Әдiлет органдар жүйесiнiң құқықтық жағдайы



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Мемлекеттiң атқарушы органдарының түсiнiгi, маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2. Қазақстан Республикасы Әділет министiрлiгiнiң
органдар жүйесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
Тоталитарлық басқару тәсілінен құқықтық мемлекеттікке көшу, мемлекеттің әлеуметтік жұмысын, тез арада өзгеше бағытқа бұрумен тікелей байланысты болады. Мемлекеттің әлеуметтік негізінің беріктігі, оның құқықтық тіреуінің тұрақтылығын алдын ала белгілейді.
Мемлекеттік билікті өзінше, жекелеген және тәуелсіз үш салаға бөлу, өкіметті өз пайдасына пайдалануға және құқықпен қатынасы жоқ тоталитарлық мемлекеттің пайда болуына жол бермейді. Мемлекеттік билік жүйесінде сол биліктің әрқайсысы өз орнында, өздеріне тән тапсырмаларын және басқа қызметтерді орындайды. Биліктің теңдігі арнаулы ұйымдастыру - құқықтың тәсілдерімен қолдау табады және бірігіп жұмыс істеуде, белгілі мөлшерде бірінің-бірі қызметтерін тежеп отырады. Сонымен қатар, олар бір биліктің екінші биліктегі, сол қызметтерінің мөлшеріндегі тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Заңдар қабылдайтын өкіметтің үстінен қарайтын жағдайының, себебі ол мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық бастамасын, елдің ішкі және сыртқы негізгі саясатын белгілейді, сондықтан, айтып келгенде, құқықтық ұйымдастырудың және орындаушы, сот қызметтерінің нысандарын белгілейді. Құқықтық мемлекеттің тетігіндегі (механизміндегі) заң қабылдаушы органдардың маңыздылығы, олардың қабылдайтын заңдарының жоғарғы заңдылық күшін қамтамасыз етеді, сонда көрсетілген құқық нормаларына жалпы міндеттілік сипат береді.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.
2. Мемлекет және құқық негiздерi. Оқулық. / Қраст. Е. Баянов.-Алмат; Жетi жарғы.
3. Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. Академический курс. – 2-е изд., перераб. и доп. – Алматы: “Издательство “Норма-К”, 2003.
4. .Чукмаитов Д. С. Предупреждение преступности. Алматы: Баспа, 1998.
5. 6.Бахрах Д.Н. Административная ответственность: Учебное пособие. - М. 1999.
6. .Административное право. Учебник/Под ред. Ю.М. Козлова, Л.Л. Попова.-М.: Юристъ. 2000.
7. .Алексеев С. С. Общая теория права. В 2-х т. Т. I. - М.: 1981.
8. Алехин А.П., Кармолицкий А.А., Козлов Ю.М. Административная пра¬во. Учебник. - М.: Издательство ЗЕРЦАЛО, 1996.
9. Комментарий к Кодексу Российской Федерации об административ¬ных правонарушениях/Под ред. Ю. М. Козлова. - М.: ЮРИСТЪ, 2002.
10. Қ.Д. Жоламан., А.Қ. Мұхтарова., А.Н. Тәуекелев. Мемлекет жәнее құқық теориясы.-Алматы. 1999.
11. . Баймаханов М.Т. Қазақстан Республикасының мемлекетi мен құқығының негiздерi: Оқулық./Құраст. Е.Баянов.-Алматы., 2003
12. Ағдарбеков Т. Мемлекет және құқық теориясы. Оқулық. –Алматы. “HAS” баспа компаниясы. 2003.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   


ЖОСПАР

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Мемлекеттiң атқарушы органдарының түсiнiгi, маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2. Қазақстан Республикасы Әділет министiрлiгiнiң
органдар жүйесi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

Кiрiспе

Тоталитарлық басқару тәсілінен құқықтық мемлекеттікке көшу, мемлекеттің әлеуметтік жұмысын, тез арада өзгеше бағытқа бұрумен тікелей байланысты болады. Мемлекеттің әлеуметтік негізінің беріктігі, оның құқықтық тіреуінің тұрақтылығын алдын ала белгілейді.
Мемлекеттік билікті өзінше, жекелеген және тәуелсіз үш салаға бөлу, өкіметті өз пайдасына пайдалануға және құқықпен қатынасы жоқ тоталитарлық мемлекеттің пайда болуына жол бермейді. Мемлекеттік билік жүйесінде сол биліктің әрқайсысы өз орнында, өздеріне тән тапсырмаларын және басқа қызметтерді орындайды. Биліктің теңдігі арнаулы ұйымдастыру - құқықтың тәсілдерімен қолдау табады және бірігіп жұмыс істеуде, белгілі мөлшерде бірінің-бірі қызметтерін тежеп отырады. Сонымен қатар, олар бір биліктің екінші биліктегі, сол қызметтерінің мөлшеріндегі тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Заңдар қабылдайтын өкіметтің үстінен қарайтын жағдайының, себебі ол мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық бастамасын, елдің ішкі және сыртқы негізгі саясатын белгілейді, сондықтан, айтып келгенде, құқықтық ұйымдастырудың және орындаушы, сот қызметтерінің нысандарын белгілейді. Құқықтық мемлекеттің тетігіндегі (механизміндегі) заң қабылдаушы органдардың маңыздылығы, олардың қабылдайтын заңдарының жоғарғы заңдылық күшін қамтамасыз етеді, сонда көрсетілген құқық нормаларына жалпы міндеттілік сипат береді.
Бірақ, заң қабылдаудағы өкіметтің жоғарылығы абсолюттік сипатта болмайды. Оның қимылы құқық принциптерімен, адамның табиғи құқықтарымен, адалдық және еркіндік идеяларымен шектеледі. Ол халықтың және арнайы конституциялық органдардың бақылауында болады, соның көмегімен заңдар күшінің конституцияға сәйкестігі қамтамасыз етіледі.
Мен бұл жұмыстың барысында әдiлет органдар жүйесiнiң құқықтық жағдайы мен өзге де мәселелердi қарастырмақпын.

1. Мемлекеттiң атқарушы органдарының түсiнiгi, маңызы

Мемлекет өзiнің атқарушы органдары арқылы құқық нормаларын іске асыруымен шұғылданады. Оның кызметі заңға негізделуімен бірге, заң көлемінде іске асырылуы қажет. Орындаушы органдар және мемлекеттік лауазым иелері заңмен белгіленбеген, азаматтардың және ұйымдардың жаңа құқығын, міндеттерін белгілейтін жалпыға бірдей нормативті актілерді қабылдауға құқығы жоқ. Орындаушы биліктің тежелінуі мемлекеттің өкілетті органдарының алдындағы есеп беретіндігімен жауапкершілігінің арқасында іске асырылады. Құқықтық мемлекетте әр азамат қандай болмасын орындаушы үкімет органдарының, лауазым иелерінің заңсыз әрекеттерін сотка шағым жасау арқылы шешеді.
Сот билігі, құқықтық мемлекеттің кұқықтық негізін, қоғамдық өмiрді әр түрлі қылмыстан, оны кім істесе де, қорғау үшін құрылған.
Қазақсатан ТМД елдерi бойынша өзiнiң экономикалық даму денгейi бойынша ең алғашқы қатарлардан көрiнуде. Құқықтық қоғамды азаматтық қоғамсыз құруға болмайды сондықтан да құқықтық мемлекеттi құру үшiн ең алдымен азаматтық қоғам құру арқылы мемлекет азаматтарының ынта жiгерiн оятуымыз керек.
Құқықтық мемлекеттi негiзiнен қоғамдық қатынастары тек заңмен реттелетiн, және азаматтары құқықтық мәртебесi бойынша теңдей, сондай-ақ адам құықтары мен бостандықтарын аса дәрiптейтiн, озық үлгiдегi мемлекет болып табылады.
Менiң курстық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған басты мәселе мемлекет оның ұғымы және мәнi, айта кету керек құқықтық және теориялық тұрғыдан мемлекет ұғымы терең зерттелiп кеткенiне қарамастан бұл тақырып дәл осы күнге дейiн өзiнiң өзектiлiгiн жолғалтқан жоқ деп айтуға болады.
Мемлекеттi адамзат тарихындағы ең бiр аса маңызды әрi күрделi құбылыстардың бiрi деп қарастыруға болады. Сол себептенде мемлекет деген ұғымға ғалымдар барлық кезде де аса қызығушылықпен мәне берiп зерттеп оны осы күнге дейiн жалғастырып келедi деп айсақ артық бола қоймас деп ойлаймын.
Қазiргi кезде мемлекеттiң құқықтық табиғатын зерттеу - оның қызметiндегi және дамуындағы басты ерекшелктердi теориялық тұрғыдан ашу, оның әлеуметтiк құндылғы мен қажеттiлiгiн айқындау ғылымның дербес саласы болып қалыптасып отыр.
Мемлект пен құқық барлық кезде қатар жүредi, сондықтан да мемлекеттi құқықтан бөлiп қарау мүмкiн емес. Кез-келген мемлекет өзiнiң қызметiн жүзеге асыруы үшiн құқықтық реттеуге жүгiнуi тиiс сол сияқты құқық та мемлекеттен тыс өз бетiнше өзiнiң мәнiн аша алмайды.
Мiне осы тұрғыдан алып қарағанда мемлекеттiң атқару саласының атқаратын қызметiнiң маңызы өте жоғары деп айтуға болады.
Жалпы мемлекет құқықтық институт ретiнде өзiнiң дамуын әлi де болса тоқтатқан жоқ, яғни мемлекет уақыт өткен сайын қоғаммен бiрге дамып күрделене түсуде деп айтуға болады.
Қазақстан Республикасы бұл күнде тәуелсiз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде әлем қауымдастығында өз орнын тапты деп айтуға болады. Қазақ халқы осы егемендiк жолында сандаған ғасырлар бойы күрескен болатын. Ендi мiне Қазақтың дербес, егемендi, демократиялық және құқықтық мемлекетi құрылып қана қоймай сондай-ақ оның болашақта дамыған, мықты мүмкiндiгi мол мемлекет боларына сенiммен қарауға толық негiз бар.
Елiмiзде iстелiп жатқан осындай аса мәндi де маңызды әрекеттер көп. Қазiр мiне тәуелсiздiктен кейiн он жыл өткеннен соң сол кезеңдерге көз салар болсақ бүгiнгi күнге дейiн орасан зор жұмыстардың жасалғанына оңай көз жеткiземiз.
Биiк мақсаттарға қол жеткiзу жолында, Қазақстанның әрбiр азаматы өз мүддесi үшiн де және ел мүддесi үшiнде аянбай енбек етiп үнемi iзденiстер жасауы шарт. Ал мемлекет тарапынан азаматтардың барлық бостандықтар мен құқықтардың еркiн жүзеге асырылуына жағдайлар жасалуы тиiс.
Тек сонда ғана бiзiң Қазақстан өркениеттi елдердiң қатарынына кешiкпей қосылары анық. Қазақстан тәуелсiздiк алғалы оның территориясында тек жақсы бастамалар ғана орын алып отыр.
Егер Қазақстан Республикасының бар мүмкiндiгiн түгелiмен толық және ұтымды пайдаланар болсақ оның болашағы жарқын мүмкiндiгi мол үлкен мемлекеттер қатарына қосылары еш бiр күмән келтiруге болмайды.
Қазiр Қазақстанда Ел басы Н.А. Назарбаевтың белгiлеген даму және өркендеудiң таяу отыз жылына белiленiп бекiтiлген стратегиялық 2030 бағдарламасы бар.
Егер мемлекетте жоғарғы және төменгi органдардың бәрi сайлаумен белгiлi мерзiмге құрылатын болса, осындай мемлекеттiк басқару формасы республика деп аталады. Республи­ка мемлекеттiк органдар белгiлi бiр мерзiмге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуiрдегi мемлекеттерде бiрiншi рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты. Мемлекеттi басқаратын адамдар мен органдарды халық бiр белгiлi кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республикада болмайды.
Парламенттiк республика. Бұл мемлекеттi басқару нысанында билiк парламенттiң қолына жиналған. Кабинет пен Премьер- министiрдi парламенттiң төменгi палатасы тағайындайды, тексередi және түсiредi. Өкiмет парламенттiң алдында жауапты. Парламенттiк басқару нысаны жағдайында билiк жүргiзу функциясы мемлекет пен үкiмет басшылары арасында бөлiнген. Пре­зидент тек мемлекет басшысы. Үкiмет атқарушы билiктi жүзеге асырады, әрi парламенттегi партиялық көпшiлiк негiзiнде құрылады. Күштi үкiмет - әлсiз президент.
Сонымен, өкiметте парламенттiң сенiмi болған кезде ол өзiнiң қызметiн iстей алады, ал болмаған жағдайда отставкаға шығады. Мұндай республикаларда президент мемлекеттiң басшысы, оның билiктерi өте аз.
Құқықтық мемлекет - көп өлшемді даму үстіндегі құбылыс. Қоғамдық прогресте ол жаңа қасиеттерді бойына жинайды. Қоғамның дамуындағы белгілі жағдайлардың деңгеiне сай келетiн жаңа мазмұндармен толығады.
Құқықтық мемлекет -бұл мемлекеттiк билiк қiзметiнiң ұйымдасу нысаны, ол құқық нормаларының қарым-қатынастарымен бірге құрылады. Құқық алдыңғы рөлді тек сол кезде ғана атқарады, егер ол көпшіліктің және жеке адамдардың бостандық мөлшеріне сай болса, қызметтегі заңдар шын мәнісінде, халықтың және мемлекеттің мүдделеріне қызмет етсе, оларды пайдалану шындықтың іске асқандығы. Өткендегі тәжірибеге көңіл аударсақ, тоталитарлық мемлекеттерде құқықтық актілер үзілмей шығарылып тұрды, оларды іске асырудағы қаталдық қамтамасыз етілді, бірақ, мұндай құқықтық реттеу, құқықтық мемлекеттің негізгі қағидаларына қарсы болды.
Тоталитарлық басқару тәсілінен құқықтық мемлекеттікке көшу, мемлекеттің әлеуметтік жұмысын, тез арада өзгеше бағытқа бұрумен тікелей байланысты болады. Мемлекеттің әлеуметтік негізінің беріктігі, оның құқықтық тіреуінің тұрақтылығын алдын ала белгілейді. Құқықтық мемлекет- бір мезгілдегі әлеуметтік мемлекет. Құқықтық мемлекеттің адамгершілік негізін, жалпы адамдық гуманизм принципі және адалдық, теңдік жеке адамның бостандығы, оның ары және адамгершілігі құрайды. Құқықтық мемлекеттің режимін шын мәнісінде, адамның жоғарғы адамгершілік құндылығы бекітеді, олардың қоғам өміріндегі басқару рөлін қамтамасыз етеді жеке адамға жасалатын басынушылықты, күштеуді жояды. Дәлірек айтсақ, ол мемлекеттік басқарудың демократиялық тәсілінен, сот процесінің адалдығынан, жеке адамның мемлекетпен қарымқатынасындағы құқығының және тәуелсіздігінің артықшылығы, аз топтың құқығын қорғау, әр түрлі діни сенімдерге көнуден көрінеді. Мемлекеттік өмірдің рухани толықтығы көп жағдайларда, қоғамның адамгершілік жетілгендігінен оның өркениетті деңгейінен, әлеуметтік-экономикалық, гумманизмінен және саяси қатынастарынан толығымен көрінеді.
Құқықтық мемлекет - бұл тәуелсіз мемлекет, ол өз бойына бүкіл халықтың, ұлттың және елді мекендейтін аз ұлттардың тәуелсіздігін жинайды. Мұндай мемлекет үстемдікті, бәріне бірдейлікті, биліктің толықтығын, ерекшелігін іске асыру арқылы, адалдыққа негізделген азаматтардың қоғамдық қатынастарын, бостандығын қалтықсыз қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекетке мәжбүр ету, мемлекет тәуелсіздігінің маңызды көрсеткіші ретінде, құқықпен шектеледі, заңсыздық пен бассыздыққа жол бермейді. Мемлекет өз күшін, құқық негізінде, тек өзінің тәуелсіздігі, азаматтарының мүдделері бұзылса ғана пайдаланады. Ол жеке адамның да бостандығын тежейді, егер оның әрекеті басқа адамдардың бостандығына қауіпті болса.
Мемлекеттің саяси табиғаты оның тәуелсіздігінен анық көрінеді. Қоғамның саяси жүйесі, бөліктерінің мүдделері және барлық гамма қажеттіліктер тек тәуелсіздікке келіп жиналады. Тәуелсіздікке байланысты ғана мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың мүдделері біріктіріледі, адал құқықтың теңдігі және еркін дамуы камтамасыз етіледі. Енді құқықтық мемлекеттің негізгі белгілеріне көшейік:
Құқық жүйесіндегі жоғарғы құқықтылықтың нысанына ұйымдарды және адамдардың бостандығын қорғаушы заң жатады. Заңда мемлекет бәріне міндетті тәртіп жолын белгілейді, адалдық пен теңдіктен бастау алып, қоғам дамуындағы объективті кажеттілікті толық есепке алады. Міне, сондықтан да заң - жоғары заңдылық күшке ие. Басқа құқықтық актілер заңға сай болуы қажет. Заң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ СОТ БИЛІГІ
Қазақстан Республикасының сот билігі
Құқық қорғау органдары туралы
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Сот органдары және олардың қызметін жетілдіру жолдары
Ішкі істердің аумақтық органдары
Әділет органдары
Қазақстан Республикасының прокуратурасының құрылуы мен даму тарихы
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Әділет органдарына тұру шарты
Пәндер