Компания құнын бағалауға табыстық тәсілдеме


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 5

  1. Компания кұнын бағалаудың теориялық

негіздері

  1. Компанияны бағалаудың мақсаты . . . 7

1. 2 Компанияны бағалауды реттейтін стандарттар . . . 14

  1. Компания құнын бағалаудағы әр түрлі әдістер

және олардың ролі (ЖШС IMC SAUDA

мысалында) .

2. 1 Компанияны бағалағанда қолданылатын әдістер . . . 26

2. 2 Коммерциялық жылжымайтын мүлікті табыс әдісімен бағалау

мысалында компания мүлкін бағалау . . . 44

2. 3 Компания құнын бағалаудың ерекшеліктері . . . 54

3 Қазақстан Республикасының бағалау қызметін

жетілдіру

3. 1 Қазақстан Республикасының бағалау қызметінің даму кезеңі және

күй-жағдайы мен проблемалары . . . 60

3. 2 Компания мүлкін бағалаудың болашақта жетілдіру . . . 66

Қорытынды . . . . . 70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 72

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыcтың өзектілігі. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында компанияны бағалаудың ролі өте маңызды. 2000 жылы қараша айында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі» туралы Заңы осыған айғақ. Қазақстандағы бағалаудың кәсіби тәжірибесі тек қана қалыптасу сатысында тұр деп айтуға болады. Бұл мәселемен айналысатын ұйымдардың қызметі шетел тәжірибесіне негізделген.

Жоғарыда айтылған заңға сәйкес бағалау үрдісі төмендегідей жағдайларда қолданылады:

  • Мүлікті кепілдікке беру арқылы несие алу (ипотека) ;
  • Компанияларды қайта құру немесе жою;
  • Инвестициялық шешім қабылдау;
  • Мүлікті сақтандыру;
  • Салық салуды оңтайландыру үшін және тағы басқалар.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Демек, өңдеу тәртіпке салу және бағалау процестері толық жетілдірілген жаңа экономикалық жүйе болып табылады, және оған айғақ Қазақстан Республикасы президенті Н. А. Назарбаевтің халыққа жолдауында “ Қазақстан - 2030 гүлдену, қауіпсіздік және халықтың әл-ауқаттылығының жақсаруы ” негізгі приоритеттердің бірі ретінде белгіледі [1] .

Отандық экономика ғылымдары үшін құнның бағалау проблемасы жаңа үрдіс болып табылады.

Анықтама сұрақтары сонымен қатар соңғы кезде құнның - дамитын шарттарында қарастыруға болады. ТМД елдерінің экономисттерінің еңбектерінде Федотова М., Грязнова А. Г., Попова В. Н., Горемыкин В. А. және Болдырев В. С., Федоров Л. Е. тойтарыс және проблемалардың шешіміне тағы басқада маңызды қазақстандық ғалымдар өз үлестерің қосты, және олар Бейсембаев. З., Ермекбаев. Е. Р., Дияров С. К., Коваленко Г. П. Радостовец. Н . және тағы басқалары.

Әдеби қайнарлардың талдауы қорытынды жасауды рұқсат етеді, ең алдымен шетелдік тәжірибеге бейімделуі арқылы нарықтық құнын бағалау теориясының қалыптасуы Қазақстанда жүзеге асады. Бірақ бұл Қазақстандық экономика тарихи ерекшеліктерінің есепсіз процесі негізінде болды, нарықтық құн құруына әсер көрсетуші.

Зерттеу пәні. Осы дипломдық жұмыста компанияны бағалау тәсілдері, ерекшеліктері, сонымен қатар оның қазақстандық тәжірибеде қолдану ерекшеліктері қамтылған. Менімен таңдалған тақырып өте өзекті болып табылады. Ең көп таралған салыстырма әдісі бағалау процесінде үлкен роль атқарады, сондықтан бағалау шарттарында қарапайым және таңдамалы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың ең басты мақсаттары мен міндеттері :

- біріншіден, бағалау әдістерін тиімді қолдану, әртүрлі ерекшеліктерін толық суреттеп айту;

- екіншіден, Қазақстанда бағалау әдістерінің қолдану ерекшеліктерін айқындау, және тиімді әдістерді айқындау;

- үшіншіден, проблемаларды айқындау, сонымен қатар бағалау қызметін жетілдіру үшін ұсыныстар жасау.

