Конфуций


Мазмұны
Кіріспе 3
- Өмір жолы 4
- Көзқарастар мен ілімдері 4
- “Сұхбаттар мен сырласулар” 5
КІРІСПЕҚорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер тізімі 14
Конфуций аты - Кун - Цзы (Кун ұстазы) қытай атының латындалған формасы. Өркениет тарихында Конфуцийдің (б. д. д. 551) аты Иса, Мұһаммед, Зороастра сияқты әлем діндерінің негізін қалаушыларының аттарымен қатар тұрады.
Дін сұрақтары Конфуций дүниетанымында елеусіз орын алған, сонымен қатар ол философ та болмаған, таным теориясы мен болмыс жұмбақтары оны қызықтырмаған. Мұның барлығына қарамастан, Конфуций тұтас мәдени аумақтың рухани дамуында ұмытылмас із қалдырды. Оның үстіне оның қоғамдық және өнегелілік идеалдары Батыста да, Шығыста да үлкен назарға ие болды. Кофуцийшілдіктің христиан, иудей діндердіе айырмашылығы - бұл діндердің пайғамбарлары өз Сөздерін құдайдың сөзі деп, яғни олар арқылы құдай сөйлейді деп санаған. Конфуций болса, Сөзді өзі жаратты. Ол Сөз қарапайым адамның сөзі болды.
Әлемдік діндеріне оның негізін салушыларының өмірбаянына қызуғышылық тән. Мысалы, Христиан канонының негізін Евангелия, яғни Иса өмірін суреттеу құрады. Сол сияқты Ұстаз өмірі туралы әңгімелер де конфуцийшілік ілімінің маңызды бөлігі болып табылады. Бірақ та Мұхаммад пен Будданікіндей Конфуцийдің канондық өмірбаяны жоқ. Оны әртүрлі дереккөз материалдарынан жинауға тура келеді. Бұл көне философты (басқа философтарға қарағанда) оның ізбасарларының қиялымен жасалған шымылдық жасырмайды. Керісінше, оның ізбасарлары арқылы біз оның мінезі, дағдылары, мәнерлері туралы, өмірінің оқиғаларын білеміз, оның айтқан сөздерін ести аламыз. Оның бейнесінде ғажайып ешнәрсе жоқ және ол таң қаларлықтай қарапайым болып шықты.
1 ӨМІР ЖОЛЫ
Философиялық ғылыми әдебиеттерде Конфуций деп қысқа қайырылатын қытайлық ғұламаны елдестері бірде Кун Цю. бірде Кун Чжунни деп атайды. Алайда халық оны Кун-цзы деп атап кеткен. Бұл - ұстаз Кун деген ұғымды білдіреді. Міне, осынау ғұлама-ұстаз біздің дөуірімізден бұрынғы 551 жылы дұниеге келіп, біздің дәуірімізге дейінгі 479 жылы бұл жалғаннан кетеді. Конфуцийдің арғы аталары ескі Сун патшалығына қарасты Инь әулетінен тарайтын ақсұйектер болғанымен, уақыт өте келе әбден кедейленеді. Тұрмыс тауқыметі Конфуцийдің әкесін өскери қызметпен айналысуға мөжбур етеді. Бір кезде баршылықтың айдынында жүзген, кейін жоқшылык; жүгендеген отбасында өмірге келген Конфуций 22 жасынан бастап ұстаздықпен айналысады. Мектептерде ол мораль, тіл, саясат, әдебиет пәндерінен сабак. береді. Бұл сабақтар негізінен ежелгі Қытайға кеңінен таныс «Щицзин» («Әндер мен елурандар кітабы»), «Шуц-зин» («Тарих кітабы»), «Ли-цзи» («Дэстұрлер туралы жазбалар»), «Юэцзин» («Саз кітабы») сияқты туындылар негізінде оқытылды.
«Ер жасы - елуге» келгенде Конфуций Лу еліндегі саяси жұмыстарға араласып, сот-қылмыс істері жөніндегі төрешілік қызмет атқара бастайды. Бірақ мемлекеттік-саяси жұмыстардағы қадамы сәтсіз болады да өсек пен өтіріктің өртчне шалынады. Амалсыздан жұмысын тастап, байырғы ұстаздық қаракетімен қайта айналысады, философиялық ғылыми жұмыстармен шұғылдана бастайды. Бұл кезде, тарихшылардың айтуынша, ұлы ұстаздың үш мыңға жуық шәкірті болған. Олардың жетпіс екісі аса көрнекті ғалымдар санатында екен. Конфуций осынау шәкірттерінің үлкен бір тобын ертіп он үш жыл бойы Қытайдың бірқатар мемлекетін аралап, өз ғылымын насихаттайды. Алайда, бұл елдерде Конфуций идеясы қолдау таба қоймайды.
2 КӨЗҚАРАСТАРЫ МЕН ІЛІМДЕРІБіздің дәуірімізге дейінгі 484 жылы ол Лу еліне қайтып оралады да, біржола ғылыми жұмыспен айналысады. Ежелгі қытай кітаптарын - «Шуцзин», «Ицзин», «Юэцзин», «Шиц-зин» сияқты туындыларды жинастырып, қайта редакциялап, жарыққа шығарады. Нақ осы кезеңде ұлы елдің тарихында тұңғыш рет ауа-райына қатысты «Чуньцю» («Көктем мен күз жылнамасы») кітабын жарыққа шығарады. Міне, осынау кітаптардың бәрінде философ Конфуцийдің, ғұлама Конфуцийдің ғылыми-философиялық ойлары қылаң беріп отырады. Алайда, ұстаз Кунды ғұлама Кун, философ Кун деңгейіне көтерген туынды - «Лунь юй» («Сұхбаттар мен сырласулар») деген кітап еді. Бұл еңбекті негізінен ұлы ұстаздың шәкірттері жазғанымен, ондағы ойтолғаулар мен топшылаулардың бәрі де Конфуцийдің дәрістерінде, лекцияларында, ел-жұртпен кездесулеріндегі әңгімелесулерде туындаған еді. Ұстазына адал шәкірттері ғұламаның бірде-бір сөзін жерде қалдырмай жинақтап, оны өзгеріске ұшыратпай халыққа жеткізе білді. Сол үшін де халық Конфуцийді де, оның талантты шәкірттерін де аспанға көтерді, лайықты құрмет көрсетті. Біздің дәуірімізге дейінгі 479 жылы қайтыс болғанда Конфуций арнайы мазаратқа қойылды. Кейіннен оның жанына ғұламаның өте талантты деген шәкірттері мен ұрпақтары қойыла бастады. Ал оның тұрған үйі халық тәуап ететін, ғұламаның рухына бас иетін қасиетті храмға айналдырылды.
3 СҰХБАТТАР МЕН СЫРЛАСУДАӘлгінде атап өткеніміздей, Конфуцийдің өмірге, дүниеге көзқарасы, философиялық концепциялары «Сұхбаттар мен сырласуда» («Лунь юй») сараланған. Дүниежүзі философтары Конфуций ілімінің сипатты белгісі - антропоцентризм деп есептейді. Расында, қытайлық ұлы ғұлама космогония проблемаларына, рух пен ол дүниелік өмірге бөлендей мән бермейді. Сондықтан да өз тұстастарына, тіпті қазіргі заманғы адамзат баласына: «Өмірдің не екенін танып-білмей тұрып, өлімнің не екенін қалай білуге болады?» деп, немесе «Адамдарға қызмет етуді білмей тұрып, рухқа қалай қызмет етуге болады?» деп сауал тастағандай. Бұған қарағанда Конфуцийді атеизмге жақындау ма деп те қалғандайсың. Алайда, ол аспанды - табиғаттың бір бөлшегі, әлемдегі әлуетті, саналы рухани күш деп есептейді. Сол себепті де әлемнің сиқырлы, жұмбақ күшіне, ілгергі әруақтарға құрбандык, шалуды аса маңызды міндет деп санайды. Мұның өзі Конфуцийдің аспанды адам ұгымындағы құдай емес, ол тек жаратылысқа әсерін тигізетін саналы кеңістік деп ұққанын аңғартады.
Конфуций ілімінің бір негізі - «жэнь». «Жэнь» - қазақша адамгершілік, адамды сүюшілік деген ұғымды білдіреді. Яки қытайлық ғұлама ілімінде адам проблемасына, оның ақыл-ой, адамгершілік бейнесіне басты орын берілгенін аңғартса керек. Ол Қытайда ең бірінші рет саналы адам, бекзат кісі туралы («Цзюнь-цзы») концепциясын үсынды. Яки ғалым бекзаттықты ата-ана тектілігімен емес, кісінің тәлім-тәрбиесімен, жоғары мәдениетімен, «жэнь» теориясын игерумен, әділдігімен, адалдығымен, тағы да басқа игі қасиеттермен байланыстырады.
Конфуций ұсынған келесі концепция - «ли». «Ли» - этикет, қазақша инабат деген ұғымға жуық. Ғұлама: «жэнь» - адамгершіліктің мазмұны, ал «ли» - оны жүзеге асырудьің жолы деп түсіндіреді. Екінші сөзбен айтқанда, қоғамдағы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа көшетін мұраны, игілікті сақтау, оның мән-маңызын жете білу, Конфуцийше айтқанда, отбасында болсын, мемлекет көлемінде болсын әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді құрметтеу арқылы да жүзеге асыруға болады. Ал оның саяси этика талаптары туралы сөз қозғасақ, ғұлама бұл ретте ғылым мен білімге айрықша көңіл бөледі. Солай бола тұрса да, ұстаз Кунның оқу-білім жөніндегі ой-пікірлерінде елеулі қайшылықтар да бар екенін аңғарамыз. Айталық, оның: «Жақсы білетініңді білемін де, білмейтініңді білмеймін де, нағыз білім - сол» деген түжырымымен келісе қою қиын. Рас, білгеніңді «білемін» деу, білмейтініңді «білмеймін» деу кейбіреу-лерден ерлікті талап етуі мүмкін, бірақ бұл ерлікті біліммен салыстыруга әсте болмайды ғой.
Келесі концепция - «сяо». Яки кішінің үлкенге бас июі, ұлдың - атаны, қыздың - ананы құрмет тұтуы. Конфуций елді басқаруда осы «сяо» концепциясы маңызды рөл атқарады деп есептеген. Өйткені мемлекет дегеніміздің өзі - үлкен отбасы ғой. Ал отбасында ата-ана балалары тарапынан айрықша құрметтелуі тиіс. Бұған қоса ол «юе» проблемасына, санаға сазбен, әуенмен әсер ету проблемасына айрықша мән берді. Басқаша айтқанда, философ-ғұлама саз арқылы, адамды саз-бен тәрбиелеу арқылы оның бойындағы инаят қасиеттерді сылып тастауға болады, яки инабатты азамат тәрбиелеуге болады деп есептеді. Есептеп қана қойган жоқ, бұл бағытта ол үлкен жетістіктерге жетті.
Әлбетте, Конфуций ілімінде кемшіліктер де жоқ емес. Бір ғана «атауларды түзеу» теориясы арқылы ол адамдарды жік-жікке, тапқа бөліп тастады, бірін-біріне қарсы қойды. Басқа теорияларында да «өттеген-айлар» жеткілікті. Бірақ жалпы алғанда, ұлы философ Қытайдың ежелгі қоғамдық-философиялық ілімін жаңа бір белеске көтеріп тастаганы анық еді. Сондықтан да әуелгі кезде бұл ілімді қолдай қоймаған мемлекет басшылары келе-келе Конфуций ілімінің ілгерішілдігіне (прогресшілдігіне) көз жеткізді де, оны ғасырлар бойы елдің мемлекеттік идеологиясына айналдырды.
Конфуций ілімінің мемлекеттік идеояогияға айналуына конфуцийшілдік («жу цзя» - кітапшыл ғалымдар мектебі) қозғалыстың да елеулі әсері болды. Әуелде ұлы ұстаздың ілімін насихаттаумен айналысқан бұл қозғалыс уақыт өте келе сегіз мектепке бөлінді. Осы сегіз мектепте де «Өзіңе тілемеген жамандықты өзгеге де тілеме» деген конфуцийлік қағида басты ұран болып қалғанымен, олардың айырмашылықтары да ерекшелене берді. Мен-цзы мектебінде ұлы ұстаз ілімінің идеалистік жағы насихатталса, Сюнь-цзы мектебінде оның ілімінің материалистік жағына назар аударылды. Екі мектеп арасындағы күрес те ұзақ ғасырларға ұласты. Әрине, олар Конфуций іліміне жаңалықтар да қосты. Алайда, Қытайдагы 1949 жылғы революция Конфуций ілімінің мән-маңызын жоққа шығармаса да, оны ұлы фило-соф ретінде тани қойған жоқ. Бұл елде Конфуций есіміне енді-енді ғана құрмет білдіріле бастады.
Конфуцийдің өмірге, дүниеге көзқарасы, философиялық концепциялары «Сұхбаттар мен сырласуда» («Лунь юй») сараланған. Бұл кітапты Конфуций дүниеден өткеннен кейін оның шәкірттері шығарды. Кітап “Ұстаз айтты . . . ” деген сөзбен басталатын жеке - жеке афоризмдерден тұрады.
Ұстаз айтты:
Шынайы шындық емес, шындыққа жанасымы ғана барды жек көремін. Нанға араласып кетеді-ау деп қауіптеніп кебекті де жек көремін.
Ұстаз айтты:
Өзгелер мені білмейді деп қауіптенбе, қайта өзгелерді мен білмеймін деп қауіптен.
Ұстаз айтты:
Әрбір нөрсенің басталуы мен аяқталуы болады. Адамның қаракеті де солай: бас-аяқсыз бірде-бір іс жоқ. Ненің болса да басталуы мен аяқталуын түсінген кісі өманда ақи-қатқа жақын тұрады.
Ұстаз айтты:
Бекзат ерде туралық бар, қаттылық бар, бірақ қыңырлық жоқ.
Ұстаз айтты:
Ой таразысына салынбаған білімнен не пайда?!
Ұстаз айтты:
Шынайы сазга аралаcып кетеді-ау деп қауіптенгендіктен де әуейі әуендерді жаныммен жек керемін.
Ұстаз айтты:
Нағыз қателік деп түзетілмеген қателікті айт.
Ұстаз айтты:
Даналыққа біз үш түрлі жолмен жетеміз: ең ізгі жол - ойлану, ең жеңіл жол - еліктеу, ең қиын жол - тәжірибеден тәлім алу.
Ұстаз айтты:
Ақымақ кісі мен адамдарға таныла алмадым деп өкінеді, ақылды кісі мен адамдарды жете тани алмай жүрмін деп өкінеді.
Ұстаз айтты:
Даналардың рақымы жиһангердің, шыңға өрмелеушінің қаракетін еске түсіреді: асылы, алысқа сапар алғашқы адымнан, шыңға шығу тау етегінен басталады ғой.
Ұстаз айтты:
Достық досыңның кемшілігін көлеңкелемесін, жаулық жауыңның жақсы қасиетін перделемесін.
Ұстаз айтты:
Даналардың өмірлік заңы түсініксіз: еліктегендерге ол заң бірте-бірте айқындала береді де, түсінікті бола түседі. Қарапайым адамдардың өмірлік заңы баршаға түсінікті, алайда, бұл заңды басшылыққа алсақ болды, ол бірте-бірте көмескілене түседі.
Ұстаз айтты:
Түк білмейтіннің бір ғана жақсылығы бар, ол мені ешкім түсінбейді-ау деп қауіптенбейді.
Ұстаз айтты:
Өзіңе ұнамағанға реніш білдіргенің - ренішіңді еселей түскенің. Асылы, оны күлкіге айналдырғаның жөн - күлкі ұнасымсыздықтың күлін көкке ұшырады.
Ұстаз айтты:
Жүрегі әділ кісі өзіне қалай қараса, өзгелерге де солай қарайды, ол парасатты табиғаттың адамзатқа сыйға тартқан адамгершілік заңдылығынан, парыз-қарызынан айнымайды: яки ол өзіне тілемегенін өзгеге де істемейді.
Ұстаз айтты:
Біздің әрқайсымыз, императордан бастап қарашыға дейін, адамгершілігімізді ұдайы жетілдіріп отыруды ұмытпауымыз керек; мұның өзі - баршаның игілігінің қайнар көзі. Бастауы әлсіз дүниенің соңы барынша жетілуі мүмкін бе?!
Ұстаз айтты:
Сөйлесуге болатын кісімен сөйлеспеу - адамды жоғалтумен пара-пар. Сөйлесуге болмайтын кісімен сөйлесу - сөзіңді желге айтумен пара-пар. Ақылды кісі адамды да жоғалтпайды, сөзін де желге ұшырмайды.
Ұстаз айтты:
Елбасы адамзатты сүйсе, елбасы ізгілікті сүйсе, халықтың әділдікті сүймеуі мүмкін емес. Ал халық әділдікті сүйсе, елбасы қызметінің бақытпен ұштаспауы мүмкін емес.
Ұстаз айтты:
Парасатты кісі бәрін де өзінен іздейді, бишара өзгеден іздейді.
Ұстаз айтты:
Егер біз адамның ешбір қам-қаракетін, әрбір талпынысын көзден таса етпейтін болсақ, ол қайда барып бой тасаламақ?!
Ұстаз айтты:
Өзін де, жауын да жетік білгендер әманда жеңіске жетеді; тек өзін ғана білгендер бірде жеңіп, бірде жеңіліп, ит-жығыс түсіп жүреді; ал өзін де, жауын да білмейтіндер ешқашан жеңіске жетпек емес.
Ұстаз айтты:
Белгілі бір білім алу үшін белгілі бір заттың мән-маңызын зерттеу керек. Сондықтан шынайы білім қажет кісі дүниедегі жанды, жансыз нәрселердің пайда болу себептері мен заңдарын зерттеуі қажет. Кімде-кім шынайы білім алса, оған кез келген зат пен адам жанының мәні айқын да түсінікті. Міне, осындай білім жан-жақты білім һәм шынайы даналық болып табылады.
Ұстаз айтты:
Өзіңді-өзің қалай құрметтесең, өзгелерді де солай құрметтей білу, өзгелерге не істесең, өзгелердің де саған соны істеуін тілеу - міне, мұны адамды сүю туралы ілім деп атауға болар еді.
Ұстаз айтты:
Өзіңді жөндесең, басқаруың жеңілдейді. Өзіңді жөндемесең, өзгені қалай жөндейсің?
Ұстаз айтты:
Жетістікке тез жетемін деп есеп жасама және аз табысқа елікпе. Асықсаң - мақсатқа жете алмайсың, азға қанағаттанып қоя салсаң, үлкен жетістікке жете алмасың.
Ұстаз айтты:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz