктер, жануарлар және адам организмiне канцерогендi
әсер етедi.Көптеген ауыр металдар, олардың iшiнде қорғасын, кадмий, хром,
никель улы заттардың қатарына жататыны белгiлi. Олар тiрі организмдерде
жинақталып, ұзақ уакыт бойы сақтала алады және аккумуляцияланған у ретiнде
әсер етедi. Бұл заттардың тiрi организмдердегi концентрациясы қоршаған
ортадағы концентрациясынан 100-1000 есе жоғары. Адам әрекетi нәтижесiнде
қоршаған ортада атап айтқанда, топырақ, су, атмосфера, тiрi организмдер
құрылымында қорғасын миграциясы үлкен көлемдi қамтиды. Атмосфераның
өздiгiнен тазалануы барысында қорғасынның айтарлықтай бөлiгi өндiрiс
орнының айналасына шөгедi немесе жауын-шашынмен бiрге құрлық пен мұхиттарға
қайтып оралады. Әдебиеттердегi мәліметтер бойынша, қорғасын массасының
құрлык пен әлемдiк мұхит арасындағы таралуы мынадай жағдайда: судың
құрамындағы қорғасынның орташа концентрациясы 1мкгл болатын өзен суы мен
мұхитқа жылына суда еритiн қорғасынның шамамен 40·10³ т қосылады, өзен
суының түйiршiктi фазасында жылына 2800·10³ т жұқа органикалық дентритте
10·10³ т қорғасын кездеседi. Ауыр металдардың миграциялық ағыны мұхитқа тек
қана өзен суымен ғана емес, атмосфера арқылы да түседi. Континентальды шаң
арқылы мұхитқа жылына (20·30)·10³т қорғасын түседi. Жаңбыр суы арқылы
түскен мөлшерi жылына (400-2500)·10³ т бағаланады. Аса улы ауыр металдардың
бiрi - кадмий. Оның 70-шi жылдардағы әлемдiк өндiрiсi жылына 15·10³ т
жеткен. Атмосфераға бөлiнген кадмийдiң көлемi жылына (1,7-8,6)·10³т
құрайды.
Адам өз әрекетi нәтижесiнде химиялық элементтердiң табиғи ағымын
түбiрiмен өзгертті. Антропогендi көздерден атмосфераға түсетiн қорғасын
қалдықтары табиғи қалдықтармен салыстырғанда 18,3 есе, кадмий - 8,8 есе,
мырыш 7,2 есе жоғары. Биота мен су түбіндегi ауыр металдардың
концентрациясы суға қарағанда анағұрлым жоғары. Су тубiнде ауыр металдардың
концентрациясы: мырыш - 160,мыс-25, қорғасын-47,никель-43, күмiс - 0,37
мгкг дейiн жетеді.Су түбінде ауыр металдар бiркелкi таралмайды, негiзiнен
органикалық заттар шоғырланған жерлерде көп кездеседi.
Балхаш суының ластану коэффициентi соңғы 30 жылда 2-3 есе артқан.
Көлдің ұзындығы бойынша (тұщы бөлігінен ащы бөлiгiне қарай) ластану
коэффициентi 2-ден 9-ға дейiн өскендiгi байқалады. Бұл көл суының сапасының
қалыпты деңгейден 3-10 есе төмендiгiн көрсетедi.
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығына пайдаланылып жүрген жерлердiң
топырағының құрамын тексергенде, қорғасынның мөлшерi 400 мгкг (20 ПДК),
мыс - 200 мгкг (20 ПДК), мырыш - 2000 мгкг (40 ПДК), мышьяк - 100
мгкг(50 ПДК), марганец — 1000 мгкг, титан — 5000 мгкг, фосфор — 2000
мгкг, ванадий — 1500 мгкг(300 ПДК), стронций - 400 мгкг жеткендігі
байқалған.
Орталық және Солтүстiк Шығыс Қазақстанның аудандарында сынаппен
ластану етек алған. Техногендi саз-балшықтардағы сынаптың көп мөлшерi
жылжымалы түрде кездеседi, олар:сульфатты (2%), оксидтi (6%) және қарапайым
күйдегi сынап (20%) Текелi қаласындағы (Талдықорған облысы) Текелi
қорғасын мырыш комбинатына жақын аймақтарға шөккен қорғасынның мөлшерi
жылына 4 т құрайды. Атмосферадағы мөлшерi қалыпты деңгейден 33 есе жоғары.
Текелi қаласының және оған жақын аудандардың топырақтағы қорғасынның
мөлшерi 160-170 мгкг, яғни қалыпты мөлшерден 5 есе жоғары . Соңғы
жылдардағы экономикалық дағдарысқа байланысты Шымкент қаласында кейбiр
өндiрiс орындары үзiлiспен немесе жекелеген цехтар ғана жұмыс iстеуде.
Осыған байланысты атмосфераға бөлiнетiн өндiрiстiк қалдық заттардың
мөлшерi де бiршама төмендедi. Әйтседе кейбiр зиянды заттардың мөлшсрi шектi
рұқсат етiлген концентрациядан (ПДК) артып кеткендiгi байқалды.
Атмосферадағы қорғасынның мөлшерi орта есеппен ПДК-дан 1995 ж. - 2 есе,
1996ж. - 1,5 есе, 1997 ж.-2,7 есе жоғары. Көмiртегi тотығы 1995-1997 жж - 1
есе, азоттың қос тотығы 1995 ж.-1,2 есе, 1996 ж.-1 есе, 1997 ж.-1,25 есе
артқан. Аммиак 1995- 1996 жж-1 есе, 1997 ж.-0,75 есе жоғары. Формальдегид
1995ж. - 2,33 есе, 1996 ж.-2 есе, 1997 ж.-1,66 есе артқан. 1995-97 жж
атмосфераға бөлiнген өндiрiстiк қалдық заттардың жиынтық мөлшерi мынадай
мәлiметтермсн сипатталады:
- “Шымкентмұнайоргсинтез” акционерлiк қоғамынан: 1995 ж - 10279,97 т, 1996ж-
7743,01т,1997ж-8011,8т;
- “Шымкент қорғасын заводы” акционерлiк қоғамынан: 1995 ж -4451,49т, 1996ж-
2039,43т,1997ж-4410т;
-жылу электр орталықтарынан:1995 ж-3079,8т, 1996 ж-3410,6т, 1997ж-2367т;
- “Шымкент цемент” акционерлiк қоғамынан: 1995 ж - 1031,12 т, 1996 ж -
837,52 т, 1997 ж - 277,58 т зиянды қалдық заттар бөлiнген 13

1.2. Кәсіпорын орналасқан аймақтың табиғи-климаттық сипаттамасы
Оңтүстік Қазақстан облысы-Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі
әкімшілік аумақтың бөлігі. 1932 жылы 10 наурызда құрылған.1962-92 жылы
Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2,18 млн. адам
Табиғаты Оңт.Қаз. облысының жер бедері негізінен жазық. Солтүстігінде
тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңт.-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны,
Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі
орналасқан. Орт.бөлігін Қаратау жотасы солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай
екіге бөліп жатыр. Ең биік жері – Бессаз тауы (2176м). Облыстың ең биік
жері-Сайрам шыңы(4299 м)
Геологиясы мен кен байлықтары Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран
плитасының құрамына кіреді. Геол. құрылымы негізінен кембрийлік, девондық,
тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төм.
палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат) түзілген. Жер
қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит,
тальк, барит, гипс, әктас, гранит кен байлықтары барланған. Қаратауда
Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20-ғасырдың 40-
жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан
бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын
алады.
Климаты Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар
жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы
солтүстігінде-7-9ºС, оңтүстігінде-2-4ºС. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және
аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25-29ºС. Шөлде аймағында
жауын-шашынның жылдық орташа мөлш.100-150мм, тау алдында 300-500мм, биік
таулы бөлігінде 800мм.
Өнеркәсібі Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші
және металлургия кәсіп-орындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау,
химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентау қалаларында
жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-
химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: ПетроКазахстанОйл Продактс
ААҚ және ИнтеркомШина ААҚ. Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын
Южполиметалл ЖАҚ; машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары:
Карданвал ААҚ, Южмаш-К ЖАҚ; Химия өнеркәсібінен-Химфарм тағы басқа
жұмыс істеуде. Сонымен қатар, тағы да басқа өнеркәсіп түрлері өте көп.

1.3 Қорғасын, мыс, мырыш және кадмий элементтерiнiң биологиялық әсерi
Ауыр металдар - биологиялық активтi заттар. Олардың мұндай қасиетiн
организмдегi клеткалармен, олардың компоненттерi немесе функциональды
топтарымен байланысуынан көруге болады, әсiресе, олар нуклейн
қышқылдарымен, ферменттермен және белок түзуші амин қышқылдарымен активтi
әрекеттесiп, нәтижесiнде белок денатурацияланып, клеткалар мен ұлпалардың
және зат алмасу процесiн реттейтiн ферменттердiң қызметi бұзылады.Ауыр
металдар, атап айтқанда: РЬ,Cd, Сu, Zn, Ni, Со, Hg, Мо, Те өздерiне тән
химиялық және биологиялық қасиеттерiне қарай гео және биоаккумуляцияға өте
бейiм элементтер. Экологиялық тұрғыдан оларды шартты түрде 2 топқа бөлуге
болады: Zn,Cu,Co,Mo,Mn т.б. - биологиялық процестердiң қалыпты жүруiне
қажеттi микроэлементтер, РЬ,Cd, Hg биологиялық процестерге қатысуы әлi
толық анықталмаған элементтер.
Мыстың организмдегi маңызды функцияларының бiрi — қанды ұйыту
процесiне және клетканың тыныс алу активтiлiгiне қатысады. Мыс темiрдi
гемоглобин синтезiне жеңiл қатысатын формаға айналдырады. Организмде мыс
жетiспесе анемия пайда болып, қан тамырларының құрамындағы эластиннiң
құрылымы өзгередi, нәтижесiнде аорта қабырғаларының ыдырауына әкеледi. Бас
миының дамуы және пигметтердiң түзiлуi бұзылады.
Мырыш организмде инсулин мен глюкогенның түзiлуiне қатысады. Сонымен
қатар, жыныс гормондары мен гипофиздiң алдыңғы бөлiгiнiң гормондарын
активтендiредi. Мырыш адам мен жануарлардың организмiнде белок, көмiрсулар
және минералды заттардың алмасуына әсер етедi. РНК және белоктардың
синтезiн индукциялайды. Атмосферадағы зиянды заттардың улы әсер етуiнiң
механизмi өсiмдiктердiң физиологиялық және биохимиялық ерекшелiктерiне
байланысты және түрлi абиотикалық, биотикалық факторлардың әсерiнен өзгеруi
мүмкiн. Ауыр металдардың биосфераға әсерi үлкен.Топырақтың ауыр металдардың
тұздарымен ластанған аймақтарында өсiмдiктер тiршiлiгiн жоятындығы белгiлі.

К.Тырыцэ мен Э.Менгердiң (1990)зерттеулерi көрсеткенiндей,
топырақта ауыр металдардың концентрациясы жоғарылағанда (әсiресе РЬ²*),
атмосфераға бөлiнетiн Сo2, төмендейдi. Co2 ең жоғары мөлшерi 11 гкг
қорғасынның концентрациясы Рb2 =2-5 мгкг жеткенде байқалады. Рb2 орташа
және жоғары концентрациясы, сонымен қатар Zn²* жоғары
концентрациясы (150 мгкг артса) топырақ микрофлорасының жойылуына және
микроорганизмнiң маманданған түрлерiнiң пайда болуына әкелiп соғады. Бiрақ
мұндай маманданған түрлердiң қалыптасуына ұзақ уақыт керек. Ал бұл аралықта
топырақтың күштi десорбциясымен және ластаушы заттардың жер асты суларына
қосылуымен байланыстырылатын екiншi (iштей) ластанудың жүруi мүмкiн.
Өсiмдiк және жануарлар организимінде ауыр металдардың жиналуы,
бiрiншi кезекте бос иондардың активтiлiгiмен анықталады. Ауыр металдардың
организмге енуiне әсер ететiн екiншi фактор болып алкилденген және басқа да
спецификалық химиялық формалардың болуы есептеледi.Металдар генетикалық
өзгерiстердiң кең спектрiнiң түзiлуiне себепкер. Бiр метал клетканы бiрнеше
жерден зақымдай алады. Мысалы, кадмий ДНК молекуласын зақымдауға,
лизосомаларды бұзуға, ДНК репарациясын тежеуге қабiлеттi. Қорғасын ДНК
репликациясы ферменттерiнiң синтезiн бұзады, ДНК-ның үшiншiлiк структурасын
өзгертедi. Мыстың жоғары мөлшерi ДНК конформациясын өзгертедi және ДНК мен
РНК синтезiн стимуляциялайды.
В.П.Бессонованың (1993)зерттеулерi көрсеткенiндей,кәдімгі сирень
және бирючина өсiмдiктерiнде ауыр металдар жиналған жағдайда
фитогормондардың, әсiресе цитокининдердiң активтiлiгi төмендейдi.
Меристеманың флориальды морфогенезге көшуi гибберилиндер мен
цитокининдердiң активтiлiгiнiң артуымен сипатталады. Алайда қоршаған орта
ауыр металдармен ластанған жағдайда олардың активтiлiгiнiң деңгейi төмен
күйiнде қалады (ластанбаған ортамен салыстырғанда). Бұл фитогармондардың
активтілігінің төмендеуi меристеманың дамуын тежеушi факторлардың бiрi.
Қоршаған орта ауыр металдармен ластанғанда өсiмдiк құрамындағы қанттардың,
әсiресе сахарозаның мөлшерi де төмендеп кетедi. Демек, орта ауыр
металдармен ластанғанда митоздың активтiлiгiнің төмендеуіне, меристеманың
генеративтi даму жолына көшуіндегi маңызды жағдайға фитогармондар мен
каниардың жетiспеуi керi әсер етедi.
Осылайша фитогармондар мен қанттардың жетiспеуi, жаңару бүршiктерiнiң
меристемасының генеративтi морфогенезге көшуінің шектеушi факторы болуы
мүмкiн.Металдардың қанға өтуiне және таралуына саңылаулы (мөлшерi 35-
40А°)липоидты қабықшадан тұратын капилляр қабырғаларының рөлi үлкен. Олар
арқылы липоидтарда еритiн металдар қанга еркiн өтедi. Ауыр металдардың
өсiмдiктердегi мөлшерi тек топырақтың ластауымен ғана емес, атмосферадағы
металдардың эмиссиясынада байланысты. Коллоидты жағдайда металдардың
қандағы айналым ұзақтығы олардың дисперстiлiгiне де байланысты. Ұсақ
бөлшектер қаннан баяу шығады да ұлпаларға орналасады, ал анағұрлым iрi
бөлшектер қаннан тезiрек шығып, бауыр мен көк бауырға жиналады.
Мырыш айтарлықтай дәрежеде лейкоциттерде, эритроциттерде ал бiраз
бөлiгi қанның белоксыз фильтратында жиналады. Ол гаммаглобулиндермен және
25%-тi альбуминдермен байланыса алады. Мырыш әлсiз байланысқан белокты
комплекс ретiнде тасымалданады. Ол бүйрек үстi бездерiнде, қарын асты
безiнде және ұрық бездерiнде жинақталады.
Металдардың улылығын анықтаудағы маңызды жағдайдың бiрi
организмнiң металдар аэрозолiн сiңiруi. Мысалы, қорғасын мырыш
өндiрiстерiнен бөлiнетiн қорғасын мен мырыштың сульфаттары мен хлоридтерi
биосферада оңай ерiп, бүкiл организмге жеңiл тасымалданады. Қорғасын-мырыш
комбинаттарынан қоршаған ортаға бiр мезгiлде заттардың газды шаң түрiндегi
комплексi бөлiнедi, ол газды заттардың организмге бiрлескен күйде әсер
ететiнiн көрсетедi. Мұндай комплекстi әсердi бағалауда ортаның климаттық
ерекшелiктерiне, атап айтқанда ауа температурасына, ауаның салыстырмалы
ылғалдылығына көңiл бөлген жөн.
В.И.Давыдованың (1989) зерттеулерi көрсеткендей қорғасын мен мыс та
организмде антагонистер болып табылады. Мыс қорғасынның зияндылығын
төмендетедi. Ал мырыштың мыстан айырмашылығы, қорғасынмен бiрге организмге
ұзақ уақыт түскен кезде соңғы металдың улылығын арттырады.Комплекстi әсердi
бағалау кезiнде негiзгi әсер етушi химиялық элементтi немесе қосылысты
анықтап алудың мәнi зор. Осыған орай, бiздiң зерттеу аймақтарымызда
кездесетiн негiзгi химиялық заттардың зиянды әсерiне қысқаша сипаттама
беремiз.
Улылығы тұрғысынан қоршаған ортаға, дәлiрек айтсақ тiрi
организмдерге жоғары концентрациясы қауiптi болып есептелетiн химиялық
заттар Pb,Cd,Cu,Zn элементтерiнiң қосылыстары. Қорғасынның артық мөлшерi
өсiмдiк организмiндегi тiршiлiк үшін маңызды процестердiң қалыпты жүруiне
керi әсерiн тигiзедi.Қорғасынның жоғары концентрациясы өсiмдiктердiң
тұқымының дамуын, тамырдың ұзынынан өсуiн, тамыр талшықтарының түзiлуiн
тежейдi. Қорғасынның артық мөлшерiнен, әсiресе жас жапырақтар қатты зардап
шегедi. Қорғасын I және II фотосистемалардың активтiлiгiн төмендетедi,
әсiресе II
фотосистема бұл фитотоксиканттың әсерiне өте сезiмтал. Сонымен қатар
қорғасын изоляцияланған хлоропласттардың жарықта оттегi
бөлуiн тежейдi. Автомобиль жолдарына жақын өскен өсiмдiктердiң
хлоропласттарында АТФ-тiң түзiлуi баяу жүретiнi анықталған. Өсiмдiк
неғұрлым автомобиль жолынан алыс өссе, соғұрлым изоляцияланған
хлоропласпарда АТФ көп түзiледi.
Қорғасынның әсерiнен өсiмдiктердiң клеткалары тургорын жоғалтып,
нәтижесiнде жапырақ солып қалады. Тамыр клеткалары бүлiнуiн тоқтатады.
Кейбiр өсiмдiктерде тамыр жемiстiң түзiлуi нашарлайды. Қоршаған ортаны
қорғасынмен ластайтын өндiрiс орындарына жақын себiлген мәдени дақылдардың
өнiм беруiнiң төмендеуi де таңқаларлық емес. Мұнымен қоса алынған өнiмнiң
сапасы да төмен болады. Әшкөк өсiмдiгiне жүргізілген тәжiрибе қорытындысы
көрсеткендей, автомобиль жолынан 30 метр қашықтықта өсiрiлген өсiмдiкте
каротин мен аскорбин қышқылының мөлшерi 200 метр қашықтықта өсiрiлген
өсiмдiкпен салыстырғанда мүлдем төмен. Күз айларында бета—каротиннiң
мөлшерi жол бойындағы өсiмдiктерде 55% кем екендiгi анықталған.
Металдардың фитотоксиндiлiгi мен оларға өсiмдiктердiң төзiмдiлiгi
көптеген факторларға байланысты. Оларға алдымен жапырақтың қасиеттерi,
органикалық заттардың мөлшерi, топырақтың рH және катионды-алмасу қабiлетiн
атауға болады. Ауыр металдардың өсiмдiкке сiңiрiлуi олардың топырақта еруi
мен жылжымалылығына байланысты.Ауыр металдар өсiмдiк организмiне
жапырақтары мен тамыр системасы арқылы түседi. Ауыр металдардың өсiмдiкке
тамыр системасы арқылы түсуi әр өсiмдiктегi клетка қабықшаларының химиялық
құрамы мен құрылысына қатысты орындалатын және бүкiл организм арқылы
реттелiп отыратын процесс. Ал ауыр металдардың өсiмдiкке жапырақ арқылы
сiңiрiлуi устьицелер мен кутикулалар арқылы орындалады. Сонымен қатар,
түкшелi жапырақтар бетi тегiс жапырақтарға қарағанда ауыр металдарды 1С есе
көп тұтып ұстап қалатыны анықталған. Ауыр металдардың улылығы оның суда
қандай түрде болатындығына байланысты, әдетте ерiген түрiнiң байланысқан
түрiнен улылығы жоғары.Ауыр металдардың әсерiне өсiмдiк түрлерiнiң
реакциясы барлық ұйымдасу деңгейлерiнде, яғни клеткалық, организмдiк және
популяциялық деңгейлерде байқала бередi. Клеткалық деңгейде, ауыр
металдардың артық мөлшерiне қатысты жалпы байқалған стресс және клетка
мембраналарының зақымдануы мен ферменттердiң активтiлiгiнiң өзгеруi ретiнде
байқалады.Организмдiк деңгейде өсiмдiктiң жеке бөлiмдерiнде морфологиялық
және физиологиялық зақымданулар байқалады. Оларға жапырақтардың некрозы,
пiшiндерiнiң өзгеруi, өркендерiнiң қурап қалуы, өсiмдiктiң өсуiнiң баяулауы
жатады. Зақымданған жапырақтарда жабын ұлпасы мен механикалық ұлпа,
эпидермистiң клеткалық қабаты әлсiз жетiлген және кутикуласы жұқа болады.
Өндiрiстiк ластанудың әсерiнен дамудың толық циклы бұзылады. Ауыр
металдарды адсорбциялау әр өсiмдiк түрiнде әртүрлi жүредi.
Ауыр металдардың тұздары өсiмдiктер клеткаларында хромосомаларды
үзедi, яғни структуралық құрылымына әсер етедi. Аллюминий, кадмий, теллур,
т.б. ауыр металдар жануарлар мен өсiмдiктердiң клеткаларында хромосомалық
және генетикалық мутациялардың кең спектрiн құрайтыны туралы көптеген
мәлiметтерде келтiрiлген.Ауыр металдардың мутагендi эффектi хромосомалардың
бүтiндiгiн сақтайтын және қайта қалпына келтiретiн белок синтезiнiң
өзгеруiне байланысты.Ауыр металдар өсiмдiктер организмiнде жинақталып,
трофикалық тiзбек арқылы тарала отырып, тiрi организмдердiң әртүрлi
таксономиялық топтарына, оның iшiнде адамға да зиянды әсер етедi.Ауыр
металлдардың тұздары бөлiну кезеңiндегi клеткаларда хромосомалық
аберрациялардың жиiлiгiн 2 есе арттырады. Көп жылдық өсiмдiктер, әсiресе
астық тұқымдастары құмды топырақтар мен өндiрiстiк территорияларда табиғи
түрде көптеп өседi. Астық тұқымдастарының түрлерi ағаш өсiмдiктерiне
қарағанда өндiрiстiк газдардың әсерiне төзiмдi. Дәндi дақылдар ауыр
металдармен көп мөлшерде ластанған территорияларда өсе алатындығы
белгiлi.Ауыр металдар иондарының жоғарғы концентрациясы,хромосома iшiндегi
жеке органикалық байланыстардың поляризациясын тудырады. Бұл жағдайда
барлық “ионды” мутациялар хромосомалардың түзiлуiмен сипатталады.
Мыс -- өсiмдiктердiң тiршiлiгiне қажеттi микроэлемент. Бiрақ мыстың
өсiмдiктер организмiнде артық мөлшерде жиналуынан тамыр системасының дамуы
мен өсуiнiң тежелуi, өсiмдiктердiң жер үстiндегi бөлiмдерiнiң баяу өсуi
және жапырақ ұштарының ағаруы байқалады. Мыстың артық мөлшерiнен туындайтын
патологиялық өзгерiстердiң нәтижесiнде, мәдени өсiмдiктердiң өнiмi күрт
төмендейдi.
Мырыш та өсiмдiктер тiршiлiгiне қажеттi микроэлемент қатарына
жатады. Алайда мырыштың жоғары концентрациясы өсiмдiктерге керi әсерiн
тигiзедi. Бұл металдың улылығының бiр себебi, өсiмдiктерде өте интенсивтi
жиналуына байланысты.Әсiресе веймутов қарағайы, қызыл емен және кәдiмгi
шырша мырышты өте жылдам сiңiретiнi сонша, тiптi бұл процестiң жылдамдығы
мен қоректiк ортадағы мырыш мөлшерi арасында тiкелей байланыс орнайды.
Өсiмдiктерде мырыштың көп жиналуынан некроз пайда болады, тамыр мен жер
бетiндегi мүшелерiнiң өсуi баяулайды, жапырақтар солып қалады және ерте
түседi.
Кадмийдiң көп мөлшерi автомобиль жолдары бойында өскен өсiмдiктерде
анықталған. Осындай жағдай қоршаған ортаны осы токсикантпен ластайтын
өндiрiстердiң жанында өскен өсiмдiктерде де байқалады. Кадмийдiң артық
мөлшерiнiң жиналу белгiлерi: өсiмдiктердiң жапырақтарының ұшы мен өркенi
қызыл-бурыл түске боялады. Жапырақтар жиырылып немесе түсiп қалады,
өсiмдiктердiң өсуi баяулайды. Оның 20 мг 1 кг топыраққа сепкенде өсiмдiктiң
өнiмдiлiгi 50% кемидi.Өнiм мөлшерiнiң осылайша төмендеуi бидайда кадмийдiң
15 мгкг топыраққа сепкенде байқалған. Өзiнiң әсер ету күшiне қарай кадмий
көптеген ауыр металдармен салыстырғанда улы.Топырақта кадмий мөлшерi 30
мгкг-нан артса, өсiмдiктер тiршiлiгiн жояды. Кадмийдiң көп мөлшерi
топыраққа мырыш рудаларын өндiру және өңдеу кезiнде түседi.Кадмийдiң
әсерiнен өсiмдiктердiң өсуiнiң тежелуi-фотосинтез процесiнiң әлсiреуiне
байланысты. 1 кг жапырақта 96 мг кадмийдiң болуы фотосинтез қарқындылығын
50% төмендетедi. Алайда бұл кадмийдiң өсiмдiкке улы әсерiнiң бiреуi ғана.
Қорғасынмен салыстырғанда адам және жануарлар денсаулығы үшiн
кадмий 10 есе қауiптi. Ол басқа да улылығы жоғары ауыр металдардың
көпшілiгi сияқты адамның бүйрегiнде жиналады. Кадмийдi өсiмдiктер жеңiл
сiңiредi, азық—түлiк өнiмдерiнде және жануарлардың азығында жинақталады.
Кадмий ДНК молекуласымен коваленттi байланыс түзе отырып, тiзбектердiң
түзiлуiне, ДНК-ның В-формасының Z-формаға трансдизиялануына себепкер
болады.Кадмий мен қорғасын ДНК қасиеттерiне әсер ете отырып оның синтезiнiң
дәлдiгiн бұзады.Химиялық заттардың жыныс клеткаларының генетикалық
аппаратына әсер етуiнен мутантты гендер мен хромосомаларды
тасымалдаушылардың жиiлiгi артады. Соматикалық клеткалардың гендерi
зақымданған жағдайда рак ауруларының пайда болуы жиiлейдi.
Металдардың улылығын бағалауда олардың организмге сiңiрілуi,
субстратпен жанасу орнындағы таралуы, метаболизмi, организмнен шығарылу
жолдары мен жылдамдығы маңызды процестер болып табылады. Негiзiнен тыныс
және ас қорыту жолдары арқылы организмге түскен металдар су және липидтi
барьерлер арқылы қанға, ұлпаға және клетка аралық сұйықтықтарға сiңiрiледi,
содан соң клеткаларға және клетка iшiндегi құрылымдарға сiңiрiледi.
Металдар ең алдымен клетка мембраналарының үстiңгi бетiнде алғашқы
реакцияға түсiп, олардың қалыпты өткiзгiштiгiн бұзады, соңынан клетканың
iшiне оңай өтiп алады. Бұл жерде клетка мембранасының қорғаныштық қызметi
де бар.
Қорғасынның адам және жануарлар организмiне биологиялық әсерiне
келсек, оның қосылыстарының 50% негiзiнен тыныс жолдары арқылы организмге
түседi. Қорғасын қанға тез сiңiрiледi. Қорғасынның жоғары концентрациясы
ұзақ уакыт әсер етсе, қорғасын интоксикациясына әкеледi, ол өз кезегiнде
организмнiң жүйке, ас қорыту жүйелерiн зақымдайды.Қорғасын ауыр металдардың
арасында анағұрлым қозғалғыш элемент. Жануарлар мен адам организмiне
қорғасын өндiрiстiк шаң мен қорек арқылы түседi. Қорғасын организмдi жалпы
уландыруымен қатар, эмбриотоксиндi, тератогендi, мутагендi және
канцерогендi әсерiмен ерекшеленедi. Топырақта рН-тың жоғарғы көрсеткiшiнде
Рb гидроксид, фосфат және карбонат түрiнде кездеседi .
Мырыш минералдармен де, органикалық компоненттермен де жеңiл
абсорбцияланады, сондықтан топырақтың көп түрлерiнде оның жоғарғы
қабаттарында жиналады. Мырыш топырақтағы органикалық заттармен берiк
қосылыс түзетiндiктен, негiзiнен органикалық қабаттарда жиналады. Мырыштың
органикалық қосылыстары өте жылжымалы және өсiмдiктерге жеңiл сiңiрiледi.
Биологиялық классификация үшiн ауыр металдарға атомдық массасы 40-
тан жоғары және тығыздығы 5 гсм3-ден жоғары болатын барлық металдарды
жатқызған дұрыс. Ауыр металдардың 90% адам организмiне қорек арқылы, ал 10%
- су арқылы түседi. Асқазан-iшек жолдары арқылы сiңiрiлiп, олар ұзақ уакыт
бойы әртүрлi мөлшерде жинақтала отырып, олардың құрылымы мен қызметiнде
нұқсан келтiредi.Ауыр металдардың мөлшерiнiң қоршаған ортада көп болуы қан
айналу, жүйке жүйелерiнiң және сүйек ұлпасының ауруларын тудырып, терi мен
тыныс мүшелерiн зақымдайды, ферменттiк активтiлiктi төмендетедi. Сонымен
қатар, кейбiр ауыр металдардың мутагендiк, тератогендiк, канцерогендiк
әсерi анықталған.Ауыр металдар тыныс және ас қорыту жолдары арқылы
организмге түсiп, су және липидтi барьерлер арқылы қанға, ұлпа мен клетка
аралық сұйықтығына, содан соң клетка мен клетка құрылымдарына түседi.
Металдар клетка мембранасында алғашқы реакцияларға түсiп, оны зақымдай
отырып, iшкi ортаға өтедi. Қанда олар коллоидты жағдайда болады, ұсақ
бөлшектерi ұлпаларда жиналады. Ауыр металдар негiзiнен бауырда, суйек
ұлпасында жиналады. Ауыр металдар қан мен ұлпа сұйықтығында негiзiнен
фосфаттардың органикалық комплексi түрiнде және кальций қосылыстары түрiнде
кездеседi, аз мөлшерде ион түрiнде циркуляцияланады.Қорғасынның бiр жерге
шоғырланғыштық қасиетi бар. Көптеген зерттеулер көрсеткендей қорғасынның
көп мөлшерi адам организмiнде түтiктi сүйектерде, тiс дентинiнде, бауырда,
бұлшық еттерде, бүйректе, мида, өкпеде және қалқанша безде жиналады.
Қорғасынның осылайша таралуы барлық жас ерекшелiктерiне тән, алайда бүйрек
пен мида көп жинақталуы ересектерде көп кездеседi. Қорғасынның сүйек миында
аккумуляцияланатыны және эритроцит клеткаларының пролиферацияны тудырып,
осмосты қысымның өзгерiсiне және механикалық әсерге төзiмдiлiктi
төмендететiнi белгiлi. Политропты у болуына байланысты қорғасын
организмдегi барлық ұлпаларға әсер етедi.Қанда қорғасын концентрациясы
артқан жағдайда миокардта дегенеративтi өзгерiстердiң болуы, өткiзгiштiктiң
бұзылуы, аритмия, реполяризация процестерiнiң бұзылуы байқалады.
Зиянды заттардың аз мөлшерiнiң ұзақ уақыт әсер етуi организмнiң
иммунды системасының әлсiреуiне әкелiп соғады.
Әдебиеттегi мәлiметтер бойынша, қорғасын әсер еткенде темiрдiң
протопорфирин сақинасына қосылу процесi бұзылады, нәтижесiнде қанда темiр
мен порфириндер жеткiлiктi болса да гемоглобин синтезi әлсiрейдi.
Қорғасынның ұзақ әсер етуiмен адам уланады. Мұндай жағдайда адам
терiсiнiң түсi жер түстес сұр түске ауысып, организмде әлсiздiк, тез
шаршау, тәбеттiң төмендеуi, ұйқының бұзылуы, бас ауруы, есте сақтау
қабiлетiнiң төмендеуi, гипертония, т.б. белгiлер байқалады. Қанда
қорғасынның мөлшерi жоғарылаған сайын гемоглобиннiң мөлшерi төмендейдi, ал
ретикулоциттер мен лейкоциттердiң мөлшерi керісiнше артады.
Кадмийдiң адам организмiнде жиналуы, құрамында осы метал бар
өнiмдердi ұзақ уақыт пайдаланудан туады. АҚШ-та ересек адамның организмiне
тәулiгiне 50-60 мкг, Швецияда 15-20 мкг, ал Жапонияда 70-80 мкг кадмий
түсетiнi анықталған. Алайда адам ағзасына түскен кадмийдiң аз мөлшерi ғана
абсорцияланады (2 мкгтәулiгiне), ал қалған бөлiгi организмнен жылдам
шығарылып тасталады.Кадмий қосылыстары өте улы. Аз мөлшерiнiң әсер етуiнiң
өзi жүйке системасын және сүйек ұлпаларын ауруға шалдықтырады. Кадмийдiң
баяу еритiн қосылыстары ең алдымен тыныс органдары мен ас қорыту
органдарына әсер етедi. Кадмий сонымен қатар орталық және перифериялық
жүйке жүйесiне, iшкi органдарға, негiзiнен жүрекке, бүйректерге, бауырға,
бұлшық ет системасына әсер етедi. Кадмийдiң әсер ету механизмi организмдегi
карбоксильдi, аминдi және әсiресе Н-топты белок молекулаларының қызметiне
кедергi жасау арқылы бiрқатар ферменттi системалардың активтiлiгiн
төмендетуiмен түсiндiрiлелi. Кадмий организмдегi фосфорлы-кальций алмасу
процесiн бұзады және бiрқатар микроэлементтердiң метаболизмiне әсер етедi.
Кадмий эритроциттерде жинақталады және гемоглобинмен байланысып қанда ұзақ
сақталады. Қалқанша безде, жыныс бездерiнде жинақталған кадмийдiң аз
мөлшерi ұзақ уақыт әсер етсе, трахеит, бронхит, бронхиолит, демiкпе,
пневмония ауруларының пайда болуына әкеледi. Ал үздiксiз әсер ету мұрыннан
қан кету, бүйрек пен бауырдың бүлiнуiне әкелiп соғады. Мырыш, мыс және т.б.
металдармен салыстырғанда кадмий организмге бiр қалыпты таралмай, таңдамалы
түрде, негiзiнен бүйрек ұлпасында, сүйектерде, iшкi секреция бездерiнде,
қалқанша және ұрық бездерiнде жиналады.

1.4 Антропогендi факторлардың өсімдіктерге,жануарларға және адам
организмiне әсері
Өндiрiс орындарына жақын аудандарда топырақ бетiндегi ауыр
металдардың мөлшерi 30%-i құрайды. Ал еңiсте және желдiң негiзгi бағытында
тұрған жағдайда бұл шама 60%-ке дейiн жетедi. Ауыр металдар орман
фитоценоздарының әртүрлi компоненттерiнде, яғни ағаш өсiмдіктерiнiң
жапырақтарында, қылқандарында, дiңiнде, қабығында, тамырында, мүктерде,
қыналарда, саңырауқұлақтар мен төменгi ярустың өсiмдiктерiнде жинақтала
алады.Ауыр металдардың жоғары концентрациясы теңiз макрофиттерiнiң
жапырақтарында да жиналатыны анықталған (Cd-541, Pb-379, Zn-424, Cu-1О6
мкгг). Макрофиттердiң ұлпаларында жиналған ауыр металдар олардың тiршiлiгi
жойылған соң қайтадан суға таралады. Организмнiң металдарға регуляторлық
мүмкiндiгi шектеулi. Ол металдардың жетiспеушiлiгiне немесе артық мөлшерiне
өте сезiмтал.
Ауыр металдар(Zn, Cu) мен күкiрт тотығы (So2) ағаш жапырақтарында
жүретiн метаболизм процестерiне ингибитор ретiнде әсер етедi.Орталық
Европаның орман массивтерiнiң 23% дефолияциамен бүлiнген (интенсивтiлiгi
25%). Қылқан жапырақтыларға қарағанда емен, жөке сияқты жапырақты ағаштар
көп зардап шеккен.
В.С.Николаевский мен Т.В.Николаевскаяның (1995)бақылаулары
көрсеткендей, өндiрiс аймағынан алыстаған сайын ластанудың мөлшерi азая
түседi. Құрамында ауыр металдардан басқа күкiрт ангидридi, күкiрт қышқылы,
фтор қосылыстары, т.б. поллютанттар кездесетiн газ-шаң түрiндегi
қалдықтардың әсерiнен топырақ құрамы өзгередi, эрозияға ұшырайды, беткi
қабаттарында гумус мөлшерi төмендейдi (кей жерлерде 1 %), қышқылдылығы
жоғарылайды (рН-2-3). Мұның әсерiнен ауыр металдар қосылыстарының
қозғалғыштығы артып, өсiмдiктерге жеңiл сiңiрiледi.
Ауыр металдардың өсiмдiктерде жиналуы әр түрдiң өз ерекшелiгiне
байланысты. Н.Г.Зыриннiң (1992)зерттеулерi бойынша мыс балқыту өндiрiсiне
жақын аймақта топырақ пен өсiмдiктердегi ауыр металдардың мөлшерi бақылау
аймағымен салыстырғанда өте жоғары. Мыстың мөлшерi 12 есеге дейiн, ал басқа
элементтердiң мөлшерi 2-5 есеге дейiн артады. Сонымен қатар, мырыштан басқа
ауыр металдардың мөлшерi топырақта өсiмдiктерге қарағанда әлдеқайда көп.
Алайда, топырақта ауыр металдардың мөлшерi 2-3 есе артса, олардың
өсiмдiктердегi мөлшерi 5-6 есе артады. Статистикалық талдау қорытындысы
бойынша, топырақ пен өсiмдiктер арасында тура корреляциялық байланыс бар.
Зиянды қалдық заттардың вентиляциялық таралу аймағында
жапырақтардың және барлық өсiмдiктердiң морфопатогенезi байқалады.
Жапырақтардың зақымдануы формасы мен түсi өзгерген некроз түрiнде, сонымен
қатар, хлороз, сарғаю, тургорлық қасиетiн жоғалту, түсi өзгермей қурап
қалу, өзгерiссiз немесе болмашы ғана сыртқы зақымданудан соң түсiп қалуымен
байқалады.
Күштi ластану аймақтарында өндiрiстiк шаң да өсiмдiктерге
айтарлықтай керi әсерiн тигiзедi. Шаңның iрi бөлшектерi (5-10 мкм)
өсiмдiктердiң жер бетiндегi мүшелерiне механикалық түрде әсер етедi. Шаң
бүршiк, гүл, жапырақты зақымдаумен қатар (кескiлеумен) ағаш қабығын да
зақымдап, оның жарылып, аршылып қалуына себепшi болады. Қабығы аршылған
ағаш организмiндегi суынан айрылып, қурай бастайды, калийдiң қызметi
бұзылады, яғни жалпы өсiмдiктер организмiнiң тiршiлiк қабiлеттiлiгi
төмендейдi.
Механикалық әсерден басқа, шаң өсiмдiктер организмiндегi түрлi
физиологиялық процестердiң қалыпты жүруiне де керi әсерiн
тигiзедi. Жапырақтар шаңданып кеткен жағдайда жарық және температуралық
режим өзгередi, транспирация, фотосинтез процестерi бұзылады, өсу қарқыны
төмендейдi. Өндiрiстiк шаңның фитотоксиндi әсерi оның химиялық құрамына да
байланысты. Металлургия өндiрiсiнен бөлiнген шаңның құрамында металдар көп
кездеседi. Техногендi қалдықтар атмосфераның жерге жақын бөлiгiне таралған
аймақта жапырақтағы қайтымсыз өзгерiстер және сыртқы зақымдану белгiлерi
бiрте-бiрте, яғни жапырақтар бүршiк жарған соң 1-2 немесе бiрнеше айдан
кейін пайда болады. Бүршiктер мен жас жапырақтардың зақымдануы,
ксерофитизация белгiлерiн (мөлшерiнiң кiшiреюi, жүйкеленудiң жиiленуiнi)
есептемегенде, жай кезге байқалмайды. Зақымдану көбiнесе алдымен жапырақ
жиегiнде, кейiннен бүкiл жапырақ тақтасында бозғылт дақтардың пайда
болуынан басталады. Ластанудың күшеюiнен бұл дақтар некрозға айналады да
бiрте-бiрте ұлғайып, жапырақтар түскен кезде “жұлмаланған” күйге енедi.
Вегетацияның соңында өсiмдiктердiң анағүрлым төзiмдi түрлерiнде зақымдану
жапырақ тақтасының кей жерлерiнде кiшiгiрiм некрозды немесе хлорозды
дақтардың болуымен сипатталады, Кей жағдайда жапырақ тақтасының әр жерi
зақымданған клеткалардың әсерiнен iсiнiп, көтерiлiп кетедi. Мұндай
зақымдану түрлерi төзiмсiз түрлерде жиi кездеседi. Оларда негiзiнен жапырақ
түгелдей сарғайып, ұшы мен жиектерi некрозға ұшырап, ағаш басынан тез түсiл
қалады. Анағұрлым төзiмдi түрлерiнде мұндай өзгерiстерге кейбiр жеке-дара
жапырақтар ғана ұшырайды. Бұршақ тұқымдастарда (ак акация, сары акация,
жапон сафорасы) күрделi жапырактың жеке жапырақшасы немесе көпшiлiгi түсiп
қалады, ал сабағы ағаш басында қалады. Химиялық қалдық заттармен ластанған
аймақта күзде жапырақтары қызғылт түске боялатын өсiмдiк түрлерiнде
жапырақтарға тән күздiк бояу байқалмайды. Бұл химиялық стресс жағдайында
фотосинтез бен көмiрсулардың алмасуының бұзылуымен түсiндiрiледi, ал
қызғылт, қызыл, қызыл қоңыр түстi тудыратын антоциандардың синтезi ерiгiш
қанттардың болуына байланысты. Сондықтан металлургиялық өндiрiс аймағында
жапырықтардың күздiк бояуында, хлорофилл құрамына кiретiн және ол
зақымданғанда босап шығатын сары пигменттердiң әсерiнен сары түстiң бояуы
басым болады.
Қаланың газданған және автомобиль қозғалысы интенсивтi
аудандарындағы жапырақтарда ауыр металдардың мөлшерi күзде көктемдегi жас
жапырақтармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары және бетi тегiс жапырақтарға
қарағанда бетi кедiр-бұдырлы жапырақтарда жоғары. Қалыпты
өсiп тұрған ағаштардың радиальды өсуi өндiрiс қалдықтарының әсерiнен орта
есеппен 20%-ке кемiген, ал әлсiз және қурай бастаған ағаштарда 48%-ке
кемiген.
Өндiрiстiк шаңмен интенсивтi ластанған аймақта тiршiлiгiн жойған
вегетативтi бүршiктердiң саны күрт өсiп (тыныштық күйдегi бүршiктер)
мөлшерi 80%-ке артқан. Ластану аймағынан қашықтағаннан сайын тыныштық
күйдегi тiрi бүршiктердiң саны артып, 90%-ке көтерiлген.Соның әсерiнен
қабығы тiлiмденiп, бұтақтары деформацияланады. Экосистемалардың сандық және
сапалық өзгерiстерi өндiрiс кездерiне жақындаған сайын арта
түседi.Техногендi ластану аймақтарында өскен ағаштардың қабығында
экстрактивтi заттардың, яғни илiк заттардың, смола және пектин заттарының
мөлшерi азайып кетедi. Осының әсерiнен ағаш қабығындағы целлюлозаның
мөлшерi артады, нәтижесiнде өсiмдiктердiң иммунитетi төмендеп, сыртқы орта
факторларының әсерiне төзiмдiлiгi төмендейдi (темп., стресс, патогендi
микроорганизмдер). Ағаш қабығында целлюлоза мөлшерi артып кеткен аудандарда
зақымданған және тiршiлiгiн жойған ағаштардың саны артады. Сондықтан
өсiмдiктердiң иммунитетiн төмендететiн техногендi ластану олардың
тiршiлiгiн жоятын бiрден бiр фактор.Табиғи стресстердiң әсерiнен иммунитетi
төмендеген өсiмдiктерде антропогендi ластануға жоғары сезiмталдық пайда
болады.
Өндiрiстiк аймақтарда атмосфераның газды токсиканттармен ұзақ
ластануы ағаш өсiмдiктердiң ассимиляциялық мүшелерiндегi пигменттердiң
түзiлу мөлшерiне әсер етедi. Желдiң бағыты бойынша таралған токсиканттардың
жолындағы ағаштарда пигмент түзiлу процессi жылдам жүретiнi анықталған.
Оған олардың жапырақтарындағы хлорофильдердiң жоғары мөлшерi дәлел бола
алады.
Соя өсiмдiгiнiң организмiне кадмийдiң түсуi артқан жағдайда (50
мкгмоль) көмiртегi айналымының жылдамдығы мен жапырақтардың су
өткiзгiштiгi алғашқы көрсеткiшiнен 50%-ке төмендеген. Мұндай өзгерiс
жапырақтарда су мөлшерiне және фотосинтез интенсивтiлiгiне тәуелсiз жүрген.
Өсiмдiк тамырының су өткiзгiштiгi де бiр аптада 67%-ке төмендеген.
Жоңышқа өсiмдiгiне құрамында мырыш пен кадмий бар ерiтiндiмен әсер
еткенде өсуi баяулап, хлороз белгiлерi мен жүйкелерiнiң арасында некроз
пайда болған. Ластану дәрежесiне сәйкес өсiмдiктердiң өнiмдiлiгi 20-50%
және 50-75% төмендеген. Ластанудың артуы кейбiр өсiмдiктердiң тiршілiгiнiң
жойылуына әкелген. Кадмий мен қорғасынның әсерiнен өсiмдiктер ұлпаларындағы
каталазаның және протазаның активтiлiгi төмендеп, ал пероксидазаның
активтiлiгi артады. Ал екi металдың да концентрациясы артқан жағдайда
белоктар, көмiрсулар және хлорофильдiң мөлшерi төмендейді.Атмосфераға
бөлiнген зиянды токсиканттар, атап айтқанда күкiрт ангидридi, көмiртегi
тотығы, азот тотығы, күкiрт қышқылы, күкiрт сутегi, хлор және ауыр металдар
қылқан жапырақты ағаштардың жаңғақтарының дамуы мен мөлшерiне, тұқым саны
мен массасына керi әсер етедi. Қоршаған ортаны ластаудағы өндiрiс
көздерiнен алшақтаған сайын бұл көрсеткiштер дұрысталғандығы байқалады.
Қарағайдың тұқым бүршiктерiнiң макроспорогенезiнiң әртүрлi сатыларында
хромосомалық ауытқулар байқалған.Ағаш ұлпаларының ішiнде металдарды
жинақтауда негiзгi рольдi ағаш қабығы алады. Соңғы кездерде
экосистемалардың өздiгiнен тазалануы тiптi оларға ауыр металдардың түсуi
тоқталған күнде де жүрмей отыр, оның себебi, осы уақытқа дейiн топырақта
жиналған және оның тұрақты компоненттерiнде фиксацияланған металдар
мөлшерiнiң шамадан тыс көптiгiнде болып отыр.
Атмосферадағы және жерге қонған зиянды қалдық заттар жануарлардың
организмiне тыныс жолдары және шаңданған өсiмдiктермен бiрге түсiп
зақымдайды. Зиянды заттарды көп мөлшерде қабылдағанда жануарлардың қатты
улануы мүмкiн. Организмге керi әсер етушi антропогендi заттардың iшiнен
хлорорганикалық пестицидтер мен ауыр металдар қатты алаңдаушылық туғызады.
Топыраққа түскен молибден өсiмдiктердiң мысты сiңiруiне кедергi келтiредi,
ал қоректе мыстың болмауы, жануарлардың тәбетiн жоғалтып, салмағын
азайтады, анемияға ұшыратады.Алайда металлургиялық комбинаттардың
айналасындағы мыстың артық мөлшерi де жануарлар үшiн өте қауiптi.
Солтүстiктiң бұғылары түр ретiнде қоршаған ортаның ауыр металдармен
және радиоактивтi металдармен ластануының индикаторы бола алады.Оңтүстiк
Тиролда (Австрия) жайрандардың мүшелерiнде қорғасынның мөлшерi (бүйректе
0,143, бауырда 0,12, диафрагмада 0,112 мгкг) елiктермен салыстырғанда
(соған сәйкес 0,100; 0,082; 0,050 мгкг) жоғары. Метал аталықтардың
бауырында аналықтарға қарағанда көбiрек жиналған. Кадмийдiң концентрациясы
елiктердiң ұлпаларында (1,133; 0,120; 0,006 мгкг) жайрандармен
салыстырғанда жоғары. Кадмийдiң мөлшерi олардың жасы ұлғайған сайын
жоғарылауда.
Қорғасын нитратының артық мөлшерi кейбiр құрсақ аяқты
моллюскалардың тiршiлiгi үшiн қауiптi. Мысалы, Zimnala Ovata және Plonorbis
Comeus моллюскаларына қорғасын нитратының 0,1-
100 мгл концентрациялы ерiтiндiлерiнiң әсерiн бақылағанда, 72 сағаттан соң
20-100 мгл концентрациялы ерiтiндiлерiндегi моллюскалар тiршiлiгiн жойған.
Уақыт еткен сайын ерiтiндi концентрациясы төмендеп, оның есесiне
моллюсканың жұмсақ ұлпалары мен бақалшағында жоғарылап отырған.
Балықтардың организмiне сiңiрiлген кадмий метаболизм процестерiнiң
жүру бағытын өзгертедi, нәтижесiнде балықтар салмағын жоғалтады. Ал
кадмийдiң 3мгдм³ концентрациясы уақытқа байланыссыз Daphnia magna
популяциясындағы моллюскалардың тiршілiгiн жояды.
Кадмийдiң жоғары концентрациясы тұтқырлығы жоғары суда (2,99 мг
СаСО3 1 л) гидробионттардың бүйрегi мен желбезектерiне керi әсер етедi.
Мысалы, кадмийдiң концентрациясы 6мгл жетсе, бүйрек пен желбезекте күштi
дегенеративтi өзгерiстер байқалады, ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда ұлпалар
түгелдей ыдырап, гипоксия мен организмнiң улануы нәтижесiнде балықтардың
тiршiлiгi жойылады.
Ауыр металдардың әсерiнен организмнiң өсуi бәсеңдеп және бас мидың
көру процесiне жауапты бөлiгiнiң қызметi бұзылады. Организмге түскен
қорғасын гормондарға әсер етедi, әсiресе адамның тәбетiн ашатын
гормондардың активтiлiгiн әлсiретедi, нәтижесiнде ол организмнiң физикалық
дамуында көрiнiс бередi.
Күн сайын қала тұрғындары 20 м³ ауа арқылы 2,10 мгм³ және қорек
арқылы 45 мкг қорғасын жұтады. Организмге түскен қорғасын қанға сiңiрiлiп
(90%) сүйек және жұмсақ ұлпаларға таралады. Халықаралық денсаулық сақтау
ұйымының мәлiметтерi бойынша қандағы қорғасынның қалыпты мөлшерi 15-40
мкг10G мл. АҚШ-да қала балаларының 5%-ке жуығының орталық жүйке жүйесiнiң
қызметi қорғасын тұздарымен зақымданған, ал Шотландияда балалардың 17%-нiң
қанында 50-80 мкг100 мл қорғасын кездеседi. Адам қанындағы қорғасынның
мөлшерi оның ауадағы мөлшерiнiң артуымен пропорциональды көтерiледi.
Ауыр металдар адамдар мен жануарлардың қоректiк тiзбегiне қосылған
соң азды-көптi дәрежеде өздерiнiң токсигендi, аллергендi, канцерогендi,
мутагендi, тератогендi активтiлiгiне қарай зиянды әсерiн тигiзiп отырады.
Бүкiл әлемдiк денсаулық сақтау қоғамының мәлiметтерi бойынша биосфераны
ластаушы заттардың iшiнде қорғасын, сынап және кадмий кең таралуымен,
улылығымен, политропты әсерiмен, сiңiрiлу қабiлеттiлiгiмен
ерекшеленедi.Қазiргi кезде сынаппен немесе қорғасынмен улану сирек құбылыс
емес. Қорғасынмен ұзақ уақыт улану адамның эмбриональды дамуына әсер
етедi.Дүниеге келген балаларда невралгиялық зақымдану мен ақыл-ой дамуының
кемiстiгi байқалады. Кейде балалардың өлi туылуы да кездеседi.
Адамның тiршiлiк ортасында қорғасын мөлшерiнiң күрт өсiп кетуiне
себепшi факторлардың бiрi - автотранспорт саласының интенсивтi дамуы.
Адамның шашында қорғасынның жиналу мөлшерi, оның мекен ортасына байланысты
екендiгi дәлелденген. Мысалы, кейбiр қалаларда (Мекке) ол критикалық
нүктеге жетіп отыр.
Қорғасын заводынан 1 км (I) және 4,5 км (II) қашықтықта тұратын 7-
12 жасар балалардың қанының құрамын тексергенде, қорғасынның мөлшерi I-
топта орта есеппен 17,3±5,О мкгл болған. Эритроциттердегi бос
протопорфириннiң деңгейi 53,9±46,1 мкгл, ал II- топта 6,4±3,1 және 13,9
мкгл. Осыған байланысты I- топтағы балаларда клиникалық белгiлер (бас
ауруы, парастезия, миалгия, әлсiздiк), нейро-бұлшық ет қызметiнiң бұзылуы
(қозғалыс координациясы және нейро-бұлшық ет өткiзгiштiгiнiң жылдамдығы)
және интеллектуалды коэффициентінің төмендеуi жиi байқалады.
Қоршаған ортадағы қорғасын мөлшерiмен бронхиалды астма, анемия,
аллергия, туберкулез, амиотрофикалық склероз ауруларының арасында тура
пропорционалъды тәуелдiлiк бар. Сынап мөлшерiмен бүйрек аурулары,
бронхиалды астма, анемия. аллергия арасында, ал бериллий концентрациясымен
ас қорыту системасы ауруларының жиiлiгi тура пропорционал.
Ауыр металдармен ластану деңгейi жоғары территорияларда созылмалы
өкпе ауруымен ауыратын тұрғындарды салыстырмалы түрде (бақылау ауданымен)
тексергенде, олардың эритроцитiнде мыс, қорғасын, никелъдiң мөлшерi жоғары
болып шықты. Өкпенің созылмалы ауруымен ауыратын тұрғындарда
микроэлементтердiң дисбалансы айқын байқалған (бақылау территориясымен
салыстырғанда).
Физхимиялық табиғаты бар антропогендi күштер әсер ететiн ауыл
тұрғындарында бронхо-өкпе патологиясының, оның iшiнде аллергиялық
аурулардың деңгейi жоғары. Мысалы, И.В.Орадовская және оның әрiптестерiнiң
анықтамасы бойынша (1997),Солтүстiк Оралда мектеп жасына дейiнгi ауыл
балаларының 15%-де дерматореспираторлы синдром байқалған (15 жасқа дейiн
олардың емдеу мекемелерiне тiркелуi 2,9%-ке кемидi). Мектеп оқушыларында
тыныс алу жолының аурулары ас қорыту жүйесiнiң патологиясымен сәйкес
келедi.66%-дегипериммуноглобулинеми я-Е кездесетiндiгi, 33%-де
иммуноглобулин-С және-А төмен екендiгi анықталған.Бақылаудағылардың 77%-де
эндокриндi жүйенiң мүшелерi мен иммунды жүйенiң қызметiне тосқауыл болатын
мыс, марганец, кадмий сияқты ауыр металдар тұздарының экскрециясы (зәр
арқылы) байқалды. Экопатогендi факторлар өсiп келе жатқан жас организмге
жүйелi түрде керi әсерiн тигiзедi.
Бронхиалъды астманың кездесу жиiлiгi ластанған аймақтарда 2,6 есе
жоғары. Экологиялық жағдайы төмен аудандарда аурудың бұл түрi жас балаларда
көп кездесуде. Бақыланған балалардың 55,3%-де 7 жасқа дейiн ауырса, ал
26,7%-i 3 жасқа дейiн ауырған. Балалардың негiзгi массасы (36,2%)ластанған
аудандарда тұрған.
Атмосферада диффузиялы жолмен таралатын зиянды заттардың
концентрациясы жоғары аймақтарда тыныс мүшелерi ауруларының таралу деңгейi
өте жоғары. Атап айтсақ: ларингит, трахеит, бронхит, бронхиалды астма
ауруларының мөлшерi 2,9 есе, пневмония 6,1 есе, созылмалы бронхит 7,7 есе
жоғары. Мұндай аудандардағы тұрғындар басқа да ауру түрлерiнен зардап
шегуде, мысалы қан аурулары, жүрек-қан тамырлар жүйесiнiң аурулары, туа
бiткен кемiстiктер 253-3 есе, 12 елi iшек пен асқазан жарасы, гастрит пен
дуаденит, энтерит пен колит, өт ауруларының мөлшерi 3-5 есе жоғары. Ластану
деңгейi анағұрлым төмен аудандардағы балалармен салыстырғанда, ластанған
аймақтағы балалардың аурулары 3 жасқа дейiн 22,5 есе, 4-6 жас аралығында
33,5 есе жоғары. Балалардың аллергиялық ауруларының жоғары мөлшерi
металлургиялық комбинаттарға жақын аудандарда байқалады.
Д.Г.Тихонов өз әрiптестерiмен бiрге (1991) ауа бассейнiнiң, ауыз
су, азық-түлiк өнiмдерiнiң канцерогендер және мутагендiк химиялық
қосылыстармен ластануын, сонымен бiрге радиацияның әсерiнен негiзге ала
отырып, алдағы уақытта қатерлi iсiктен өлiм мөлшерiнiң артатынын, жүрек
аурулары, тыныс жолдарының инфекциясы, гипертония, қант аурулары, нефрит,
асқазан және 12 елi iшектiң жарасы, гельминтоз ауруларының арта түсетiнiн
болжауда. Атмосферадағы көп компоненттi зиянды заттардың керi әсерi
балалардың физикалық дамуында ауытқушылық туғызады. Қыздарда дене
массасының дефицитi бола тұра бойлары ұзын, ал ұлдарда бойы қысқа болса да
дене массасы жоғары болатын жағдайлар көптеп кездесуде. Ауаның ластануы
организмнiң ауруларға қарсы тұру қабiлетiн төмендетедi. Шымкент облысында
тыныс алу мүшелерiнiң ауруларының жоғары көрсеткiште болуы назар
аударарлық. Зәр-жыныс жүйесiнiң аурулары, сүйек-бұлшық ет жүйесiнiң
патологиясы және даму кезiндегi анамалиялардың көрсеткiшi де осыған ұқсас.
Соңғы кезде жанасу дерматиттерiнiң мамандыққа сай туатын
аллергиялық түрлерi дамуда. Мысалы, дантисттерде эпоксидтермен, акрилды
препараттармен жұмыс iстеу кезiнде дерматиттің пайда болуы, ұзақ уақыт
металдар әсер еткенде (Ni, Сг, т.б.) экземалардың пайда болуы көбеюде.
Қорғасын-фосфор провинциясында (Шымкент ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топыраққа антропогендік әсер ету. Топырақтың ластануы туралы түсінік
Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Босалқы жерлердің мониторингі
Алматы қаласын қалыптастырудағы географиялық және экологиялық мәселелер3і
Биологиялық ластану және халық денсаулығы
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Өндірістік экология
Алматы қаласының агломерациясын қалыптастырудың экологиялық ерекшеліктері
Антропогендік ластанудың негізгі көздері
Қоршаған ортаның қазіргі жағдайына сипаттама
Пәндер