Кейіпкер тілі



Жоспар.

1. Кіріспе

1.1.Кейіпкер тілінің зерттелу жағдайы
1.2.Кейіпкер тілінің драмалық туындыдағы алар орны

2. Негізгі бөлім
2.1. Кейіпкер тілінің берілу тәсілдері
а) Кейіпкер тілінің монолог арқылы берілуі
ә) Диалогтің кейіпкер бейнесін берудегі ролі
б) Полилог тәсілінің өзіндік ерекшеліктері
2.2. Кейіпкер тілінің лексикалық құрамының оның бейнесін сомдауға қатысуы.
а) Диалектизмдердің, кәсіби, термин сөздердің кейіпкер образын сомдаудағы ролі.
ә) Қарапайым сөздердің кейіпкер тіліндегі қоланысы
б) Кейіпкер тілінің көркемдік ерекшелігі
2.3. Кейіпкер тіліне (сөйлеу тіліне) тән синтаксистік ерекшеліктер
а)Қаратпа сөздердің образ айқындаудағы ролі
ә)Қайталамалардың қолданысы
б)Кейіпкер тілінің синтаксистік сипаты

ІІІ. Қорытынды.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

1. М. Әуезов — қазақ қара сөзінің майталман зергері. М. Әуезовтің әдеби мұраларының тілін зерттеуде, жазушының даралық стилін, тосын сөз қолданысын айқындауда Р. Сыздықова, Е. Жанпейісов, М. Серғалиев, М. Жұманазарова сынды ғалымдардың еңбектері ерекше бағалауға ие. Бірақ әлі де болса Әуезовтің драмалық туындыларының тілі (яғни др. т. кейіпкер тілі) жан-жақты қолға алынып зерттелмей келеді.
Қазақ әдебиетін жаңа биікке көтерген Мұхтар қазақ драматургиясының тұңғыш қарлығашын ұшыра, әдебиет әлеміне жаңаша леп әкелді. Сондықтан Әуезов драмаларының тілін талдаудың (қазақ әдеби тілінің қалыптасуына қосылған қомақты) маңызы байқалады. Ал драма тілі деп отырғанымыздың өзі—кейіпкер тілі. Себебі драмалық шығарма кез келген оқиға кейіпкерлер арасындағы тартыс есебінде өріс алады.

2. Зерттеу жұмысының өзектілігі.
— Драмалық шығарманың тілін жеке бөліп зерттеу бүгінгі таңда кең көлемде талқы көрмеген тың тақырып. Кейіпкер тілі жайлы, бейнені ашудағы кейіпкер сөзінің маңызы жайлы, кейіпкер тілінің стильдік қызметі Кәріпжанова, Жұманазарова, Еңсебаева сынды ғалымдардың еңбектерінде атап өтілгені болмаса, жеке автор драмаларындағы кейіпкер тіліне арналған еңбек жоқ.
—Кейіпкер тілін зерттеу ең күрделі әдеби тек түрі—драматургияның қыр-сырын түсінуге, автордың сөз қолданыс ерекшелігін айқындай түсуге мүмкіндік береді. Прозада автор кейіпкерін жан-жақты айшықтап айқындап бере алар болса, ал драмада оның мұндай мүмкіндіктері шектеулі. Драмадағы кейіпкер сомдаушы жалғыз құрал—кейіпкердің өзі.
—Драмалық шығармалар тек кейіпкер сөзінен құралғандықтан оның берілу тәсілдерін анықтап алу, шығарманың құрылымын дұрыс құру өте маңызды. Өйткені қандай құнды ой болмасын ұтымды тәсілмен берілмесе, қарабайыр әрі қонымсыз көрінеді. Сондықтан кейіпкер тілінің берілу тәсілдерін (монолог, диалог, полилогті) ерекше айқындап алған дұрыс.
—Кейіпкер тілі, кейіпкер сөзі арқылы автор өз идеясын, өз ойын жеткізеді. Себебі драмалық шығармадағы автор—кейіпкер. Автор тек кейіпкері арқылы ғана өзінің таңдаған тақырыбын, айтпақ ойын жеткізе алады. Ал бұл үшін кейіпкер тіліндегі лексикалық элементтердің орынды қолданылуы тиіс. Кейіпкер тілінің көркем сөз, көрікті ойға ие болуы кейіпкер бейнесін анық, ашық суреттеуге мүмкіндік береді. кез келген бейненің ойы, сөзі, қалпы оның мамандығы, мәдени дәрежесі, мінез-құлқына сай келгенде ғана шығарма шынайы әрі өміршең болмақ.
—Кейіпкер тілі—сөйлеу тілі. Сондықтан сөйлеу тіліне тән ерекшеліктер кейіпкер тілінің негізгі сипаты болып табылады. Сөйлеу тіліндегі синтаксистік ерекшеліктерге тоқталу олардың кейіпкер тіліндегі көрінісін айқындаудың маңызы өте жоғары.
3. Зерттеу нысаны. Кейіпкер тілінің зерттелу жағдайы Әуезов драмаларындағы жұмыста кейіпкер тілінің берілу тәсілдері, автор қолданысындағы лексикалық элементтердің өзіндік ерекшелігі, кейіпкер тілінің берілуінің синтаксистік өзгешеліктері қарастырылды.
4. Зерттеудің дерек көздері:М. Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағы, Байтұрсынов, Сыздықова, Серғалиев, Жанпейісов, Кәрімов, Томанов, Еңсебаева, Жұманазарова, Тасымова және орыс тіл білімінен Виноградов, Кромэр, Винокур, Шанский Н. сынды ғалымдардың теориялық тұжырымдары басшылыққа алынды. Сонымен қатар әдебиетші ғалымдар З. Қабдолов, Р. Нұрғалиев, М. Ахетов зерттеулері пайдаланылды.
5. Зерттеудің әдістері. Жұмыста талдау, жинақтау, қорыту, жүйелеу, топтау, салыстыру әдістері қолданылды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті:
1) Драмалық шығармадағы кейіпкер тілінің маңызын анықтау (прозалық шығармаларды салыстыра отыра)
2) М. Әуезов мұрасындағы кейіпкер тілінің берілу тәсілдерін даралай, олардың өз ара жігін ажырату, жымдасу тұсын айқындау.
3) Лексикалық элементтерге тоқталу барысында
—синоним, омоним, антоним сөздердің стильдік даралық өзгешелігін көрсету.
—автордың этнографизмдерді, қарапайым сөздерді қолданудағы мақсатын ашу, оның кейіпкер тіліндегі алар орнын, атқарар қызметін көрсете білу.
—жазушы драмаларындағы окказионал тіркестерге талдау жасау арқылы Әуезовтің тіл көркемдігін дәлелдеу.
—синтаксистік амалдардың кейіпкер тіліндегі берілуін образ сомдауға, оқиға дамытуға қосар үлесін анықтау.
6. Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
М. Әуезовтің драмалық шығармаларының тілі шағын болса да лингво стилистикалық тұрғыдан тілдік талдауға түсті
—кейіпкер тілінің драмалық шығармалардағы алар орны айқындалып, Әуезов қолданысындағы кейіпкер тілінің берілу тәсілдері дараланады.
—көне сөздер, диалектизм, авторлық фразеологизмдер, синоним,т.б. стильдік қызметі, пайдалану мақсаты анықталып, жазушының сөз қолданысындағы өзіне тән өзгешелігі нақтыланды.
—драматургия жанрының іргетасын қалап, қазақ драмасының қарлығашын ұшырған Мұхтар Әуезов ұлы драматург екендігі дәлелденді.
—кейіпкер тілінде кезігер синтаксистік ерекшеліктердің драмадағы оқиға қарқындылығын дамытушы ролін анықтау.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
1. Кіріспе
1.1.Кейіпкер тілінің зерттелу жағдайы
1.2.Кейіпкер тілінің драмалық туындыдағы алар орны
2. Негізгі бөлім
2.1. Кейіпкер тілінің берілу тәсілдері
а) Кейіпкер тілінің монолог арқылы берілуі
ә) Диалогтің кейіпкер бейнесін берудегі ролі
б) Полилог тәсілінің өзіндік ерекшеліктері
2.2. Кейіпкер тілінің лексикалық құрамының оның бейнесін сомдауға қатысуы.
а) Диалектизмдердің, кәсіби, термин сөздердің кейіпкер образын
сомдаудағы ролі.
ә) Қарапайым сөздердің кейіпкер тіліндегі қоланысы
б) Кейіпкер тілінің көркемдік ерекшелігі
2.3. Кейіпкер тіліне (сөйлеу тіліне) тән синтаксистік ерекшеліктер
а)Қаратпа сөздердің образ айқындаудағы ролі
ә)Қайталамалардың қолданысы
б)Кейіпкер тілінің синтаксистік сипаты
ІІІ. Қорытынды.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы.

1. М. Әуезов — қазақ қара сөзінің майталман зергері. М. Әуезовтің
әдеби мұраларының тілін зерттеуде, жазушының даралық стилін, тосын
сөз қолданысын айқындауда Р. Сыздықова, Е. Жанпейісов, М.
Серғалиев, М. Жұманазарова сынды ғалымдардың еңбектері ерекше
бағалауға ие. Бірақ әлі де болса Әуезовтің драмалық туындыларының
тілі (яғни др. т. кейіпкер тілі) жан-жақты қолға алынып зерттелмей
келеді.
Қазақ әдебиетін жаңа биікке көтерген Мұхтар қазақ драматургиясының
тұңғыш қарлығашын ұшыра, әдебиет әлеміне жаңаша леп әкелді. Сондықтан
Әуезов драмаларының тілін талдаудың (қазақ әдеби тілінің қалыптасуына
қосылған қомақты) маңызы байқалады. Ал драма тілі деп отырғанымыздың
өзі—кейіпкер тілі. Себебі драмалық шығарма кез келген оқиға кейіпкерлер
арасындағы тартыс есебінде өріс алады.

2. Зерттеу жұмысының өзектілігі.
— Драмалық шығарманың тілін жеке бөліп зерттеу бүгінгі таңда кең
көлемде талқы көрмеген тың тақырып. Кейіпкер тілі жайлы, бейнені ашудағы
кейіпкер сөзінің маңызы жайлы, кейіпкер тілінің стильдік қызметі
Кәріпжанова, Жұманазарова, Еңсебаева сынды ғалымдардың еңбектерінде атап
өтілгені болмаса, жеке автор драмаларындағы кейіпкер тіліне арналған еңбек
жоқ.
—Кейіпкер тілін зерттеу ең күрделі әдеби тек түрі—драматургияның қыр-
сырын түсінуге, автордың сөз қолданыс ерекшелігін айқындай түсуге мүмкіндік
береді. Прозада автор кейіпкерін жан-жақты айшықтап айқындап бере алар
болса, ал драмада оның мұндай мүмкіндіктері шектеулі. Драмадағы кейіпкер
сомдаушы жалғыз құрал—кейіпкердің өзі.
—Драмалық шығармалар тек кейіпкер сөзінен құралғандықтан оның берілу
тәсілдерін анықтап алу, шығарманың құрылымын дұрыс құру өте маңызды.
Өйткені қандай құнды ой болмасын ұтымды тәсілмен берілмесе, қарабайыр әрі
қонымсыз көрінеді. Сондықтан кейіпкер тілінің берілу тәсілдерін (монолог,
диалог, полилогті) ерекше айқындап алған дұрыс.
—Кейіпкер тілі, кейіпкер сөзі арқылы автор өз идеясын, өз ойын
жеткізеді. Себебі драмалық шығармадағы автор—кейіпкер. Автор тек кейіпкері
арқылы ғана өзінің таңдаған тақырыбын, айтпақ ойын жеткізе алады. Ал бұл
үшін кейіпкер тіліндегі лексикалық элементтердің орынды қолданылуы тиіс.
Кейіпкер тілінің көркем сөз, көрікті ойға ие болуы кейіпкер бейнесін анық,
ашық суреттеуге мүмкіндік береді. кез келген бейненің ойы, сөзі, қалпы оның
мамандығы, мәдени дәрежесі, мінез-құлқына сай келгенде ғана шығарма шынайы
әрі өміршең болмақ.
—Кейіпкер тілі—сөйлеу тілі. Сондықтан сөйлеу тіліне тән ерекшеліктер
кейіпкер тілінің негізгі сипаты болып табылады. Сөйлеу тіліндегі
синтаксистік ерекшеліктерге тоқталу олардың кейіпкер тіліндегі көрінісін
айқындаудың маңызы өте жоғары.
3. Зерттеу нысаны. Кейіпкер тілінің зерттелу жағдайы Әуезов
драмаларындағы жұмыста кейіпкер тілінің берілу тәсілдері, автор
қолданысындағы лексикалық элементтердің өзіндік ерекшелігі,
кейіпкер тілінің берілуінің синтаксистік өзгешеліктері
қарастырылды.
4. Зерттеудің дерек көздері:М. Әуезовтің 20 томдық шығармалар жинағы,
Байтұрсынов, Сыздықова, Серғалиев, Жанпейісов, Кәрімов, Томанов,
Еңсебаева, Жұманазарова, Тасымова және орыс тіл білімінен
Виноградов, Кромэр, Винокур, Шанский Н. сынды ғалымдардың теориялық
тұжырымдары басшылыққа алынды. Сонымен қатар әдебиетші ғалымдар З.
Қабдолов, Р. Нұрғалиев, М. Ахетов зерттеулері пайдаланылды.
5. Зерттеудің әдістері. Жұмыста талдау, жинақтау, қорыту, жүйелеу,
топтау, салыстыру әдістері қолданылды.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті:
1) Драмалық шығармадағы кейіпкер тілінің маңызын анықтау (прозалық
шығармаларды салыстыра отыра)
2) М. Әуезов мұрасындағы кейіпкер тілінің берілу тәсілдерін даралай,
олардың өз ара жігін ажырату, жымдасу тұсын айқындау.
3) Лексикалық элементтерге тоқталу барысында
—синоним, омоним, антоним сөздердің стильдік даралық өзгешелігін
көрсету.
—автордың этнографизмдерді, қарапайым сөздерді қолданудағы мақсатын
ашу, оның кейіпкер тіліндегі алар орнын, атқарар қызметін көрсете білу.
—жазушы драмаларындағы окказионал тіркестерге талдау жасау арқылы
Әуезовтің тіл көркемдігін дәлелдеу.
—синтаксистік амалдардың кейіпкер тіліндегі берілуін образ сомдауға,
оқиға дамытуға қосар үлесін анықтау.
6. Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
М. Әуезовтің драмалық шығармаларының тілі шағын болса да лингво
стилистикалық тұрғыдан тілдік талдауға түсті
—кейіпкер тілінің драмалық шығармалардағы алар орны айқындалып, Әуезов
қолданысындағы кейіпкер тілінің берілу тәсілдері дараланады.
—көне сөздер, диалектизм, авторлық фразеологизмдер, синоним,т.б.
стильдік қызметі, пайдалану мақсаты анықталып, жазушының сөз қолданысындағы
өзіне тән өзгешелігі нақтыланды.
—драматургия жанрының іргетасын қалап, қазақ драмасының қарлығашын
ұшырған Мұхтар Әуезов ұлы драматург екендігі дәлелденді.
—кейіпкер тілінде кезігер синтаксистік ерекшеліктердің драмадағы оқиға
қарқындылығын дамытушы ролін анықтау.

М.Әуезовтің тілін зерттеу бүгінгі таңда қазақ филологиясының бір
тармағы болып қалыптасқан мұхтартанудың маңызды мәселесі.Кез келген
жазушының сөз өрнегінен, сөз қолданысынан-ақ шығарма деңгейін тануға
болады. Ал көркем шығарма-жазушы жанының айнасы, автордың таным
тереңдігінің көрінісі.
Оқырман ойынан орын алар көркем туынды туған тілді терең меңгерген
жағдайда ғана дүниеге келеді.Себебі тіл-көркем әдебиеттің бірінші элементі.
Халық тілінің байлығынан суарылған, оны бойына сіңіре алған жазушы ғана
нағыз көркем, нағыз әсерлі шығарма жаза алады.(1. )
Қара түнек құшағындағы қазақ әдебиетіне шамшырақ болып, қазақ
поэзиясының пайғамбары атанған Абайдай кемеңгерді әлемге танытқан Мұхтар
ұлылығында шүбә жоқ.Бірақ жазушының сөз байлығын, стиль ерекшелігін
айқындап көрсету керек. Яғни тіл байлығы деп аталатын коммуникациялық
сапаның объективті құбылыс екендігі дәлелдеуді қажет етеді.(2.46)
М.Әуезовтің ұрпағына қалдырған ұлағатты мұрасы талай ғылыми зерттеуге
негіз болды.Әуезов шығармаларының тілі мен стиль ерекшелігіне байланысты
М.Серғалиевтің М.Әуезов шығармасының тілі, Е.Жанпейісовтың Әуезов - тің
*Абай жолы*эпопеясының тілі, М.Жұманазарованың М.Әуезовтің әңгімелерінің
тілі, С.Ғасымованың М.Әуезовтің әдеби-сын еңбектерінің тілі мен стилі
секілді бірқатар зерттеу еңбектері-жазушы шеберлігін танытуға қосылған
қомақты үлес. М.Әуезовтің драмалық туындылары да-зерттеу көрген тақырып.
Бұл тақырыптың аясында Р.Нұрғали, Ә.Тәжібаев, М.Дүйсеновтың есімдерін
атаған орынды.Әуезовтің даралық стилі жан-жақты қарастырылуда. Бірақ
жазушының драмалық туындылары таза тілдік бағытта әлі қарастырылмай
келеді.Осы ретте, В.В.Виноградовтың: Стилистика филология ғылымдарына
қатысына қарай:әдеби стилистика және лингвистикалық стилистика деп бөлінуі
тиіс(3. ),-деген пікірін ұстану қажет. Себебі,көркем әдебиеттің зерттеу
объектісі - адам, ал лингвистиканың зерттеу нысаны - көркем сөз мәдениеті.
М.Әуезовтің драмалық мұрасының тілін зерттегенде, кейіпкер тіліне
тоқталмай өту мүмкін емес. Себебі, драма толықтай тек кейіпкер сөзінен ,
кейіпкерлердің пікір алмасуынан тұрады.
Көркем туынды белгілі бір оқиғаны оқырман сезіміне әсерлі, бейнелі
етіп жеткізетіні белгілі. Сол әсерлілік пен бейнелілік түрлі амал-
тәсілдерімен жүзеге асырылады. Сондай амал-тәсілдерінің бірі - көркем бейне
жасаудағы кейіпкерлер тілінің стильдік қызметі.Шығарма тілін талдау әдеби
шығарманың көркем әрі эстетикалық қасиетін танып-білуге көмектеседі,
кейіпкер тілінің өзіндік байланысын анықтауға мүмкіндік туғызады және
стилистиканың көптеген мәселелерін шешуге көмегін тигізеді.
Кейіпкер тілі - суреткерлік қасиетке мейлінше бай, образ даралау
құралы. Кейіпкер тілінің көркем шығармадағы алар орны жайлы Әдібаев Х.:
Көркем шығарманың өзге компоненттері сияқты кейіпкер сөзі де автордың
белгілі бір идеялық мақсатын, көзқарасын, пікір ойын білдіру үшін
қажет(4.249)-деп атап көрсетеді. Тегінде кейіпкер сөзі қаһарманның
әйтеуір сөйлей салуы үшін ғана емес, сол сөйлеуші адамның жай-күйін,тіпті
болмағанда, қағаберіс мінез-қылығын аңдатарлық, сөйтіп геройдың толыққанды
бейнесін айқындап, толықтырарлық мақсатта болғаны жөн (5;32).
Көркем шығармадағы кейіпкер тілінің ең басты ерекше қызметі - образ
сомдаушылық. Жиырмасыншы ғасырдың басында әдеби тілді зерттеуші ғалымдардың
(Р.Сыздықова, А.Қуантаев) еібектеріне сүйене отырсақ, осы дәуірдің өзіндік
ерекшелігі- әдебиеттегі екі тек, эпика мен драманың дамуы.
Дәл осы кезеңде, әсіресе,20-40 ж. шығарманың құндылығын, әсерлілігін
арттыру мақсатында түрлі, жан-жақты ізденушілік бағыттар белең алды.
Кейіпкер тілін образ сомдаушылық, оқиға дамытушылық бағытта қолдану да дәл
осы кезеңдегі оңды жетістіктердің бірі.
Кейіпкер тілінің экспрессивтілігі (оқырманға, тыңдаушыға әсері)
мағыналық байлығына берілу амал-тәсілдеріне тәуелді болады. Сонымен қатар,
шығарма жанрының да бұған тікелей әсері бар. Себебі шығарма жанрына
байланысты оның құрылымы да өзгеше болмақ. Мәселен, шартты түрде прозалық
туындының құрылымын көрсетер болсақ:
авторлық баяндау-монолог-авторлық баяндау-полилог-авторлық баяндау.
Ал драмалық шығарманың құрылысы өзгешелеу:
авторлық түсінік-монолог-диалог-диалог-полил ог-монолог тағы басқа.
Драма табиғатының бар ауыртпалығы кейіпкерлердің өз үлесінде, әр айтылған
кейіпкер ойында жатыр.
Прозалық шығарма мен драмалық шығарманың құрылымындағы өзгешелік
олардың әр түрлі әдеби текке қатысына қарай болуы мүмкін. Сондықтан
драманың тілдік қолданысындағы ерекшеліктерді, оның жасалар амал
-тәсілдерін талдамас бұрын Драма дегеніміз не?, Драманың өзге әдеби
жанрдан өзгешелігі неде?, деген сұрақтарға жауап беріп алуымыз абзал.
Драмалық шығармаларға берілген анықтамаларға келер болсақ,
драматургияда адамдар қарым - қатынастары және олардың арасындағы
қайшылықтар суреттеледі. Бұл суреттеу сахналық түрде жүзеге асады.
Драмалық шығарма сахнаға қойылу үшін жазылады және театр үшін өмір
сүреді. Драманың елеулі өзгешелігіне оның сахналық қойылымға арналғандығын,
пантомимикамен(актёр ойынымен), әуенмен көркемдік бірлестікте жұмсауын
жатқыза аламыз. Драматургия жанры мен стиліне тән нәрсе-сөйлеу тілінің
басымдылығы, өйткені драмадағы оқиға желісінің өзі кейіпкердің диалогіне
негізделіп шешіледі. Кез келген драматург әрекетті сахна талаптарына сай
өрбітеді.
Ал прозалық шығарманың табиғаты сәл өзгешелеу.Эпикалық шығармада
жазушы оқиғаны сараптаушы, зерттеуші кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға
беруші қызметін атқарады.

Осы жоғарыда көрсетілген анықтамалардың өзінен-ақ драма ерекшелігін
ұғуға болады. Себебі, драмалық шығарманың сәтті шығуы тек жазушыға ғана
емес, актёр ойынына да тәуелді.
Драмада тек сөзге ғана емес, сөздің әрекетпен үйлесе шығуына үлкен мән
берілуі тиіс. Себебі кейіпкердің әр сөзі оның қимылымен айқындалып,
нақтыланды. Ғылымда тілдік қатынастар - вербалды, ал тілсіз қатынастар
(мимика, ишара, дене қалыбы, қол алысу, интонация) - бейвербалды деп
аталады.
Ғалым Н.И.Смирнованың ойына жүгінер болсақ:
Необходимай в общений информация может поступать не только через
собственно языковые, то есть вербальные средства, но и через невербальные,
к которым мы относим нормы общения, кинесические и
паралингвистические(Смирнова 8;5)
Ал Т.М.Николаевна болса: Любая речь не сводится только к вербальному
языку, без специфических невербальных средств (мимика, жест) речь
неестественна, мертвенна деп тұжырымдайды.(9; )
Психолог мамандардың зерттеулері де адамның әр қимыл-қозғалыс, шарасы
оның айтпақ ойын білдіреді, ой қимыл мен сөзі үйлеспеген адам сенімсіздік
тудырады дейді. Бұл тұжырымның өзі- драма табиғатына артылар жүктің
ауырлығына айқын дәлел.
Сахнадағы айтылмақ ойдың тыңдаушыға, көрерменге жетімді, әсерлі
(түйінді) түсінікті болуы - қиын процесс. Сондықтан драма құрылымының
өзіндік өзгешелігі болуы заңды. Драманың туындауының құрылуы көрерменді
үйіріп әкетердей жинақы әрі кейіпкер тілі тыңдаушыға жетімді, жеңіл болуы
шарт. Енді екі жанр өзгешелігін мысал арқылы дәлелдер болсақ:
Ісләм жазулы жерді қайта-қайта сүйгенде, көзінен жасы ыршып, қолынан
құран түсіп қалып, Ғазизаның қабірін құшақтай жығылып, өкіріп жылай
бастады. Ұзақ уақыт сол күйде жылап жатып, көңіліндегі талай шерінен азырақ
сейілгендей болып, қабірден басын көтеріп зорға дегенде мауқын басты.
(10;193)
Сырым: Қарагөз айым( Ай сәулелі Қарагөзім. Не дейді, ойбай, мыналар(
Сәулем, сәулешім қарагөз( Лағынет, лағынет болсын саған Өсер ауылы.
Лағынет сұм қадам жұрағатыңа сенің( Алдың ба тартып барымды( Аяулы сәулем,
күн сәулелі сәнімді( Өшірдің бе әнімді(11;13).
Осы екі мысалдың ұқсас тұстары. Ісләм де, Сырым да сүйгендерінен
айрылып қапа құшқан. Бірақ үзінділердің бөлек тұстары - қазаға қайғырудың
берілу тәсілдері.
Келесі бір түйіндер түйін - драмалық шығарма (оқиғаның) оқырманның
өзіне, жағымды, жағымсыз бейнелерді айыруға мүмкіндік берсе, ол прозалық
шығармаларда көбіне автор ойы әсер етеді.
Батырлар жыры лиро-эпостық жырларда кейіпкер сөзіне қарағанда автор
ойына, автор суреттеуіне маңызды орын бөленген болса, ал прозалық шығармада
кейіпкер тілі оның бейнесін толықтырар маңызды элементтің қатарына кіре
бастаған.
Драмалық шығармада бұл тәсілге жүктелген міндет артатүсіп, кейіпкер
тілі – негізгі кеіпкер бенесін ашар құралға айналады.
Драматургия жайлы айтқанда М.Әуезов есімі ескерусіз қалуы мүмкін
емес. Себебі, Әуезов - тұңғыш қазақ театрының уығын алғаш қадаушы жандардың
бірі. Ал жазушының Еңлік-Кебек пьесасы - осы театрдың тұңғыш қарлығашы.
Театр өнері жайлы Әуезовтің өзі:

Қазақтың театр өнері біздің заманымызда басталғанына біз
қуанамыз. Бірақ сол қуанышымызбен бірге бұл сияқты ірі өнердің келешегі
үшін жауапты екендігімізді де ұмытпауымыз керек. Сондықтан бұл мәселеге
үлкен сақтықпен кірісіп, көп ойланып, ептеп бастау керек(12;36),- дейді.
Әуезов қазақ театрын құрып қана қоймады, өзінің шебер жазылған
туындылары арқылы бұл өнердің гүлдене түсуіне де өз үлесін қосты. Суретті
әдебиет ішіндегі көпке жететіні, дегені дөп тиетіні, әсері мол болатын түр
-драма, жақсы пьеса - сапалы әдебиет белгісі(13;11)дей келе, жазушы
драмалық туындыға өзінің әділ бағасын бере білді.
Кез келген көркем туындының әділ бағасын берер таразысы - уақыт. Ал
Әуезов драмаларының көпшілік дені уақыт өтсе де көрермен талабына сай келуі
- олардың өміршеңдігінің белгісі. Сол себепті Әуезов драмаларының тілін
зерттеуді нысаны ретінде алуымыздың өзі заңды.
Драмалық шығарманың тілі дегеніміз - шығармадағы кейіпкер тілі.
Осы кейіпкер тілі шығармада түрлі тәсілдер арқылы беріледі. Драмалық
шығарма тұтасымен сөйлеушінің сөздерінен, яғни диалог, полилог, монологтан
құралып, кейіпкердің образды сөйлеуі арқылы көрінеді(10;12).
Жазушы кейіпкеріне ұтымды сөз салу арқылы кейіпкерінің бейнесін аша
түседі.
Енді кейіпкер тілінің берілу тәсілдеріне тоқталар болсақ. Дұрыс
тәсілді қолдана білу, яғни шығарманың қаңқасын дұрыс құру шығарманың
қабылдануын, идеясының түсінікті болуын арттыра түседі.
Монолог (monos-бір,logos-сөз) - белсенді сөйлеу қызметінің
нәтижесінде тікелей қабылдауға арналған сөйлеу түрі. Монологтің өзіне тән
байымдау, синтаксистік құрылым, лексикалық бірлікті таңдап жұмсау
ерекшеліктері болады.Жанр ішіндік айырмашылықтар (автор сөзі, кейіпкер
тілі,ғылыми баяндама, үгіт-насихат)монологтің стилистикалық ерекшелігін
танытады.
Монолог түрлерін жіктеп көрсету, монолог тәсілінің өзгешеліктері, оның
стильдерге қатысы - қазақ лингвистикасында толық зерттелмеген тақырып. Сол
себепті жанр бойынша монологті жіктеу бізде әлі нық емес. Орыс тіл
білімінде В.В.Виноградов монологтің төрт түрін көсетеді:
1. Насихаттаушы монолог (шешендік сөздің бір түрі)
2. Лирикалық монолог (эмоция мен көңіл-күйдің берілу түрі)
3. Хабарлама монолог (баяндама түрі)
4. Драмалық монолог (сөйлеу тілі, өзге психикалық әрекеттермен толығып
жұмсалатын монолог түрі)
Монологтің осы төрт түрін қазақ тілінде де кездестіруге болады.
Осылардың ішінде біздің тоқталатынымыз - драмалық монолог.
Драмалық монолог өз табиғаты жағынан диалогке жақынырақ. Себебі
драмалық монолог әрқашан дене қозғалысы, мимикамен тығыз байланыста.
Драмалық монологтағы мимикалық, пантомимикалық әрекеттер монологтің өзге
түрлеріне қарағанда басымырақ.
В.В.Виноградов: Монолог драматический является в сущности формой
напряженного диалога с опущенными репликами, он строится по принципам
свернутой и сгущенной диалогической речи представляя сцепку отдельных
реплик(14;22),-дейді. Осының өзінен-ақ монологтің диалогтің күрделенген
түрі екендігін ұғуға болады. Кейіпкер өз - өзіне сұрақ қойып, сол сұраққа
өзі жауап беруге тырысады. Яғни өз ісіне өзі сараптау жасайды. М.Әуезов
кейіпкер тілінің берілу тәсілінде монологті ұтымды қолдана білген. Мысалы:
Жапал:Қап, қап, қапы болды-ау осы жол( Кезігіп қалды-ау кер азу Есен.
Өкпелейді-ау енді Еңлік. Бұны аңды деп Есен маған тапсырғалы дәл алты ай
болып еді. Содан бері аңдығаным Еңлік емес, сол Есеннің өзі боп еді.
Кебектің жотасын бірде-бір шалдырмай, Еңлік сырын алдырмай келіп едім.
Мұрнын тескен (сырын) (алдырмай) тайлақтай қып Есенді былай келе жатса,
былай бұрып салып, қаңғытып қоя беруші ем. Ылғи Еңлік көңілі өзімде деп
қоңқиып сала беруші еді Есен бойына сенген түйедей боп( Тоқта, Кебек келеді
екен, ашулы ма немене, жалтара тұрайын бетінен(11;23).
Қайша:Бұйырса тағы бір арманыма жеткелі тұрмын. Бейсембі жақындықты
ақтайтынын білуші едім. Әзірше айтқан жерінен шығып келеді (күлімсіреп).
Шіркін, өзгені былай қойғанда да, Есендіктің мал-жанын саған билетіп
отырғаным жоқ па( Алдынан шығатын тірі жан жоқ. Кешегі Бәтиманың заманында
мұндай болып па еді(( Осының бәрін о да есептер. Есептесең есепте мен де
ұмытыла қоймаспын. Менің арманым - дүние емес, басымның кегі болатын.
Іздегенім есем болатын. Оған қолым жетпесе, мен Есендікке қатын да болып
жүрмес едім. Рас, әуелі қызбен сөйлесейін. Ол неме көнбейді ғой. Бұған не
айла бар( А-а-а қыз қайда екен өзі( (шақырады) Дәмеш, ә Дәмеш((7;62).
Осы келтірілген екі мысалдың да шығарманы құруда өзіндік үлесі бар.
Осы монологтарды беру арқылы жазушы шығарманы әрлендіре түскен. Себебі, бұл
мысалдар бірнеше қызметті бірақ атқарып тұр.
Біріншіден, Жапал мен Қайшаның мінез-құлықтары шынайы табиғаттары
анық ашылып беріліп тұр. Өйткені, кейіпкерлердің оңашада өз, өздеріне
айтқан ойлары-олардың таным тереңдігіне айғақ.
Екіншіден, кейіпкерлерге өз істеріне сараптау жасату арқылы автор
көрерменді оқиға желісімен таныстырып өтеді. Яғни шебер жазушы кез келген
жағдайда тосыннан жол табары анық. Егер бұл прозалық шығарма болса, онда
автордың оқырманды хабардар етуге, авторлық баяндау арқылы шығарманың
түсініксіз тұстарын анықтап ашып беруге мүмкіндігі болар еді. Ал драмада
автор мүмкіндігі шектеулі. Драмадағы автор - кейіпкер. Кейіпкерін сөйлету
арқылы автор өз ойын жеткізеді. Жалпы, драмалық монологті шешендік,
лирикалық, хабарлама монологтардың синтезі деп ұсынған дұрыс.
Әр жазушының сөз қолданысына байланысты шығарма құру тәсілдері де
ерекше болмақ. Ал драмалық шығарманың әдебиет жанрларының ішіндегі ең
күрделі әрі ең қиын екені белгілі. Көркем шығармадағы монологтің
қолданысына мысал келтірсек:
Керім: Айдар емес...Тіпті Абай да емес, сенің басың( Мыңды бірге(
Бірді мыңға( Мыңға( Сатам ба( Кімді сатам( Қарызды достыққа қиям ба(
Достықты қарыз үшін қиям ба( Ойлан( Ертең билік((15;326).
Би: Жағаласу жетпеді ме( Тәңірдің әлде болса олқысы бар дегені
ме( Енді қандай сыбаға тартар екен. Найманды даңды судай тасқызып бұрқ -
сарқ еткізіп, мұнда әкеле жатқан Кеңгірбайдың соры ма( Әлде алалы жылқы,
ақтылы қойдың тері ме ( Найман бұл жолы келсе ашынып келеді. Білемін,
Матайдың талай тобықтыда жүрген есесі бар. Ол да найманды шүйелей қоймас.
Тағы да тебінгіден тер, қабырғадан қан жаудырам ба( Жоқ, қылша мойын талша
деп бас ием бе( Бірақ найман кегі оңай емес(11;30).
Бұл монологтарда шешен(дік) сөйлеу сипаты, оқиғаны баяндау,
кейіпкердің ішкі күйзелісін, психологиялық қалпын беру қасиеттері
жинақталған. Бұл сансыз сұраулы сөйлемдер арқылы жүзеге асып тұр. Яғни
сұрағына жауап іздеп, шешім қабылдауға қиналған кейіпкердің кейпі. Бар
сұраққа жауап берер жан біреу ғана. Ол -кейіпкердің өзі. Жоғарыда
келтірілген мысалдардың кейіпкер бейнесін даралау қызметі айқын екені
сөзсіз. Сонымен, кейіпкер тілінің монолог арқылы берілуі кейіпкер бейнесін
сомдауға қатысары анықталды.
Монолог-образ сомдаудың кейіпкер тілінің берілуінің ең күрделі
эмоциялық жүгі ауыр тәсілі.Бірақ шығарманың әсерлі шығуы үшін бір ғана
монолог тәсілінің болуы жеткіліксіз.
Кейіпкер тілінің берілуінің келесі аса сенімді, ұтымды тәсіліне
тоқталар болсақ, ол - диалог. Уәлиев: Стильдік контраст - кейіпкер тілін
даралаудың бір тәсілі. Оның айқын көрінетін жері -диалог. Көркем диалог -
драманың негізгі компоненті болса, ол прозалық шығарманың құрамдас бөлігі
ғана, -дей келе, диалогтің шығарма шынайылығын құрудағы рөлін анық
көрсетеді. Ал диалог-кейіпкерлер арасындағы оқиғаның (байланыстың) бір
сипаты. Диалогтің кейіпкер болмысын анық танытар тілдік тәсіл екендігі
жайлы А.В.Щерба, В.В.Винокур, А.Н.Гвоздев, В.В.Виноградов еңбектерінде
кездеседі.
Диалог(dialogos-сөйлесу,әңгімелесу ) - екі адамның тіл қатысуы.
Оның мазмұны мен оны құрайтын сөйлемдердің құрамы, жеке сөздердің құрылымы
әр түрлі болып келеді. Диалог көркем әдебиетте де ауызекі сөйлеу тілінде де
кездеседі(16;96). Шындығында, диалог-тілдер қатынасының басты табиғи түрі.
Диалогтің түп төркіні - сөйлеу түрі. Бірақ ауызекі тілде
кездесер диалог түрінің көркем шығармадағы диалогтен айырмашылығы бар.
(Көркем диалог- тегі)Көркем шығармадағы диалог - автордың идеясына
бағынған, тақырыпты ашу мақсатында өңделген арнайы жұмсалар амал.
Будагов көркем драма жайлы:
Художественный диалог развивает действие, все его элементы тесно
связаны и взаимосвязаны, что не обязательно для
дялога в жизни, диалог в художественном тексте подчинён правилам времени,
ритма и темпа, вне которых не существует художественный текст, - деген
пікір білдіреді.
Көркем шығармадағы диалогтің көтерер жүгі ерекше. Ол кейіпкердің
бейнесін сомдаушы құрал қызметін атқарады. Олай болса, кейіпкер аузына
салынған әрбір сөз оның бейнесінің шынайылығына баға береді.
Диалог-төл сөздің бір бөлігі. Сондықтан да онда төл сөздік қасиеттер
сақталады. Олар:
-Кейіпкер тілінің айқын, бейнелі болуы.
-Баяндауды жандандырып, сөйлеу мәнерін келістіріп, персонаждың көңіл-

күй эмоциясын сезімін беруі (құрамындағы одағайлар, қаратпа, қыстырма

сөздердің мол болуы да экспрессивтілік мағына беруге әсер етеді)
-кейіпкердің өз ісінің дұрыстығын қорыту, бекіту мақсатында
жұмсалуы (өз пікірін білдіруі).
Диалогқа арнайы қойылар талап та бар. Ауызекі сөздің диалог түрінде
жүруі оның синтаксистік құрылымы мен лексикасына көп әсер етеді.
Біріншіден, сөз айтуға, түсінуге ыңғайлы құрылуы керек. Онда сөз
тіркесінің, сөйлемнің үнемі варианты болуы қажет. Екіншіден, диалогта
репликалар өзара ұштасып, сабақтасып жатады. Сол сәтте диалог өз
тыңдаушысына өтімді болады (17;23).
Кейіпкер тілінің мәселесін зерттей келе, Еңсебаева Қ.К. өзінің
кандидаттық диссертациясында диалогтің кейіпкер бейнесін жасауға қатысуын
екі түрлі топқа бөледі:
1. Кейіпкердің сол сәттік бейнесі. М.Әуезов драмаларынан диалогтің осы
қызметіне мысал келтірсек:
Керім: Абай аға, кеше сіз бәрімізге сол Кебектің әңгімесін айтқанда,
менің де жазғым келіп еді. Біз де жазсақ болмай ма( Айдарға ғана
тапсырғаныңыз қалай( Әділет таппадың-ау, Абай аға (15;324).
Бұл үзіндіден Керім бойындағы наразылық, әлсіз ренжу байқалады.
Осындай жеке-жеке репликалар жинақтала келе (яғни микробейнелер)
кейіпкердің толық бейнесін жасауға мүмкіндік береді.
2. Кейіпкердің толық бейнесі .
Керім: Мен қайтейін, бәрі-бәрі Абайдан. Қолыңнан келсе тыйсаңшы
өзің((15;34).
Керім: Уа, қойшы, шын айтамысыңдар осыны( Тіпті жақсы емес...
Жеңсікшіл ел жетпей мақтайды, желөкпелер шын (айтамысыңдар осыны) деп
ойлайды деп еді Абай ағам. Мен жазсам тіпті бұлай жазбас едім(15;34).

Соңғы мысалда Керімнің бейнесінен кейіпкердің түрлі қырларын байқауға
болады. Яғни, автор Керім бойындағы Абайға қарсы наразылықтың өсуін,
кейіпкердің өзіне сөз салу арқылы көрсетіп тұр.

Міне, осының барлығы - кейіпкер тілінің кейіпкер образын анық
сомдай алатынының дәлелі.
Бірақ диалог тек образ даралау, образ ашу емес, жалпы шығарма
жазудағы аса өтімді, ұтымды тілдік амал.
Шығарманың әсерлі шығуы үшін оны құрушы әр элемент өз орнында
жұмсалуы шарт. Жазушы әр тілдік амалды орынды қолданған сәтте ғана
біртұтас, жұмыр дүние жарық көреді. Драманың өзіне тән сипаты автордың бар
айтпақ идеясы кейіпкер сөзінде жасырулы.
Белгілі әдебиетші ғалым З.Қабдолов:
Драматургиялық шығарма тек қана диалог пен монологтан құралады.

Шындық пен образ тек қана диалогқа, монологқа негізделеді. Сахнада
сөйлейтін тек персонаж ғана, автор сахна сыртында, залда қалады. Автор

үнсіз, тілсіз, қай сөзді қалай айту керектігін режиссер мен актерге
әншейін
жақшада көрсеткені болмаса, дәл спектакль үстінде автор дәрменсіз
(1;329),-деп драмадағы кейіпкер тілінің маңызын нақ көрсетіп
береді.
Шығарманың ұлылығы - түсініктілігі.Ал туындысын түсінікті қылып
жеткізу жазушы қаламының құдіретіне телулі. Мысалы, М.Әуезовтің Абай
трагедиясындағы Қарлығаш пен Көкбай диалогін алып қарастырайық.
Қарлығаш: Ассаламағалейкум (Көкбайды қойып қап күледі).

Көкбай: Өй, саған не бар( Түу, сарамас...

Қарлығаш: Үндеме билік қандай болады екен, көрейін деп келдім.

Көкбай: Оразбай білсе, пәле шығады.

Қарлығаш: Қойшы, қатындар жіберді, жеңешем жіберді, естіп кел деді.
Әй, сен маған бәрін айтып отыр, білдің бе(

...Қарлығаш: Кімге болысты, не дейді(
Көкбай: Екі жаққа бірдей сөз тастап отыр.

Қарлығаш: О несі( Қамшысын тастағаны несі(

Көкбай: Сөйлейін дегені, тыныш отыр (15;331).
Шығарманың көрерменге түсініксіз тұстары болатыны мәлім. Бұл, әсіресе,
тарихи шығармаларға қатысты. Драмада автор сахнада болып жатқан оқиғаға өзі
шығып түсініктеме бере алмайды. Сахна сыртында қалады. Ал Әуезовтің
Қарлығаш-Көкбай арасындағы диалогі - көрермен көкейіндегі сұрағы.
Көрерменге түсініксіз болар деп тапқан тұстарын автор кейіпкері арқылы
түсіндіріп және бірқатар этнографиялық мәлімет беріп тұр. Билер сотына
әйелдердің жіберілмейтіндігі, іс барысының қалайша жүзеге асырылатындығы -
осы линия арқылы түсіндіріліп, ашылып тұр(18;126). Бұл диалог әдеттегі
диалог емес - көрермен сұрағына автордың берген жауабы.
Диалогтің оқиғаны беру қабілеті монологке қарағанда қарқынды
әрі
кең. Бұл екі тәсіл арасындағы айырмашылыққа келер болсақ, диалог-
екі
адамның сөйлесуі, сондықтан әңгіменің өрбуі екі адамға тәуелді.
Монологте
бұл тәуелділік жоқ.(19;11)
Терең психологиялық дәлдігі,сенімділігі үшін монолог
қандай қызмет атқарса, диалогтің да идеялық-көркемдік функциясы сондай
үлкен. Адамдардың мінез- қырларын, белгілі бір сәттердегі сезім- күйлерін
тапқыр әрі ұтымды,қысқа да мағыналы бейнелеуде диалог ерекше тәсіл(20;103)
Диалог түрлі мазмұн мағынаны бере алады.
Осыған байланысты Ибатов диалогтің мағыналық түрлерін шартты түрде:
1.сұрақ -жауап диалогі
2.қарама -қарсы диалог
3.интонациялық диалог
4.жарыспалы диалог-
деп бөліп көрсетеді. Ғалым ұсынған сұрақ-жауап, қарама-қарсы диалогі -кез
келген шығарманың арқауы. Ал интонациялық және жарыспалы диалог жайлы даулы
мәселелер бар. Себебі интонация кез келген диалогке тән, өйткені диалог
сөйлеу тіліне жақын. Ал сөйлеу тілінің ерекшелігі - дауыс ырғағының болуы.
Жарыспалы диалогқа келер болсақ,жарыспалы диалог деп отырғанымыз - көп
дауысты диалог, яғни полилог.
Енді Әуезов драмаларындағы диалогтің мағыналық түрлерінің қолданылуына
назар аударайық.
1.Сұрақ - жауап диалогі.
Жүніс: Ей, сендер кімсіңдер.
Шал: Уһ, қарағым-ай, ел екенсің ғой,зәрем кетті ғой.
Жүніс: Не болды( Қайдан жүрсің( Кімсіңдер(
Кемпір: Қырды ғой, шырағым,қан жоса қылды ғой, ойбай.
Жүніс: Қай ауыл, қай елсіңдер, не болды(
Кемпір: Уа, Олжаймыз, Жаманай ауылынікіміз.
Шал: Жетті ғой әскері бастаған Қыдырбай, бір жерде
отырған бес ауылдың жігіті Жантас, Тәнеке еріп кетті деп
ойран салған жоқ па бүгін(
Жүніс: Не істеді,анықтап айтшы(
Кемпір: Бес-алты ауылды түгел өртеді, малдың бәрін айдап
алды, басып қалды, бауырын көтеріп қыбырлаған жанның
бәрін қырды(11;289).
2.Қарама - қарсы диалог.
Әйгерім: Айналайын, аман-есен келдің бе( Келдің бе мына туған-туыстарыңды
таныдың ба тегіс(
Әбдірахман:Неге танымайын,апа(

Әйгерім: Ендеше мынаны таныдың ба( (Мағышты көрсетеді). Әдейі алдыңнан
шықсын деп шақыртып алдық.Неге амандаспайсың( Мағышым ғой, Әбіш(
Әбдірахман: Апа-ай, ұсынбай-ақ қоя тұрсаң етті, қашан тілеп
едім((15;341).
Бұл диалогтердің түрлері мысалдардың өзінен-ақ
түсінікті.Бірінші
мысалда оқиға сұраққа жауап есебінде өрбісе, екінші мысалда сұраққа
сұрақ
қойылып қарсылық мағына туып тұр. Енді осы екі мағыналық түрге
қосымша
ыңғайлас диалогті қосқан орынды.
Ыңғайлас диалог-кейіпкерлердің ешбір қарсылықсыз, сұрақ
-жауапсыз ортақ арнада сөйлесуі. Мысалы,
Абай: Түз-еңбегін жарасқан ұзақ өмір тілеймін, құтты болсын,
қарақтарым(

Айдар: Абай аға,алғыс айтар дәрменім жоқ.
Абай: Алда бақыр-ай, айтпай-ақ қой ендеше. Әлі ақын дейді мұны.
Айдар: Бірақ оны айтпасам да, басқа бір айтар тәуір нәрсем бар.
Абай: Айтшы ендеше соныңды(...(15;340)
Диалогтың мағыналық түрлерінің болуының өзі - оның күрделі құрылым
екендігінің дәлелі. Себебі диалог құрылымдық әрі лексикалық тұтастықта
болуы шарт.
Диалог - вербалдық қатынастың негізгі түрлерінің бірі. Онда кем
дегенде екі сөйлесуші бар. Диалогтың басты жетістігі лексикалық бірлігі
(лексикалық бірлік өзі өзара байланысты бөліктен тұрады) лексикалық бірлік
ішкі құрылымдық-ақпараттық тұтастықпен сипаттала келе алдыңғы және соңғы
текстпен байланыста болады(21;17)
Ал кейіпкерлер тілінің берілу тәсілінің келесі түріне келсек-
полилог тәсілі.
Полилог-көп адамның сөйлесуі деген мағына береді. Қазіргі күннің
өзінде диалог пен полилогтің ара жігі анық ажыратылмаған.
Монолог, диалог, полилог - кейіпкер тілінің берілу тәсілдері
болса, осы тәсілдердің бір - бірінен ажыратылар тұстары болады. Полилогтың
басты өзгешелігі - полилог бір мезетте, бір сәтте бірнеше адамның сөйлеуі.
Диалогте кейіпкерлер бір - бірімен кезек бере пікір алмасады, ал полилогте
кейіпкерлердің ойы бір уақытта жарыса шығады.
Мысалы,
Зейнеп:Қош,қош енді( Топырағың торқа болсын, Жарықтығым
Абайжан(Тірлігімде досым деуші ең.Сен жоғыңда жоқшыңмын деп айтамын.Сен
сөзімнің басы едің,мен шебіңде нөкерің едім.Қанды ауызды жолатпайтын
қабырыңа шырақшыңмын.
Халық дауыстары:
-Қайран асқар алыбым(
-Талмай жанған шырағым(
-Қайран ағатайым(Абай аға(
-Қайран аға, қайда кеттің(15;382)
Полилог шығарманың экспрессивтілігін арттыру үшін қолданылады.
1-дүнген:Рас айт (Біз сендерге жабыспаймыз.Әйтпесе не мынау мазақ
қыласыңдар((
Дауыстар:Алмаңдар(Алма қаруын, болды айқай(Қосылсын аламыз,
аламыз((11;190)
Қуатов: Сонысы шын масқара(
Дауыстар: Уа,жолдастар(Жиылыңдар(Жиылыңдар мұнда,жиналыс(Жиылыс, Алматыдан
келген жолдастар келді(Жиыл(.. (11;226)
Полилог тәсілі диалогке қарағанда оқиғаның өту процесінің
жылдамдығын көрсетеді. Сол себепті полилог көбіне қысқа, ұғымды
сөйлемдерден, көбінесе сөз тіркестерінен тұрады. Жалаң құрылымды толымсыз
сөйлемдерден тұрады.
Тыстағы дауыстар: Мырза ...Мырза келді...Шери...Шери... Үйдегі дауыстар:
Мырза...Мырза кеп қалыпты. Шери мырза. Қасында төрелер, төре((22;25).
Жалпы кейіпкер тілінің берілу тәсілдерінің түрлілігі-туындының
қарабайыр, бір сарынмен емес тыңдаушы сезіміне әсер етерліктей жалынды да
жанды болуына себепкер. Көркем тілдік тұлғалар өздігінен жеке тұрып
мәнділікке ие болмайды, ал олардың ұйымдастыру тәсілдері бір-бірімен
байланыс-қатынасы мәнді. Сондықтан текстің құрылымдық композициялық негізін
құрап, оны ұйымдастыратын тәсілдерді зерттеу маңызды(23;7)
Бірақ шығарманың табиғи тартымдылығы үшін жалаң құрылым жеткіліксіз.
Кейіпкердің мінез-құлығын,психологиясын, сана-сезімін берер лексикалық
элементтердің болуы шарт.
Жазушы әр сөзді орынды қолданып, тілді жетік меңгеру арқылы,
тілдегі тарихи және жалпыхалықтық құбылыстарды зерттей келе тілдің өзін
ілгері дамытады. Көркем шығармадағы кез келген бейнеге қойылар талап
кейіпкер тілінің оның мінезіне, мәдени дәрежесіне, өскен ортасына, оқиғаға
сай болуы.
Осы талаптар сақталғанда ғана кейіпкер тілінен оның болмыс-бітімін
тануға болады.
З.Қабдолов: Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән күйініш,
сүйініш сезімдерді суреттеу, адамның өз сөзін(монолог,диалог)келтіру-
осылардың барлығы адам мінезін,тұлғасын жасайды(1;9),-деп көрсеткендей,
кейіпкер тілі де адамның тұлғасын жасауға тиек бола алады.
Кез келген шығарманың шындыққа жақындығын, кейіпкерлердің
табиғилығын арттыру үшін қолданатын лексикалық элементтер қатарына:
-диалектизмдер
-кәсіби сөздер
-көнерген сөздер, жаргон сөздер, варваризмдер.
-орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген сөздер
жатады.
Лексиканы талдап-тану маңызды орынға ие. Сондықтан әдебиеттің тіл
мәдениетін зерттеуде лексика-фразеологиялық қабат алдымен қолға алуға
бейім. Р.Сыздықова лексикалық нормаларды танып-білуде басты назар аударылуы
қажет объектілерге:
1.диалектизмдердің (жергілікті тіл
ерекшеліктердің)жұмсалуы,
яғни орыс тіл білімінде диалектизация деп аталатын

құбылыстың қазіргі қазақ көркем әдебиеті тіліндегі
көрінісі, күй-қалпы, өріс алу бағыты.
2.Жалпыхалықтық тілге тән бейнелі сөздерді жұмсау
тәсілі, фразеологизмдердің сөйлеуі.
3.Қарапайым, көне, сирек сөздердің жұмсалуы.
4.Синонимдерді талдау, идеографиялық және стильдік
синонимдердің қолданысы.
5.Лексикалық жаңа қолданыстардың орын алуы.
6.Штапм сөздер мен тіркестерді қолдану, сөздердің тіркесу

аясын кеңіту арқылы сөз мағыналарын жаңғырту.
7.Лексикалық(жаңа қолданыстар орын алуы) варианттардың

қолданысы,яғни морфологиялық, орфографиялық,
семантикалық, генезистік тағы басқа жарыспалы элементтердің
дұрыс-бұрыс жұмсалуы.
8.Белгілі бір сөз тудырушы элементтердің және синтаксистік
тәсілдердің көркем әдебиет тілінде активтенуі.
9.Көркем әдебиет тілі арқылы лексиканың жіктелуін
(поэтизм,қарапайым сөздер,капцеляризмдер т.т.ажыратыла
түседі).
жатқызады.
Мұның өзі-біздің тіліміздегі лексиканың зерттеп, зерделенер
арнасының кеңдігінің дәлелі. Ал шығарма жанрына байланысты лексикалық
элементтердің қолданыс өзгешелігі - зерттеудің өзіндік жеке арнасы.
Драмалық шығарманың тілдік ерекшелігін қарастырғанда сөздің қандай
жағдайда, кімнің аузынан айтылғанын ескеру қажет. Драматургиядағы негізгі
талап - тартыс үстіндегі ашылатын кейіпкер бейнесі. Кейіпкердің бейнесі
тек әрекет үстінде ғана емес, оның сөйлеу мәнерінен тіл қатысынан да
көрінуі тиіс. Кейіпкер бейнесін жасау оңай емес. Актёр ойыны мен режиссёр
қойылымы қаншалықты әсер еткенімен,ең ауыр салмақ кейіпкер сөзіне түседі.
Шығармадағы сөздің қандай жағдайда кімнің аузынан айтылғанын ескерген жөн.
Өз шеберлігіне байланысты драматург материал мен идеясына шақтап көркемдік
құрал таңдайды. Ол кейіпкер сөзін белгілі мақсатқа сай қолданғанда, әрқашан
образ жасау талабы бірінші кезекте тұрады. Кейіпкердің сөз саптауынан оның
ішкі сарайын көрсету ниетіне драматург әдеби тіл нормасын бұзу арқылы,
яғни тек ауызекі сөйлеу тілі арқылы жете алмайды. Оқырман шығарманы оқи
отыра кейіпкердің мінезін тануға тырысады. Кейіпкердің сезім иірімдерін, ой
толқынысын ұғуға құштар болады. Драматург үшін қиын мақсат - әрекет, тек
мінез арқылы ғана емес, тіл қатысы арқылы да көрінетін кейіпкерді ұсыну.
Дөрекі, даңғой, суайт т.с.с. персонаж жасау қиындыққа түспесе керек. Ал
білікті немесе зымиян, екіжүзді, бақай есеп т.с.с. мінезді кейіпкерлердің
бейнесін жасау оңай шаруа емес. Яғни автор әр кейіпкердің айтпағын күні
бұрын болжай, ойлай білуі тиіс.
М.Әуезовтың драмалық шығармаларында лексикалық элементтер тұлға
сомдау қызметін толықтай атқара алған. Сөзіміз дәлелді болу үшін Әуезов
шығармаларынан мысалдар келтірейік.
1.Әуезов драмаларындағы көнерген сөздер.
Көркем шығармада көнерген сөздердің алар орны ерекше. Себебі
белгілі бір дәуірде пайдаланылған сөзді қолдану сол дәуірдің (кезеңнің)
тынысын танытады. Әуезов шығармаларында көнерген сөздер ерекше орынға ие.
Кез келген жазушы әр сөзді кейіпкер аузына белгілі бір мақсатты көздей
салатынын ескерсек, көнерген сөздердің шығармадағы алар орны айқындала
түспек. Архаизмдер мен историзмдер Әуезов туындыларында да көбіне тарихи
драмалардың құрамында көптеп кезігеді.Бәлкім, бұл жазушының сол дәуір
тынысын көрерменмен таныстыру үшін жасалған талпынысы болар. Әуезовтың
тарихи драмаларының қатарына (сол дәуір межесімен өлшенер болса): Еңлік-
Кебек, Қара қыпшақ Қобыланды, Бәйбіше-тоқал, Абай, Қарагөзтағы
басқалары жатады. Бұл шығармалардың әрқайсысының құрамында көнерген сөздер
өте жиі ұшырасады.
Көнерген сөздер көнеру сипаты мен тілдегі қолдану ерекшелігіне
қарай:архаизмдер және тарихизмдер болып бөлінетіні белгілі. Көнерген сөздер
туралы айтқанда архаизмдердің, тарихи сөздердің өзіндік қолдану мақсаты
барлығын ескерген жөн.
Архаиздерді ұтымды қолдану белгілі бір дәуірдегі халықтың күн
көріс тіршілігінен, салт-сана тұрмысынан, әдет-ғұрпынан,дүниетанымынан
түсінік береді.
Мысалы,
Күләш (қарап тұрып):Жасаған-ай,жаманатыңнан сақта(Еркеш, бір
бәле болды, ұрысып жүр. Тоқалдың баласы да бар екен ғой. Алда-ай,
сақтай көр, жасаған-ай, сақтай көр(
Дәмеш: Тәңірім-ай, өзің қорған бол, өзің сақта(
Кұләш:Сәулем-ай (Төлешті көздеп жүр, а құдай( Ақсарбас( Айттым
басымды жолыңа( (11;95).
Осындағы тәңірі, тоқал, Ақсарбас Ә.Балғанбаевтың
Лексикологиякітабында әр түрлі ұғымдарға қатысты архаизмдер деп
көрсетілген.Әуезов өз дәуірінде осындай(осы іспетті) тарихи сөздерді
қолдану арқылы халықтың сенімінен,өмірінен көрініс бермек болған.
Жоғарыда берілген сөздерге қазіргі дәуір тұрғысынан талдау
берсек, бұл сөздер біртіндеп біздің сөздік қолданысқа енуде. Балғынбаев
еңбегінде көнерген сөздер қатарындағы сөздердің қазіргі тілімізде қайта
қолданылуы немесе жаңаша мағынада қолданылуы кездеседі. Себебі тіліміздегі
белгілі бір сөздердің семасының көнеріп, көмескіленіп уақыт талабына сай
жаңаша реңкке ие болуы - заңды құбылыс. Бірақ, қалай болғанда да, негізгі
терең мағына сақталып қалады. Мысалы, жады, аламан, қар сөздері қазіргі сөз
қолданысымызда да кездеседі. Бірақ Әуезов драмаларындағы қолданылысы
қазіргі мағыналарынан өзгешелеу.
Жады. Қараман: Құрығында шыбын жан,
Осы ма әлде қан жұтқан.
Жады кемпір Көклан(148;11)
Жады сөзі қазіргі тілімізде де кезігеді. Бере мағынасы жады-ой.
Жадымда сақтаулы - ойымда сақтаулы. Ал жоғарыда көрсетілген жады
сөзінің мағынасы басқа екендігі мысалдан-ақ анық көрініп тұр.Бұл мысалдағы
жады сөзі кемпірдеген зат есімге анықтағыш мағынасында жұмсалып
тұр.Сөздіктерге жүгінер болсақ:жады (парсы тілінде джаду)
-сиқыршы,әзәзіл,алдаушы,қасиетті күш дегенді білдіреді.Яғни бұл көнерген
сөзбен қатар, кірме сөздердің де қатарына жатады.
Қазіргі тілімізде жады сөзінің сиқыршымағынасы көнеленіп бара
жатыр.Бірақ сиқыршы,алдап-арбаушы мағынасын осы түбірден тараған
жадыгөй,жадыгер,жадыгөйлену сөздері иеленген.
Жады сөзінің мағынасы жадыгөй сөзіне қарағанда көмескілеу,
сондықтан болар Әуезов осы екі сөзді қатар қолдану арқылы олардың бір-бірін
анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы: Қу шақаттың ішінде жадысы мен жәдігөйі жайлаған жерде дос
шықпақ па,қас шықпай((154-11)Осы мысалдан-ақ көрерменге жады сөзінің
мағынасы түсінікті болады.Жад сөзін Әуезов тек жағымсыз мағынада ғана
қолданбаған Тоқтарбайдың Құртқа мен Қобыландының неке қиярында:
Жұп шырағым жалындап,
Жад еткенім өзіңсің,
От анасы жарылға((11;173) –
деген сөздеріндегі жад сөзі шумақ мағынасына қарағанда қасиет,
сыйынғанымдеген мағыналарды береді. Жады сөзі Әуезов драмаларында өте жиі
ұшырасады. Көнеленген сөздер қатарына кірер келесі бір сөз:
Қар. Көклан: Тоқта былай,тұр әрі,

Қайда, қайда барасың(

Қайырыла кет артыңа...
Не деп тұр, сірә,мына қар (154;11)
Көбікті: Көремісің мынаны(
Көреген көзім кім еді(
Сақ құлағым кім еді(
Көрер ме қар көздерің((163;11)
Теміршот: Оттама, қар неме(266;10)
Осындағы қар сөзінің мағынасы қазіргі қолданыста кездеспейді.Қар сөзі
қазақ тілінің диалекталогиялық сөздігінің екінші томында,
1)Гурьев, Маңғыстау өңірлерінде, қар - шаңырақ, шеңбер.
2)Орда, Орал өңірінде, қар -қаһар(бетті қару)(23;195).
Ал жоғарыдағы мысалдардағы қар сөзі ешбіріне сай келмейді. Сонымен
қар сөзінің о баста берген анық мағынасы белгісіз. Бұл сөздің берер
түсінігін анықтап көрейік. Әуезов өз драмасында қар сөзін жиі қолданған.
Айшағыр: Сенен асар Қаңқайдың

Қай қызының тойы

Күң қатын қып қор қылып,
Бірсімбай алсын мынаны(
Қарлығаш: Тарт қолыңды қасиетті басымнан,
Зарламаймын, садаға кет жасымнан.
Қара басса Қарлығаш
Қатын болмас, қар болар...
Қай мінезім жағып ед,
Жау бәріне жар болар (22; )
Қар сөзі күң, құл , арам секілді кемсіту,төмендету мағыналарын
бергенге ұқсайды. Қар сөзі ертеден келе жатқан халық тіркестерінде, қос
сөздердің құрамында да ұшырасып отырады. Мысалы, Қу қар тіркесі.Осы
тіркестегі қу сөзінің мағынасын ашып алсақ қу-ақ,боз,боп-боз болып семіп
жүрген кісіні қазақ құп-қу боп жүдепті дейді(24;13).Осы қу сөзі-азу,тозу,
қуару- өлу(қуарып қалды)мағынасын да білдіре алады деуге әбден
болады.Сонда қу қар тіркесі-көбіне қарғыс мәнінде айтылар сөз.Қар сөзінің
жағымсыз эмоцияны білдіретіні белгілі болды.Бұл сөз сондай-ақ тілімізде
ұры-қарықос сөзінде, қасқиған қардан туады,салпиған нардан туады,
жаман адам жақсы болмас қанша қыдыр дарыса да,жақсы адам жаман
болмас,қанша тұрып қарыса датіркестерінде кезігеді (25;604).
Тіл-қоғамдық құбылыс.Қоғамның санасына,арнасына жаңару енген
сайын тілімізде түрлене түлей түседі.Соның нәтижесінде ескі сөздер мүлде
ұмытылып,өз мағыналарын жоғалта,жаңа мағыналық сипатқа ие болып жатады.Яғни
сөз мағынасының актив қатардан пассив қатарға өтуі оның мағынасының
тарылуына тәуелді.Бірақ кейбір сөздер өздерінің байырғы мағынасынан
алшақтағанымен қазіргі тілімізде жаңа мағыналық сипатта кең қолданыс
тапқан.Әуезов шығармаларындағы осындай сөздер қатарына Аламан сөзін
келтіруге болады.
Амандыққа сәні жоқ
Қалғанға да күн қараң,
Ноғайлыны шауыпты.
Кесескені қыпшақ дейді
Жаланып кепті ит қазан,
Аттан, тұрма ,тез қолдан,
Тарт ілгері, Аламан (22;181)

Аламан(Аламан(
Жеңілді жау, Аламан (22;195).
Бүгінгі күні бұл сөз Аламан бәйге (үлкен, жиын бәйге) сөзінің құрамында
кезігеді. Ал тарт ілгері, Аламан дегендегі Аламан сөзі адамға қатысты
айтылған. Р.Сыздықова: Аламан сөзінің берер мағынасы-жауынгер, әскер,
батыр,-деп көрсетеді.(26; )
Осы сөздің негізгі қолданылар мағынасы-жиын, топ.Жиын, топ-көптің
бірігуі-үлкен мағынасына ауысқан. О баста, Аламан-әскерге қатысты, соғыс
кәсібіне байланысты сөз болғанында күмән жоқ. Мысалы, қазақ тілінде
кезігетін Аламан сөзі Доспамбет жырларында:
Тебінгінің астынан
Ала балта суырысып
Тепсініп келгенде... ,-деп келетін өлең жолдарындағы ала балта
сөзімен түбірлес.
Көнерген сөздердің көнеру дәрежесі үш түрлі болады:
1.Әбден ұмытылып, қолданыстан мүлде, біржола шыққан сөздер.
2.Түбір қалпында жеке айтылмағанмен туынды түбір сөздің
құрамында сақтаулы сөздер.
3. Жеке сөз ретінде қолданыстан шығып қалғанымен әлі де мақал-
мәтелдердің, фразеологиялық тіркестердің құрамында қолданыла беретін
көнерген сөздер. (27; )
Әуезов драмаларындағы кейіпкер тіліндегі көнерген сөздер осы үш
бірдей топқа сай келеді.
1.Әбден ұмытылып, мүлде,біржола қолданыстан шыққан сөзге
қызылбассөзін жатқызуға болады.
Жүрісімді сұрама,
Қасасқан жау Қызылбас,
Қанқор қазан қол бастап
Шауып кетті қиятты! (12;180)
Ерте кезеңде, он төртінші ғасырда қазақтар парсыларды қызылбастар деп
атаған. Бұл сөзді қолданудың өзі-тарихи деректерге сүйенудің нәтижесі .
Мүлде ұмыт болған атауларды қолдану Әуезов драмаларында өте сирек. Ең жиі
ұшырасатын құбылыс-түбір күйінде айтылмаса да,туынды түбір құрамында
сақтаулы сөздерді қолдану.
Сап. Сап сөзі Мұхтар Әуезов драмаларында ерекше көзге түседі.
Сап сабыр сөзімен түбірлес болуы мүмкін.

Сап, Сап қазан қоя тұр

Пәле деген сыбысты
Естігенім осы ара(
Осындағы сап, сап-сабыр қыл, тыныштал деген сөздермен мәндес.
Ескеретін мәселе сап сөзі жеке қолданылғанда емес,қайталанып
қолданылғанда ғана сабыр мағынасын бере алады. Мысалы,Абайдың:

Сап-сап, көңілім, сап көңлім(

Саяламай, сай таппай
Не күн туды басыңа
Күні-түні жай таппай( (28;66)-деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем әдебиет тілінде кездесетін бейәдеби элементтер (дөрекі сөздер,одағайлар, орыс тілі элементтері, қарғыс сөздер)
М.Мағауин шығармаларындағы «автор бейнесі» мен кейіпкер бейнесінің берілу жолдарын анықта
ІШКІ МОНОЛОГТЫҢ АВТОР БАЯНДАУЫНДАҒЫ ОРНЫ МЕН КӨРКЕМДІГІ
«Жолдастар» романындағы кейіпкер тілі және автор тілінің І.Жансүгіровтің қазақ тіліндегі лексикалық бірліктер мен грамматикалық бірліктер
Ауызекі және көркем шығарма мәтініндегі диалог: лексикалық, синтаксистік, стилистикалық сипаттама
Көркем шығарма және кейіпкер тілі
Қазақ ономапоэтикасы: сатиралық-юморлық кейіпкер аттары
С.ЖҮНІСОВТІҢ ДРАМАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ
Әбіш Кекілбаевтың Елең – алаң романындағы монолог пен көркем диалогтың қызметі
Кейіпкер тілі мен тілдік тұлғаның байланысы
Пәндер