Компанияны бағалау шарттарында құнның - коммерциялық жылжымайтын мүлік, машина және құрал-жабдықтардың бағалауы теориялық, әдістемелік және практикалық негізде құрылғаны сөзсіз.

Дипломдық жұмыстың ғылыми көздері:

- Қазақстан Республикасының заңдары және нормативті актілері;

- Отандық және шетелдік ғалымдардың - экономисттердің еңбектерімен құн теориялары;

-Жариялауларда қарастырылған зерттеу проблемалары.

Дипломдық жқмыстыңз ерттеу объектісі. Жұмыс құрылымы тақырыппен ескертілген деңгейде жазылып, зерттеу объектісімен және мақсаттарымен қамтылған. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, қолданған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 Компания кұнын бағалаудың теориялық

негіздері

  1. . Компания бағалаудың мақсаты

Қаржы жағдайын бағалау әр түрлі мақсаттармен іске асырылады.

Ең біріншіден компанияны бағалау қандай мақсаттармен жүргізілетінін анықтап алайық. Төмендегі кестеде әр түрлі субъектілер жағынан компанияны бағалаудың мақсаттары келтірілген.

Кесте 1

Әр түрлі субъектілер жағынан компанияны бағалаудың мақсаттары

Бағалау субъектісі: Бағалау субъектісі
Бағалау мақсаттары: Бағалау мақсаттары
Бағалау субъектісі: Кәсіпорын заңды тұлға ретінде
Бағалау мақсаттары: Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Бағалау субъектісі: Кәсіпорын дамуының жоспарын жасау
Бағалау субъектісі: Акцияларды эмиссиялау (шығару)
Бағалау субъектісі: Басқару тиімділігін бағалау
Бағалау субъектісі: Жеке меншік иесі
Бағалау мақсаттары: Жеке меншікті басқару варианттарын таңдау
Бағалау субъектісі: Реструктуризация процесінде біріктіру және бөлу баланстарын құру
Бағалау субъектісі: Кәсіпорынды немесе оның үлесінің сату-сатып алу бағасының орынды екеніне көз жеткізу
Бағалау субъектісі: Кәсіпорын жойылу (ликвидация) процесінде сатылымнан түскен ақша мөлшерін орнату
Бағалау субъектісі: Несие ұйымдары
Бағалау мақсаттары: Несие алушының қаржылық қабілеттілігін тексеру
Бағалау субъектісі: Кепілге берілетін несие сомасының мөлшерін анықтау
Бағалау субъектісі: Сақтандыру компаниялары
Бағалау мақсаттары: Сақтандыру молшерін орнату
Бағалау субъектісі: Сақтандыру төлемі сомасын анықтау
Бағалау субъектісі: Қор биржалары
Бағалау мақсаттары: Конъюнктуралық мінездемелерді есептеу
Бағалау субъектісі: Бағалы қағаздар котировкасын анықтау
Бағалау субъектісі: Инвесторлар
Бағалау мақсаттары: Инвестициялық құйылымдардың тиімділігін анықтау
Бағалау субъектісі: Инвестициялық жобаға қосу мақсатымен сатып алынған кәсіпорынның бағасын анықтау
Бағалау субъектісі: Мемлекеттік органдар
Бағалау мақсаттары: Кәсіпорынды жекешелендіруге дайындалу
Бағалау субъектісі: Әр түрлі салықтар үшін салық салу базасын анықтау

Кесте 1 жалғасы

:
Кәсіпорын жойылу (ликвидация) процесінде сатылымнан түскен ақша мөлшерін орнату: Кәсіпорын жойылу (ликвидация) процесінде сатылымнан түскен ақша мөлшерін орнату
: Сот мақсаттары үшін баға орнату

Қайнар көзі: Компания бағалаудың мақсатының мәліметтері бойынша

Диагностика - бизнес көз-қарасынан қаржы анализі, компания резервтерінің оптималды көлемі жеткілікті болатыны, компанияның төлем төлеу қабілеттілігі, қаржылық рисктегі тік шығынға және сол уақытта шаруашылық қызмет ресурстарының жеткіліктілігіне көз жеткізу.

Қаржы жағдайын бағалау әр түрлі модельдер түрінің көмегімен жүргізілуі мүмкін. Негізгі үш модельді қарастырайық: дескриптивті, предикативті және нормативті [2] .

Дескриптивті моделі - компания қаржы жағдайын бағалаудың негізі болып табылады. Бұларға жататындар баланстық есеп беру (балансовая отчетность) , қаржылық есеп беру (финаносвая отчетность) .

Предикативті модель - бұл модель прогностикалық негізге көзделген. Бұлар компания кірістерінде балама райында қолданылады, және болашақтағы қаржы жағдайын болжау арқылы жасалады.

Нормативті модель - бюджетке есептелген компания қызметін күтетін баламалы фактінің шешімін береді. Бұл модельдер ішкі қаржы анализдері негізінде қолданады. Бұлардың маңызы белгіленген нормативті әр бапта шығаратын әр технологиялық процессте, жасап шығару түрінде, жауапкершілік ортасында, нормативтерден фактілік анализден құлауы. Анализ көп жақтарда детерминироватталған факторлық модельде қолданады.

Қаржы жағдайын сыртқы жиынтығын бағалау көбіне қолданушылардың экономикалық қызығушылық сферасында анықталады.

Бағаны белгілеу мыналарды қамтитын әрекеттердің белгілі бір бірізділгін көздейді:

- баға белгілеудің міндеттерін қоюды;

- сұранысты талдауды;

- шығынды бағалауды;

- бәсекелестің тауарлары мен бағаларын талдауды;

- баға белгілеу әдістерін таңдауды;

- соңғы бағаны орнатуды.

Бірінші қадам - баға белгілеу міндеттерін қою.

Ең алдымен компания нақты тауарларды өндіру мен сату арқылы қол жеткізуіне келетін мақсаттарды анықтап алуы қажет.

Компанияның мақсаты:

- құрып кетпеуді қамтамасыз ету. Бәсекелестің немесе тұтынушылар сұранысты өзгеруінен қиындықтар тууы мүмкін. Бизнесті жалғастыру және өнімнің қосалқы қорларын жою үшін бағаны төмендетеді. Бұл кезде пайда өзінің алғашқы мәнін жоюы мүмкін. Ал әзерге баға шығынның орнын толтырып отырған кезде өндірісті жалғастыра алады;

- пайданы максималдау. Компания өз тауарына максималды пайданы қамтамасыз ету үшін өз бағасын қояды. Ол үшін бағаның әр варианты бойынша мүмкін сұраныс пен алдын ала болатын шығындарды анықтайды. Баламалар арасынан қысқа мерзім ішінде максималды пайда әкелетінін таңдап алады. Бұл жерде мемлекеттік реттеуші әрекетіне, бәсекелестердің саясатына, маркетингтің басқа түрлі элементтерін пайдаланумен анықталатын ұзақ мерзімді перспективалар ескерілмейді;

- айналымды максималды ұлғайту. Айналымды максималдауға баға өнімдері корпоративті өндіріліп, шығындардың барлық құрылымы мен шығынын анықтау қиындығы пайда болған кезде қолданылады. Осы жағдайда сұранысты бағалау маңызы болады. Мақсатты өткізу көлеміне комиссиондық пайызын орнату арқылы іске асыруға болады;

- өткізуді үйлесімді кеңейту. Өткізу көлемін ұлғайту өнім бірлігіне шаққан шығынды төмендету және пайданы көбейтуге әкеледі. Нарық мүмкіншілігінен шыға отырып, компания өз өнімнің бағасын минимумге дейін төмендетіп, нарықтағы өз үлесін арттырады да, тауар бірлігіне жұмсалатын шығынды азайтуға қол жеткізеді. Осының негізінде бағаны әрі қарай төмендете алады. Мұндай саясат нарықтық бағаға деген сезімталдығы зор болған жағдайда, егер өндіріс көлемін азайтуға нақты мүмкіндік туса және бәсекелесті шеттеуге қол жететін болса ғана табыс әкеледі;

- жоғары бағаны орнату арқылы «бәсекені азайту». Компания өзінің әр жаңа еңгізулерін бұрынғы тауарлар алдындағы салыстырмалы басымдылған пайдалана отырып, жаңа тауарға мүмкіндігінше жоғары баға қояды. Жаңа тауарды өткізу аяқталған кезде, бағаны төмендету арқылы кәсіпорын өз өніміне төлем қабілеті төмен клиенттердің келесі өнімге тартады;

- сапа. Сапалы өнім шығаратын компаниялар сапаны әрі қарай көтеруге, жұмсалатын қосымша шығындардың орнын жабу үшін өз тауарларына жоғары баға қоя алады.

Айталық, нарықта өткір бәсеке күресі қалыптасты делік. Бұл жағдайда нарықтың барлық кеңістігінде фирманың күрес жүргізгені, яғни баға арқылы бұзып өту стратегисын қолданғаны дұрыс болмайды. Оның орнына алармандардың баға деңгейіне сезімталды төмен шағын нарық сегментінде күшін шоғырландырып, бәсекеслестерін ол сегменттен ығыстыру ыңғайы туып жатса, сегментте сыйапатты баға құру стратегиясын қолданғаны ұтымды болар еді.

Бизнесті бағалаудың мақсаты.

Компанияның тиімді баға саясатын жүргізу үшін, біқатар шарттар орындалуы қажет:

- оның қаржы қызметкерлері мен бухгалтерлері қажетті сапа деңгейін алуды қамтамасыз ете алатын минимумға дейін шығынды төмендете отырып, басқара алуы керек; маркетологтарға нақтылы міндет қою үшін шығындар мен сауда көлемі арасындағы нақты сандық байланысты анықтау қажет;

- компанияның маркетинг жөніндегі мамандары фирманың бәсекелестік артықшылығын, оның коммерциялық саясатының негізгі бола алатын өнімді, қызметті және нарық сегментін таңдай ала білуі қажет.

Нарықта жұмыс істейтін көптеген компаниялар өзіне ұқсастардан артық болу, тауарларына ерекше қасиеттер беру үшін, үлкен қаражаттар жұмсайды. Егер оны іске асырған болса, оның нәтижесі барлық шығындарды өтейді. Өнімге ерекшелік қасиетін беру ешқандай мәселені шешпейді. Ол үшін, біріншіден, сатып алушыны ол туралы хабардар ету керек; екіншіден - сатып алушыны, осы ерекшелікті қолдану, тұтынуда жаңа қасиетке қол жеткізетініне сендіру керек.

Нарықтық экономикада өзіндік құнға жатқызылатын және баға белгілеу мақсатында өзіндік құнды қалыптастыруда бәсекелік салалар компаниялары үшін анықталған, сонымен қатар алынған пайда мен шаруашылық қызметтің басқа нәтижелерін есептеу үшін, өзіндік құнға жатқызылатын шығындарды анықтау кезінде бірегей шешім қажет.

Сату көлемін көбейту саясатының баға құруға тигізетін әсері рыноктың нақтылы жағдайына байланысты. Егер фирма өзінің тауарларын рынокта ұлғайтуға мүмкіндігі болса, онда бағасын кемітуге болады. Кейде тіпті табысы төмен алушыларды саудаға тарту үшін мерзімдер аралығында бірнеше рет бағаны төмендетеді. Ал рыноктағы барлық алушылар саудыға тартылып, сауда көлемі тұрақталған жағдайда, баға құру саясаты басқаша бағыт алып, баға қалыптасқан деңгейде сатылуы тиіс (шығын төмендеп, бағаны одан әрі төмендетуге мүмкіндік болса да) . Әрине, бұл жағдайда фирма артық пайда табады.

Әрине біздің елімізде нарықтық экономикаға жаңа еніп, оны игере бастады. Фирмалар құндылыққа негізделген баға құруға енді-енді көшіп жатыр. Алайда олардың көпшілігінің ежелден қалыптасып қалған шығынға негізделген баға құрудын қол үзуі оңайға түспейді. Әйтседе нарық өмірінің өзі итермелеп, әсіресе бәсеке жағдайында тіршілігін сақтап қалу үшін құндылыққа негізделген баға құруға көшіп жатқан фирмалар баршылық.

Машиналар мен құрал-жабдықтарды бағалағанда жалпы жағдайда сәйкес құрал-жабдықты сатып алумен және орналастырумен байланысты барлық шығындардың жиынтығын ескеру керек. Атап айтатын болсақ:

- құрал-жабдықты сатып алу шығындары;

- транспорттық-әзерлеу және қойма шығындары;

- фундаментті дайындаумен құрал-жабдықтарды орналастырумен, оны ретке келтірумен, күші бар өндірістік-технологиялық жүйеге және өнеркәсіптік пайдалануға қосумен байланысты тікелей шығындардың барлық түрлері;

- инженерлік-құрастыру және технологиялық жұмыстарға пайдалану,

-құрал-жабдықты сатып алумен, орналастырумен және қосумен байланысты үлестік жанама шығындар.

Машиналар мен құрал-жабдықтарды бағалаудағы шығындық тәсіл еңбек құн теориясында және орын басу принципіне негізделген.

Оганизацияның көбіне негізгі функциялау мақсаты бүкіл әлемдегі пайда алу болып табылады. Осы компанияның нарықтағы өзінің үлесін көбейтеді және шығынды азайтады. Компанияға осыдан басқа компаниядағы ақша ағымын жақсылап қарауды талап етеді. Компаниядағы кредиторлық қалдықтың өсуіне алып келуі кредиторларға ұнайды және жеке меншік иеленушілергеде (акционерлергеде) қаржылық қызмет операцияларына проблемалардың өсуіне әкеліп соғады.

Ақшаның еркін саны компаниядағы счет ақша құрылысы. Компанияның нарық құны нарық жинағында анықталады. Компания құны да акцияның котировкаға әкеп соғады, нарыққа байланысты нағыз қалыпты кезеңде.

Қаржылық тұрақтылықты бағалау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының маңызды сипаттамаларының бірі ұзақ мерзімді перспективадағы оның қызметінің тұрақтылығы.

Меншікті капиталдың концентрация коэффиценті» - кәсіпорын иелерінің оның қызметінің қаражаттарының жалпы суммасындағы үлесін сипаттайды. Бұл коэффиценттің мәні жоғары болған сайын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы соншалықты жоғары болады.

  1. «Қаржылық тәуелділік коэффиценті» - меншікті капиталды концентрация коэффицентіне кері көрсеткіш болып табылады. Динамикадағы бұл көрсеткіштің өсуі қарыз қаражаттарын білдіреді.
  2. «Меншікті капиталдың ептілік коэффиценті» - меншікті капиталдың қай бөлігі ағымдық қызметті қаржыландыру үшін пайдаланатындылығын, яғни айналым қаражаттарына салынғандығын білдіреді.
  3. «Ұзақ мерзімді салымдар құрылымының коэффиценті» - бұл коэффицент негізгі құралдардың және басқа да айналым активтерінің қай бөлігі сыртқы инвесторлармен қаржыландырылғандығын көрсетеді.
  4. «Қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімді тарту коэффиценті» -капитал құрылымын сипаттайды. Динамикадағы көрсеткіш жоғары болған сайын, кәсіпорын соншалықты сыртқы инвесторларға байланысты болады.
  5. «Меншікті және тартылған қаражаттардың қатынас коэффиценті» - ол кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының жалпы бағасын береді. Көрсеткіштің өсімі сыртқы инвесторлардан тәуелділіктің күшеюін көрсетеді.

Айта кететін жайт, қарастырылған көрсеткіштер үшін бірегей нормативті критерийлер жоқ. Олар көптеген факторларға байланысты: салалық жатқызылуы, несиелеу қағидалары, қаражаттар көздерінің қалыптасқан құрылымы және т. б.

Сондықтан бұл көрсеткіштердің қолайлылығына туыстас кәсіпорындардың топтары бойынша құрастырған дұрыс. «Жұмыс істейтін» «Экономикалық өсудің тұрақтылық коэффиценті» - кәсіпорын қандай орташа қарқындармен дами алатындығын көрсетеді.

Рентабельділікті бағалау. Бұл блоктың негізгі көрсеткіштеріне авансталған капиталдың рентабельділігін және меншікті капиталдың рентабельділігін жатқызады. Есептеу кезінде баланстық немесе таза пайданы пайдалануға болады.

Кеңістікті - уақытылы аспектіде рентабельділікті талдай отырып, үш басты ерекшелікті ескеру керек:

  • уақытылы аспект, мұнда кәсіпорын жаңа перспективті технологиялар мен өнім түрлеріне өте бастайды;
  • тәуекел мәселесі;
  • бағалау мәселесі, мүнда пайда динамикада бағаланады, меншікті капитал бірқатар жылдар ішінде болады.

Бірақта баланста барлығы көрсетіле бермейді, мысалы сауда маркасының, супер қазіргі технологиялардың, тамаша персоналдың ақшалай бағалануы болмайды, сондықтан қаржылық сипаттағы шешімдерді таңдау кезінде фирманың нарықтық бағасын да ескеру керек.

Кәсіпорын мен оның құрылымының балансын талдау. Кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдау негізінен жылдық және кварталдық бухгалтерлік есеп берудің және ең алдымен бухгалтерілік баланстың берілгендері бойынша жүзеге асырылады.

Қабылданған топтау кәсіпорынның қаржылық жағдайын терең талдауға мүмкіндік береді.

Бұл топтау «балансты оқу» үшін ыңғайлы, ол дегеніміз тікелей бухгалтерлік баланс бойынша кәсіпорынның және оның қаржылық жағдайының қорытындыларымен алдын - ала жалпы танысу.

Балансты оқу кезінде мыналарды анықтайды: баланс қорытындыларының және оның баптарының жеке тарауларының өзгеруінің сипаты, кәсіпорын қаражаттарын орналастырудың дұрыстығы, оның ағымдық төлемқабілеттілігі және т. б.

Балансты оқуды, әдетте талданатын уақыт мерзімі бойынша баланс шамасының өзгеруін анықтаудын бастайды. Ол үшін жылдың басындағы баланс қорытындысын жылдың соңындағы баланс корытындысымен салыстырады.

Көлденең талдау баланс баптарын және ол бойынша есептелетін көрсеткіштердің жыл басына және жыл соңына немесе тіпті бірнеше есепті кезеңге сәйкестендіруді білдіреді; ол ары қарай зерттеуді талап ететін ауытқуларды анықтауға мүмкіндік береді. Көлденең талдау кезінде абсолютты және қатысты көрсеткіштерді есептейді. Сәйкестендіру баланс қозғалысының жалпы бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Қарапайым өндірістік жағдайларда баланс қорытындыларының көбеюін оң, ал азаюын теріс деп бағалайды.

Баланс динамикасының өзгерісін бағалағаннан кейін баланс динамикасының өнімді өндіру көлемі мен өткізудің, сонымен қатар кәсіпорын пайдасының динамикасымен сәйкестігін анықтаған дұрыс.

Баланс суммасының өсу қарқынымен салыстырғанда өндіріс көлемінің, өнімді өткізудің және пайданы өсу қарқынының тез өсуі қаражаттарды пайдаланудың жақсарғандығын білдіреді. Өндіріс көлемінің, өнімді өткізудің және пайданың өсу қарқындарын анықтау үшін өнім өндірісі туралы кәсіпорынның берілгендерін, қаржылық нәтижелер туралы есеп беруді және балансты пайдаланады.

Мүлік құнының бір теңгесіне (кварталды) шаққандағы есептелген пайданың, тауарлық және өткізілген өнімнің көрсеткіштерін өткен жылдардың берілгендерімен, сонымен қатар басқа кәсіпорындардың ұқсас көрсеткіштерімен есептеген дұрыс.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде аталған көрсеткіштер кәсіпорын басшыларының іскерлік белсенділігін сипаттау мақсатында пайдаланылады. Іскерлік белсенділікті сипаттау үшін сонымен катар қор қайтарымдылығының, материал сыйымдылығының, еңбек өнімділігінің, айналым капиталының айналымдылығының, меншікті капиталдың көрсеткіштері, тұрақты экономикалық өсу мен таза түсімнің тұрақтылық коэффиценттері пайдаланылады.

Барлық баланс өзгеруінің бағыттылығын анықтаудан басқа оның жеке баптары мен тараулары өзгерісінің сипатын анықтау, яғни көлденең бойынша ары қарай талдауды жүзеге асыру керек. Баланс активінде ақшалай қаржаттардың, құнды қағаздардың, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржылық салымдардың сонымен қатар, әдетте негізгі құралдардың, капитал салымдарының, материалды емес активтердің және өндірістік қорлардың, ал баланс пассивінде - бірінші тараудың және пайданың, резервті қордың, арнайы бағыттағы қорлардың суммаларының қорытындылары көбеюі оң бағаға ие болады. Негізінен, баланстың активінде және пассивінде дебиторлық және кредиторлың борыштың күрт өсуі теріс бағаға ие болады. Барлық жағдайларда «зияндар» және «күмәнді борыштар бойынша резервтер» баптары бойынша бар болуын және көбеюін теріс бағалайды.

Баланстың бұл баптарын оқу кәсіпорындардың қаржылық жағдайлары туралы кейбір түжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Осылайша, зияндардың бар болуы аталған кәсіпорынның рентабельді емес екендігін білдіреді. Егер кәсіпорын жоспарлы - зиянды болса, онда зиян суммасын жоспарлы шамамен және алдыңғы баланстың зиян суммасымен сәйкестендірген дұрыс. «Күмәнді борыштар бойынша резервтер» бабында суммалардың болуы тауарлар, жұмыстар немесе қызметтер үшін және оның басқа түрлері үшін қазіргі және мерзімі өтіп кеткен кредиторлық борыштың бар екендігін білдіреді.

Балансты ары қарай талдау кезінде кәсіпорын қаражаттары мен оның құрылу көздерінің құрылымын (тік талдау) зерттейді.

Тік талдау - бұл сәйкес базалык бапқа (базалық көрсеткіш бойынша) белгілі пайыздық арақатынас арқылы бапты (көрсеткішті) сипаттау. Тік талдау көмегімен кәсіпорын қызметіндегі негізгі тенденциялар мен өзгерістерді анықтайды.

Баланс активтерінің құрылымы келесі көрсеткіштерден тұрады: кәсіпорын мүлкі, негізгі қаржаттар мен басқа да айналымнан тыс активтер (барлық қаражаттарға пайызбен) ; материалды айналымнан тыс активтер (айналым қаржаттарына пайызбен) ; акшалай қаражаттар мен қысқа мерзімді қаржы салымдары (айналым каржаттарына пайызбен) .

Осы көрсеткіштер бойынша, ең алдымен, кәсіпорын мүлкінің барлық қаражаттарын, оның өндірістік потенциалы айналымдылығының өзгеру тенденцияларын анықтайды.

  1. 1. 2. Компания бағалауды реттейтін стандарттар
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын құнын бағалау
Мүліктік кешеннің құны
Бағалау әдістемелері
«Компания KBS Advisors» ЖШС
Бизнесті бағалау принциптері
Ұзақ мерзімді активтер есебінің әдістемесін зерттеу
Бизнесті бағалау
БИЗНЕСТІ БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Жобаны жоспарлау
Кәсіпорын бизнесін бағалаудың алғашқы қадамы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz