Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік инновациялық саясат


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БИЗНЕС КАФЕДРАСЫ
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
6N0510 - Мемлекеттік және жергілікті басқару
Орындаушы . «»2010ж.
қолы
Ғылыми жетекшісі
э. ғ. д., профессорСансызбаева Г. Н. «»2010ж.
қолы
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
э. ғ. д., профессорМухтарова К. С. «»2010ж.
қолы
Алматы 2010 ж.
РЕФЕРАТ
Ғылыми жұмыс 95 беттен, 18 суреттен, 10 кестеден, 67 әдебиет көздерінен тұрады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметтің қазіргі жағдайын талдап, осы инновациялық саланың дамуына кедергі жасайтын мәселелер мен олардың шешу жолдарын зерттеу және Қазақстан Республикасы деректерінің негізінде оны дамытудың нарықтық тетіктерін, басымдықтарын, бағдарламаларын, стратегиясын саралап ұсыныстар беру.
Көзделген мақсаттарға орай жұмыста келесі міндеттер қойылған:
- Қазақстандағы инновациялық саланың бүгінгі жағдайын зерттеу;
- шағын инновациялық бизнестің дамуын талдау, шағын инновациялық кәсіпорындардың дамуына кедергі болып табылатын тетіктерін айқындау және соның негізінде инновациялық кәсіпкерлік қызметті белсенді жүргізу, қалыптасып жатқан толыққанды нарықтық қатынастар шеңберінде оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін жасау бағыттарын айқындау;
- инновациялық қызметті қолдаудың шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктерін талдау.
Зерттеудің тәжірибелік нормативтік-құқықтық базасы. Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері, Президент жарлықтары, Республиканың статистика жөніндегі Агенттігінің деректері, сондай-ақ ғылыми әдебиеттер мен мерзімдік басылымдарда жарияланған материалдар негізінде қалыптасты.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы экономикасының тиiмдiлiгi негiзiн табиғи және еңбек ресурстарымен қатар ғылыми-техникалық әлеует қалыптастырып отыр. Экономикада ғылым мен техниканың жетiстiктерi инновациялық кәсiпкерлiк арқылы өндiрiске енгiзiлiп рынокқа бәсекеге қабiлеттi жаңа өнiмдер шығарылады. Инновация дегенiмiз - нарықтық бәсеке негізінде және мемлекеттiң қолдауы арқасында жүзеге асырылатын инновациялық үрдiстердiң соңғы тиiмдi нәтижесi. Осы аталған соңғы нәтиже мiндеттi түрде белгiлi бiр «пайдалы инновациялық тиімдiлiкпен», яғни, экономикалық, ғылыми -техникалық, әлеуметтiк, экологиялық тиiмдiлiкпен сипатталынуы тиiс.
Ұлттық мүдделер дамыған елдер тәжірибесін қолдана отырып Қазақстан тарихи артта қалушылығын жойып, озық экономикалы елдер қатарына өтуін талап етеді. Қазіргі жалпы әлемдік тенденциялар қазақстандық индустрияның жетілдірілуі мен техникалық қайта құрылуын, ғылыми сыйымды және экспортқа бағытталған өнім құру үшін қазіргі инфрақұрылымды құру қажеттілігін тілейді. Қазақстан дамыған елдердің жаңа технологияларын алып, солардың негізінде отандық ғылыми-техникалық инфрақұрылымды қалыптастыруды тездету керек. Сонымен қоса, кез келген шетел тәжірибесі әлеуметтік бағытталған экономиканың үлгісі болып табылмайтындығын естен шығармаған жөн.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 8
1. 1 Инновация теориясының методологиялық ерекшеліктері мен даму эволюциясы . . . 8
1. 2 Инновациялық жобаларды басқару және инновациялардың экономикалық тиімділігін бағалау . . . 14
1. 3 Инновациялық саясатты басқарудағы мемлекеттің рөлі және құқықтық қамтамасыз ету . . . 18
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . . 30
2. 1 Қазақстандағы инновациялық саланың бүгінгі жағдайына сараптама . . . 30
2. 2 Шағын инновациялық бизнестің дамуын талдау . . . 41
2. 3 Қазақстан Республикасындағы венчурлы бизнестің даму ерекшеліктері . . . 49
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ САЯСАТТЫ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 54
3. 1 Инновациялық саланың дамуына кедергі жасайтын мәселелер және оларды шешу жолдары . . . 54
3. 2 Инновациялық саясатты қолдаудың шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктері . . . 65
3. 3 Кәсіпорындағы инновациялық жобаның тиімділігі . . . 74
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . 89
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 92
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР
АДИ - Адам даму индексі
АЭС - Атом электр стансасы
БҰҰ - Бірікке ұлттар ұйымы
ЕЭА - Еркін экономикалық аймақ
ТҰК - Трансұлттық компаниялар
ҚР ҰҒА - Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
ДЭФ - Дүниежүзілік экономикалық форум
«ҚДБ» АҚ - «Қазақстан даму банкі» акционерлік қоғамы
«ҚИҚ» АҚ - «Қазақстан инвестициялық қоры» акциоерлік қоғамы
«ҰИҚ» АҚ - «Ұлттық инновациялық қор» акциоерлік қоғамы
«ҮМЗ» АҚ - «Үлбі металлургиялық зауыты» акциоерлік қоғамы
«ИТТО» АҚ - «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» акционерлік қоғамы
ҒЗИ - Ғылыми зерттеу институттары
ҒЗЖ - Ғылыми зерттеу жұмыстары
ҒЗТКЖ - Ғылыми - зерттеу тәжірибелік конструкторлық жұмыстар
АКТ - Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар
КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ЖҚӨ - Жалпы қоғамдық өнім
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
«ШКҚД АҚ» - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акциоерлік қоғамы
ОЭК - Отын - энергетикалық кешені
ҰИЖ - Ұлттық инновациялық жүйе
ӘКК - Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация
ЭЕМ - Электронды есептегіш механизм
ЕО - Еуропа одағы
ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы
ЕврАзЭС - Еуразиялық экономикалық қауымдастық
БЭК - Біртұтас экономикалық кеңістік
ҚР ҒТА ҰО - Қазақстан Республикасы ғылыми - техникалық ақпараттар ұлттық орталығы
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік - экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды-шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ қазіргі өсім сапасы қанағаттандырарлық дәрежеде емес, себебі ол жоғары технологиялар есебінен жүзеге асырылмай жатыр. Жинақталған экономикалық әлеует, әрине ең алдымен минералды-шикізаттық, ғылыми-технологиялық және адами ресурстарды толық қолдану есебінен экономиканың одан әрі қарай дамуына алғышарттар құрайды.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы экономикасының тиiмдiлiгi негiзiн табиғи және еңбек ресурстарымен қатар ғылыми-техникалық әлеует қалыптастырып отыр. Экономикада ғылым мен техниканың жетiстiктерi инновациялық кәсiпкерлiк арқылы өндiрiске енгiзiлiп рынокқа бәсекеге қабiлеттi жаңа өнiмдер шығарылады. Инновация дегенiмiз - нарықтық бәсеке негізінде және мемлекеттiң қолдауы арқасында жүзеге асырылатын инновациялық үрдiстердiң соңғы тиiмдi нәтижесi. Осы аталған соңғы нәтиже мiндеттi түрде белгiлi бiр «пайдалы инновациялық тимiдiлiкпен», яғни, экономикалық, ғылыми -техникалық, әлеуметтiк, экологиялық тиiмдiлiкпен сипатталынуы тиiс.
Инновациялық-инвестициялық проекттер бойынша тиiмдi шешiм қабылдау Қазақстанның болашағына зор әсер етедi. Ғылыми-техникалық әлеует - кез келген мемлекеттiң ұлттық байлығының негiзгi саласы. Барлық дамыған елдер тәжіребиесi көрсеткендей, экономикалық дамудың негiзгi жолы - ғылыми-техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар экономиканың құлдырауына төтеп берiп, ұлттық экономиканың тиiмдiлiгi мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылатады. Сондықтан бүкiл дүние жүзiндегi кәсiпкерлер инновацияларды басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңiл бөледi.
Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды - инновациялық даму Стратегиясында өңдеуші және ғылыми сыйымды жоғары технологиялық индустрияға аса зор көңіл бөлініп жатыр. Елдің экономикалық тәуелсіздігі технологиялық даму деңгейінен ажыратылмай қарастырылады. Әлемдік экономикадағы мемлекеттің рөлі мен оның мәні, инновация мен өзгерістердің негізгі қозғаушы күші - жоғарғы технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады. Қазіргі заманғы техника өндіріс технологиясынан бөлек ажыратылып қарастырылмайды. Ол тек нақты технологиямен қатар қолданылады және сол арқылы көрініс табады.
Ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-техникалық жобалары, озық технологияларды басқарудың қазіргі заманғы жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, кострукторлық және жобалық ұйымдары ерекше рол атқарады. Қазақстан тек табиғи ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі болды. Мұның өзі дүниежүзілік бәсеке ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел жүзеге асуын талап етеді. Сыртқы әлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы біздің еліміздің де орнын белгілейд, сондықтан индустриалды - инновациялық қызмет өмір сүрудің және дамудың маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт - индустриалды - инновациялық қызметтің елдің экономикасының өсуін және экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып табылады. Индустриалды - инновациялық қызмет - бұл ғылыми-техникалық идеяларды, ұсыныстарды, өнер табыстарын іс жүзінде қолдануға және таратуға болатын деңгейде жеткізу қызметі. Индустриалды-инновациялық қызметті басқару мақсаты - жаңа идеяларды қолдау, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады. Инновациялық үрдістерге тән жоғары дәрежедегі динамикалық, анықсыздық, қарсы факторлардың көп болуы менеджментті күрделендіреді. Сондықтан индустриалды-инновациялық қызметті басқаруда жағдайдың күрделілік сипатын, бәсекені, тәуекелді ескеру қажет.
Шағын инновациялық фирмалар ғылымның және оның тәжірибеде жүзеге асуы арасындағы байланыстырушы буын болып табылатындықтан, ол ҰИЖ-нің маңызды бөлігі саналады. Шағын фирмалар ғана негізінен жаңа өнімдер мен технологияларды құрастыру бойынша, білімдерді тауарға айналдыру бойынша тәуекелге барады. Сол себепті шағын фирмалар құрамы жоғары тәуекелдік нәтижесінде үнемі өзгеріп отырады, көптеген фирмалар құлдырап, оның орнына жаңалары пайда болады. Бұл белгілі бір қалыптағы құрылымдық балансты құрып, ҰИЖ-дегі шағын фирмаларының «сындарлы массасын» қалыптастырады. Отандық жағдайдың ерекшелігі қазіргі кезде шағын фирмалар санының аздығымен және оларға қолдау көрсететін инфрақұрылымның жаңа ғана қалыптасуымен сипатталады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Экономикалық әдебиеттерде инновациялық мәні, оның қоғам өміріндегі алатын орны мен рөлі туралы көптеген көзқарастар және байламдар жеткілікті. Бұл ұғымды сараптау және дәйектеу 20 ғасырда орын алған зерттеулерден бастап жүргізіліп келеді. Кез келген инновациялық түсінік туралы теориялық ізденістер бірқатар эволюциялық кезеңдерден өтіп, олардың мән - мағынасы тұрақты түрде кеңейе түсуде.
Инновациялық даму мәселелерін зерттеушілердің алғашқы тобына Й. А. Шумпетер, Н. Д. Кондратьев, Дж. Бернал, С. Кузнец, Г. Менш, Ф. Хайек, Б. Твисс, Б. Санто, М. Портер және т. б. ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінде инновациялық даму теориясына үлес қосқан А. Н. Анчишкин, А. Н. Богатырьев, П. А. Андреев, Г. Крутиков, А. В. Барышева, К. В. Балдин сияқты ғалымдардың еңбектері бар.
Я. Ә. Әубакіров, А. Қ. Қошанов, Д. Қ. Қабдиев, К. Сағадиев, М. Б. Кенжегузин, С. Н. Нысанбаев, Р. Е. Елемесов, М. Д. Исқалиев, М. С. Төлегенова, Р. А. Алшанов, Ө. Қ. Шеденов, Е. Б. Жатқанбаев, А. Н. Тулембаева және тағы басқа отандық зерттеуші ғалымдар да инновациялық даму туралы зерттеулерге айтарлықтай үлес қосып келеді. Аталған ғалымдардың тұжырымдамаларына осы диссертацияда жан жақты талдау, сараптау жүргізілді.
Біздің пікірімізше, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып қала береді және ол жан - жақты, түбегейлі зерттеу мен сараптау жүргізуді тұрақты түрде талап етеді.
Ғылыми зерттеу нысаны - Қазақстанның ұлттық экономикасы болып табылады.
Ғылыми зерттеудің пәні - Қазақстан экономикасын инновациялық дамыту үдерісінде туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі.
Зерттеудің теориялық - әдістемелік негіздерін инновациялық даму, бәсекеге қабілеттілік мәселелеріне қатысты экономика ілімдері классиктерінің еңбектері, шетелдік және отандық ғалымдардың іргелі ғылыми - зерттеу жұмыстары, монографиялар, халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференциялар жинақтары, оқулықтар, басылымдар құрайды.
Диссертациялық жұмыстың нәтижелері мен тұжырымдары жүйелік - қызметтік, тарихи - логикалық, салыстырмалы, экономикалық - статистикалық, сандық - сапалық сараптау және басқа да зерттеу әдістеріне негізделеді.
Зерттеу ақпараттық базасын «Қазақстан - 2030»даму Стратегиясы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Халқына Жолдаулары, ҚР индустриялық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған даму стратегиясы, ҚР ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамыту жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары басқа да құқықтық - нормативтік актілер, арнайы веб - сайттар, Ұлттық статистика агенттігінің ресми мәліметтері құрайды.
Диссертациялық жұмыстың көлемі және құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі 107 беттен, оның ішінде 10 кесте, 10 сурет берілген. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 85 мәліметтер атауын қамтиды.
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Инновация теориясының методологиялық ерекшеліктері мен даму эволюциясы
Нарықтық экономикадағы ғылыми қызмет нәтижелерін пайдалану мүмкіншіліктерінің мол болуы, «инновация» деген экономикалық және жалпы ғылыми категориясын өмірге әкелді. Қоғамдық қатынастардағы пайда болған осы құбылысты, «жаңалық енгізу» деген техникалық мағынаны білдіретін «инновация» сөзімен атала бастады. «Инновациялық қызмет туралы» заңның түсініктерге арналған 1-бабы бойынша, «инновация - жаңа немесе жетілдірілген өнім, жаңа немесе жетілдірген техникалық прогресс, жаңа ұйымдастырушылық техникалық, қаржылық - экономикалық немесе басқа да өнеркәсіп немесе қоғамды басқару салаларына прогрессивті ықпал ететін, әр түрлі қоғамдық қатынастар салаларындағы шешімдер ретіндегі жүзеге асырылынған, инновациялық қызмет нәтижелері». Біріншіден, бұл анықтамада инновацияның құқықтық қатынастардағы түрлі көріністері көрсетілген. Екіншіден, инновация - инновациялық қызметтің нәтижесі ретінде келтірілген. Жалпы инноватика теориясының қалыптасуы - Й. Шумпетер теориясынан басталады. 1920 жылдары австриялық ғалым И. Шумпетер өзінің «Экономикалық өсу теориясы» еңбегінде экономикалық теория ғылымдырында алғаш рет инновация түсінігіне көңіл аударды. Оның айтуынша экономикалық тұрақтылықты жаңашыл кәсіпкерлер бұзады. Бұл кәсіпкерлер рынокқа жаңа өнім әкеліп, басқа кәсіпкерлерді бәсекеге шақырады. Әр кәсіпкер бәсекеден қалып қоймау үшін, өз тарапынан басқа да жаңа өнімдер ойлап табуға мәжбүр болады. Әр кәсіпорынның ішкі факторларын жаңадан біріктіру, яғни факторлар комбинациясы арқасында да жаңалық алуға болады деді. И. Шумпетер жаңа комбинациялардың бес түрін көрсетті:
- жаңа өнімді қалыптастыру;
- жаңа технология пайдалану;
- өндіріс процессін ұйымдастырудың жаңа түрлерін пайдалану;
- сатудың жаңа рыноктарына шығу;
- ресурстардың жаңа түрлерін немесе жаңа қайнаркөздерін пайдалану.
И. Шумпетер өз теориясын Н. Д. Кондратьев толқындарымен байланыстырды. И. Шумпетерден кейін инновациялар теориясын циклдер теориясымен байланыстыра отырып Г. Менш, К. Фримен т. б ғалымдар жалғастырды. Ал МакКинзи компаниясының менеджері Р. Фостердiң «технологиялық айырылымдар теориясы» И. Шумпетер теориясынан ерекше болды. Р. Фостердің айтуынша кез келген технологияның S - сияқты белгілі бір өмірлік циклі болады. Әр кәсіпкер өз технологисының өмір циклін жақсы білуі керек, технология құлдырау фазасына жақындаған уақытта ол технологияны жаңартуға немесе ауыстыруға даяр болуы керек. Ғылыми -техникалық прогресс экономикалық өсу факторы ретiнде Солоу, Е. Домар және Р. Харрод моделдерi танымал. Технологиялық кезеңдерді инновациялармен тығыз байланыстырушы ғалымдардың бірі А. Ансофф. Ол технологиялық кезеңдердiң түрлерiн анықтап, өнім өндіру технологиясының, сұраныс және ұсыныстың өмiр кезеңдерiн бір бірімен байланысын ашып көрсетті /1, 454 бет/
«Инновация» сөзі 1440 жыл француз тіліндегі «жаңғыру және жаңа» әлде «зат жасаудың жаңа жолы» деген мағынаны білдіретін «innovacyon» сөзінен пайда болған. Инновация дегеніміз - бұрын рынокта болмаған жаңа сапалық қасиеттерге ие бұрыннан белгілі өнім немесе тіпті жаңа және жақсартылған технологиялық процестер түрінде көрінетін өзгерістер мен жаңалықтар /2, 64-67 бет/.
Р. Портер: «Ғылыми парктер» - әдемі ландшафта орналасқан, үлкен және кіші фирмаларды жоғары технологиямен қамтамасыз ету және ол жоғарғы оқу орнымен байланысты - деген, ал зерттеу парктері - ғылыми парктермен барлық жағынан тең, бірақ кең өндірістік масштабтағы қызметпен және ЖОО байланысы аз, яғни шектеулі. Технологиялық парктер - (технополистер) кең территорияны алып жатыр, оған еңбек сиымдылығы жоғары фирмалар бағытталған., ал ЖОО байланысы тұрақты емес және оның әсері бәсең.
Ю. Гаушилд және Р. Штейнкюхлер ғылыми және зерттеу парктерін бөліп қарамайды. Оның басты қағидалары «технологиялық білімнің локальды агломирациясынан» және «нау-хау» - дан тұрады деп және белгілі бір технологияға бейімдеуі күшейеді деген /3, 37-41 бет/.
« Ғылыми паркт » терминді ұйымдар басқа әйгілі атпен белгілі; мысалға: «зерттеу паркі», «инновациялық орталық», «алдыңғы қатарлы технологиялардың даму орталығы» т. б. аттармен қоғамда өзінің орнын алып, дамуда.
Ғылыми-техникалық прогресс - кез келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, экономикалық даму, көркейтудің негізгі жолы - ғылыми-техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар мен жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады.
Инновациялық қызмет - нәтижелерi экономикалық өсу мен бәсекелестiк қабiлеттiлігі үшiн пайдаланылатын, өндiрiстiң және қоғамды басқарудың әртүрлi салаларына жаңа идеяларды, ғылыми бiлiмдердi, технологиялар мен өнiм түрлерiн енгiзуге бағытталған қызмет.
Инновациялық қызметке мынадай қызмет түрлерi жатады:
1) қоғамды басқару саласына жаңа идеялар мен ғылыми бiлiмдердi енгiзу;
2) экономикалық айналымда iске асырылатын жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiмдi (жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi), жаңа немесе жетiлдiрiлген технологиялық процестi жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу, жобалау, iзденiс, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау мен оларға қызмет көрсету;
3) инновациялық тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу рыногын ұйымдастыру;
4) өндiрiстi технологиялық қайта жарақтандыруды және дайындауды жүзеге асыру;
5) жаңа технологиялық процестердi, тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) сертификаттау мен стандарттау мақсатында сынақтар өткiзу;
6) бастапқы кезеңде инновациялық жоба өтемдiлiгiнiң нормативтiк мерзiмiне жеткенге дейiн жаңа немесе жетiлдiрiлген өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) өндiру және (немесе) жаңа немесе жетiлдiрiлген технологияны қолдану;
7) инновациялық инфрақұрылымды құру мен дамыту;
8) инновациялық қызмет нәтижелерiн насихаттау және инновацияларды тарату;
9) игеру және iске асыру мақсатында интеллектуалдық меншiк объектiлерiне (оның iшiнде ашылмаған ғылыми, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратқа) құқықтарды қорғау, беру және иемдену;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес инновациялар жасауға бағытталған өзге де қызмет түрлерi жатады. /4 /. Жалпы А. Флемингтің бағалы антибиотик - пеницилинді пайдалануды іске асыруы, 18 ғасырда фотосуреттің пайда болуы, телефон, радио, персоналды компьютерлердің, жердің жасанды серіктерінің пайдаға жаратылуы - бұл жетістіктердің бәрі де инновациялық прогресс нәтижелері. Қарастырылатын түсінік - «жаңа немесе жетілдірілген өнім, жаңа немесе жетілдірген техникалық прогресс» деп берілген. Инновация тақырыбына арналған әдебиетте, инновацияның статистикалық (өнім) және динамикалық (прогресс) болмыстары көрсетілген. Инновацияны осындай жолмен қарастыру көптеген зерттеушілерге тән. Мысалға О. П. Молчанова инновацияны түсінудегі ғылымдағы екі амалдың бар екенін көрсетеді. Біріншісі, инновацияны шығармашылық процестің нәтижесі, екіншісі, осы нәтижелерді енгізу процесі. Инновацияны процесс ретінде қарастыру - оның ғылыми - техникалық нәтиже қалпынан, нарыққа шығарылатын тауар қалпына әкелетін процесс деп қарастырылады. Заңның 1-бабы 1- тармағында «инновациялық қызмет - экономиканы және бәсекелестікті дамытуға арналған, әр түрлі салалардағы өнеркәсіп және қоғамды басқару салаларына жаңа ойларды, ғылыми білімдер, технологиялар мен жаңа өнімдерді енгізуге бағытталған қызмет» деп берілген. Инновациялық қызмет дегеніміз - бүкіл инновациялық процесс барысында атқарылатын қызметтер. Инновациялық процесс бірнеше сатыдан тұратын іс әрекеттер жиынтығы. Ол мынадай төрт негізгі сатыдан тұрады
1−сурет − Инновациялық процесстің сатылары /5, 22-25б /
Жалпы біз инновациялық процесстерді интегралды, параллелді және тізбекті ұйымдастыру әдістеріне бөлеміз. Тәжірибе жүзінде инновациялық үрдістерді ұйымдастыру, жоспарлау, бақылаудың көптеген әдістері бар. Жоғарыда айтылғандай жаңа өнімнің рынокқа тиімді енуі мен пайдалы болуы инновациялық үрдістердің тиімді ұйымдастырылуы негізінде болады.
Инновациялық процесстің кез келген деңгейінде инновациялық қызметті басқару әдістері:
- ФСА - функционалды-құндық әдіс
ФСА - функционалды-құндық әдіс кез келген өнімнің атқаратын пайдалы қызметін толық зерттеу арқасында оны өндіруге кететін шығынды азайта отырып осы қызметтерді сапалы түрде жаңарту әдісі . Ең бірінші рет ФСА - функционалды-құндық әдіс 1947 жылы «Дженерал Электрик» компаниясында пайдаланылған.
ФСА әдісі бірнеше кезеңнен тұрады:
- дайындық
- ақпараттық
- аналитикалық
- зерттеу және ізденіс
- рекомендациялық және ұсыну
- енгізу және жүзеге асыру
2. Бенчмаркинг әдісі
Бенчмаркинг «benchmark» деген ағылшын сөзінің орыс немесе қазақ тіліне тікелеу аудармасы жоқ, бірақ ол тұрақты бір объекттің көрсеткіші, мысалы жер бетінің теңіз деңгейінің биіктігін көрсететін бағанадағы көрсеткіш.
Ал экономикалық ілімдерде Бенчмаркинг дегеніміз ең күшті үлгі болатын конкурент компанияларды іздестіру олардың қызметін зерттеу, үйрену нәтижесінде жаңа инновациялық өнім ойлап табу қызметтерінің жиынтығы.
Бенчмаркинг ең алғаш рет 1972 жылы АҚШ - тың стратегиялық зерттеулер институтында пайдаланылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz