Қарыз алушының несиелік қабілеті
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік және оның маңызы.
1.1 .Қарыз алушының несиелік қабілеті және оның несиелік тәуекелді
төмендетудегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау үшін
қажетті ақпарат көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3.Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік
тәжірибесінен ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2. Коммерциялық банктерде клиенттердің несиелік қабілетін бағалау тәжірибесіне талдау.
2.1. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2. Ақша ағыны негізінде несиелік қабілетті бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.3. Қаржылық коэффициенттер жүйесіне негізделіп
несиелік қабілетті бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
3. Қазақстан Республикасында клиенттердің несиелік қабілетін
бағалауды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 68
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70

Банктердің қаржылық делдал ретінде көрсететін негізгі операциялардың бірі - несиелерді ұсыну болып табылады. Бүгінгі күні шаруашылық субъектілерді несиелеу - экономиканың тиімді дамуының қажетті шарты және бұл операциялардың нәтижесінде банктер пайдасының негізгі бөлігі қалыптасады. Сонымен қатар, несиелеу - коммерциялық банктің активтік операцияларының ең тәуекелді бөлігі болып табылады. Осы операциялардың нәтижесінде пайда болған тәуекелдерді азайтудың негізгі әдісі - қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының банктік саласы - жоғары қарқынмен дамып келе жатқан экономикадағы салалардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні банктік жүйе клиенттерге көптеген дәстүрлі және дәстүрлі емес қызметтерді үсынады. Банктер қызметінің дәстүрлі нысаны - несиелік операцияларды жүзеге асыру болып табылады.
Банктер қызметінің ерекшелігі оларды тәуекелге бағыттайды және де бір банктің ауыр жағдайға ұшырауы мемлекеттің жалпы қаржы жүйесінің тұрақтылығына ықпал етуі мүмкін.
Банктің несиелік портфелінің негізгі бөлігін заңды және жеке тұлғаларға берілетін несиелер құрайды. Несиелік портфель қаржылық қызметпен ілесетін төуекелдің бүкіл негізгі түрлеріне тәуелді болып келеді: өтімділік бойынша төуекел, проценттік ставкалар бойынша тәуекел, несиелік тәуекел. Тәуекелдің соңғы түрі, яғни несиелік тәуекел банк үшін өте маңызды болып келеді. Өйткені, қарыз алушының қарызға алған сомасын өтемеуі немесе белгілеген мерзімде қайтарып бермеуі, банктердің үлкен шығын тартуының және несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден-бір себебі болып табылады. Тәуекелдердің алдын алу мақсатында банк өзінің клиенттерінің несиелік қабілетін бағалау мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек. Тәуекелдердің пайда болуы, олардың сан алуан факторлардан тәуелділігі банк алдында қарыз алушының өзінің міндеттемелерін орындау ықтималдығын анықтауға және бағалауға мүмкіндік беретін шаруашылық - қаржылық қызметінің түтас көрсеткіштер жүйесін таңдау қажеттілігін алдын-ала анықтайды.
Нарық жағдайында несиені басқарудың әдісі ретінде қарыз алушының несиелік қабілетінің мәселелерін зерттеу өте маңызды болып келеді. Қарыз алушыға несие беру процессі оның несиелік қабілетін анықтаудан басталады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау - банктің қаржылық тұрақтылығының негізі. Ал бұл жалпы экономиканы жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты - екінші деңгейдегі банктердегі қарыз алушылардың несиелік қабілетін талдаудың мәнін зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін алдыма мынадай тапсырмалар қойдым:
- несиелік қабілеттілік ұғымын талдап, оның маңызын ашып көрсету;

1. Закон РК "О Национальном Банке Республики Казахстан" от 30.03.95 г. № 2155 (с изменениями от 10.07.2003 г. № 483-II).
2. Постановление Правления НБРК "О правилах пруденциальных нормативах для банков второго уровня" от 3 июня 2003 года №213
3. Банки и банковские операции: Учебник //Под ред. Е.Ф.Жукова.-М.: Финансы и статистика, 1998.
4. Банки и банковское дело //Под ред. И.Т.Балабанова.-СПб.: Питер, 2001.
5. Банковская система России. Настольная книга банкира //Под ред. Колесникова К.С. - М.: ТОО Инжиниринго-консалтинговая компания "ДеКа", 1995.
6. Банковское дело //Под ред. д-ра экон. наук Г.С. Сейткасимова. - Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.
7. Банковсое дело: стратегическое руководство //Под ред. Плвтонова В. и ХиггинсаМ.-М.,1998.
8. Валравен К.Д. Управление рисками коммерческого банка. Вашингтон //Институт экономического развития Мирового банка.-1993.
9. Волынский В.С. Кредит в условиях современного капитализма. //М.,1991.
10. Давлетова М.Т. Кредитная деятельность банков в Казахстане: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2001.
11. Денежное обращение и банки: Учеб. пособие //Под ред. Г.Н. Белоглазовой, Г.В. Толоконцевой. М.: Финансы и статистика, 2000.
12. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Ә.Т., Жүмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. // Алматы: Экономика, 2001.
13. Калиева Г.Т. Кредитное дело //Алматы: Қаржы-қаражат, 1997.
14. Кирисюк Г.М., Ляховский В.С. Оценка банком кредитоспособности заемщика. // Деньги и кредит, 1993.
15. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. // Алматы: Маркет, 2004.
16. Панова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. - М.: ИКЦ "ДИС",1997.
17. Роуз Питер С. Банковский менеджмент. Пер. с англ. со 2-го изд. - М.: "Дело Лтд.", 1995.
18. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк: управление и операции.//М.: ИПЦ "Вазар-Ферро", 1994.
19. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового анализа предприятий. // М. "Юни-ГЛОБ", 1992.
20. Янишевская В.М., Севрук В.Т., Лукачер Т.Г. Анализ платежоспособности предприятий и организаций. //М., 1991.
21. Каналина А. Управле¬ние банковской системой Республики Казахстан // Банки Ка¬захстана, № 3, 2002.
22. Банковское дело / Под ред. Г.С.Сейткасимова. – Алматы: Каржы-Каражат, 1998.
23. Банковское дело / Под ред. О.И.Лаврушина. – М.: Финансы и статистика, 1999.
24. Вестник Нацбанка, 1999-2005 гг.
25. Годовой отчет Нацбанка РК за 2002, 2003, 2004 гг.
26. Деньги, кредит, банки / Под ред. Сейткасимова Г.С. – Алматы: Экономика, 1999.
27. Долан Э.Дж., Кэмпбелл К.Д., Кэмпбелл Р.Дж. Деньги. Банковское дело и денежно-кредитная политика. – М.-Л., 1991.
28. Дробышевский С. и др. Сравнительный анализ денежно-кредитной политики в переходных экономиках. - М.: Институт экономики переходного периода, 2003.
29. Зиябеков Б. О развитии банковской системы Республики Казахстан // Банки Казахстана. № 5. 2003 г.
30. Абдрахманова Г.Т., Нурсеитова Р.А. Тенденции и перспективы развития финансового сектора в Казахстане // Банки Казахстана. № 12. 2003 г.
31. Айманбетова Г.З. Инфляционное таргетирование: проблемы переходного периода и перспективы внедрения // Экономическое обозрение НБК. № 1. 2004 г.
32. Аубакиров Я.А. и др. История развития денежно-кредитных отношений в Казахстане // Экономическое обозрение Национального Банка Казахстана. Вып. 2. 1999.
33. Банковская система за десять лет независимости Казахстана. – Алматы: Национальный Банк Республики Казахстан, 2001.
34. Залунина Л.В. Традиционный инструмент денежной политики // Банковское дело. № 10. 2003.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік және оның маңызы.
1.1 .Қарыз алушының несиелік қабілеті және оның несиелік тәуекелді
төмендетудегі
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...5
1.2.Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау үшін
қажетті ақпарат
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 12
1.3.Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік
тәжірибесінен ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2. Коммерциялық банктерде клиенттердің несиелік қабілетін бағалау
тәжірибесіне талдау.
2.1. Қарыз алушының қаржылық жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..26
2.2. Ақша ағыны негізінде несиелік қабілетті
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
2.3. Қаржылық коэффициенттер жүйесіне негізделіп
несиелік қабілетті бағалау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...42
3. Қазақстан Республикасында клиенттердің несиелік қабілетін
бағалауды жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .63
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..68
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
Кіріспе
Банктердің қаржылық делдал ретінде көрсететін негізгі операциялардың
бірі - несиелерді ұсыну болып табылады. Бүгінгі күні шаруашылық
субъектілерді несиелеу - экономиканың тиімді дамуының қажетті шарты және
бұл операциялардың нәтижесінде банктер пайдасының негізгі бөлігі
қалыптасады. Сонымен қатар, несиелеу - коммерциялық банктің активтік
операцияларының ең тәуекелді бөлігі болып табылады. Осы операциялардың
нәтижесінде пайда болған тәуекелдерді азайтудың негізгі әдісі - қарыз
алушының несиелік қабілетін бағалау.
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасының банктік саласы
- жоғары қарқынмен дамып келе жатқан экономикадағы салалардың бірі болып
табылады. Бүгінгі күні банктік жүйе клиенттерге көптеген дәстүрлі және
дәстүрлі емес қызметтерді үсынады. Банктер қызметінің дәстүрлі нысаны -
несиелік операцияларды жүзеге асыру болып табылады.
Банктер қызметінің ерекшелігі оларды тәуекелге бағыттайды және де бір
банктің ауыр жағдайға ұшырауы мемлекеттің жалпы қаржы жүйесінің
тұрақтылығына ықпал етуі мүмкін.
Банктің несиелік портфелінің негізгі бөлігін заңды және жеке
тұлғаларға берілетін несиелер құрайды. Несиелік портфель қаржылық қызметпен
ілесетін төуекелдің бүкіл негізгі түрлеріне тәуелді болып келеді: өтімділік
бойынша төуекел, проценттік ставкалар бойынша тәуекел, несиелік тәуекел.
Тәуекелдің соңғы түрі, яғни несиелік тәуекел банк үшін өте маңызды болып
келеді. Өйткені, қарыз алушының қарызға алған сомасын өтемеуі немесе
белгілеген мерзімде қайтарып бермеуі, банктердің үлкен шығын тартуының және
несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден-бір себебі болып табылады.
Тәуекелдердің алдын алу мақсатында банк өзінің клиенттерінің несиелік
қабілетін бағалау мәселесіне ерекше көңіл бөлу керек. Тәуекелдердің пайда
болуы, олардың сан алуан факторлардан тәуелділігі банк алдында қарыз
алушының өзінің міндеттемелерін орындау ықтималдығын анықтауға және
бағалауға мүмкіндік беретін шаруашылық - қаржылық қызметінің түтас
көрсеткіштер жүйесін таңдау қажеттілігін алдын-ала анықтайды.
Нарық жағдайында несиені басқарудың әдісі ретінде қарыз алушының
несиелік қабілетінің мәселелерін зерттеу өте маңызды болып келеді. Қарыз
алушыға несие беру процессі оның несиелік қабілетін анықтаудан басталады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау - банктің қаржылық тұрақтылығының
негізі. Ал бұл жалпы экономиканы жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі
болып табылады.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты - екінші деңгейдегі банктердегі қарыз
алушылардың несиелік қабілетін талдаудың мәнін зерттеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін алдыма мынадай тапсырмалар қойдым:
- несиелік қабілеттілік ұғымын талдап, оның маңызын ашып көрсету;
- қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін қажетті ақпарат
көздерін анықтау және оларға сипаттама беру;
- қарыз алушының несиелік қабілетін анықтаудың шетел тәжірибесін
қарастыру;
- қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау әдістерімен жете танысу;
- несиелік қабілетті анықтап, несие беру туралы шешім қабылдау
мақсатында белгілі бір кәсіпорынның балансы және басқа да қаржылық
есептерге талдау жасау;
- Отандық банктердің несиелік қабілеттілікті анықтау тәжірибесін
дамыған мемлекеттердегі несиелік қабілеттілікті анықтау тежірибесімен
салыстыра отырып, негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін және болашақтағы
даму бағыттарын анықтау.
Диплом жұмысында зерттеу объектісі ретінде Қазақстан Республикасындағы
екінші деңгейдегі банктер және олардың клиенттерінің арасындағы
экономикалық қатынастар.
Коммерциялық банктердің қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау және
оны бағалау әдістері диплом жұмысының зерттеу мәселесі болып табылады.
Диплом жұмысын жазуда теориялық - методологиялық негіз ретінде шетел,
Ресей мен Қазақстанньщ алдыңғы қатарлы ғалым-экономистерінің қарыз
алушылардың несиелік қабілетін анықтау және оны бағалау әдістерінің
мәселелері туралы ғылыми еңбектері мен монографиялары, сонымен қатар
Қазақстан Республикасының құқықтық-нормативтік құжаттары қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы үш тараудан құралған. Кіріспеде диплом
жұмысының өзектілігін дөлелдей келе, мен, бірінші тарауда жалпы несиелік
қабілеттіліктің мәні мен маңызын зерттеп, оның несиелік тәуекелді
төмендетудегі рөлін ашып көрсетуге тырыстым. Сондай-ақ қарыз алушының
несиелік қабілетін талдау үшін қажетті ақпарат көздерін анықтап, қарыз
алушының несиелік қабілетін аньщтаудың шетел тәжірибесін қарастырдым.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерде
клиенттердің несиелік қабілетін бағалау тәжірибесі қарастырылды. Отандық
банктердің клиенттердің несиелік қабілетін анықтау әдістерін ашып
көрсеттім, оның ішінде ақша ағынына талдау, қаржылық коэффициенттерге
талдау, іскерлік тәуекелді талдау негізінде қарыз алушының несиелік
қабілетін бағалау. Осы өдістерді пайдаланып, тәжірибе жүзінде қарыз алушы-
кәсіпорынның несиелік қабілетін анықтадым.
Қазақстан Республикасындағы клиенттің несиелік қабілетін бағалаудың
кемшіліктері, оны жетілдіру қажеттілігі және даму перспективасы үшінші
тарауда қарастырыльш бірқатар үсыныстар жасалған.
1. Қарыз алушының несиелік қабілеті туралы түсінік және
оның маңызы
1.1 Қарыз алушының несиелік қабілеті және оның несиелік тәуекелді
төмендетудегі рөлі
Банк пен клиент арасындағы экономикалық қатынастар серіктестік
принциптеріне негізделгенімен бұл екі контрагенттің бір-біріне деген
жауапкершілігі өте жоғары. Себебі банктік тәжірибеде несиелеу процесінде
орын алатын несиелік тәуекелдер банктердің қаржылық нәтижесіне тікелей
ықпал етеді. Сондықтан, коммерциялық банктер несие бермес бүрын қарыз
алушының несиелік қабілетін мүқият талдап, сараптауы тиіс.
Егер банк клиенттің несиелік қабілетіне неғұрлым терең талдау жасаса,
банктің несиелік портфелінің сапасы соғұрлым жоғары болады. Әдетте
клиенттің несиелік қабілетін анықтаудың келесідей үш түрлі маңызы бар:
1. Несиелік тәуекелді мейлінше азайту.
2. Несиелік портфелдің сапасын белгілі бір деңгейде үстау.
3. Банк өзінің өтімділігін демеп отыру.
Клиенттердің несиелік қабілетін анықтауға байланысты іс-қимыл
әрекеттерінің мазмұны келесі негізгі факторлармен анықталады:
1. Банк пен клиент арасындағы серіктестік қатынастардың қалыптасып,
даму дәрежесі.
2. Клиенттің қандай да бір болмасын бизнес саласындағы репутациясы.
3. Экономидағы жалпы макроэкономикалық жағдай.
4. Банк менеджментінің сапасы.
Осы аталған факторлар клиенттің несиелік қабілетін бағалау
қажеттілігін де анықтайды. Әрбір коммерциялық банктерде жеке несиелік
саясатқа байланысты клиенттің несиелік қабілетін анықтаудың өр түрлі
амалдары, тәсілдері болуы мүмкін. Алайда, қазіргі кезде, клиенттің несиелік
қабілетін анықтаудың әдіс-тәсілдері, жолдары көп жағдайларда клиенттің
өзінің экономикалық сипатымен байланысты. Міне осыған сәйкес қазіргі
кездерде коммерциялық банктерде клиенттің несиелік қабілетін анықтаудың
өдістері сол клиенттерді үш түрлі топқа бөлумен тығыз байланысты
қалыптасқан:
1. Ірі клиенттер.
2. Орташа клиеттер.
3. Шағын және кіші бизнес клиенттері.
Осылайша, клиенттерді топқа бөлу дәрежесіне сәйкес қарыз алушының
несиелік қабілетін бағалаудың да үш түрлі әдісі бар:
1. Несиелік қабілетті ақша ағынын сараптау арқылы бағалау.
2. Несиелік қабілетті қаржы коэффициенттерін есептеп, талдау арқылы
бағалау.
3. Клиенттің іскерлік репутациясын бағалау аркылы оның несиелік
қабілетін анықтау.
XIX ғасырдың аяғында Бунге Н.Х. Несиенің теориясы деген жұмысында
француз банкирі Джон Лоның сөзін келтірген: Сенімді арта отырып, біз
олардың (клиенттердің, қарыз алушылардың) адалдығына көңіл аударамыз, ол
біздің сенімімізді нығайтады; мамандық дәрежесіне көңіл аударамыз, ол бізге
олардың есеп-айырысуларда қателесіп қоймайтынына кәміл сендіреді; қызмет
түріне көңіл аударамыз, онымен біздің алатын сыйақымыз анықталады[1].
Яғни, жоғарыда келтірілген сөздерден, қарыз алушының несиелік қабілетін
бағалауда ең бірінші орьшға-клиенттің моральдық қасиеттері қойылған. Осы
жерде, И.Е. Ададуровтың сөзін келтіріп өтуге болады: . несие берудің
бірінші және маңызды шарты - бізден несие алуға мүмкіншілігі бар тұлға
өзінің өнегеде қасиетімен біздің оған деген сенімімізді арттыруында. Яғни,
оған берілген құндылықтар келісілген уақытта және келісілген сомада
қайтарылуы тиіс.
Сонымен қатар, несиелік қабілеттіліктің ең маңызды аспектілерің бірі
-алынған қарыздың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Осылайша, жоғарыда
аталып өткен Н.Бунге, несиелік қабілеттілікті қозғалмайтын мүлікке салынған
капиталмен байланыстырады. Оның айтуынша: Қозғалмайтын мүлік қарызды
қайтарудың ең сенімді кепілі.
Соған қарамастан да, сол кездегі көптеген экономистер несиені беру
туралы шешімді қабылдамас бүрын, ең біріншіден клиенттің табыс табу
мүмкіншілігіне баса көңіл бөлді. Осылайша, И.Ададуров шаруашылықты
несиелеуді, оның жоғары мақсаттылығымен, тұрақтылығымен және де, оның
табыстылығымен байланыстырады.
Жалпы клиенттің несиелік қабілеті түсінігі және оның төлем қабілеті
түсінігі бірдей үғым ретінде жиі анықталады. Бірақ олар үқсас болғанымен
де, олардың бір-бірінен едөуір айырмашылығы бар.
Төлем қабілеттілік дегеніміз - жеке және заңды тұлғаның берілген
уақытта өзінің міндеттемелерін өтеу мүмкіншілігі мен қабілеті. Ал, несиелік
қабілеттілік - бұл ссудалық қарызды өтеу мүмкіншілігі. Бұл жағынан
келгенде, несиелік қабілеттілік түсінігі төлем қабілеттілігі үғымына
қарағанда айтарлықтай тар. Яғни, банк қарыз алушыға несие беру туралы дүрыс
шешім қабылдау үшін тек қана оның несиелік қабілеттілігін анықтаса
жеткілікті.
Ал енді қарыз алушының несиелік қабілеттілігіне әсер ететін
факторларға тоқталып өтейік. Қарыз алушының несиелік қабілеттілігі көптеген
факторларға тәуелді болып келеді. Әр фактор (банк үшін - тәуекел фаторы)
міндетті түрде бағаланып, есептелінуі керек. Сонымен қатар, несиелік
қабілеттілік үшін әр фактордың өзіндік салмағын анықтау қажет. Әрине ол
өте үлкен қиындықтармен үштасып жатыр.
Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін анықтайтын барлық факторлардың
болашақтағы өзгеруін бағалау одан да күрделі болып келеді.
Несие беруші банк үшін қарыз алушының ссудалық карызын өтеу қабілеті
болашақ кезеңге қатысты болған жағдайда ғана өте манызды болып келеді. Ал,
тәжірибеде негізінен қолданылатьш несиелік қабілеттілікті анықтайтын барлық
көрсеткіштер өткен кезеңге қатысты болғандықтан, олар клиенттің алдағы
уақыттағы нәтижелерін дәл анықтауға мүмкіндік бермейді. Яғни, бұл
көрсеткіштер өткен кезеңдегі мәліметтер бойынша есептелінеді. Мысалы,
белгілі бір мерзім аралығындағы өнім айналымы туралы динамикалық мәліметтер
берілмей, белгілі бір есеп беру кезеңіндегі қалдықтар жайлы мәліметтер
беріледі. Бұл жалпы несиелік қабілеттілік көрсеткіштерінің мәні шектеулі
екенін көрсетеді.
Сонымен бірге, несиелік қабілеттілікті анықтаудың тағы да бір қосымша
күрделілігі - санмен өлшеуге және бағалауға болмайтын бірқатар факторлардың
экономист халық өмірде орын алуы. Бұндай факторларға, қарыз алушының
репутациясын және оның моральдық түсарын жатқызуға болады.
Осыған қоса, ссудалық қарыздың өтеу мүмкіншілігін сипаттайтын,
көрсеткіштерді бүрмалап көрсететін инфляция да айтарлықтай қиындылық
түғызады. Ол капиталдың айналымдылық көрсеткіштерімен, оның бөліктері
-активтерге, негізгі капиталға және резервтік қорларға қатысты болып
келеді.
Жалпы айтқанда, сандық және сапалық мәліметтерді жалпылап, қарыз
алушының несиелік қабілеттілігін бірыңғай және синтетикалық бағалау мүмкін
емес. Ол үшін маман аналиктердің сараптамалық талдау жасауы қажет.
Жалпы несиелік қабілеттілікті бағалау қарыз алушылардың
ерекшеліктеріне, сондай-ақ нақты банк-кредитордың мақсаттарына байланысты
болып келеді. Айта кеткен жөн, несиелік қабілеттілікті бағалаудың келсідей
әдістері бар:
1. Қаржылық коэффициенттерге талдау жасау арқылы бағалау.
2. Ақша ағымына талдау жасау арқылы бағалау.
3. Іскерлік тэуекелді талдау арқылы бағалау,
Бұл әдістер бірін-бірі әрқашанда толықтырып отырады. Сондықтан да,
несиелік қабілеттілікті анықтау барысында, осы үш әдісті бірдей қолдану
қажет.
Іскерлік тәуекелді талдау қарыз алушының келісім жасау барысында, тек
қана бір ссудалық операцияға және сонымен байланысты ақша ағынына
негізделініп талдау жасауға мүмкіндік берсе, ал қаржылық коэффициенттер
жүйесі болашақтағы тәуекелді болжауға мүмкіндік береді. Қарыз алушының ақша
ағымына талдау жалпы клиенттің несиелік қабілеттілігін бағалап қана қоймай,
осының негізінде болашақтағы жаңа қарыздардың шекті мөлшерін көрсетеді.
Сонымен бірге, кәсіпорынды басқарудың әлсіз жақтарын танытады.
Біздің ойымызша, несиелік қабілеттілік категориясының экономикалық
маңызы - бұл несие алу мүмкіншілігі, алған несиені тиімді пайдалану және
несиелік келісімнің шартына сәйкес қарызын берілген мерзімде және толық
сомада өтеу қабілеті.
Банк операцияларын басқару жалпы банк кірісін қамтамасыз ететін
активтер жинағымен, банктік портфелімен байланысты тәуекелдерді басқару
болып табылады. Банктік портфельдің негізгі бөлігін заңды және жеке
тұлғаларға берілетін ссудалар құрайды. Демек, осы операциялармен байланысты
тәуекел банктер үшін ерекше маңызды болып келеді.
Ссудалық немесе несиелік портфель қаржылық қызметпен ілесетін
тәуекелдің бүкіл негізгі түрлеріне тәуелді болып келеді: өтімділік бойынша
тәуекел, проценттік ставкалар бойынша тәуекел, несиені төлей қалмау
тәуекелі (несиелік тәуекел). Тәуекелдің соңғы түрі, яғни несиелік тәуекел
банк үшін өте маңызды болып келеді. Өйткені, қарыз алушының алған сомасын
төлемеуі немесе белгілеген мерзімде қайтарып бермеуі, банктердің үлкен
шығын тартуының бірден-бір себебі болып келеді. Әуелі, несиелік үйымдардың
банкротқа ұшырауының алғышарты.
Несиелік тәуекел дегеніміз - несиелік келісімнің шарттары мен
мерзіміне сөйкес қарыз алушының несиені қайтармау тәуекелі.
Несиелік төуекелдің пайда болуының алғышарты — қарыз алушының несиелік
қабілетсіздігі болып табылады.
Бүгінгі күні, шаруашылық субъектілерді несиелеу экономиканың тиімді
дамуының қажетті шарты. Сонымен қатар, несиелеу - коммерциялық банктің
активтік операцияларының ең тәуекелді бөлігі больш табылады. Бүгінгі күні,
банктің несиелік портфелінің сапасы - оның қаржылық жағдайьның бірден-бір
маңызды көрсеткіші.
Банктің несиелік портфелін басқару несиелік мәлімдемелер ағынының
ішінен табыстылық және сенімділік жағынан ең тиімдісін таңдау болып
табылады.
Жалпы несиелік тәуекел экзогенді және эндогенді факторларға тәуелді
болып келеді. Яғни, сыртқы фактор-экономикалық ортаның жағдайымен, ішкі
фактор-банктің өзінің қателік жіберуімен байланысты факторлар. Банктердің
сыртқы факторларды басқару мүмкіншілігі шектеулі. Несиелік тәуекелдерді
басқарудың негізгі тетіктері банктің ішкі саясатында жатыр.
Бүгінгі күні несиелік тәуекелді төмендетуде өте көп тәсілдер мен
әдістер қалыптасқан. Батыс банктерінде әлеуетті қарыз алушылырдың сапасын
бағалау әртүрлі статистикалық үлгілердің көмегімен әдістер құрастырылып
жүзеге асырылады. Оның басты мақсаты - қарыз алушыға объективті сипаттама
беру үшін стандартты үлгілер құрастыру, болашақтағы клиенттерді сенімді
және сенімсіз деп бөлу үшін сандық критерийлерді анықтау. Осындай үлгінің
мысалы ретінде 1970-ші жылдардың соңында американдық экономистердің тобымен
құрастырылып шығарылған, несиелік талдау кезінде банктермен қолданылатын
Зет үлгісін немесе Е.Альтман коэффициентін көрсетуге болады. Бұл үлгі
фирманың банкроттық ықтималдығын бағалау үшін арналған. Егер коэффициенттің
мөні белгіленген шекті мөлшерден жоғары болса, онда фирма сенімді
кәсіпорындар қатарына жатады. Ал егер коэффициенттің мәні белгіленген шекті
мөлшерден төмен болса, онда мұндай кәсіпорынның қаржылық жағдайы қауіп
түғызады және ол кәсіпорынға несие беру тиімсіз болып келеді.
Зет немесе Е.Альтман коэффициенті төмендегі формуламен анықталады:
Z = айналым капиталыбарлық активгер*1,2+ үйлестірілмеген пайдабарлық
активтер*1,4+ негізгі қызметтен түсетін пайдабарлық активтер*3,3+ жай және
артықшылығы бар акциялардың нарықтық құны барлық активтер*0,6+ сатылған
өнімдердің көлемібарлық активтер*1.
Егер Z-ң мәні:
1. 1,8-ден төмен немесе тең болса, банкроттыққа ұшырау ықтималдығы өте
жоғары;
2. 1,81-2,7 арасында болса, банкроттыққа ұшырау ықтималдығы жоғары;
3. 2,8-2,9 арасында болса, банкроттыққа ұшырауы мүмкін;
4.3,0 және одан жоғары, банкроттыққа ұшырау ықтималдығы төмен.
Көптеген мемлекеттерде Альтман коэффициентін есептеу банкроттыққа
ұшырауды болжау үшін ғана емес, сонымен бірге компания өз шығындарын
қысқарту қажеттілігін анықтау үшін қолданады.
Жалпы, банктер несиелеу туралы шешім қабылдамас бүрын , қарыз
алушылардың мүмкін болатын негативтік дамуын есепке алып отыру керек.
Сонымен қатар, несиелік тәуекелді болдырмау үшін банк келесідей жағдайларға
көңіл бөлу керек.:
Біріншіден, банк қарыз алушыны өндіріс, маркетинг, қаржылық жағдай
мүмкіншіліктері түрғысынан жақсы біледі ме? Негізінен ол жаңа клиенттерге
қатысты.
Екіншіден, клиент тарапынан несиелік мәлімдеме дүрыс құрастырылған ба?
экономикалық және іскерлік түрғысынан бүгінгі күнге лайық па?
Үшіншіден, несие беру банк үшін пайдалы ма? Яғни, банк жаңа несиелерді
берген кезде , оның несиелік портфелі қалай өзгеретінін анықтау керек.
Сонымен қатар, бұл несиелік портфелдің диверсификациялануына жағдай жасайды
ма? Яғни банктің несиелік тәуекелін азайтады ма, әлде керісінше көбейтеді
ме?
Банк қызметкерінің қандай да бір өнеркәсіп салада техникалық білімі
жеткіліксіз болса, онда бұндай саладағы кәсіпорынға банк тарапынан несие
берілмеуі тиіс.
Несиелік талдаудың тағы бір маңызды аспектісі - қарыз алушының
менеджмент деңгейін бағалау. Іскерлік тәуекелді басқарудың алғышарты
менеджмент деңгейінің жоғары болуы. Көптеген кәсіпорындардың менеджмент
сапасын анықтау үшін, олардың статистикалық көрсеткіштерін талдауды
қолданамыз. Ол үшін кәсіпорынның соңғы 3-5 жылдарындағы даму динамикасын,
оның нарықтағы орнын, өткен жылдардағы пайдасының деңгейін анықтау қажет.
Неғұрлым кәсіпорын жақсы жұмыс істесе, соғұрлым бұл кәсіпорынның менеджмент
сапасы жоғары болады.
Сонымен қатар, карыз алушының қаржылық тұрақтылығы да несиелік
тәуекелді бағалаудың негізгі көрсеткіші болып табылады. Қаржылық жағдайды
талдау - банкроттықты болдырмаудың ең басты элементі.
Біздің ойымызша, қарыз алушының қаржылық жағдайы және несиелік тәуекел
арасында кері пропорционалды функционалдық байланыс бар. Яғни, неғұрлым
қарыз алушының қаржылық тұрақтылығы өссе, соғұрлым несиелік тәуекелдің
дәрежесі азаяды.
Математикалық функциялармен, қарыз алушының қаржылық жағдайын
сипаттайтын коэффициенттер жүйесін пайдалана отырып, бұл байланысты
көрсетейік.
Бұл талдау үшін қаржылық жағдайды сипаттайтын коэффициенттер жүйесінің
тек қана екеуін қолданамыз. Олар: өтімділік коэффициенті және қаражат
көздерімен қамтамасыз ету коэффициенті. Біз Евразиалық банктің ААҚ-ның
қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалауды анықтау бойынша әдістемелік
нұсқасында берілген бұл екі коэффициенттің нормативтік мәндерін қолдандық
(өтімділік коэффициентінің мәні 1,2-ден 1,5-ке дейін; қаражат көздерімен
қамтамасыз ету коэффициентінің мәні 1-ден 2-ғе дейін).
S - екі берілген коэффициенттің сомасы болсын.
S = К1 + К2,
бұл жерде: К1 - өтімділік коэффициенті;
К2 - қаражат көздерімен қамтамасыз ету коэффициенті.
Енді L-дің максималды және минималды мәнін анықтайық.
Кmax= 1,5+2=3,5
Кmin= 1,2+2=2,2
Бұл мәндер қарыз алушы бойынша тәуекелдің мүмкін болатын нүктелерін
анықтайды.
Талдау жасау үшін келесідей математикалық функцияларды қолданамыз:
1. ФУ=2S - қаржылық тұрақтылық және берілген коэффициенттер арасындағы
байланыс.
Мұндағы:
ФУ - қаржылық тұрақтылық;
S - коэффициенттердің мәні.
2. R=1S - несиелік тәуекелмен қаржылық тұрақтылық арасындағы
байланыс.
Мұндағы:
S тең емес о-ге;
R - несиелік тәуекел.
Несиелік тәуекел мен қаржылық тұрақтылық арасындағы байланысты анықтау
үшін, (1) және (2) теңдікті шешіп, табылған мәндерді графикке саламыз (1-ші
сурет).
Ордината өсін қаржылық тұрақтылық деп, ал абсцисса өсін несиелік
тәуекел деп белгілейміз.
Сурет 1. Несиелік тәуекел мен қаржылық тұрақтылық
арасындағы байланыс.
Ескерту – автормен құрастырылған: Сейткасымов Г.С. кітабы. 135 б.
Координаталық жазықтықтың төменгі бөлігінде (III) қаржылық тұрақтылық және
коэффициенттер арасындағы байланыс графигін құрастырамыз. График түзу сызық
болып шықты. Бүдан келесідей қорытынды жасауға болады: неғұрлым
коэффициенттердің мәні көп болған сайын, соғұрлым қаржылық тұрақтылықтың
мәні жоғары болады.
Гипербола теңдігі арқылы құрастырылған екінші график коэффициенттердің
мәндерінен несиелік тәуекелдің тәуелділігін бейнелейді. Коэффициенттердің
мәндері өскен сайын, несиелік тәуекел азаяды.
Координаталық жазықтықтың III және IV квадранталарында қаржылық
тұрақтылық және несиелік тәуекелдің ФУ(S). R(S) коэффициенттеріне
тәуелділігін бейнелейтін график құрастырылған. Координаталық жазықтықтың II
квадрантасында 45 градус бүрышта жүргізілген түзу арқылы, I квадрантада
бізге керекті несиелік тәуекел және қаржылық тұрақтылық арасындағы
байланысты бейнелейтін R(ФУ) графигін құрастырамыз. Ол үшін У(S) және (S)
графиктерін біріктіреміз. I квадрантадағы несиелік тәуекелдің және қаржылық
тұрақтылықтың күтілетін мәндерінің барлық мүмкін болатын қисығының
бейнелейтін геометриялық нүктелер орны. Графиктен көріп отырғанымыздай,
қаржылық тұрақтылық көбейген сайын, несиелік тәуекел азая түседі.
Егер де қарыз алушының коэффициенттер мәні 2,2-ден 3,5-ке дейін болса,
онда несиелік тәуекел осы берілген шамалардың шегінде болады.
Осылайша біз, несиелік тәуекелдің шамасы қаржылық жағдай және қаржылық
тұрақтылық көрсеткіштерімен кері пропорционалдық байланыста екенін
графиктік түрде көрсеттік.
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдау негізінде келісім-шарт жасау
туралы шешімдер қабылданады. Кәсіпкерлердің әрбір категориясы нақты
кәсіпорындардың қаржылық жағдайын бағалаудың өзіндік критерийлеріне ие.
Осы мақсатта банктер қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың әр
түрлі әдістемелерін қолданады. Бұл әдістемелер қарыз алушының несие алу
үшін орындауға қажетті талаптардан тұрады.

Осылайша, несиелік қабілеттілікті анықтаудың несиелік тәуекелді
болдырмауда маңызы зор.
1.2 Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін талдау
үшін қажетті ақпарат көздері
Несиелік қабілеттілікті бағалау қарыздың мөлшері мен мерзіміне ,
фирманың өткен кезеңдегі қызметінің нәтижесіне, кепілге қойылатын мүлікке
және қарыз алушы мен банк арасындағы қарым - қатынастарға тәуелді.
Мәлімдемелерді талдау барысында банк фирманың жағдайы туралы, атап айтсақ
оның табысы, еңбек қатынастары, жаңа тауарларды өндіру және сатып өткізу
тәжірибесі, сату мен пайда өсімінің көздері туралы мәліметтерді анықтауға
ұмтылады. Басқару факторы үлкен мәнге ие болғандықтан, фирманың лауазымды
тұлғалары туралы ақпарат та қажет болады.
Фирма қызметінің негізгі бағыты, жабдықтау және өткізу шарттары мен
әдістері, өндірістің сипаты, нарықтың белгісіздік деңгейі және фирманың
экономика үшін маңызы - банктер үшін оның даму болашағын бағалауға
мүмкіндік беретін маңызды жағдайлар болып табылады.
Банк қаржылық есеп берулерді зерттеудің қажеттілігін көрсететін
фирманың қаржылық жағдайы туралы ақпаратты талап етеді. Мүнда фирманың
басқа банктермен қарым-қатынасы, сондай-ақ , оның сатып алушылармен және
жабдықтаушылармен өзара байланысы да тиімді болуы мүмкін. Фирманың
болашағын бағалауда саладағы бәсекелестік деңгейі, өткізу көлемі мен
алынатын табыс туралы ақпараттың маңызы зор. Қарыз алушының есептілігін
қарастыру барысында несие беруші - ол төлем қабілетті ме , оның балансы
өтімді ме, таза айналым капиталы бар ма, әлде жоқ па және ол қаншалықты
деңгейде үйлесімді пайдаланылатыны, қаржылық қатынасының тұрақтылығы, оның
қаржылық - шаруашылық қызметін жақсартудың болашағы қандай, ол айналысып
отырған қызмет аясы табысты ма, әлде табысты емес пе соларды анықтау қажет.
Кәсіпорын есепті кезеңде жақсы немесе нашар жұмыс Істегендігін білу үшін
сәйкес көрсеткіштердің динамикасын білу керек.
Қойылған сүрақтарға жауап беру үшін екі құжат жеткіліксіз. Сонымен
қатар, кәсіпорындардың аталған есеп құжаттарындағы мәліметтердің
сенімділігі жиі күмән туғызуда. Бүгінгі күні екінші деңгейдегі банктер
қарыз алушылар жайлы ақпараттардың толықтылығына және сапалылығына көп
көңіл аударуда.
Банктер жалпы нарықтың жағдайына, бәсекелестік ортаға, экономикалық
және тағы да басқа көптеген жағдайларға талдау жасай отырып, мұнай
ақпараттарды жинайды. Ағылшын экономисті Руттың айтуы бойынша коммерциялық
несиелерді беру таза механикалық іс емес. Керісінше, бұл тараптардың
арасындағы адамдық қатынастар сияқты, техникалық процестерді түсіну де
маңызды болып келетін күрделі процесс.10
Несиелік қатынастарды бағалауды банктерден басқа, банктер үшін қарыз
алушының қаржылық жағдайы туралы экономикалық ақпараттарды жинап, өңдейтін
және оны банктерге сататын арнайы құрылған фирмалар және рейтингтік бюролар
жүзеге асырады.
Экономикасы дамыған елдерде мұндай рейтингтік агенттіктер кең қолданыс
тапқан және олардың мәліметтері коммерциялық банктер тарапынан үлкен
сүранысқа ие. Мысалы, АҚШ —тағы несиелік қабілеттілік туралы мәліметтердің
ең әйгілі көзі - АҚШ пен Канаданың 3 миллионға жуық фирмалары жайлы
ақпаратты жинап, оларды жазылу тәртібі бойынша беретін Дан энд Брэдстрит
фирмасы. Әрбір фирманың несиелік қабілетінің бағалары және қысқаша
мәліметтері жалпы үлттық және аймақтық анықтамаларда жарияланады. Мысалы,
Роберт Моррис Ассошиэйтис ассоциациясы шаруашылықтың 300 салалары бойынша
коэффициенттерді есептеп, жиынтық қаржылық есептерді жариялап отырады.
Жекелеген фирмалар жайлы нақты ақпарат қаржылық есептер түрінде
жарияланады. Бұндай қаржылық есептің кең таралғаны - Ісқерлік ксәсіпорын
туралы ақпарат.
Бұл есеп берудің алты бөлімінің біріншісі жалпы сипаттағы
мәліметтерден тұрады. Яғни, фирманың мекен-жайы мен атауы: сала мен
кәсіпорынның коды; өндіріс сипаты; меншік нысаны; несиелік қабілеттің
сомалық бағасы (рейтингісі); фирманың шоттарды төлеу жылдамдығы; сатылған
тауарлар көлемі, меншікті капитал, жұмыс бастылар саны; фирманың даму
тенденциялары мен жалпы жағдайлары. Несиелік қабілеттің сомалық бағасы екі
бөліктен қүрылған: екі әріптен (немесе сан және әріптен) және саннан.
Бірінші екі белгі фирманың каржылық тұрақтылығының бағасын, ал соңғысы -
несиелік қабілеттіліктің бағасын сипаттайды.
Есеп берудің екінші бөлімі жыл бойы алынған максималды несие туралы
және шоттарды төлеудегі тиянақтылыққа байланысты фирманың
жабдықтаушыларынан алынған мәліметтерден тұрады.
Үшінші бөлімге соңғы баланс және сату туралы, сонымен қатар фирманың
табыстылығы туралы ақпараттар кіреді.
Төртінші бөлімі депозиттік шоттағы әдеттегі қалдық мөлшерін және
қарыздар бойынша төлемдерді көрсетеді.
Бесінші бөлімде фирманың басшылары мен иелері жайлы ақпараттар
кездеседі.
Соңғы бөлімінде фирма қызметінің түрі, оның клиентурасы және
өндірістік қуаттылығы нақтырақ сипатталған.
Шетел банктерінде қажетті ақпарат көздерін алудың ең танымал
әдістерінің бірі - белгілі бір клиентпен іскерлік қатынаста болған басқа
банктер мен клиенттің іскерлік серіктестерінен мәліметтерді сүрастыру болып
табылады.
Банк алған ақпараттарды жарияламау керек. Кері жағдайда, яғни банк
қүпия ақпараттарды белгілі бір себептерге байланысты жарияласа, бұл банкке
келесі ретте мұндай ақпараттар берілмейді. Осығаы байланысты, дамыған
мемлекеттерде құпия ақпараттарды берудің тәртібі белгіленген. Мысалы,
коммерциялық кәсіпорынның несиелі қабілеті туралы, банктердің
ақпараттармен айырбасы туралы Этикалық Кодекс.
Біздің елімізде, өкінішке орай, мұнай ақпараттық агенттіктер
жеткілікті дамымаған. Әлеуетті қарыз алушылар туралы ақпаратты іздеу, еңдеу
және бағалау бойынша негізгі жұмыс банктердің өздеріне жүктелген. Сонымен
қатар, коммерциялық құпияға негізделіп, қарыз алушылар өте аз ақпараттарды
ұсынады. Бұл, өз кезегінде, несиелік қабілетті талдау процессін қиындатады.
Біздің отандық банктер қарыз алушылар жайлы ақпараттарды Қазақстан
Республикасының Бас прокуратурасындағы ақпараттық орталықтан алуы мүмкін
(сотталғаны жайлы ақпаратты, паспорттық бөлімінен немесе адрестік бюродан
тіркелуін тексеру және тағы басқа). Бірақ, бұндай мәліметтерді көбінесе
клиенттер өздері алып келеді. Ал, қарыз алушылардың қызметі жайлы
ақпараттарды Қазақстан Республикасының Статистика бойынша агенттігінен
алуға болады.
Сонымен бірге, ресми сүрау бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі екінші деңгейдегі банктерге несиелік регистрде тіркелген қарыз алушы
жайлы ақпараттарды үсынады. Олар: клиент міндеттемелерінің жалпы сомасы;
оның өтелу мерзімі; сарапталуы; кепіл зат тұралы мағлүматтар; белгілі бір
қарыз алушының банк - кредиторларының саны (банктердің атауынсыз).
Әлеуетті қарыз алушылардың қаржылық есебі несиелік қабілетті бағалау
үшін ең маңызды ақпарат көздері. Өткен кезең бойынша қаржылық есептер, ақша
ағындары туралы есептердің негізінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын және
пайдалылығын бағалап қана қоймай, сонымен бірге оның болашақтағы алатын
табысын анықтауға да мумкіндік береді. Банк қызметкерлері қаржылық есеп
берулерді қарыз алушының ақшалай құралдардағы қажеттілігін, оларды өтеу
ықтималдығын, несиелік тәуекелдің пайда болуын бағалау үшін, сонымен бірге
несиелеудің шарттарын анықтау үшін қолданады. Қаржылық есеп берулер
негізінде жасалған қорытындылардың дүрыстығы, үсынылған ақпараттардың
сапасына байланысты болып келеді. Ол үшін банк бухгалтерлік және басқа да
мәліметтердің нақты берілмеуі сияқты факторларды есепке алып отыруы керек.
Бұл мәселені шешу үшін ақпарат көздерінің жіктелуін қарастырып өтуге
болады. Бұл банктерге қарыз алушылардың несиелік қабілетін зерттеу үшін
қажетті мәліметтерді талдауға көмектеседі (Схема 1).
Жалпы, банктің әлеуетті клиент туралы ақпаратты жинау және талдау
сызбасы екі негізгі бөліктен тұрады: клиенттен белгілі бір құжаттарды,
анықтамаларды, есеп берулерді, өтініштерді алу және олардағы нақты
мәліметтерді ресми және бейресми түрде тексеру.
Қазіргі кезде, банктер несие беру үшін әлеуетті клиенттерден 9-дан 24-
ке дейін әртүрлі құжаттарды талап етеді. Әрбір банк бұл құжаттарды өзінің
меншікті сызбасы арқылы жинайды. Жалпы оларда қарыз алушы жайлы барлық
мәліметтер болуы қажет: оның заңды мәртебесі, мекен-жайы, банктік
реквизиттері, несиелеу келісімі туралы мәліметтер және несиені өтеу жолдары
көрсетілуі керек. Банк қызметкерлерімен талап етілетін және тексерілетін
құжаттардың негізгі түрлерін қарастырайық:
1. Қарыз алушының ресми сұранысы. Мүнда несиенің мақсаты, оның сомасы,
несиені өтеу және пайдалану мерзімдері, сатып алынатын тауардың атауы,
сатушы фирма туралы мәліметтер көрсетілген.
Бұл ақпаратты тексеру мақсатында банктің несиелік бөлімі қарыз
алушыдан келісім-шарттың жобасын сұрайды және әдетте сатушы фирмамен
телефон арқылы байланысады. Бұндай әдіс сатушы фирма ірі болса ғана
қолданылады. Ал ұсақ сауда фирмаларына келетін болсақ, онда мұнай жағдайда
консультациялық немесе аудиторлық фирмаға арнайы зерттеу жүргізуге тапсырыс
берілу керек. Зерттеу барысында алынған мәліметтер , мысалға, мұнай сауда
фирмасы жоқ, оның мамандануы басқа деген сияқты мәліметтер қарыз алушымен
ары қарай келіс сөздерді тоқтатуға негіз болады.
2. Қарыз алушының жарғысы және құрылтай құжаттарының көшірмелері,
банкпен келіссөз жүргізуге уәкілеттігі бар лауазымды тұлғалардың аты-жөні.
Банктің несиелік бөлімі тіркеу палатасындағы жеке байланыстарын пайдалана
отырып, құрылтай құжаттарының сенімділігін тексереді. Банктің қауіпсіздік
қызметі құжаттарда көрсетілген қарыз алушының мекен-жайларының,
телефондарының дұрыс екендігін тексеру үшін компания қызметкерлерімен
сөйлеседі.
3. Ең маңызды мәселе - қарыз алушының қаржылық жағдайын объективті
түрде бағалау. Ең алдымен, несиелік бөлім қарыз алушыдан кәсіпорынның
балансын, қаржылық нәтижелер мен олардың пайдаланылуы туралы есеп беруді,
кәсіпорынның балансына қосымшалар сияқты ресми есеп беру нысандарының
түпнұсқаларын тапсыруды сүрайды. Әдетте, есеп беру нысандары соңғы үш жылға
сүралады. Содан кейін, салық инспекциясындағы өзінің жеке байланыстарын
пайдалана отырып, банктің қауіпсіздік қызметі үсынған есептіліктің
сенімділігін бекітуге тырысады. Егер тексеру жақсы өтсе, онда банктің
несиелік бөлімі құжаттарды және олардағы қаржылық ақпараттарға талдау жасай
бастайды. Қарыз алушылардың қаржылық жағдайын бағалау және тексеру үшін
арнайы әдістемелер пайдалану керек. Мұнай бағалаудың негізгі принциптеріне
келесілер жатады:
Ақпарат көздері
Сыртқы Ішкі
Қазақстан Қарыз алушының
Республика-сының құрылтай құжаттары
мемлекеттік рет-теу
органдарының
қау-лылары,инструкция
лары
Аудиторлық қызметтің Шаруашылық
корытындылары субъектінің есептеу
саясатының мәліметтері
Банктердің Ағымдағы бухгалтерлік
аналитикалық және қаржылық
ақпараты есептердің мәліметтері
Қаржылық Статистикалық есеп
органдарынан берудің мөліметтері
алынатын ақпараттар
Кәсіпорындар және Жоснарлы-болжамдық
бәсекелес және нормативтік
фирмалардан алынған ақпарат
ақпараттар
Теледидар, радио
ақпараттары
Сурет 2. Ақпарат көздерінің жіктелуі.
Ескерту – автормен құрастырылған: Сейткасымов Г.С. кітабы. 124 б.
• Бағалаудың біртүтастығы принципі.
• Бағалау қарыз алушының өткен және қазіргі қаржылық жағдайын талдауға
негізделінеді.
• Болашаққа бағдар принципі: бағалау белгілі бір күні өткізіледі,
бірақ болашақта болуы мүмкін өзгертулер анықталады.
• Бағалау кезінде орташа күтулер принципін үстану керек.
• Кәсіпорын мүлкінің нақты және сенімді көрінісі принципі. Оларға
мыналар кіреді: амортизациялық аударымдарды шегергеннен кейінгі негізгі
құралдардың көрінісі; активтерді бағалау кезіндегі валютаның нарықтық
бағамы мен бағалардың өзгерісінің көрінісі; биржалық бағамы бойынша бағалы
қағаздар құндарының көрінісі; тауарды алуға кеткен шығыстардың қосылған
құнсыз көрінісі және тағы да басқа.
• Кәсіпорынның мүлкі жақсы пайдалану принципі.
• Салық салудағы мүмкін өзгерістердің есебі.
• Ұқсас жағдайларды пайдалану бойынша бағалау принципі.
• Бағаланатын объектіні нақты шектеу принципі.
Сонымен қатар, қарыз алушының Қаржылық жағдайын талдаудың рейтингтік
жүйесін қолдануға болады. Рейтингтің қорытындысы бойынша алынған баллдардың
санына байланысты кәсіпорындарды класстардың біреуіне жатқызуға болады:
жоғарғы класс - абсолютті қаржылық тұрақтылыққа ие кәсіпорындар;
бірінші класс - нормадан маңызсыз ауытқулармен сипатталатын қаржылық
тұрақтылығы бар кәсіпорындар;
екінші класс - жоғары тәуекелділігі бар кәсіпорындар.
Рейтингтік талдау әдістерін пайдаланудан басқа, қарыз алушының
каржылық жағдайын бағалаудың аудиторлық тексеру сияқты әдістерін қолдануға
болады. Несиелік бөлім қарыз алушыдан ресми аудиторлық қорытындыны
көрсетуді талап етуі мүмкін. Ол қарыз алушы тарапынан берілген
кепілдіктердің бір түрі ретінде қарастырылады.
1 Қарыз алушы өзінің валюталық шоттарын растауы қажет Несиелік бөлім
қарыз алушыньщ шоттары бар екенін растауды қарыз алушының банкісінен
сұрайды. Несиелік бөлімнің қызметкерлері, өздерінің жеке байланыстарын
пайдалана отырып, қарыз алушының қаржылық жағдайы туралы құпиялы
ақпараттарды алуға тырысады.
2 Ақпараттарды алу, тексеру және бағалау - банк үшін ең қиын
жұмыстардың бірі.
3 Сонымен қатар, несиені қайтарылуын қамтамасыз ететін кепіл мәселесі
банк үшін айтарлықтай маңызды. Ол үшін банкке несиені өте) көздері туралы
ақпараттар және банк үшін қолайлы төлем кепілдер қажет (басқа банктердің
кепілдері, сақтандыру полистері).
Осылайша, банк үшін ақпарат көздері айтарлықтай маңызды болыі келеді.
1.3 Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың шетелдік
тәжірибесінен
Шетелдік тәжірибеде клиенттің несиелік қабілетін анықтау үшін әртүрлі
тәсілдер қолданылады. Мысалы, 5С мен 6С ережелері, Альтман формуласы,
Компари ережесі, Раrts ережесі, Батыс елдерінде кеңінен қолданатын
несиелік Скоринг жүйесі.
Жалпы, банктер тәжірибесінде жеке және заңды тұлғалардың несиелік
қабілетін анықтауда бір - бірімен байланысты екі әдіс қолданыс тапқан.
Біріншісі - логикалық әдіс, яғни болжау мен эксперттік бағалауға
негізделген бұл әдіс әлеуетті қарыз алушының қаржылық жағдайына және жеке
қасиеттеріне дүрыс талдау жасауды үйғарады. Эксперттік бағалау бір
көрсеткіштің басқа көрсеткіштерден жоғары тұру дәрежесін сипаттайды.
Қолдағы ақпарат негізінде банк маманы қарыз алушының жалпылама бейнесін
жасап, оны басқа клиенттермен, яғни стандартты бейнелермен салыстыруға
тырысады. Несиелік қабілеттілікті бағалаудың логикалық әдісі әдетте
өлеуетті клиенттің несиелік тарихын ашатын мониторинг жүйесінің дамуымен
нығайтылады. Осы мақсатта экономикасы дамыған мемлекеттердің көптеген
банктері несиелік бюроның қызметін қолданады. Ол өз кезегінде қарыз
алушының қаржылық және мүліктік жағдайы туралы мәліметтерді бір жерге
жинап, жалпылап отырады. Осылайша, несиелік бюро келесідей ақпараттарды
иемденеді:
1 әлеуметтік - демографиялық сипаттамалар;
2 банкроттық жайлы ақпараттар;
3 басқа банктерден алынатын мәліметтер;
4 сот шешімдері, тағы да басқа көптеген ақпараттар.
Сонымен қатар, клиентке несиелік бюродағы ақпараттарды тексеріп, қате
табылған уақытта оны түзетуге құқық берілген. Несиелік бюрода сақталатын
ақпараттың көлемі мен мінездемесі әрбір мемлекеттің заңдылығымен қатаң
реттелініп отырады.
Несиелік қабілеттілікті анықтаудың екінші бір әдісі - несиелік
Скоринг.
Біздің мемлекетімізде Батыс елдер тәжірибесінде кең қолданыс тапқан
несиелік Скоринг жүйесіне көп көңіл бөлінбейді. Бұл жүйе жеке және заңды
тұлғалардың репутациясын анықтау процесін жеңілдетеді және де несиелік
Скоринг жүйесі әрбір банктің саясатына, қолданатын заңдылықтарына, несие
алушылар сипатына байланысты жасалуы қажет.
Несиелік Скоринг әдісін 1941 жылы американдық Д.Дюран үсынған болатын.
Скоринг қарыз алушының сенімділігімен және сенімсіздігімен тығыз байланысты
сипаттамаларды айқындап көрсетеді.
Оның көзқарасы бойынша төмендегі факторлар тобы түтыну несиесін беру
кезінде барлық тәуекелдердің деңгейін анықтауға мүмкіндік береді:
1 жасы: 20 жастан асқан әрбір жылға - 0,1 балл беріледі;
2 жынысы: әйелдереге - 0,4 балл, ерлерге - 0 балл;
3 түрғылықты жерде өмір сүру мерзімі: берілген жерде түрған әрбір жыл
үшін - 0,042 балл;
4 мамандығы: тәуекелділік дәрежесі төмен мамандықтар үшін -0,55 балл,
төуекелі жоғары мамандықтар үшін — 0 балл, басқа мамандықтар үшін -0,16
балл;
5 салаға байланысты: егер мемлекеттік мекеме, банк немесе брокерлік
фирмалар болса - 0,21 балл;
6 жұмыс бастылығына байланысты: бір кәсіпорында жұмыс істеген әр жыл
үшін - 0,059;
7 қаржылық көрсеткіштер: банктік шоты болса - 0,45 балл,
қозғалмайтын мүлкі болса - 0,35 балл, өмірін сақтандыру полюсі бар несие
алушыларға — 0,19 балл беріледі.
Осы көрсеткіштерді қолдана отырып, Д.Дюрав жақсы жене жаман
клиенттер арасындағы шекараны анықтауға тырысқан. Егер заңды немесе жеке
тұлғаның жинаған баллдары 1,25-тен жоғары болса, онда бұл тұлға банк үшін
несиелік қабілетті деп саналады және оған несие беріледі. Ал, жинаған
баллдары 1,25-тен төмен болса, онда мұнай тұлға банк үшін тиімсіз болып,
оған несие берілмейді.
Әр банк өзінің клиенттерінің ерекшеліктеріне, мемлекеттің
дәстүрлеріне, өлеуметтік - экономикалық жағдайларының өзгеруіне қатысты
скоринг әдісін жүргізудің дербес саясатын қүру қажет. Скорингті қолдану
үшін әрбір банк қызмет етіп отырған моделдің тиімділігіне талдау жасау
керек. Және де, скорингтік әдіс әлеуметтік - экономикалық жағдайлардың жиі
өзгеруіне байланысты үнемі жаңарып, қайта қүрылып отыруы керек.
Енді Германия, АКДІ елдеріндегі коммерциялық банктердің қолданатын
қарыз алушының несиелік қабілетін анықтаудың Скоринг жүйесіне тоқталайық..
Неміс банктерінің Скоринг - формуляры
1 Клиенттің қаржылық мүмкіншіліктері:
• Басқа банктерден жағымсыз ақпараттың түспеуі - 20 балл.
• Қарызды қайтару мүмкіншілігіне байланысты: егер 60 процентке
дейін - 0 балл, 80 процентке дейін - 10 балл, 100 процентке дейін — 20
балл.
• Қамтамасыз етуге байланысты: қарыздың 25 процентін жабатын болса
- 1 балл, 50 процентке дейін - 4 балл, 75 процентке дейін -7 балл, 100
процентке дейін — 20 балл.
• Банктердегі салымдар сияқты меншіктері бар болған жағдайда - 10
балл беріледі.
• Өткен уақыттаалған несиелеріне байланысты: несиені қолданбаған
жағдайда - 5 балл, несие келісімІнің шартын бүзып, қайтару мерзімінен
кешіктірген болса - 0 балл, несиені уақытында қайтарса - 15 балл.
2 Мамандану дәрежесіне байланысты: егер несие алушының білімі болмаса
- 7 балл, қызметкер - 9 балл, зейнеткер - 13 балл.
Материалдық қамтамасыз ету жағынан банктің қарас гыратын әлеуметтік
топтарына келетін болсақ: неміс банктер маман ретінде - материалдық өндіріс
саласындағы қызметкерлерді, көмекші персонал ретшде - қызмет көрсету
саласындағы қызметкерлерді қарастырады. Қоғамды осындай схема бойынша бөлу
Германияның көптеген банктерімен қолдануда. Ал зейнеткерлерге жоғары балл
берілу себебі, Батыс елдердегі әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің жоғары
дәрежесімен түсіндіріледі. Әдетте, зейнеткерлердің қаражаттары жеткілікті
болғандықтан, оларды қамтамасыз етілген несие алушылар қатарына қосады.
3 Соңғы жұмыс берушідегі еңбек ету мерзіміне байланысты: 1 жылға дейін
- 0 балл, 2 жылға дейін - 3 балл, 3 жылға дейін - 5 балл, 5 жылға дейін - 8
балл, 5 жылдан жоғары - 12 балл.
4 Қызмет ету саласына байланысты: мемлекеттік қызметкер болса -10
балл, басқа сала қызметкері болған жағдайда - 6 балл.
5 Жасына байланысты: 20 жасқа дейін — 0 балл, 25 жасқа дейін — 2 балл,
30 жас — 4 балл, 35 жас — 8 балл, 50 жас — 9 балл, 60 жас — 11 балл, 60
жастан жоғары - 16 балл.
6 Жанүя жағдайына байланысты: басы бос болса - 8 балл, үйленген болса
— 14 балл, ажырасқан болса — 8 балл, түл ер (вдовец) болса -8 балл.
7 Түрғылықты жеріне байланысты: өз баспанасы болса - 10 балл, не
пөтерді, не үйді жалдап түратын болса - 5 балл, өз баспанасы мүлдем болмаса
- 0 балл.
8 Асырауындағы адамдар санына байланысты: егер асырауында адам болмаса
- 10 балл, біреу болса - 7 балл, екеу болса - 5 балл, үшеу болса - 2 балл,
үшеуден көп болса - 0 балл.
Банктің шешімі былай анықталады: егер несие алушы 80 балл жинайтын
болса, несие беру туралы шешімді несиелік қызметкердің Өзі қабылдай алады.
Ал егер несие алушы 61-80 балл жинаса, несие беру туралы шешімді қабылдау
үшін жоғары лауазымды тұлғаның келісімі қажет. Ал егер несие алушы 6
баллдан төмен жинайтын болса, несие бермеу туралы шешім қабылданады.
Американдық банктерде несие алушының несие қабілеттілігін анықтау.
1 Кәсіп түрі:
• Бизнесмен, дәрігер, мүғалім - 7 балл;
• Ғалым, фермер, мекеме жұмысшысы - 5 балл;
• Медбике, білікті қызметкер, журналист -5 балл;
• Әскери қызметкер — 4 балл;
• Шаштараз - 3 балл;
• Коммивояжер, таксист - 0 балл.
2 Жұмыс істеу стажы:
• Жұмыста екі жылдан астам уақыт жұмыс істесе - 2 балл;
• Жеті жылдан астам уақыт жұмыс істесе - 5 балл;
• Он жылдан аз уақыт жұмыс істесе - 5 балл.
3 Пәтер - үй жағдайлары:
• Өз үйі болса - 5 балл;
• Пәтерді немесе түрғын үйді жалға алатын болса - 3 балл;
• Ата — анасымен бірге түрса — 3 балл.
4 Берілген жерде түруына байланысты:
• Бес жылдан артық уақыт түрған болса - 3 балл;
• Екі жылдан бес жылға дейін — 2 балл;
• Екі жылға дейін -1 балл.
5 Жанұя жағдайына байланысты:
• Үйленген, түл ер болса - 5 балл;
• Жалғыз әйел - 5 балл;
• Жалғыз ер адам болса — 3 балл;
• Ажырасқан әйел — 2 балл;
• Ажырасқан ер адам - 0 балл.
6 Апталық ақысына байланысты:
• 200 АҚШ долларынан жоғары болса - 5 балл;
• 101 АҚПІ долларынан 200 АҚШ долларына дейін - 4 балл;
• 91 АҚШ долларынан 100 АҚШ долларына дейін - 3 балл;
• 76 АҚШ долларынан 90 АҚШ долларына дейін - 2 балл;
• 61 АҚШ долларынан 75 АҚШ долларына дейін - 1 балл;
• 61 АҚШ долларынан төмен - 0 балл.
7 Банктік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz