Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
: 1
КІРІСПЕ . . .: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
3:
:
: 1. 1
КІРІСПЕ . . .:

Нарықтық экономиканы монополияға қарсы саясат арқылы

реттеудің жалпы түсінігі және мәні . . .

3:
: 6
: 1. 2
КІРІСПЕ . . .: Монополияға қарсы саясатты теориялық тұрғыдан зерттеу . . .
3: 18
: 1. 3
КІРІСПЕ . . .: Шетелдердегі монополияға қарсы саясат ерекшеліктері . . .
3: 25
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
: 2
КІРІСПЕ . . .: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАНЫҢ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ АГЕНТІГІ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ
3:
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жалпы сипаттамасы . . .
3:
: 41
: 2. 2
КІРІСПЕ . . .: Монополияға қарсы саясаттың саяси-құқықтық негіздерін сараптау және осы саясатты жүзеге асыруда заңнамалардың атқаратын рөлі . . .
3:
:
: 53
: 2. 3
КІРІСПЕ . . .:

Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу

Агенттігі қызметінің нәтижелері . . .

3:
: 68
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
: 3
КІРІСПЕ . . .: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР ЖҮЙЕСІН ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3:
:
:
: 3. 1
КІРІСПЕ . . .: Қазақстан Республикасындағы бәсекелестікті жетілдіру жолдары . . .
3:
: 78
: 3. 2
КІРІСПЕ . . .: Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы жүргізілетін шаралар жүйесін жетілдіру жолдары . . .
3:
: 83
:
КІРІСПЕ . . .:
3:
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРТЫНДЫ . . .
3: 90
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3: 93
:
КІРІСПЕ . . .:
3:

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Парасатты монополияға қарсы саясат тек елдің ішкі экономикалық процестерін ғана емес, сыртқы байланыстарды жүйеге келтірудің бірден бір жолы. Осы мәселе әсіресе, жаһандану үрдісіне байланысты әлемдік деңгейде жиі көтеріліп отыр. Қазақстан Республикасы жедел дамуды алға мақсат етіп отырған уақытта монополияға қарсы ішкі және сыртқы саясатты дамытудың рөлі күннен күнге артып келеді. Әлемдік деңгейде бәсекелестікті арттырудың жолдарын көрсететін, нарық қатынастарын реттейтін шаралардың бір қатары осы монополияға қарсы саясат арқылы жүзеге асырылып отырады. Монополияға қарсы күрес саясаты басқарушы билік институттарының экономиканы реттеушілік қызметін көрсететін маңызды сала. Командалық, этатистік экономикадан нарықтық экономикаға өту деңгейі мемлекеттің монополияға қарсы саясатын қалыптастырумен қатар жүргізілді.

Монополияға қарсы саясат нарықтағы субъектілердің шаруашылық әрекеттерін бәсекеге негіздей отырып, оларға біркелкі нарық жағдайларын тудыруға, сонымен қатар нарықтағы монополистердің үстемдік жағдайын асыра пайдалануға тосқауыл қоюға және табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы қызметті реттеуге, сондай-ақ тұтынушылардың, табиғи монополиялар субъектілерінің және реттелетін нарықтар субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталатын мемлекеттік шаралардың жиынтығы.

Монополияға қарсы саясат нақты экономикалық үрдістер мен саясат факторлардың ықпалдасуы, араласуы, біріне бірінің тәуелді болуының органикалық қоспасы ретті сипатқа ие болады. Монополияға қарсы саясаттың экономикалық негізі, әлеуметтік мақсаттар мен саяси әрекеттердің мән-мағынасы осы айтылған құбылыстарға байланысты анықталатындығы даусыз.

Нарықтық қатынастар қалыптасып, дамудың индустриялық кезеңіне түскен Қазақстан Республикасы үшін жан жақты қамтылған монополияға қарсы саясаттың саяси - құқықтық негізін қалыптастыру маңызды мәселе. Монополияға қарсы саясат пен бәсеке саясаты Қазақстан Республикасының экономикасын қабілеттілігін арттырудың нақты жолы болып саналады. Бiз бұған ел экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы қол жеткiземiз. Бұл елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарында көрсетілген.

Тұтынушыларды қорғау институттары мен құқықтық нормалар жүйесін құру және шағын және орта өндірушілерді экономикалық және ұйымдастырушылық шектеулер мен ынталандыруларды белгілеу арқылы монополиялардан қорғауға бағытталған мемлекеттік органдардың іс - әрекеттері монополияға қарсы іс - әрекеттер деп аталады [1] . Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы керектігін айтқан. Меншік құқықтарын рәсімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға бағытталған құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отырғандығын атап көрсеткен [2] .

Мемлекеттік билік органдары тиімді саясатты іске асыра отырып, қоғамды оның кері әсерінен сақтауға және экономиканың динамикалық дамуына ықпалын тигізуі тиіс. Қоғам мүддесін қорғауды басты мақсат ететін мемлекеттің монополияға қарсы саясаты монополистердің ұсынатын қызмет түрлерінің сапасы мен бағасын қадағалауға бағытталады. «Үкiмет ырықтандыру мен табиғи монополиялар салаларын: телекоммуникацияларды, электр энергетикасы мен темiр жолдарды қайта құрылымдау бағытындағы жұмысты жандандыруы керек. Бұл салалар бәсеке үшiн айқын әрi ашық болуға тиiс, ал халық болса, көрсетiлетiн қызмет сапасының жақсарып, бағаның төмендегенiн сезiнуге тиiс» [3. ] . Монополиямен күрес саясатының мемлекеттік басқару органдарының ұйымдастыратын шараларының барлығы тұтынушылар мен қоғам мүддесіне сай келуі тиіс. Қоғам мүшелері монополияға қарсы саясаттың нәтижесіне баға беріп, оның ары қарай дамуына белсенді үлес қосуын жандандыру да маңызды міндеттердің бірі болып саналады.

Қазақстан Республикасының Президенті 2005 жылға Қазақстан халқына арналған жолдауында біздің стратегиялық міндетіміз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу деп атап көрсетті [4] . Монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың секторларына кіруі үшін тартымды және ашық жағдайлар туғызу арқылы бәсекелестікті арттыру керектігі Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылға Қазақстан халқына арналған жолдауында да айтқан болатын [5] . Шетел тәжірибесі ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру осы елдегі монополияға қарсы саясатты дұрыс жолға қойылуына тікелей байланысты екендігін дәлелдеп отыр.

Тақырыпты зерттеудің мақсаттары мен міндеттері . Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне талдау жасау дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Сонымен қатар осы шараларды жүзеге асырушы саяси институттарының қоғамда алатын рөлін анықтауды да мақсат етеді. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді анықтайды:

монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесін және оларды жүзеге асыру әдістерінің жалпы теориялық негізін зерттеу;

экономикасы дамыған елдер мен ТМД елдеріндегі монополияға қарсы саясатының тарихы мен даму барысын саралау;

осы сараптама негізінде Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы саясат пен бәсеке саясатының қалыптасу тарихы мен ерекшеліктерін талдау;

монополияға қарсы бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесін жүзеге асырудағы мемлекеттік билік институттарының рөлін анықтау;

монополияға қарсы саясаттың саяси - құқықтық негіздерін сараптау және осы саясатты жүзеге асыруда заңнамалардың атқаратын рөлін көрсету;

монополияға қарсы бағытталған мемлекеттік шараларды жүзеге асыру барысында қоғам мүшелерінің мүдделерінің қорғалу деңгейін көрсету;

мемлекеттің монополияға қарсы саясатының жаһандану процесіне байланысты келешектегі негізгі бағыттарын анықтау.

Зерттеудің нысаны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі және оларды жүзеге асыру әдістері.

Зерттеу пәні . Мемлекеттік органдарының монополияға қарсы қызметі;

монополияға қарсы саясатты жүзеге атқарушы мемлекеттік институттар мен нарық субъектілерінің монополияға қарсы саясатты жүзеге асырудағы іс -әрекеттері мен өзара байланысы;

Зерттеудің әдіс-тәсілдері Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясатының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуде институционалдық, жүйелілік, құрылымдық-функционалдық, статистикалық және салыстырмалы сараптау әдістерін қолдандық.

Қазақстанның монополияға қарсы реттеуге бағытталған заңнамасы мен құқықтық нормаларын талдау арқылы мемлекеттік билік институттарының монополизм құбылысын реттеуге қатысу жолдары нақтыланды;

Монополияға қарсы күрес саясатының нарықтық кеңістіктегі бәсекелестікті дамытуға қосатын үлесі көрсетілді;

Мемлекеттік билік субъектілерінің монополияға қарсы күрес саясатын іске асыру арқылы өздерінің жоспарлау және басқарушылық, реттеушілік функцияларын орындауының дәрежесі анықталды. Тиімді экономикалық саясат жасау жолдары көрсетілді;

Тақырыптың зерттеу көздері. Тақырыптың зерттеу көздеріне негіз болған теориялық және фактілерге негізделген ғылыми зерттеулер. Дипломдық жұмыста көбіне нормативтік актілер мен басқа да ресми құжаттар пайдаланылды.

Монополияға қарсы саясат монополияға қарсы заңдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Монополияға қарсы заңнама мемлекеттің бәсеке мен монополия арасында тепетеңдікті ұстап тұратын, нарықтағы «ойын ережесін» ресми түрде белгілейтін құрал ретіндегі заңдар жинағы. Монополизм мен бәсеке қатар жүретін құбылыс екендігі белгілі. Бәсеке түсінігіне әр зерттеулерде әр түрлі анықтама беріледі. Біз солардың бірнешеуіне талдау жасайық.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Нарықтық экономиканы монополияға қарсы саясат арқылы

реттеудің жалпы түсінігі және мәні

Қоғамның жедел дамуы технологиялық инновацияларды тек материалдық игіліктерді өндіруде ғана емес, тұтыну процесінде де кеңінен қолдануға итермелейді. Бүгінгі күні адамдардың тұрмыс - тіршілігіне қолданылатын тауар мен қызмет түрлерінің сан алуан болуы, олардың қолдануға жылдам, әрі ыңғайлы болуы заман талабы. Қоғам неғұрлым жедел дамыса, адамдардың соғұрлым талап тілектері өсіп отыруы заңдылық. Электр, байланыс, транспорт, жылу жүйесі тағы да басқа халық тұтынатын тауарлар түрі күн санап өсіп келеді. Ал өндірушілер тұтынушының күнделікті осы қызмет түрлеріне зәрулігін пайдалана отырып өз мақсаттарына жетеді. Өндірушінің басты мақсаты - орасан пайда табу. Осы құбылысты, өндірушімен тұтынушы арасындағы өзара байланысты реттеу үшін мемлекет экономикаға араласуы тиіс. Қоғам талаптары мен сұраныстарын қалыптастыру мақсатында нарық алаңында болатын түрлі іс - әрекеттерді бір жүйеге келтіру- өндірушіге де, тұтынушыға да тиімді. Тауар өндірушілер нарықтағы үлес - салмақтарын өсіру үшін таза жарыс, бәсеке қатынастарын бұза отырып, түрлі амалдарға баруы мүмкін. Осындай келеңсіз нарық кемшіліктерін реттеу үшін көптеген елдер монополияға қарсы заңнамалар арқылы парасатты саясат жүргізеді. Нарықты экономиканы реттеу саясаты көпжақты, көпбағытты, аса күрделі құбылыс. Оның бір бағыты - монополияға қарсы саясатты қалыптастыру. Нарықтық қатынастар шаруашылықты жүргізушілер объектілердің өзін - өзі басқаруына, еркіндігіне негізделгенімен реттеуге жатпайтын құбылыс емес. Нарықтық экономика субъектілері үнемі өз капиталын көбейтуге, байлығын үстемелеуге, бәсекелестікке қабілетін көтеруге ұмтылуда болады. Сондықтан олар үшін мемлекеттік мүдде, жалпыхалықтық әл-ауқатты жақсарту мәселелері екінші кезекте тұрады. Кәсіпкер топтардың экономикалық эгоизмін тежейтін, жалпымемлекеттік даму талаптарымен үйлестіретін мемлекет заңдары мен салықтары екені белгілі. Монополияға қарсы саясат мемлекет пен халықтың ортақ мүдделерін іске асыратын заңдар жүйесін орындатуды мақсат тұтады.

Монополияға қарсы саясаттың маңыздылығын анықтаудан бұрын монополизмнің пайда болуы себептерін қарастырайық.

Алғаш рет американ экономисі Дж. Бейн еңбегінде монополияның пайда болуының объективті себептері айқындалған. Әдетте монополизмнің пайда болуына мемлекет тарапынан нарыққа жаңадан енушілерге қойылатын шектеулер әсер етеді. Мемлекет кейбір шаруашылық істерін тек шектеулі кәсіпорындарға жүктейді. Олардың қатарына қоғамды су, электр жарығы, байланыспен қамтамасыз ету сияқты қоғамға аса қажетті қызмет түрлерін көрсетуші кәсіпорындар жатады. Монополистік қызмет әрине табиғи ресурстарды өндіру, өңдеу істерімен тікелей байланысты. Мемлекеттік билік органдары бұндай жұмыстарды атқару құқығын тек біраз ғана кәсіпорындарға береді.

Содан кейін монополизмнің пайда болуына лицензия мен патент септігін тигізеді. Нарықта кейбір тауар сату мен қызмет түрлерін тұтынушыға ұсыну тек санаулы фирмалардың еншісінде болуы тиіс немесе тек бір автор өз өнімін өзі сатуға құқылы. Монополизмнің шығуының тағы бір себебі нарықта дара тұрған, өндіріс көлемі аса ірі кәсіпорындардың болуы. Осындай кәсіпорындар тек ірі көлемді тауар өндіреді, олардан жұмсалатын шығын мөлшерін ұсақ кәсіпорындар көтере алмауы әбден мүмкін. Бұл монополистік құбылыс көбіне машина жасау сияқты ірі өндірістік кәсіпорын болуы мүмкін. Бәсеке жарысынан жеңіп шыққан ірі кәсіпорындар да монополистік жағдайда болады. Олардың монополистік жағдайы әр елдің белгіленген нарықтағы үлесіне байланысты анықталады. Кейбір кезде жосықсыз бәсекенің салдары монополизмді туындатады. Ірі фирмалар жаңадан нарыққа енген субъектілерді жою мақсатымен оларға тиімсіз шарттар қою арқылы немесе оларды біріктіріп, қосып алу сияқты заңсыз жолдармен монополистік қызметке ие болады. Кез келген монополистік қызмет мемлекеттің бақылауында болады. Демек, мемлекет нарықты реттеу мақсатында монополияға қарсы саясат жүргізуге мүдделі.

Сонымен мемлекеттің монополияға қарсы жүргізілетін шаралары экономиканың монополизациялануын болдырмауға бағытталған, тұтынушы - қарапайым көпшіліктің мүдделерін қорғайтын, кәсіпкерлік пен, бәсекелестікті және шаруашылық белсенділікті арттыруға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады [5] . Осы бағыттағы барлық мемлекеттік саяси шешімдерді жүзеге асырушы мемлекеттік билік органы монополиямен күрес жүргізуші орган болып табылады. Бұл орган әр елде әр түрлі аталады. Қазақстанда Агенттік, басқа елдерде Қызмет, Департамент т. б аталады. Кейбір елдерде Сауда Министрлігі осы саясатты жүргізуші басты орган болып есептеледі.

Монополияға қарсы саясат жүргізуші орган жосықсыз бәсекені, монополистік қызметті алдын алу, тыю және шектеуге және тауар нарығын дамытуға бағытталған мемелекеттік іс - шараларды жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган [6] .

Монополияға қарсы саясат монополияға қарсы заңдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Монополияға қарсы заңнама мемлекеттің бәсеке мен монополия арасында тепетеңдікті ұстап тұратын, нарықтағы «ойын ережесін» ресми түрде белгілейтін құрал ретіндегі заңдар жинағы. Монополизм мен бәсеке қатар жүретін құбылыс екендігі белгілі. Бәсеке түсінігіне әр зерттеулерде әр түрлі анықтама беріледі. Біз солардың бірнешеуіне талдау жасайық.

Социология энциклопедиясында бәсеке - әр жақтың қарама - қарсы формадағы үстемдік етуші билік институттары мен моральдық - құқықтық нормаларды қолдана отырып жүргізілетін жарысы немесе бір саладағы күресі . Экономика саласында бәсекенің мақсаты - топтық немесе жеке пайда табу немесе шикізат ресурстарына, материалдық игіліктерге және тауар өткізу нарығына қол жеткізу деген түсінік беріледі [7] . Демек, заңға негізделген жеке саладағы бірнеше топтың жарысы, қазіргі күні біз бәсекенің дәл осы бағытын байқай аламыз. Тек нарықта ғана емес, қоғам өмірінің барлық саласына бәсекенің енуі оның дамуының жаңа сатысына көтерілуі деп түсіну қажет.

Бәсеке саясаты - нарық субъектілеріне нарық пен қоғамның алдындағы құқығы мен міндеттерін түсіндіруге бағытталған насихаттау сияқты шаралар жиынтығы. Ресей зерттеушісі И. Князева монополияға қарағанда бәсеке саясаты кең ауқымды түсінік деген тұжырым жасайды. Нарықтағы субъектілердің, әсіресе монополистердің іс - қимылында кездесетін нарық заңдарының бұзылу фактілерінің алдын алу олармен күресуден тиімдірек екендігі сөзсіз. Бәсекенің қоғамға тиімді екендігі баршаға мәлім, ал өндіруші мен сатушыларға да бәсекенің тиімділігін насихаттау, оларды адал бәсеке шарттарына бейімдеу маңызды шаралардың бірі болуы тиіс.

Бәсеке саясаты - ең алдымен ережелер жүйесін қалыптастыру, сонымен бірге осы ережелерді өмірде іске асыратын механизмдердің болуы [8] . Нарықтағы ойын тәртібін нарық субъектілері мен қоғам мүшелерінің мүдделерін ұштастыра отырып қалыптастыру, оларды жүзеге асыру, сол арқылы нарықты реттеу монополияға қарсы саясаттың нақты механизмі болмақ.

Экономикалық бәсеке - пайда табу мақсатында тұтынушының ықыласы үшін немесе тұтынушының «доллары» үшін нарықта болатын экономикалық агенттер арасындағы жарыс. Бәсеке нарық механизмінің маңызды элементі, бірақ оның сипаты мен формасы әр нарықта әр түрлі, әр нарық жағдайында әр түрлі болып келеді [9] . Қалыптасқан түсінік бойынша бәсеке капиталистік өндірістің жүйесі процестерін реттеп отыратын механизм, қоғам мүддесі үшін емес, тек өз пайдасы үшін болатын жарыс. Әрине бәсеке қоғамның ескі формациясын жойып, екінші даму сатысына өтуге өз үлесін қосып отырады. Монополистік капитализм дәуірінде бәсекенің сипаты басқаша. Өзара жарыса, нарықтан үлесті көбірек алуды мақсат ете отырып, нарық субъектілері қоғамның алға жылжуына, ғылым жетістіктерді қолдануға ынталанғандығы тарихтан белгілі.

Барлық өркениетті елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесінің міндетті элементі - тауар мен қызмет түрлерін көрсету нарығында бәсекеге қолайлы жағдай туғызу.

Монополияға қарсы реттеу - құқықтық актілер мен сот практикасы арқылы ірі бір ғана жабдықтаушы жағынан болатын тауар өткізу, баға тағайындау, олигополия мен картелдік сөз байласу ( жолдастық фирмаларға қатысу үшін ірі корпорациясына шексіз көп бөліп беру, монополиялық құрылымдарды тура қайта құру) сияқты монополиялық биліктің мүмкіндіктерін шектеу. Монополияға қарсы реттеу саясаты - заңдылыққа негізделген, белгіленген ереже бойынша жүргізілетін нақты бағыттағы мемлекеттік іс. Бұл тауар нарығында бәсекені қорғау және нарықтық қатынастардың нәтижелігін мақсат ететін экономикалық саясат.

Заңдар мен салық, бақылау жүргізу арқылы мемлекеттің экономикаға араласуға мәжбүр болады. «Монополия - бәсеке қатынастары нарықтық қатынастар дамыған елдердің экономикалық саясатының басты бағытына айналу заңды құбылыс. Әр түрлі тарихи кезеңдерде әр түрлі елдерде мемлекет бұл мәселені балама түрде шешіп отырды. ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында АҚШ- тың экономикалық саясатында бәсекені сақтау -баламалық таңдаудың басы болды. Бұл құбылыс нарық экономикасының сапалық белгісі ретінде түрлі өзгеріске ұшырағанына қарамастан кейіннен де сақталды. Басқа елдерінде картель, синдикат сияқты рұқсат етілген монополияның формаларын дамыту орын алады.

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жыләы 9 шiлдедегі N 272 Заңының 4 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар аясына мынадай қызмет көрсетулер:

1) мұнайды және мұнай өнiмдерiн магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөнiндегi ;

2) газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану жөнiндегi;

3) электр энергиясын беру және бөлу жөнiндегi;

4) жылу энергиясын өндiру, беру, бөлу және онымен жабдықтау жөнiндегi;

5) электр энергиясын желiге берудi және тұтынуды техникалық диспетчерлендiру жөнiндегi;

5-1) электр энергиясын өндірудің-тұтынудың теңгерілімін ұйымдастыру жөніндегі;

6) магистральдық темiр жол желiлерiнiң;

6-1) концессия шарттары бойынша темір жол көлігі объектілері бар темір жолдар қызметтерінің;

7) кiрме жолдардың;

8) әуе навигациясының;

10) телекоммуникациялар көрсететiн әмбебап қызметтердi қоспағанда, қызметтiң осы түрлерiн көрсетудiң технологиялық мүмкiн болмауы не экономикалық тиiмсiздiгi себебiнен бәсекелес байланыс операторы болмаған кезде телекоммуникациялар қызметi;

11) телекоммуникациялар желiлерiн ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желiлерiне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбiлдiк кәрiздер мен өзге де негiзгi құралдарды мүлiктiк жалдауға немесе пайдалануға беру жөнiндегi;

12) су шаруашылығы және кәрiз жүйелерiнiң;

13) почта байланысының жалпыға бiрдей қолжетiмдi қызмет көрсету жатады.

Табиғи монополия - көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне байланысты көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) осы түріне сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін болмайтын немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі. Бұл салаларға мемлекет тарапынан ерекше жағдайлар жасалады. Мемлекет қолайлы жағдайлардың өтемі ретінде осы фирмалардың монополиялық билікті асыра пайдаланбауы үшін олардың жұмысын бақылауды өз құқығында қалдырады. Табиғи монополиялар қоғам өміріне өте қажетті салаларды қамтығандықтан мемлекет оның қызметіне патерналистік қамқорлық саясатын жүргізуге мүдделі. Бұл мүдделілік табиғи монополиялар туралы заңдар арқылы көрінеді. Табиғи монополиялардың болуы адамдардың күнделікті қалыпты өмір сүру қажеттіліктерін орындау талаптарынан туындайды. Сол себепті, табиғи монополиялардың ойдағыдай қызмет етуіне көмектесу саясаты елдің әлеуметтік саясатының басымдылығына да байланысты іске асып жатады.

Қоғамда тұтынушыларды сумен, электр жарығымен т. с. с қамтамасыз ететін фирмаларадың бірнеше болуы өте қолайсыз болар еді. Нарықта бірнеше коммуналдық қызмет көрсетуші фирмалардың болуы баға бәсекесінің күшеюіне әкеледі, ол әлсіз қарсыластардың банкроттыққа ұшырауына, ал аман қалғандарының бірігуін тудырады. Дамып келе жатқан таза монополия бұрынғы шығындарды жауып, нарықтағы жаңа жағдайдан орасан көп пайда көреді. Себебі, нарықта үстемдік ете отырып, өз тауарлары мен қызмет түрлеріне жоғарғы баға қояды. Сондықтан мемлекет өз тұрғындарының ортақ мүддесін қорғау мақсатында жеке кәсіп иесінің пайда табуға құлшынысын қажетті деңгейде тежеу саясатын жүргізіп отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы монополиялардың іс әрекетін мемлекеттік реттеу
Басты өнеркәсіптік компания
Мемлекеттік меншікті басқару мен реттеу
Қазақстан Республикасының көлік саласында табиғи монополия құрылымдарын мемлекеттік реттеу
Монополия пайдасын жанама реттеу
КӘСІПКЕРЛІК БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ДЕМЕУ
Қазақстанда кәсіпкерлікті басқару және шағын бизнестің дамуы
Дамыған және дамушы елдердің экономиканы мемлекеттік реттеуі
Көлік қызметтерін реттеу қажеттілігі
Кәсіпкерлік қызметтің Қазақстан Республикасында даму жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz