Delphi ортасында жұмыс



І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. Объектілі.бағдарлы програмалау тәсілі жөнінде ... ... ... ... ... ... ... ...4
а) Delphi.ді іске қосу. Delphi ортасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
б) Пиктограммалық батырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
в) Оқиғалар. Программалық код терезесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
ІІІ. Турбо Паскаль тілінде есеп шығару
Қосымша 1 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Қосымша 2 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
Қосымша 3 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
ІV. Delphi тілінде программа құру
Қосымша 4 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Қосымша 5 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қосымша 6 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
V. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қазіргі кезеңде көптеген қолдаңбалы программалық бұйымдар Delphi программалау ортасында құрылған. Осындай Delphi ортасының кеңінен таралуына себеп болған жағдай - ортадан Windows – тің ерекшеліктерін толығымен пайдалану мүмкіндігі. Delphi ортасында құрылған әр программа өз терезесінде орындалады және осы терезелермен жұмыс атқару әрекеттері Windows ортасындағымен ұқсас келеді.
Delphi ортасында негізгі программалау құралы ретінде Object Pascal тілі қолданылады. Object Pascal қарапайым Pascal және Turbo Pascal тілдерінің ұлғайтылған нұсқасы, сондықтан ұғынуға және түсінуге өте қолайлы.
Сонымен бірге Delphi жүйесі мәліметтер базасын басқару жүйесі мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған Delphi ортасы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.
Жалпы мұнда, Delphi ортасының мүмкіндіктері, оның компоненттері және компоненттер қасиеттері, оқиғалар, оқиғаларға программаны сезіндіру туралы мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар, Object Pascal туралы негізгі мәліметтер - тілде қолданылатын берілгендердің жай және күрделі түрлері, операторлар, динамикалық жадыны пайдалану, ортаның графикалық мүмкіндіктері туралы мәліметтер келтірілген.
Delphi - Паскальда қолданылатын процедуралық және құрылымдық программалаудың және модуль құрудың дамытылған түрі. Ол берілгендерді белгілі бір абстракциялық деңгейде көрсетіп, модульдік программалауды пайдаланады.
1 Фаронов В.В. DELPHI 5. Учебный курс. - М.: Нолидж, 2001.
2 Фаронов В.В. DELPHI 5. Руководство программиста.- М.: Нолидж, 2002.
3 Епанешников А., Епанешников В. Программирование в среде DELPHI: Учебное пособие: В 4-х ч. Ч 3. Работа с базами данных. Организация справочной системы. - M.: ДИАЛОГ- МИФИ, 1998.

4 Сван Т. Основы программирования в DELPHI для Windows 95.Пер. с англ. - К.:Диалектика, 1996.
5 Культин Н.Б. Основы прогрпммирования в DELPHI 7. - СПб. : БХВ - Петербург.: 2003.
6 Глушаков С.В. и др. Программирование на DELPHI 5.0. - Харьков.: Фолио , 2002.
7 Митчелл К. Керман. Программирование и отладка в Delphi. Учебный курс. - М.: Издательский дом “Вильямс”, 2003-672 с.
8 Дінасылова Қ.Д., Нурахунова Р.К. “Delphi ортасында программалау”. Лабораториялық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. 1,2,3 бөлім, - Алматы: КазҰТУ, 2004. –32, 46, 38 б.
9 Жуков А. Изучаем Delphi. – М.: Питер, 2004. – 346с.
10 Глинский Я.Н., Анохин В.Е., Ряжская В.А. Turbo Pascal 7.0 и Delphi. Учебное пособие. – М.: DiaSoft, 2003. – 197с.
11 Бобровский С. Delphi 7. Учебный курс.- М.: Питер, 2003.- 736с.
12 Попов В. Паскаль и Delphi. Самоучитель.- М.: Питер, 2003.-544с.

Мазмұны

І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. Объектілі-бағдарлы програмалау тәсілі
жөнінде ... ... ... ... ... ... ... ...4
а) Delphi-ді іске қосу. Delphi
ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 8
б) Пиктограммалық батырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
в) Оқиғалар. Программалық код
терезесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

ІІІ. Турбо Паскаль тілінде есеп шығару
Қосымша
1 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .14
Қосымша
2 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .16
Қосымша 3
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...17
ІV. Delphi тілінде программа құру
Қосымша
4 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .19
Қосымша
5 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .21
Қосымша
6 ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .24
V.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

Кіріспе

Қазіргі кезеңде көптеген қолдаңбалы программалық бұйымдар Delphi
программалау ортасында құрылған. Осындай Delphi ортасының кеңінен таралуына
себеп болған жағдай - ортадан Windows – тің ерекшеліктерін толығымен
пайдалану мүмкіндігі. Delphi ортасында құрылған әр программа өз терезесінде
орындалады және осы терезелермен жұмыс атқару әрекеттері Windows
ортасындағымен ұқсас келеді.

Delphi ортасында негізгі программалау құралы ретінде Object Pascal
тілі қолданылады. Object Pascal қарапайым Pascal және Turbo Pascal
тілдерінің ұлғайтылған нұсқасы, сондықтан ұғынуға және түсінуге өте
қолайлы.
Сонымен бірге Delphi жүйесі мәліметтер базасын басқару жүйесі
мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған Delphi ортасы локальдік және тораптық
деректер базасын құрып, оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген деректер
базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді.
Жалпы мұнда, Delphi ортасының мүмкіндіктері, оның компоненттері және
компоненттер қасиеттері, оқиғалар, оқиғаларға программаны сезіндіру туралы
мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар, Object Pascal туралы негізгі
мәліметтер - тілде қолданылатын берілгендердің жай және күрделі түрлері,
операторлар, динамикалық жадыны пайдалану, ортаның графикалық мүмкіндіктері
туралы мәліметтер келтірілген.
Delphi - Паскальда қолданылатын процедуралық және құрылымдық
программалаудың және модуль құрудың дамытылған түрі. Ол берілгендерді
белгілі бір абстракциялық деңгейде көрсетіп, модульдік программалауды
пайдаланады.

Объектілі - бағдарлы програмалау тәсілі жөнінде

Бейсик, Паскаль сияқты дәстүрлі программалау тілдерінде күрделі, үлкен
программаларды дайындаудың кемшілігі - ол үшін программалаушылар тобының
көп күш жұмсауы қажет болатын. Программалауды жеңілдету үшін 80 - жылдары
объект, класс (object, class) ұғымдары енгізіліп, обьектілі - бағдарлы
программалау (ОБП) тәсілі негізге алынды. ОБП - Паскальда қолданылатын
процедуралық және құрылымдық программалаудың және модуль құрудың
дамытылған түрі. Ол берілгендерді белгілі бір абстракциялық деңгейде
көрсетіп, модульдік программалауды пайдаланады. Мысалы, Visual Basic
программалау жүйесі обьектілі программалау тәсілін пайдаланып, QBasic
тілі негізінде визуальды түрде құрылған. Паскальдың ОБП тәсілін
пайдаланып құрылған жаңа нұсқасы Object Pascal (Обьектілі Паскаль) деп
аталады. Delphi осы тілдің негізінде дайындалған. Обьектілі
программмалаудың ыңғайсыздығы - онда дәстүрлі программалау тәсілдері
пайдалана берілмейді, бірақ ондағы көп қиындықтар арнайы тәсілдерді
пайдалану арқылы тез шешілген.
ОБП тілінің дәстүрлі программалау тілдерінен өзгешілігі - онда,
өрістерге қоса, мынадай ұғымдар негізге алынған: класс, обьект, өңдеу
әдісі, обьект қасиеті және оқиға.
Өрістер - Турбо Паскальдағы жазу (record) типінің өрістері сияқты;
Қасиеттер - обьект сипаттамалары (параметрлері);
әдістер - кластың өрістері мен қасиеттерін өңдейтін процедуралар
мен функциялар;
обьект - түрлі мәндердің қасиуттері мен әдістерінің жиынтығы;
оқиға - обьект жағдайының өзгеруі.
Класс - өрістер, қасиеттер және әдістердің бірлігінен тұратын
тип, не, жалпы түрде, өңдеу әдістері не қасиеттері ортақ түрде
сипатталатын обьектілер (нысандар) жиынтығы.
Жүйе обьекті үшін жадтың динамикалық облысынан арнайы орын
қалдырады. Яғни, шын мәнінде, обьект жай айнымалы емес, ол - жадтың
динамикалық облысының кездейсоқ адресін сақтайтын көрсеткіш. Бірақ
программада оған Турбо Паскальда пайданылатын көрсеткіш белгісі (^)
енгізілмей жазылады.
Обьект құрылған кезде автоматты түрде конструктор (constructor)
деп аталатын әдіс шақырылып, ол обьектіні динамикалық облыста
орналастырады, динамикалық жадтан обьектіні арнайы деструктор
(destructor) әдісі жояды.
Сонымен, ОБП - да пайдаланылатын обьект сөзінің екі мағынасы
бар: нақты обьект (мысалы, геометриялық дене, формада орнатылған
компонент, т.б.) және айнымалы (абстрактты, дерексіз обьект). Delphi -
де екінші обьект нақты класс данасын анықтайды.
Класқа иерархиялық (бағынышты, жоғарыдан төмен) кластардың енуі
де мүмкін. Мысалы, геометриялық фигуралар класы жазық фигуралар
кеңістік фигуралары болатын екі ішкі кластық фигураларға бөлінеді.
Ал жазық фигуралар класы төбелері бар (үшбұрыш, көпбұрыш) және
төбелерсіз (шеңбер, эллипс) болып екі ішкі класқа бөлінеді. Обьектілі
программалауда барлық кластар иерархиялық түрде негізгі TObject
класынан тарайды (Tobjec→Tpersistert →Tcomponent →...). Әдетте негізгі
класты аталық , бағыныңқы кластарды туынды не сәбилік кластар деп атайды
(TObject-барлық кластардың арғы атасы, TComponent-барлық иерархиялық
компоненттердің жоғарғысы (компанент деп Tcomponent класының мұрагері
болатын класс данасын атайды)).Әр үрпақ өзінің аталық класының
мүмкіндіктерін (өрістерінің, қасиеттерінің, әдістерінің сипаттамаларын)
қабылдайды. Мысалы, Tobject класының Create (бастапқы мән меншіктеу
(инициалдау) әдісі барлық туынды кластарға тиісті (Tobjectкласында
конструктор Create деп аталады). Әр ұрпақ өзіне қосымша жаңа мүмкіндіктер
(сипаттамалар) қосып, келесі ұрпақтарға беруі мүмкін.
Delphi - де класс атауын Т әрпінен бастау келісілген. Формаға
енгізілген компонент данасы сандық индекс қосылған класс атауын алады.
Туынды кластың сипатталу түрі:
Type
туынды класс атауы=class(негізгі класс атауы);
End
Var
обьект:класс атауы;
Мұндағы класс мүшелері-өрістер,қастеттер және әдістер.
Мысалы,
Tyрe
TForm1=class (TForm)
Button1: TButton;
Label1: TLabel;
Procedure Button1Click (Sender: TObject);
End;
Var Form1: TForm;
TForm1 = class (TForm) жазуы TForm класының үлгісімен құрылатын жаңа
(туынды) TForm1 класын анықтайды. Form1:TForm1 жолындағы Form1 айнымалысы -
класс данасы.
Программаны дайындау барысында Delphi модульдің Interface бөліміне
формаға енгізілген компоненттер мен оқиғасы таңдалған әдістерді сипаттауды
автоматты түрде енгізеді, әдістерді іске асыру нұсқаулары модульдің
implementation бөліміне қолдан жазылады.
Жалпы, Delphi - де класс деп өзіне ұқсас даналарды дайындау үшін үлгі
түрінде алынатын, толық түрде дайындалған программа үзіндісін деп атайды.
Программалаушы бұрын дайындалған класс данасының көшірмесін түрлі
программаларға не бір программаның түрлі жерлеріне енгізіп, программалауды
және оның көлемін көп жеңілдетуіне болады.
Delphi құрамына жүздеген дайын кластар енгізілген. Әр компонент қатаң
түрде тек бір класқа ғана тиісті. Мысалы, Delphi - де форма (TForm)
компоненті – Forma класына тиісті, осы типті айнымалы (Form1)класс
обьектісі. Класс бөлігі ретінде сипатталып, модульдің Implementation (іске
асыру) бөлігінде мәтіні жазылатын сәйкес процедура - әдісі, мысалы,
procedure TForm1.Button1Click.
Форма ішіне орналастырылған TEdit компонентінің Edit1 данасын
(обьектісін) екі рет шерткен кезде пайда болатын оқиғаны өңдеуіш әдісіне
(процедурасына) мысал:
Procedure TForm1.Edit1Click (Sender: TObject);
Begin
Edit1.Text `Сіз редакциялау өрісін екі рет шерттіңіз ̉;
End;
Програманы іске қосу командасы берілген соң компилятор автоматты түрде
негізгі төмендегі екі әдісті орындайды:
Application.CreateForm (TForm1, Form);
Application. Run;
Бұлардың біріншіші жадта Form1обьектісін құрады (обьектіні
инициалдайды), екіншісі (Application) обьектісіне қосымшаның негізгі
формасын іске қосуға нұсқау береді (Run). Жоғарыда жазылған процедураның
орындалу нәтижесінде форманың Edit1өрісіне оның Text қасиетіне меншіктелген
мәтін жазылады.
Белгісіз жағдайда программада әдісті не қасиет орнату командасын
иерархиялық түрде жазу қажет, мысалы:
Form1.Button1.FontSize:=14;
Мұндағы иерархияның бірінші обьектісі – форма (Form1), екінші обьект -
формада орнатылған Button1түймесі, үшінші обьект - түйменің шрифт қасиеті;
команда - форманың Button1 обьектісіне енгізілген FontSize (шрифт өлшемі)
айнымалысына 14 мәнін меншіктеу. Яғни, обьектілер арасына қойылатын нүкте
сәйкес иерархиялық обьектіге сілтеме.
ОБП - да класс үшін мұрагерлік, инкапсуляция және полиморфизм
принциптері енгізілген.
Мұрагерлік - программада негізгі класс типінің туынды иерархиялық
кластарда да сақталуы. Мысалы, автомобиль жеңіл және жүк машинасы болып
бөлінеді. Олардың жұмыс істеу жағдайына байланысты, сипаттамаларына ортақ
және бөлек өрістер, қасиеттер мен әдістер енгізілуі мүмкін. Әр қайсысында
тип элементтерін толық сипаттау үнемді емес. Бірінің типін аталық (негізгі)
етіп қабылдап, екіншісіне қосымша қасиеттерді енгізу жеткілікті. Delphi -
дің барлық кластары TObject класына мұрагер.
Инкапсуляция (ішінде, біртұтас). Класс өрістер, қасиеттер және
әдістердің бірлігінен тұрады. Оларды біртұтас түрінде қарастыру
инкапсуляция деп аталады. Әр класс аяқталған толық бір іс-әрекетті бойында
сақтайды. Мысалы, Tform класы өз бойында Windows-терезені дайындау үшін
барлық қажеттілерді ішінде сақтайды. Кластың мұндай принципі өзінде
инкапсульдайды делінеді.
Класта инкапсульданған процедуралар мен функциялар - әдістер.
Полиморфизм (көп түрлілік) - мұрагер кластардың аталық класқа
енгізілген әдіс атауы бойынша басқа қасиеттер енгізілген ұқсас есепті
шешуіне болатындығы, яғни түрлі кластарда түрлі әрекеттерді орындайтын
әдістерге бірдей атау беру мүмкіндігі.

Delphi-ді іске қосу. Delphi ортасы

Windows терезесі арқылы Delphi-ді іске қосу командасы:
Іске қосу – Программалар – Borland Delphi 6 →Delphi 6

DELPHІ-де қолданбалы программалар немесе қосымшалар ІDE (Іntegrated
Development Envіronment) дамытылып отыратын құрылымдық ортада құрастырылады
және орындалады. ІDE ортасы программалаушының қарым-қатынасын (интерфейсін)
ұйымдастырып, әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден
тұрады.

DELPHІ-дің ІDE ортасы көп терезелік жүйе және икемделуіне байланысты
жүктелгеннен кейін оның көрінісі келесі түрде болуы мүмкін (1.1 - сурет ).
Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді.

- Негізгі терезе (Project1);
- Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Іnspector);
- Форма құрастырушысының терезесі(Form1);
- Программа кодының терезесі ( Unіt1.pas).
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға
және олардың мөлшерін өзгертуге болады. DELPHІ - бір құжаттық орта, яғни
әр мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Программа
жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарына шығып тұрады.
Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі
және компоненттер палитрасы енгізілген. Негізгі мәзір пункттеріне Delphi-де
жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне ішкі мәзірлерге енгізілген
негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.

Пиктограммалық батырмалар

Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды
опцияларына тез арада қол жеткізуге болады. Атқаратын жұмыстарына
байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген. Әр топ бөлек
тақташада орналасады және олардың атқаратын жұмысы төменде келтірілген.

Стандартты түймелер:

New( Жаңа );

Open (Ашу);

Save (Сақтау);

Open Project (Проектіні ашу);

Табақшада барлық ашылған файлдарды сақтау;

Add Fіle to Project (Проектіге файл қосу);

Жобадан файлды жою. ProjectRemove from Project эквиваленті

View (ќарап шыѓу) тобы

Vіew Form (Форманы көрсету);

RUNRun эквиваленті

Pause( үзіліс )

Компоненттер жинағы

Компоненттер жинағы - Delphі ортасының негізгі байлығы. Ол негізгі
терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған
құралдардан тұрады .

Компонент деп белгілі бір қасиетке иемденген және форма терезесінде кез
келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті
атайды. Delphі ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген және ол топтарды
парақтар деп атайды.

Компоненттер жинағының терезесі

Компоненттер көмегімен программаның негізгі қанқасы құрылады
(терезелер, батырмалар, тізімдер және т.с.с).

Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма –
программаны дайындау алдында ашылатын, программанвң сұхбаттық терезесі.
Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрінеді.

Name (Атау) – формаға берілген атау.

Font ( Шрифт )-формаға енгізілетін мәтін шрифтін орнату қасиеті.

Caption (Тақырып, бетіне жазу)-форма терезесінің тақырыбына енгізілетін
мәтін.

Color (Түс)-форманың түсін орнату.

Width (Ен), Height (Биіктік)-пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың
ені мен биіктігін орнату қасиеттері.

Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View-Object
Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де
көрінеді.

Оқиғалар. Программалық код терезесі

Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы
басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға
компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан
арқылы шертуі мүмкін. Оның әр іс-әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға –
программаның жұмыс істеуі кезінде объект жағдайының өзгеруі.

Әр объектіге байланысты оқиғалар жеткілікті. Мысалы, формаға
байланысты оқиғалар саны – 35. Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша
бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдына On префиксі
тіркестіріліп жазылған. ОЛ – атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.

Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар;

OnClick - Тышқан түймесін бір рет басу;
OnDblClick - Тышқан түймесін екі рет басу;
OnKeyDown - Клавишті басу;
OnKeyUp – басылған клавишті босату;

форма оқиғалары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
DELPHI ортасында мәлметтер қорымен жұмыс жасау
Borland Delphі ортасының интерфейсі
Delphi-де математикалық есептеуге арналған бағдарлама құру
Delphi объектілі бағдарлы бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары жайлы ақпарат
Студент білімін бағалау бойынша тест программасын құру
Delphi программалау ортасы және мәліметтер қоры
Объектілі бағытталған бағдарламалау ортасындағы Samples компоненттер тақтасы бетінің ақпараттық анықтамалық жүйесін жасау
Delphi ортасы жайында
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары туралы ақпарат
Пәндер