«Шин-Лайн» балмұздақ фабрикасында технологиялық қондырғыларды санитариялық өңдеу


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Мал шаруашылығы технологиясы және тағам қауіпсіздігі факультеті

Ветсансараптау және гигиена кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Шин-Лайн» балмұздақ фабрикасында технологиялық қондырғыларды санитариялық өңдеу

Беттер саны __

Сызбалар мен көрнекі

материалдар саны __

Қосымшалар

Орындаған: 051202 - «Ветеринариялық санитария» мамандығының 506 топ студенті Токмамбетова Назым

« » мамыр 2011 ж. қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі, профессор Мырзабеков Ж. Б. Дипломдық жұмыс жетекшісі,

в. ғ. к., доцент м. а. Алпысбаева Г. Е.

Норма бақылаушы

Сарапшы

Алматы, 2011 ж.

МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ:
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
3
МАЗМҰНЫ:
АНЫҚТАМАЛАР
4
МАЗМҰНЫ:
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
5
МАЗМҰНЫ: 1
КІРІСПЕ
6
МАЗМҰНЫ: 2
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
8
МАЗМҰНЫ: 2. 1
Сүт өңдеу кәсіпорындарындағы технологиялық қондырғыларға қойылатын санитариялық талаптар
8
МАЗМҰНЫ: 2. 2
Cүт өңдеу құрал-жабдықтарында кездесетін ластанулардың түрлері
13
МАЗМҰНЫ: 2. 3
Технологиялық қондырғыларды санитариялық өңдеу
17
МАЗМҰНЫ: 2. 4
Тиімділігі жоғары заманауи жуғыш және дезинфекциялағыш заттар
28
МАЗМҰНЫ: 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
32
МАЗМҰНЫ: 3. 1
Зерттеуде қолданылған материалдар және зерттеу әдістері
32
МАЗМҰНЫ: 3. 2
«Шин-Лайн» балмұздақ фабрикасына сипаттама
37
МАЗМҰНЫ: 3. 3
Зерттеу нәтижелері
39
МАЗМҰНЫ: 3. 4
Экономикалық тиімділікті анықтау
43
МАЗМҰНЫ: 4
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ
45
МАЗМҰНЫ: 5
ҚОРЫТЫНДЫ
49
МАЗМҰНЫ: 6
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
50
МАЗМҰНЫ: 7
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
51
МАЗМҰНЫ: 8
ҚОСЫМШАЛАР
54

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

1
МемСТ 5100 - 85
Техникалық кальциленген сода
1: 2
МемСТ 5100 - 85: МемСТ 2263 - 79
:
Техникалық кальциленген сода: Қабыршақты каустикалық сода
1: 3
МемСТ 5100 - 85: МемСТ 12. 1. 007-76
:
Техникалық кальциленген сода: Зиянды заттар. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары және классификациясы
1: 4
МемСТ 5100 - 85: МЕСТ 20020
:
Техникалық кальциленген сода: Резеңке қолғаптар
1: 5
МемСТ 5100 - 85: МЕСТ 12. 3. 002-75
:
Техникалық кальциленген сода: Өндірістегі қауіпсіздік талаптары
1: 6
МемСТ 5100 - 85: МемСТ 6709-72
:
Техникалық кальциленген сода: Дистилденген су
1: 7
МемСТ 5100 - 85: ТШ 64-1-3667-82
:
Техникалық кальциленген сода: Автоклав
1: 8
МемСТ 5100 - 85: МемСТ 24104-88
:
Техникалық кальциленген сода: Зертханалық таразы
1: 9
МемСТ 5100 - 85: МемСт 2874-82
:
Техникалық кальциленген сода: Ауыз су. Гигиеналық талаптар және сапасын бақылау.
1: 10
МемСТ 5100 - 85: МемСТ 1770-74
:
Техникалық кальциленген сода: Өлшеуіш ыдыстар: цилиндр, мензурка
1: 11
МемСТ 5100 - 85: МемСТ 12026
:
Техникалық кальциленген сода: Сүзгі қағаздар
1: 12
МемСТ 5100 - 85: МемСТ 5556
:
Техникалық кальциленген сода: Гигроскопиялық медициналық мақта
1: 13
МемСТ 5100 - 85: МемСТ 17206
:
Техникалық кальциленген сода: Микробиологиялық агар
1: 14
МемСТ 5100 - 85: МЕМСТ 20292-74
:
Техникалық кальциленген сода: Өлшемді колбалар сыйымдылығы 100, 200, 1000см 3
1: 15
МемСТ 5100 - 85: МЕСТ 23932
:
Техникалық кальциленген сода: Спиртовка
1: 16
МемСТ 5100 - 85: МемСТ 25336
:
Техникалық кальциленген сода: Воронкалар В­36­80 ХС.
1: 17
МемСТ 5100 - 85: МемСТ 5072
:
Техникалық кальциленген сода: Құм сағат немесе секундомер.
1: 18
МемСТ 5100 - 85: МемСТ 4204
:
Техникалық кальциленген сода: Күкірт қышқылы.
1: 19
МемСТ 5100 - 85: МемСТ 450­77
:
Техникалық кальциленген сода: Хлорлы кальций


АНЫҚТАМАЛАР

Дезинфекция - сыртқы ортадағы патогенді микроорганизмдерді жою шаралары.

Ағымды дезинфекция - Өндіріс орындарында жұқпалы ауру пайда болан күннен бастап ұдайы жүргізіліп отырады.

Қорытынды дезинфекция - Өндіріс орындарын індетті аурулардан сақтаудағы ең соңғы күрес жүргізудегі кезең.

Ветсанөткел - бұл малшыларға арналған санитариялық - тұрмыстық бөлме. Бұны шаруашылық территориясына кірер алдына орналастырады, осы жерден барлық шаруашылық қызметкерлері ветеринариялық - санитариялық режимді сақтау үшін өтеді.

Концентрация - ерітінді құрамындағы белсенді зат мөлшері.

Коррозия - химиялық және электрохимиялық процестердің салдарынан қатты заттардың құрылымының бұзылуы.

Микроклимат - шектеулі кеңістіктегі климат немесе ғимарат ауасының физикалық, химиялық және биологиялық көрсеткіштерінің жиынтығы.

Сілтілер - суда жақсы еритін негіздер, судағы ерітінділерінде гидроксиль иондарының күшті концентрациясын береді.

Композиция - бірнеше химиялық компоненттерден құралған кешенді қосынды.


БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

МемСТ - Мемлекеттік стандарт

ТШ - Техникалық шарт

ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ЕПА - ет пептонды агар

м 2 - шаршы метр

сағ - сағат

мкм - микрометр

КТБ - колония түзуші бірлік

тг - теңге

% - пайыз

л - литр

см 2 - шаршы сантиметр

м - метр

мл - миллилитр

0 С - цельсий градус

мм - миллиметр

мг - миллиграмм

т. б. - тағы басқа

экв/л - эквивалент/литр

кПа - килоПаскаль

ББЗ - белсенді беткейлік заттар

кг - килограмм

рН - сутектік көрсеткіш

ПСБ-1 - микроб санағыш құралы

МС-1 - микроб сүзгіш құралы

ӘГ-2 - әмбебап газ талдағыш

ЖБЛ - жалпы бактериялық ластану

г/м2 - грамм/метр квадрат

БИ - Белок индекс

мг/кг - миллиграмм / килограмм.


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні сүт өндірісінде гигиеналық нормалар талаптарын орындау өте маңызды және олар әрдайым өсуде. Тұтынушы жоғары сапа мен әрдайым өнімнің дәмдік қасиеттерінің жақсарғанын талап етсе, ал нарық - оның бәсекеге қабілеттілігін, сақталуы мен тасымалдануының қолайлылығын талап етеді.

Өндіру процесін талқыласақ, сүт дайын өнімге айналу барысында қандай қауіпке душар болатынын оңай елестетуге болады. Сонда ғана барлық кешенді санитариялық шараларды орындаудан басқа жол жоқ екендігі анық білінеді. Мұндағы негізгі міндет үш параметрлердің бірігуінен тұрады: сенімділік, экономикалық тиімділік және қоршаған ортаны қорғау.

Кез келген қателікті түзету әрқашан қиын, әсіресе егер олар сүт және сүт өнімдерін өндіру барысына байланысты болса. Жоғары сапалы өнімдері алу үшін өндірісте санитариялық-гигиеналық талаптарды орындау маңызды шарт. Сүт өңдеу кәсіпорындарында жүргізілетін санитариялық шаралардың негізгі бөлігін технологиялық құрал-жабдықтарды жуып-тазартуға бағытталған. Себебі, дұрыс санитариялық өңдеуден өтпеген технологиялық қондырғы микроорганизмдер көзі болып табылады.

Зерттеу мақсаты «Шин-Лайн» балмұздақ фабрикасындағы технологиялық қондырғылардың санитариялық жағдайын жақсарту.

Мақсатқа жету барысында келесі міндеттер қойылды:

- балмұздақ фабрикасындағы технологиялық қондырғылардың санитариялық жағдайын бағалау;

- сүт өңдеу орындарында заманауи жуғыш-дезинфекциялағыш заттарды қолданудың тиімділігін анықтау.

Практикалық маңыздылығы салыстырмалы зерттеу нәтижесінде балмұздақ өндірісіндегі технологиялық қондырғыларды санитариялық өңдеуде жаңа заманауи жуғыш - дезинфекциялағыш зат «Биомол К 2» ұсынылды.

Жұмыстың сыннан өтуі

Дипломдық жұмыстың негізгі зерттеу нәтижелері Ветсансараптау және гигиена кафедрасының мәжілісінде талқыланып, мақұлданған.

Дипломдық жұмыс құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс 54 бетте компьютермен терілген, кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеулер, қорытынды, практикалық ұсыныстар, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады 4 кестемен, 6 суретпен көркемделген.


2 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

2. 1 Сүт өңдеу кәсіпорындарындағы технологиялық қондырғыларға қойылатын санитариялық талаптар

И. Скрижепек, М. Скрипек зерттеуі бойынша. Сүт және сүт өнімдерін орамдауға арналған технологиялық қондырғыларды, аппаратураны, құрал - жабдықтарды, ыдысты, пленканы, полимерлі өнімдерді және басқа синтетикалық материалдарды даярлау үшін мемлекеттік қызмет органдарының қадағалауымен тұтынушылар құқығын қорғау және тағамдық өнімдермен байланыста адамдардың саулығының қолайлылығы үшін рұқсат етілген материалдарды қолдану керек. Сондықтан ванналар, металл ыдыстар, құйылма, науа, сай және т. б. тегіс болу керек, тез тазаланатын ішкі беткей, саңылаусыз, тазалануға қиындық туғызатын шығып тұрған бұранда мен қатырмалар болмау қажет. Жуу және дезинфекциялаулауда ағаш және басқа материалдар қолдануға болмайтын дәлелдеді[1] .

Б. В. Маневич және оның әріптестерімен бірлесіп зерттеулері бойынша. Технологиялық қондырғыларды және аппаратураларды сыртынан құрамында зиянды қосындылары жоқ ашық түсті сырмен сырлаған жөн (болаттан жасалған материалдардан басқа) . Сонымен қатар, құрамында қалайы, кадмий және хромы бар ыдыстар және құрал - жабдықтарды сырлауға болмайтындығын айты[2] .

Технологиялық қондырғыны орналастырудағы маңыздылығы, технологиялық схемаға сәйкес жүргізу керек, технологиялық процесстің тасқынын қамтамасыз ете отырып, қысқа және түзу коммуникациялы сүт құбырларын, шикізат және дайын өнім тасқынына қарсы бөле отырып[3] .

Қондырғыларды, аппаратураны және сүт құбырларынан жөндеудегі негізгі шарт, сүттің, жуғыш және дезинфекциялық ерітінділердің құйындысын толық қамтамасыз ету. Сондықтан да сүт және сүт өнімдерімен жанасатын барлық бөліктері, жууға және дезинфекциялауға ыңғайлы болуы тиіс. Металлдық сүт құбырлары алынбалы болады. Шынылық термометрлерді қорғаныш оправасыз қолдануға болмайды.

Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша Кәрішалова Р және т. б зерттеулердің нәтижесінде мынадай қорытынды тұжырымдады: сүтті, кілегейді, қаймақты және сүт өнімдерін (ірімшік пен сүзбе және балмұздақ тағы басқа өнімдерді) дайындау және сақтауға арналған резервуарлар тығыз жабылатын қақпақпен жабдықталатындығын айтты[4] .

Сонымен қатар, қондырғының канализацияға қосылған тұрақсыз қосылысы және судың еденге түспеуін рұқсат етілмейді[26] .

В. Н. Ушакованың тұжырымы бойынша. Сүт өндіру орындарында санитариялық өңдеу шаралар кешеніне жатады: тазалау, жуу және дезинфекциялау, нәтижесінде бүлінген беткейлер физико-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштер бойынша таза болады. Мұнымен тазалау және жуу - бұл беткейлерден әртүрлі бүлінулерді жоятын физико-химиялық процесс, көбіне үш кезеңнен тұрады: беткейден бүлінулерді бөлу, оның жуғыш ерітіндіде іріп шіруі және бүлінудің қайта тұнбаға айналып бөлінуі. Дезинфекция (беткейлерді зарарсыздандыру) - санитариялық өңдеудің қорытынды кезеңі, барлық микроорганизмдерді жоюдың белсенді құралы болып табылатындығын аттап көрсетті.

Қондырғы, аппаратура, құрал - жабдықтарды, сүт құбырларын «сұйық, құрғақ және балаларға арналған паста тәріздес сүт өнімдерін қондырғыны өндіріс барысында санитариялық өңдеу нұсқаулығына» сәйкесінше жақсылап жуады және дезинфициялайды [5] .

Әрбір цехта қондырғы және аппаратураны санитариялық өңдеу үшін ай сайынғы қатаң құрылған кезеңдік орындау графигі құрастырылуы қажет.

Қондырғыны жуу мен дезинфекциялаудан кейін 6 сағатқа дейін қолданылмауы керек, екінші рет міндетті түрде жұмыс алдында жылы сумен шаяды. Жуу мен дезинфекция сапасын микробиологиялық бақылау Мемсанэпидбақылаудың тікелей территориалды орталығы мен өндірістің лабораториясында міндетті түрде жұмыс басталар алдында жүргізеді [31] .

В. В. Лесничий ғылыми деректерінде. Сүт және сүт өнімдерін шығаруға және сақтауға арналған резервуарларды санитариялық өңдеуді әр босатудан кейін өткізу керек, делінген[6] .

Қондырғы техникалық ақаулардан амалсыз тоқтап қалған жағдайда немесе сүт беру үзілісі 2 сағат көлемінде және одан да көп болса, пастерленген сүт немесе нормализацияланған қоспа қосылып және қайта пастерленуге бағытталады, ал құбырлар және қондырғылар жуылып, дезинфекциялану керек.

Жуғыш және дезинфекциялық ерітінділерінің концентрацияның және температурасының циркуляция уақытының, сонымен қатар жуу кезеңділігінің төмендеуі, алдын ала қаралған қолданыстағы нұсқаулық бойынша жіберілмейді[12] .

Эрвин Кашмидер еңбектерінде. Жуғыш ерітінділердің концентрациясын автоматты бақылау құралы болмаса, сменіне оны кемінде 2-3 рет бақылау қажет, қажеттілік туғанда, белгіленген қалыпқа келтіру керек екендігі анықталған[7] .

Жуу орындары құрал - жабдықтарды, ыдысты, транспорттық заттарды және т. б. жуу және дезинфекциялауда арнайы су өткізбейтін еден, ыстық бу, ыстық және суық су, қалдық су үшін құйынды, желдетілумен қамтамасыз етілуі керек [25] .

Өз кезегінде, қондырғының құралмалы бөліктерін қолмен жуу (құбырлар, крандар, өлшегіш құралдар және т. б. ) қаралады, арнайы үшсекциялық жылжымалы ванналар штуцерлер мен ерітінділер құйындылары үшін. Штуцерлердің орналасуы толық ерітінділердің құйындыларын қамтамасыз ету қажет. Ванналардың деталдарды кептіруге арналған полкалары болады.

Бөтелкелерді жуу бөтелкежуғыш машиналарда, әр машина типіне және қондырғыны санитариялық өңдеу нұсқаулығына сәйкесінше жүргізіледі. Бөтелкелер ақзат қалдықтарынан, механикалық бүлінулерден алдын-ала жібітіледі және қолмен шайылады[8] .

Техникалық сұйықтықтан сүт және сүт өнімдерін бөтелкелерге құюға рұқсат етілмейді. Бөтелкелерді сүт өнімдерімен толтыру алдында міндетті түрде көзбен қарап олардың бүтіндігіне, жуу сапасына және бөгде заттардың жоқтығына мән береміз [22] .

Сүзгіш материалдарға ерекше көңіл бөлу қажет, әр қолданыстан кейін шайып және дезинфекциялауды керек етеді[32] .

Жуу және дезинфекцияны «сүт өндіріс орындарында қондырғыларды санитариялық өңдеу нұсқаулығына» сәйкесінше жүргізіледі. Жеке шаруашылықтардан сүтті қабылдау барысында, тіркегішке сүтті қабылдағаннан кейін сүзгіш материалдарды шаю және дезинфекциялау керек. Тоқтаусыз сүтті қабылдағанда автоматты есептегіш арқылы фильтрлерді жуу мен дезинфекциялауды сүтті қабылдау кезіндегі үзілістерде жүргізеді[27] .

М. П. Робкая ғылыми ізденістерінің нәтижесінде, ірімшікті престеуге арналған қалташалар технологиялық процесс аяқталғаннан кейін дереу толық тазартылады, арнайы жуғыш машиналар жуғыш заттарды қолдану арқылы жуылады, көрсетілген қолданыстағы «сүт өндіріс орындарында қондырғыларды санитариялық өңдеу нұсқаулығы» бойынша, 10-15 мин қайнатады және кептіргіш камерада, шкафтарда кептіреді немесе ауада (цех ішінде) . Қалташаларды өңдеу жеке бөлмелерде жүргізілу керек, жалпы жуу бөлмесінде өңдеуге болмайтындығы туралы анықталған [9] .

Жуылған қондырғыны микробиологиялық бақылау өндіріс лабораториясында жүргізілуі тиіс және мемлекеттік бақылау қызметінің тұтынушылардың құқығын қорғайтын территориалды орталығы және адамның саулығы ескертусіз жазба қондырғыны жуу туралы журналына тіркеледі. Жұғындыларды бактериологиялық зерттеулер қорытындысы, қондырғыларды жуу мен дезинфекциялау қанағаттанарлықсыз екенін куәландырылғанда, сол бөліктің санитариялық жағдайына жауапты адамды көрсеткіш тақтасына ілу керек. Бұны лабораторияның қызметкерлері істеуге міндетті[26; 30]

Арнайы өндіріс орындарында және цехтарда сұйық және кішкентай балаларға арналған паста тәріздес сүт өнімдерін өндіру, қондырғыларды жуу және дезинфекциялау қолданылатын жуғыш және дезинфекциялағыш заттардың концентрациясының сапасы және санитариялық өңдеу режим қолдау автоматтық режимде жүзеге асырылу керек [32] .

2. 2 Cүт өңдеу құрал-жабдықтарында кездесетін ластанулардың түрлері

Технологиялық құрал-жабдықтардың бетінде механикалық және физикалық факторлардың әсер етуі нәтижесінде пайда болатын сүттің микроструктуралық өзгерістері сүт өңдеу кезінде үлкен роль атқарады. Сүт өңдеу кезінде құрал-жабдықтармен жанасып сүт-май пасталарының пайда болуына әкеледі және фаз бөліктерінің бетінде күшті пайда болуына жағдай жасайды: плазма-майлы шариктер және плазма-ауа өз кезегінде фаздармен байланыстағы белоктардың липидтік қабықтарының шекаралық қабаттарында қайта тарауын болдырады. Беткейлі-белсенді қабықтың бөлігі бөлшектер соғылысқанда механикалық факторлардың әсерінен және вакуумның төмендеуінен бұзылып, майлы шариктерден ауа көпіршігі бетіне шығады. Бұл жағдайда майлы шариктер қорғаныш қабатынан айырылған соң гидрофобты келеді де Ван-дер Вальс күшімен сипатталатын молекуларалық тартылыс арқасында сүт өңдеу құрал-жабдықтарының қабырғасына және бетіне тартылады (жабысады) . Осылайша, липидопротеидті гель тәрізді қалдықтардың өсуіне әкелетін, құралдар бетінде адгезия және кристаллдану орталықтары пайда болады. Келесі этапта сүт және жуатын сұйықтықтардың құрамына кіретін кальций тұздары қатты қаңқа түзеді және ластарды құрал-жабдықтар бетінде берік ұстап тұрады[28] .

Липидопротеиндік ластанулар химиялық құрылымы жағынан жасанды қоректік орталарға жақын, тек оларда белок және қант көп болады, және микроорганизмдер дамуына жақсы орта болып табылады. Ғалымдардың мәліметтері бойынша стафилококктар осындай орталарда өздерінің санын орта есеппен 10 минутта, ішек таяқшалары топтарының бактериялары - 20 минутта 30 ˚С-та екі еселейді. Яғни, смена арасында (9 сағ) қолайлы жағдай туса микрофлора саны 2 14 болады немесе 164 000 есе.

Г. П. Панкратова ізденіс жұмыстарында. Осылайша, дезинфекциялаудан кейін 2 % мөлшерде қалған бактериялар липидопротеинді ластанулар ортасында тіршілік қабілетін төмендетуін есепке алғанның өзінде өз санын 3, 5 сағат ішінде қалпына келтіре алады. Ал олардың ары қарайғы қалған келесі сменаға дейін дамуы 1 см 2 жерде бірнеше млн колониялы бірлік түзетін микробтық ұрықтануға жағдай жасайтыны туралы мәліметтер келтірлген. [10]

Сүт өңдеу кәсіпорнында қойылатын технологиялық линиялар жұмыс бетінің жалпы ауданы шамамен 40м 2, құралдың ластануы 7 млн КТБ/1 см 2 болғанда еттің 500 мың КТБ/1см 2 деңгейге дейін контаминациясына жағдай жасайды. Сүт өнімдерінің осындай күшті контаминациясын алдын алудың бір ғана мүмкіншілігі - технологиялық құралдарды липидопротеиндік ластанулардан тазарту, яғни микрофлора дамуын төмендету. Бұдан басқа мұндай операция кальций қалдықтарынан және қиын кететін ластанулар пайда болмауына септігі зор.

Құрал-жабдықтарды тиімді тазалау үшін қажет техникалық және химиялық заттарды таңдауда негізгі критерий болып беткейде түзілетін ластанулар байланысының сипаттамасы және түрі болып табылады. Құралдарда ластанулардың түзілуін немесе байланысын 3 топқа бөлуге болады: адгезиондық, беткейлі-адсорбциялық байланысқан (макробөлшектер, белоктық майлы комплексті гель тәрізді қалдықтар) және берік (терең) - қиын кетірілетін ластанулар[14] .

Е. Канунникова зерттеуі бойынша. адгезиондық ластануларды кетіру үшін жылы су ағынымен тазалау жеткілікті, себебі бұл жағдайда қатты жабысулар болмайды, тек қана ластану басқа типті ластануға жабысады. Тәжірибе жүзінде ластанудың бұл түрін кетіру үшін сүт өңдеу құрал-жабдықтарын және саймандарын жылы сумен (30 5 ˚С) жуады. Ыстық суды пайдалануға болмайды, себебі сүттің құрылымы өзгеріп, май бөлшектерінің беткейлерге жабысуы пайда болады, былайша айтқанда, бұл ластану түрі беткейлі-адсорбциялы-байланысқан түрге айналатыны жайында дәлел келтірген[11] .

Сүт өңдеу құрал-жабдықтарының ластануының негізгі массасы екінші топта көрсетіледі. Олардың тұрақсызданған майы бар макромолекулярлы қабаты қатты беткеймен белсенді жанасып, сумен жуғанда кете қоймайды. Бұл қабаттың құрылымы былайша - полярлы заттар көпірлік байланыс ролін атқарады, адсорбиленеді және беткейлер бетінде жабысады, себебі молекуланың (көмірсутекті) бір ұшы ластанудың кейінгі қабаттарымен берік байланысады, ал екінші ұшы (анионды) құралдар бетіндегі катиондарға жабысады. Бұл түрдің ерекшелігі - аутогезия күші адгезиондық күштен бұл жағдайда төмен болады. Сонан кейін олардың күші беткейге жақындаған сайын күшейе түседі. Осыған байланысты олар оңай кетірілетін сияқты болып көрінеді, өйткені көптеген қолданылып жүрген химиялық заттар ішкі аутогезиондық метильді байланысты үзе алады, яғни қарусыз көзге көрінбейтін бөлікке дейін тазарады. Бірақ бұл микробиологиялық даму жағдайында қауіпсіз микроқабатқа дейін тазарта алатын тазартуға жатпайды Дегтерев Г. П., [12] .

Т. В. Ховзун әріптестерімен бірге жүргізген зерттеуі бойынша: тәжірибе жүзінде ластанудың бұл екінші түрін кетіру үшін қолданылатын зат түріне байланысты 0, 3 пайыз концентрацияда жуғыш және дезинфекциялық заттарды ыстық ерітінділермен (60 5 ˚С) 10-15 минут бойы технологиялық жүйелерді және құралдарды жуады. Тағы бір айта кететін жайт, жуғыш ерітіндінің температурасы 40 ˚С-тан түспеуі тиіс, себебі майлардың қатқан бөлігі құралдар бетіне екінші қайтара шөгуі мүмкін, сондықтан бастапқы температураны мүмкндігінше жоғарылатқан жөн, себебі дезинфекциялық заттардың белсенділігі 75 ˚С-та байқалатындығын анықтады[13] .

Тазарту ережелерін сақтамаған жағдайда және екінші топтағы гель тәрізді ластануды кетіру үшін тиімсіз заттарды қолданса өте берік қаңқа пайда болады және өте қиын кететін ластанудың үшінші тобы пайда болады. Оларда тек қана агрессивті затардың көмегімен кетіруге болады (әдетте қышқыл ерітінділері қолданылады) . Бұл операция құралдарға өте нашар әсер етеді. Сондықтан дүние жүзі елдерінде осы ластануды болдырмау үшін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары заттарды жиі қолданып отырады Дегтерев Г. П. [14] .

2. 3 Технологиялық қондырғыларды санитариялық өңдеу

В. И. Белоусов мәліметтері бойынша: сүт және сүт өнімдерінің сапасы және олардың бактериологиялық қауіпсіздігі технологиялық қондырғы, құрал - жабдық және ыдыстың санитариялық жағдайына көп байланысты. Бактериалдық ластану және бүлінулер қайта болмас үшін, пастерленген және стерилденген сүт өнімдері, технологиялық қондырғы дұрыстап жуулып және дезинфекциялану керек[15] .

Бүлінудің құрғақ немесе күйген түрлері мықтылап орналасады, себебі молекула аралық қатынастың күші өте тығыз бөліктердің өзара жанасқанында немесе қондырғының беткейінде пайда болады. Егер олардың арасындағы арақашықтықты судың енуімен азайтуға болса, бөліктердің бөлінуі және олардың беткейінен кетіру басталады [ 24] .

Ощеков А. С., . және т. б. еңбектерінде. Қондырғының беткейінде қалған бүлінулерді, үш топқа бөліп қарастырған:

- Қондырғының беткейімен салқын сүттің әсерлесуі нәтижесінде түзілген бүлінулер. Мұндай бүлінулер салқындатқыштың беткейінде, насос, құбырлар, резервуар, автосүтцистернасында май мен ақзаттан тұратын сүт қабықшасы түрінде түзіледі;

- сүтті 80 0 С дейін қыздырғаннан қалатын бүлінулер. Мұндай бүлінулер ұстағыштар, пастеризатор, стерилизатор, құбыр және насостардың беткейінде түзіледі және кальций фосфатынан және денатурланған сарысулық ақзатынан тұратын жұмсақ қалдық болып табылады;

- сүтті 80 °С жоғары температурамен жылумен өңдеуден кейін түзілген бүлінулер. Мұндай бүлінулер жылу алмастырғыш және вакуум-выпарных аппараттардың беткейінде түзіледі және жоғарғы кермектілікке ие, температураның жоғарылауына байланысты жылумен өңдеу кермектілік қалдығы жоғарылайды, минералды құрамы көбейеді.

Қондырғылардың органикалық және неорганикалық заттармен бүліну деңгейі мен сипаттамасы көп жағдайда температураға және шикізат пен сүт өнімдерінің өңдеу ұзақтығына байланысты. Өңдеу температурасы жоғары болған сайын және көбірек осы температурада ұстағанда, кермектілік қалдығы денатурленген сарысулы ақзат және минералды тұздардың кешені түрінде қондырғының беткейінде жиналады [16] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тағам өнімдері технологиясы бойынша Оқу практикадан өткені туралы есеп
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі
Басқару процесінің ақпараттық сипаттамасы және ақпарат алмасу
«Фудмастер» өнімінің бәсекеге қабілеттілігін талдау
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Өндiрiстi автоматтандырутуралы
Консерві бұйымдарының өндіру технологиясы
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін бағалау
80 орынға арналған дәмхананы жобалау
Құс пастереллезінің диагностикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz