Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы өкілдерінің қызмет кезеңі (1917-1925 жж)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

Тарау -I. КЕҢЕСТІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ КАЛЫПТАСУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ (1917-1925 жж)

1. 1 Кеңестік шығармашылық интеллигенцияның пайда болуының алғышарттары.

1. 2 Ұлтық элитаның қалыптасуы

Тарау-II. КЕҢЕСТІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТ КЕЗЕҢІ (1917-1925 жж)

2. 1 Ескі интеллигенцияның тағдыры . . .

2. 2 Кеңестік шығармалылық интеллигенцияның алғашқы

өкілдерінің қызметі . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің тарихында өзіндік елеулі із қалдырған

қайраткерлер ХIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында тарих сақнасынан шыққан қазақ зиялыларын жатқызуға болады. Бүгініг таңда сол зиялы қауым өкілдерінің бірқатарының ғұмырнамасы жасалып, көпшілік қауымға ұсынылып жатыр. Дегенмен бұл бағыттағы ғылыми -зерттеу жұмыстарын тереңдете жүргізіп, қазақ зиялыларының ғұмырнамасы қатарын толықтыра түсуіміз керек. Қазақ зиялыларының өмір жолы Кеңестік дәуірде аракідік зерттелді. Олардың көпшілігі революциялық қозғалыстарға кеңестік құрылысқа ат салысқан қайраткерлерге арналды. Алайда мұндай іріктеме зерттеулер марксизм-ленинизм идеологиясы аясынан аса алмады. Ол дәуірде қазақ зиялыларының өмір жолын атқарған қызметін объективті тұрғыда ашып көрсетуге кеңестік тарих ғылымның ұстанған идеологиясы тосқауыл болды.

Кеңестік тарих ғылымы сүйенген идеология кеңестік империя мүддесі жолында ұлттық мүддені ескермеді. Ұлтшылдыққа қарсы күресемін деп ұлттық сипаты бар құбылыстарды аяққа басты. Кеңестер Одағында аз халықтардан шыққан ұлтжанды, елін сүйген қайраткерлер ұлтшылдар болып қудалана түсті.

Марксизм-лениензим методологиясын басшылыққа алған зерттеушілер 1917 жылғы қазақ революциясына дейін қазақта ұлттық интелигенция қалыптасып үлгермеді деген тұжырымды ұстанды. Ал, революцияға дейінгі кезеңде саны аз болған қазақ зиялыларының қызметі «Ұлттық буржуазия мен үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғау жолындағы әрекет» ретінде түсіндірілді. Таптық мүддені қызғыштай қорғаған кеңестік тарих ғылымы біз қарастырып отырған кезеңдегі қазақ зиялыларының ұлттық еркіндікті қамтамасыз ету жолында атқарған қызметін жоққа шығарып, теріс бағалады. Осыған орай қазақ зиялыларының арасында өзіндік ұстанымдарымен дараланған жеке бір тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметі мен шығармашылық мұралары объективті, шынайы тұрғыда бағаланбай қалды.

Қазақ халқының әлем қауымдастығы қатарынан егемен ел ретінде өз орнын тауып, тәуелсіздік туын тіккен осы бір өзгерістер заманында еліміздің өткен тарихына деген көзқарас та мүлдем жаңа сипатқа ие болды. Оның бір көрінісі осы уақытқа дейін бұрмаланып, ақиқаты айтылмаған немесе біржақты қаралған тарихи құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларға объективті баға беруге деген талпыныс. Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етіп, демократиялық мемлекет құруды мақсат тұтқан елімізде төл тарихымыздың олқылау жазылған тұстарын толықтыра түсуге барынша жағдай жасалып жатқаны белгілі. Осынау сәтте, яғни халқымыздың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған шаралар жүзеге асырылып жатқан мезгілде, қазақ халқының тарихында өзіндік терең із қалдырған қайраткерлердің ғұмырнамасын жасауды да қолға алғанымыз абзал. Мұндай ғұмырнамалық зерттеулер жекелеген қайраткерлердің өмір жолын танып білумен бірге, олар өмір сүрген дәуірдің қыр- сырын түсінуге де өз септігін тигізеді. Өткен тарихымызды еркін қорытып, одан объективті теориялық тұжырымдар жасауға жол ашылып отыр.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазан төңкерісі қарсаңында және революцияның алғашқы кезеңінде ұлттық шығармашылық интеллигенция қазақтың өзге интеллигенциясынан, яғни оқытушылар қауымынан, дәрігерлер, заңгерлер, әкімшілік қызметкерлерінен рухани жағынан жетілген, оқыған атаулыларға шамшырақ болған үлкен топ болды. Алашорданың көсемі Әлихан Бөкейхан, Батыс Алашорданың жетекшісі Халел Досмұхамедов, Алаш идеологтары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, және т. б, қайраткерлер ұлттық шығармашылық интеллигенцияның аса көрнекті өкілдері болып сол кездің өзінде - ақ танылған еді. Есімдері аталған азаматтардың іс-әрекеттері Алаш қозғалысының тағдырында да, бүкіл қазақтың ендігі уақыттағы тағдырында ерекше рөл атқарды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетті. ХХ ғасырдың басындағы алдыңғы қатарлы қазақ зиялылары өздерінің саяси қызметінде ұлттық, сондай-ақ жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауды басты мақсат деп білді. Олар өз халқына тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы күресінде көметесуге ұмтылды. әрбір адамның және әрбір халықтың жеке өз бостандығына құқығы мен бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен табыстарына еркін қол жеткізуі сияқты жалпы адамзаттық қазыналар үшін күресті.

Қазақ зиялыларының көш басшылары халықтың саяси жағынан көзін ашу үшін оның бойында:

- Алаш зиялылары мен олардың қызметі;

  • білімге деген құлшынысты ояту;
  • сауатсыздықты жою;
  • қазақ тілін дамыту, қазақ тілінде мектеп оқулықтарын шығару;
  • баспасөз;
  • «Талап», «Алқа» ұйымдарының қызметін;
  • қазақ әйелдерінің қоғамдық және шығармашылық қызметі;
  • қазақ публицистикасы, драматургиясы, журналистикасы . . .
  • қазақтың ақын-әншілерінің шығамашылығы;

бүкіл қызметі осы мақсатқа арналды деуге болады.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары дәрігерлер, саясатшылар, судялар, ақын-жазушылар болатын. Бұл кезең қазақтың жан-жақты білімді азамататры- Ә. Бөкеханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, және басқалардың қалыптасуымен ерекшеленді. Қазақстан ғылымының қаулап дамуы кеңес үкіметі жылдарында болғанын теріске шығаруға болмайды, бірақ оның ірге тасын нақ жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ зиялыларының таланты жасөкілдеріқалағанеді. Зерттеу жұмысының деректік негізі Мұрағаттық құжаттарда кеңестік немесе партиялық басшы қызмет атқарған қазақ қайраткерлерінің өз білімдерінің жеткіліксіз екендігін сезініп, оқуға жіберуді сұраған өтініштері көп кездеседі.

Ұлттық шығармашылық, интеллигенцияның қалыптасу жолында үлкен белес болып табылатын "Талап" және "Алқа" ұйымдарының тарихын зерттеудің маңызы зор. Қазақстан Жазушылар одағы, ҚазАПП-тан бұрын құрылған қауымдар қазақ зиялыларының алғашқы шығармашылық ұйымдары болды.

Әдебиеттанушылар мен тарихшылар бірігіп күш салса, қазірдің өзінде "Талап" сынды ұйымға мүше болған - зиялыларды түгендеуге, "Талапқа" қатысты Ташкент мұрағаттарында бірталай кұжаттар ғылыми айналымға енгізілді. Қазақстан Рсепубликасы Орталық мемлекеттік мұрағатының Халық ағарту халкоматының (81-қор), мәдени қайраткерлердің жеке қорлары мен өзге де дерек көздері "Талап" құрамын анықтауға негіз болып табылады. "Алқа" атты әдеби ұйым туралы алғашқы деректер 1924 жылдың аяғында пайда болды. Егер "Талаптың" бастамашысы қоғам қайраткері, дәрігер, ғалым Халел Досмұхамедов болса, "Алқа" ұйымын құруды алғаш қолға алған - сарабдал ақын Мағжан Жұмабаев болды. Қазақ интеллигенциясының "Талап" пен "Алқа" ұйымдары отандық тарихнамада зерттелуі жаңа қолға алынған тың тақырыптар. Олар ұлттық мәдениетке, ғылым мен танымымызға берері көп тарихи мәселе. Бүгінгі таңда деректердің, әсіресе мұрағаттық құжат-дәйектемелердің жетіспеуі олардың тарихын толымды ашып, жүйелі, жазуға қолбайлау болуда. Кеңес дәуірінде ана тілімізде түңғыш шыққан журнал "Қызыл Қазақстан" (Орынбор, 1922 ж. қазан) - "Қазақ баспасөзі майталмандарының ғажайып мектебі" (М. Қ. Қозыбаев) болды. Академик М. Қ. Қозыбаев "Қызыл Қазақстан" журналы кейін "Ауыл коммунисі" мен "Қазақстан коммунисіне" айналғанына дейін тарихи принципті жоғары ұстаған. Жиырмасыншы жылдардағы қазақ баспасөзінің тарихында "Ақжол" газеті аса көрнекті рөл атқарды. Бұл - осы басылым төңірегіне Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлерінің шоғырлануының заңды нәтижесі еді. Қазақ мәдениетінің жұлдыздары болып танылған зиялылары және олардың ізбасарлары - болашақта үздік шығармашылығымен әлі танылатын жас дарындар (Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров, Мұхтар Әуезов, Қошке Кемеңгеров т. б. ) газеттің бағыт - бағдарын түзулеп, ұлтжандылық сипат беріп, халыққа етене жақын етті.

40-қа жуық тамаша әндерін мүра етіп қалдырған халық композиторы Үкілі Ыбырайдың шығармашылығы А. Затаевич, Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллин, Ахмет Жұбанов, Есмағамбет Ысмайылов, Борис Ерзакович, Шахмат Хұсайыновтардан бастап, бүгінгі өнертанушы замандастарымызға дейін зерттеліп келгенімен әлі де анық-қанығына жетпеген мәселелер баршылық көркем сөз бен саздың асқан шебері Үкілі Ыбырай жас өнершілердің үлкен тобына ұстаз болды Зерттеушілер Темірбек Қожакеев, Ләйлә Ахметова Абай шығармашылығынан нәр алып өскен Нәзипаның ұлы ақын өсиеттерін мұрат тұтып, Абайды байшыл, феодалдық заман ақыны деп қаралау жүргізілген кезде де, Абай мұрасына адалдығын сақтап, өмір бойы насихаттап өткенін жазды.

Темірбек Қожекеевтің "Сара сөздің сардарлары" атты жинағында шығармашылығы зерттелген 12 қаламгер-журналистердің ішінде жалғыз әйел Нәзипа Қүлжанованың баспасөз саласындағы еңбегі жазылған. Автор Нәзипа Қүлжанованың Ж. Иманбаева,, Мәриям Хәкімжанова, Ахмет Елшібеков, Сапарғали Бегалин, Дәриға Ермековаларға жасаған қолдау-көмегін ашып көрсеткен. Аққағаз Досжанова туралы алғашқы дерек "Айқап" журналында (1913) кездеседі. Онда Орынбор гимназиясын бітірген жас талапкер Акқағаз Досжанқызының Мәскеуге жоғарғы оқу орнына түсуге шыққандығы хабарланады. Башқұрт халқының азаттық күресінің жетекшісі Ахмет Заки Уәлиди Аққағаз Досжанованы жазушы деп атап, "шығыс түркілері арасынан шыққан тамаша әйелдер қатарында болды", 1917 жылдың мамырында Мәскеуде белгілі 12 адам кірген Орталық Мұсылман Шуросына (Кеңесіне) қазақтардың өкілі болып Жаһанша Досмұхамедұлы, Уәлихан Танашев және Аққағаз Досжанованың сайланғанын атап көрсетті.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Алғашқы екі революция кезінде қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілері ретінде Әлихан Бөкейханов, Мұхаметжан Тынышбаев, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай секілді демократиялық, интеллигенция өкілдері тарих сахнасына шықты. Бірақ олардың бүкіл қазақ халқының арман-тілегін білдіріп, оның мүддесін қорғау жолындағы ізгі әрекеті табысты болмады. Қазан революциясы мен 1918-1920 жылдардағы азамат соғысы халықты қырғынға ұшыратып, қазақтарды әлеуметтік және саяси қақтығыстар арнасына тартты. Қазан революциясы нәтижесінде орнаған Кеңес өкіметінің саяси, әлеуметтік-экономикалық қайта құрулары ат төбеліндей ұлт зиялылары мен ауқатты шаруалар тобын қуғын-сүргінге душар етті, дәстүрлі шаруашылықты қиратып, аштық апатын туғызды және халықтың біраз бөлініп атамекенінен ажыратып, Қытайға, Монғолияға, Иранға, Ауғанстанға, Түркияға, т. б. елдерге кетірді. Осы қырғынның нәтижесіңде және Кеңес Одағының басқа аймақтарынан көшіп-қону толқындарының өте күшті болуы салдарынан қазақ халқы өз атамекеніңде аз ұлтқа айналды дегенмен, бұл кезеңде қазақ халқы өз жерін тұтастаңдырып, ұлттық автономияға қол жеткізді. Сауатсыздық жойылып, бастапқыда тегін бастауыш, кейіннен орта білім алуға жол ашылды. Арнаулы орта және жоғары оку орыңдары, сондай-ақ ғылыми, денсаулық -сақтау және мәдени-ағарту мекемелері жүйесі ұйымдастырылды Ұлттық жұмысшы кадрлар мен инженер-техник интеллигенция өкілдерінің недәуір бөлігі қалыптасты.

Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тарау мен қорытындыдан тұрады. Жұмыс соңында қолданылған әдебиеттер тізімі берілген.

1. КЕҢЕСТІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ КАЛЫПТАСУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ (1917-1925 хж. )

1. 1 Кеңестік шығармашылық интеллигенцияның пайда болуының

алғышарттары

Қазан төңкерісінен кейін қазақтың кеңестік интеллигенциясының пайда болып, өсуінің басты алғышарты - саяси биліктің Ленин бастаған коммунистік партияның қолына көшуі болды. Бүкіл Ресейде - метрополия мен отарларда біркелкі әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі, әскери күшке сүйенген казармалық тәртіп орнатыла бастады. Билік басына келгеннен соң большевиктер бастапқыда қазақтың ұлттық шығармашылық интеллигенциясын қажет етпеді, тіпті оның өкілдеріне тиісті көңіл де бөлмеді. Азамат соғысы жылдары ақтардан босатылған жерлерде қазақтарды өз жағына тарту үшін олардың сауаттыларын, беделді- адамдарын кеңестік - партиялық қызметке шақырды. 1919 жылы Алашорда қайраткерлеріне кешірім жасалып, Ахмет Байтұрсынов бастаған ұлт зиялылары Коммунистік партия мүшелігіне кіріп, оку - ағарту, мәдениет, баспасөз істерімен қызу айналыса бастады.

Лениннің декреті бойынша қүрылып 1919 жылдары Казақстанды басқарған Революциялық Комитет (Казревком) өзінің қызметін Солтүстік Қазақстанда Қызыл әскерлердің үстемдігін орнату шараларынан бастаған еді. Казревкомды Мәскеу жіберген . С. Пестковский, В. А. Радус - Зенькович сияқты қазақтан хабары жоқ лениншіл - коммунистер басқарды. Ахмет Байтұрсынов, Әліби Жанкелдин, Сейітқали Мендешев, Бақытжан Қаратаев сынды қазақ қайраткерлері Казревком құрамына алынғанымен, билік тізгіні еуропалықтарда болды. Казревком ескі интеллигенцияны коммунистерге қызмет еткізуге бағытталған бірталай шараларды қабылдады.

1920 жылдың 22 қаңтарында қазақ ревкомы өлкедегі бүкіл интеллигенттік күштерді кеңес жұмысына жұмылдыру (мобилизациялау) туралы қаулы шығарды[12] . Оқыған азаматтарды уақытша болса да өз жағына тартпайынша көздеген мақсаттарына жетудің мүмкін еместігіне көздері жеткен жаңа билеушілер ауыл мектептерін, бастауыш қазақ - орыс мектептерін. бітірген сауатты адамдарға іздеу салды. Кеңес жұмысынан бас тартқан оқыған адамдар революция жауы ретінде соғыс жағдайындағы зандар негізінде жауапқа тартылды. 1920 жылдың 24 маусымында Казревком Орал облысындағы қазақ интеллигенциясын жаппай мобилизациялау туралы шешім қабылдады. Бұл жұмысты іске асыру П. И. Струппе төрағалық еткен (комиссия құрамында белгілі зиялылар Мұхаметжан Қаратаев, Есенғали Қасаболатов болды) арнаулы комиссияға жүктелді, /13/. Азамат соғысы біткенімен, соғыс жағдайына тән төтенше қимыл жасап, облыстағы барлық қазақ оқығандары есепке алынып, еріксіз кеңес жұмысына жегілді.

Өлкедегі сауатсыздықты жою желеуімен Қазревком 1920 жылдың 28 қыркүйегінде тағы да үлттық интеллигенцияға жаппай мобилизация жариялады. Бүл жолы интеллигенциямен қатар "мектепте сабақ беруге жарамды" барлық адамдар, атап айтқанда он (10) дәрежелі білімі барлардың бәрі есепке алынды: 1) жоғары білімділер; 2) орта білімділер; 3) арнаулы педагогикалық оку орындарын бітіргендер; 4) жоғарғы бастауыш училищелерді бітіргендер; 5) медресе тамамдағандар; 6) екі сыныпты училище бітіргендер; 7 ) бір сыныпты бастауыш училище түлектері; 8) "земское одноклассное училище" аталған оқу орнын бітіргендер; 9) мектептер (бұл жерде жиырмасыншы ғасырдың басынан бастап пайда. бола бастаған болыстық, ауыларалық жәдид мектептері айтылған болу керек) және 10) өз бетімен хат таныған (самоучки и лица с домашним образованием" делінеді ), бастауыш арифметика амалдарын жақсы білетін және сауатты жаза алатын адамдар [14] . Көріп отырғанымыздай, өкіметтің пәрменімен қандай болмасын оқып - тоқығаны бар барлық азаматтар есепке алынып, қызметке тартылуға тиіс болды. Алайда бүл жолы да Кеңес өкіметі қазақтың барлық оқығандарын өзіне қызмет еткізе алмады.

Қазақ автономиялық республикасы қүрылған соң көп үзамай, 1920 жылғы 30 қарашада ҚазОАК "Қазақ АКСР-дегі оқыған қазақтардың тізімін алу" жөнінде қаулы қабылдады. Қазақ интеллигенциясын жинау бүкіл республикалық ауқымда жүргізілді.

Қазақ қайраткерлерінің үлттық тәуелсіздікке деген ұмтылысы Алаш қозғалысынан айқын көрінді. 1917-1920 жылдардың аралығында қазақ оқығандары мемлекеттік тәуелсіздік алу үшін күресті. Империя құрамында Алашорда аталған автономия құруға көп күш салды. Деректерге қарағанда, Алаш қозғалысында ұлттық шығармашылық интеллигенциясының өкілдері жетекші рөл атқарды. Қазан төңкерісі қарсаңында және революцияның алғашқы кезеңінде үлттық шығармашылық интеллигенция қазақтың өзге интеллигенциясынан, яғни оқытушылар қауымынан, дәрігерлер, заңгерлер, әкімшілік қызметкерлерінен рухани жағынан жетілген, оқыған атаулыларға шамшырақ болған үлкен топ болды.

Алашорданың көсемі Әлихан Бөкейхан, Батыс Алашорданың жетекшісі Халел Досмұхамедов, Алаш идеологтары Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, және т. б, қайраткерлер ұлттық шығармашылық интеллигенцияның аса көрнекті өкілдері болып сол кездің өзінде - ақ танылған еді. Есімдері аталған азаматтардың іс-әрекеттері Алаш қозғалысының тағдырында да, бүкіл қазақтың ендігі уақыттағы тағдырында ерекше рөл атқарды. Халқының болашағын ойлаған Ахмет Байтұрсынов бірінші болып қызылдармен сөз табысып, коммунистермен одақтасты. Алайда оның Казревкомдағы қызметі бұрынғы алаш мұраттарына берілгендігін үлттық идеяларды берік ұстағандығы айқын көрсетті.

Большевиктер Алаш қайраткерлерін саяси билікке жолатпау саясатын ұстанды. Әлихан Бөкейхан бастаған бір топ зиялылар еріксіз Қазақстанан қуылды. Бүрынғы алашордашылар Ахмет Байтүрсынов, Аспандияр Кенжин, Ғ. Әлібеков халық комиссарлары болып тағайындалып, өкімет мүшелері болғанымен, оларға саяси сенімсіздікпен қарау жалғаса берді. Олар әртүрлі деңгейдегі кеңес жүмысына тартылғанымен, барлық билік шоғырланған партия комитеттеріне жолатылмады. Коммунист басшылар оларға жоғарыдан төмен қарап, техникалық қызметшілер ретінде қолданды. Өздерінің басыбайлы құлдар етпекші ауыл қазақтарын басқаруға көмектесетін оку - білімі аз, мәдениеті таяздар өздерінен әлдеқайда білімді әрі саналы интеллигенция өкілдеріне билігін жүргізген ахуал орнады. Қазақтың саналы азаматтарына жергілікті жерлерде, облыстық, уездік мекемелерде көп қысымшылдық көрсетілді. 1920 жылдың жазында Ақмола мен Семей облыстарын тексерген А. Д. Авдеев Казревкомның 1920 жылы 13 тамызындағы отырысында "Работники - киргизы, даже не алашординские, подвергаются преследованию, что является тормозом в работе" [15] деп сол түстағы ауыр жағдайды сипаттап берді.

Жаңа интеллигенцияның пайда болуына қажетті алғышарттар бүкіл халық ағарту ісіндегі өзгерістерге тікелей байланысты болды. 1917-1925 жылдары қазақ қоғамындағы бұрынғы оку жүйесі қиратылып, білім беру ісі кеңестік негізде қайта қүрылды. Ежелден бергі ауылдық және ауыларалық мектептер жабылды. Молдалар ескіліктің сарқыншақтары ретінде куғынға салынды. Төңкеріске дейінгі жылдары мүғалімдік еткен молдалардың ішінде терең білімді, білікті әрі тәжірибелі ұстаздар аз емес еді. Молдаларды жаппай көзсіз куғындау ұлттық білім беру жүйесіне орны толмас үлкен зақым келтірді.

Қазан төңкерісіне дейін, жиырмасыншы ғасыр басында казақ ағартушыларының рухани жетекшісі болған Ахмет Байтұрсынов революциядан кейін де осы игілікті істің басы -касында болды. Ахмет Байтұрсыновтың үлгісі, іс-әрекеті мен жалынды сөздері ескі ағартушы - ұстаздарды оқыту жүмысын жаңа жағдайда жалғастыруларына үлкен ықпал етті. Қазақ интеллигенциясының алдына елдегі жаппай сауатсыздықты жою міндеті қойылды. Сауатсыздық дегенде мұсылманша оқығандар сауаттылар қатарында саналмады. Еуропалық үлгідегі оку орындарын, мектептер мен училищелерде оқығандар, орысша білетіндер ғана сауатты адамдар саналды. Ахмет Байтұрсыновтың басшылығымен жер-жерлерде облыстық, уездік халық ағарту мекемелері қүрылып, бүл істің мамандары жүмысқа келді. 1921 жылы 18-25 қаңтарда Орынборда болып өткен халық ағарту қызметкерлерінің бүкіл Қазақстандық бірінші конференциясы Ахмет Байтұрсыновтың баяндамасы бойынша Азамат соғысында тоз-тозы шығып қираған оку орындарын қалпына келтіру, мүмкіндігінше көбірек мектептер мен курстар үйымдастырып, балалар мен ересектердің сауатын ашу, жан-жаққа тентіреп кеткен мүғалімдерді оку -ағарту жүмысына қайтадан жүмылдыру сияқты бірінші кезекте атқарылатын шараларды белгіледі [16] .

Сол жылғы 21 ақпанда Қазақ АКСР-і Орталық Атқару Комитетінің төралқасы Ахмет Байтұрсыновтың баяндамасын тыңдап, Халық ағарту халық комиссариатын екпінді комиссариатдеп жариялап, республикадағы барлық мекемелер окуорындарына жан-жақты көмек көрсетуге міндеттелді [17] . Казақ мәдениетіне қатысты барлық мәселелерді шешу Қазақ АКСР-нің Халық ағарту халық комиссариатына (кейде Оку халкоматы деп аталды) тапсырылды. 1921 жылғы 9тамызда Республика Халық Комиссарлар Кеңесі Халық ағарту халкоматының қызметі жөніндегі Ережені бекітті. Осы ЕрежедеОку халкоматына "Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, басқару, халық ағарту және денсаулық қорғау салалары бойынша Қырғыз (Қазақ) Республикасына қажетті мамандарды даярлау ісіне жалпы басшылық жасау" тапсырылды. [18] . Бұл дегеніңіз қазақтың ұлттық шығармашылық интеллигенциясын даярлау ісін республиканың Халық ағарту халкоматының қүзырына берілуін заңдастыру болып табылады. Шын мәнінде, 1920-1930 жылдары Қазақтың шығармашылық мәселесінің барлық үйымдастырушылық, қаржылық жұмыстарымен айналысқан бірден-бір халкомат (бүгінгі сөзбен айтқанда - министрлік) болды. Республиканың халық ағарту халкоматының үсынуымен 1921 жылы 26 шілдеде Қазақ АКСР-і ОАК қазақтардың сауатын ашу жұмысына он алты мен елу жас аралығындағы барлық сауатты қазақтарды мобилизациялау туралы қаулы шығарды [19] . Осы каулы бойынша төңкеріске дейін және төңкеріс жылдары медресе, бірінші - екінші сыныптың бастауыш мектеп, тіпті өз бетімен сауатын ашқан адамдардан бастап жоғарғы оқу орындарын бітіргендердің бәрі міндетті түрде оку жүмысына жұмылдырылатын болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық шығармашылық интеллигенция тарихының теориялық мәселелері
Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы қалыптасуы
Сібір және Түркістан автономиялары мәселесі
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
Оқу-ағарту, ғылыми мекемелер мен өнер саласындағы мәдениетті қалыптастырудың алғышарттары
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Қарқаралы петициясы және қазақ қауымы
Қазақстандағы большевиктік тәртіп
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)
Экономикалық дамудың кластерлік принципі - елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz