ЖШС «Теңізшевройлдың» инновациялық қызметін талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 6

1 Инновация жүйесінің теориялық негіздері 11

1. 1 Инновациялық жүйенің экономикалық теориясы 11

1. 2 Қазақстан Республикасындағы инновациялық жүйе

құрылымының қалыптасуы 15

1. 3 Инновациялық жүйенің дамуының әлемдік тәжірибесі 25

2 ЖШС «Теңізшевройлдың» инновациялық қызметін талдау 33

2. 1 ЖШС «Теңізшевройлдың» қызметін экономикалық бағалау 33

2. 2 ЖШС «Теңізшевройлдың» экономикалық даму болашағы 39
2. 3 ЖШС «Теңізшевройлдың» Қазақстан Республикасының
экономикасына қосқан үлесі 50

3 ЖШС «Теңізшевройлдың» инновациялық жобаларының
экономикалық тиімділігін талдау
54

3. 1 ЖШС «Теңізшевройлдың» индустриалды-инновациялық жобалары 54

3. 2 Екінші буын жобасы/Газ айдау жобасы 60

ҚОРЫТЫНДЫ 69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 71

ҚОСЫМША А 72

ҚОСЫМША Ә 73

ҚОСЫМША Б 74

ҚОСЫМША В 75

ҚОСЫМША Г 76

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта Қазақстандағы жүзеге асырылып жатқан индустриалды - инновациялық бағдарламасы ғылымды қажетсінген технологияларды өндіріс процесіне қосу, экономиканың өңдеу саласын дамыту негізін қалыптастыру, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру, Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСО) ену алғышарттарын құру жүзеге асырылып жатыр.

Бұл орайда ғылымның және техниканың соңғы жетістіктерін өндіріс процесіне әуестендіру арқылы отандық кәсіпорындардың өндірістік әлеуетінің қолданыс деңгейін көтеру сұрақтары актуалданады.

Ғылыми - техникалық прогресс пен өндірістік потенциал арасы жақындай келеді. Қазіргі заманғы менеджмент өндірістік потенциал және оларды қолдану элементтерінің техникалық - экономикалық деңгейін көтеру қажеттілігін мойындап отыр.

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік потенциалының даму проблемаларын шешу үшін жаңа көзқарастар қалыптасып, өнеркәсіптік ресурстарды пайдалануды «техника - технология», «техника - ақпарат», «технология - адам» тіркестер тұрғысынан қарастыруға тура келіп отыр.

Сондықтан да өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік потенциалының маңызын, қалыптасуын және әрі қарай даму рөлін зерттеу көкейтестілігі өнімнің сапасын жоғарлату және қарастырылған нарықтық жағдайда экономикалық бағдарламаның басты бағыты ретінде инновациялық процесті жеделдетуді барлық жағынан, яғни ақпаратты, жаңа техника мен технологияны, үйымдастырушылық пен басқарудың прогрессивтік формаларын дамыту негізге алынып отыр.

Шетел және отандық авторлар «инновация» терминіне әртүлі анықтамалар беріп жатады. Инновация мағынасын ашу үшін келесі авторлар анықтамаларын келтіріп кетейік.

Б. Твисстің берген анықтамасы: «Инновация - бұл өнертабыс немесе жаңа идеяның экономикалық мазмұнға айналған кездегі үрдіс».

Ф. Никсонның айтуы бойынша: «Инновация - бұл нарықтағы жаңа және жақсартылған өнеркәсіптік процестер мен жабдықтардың пайда болуына ықпал ететін техникалық, өндірістік және коммерциялық шаралардың жиынтығы».

Б. Сангоның анықтамасы бойынша: «Инновация - бұл қоғамдық -экономикалық процесс, ол идеялар мен өнертабыстардың практикалық қолданысы арқылы құрамы жағынан жақсырақ жаңа бұйымдар мен жаңа технологияларды құруға әкелуі, егер инновация белгілі экономикалық пайдаға ие болуды көздесе, онда оның нарықта көрініс табуы қосымша кіріс әкеледі».

И. Шумпетер анықтамасы: «Инновация - бұл кәсіпкерлік рухпен уәждемеленген өндірістік факторларлар комбинациясы.

Д. В. Соколов, А. Б. Титов, М. М. Шабанова анықтамасы: «Инновация (жаңалық енгізу) - бұл қоғамдық тұтынушылықты қамтамасыз ететін және бірнеше (экономикалық, ғылыми - техникалық, әлеуметтік, экологиялық) эффектерге жеткізетін жаңа немесе модифицерленген енгізілімдерді қалыпатастыру және игерудің (енгізу) соңғы нәтижесі».

Ю. П. Морзов анықтамасы: «Инновация - бұл жаңа технологиялар, жаңа өнім түрлері ретінде, ұйымдастырушылық - технологиялық және әлеуметтік - экономикалық шешімдердің өндірістік, қаржылық, коммерциялық немесе тағы басқа сипатта жаңалықтарды тиімді жүзеге асыру».

А. И. Пригожий жаңа енгізілімдер технологияны, техниканы, басқаруды дамытудың бастапқы қалыптасу, игерілу, диффузия сатыларында басқа объектілерге келтірілуі деп есептейді.

П. Н. Завлин, А. К. Казанцев, Л. Э. Миндели анықтамасы: «Инновация -бұл қызмет процесін немесе оның нәтижелерін дамытуға бағытталған, интеллектуалдық (ғылыми - техникалық) қызмет нәтижелерін қайсы бір салада жүзеге асырылуы».

Халықаралық стандартқа сай, инновация - нарыққа енгізілген жаңа тауар немесе жетілдірілген өнім, практикалық қолданыста жүрген жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесі, елде қоғамдық қызмет көрсетудің жаңа тәсілі ретінде инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі болып анықталады.

Коммерциялық аспект тұрғысынан инновация нарыққа қажетсінуі арқылы көрсетілген экономикалық қажеттілік деп тұжырымдалады. Инновацияны қоғамдық - техникалъщ жэне экономикалық деп екі түрғыдан қарастыруға болады.

Инновацияны түрлі сипатына қарай классификациялайды.

Радикалдылық деңгейіне және олардың экономикалық даму маңыздылығына қарай инновациялар базистік, жетілдіргіш жэне псевдоинновация (рационализирующие) деп жіктеледі. Бұл жіктелулер астында екі түрлі инновациялық процестер: пионерлік және қуып жетуші (догоняющий) жатыр. Пионерлік тип әлемдік біріншілікке (мысалы, АҚШ) жету линиясын білдіреді. Ал қуып жетуші - арзанырақ және жедел нәтиже беруі мүмкін (мысалы, Жапония) .

Инновацияны жаңашылдық қасиетіне қарай жіктеу үшін өнімнің немесе технологиялық процестің қай мөлшерде жаңа екенін, яғни оның абсолютті жаңа немесе тек кейбір бөлігі жаңартуға ұшырағанын анықтау керек. Бұл позициядан тек жаңа өнім түрлеріне қатысты базистік инновацияны бөліп шығаруға болады. Жетілдіргіш (улучшающий) инновация бар тауарларды жетілдіруге байланысты, және де жаңа немесе жетілдірілген өндіру тәсілдерді енгізумен байланысты инновациялар.

Өнім немесе технологиялық процестің тек сыртын өзгертуден (псевдоинновация), эстетикалық түрде (бояуын, декорын) өзгертуден, яғни қандай болмасын тауардың ішкі конструкторлық қасиеттерін, параметрлерін,

құнын және оған кіретін материалдар мен құрамын сол күйінде қалдыруын инновациялардан айыра білу қажет.

Инновацияларды жаңашылдық деңгейі бойынша классификациялау олардың тенологиялық параметрлерін және нарықтағы орнын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Технологиялық параметрлеріне байланысты инновациялар: а) өнімдік - жаңа материалдар мен жартылай фабрикаттарды және де жаңа функцияға (жаңа өнім табу) ие болу үшін жинақтаушылар ; б) процестік - жаңа өндіріс технологиясының, автоматтандырудың жоғарырақ деңгейіне көшу, өндірісті ұйымдастырудың (тек жаңа технологияға қатысты) жаңа әдістері.

Нарық үшін жаңашылдық типі бойынша инновациялар: әлемнің саласы үшін жаңалар, ел ішіндегі сала үшін жаңалар, белгілі кәсіпорын (кәсіпкерлер тобы) үшін жаңалар.

Инновациялардың кешенді сипаттамасы, олардың жан - жақтылығы және аймақтарының әртүрлілігі мен қолдану тәсілдерінің алуан түрлілігі оларды классификациялауды талап етеді. Ол үшін инновация классификаторы келтірілген (1 -кесте) .

1 кесте - Инновация классификаторы

№:

Классификациялау нышаны Инновацияның классификациялық топтары: Классификациялау нышаны Инновацияның классификациялық топтары
№:

1

Классификациялау нышаны Инновацияның классификациялық топтары: инновацияны қолданатын аймақтар
басқарушылық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, өнерәсіптік және т. б.
№:

2

Классификациялау нышаны Инновацияның классификациялық топтары: нәтижесі инновация болып табылатын, ҒТП кезеңдері
ғылыми, техникалық, технологиялық, конструкторлық, өндірістік, ақпараттық
№:

3

Классификациялау нышаны Инновацияның классификациялық топтары: инновация қарқындылығының деңгейі
«бум», бірқалыпты, жай, жалпы
№:

4

Классификациялау нышаны Инновацияның классификациялық топтары: инновацияны жүзеге асыру темпі
жедел, бәсеңдетілген, сөнгелі, ұлғаюшы, бірқалыпты, секірмелі
№:

5

Классификациялау нышаны Инновацияның классификациялық топтары: инновация масштабы
трансконтиненталды, трансұлттық, аудандық, ірі, орта, кіші
№:

6

Классификациялау нышаны Инновацияның классификациялық топтары: инновацияның нәтижелілігі
жоғары, төмен, қалыпты
№:

7

Классификациялау нышаны Инновацияның классификациялық топтары: инновация тиімділігі
экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, интегралдық

ҒТП кезендері бойынша жіктелеген инновациялар ерекше болып келеді:

  • техникалық инновациялар көрінісі болып көбінесе жаңа өнімді өндіруденемесе өнімді жетілдіру процесінде көрінеді.
  • технологиялық инновациялар өнімді дайындаудың жақсартылған, жетілдірілген тәсілдерін қолданған кезде пайда болады.
  • ұйымдастырушылық - басқарушылық инновациялар біріншіденөндірісті, тасымалдауды, жеткізуді және өткізуді оптималды байланысты.
  • ақпараттық инновациялар ғылыми - техникалық және инновациялыққызметтер саласындағы рационалды ақпараттар ағымының құылуының, қабылданған ақпараттың дұрыстығы мен жеделдігін әдістерін шешумен тікелей байланысты.
  • әлеуметтік инновациялар еңбек ету жағдайын жақсарту, денсаулықсақтау, білім беру, мәдениет салалары проблемаларын шешуге бағытталған. Инновацияның алуан түрлі болғанымен олар бір - бірімен тығыз байланыстажәне инновациялық механизіміне айрықша талаптар қояды.

Берілген классификатор инновацияларды деректер жинақтамасын қолдану талабына қарай, белгілі бір белгілеріне байланысты түрлі тәсілдер арқылы топтастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Енді «инновация» және «инновациялық процесс» терминдеріне назар аударайық. Бұл екі термин бір - біріне жақын мағынада, бірақ олар бірдей емес. Инновациялық процесс инновацияларды құру, қалыптастыру және енгізумен байланысты.

Инновациялық процесс - бұл ғылыми зерттеулерді инновацияға айналдыру процесі. Оның басты белгісі - инновацияны міндетті түрде аяғына дейін жеткізу, яғни практикалық қолданысқа жарамды нәтижелерді алуды жүзеге асыру.

Инновациялық процеске мыналар мінезделеді:

  • жүйелілік;
  • циклділік;
  • ықтималдылық;
  • әлеуметтік маңыздылығы;

Инновациялық процестің жүйелілік сипаты оның мақсатының бағытын анықтау барысында көрінеді. Сондықтан да инновациялық процестегі ұйымдастырушылық бірліктер жалпы даму векторын анықтайтын, мүдделер балансы принципі негізінде қүрылған.

Инновациялық процестің ықтималдылық сипаты басталған әр зерттеу және өңдеу программаларының барлығы сәтті аяқталмайтынын, немесе сәтті аяқталуға кепілі жоқтығын, не таратылу перспективаларының анықталмағандығын көрсетеді.

Инновацияны ойлап табу мен оны жүзеге асрылуының арасы (инновациялық цикл) технологиялық деңгейге, ортаға бейімделу қабілетіне және сыртқы экономикалық жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Егер мықты дамыған елдердің инновациялық циклі 5-6 жылды құраса, онда дамыған елдерде ол 5 - 25 жылда, ал дамушы елдерде 15-25 жыл аралығында ғана іске асырылады екен.

Іс жүзінде инновациялық процестің құрылымын айқындау үшін инновацияларды енгізу бірнеше үлгілерге жіктедеді.

Инновациялық тізбек - инновациялық процестің ең қарапайым моделі - бүкіл процесті бөлек, функционалды немесе құрылымдық, бөліктерге, кезеңдерге бөлу нәтижесі болып табылады (1- сұлба) .

Бұл моделге сай инновация іргелі ғылыми зерттеулерден басталып, өнімді пайдалану, өткізу салаларында аяқталады. Ірі зерттеу орталықтарында бұл жаңа идеяны тудырады, және де автоматты түрде, рационалды тәртіпте жаңа өнім мен технологиялық процестер қалыптастырады деп талқылайды. Осы модель бойынша жаңа ғылыми білім автоматты түрде экономикалық өсуге әкеледі.

1 сұлба - Инновациялық тізбек.

Модель жақсы жағы ретінде оның қарапайымдылы, ал қарсы жағына - оның тізбек механизмінің бөлек буындар арасындағы кешенді байланыстардың кері байланысын, бұл зерттеуден тыс пайда болған идеяларды және сыртқы жағдайды ескермегені.

Инновациялық процестің кибернетикалық моделі инновациялық процесті кешенді жүйе ретінде қарастырады. Бұндағы процеске қатысушы элементтер бір - біріне байланысты, бір - бірімен қатынасты кіші жүйелерді құрастырып отырады, ал жүйе көптеген кері байланыстарды құрады. Бұл модель ақпаратты сараптаудың қоғамдық процесінің үзіліссіздігін және автономдылығын айқындайды.

Кибернетикалық модель уақытқа тәуелділікті айқындамайды, сыртқы жағдай жүйесі мен тежеуіш факторлар әсерін қарастырмайды, яғни ол икемді емес.

Батыс Қазақстан өңіріндегі Атырау облысында орналасқан жауапкершілігі шектелген серіктестік «Теңізшевройл» .

Атырау қаласының аумағында мұнай қорларын қазбалаумен, мұнай мен оның іліспе өнімдерін өндірумен және сатумен шұғылданатын ЖШС «Теңізшевройл» кәсіпорнының өндірістік қазіргі ахуалын және инновациялық даму мәселелері мен үрдістеріне талдау жүргіземіз. .

1 Инновация жүйесінің теориялық негіздері

1. 1 Инновациялық жүйенің экономикалық теорясы

Жаңалық - жаратқанның сыйы. Адам адам болғалы жаңалық табудан әсте жаңылған емес. Қалай десек те, ізденіс пен жаңалық дөңгеленген дүние тіршілігінің бойында айналған қанмен тең. Қан айналымы тоқтаса, қаңсыған тіршілікте суалмақ. Сондықтан да, XXI жүзжылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын қазірден-ақ ұғындыруда.

Кейінгі кездері құлаққа сіңісті бола бастаған «тегі бөлек» инновация термині өзінің қолданыс аясын кеңейтуімен қатар, өндірістің ажырассыз «атрибутына» айналып келеді. Сондықтан да әуелі иннновация не деген сұраққа жауап беруден бастасақ.

«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда жаңалық енгізу, жаңашылдық деген мағынаны білдіреді. Яғни, жаңа өндірістік процесті, өнімді немесе қызметті игеру, қазіргі тілмен түсіндіргенде жаңалықты инвестициялау дегенге саяды. Ал тамыры тереңде жатқан термин латын тілінде жаңару, өзгеру сөздерімен баламаланып, бұдан бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктерді береді.

Қазіргі уақытта әлемдік ғылыми - техникалық прогресті инновациялық қызметтің интеллектуалдық өнімсіз елестету мүмкін емес екендігіне байланысты бұл саланың өзіндік ғылыми жүйесі негізделуде. Осыған орай аталмыш сала қызметін жіктеуші ғалымдар « инновация - жаңа техника мен технологияға салынған капиталдан алынған материалдық игілік, қызмет көрсету, басқару және тағы басқа да жүйелер бойынша еңбек өндірісін ұйымдастырудың жаңа формалары» деген анықтама береді. Яғни, осы сипаттамаларды жинақтай келе инновацияның өтімділігі жоғары жаңа өнім ойлап табу екенін түсінуге болады.

Бұл тұрғыда алғанда ашылған жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтып өткен жөн. Атап айтқанда, іргелі міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып кеген табиғат қүбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді тарту етпейтіндіктен де ол ғылыми ізденістің жемісі ретінде ғана есептеледі.

Қазіргі әлемдік экономикада инновацияның алар орны орасан. Инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан бәсекеге қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар күшті осы салаға жұмсауда. Осыған байланысты нарықтық экономика кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын төмендету, инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және жаңа рыноктарды, оның ішінде сыртқы рыноктарды бағындырудағы аса тиімді.

Жаңа технологиялар алуға негізделсе, процестік инновациялар өндірісті жаңа технологиялар арқылы ұйымдастырудың тәсілдері болып табылады. Сонымен бірге, өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету аясына қарай әлемдік салалар үшін, елшілік салалар үшін және белгілі бір кәсіпорын үшін инновациялар деп жіктейді.

Енді технологиялық процестегі немесе кәсіпорын шығаратын өнімнің жаңаша өзгертілген түрлерін инновация бола ма деген сұраққа жауап берер болсақ, бастапқыда айтылғандай, аталған саланың басты сипаты ғылыми -техникалық ізденістердің нәтижесі болып табылғандықтан да өнім түсінің, формасының өзгеруі сияқты жаңашылдықтар инновацияға жатқызылмайды. Өйткені, өнім ішінара өзгерістерге ұшырағанымен ол өндірісте бұрын болмаған жаңалық емес. Жалпы, инновациялық жаңалықтар 1992 жылы Осло қаласында қабылданған шешім бойынша оның технологиялық сипаттары мен нарықтық ұстанымдарын айқындайтын халықаралық стандартына сәйкес келу керек.

Инновацияның дамуына қозғаушы тетік - бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмау жолы мен тауарын өткізетін жаңа рыноктарды іздестірумен болады. Сондықтан, инновацияны бірінші болып иемденген кәсіпорындар өз бэсекелестері алдында басымдыққа ие болады. Бүгінгідей жаңа өнімнің түрлері өсіп, тұтынушы талғамы артып отырған уақытта әсіресе шағын кәсіпорындардың икемділік қабілетін күшейту қажет екенін көрсетіп отыр. Әлемдік тәжірибе бойынша мұндай «шағын шабақтар» қайраңда қалып қоймаулары үшін түрлі салалардағы жаңа өнімдер жаңа технологияларды шығарудың алдыңғы сапында жүреді екен.

Инновацияны зерттеушілер жаңа өнімді өмірге әкелу процесін жеті элементпен жіктейді. Ол инновациялық идеяның тууынан бастап, оны өткізу рыногын анықтау, өнімді шығару, сату болып жалғаса береді. Соның ішінде әуелі жаңа тауарды аз көлемде шығарып, оны жарнамалау, сауда процесін ұйымдастыру арқылы оның өміршендігін немесе өмір сүру жасын анықтау болады. Бұл орайда инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу көлемін арттыру, сұранысын молайтуда тауар бағасын төмендету, тұтынушыға түрлі сыйлықтар ұсыну сияқты қосымша тәсілдерді қолданудың артық кетпейтіндігін айтады. Сонымен бірге белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін - өзі өтеген инновация мүлдем ескіріп кетпеуі үшін оны келесі аймаққа немесе басқа рыноққа көшіру қажеттігін ескереді.

Нарықтық экономикада инновациялық идеяларды жүзеге асыру процесінің ұзақ мерзімге созылып кетуі оның құндылыгын жоймақ. Өйткені, «ақша - инновация» ережесіне негізделген жүйеде тезірек табыс табу үшін басқа кәсіпорындар біраз уақыттан бері жүзеге асырылмай келе жатқан жобаға ұ қсас нұсқаларды ойлап табу арқылы оның алдын алып кету оқиғалары аз кездеспейді

Алға қойған мақсатқа жету үшін оны тиімді пайдалануы керек. Ол үшін инновациялық процесті жоспарлау, ұйымдастыру және бақылауды жүргізіп, сонымен қатар оның кәсіпорынның басқа функциялармен байланысы қамтамасыз ету қажет. Бұл инновация менеджментінің басты мәселесі болып табылады. Инновация менеджменті кәсіпорынға жаңалықтарды енгізу, іске асырумен байланысты өндірістік - экономикалық шешімдерді қабылдау процесімен байланысты. Инновация - кәсіпорында жаңа өнім мен жаңа технологиялық әдістер қолдану.

Инновация менеджменті өзінің басты қарастырар мәселесі ретінде ғылыми - зерттеу жэне тәжірибе - конструкторлық өңдеулер құруды санайды. Бүкіл инноавациялық процесс екі кезеңмен жүреді:

  • Ғылыми - зерттеу жэне тәжірибе - конструкторлық өңдеулер (НИОКР) кезеңі;
  • Нарықтағы тұрақты позицияны жаулап алу және енгізу кезеңі.

Инновация үшін жақсы идеяның ғана болуы жеткіліксіз. Инновациялық процесс кезінде идеяның пайда болуынан оны жүзеге асыруға көбірек назар аудару қажет. Ғылыми - зерттеу жұмыстары жаңа білімді игеру болса, конструкторлық өңдеулер осы білімді бірінші қолданатын болады. «Басқалардың» жетістіктерінің негізінде жаңалықтар енгізу еліктеу (имитация) деп аталады. Жаңалықтар әрқилы объектілерге қатысты бола береді.

  • Кәсіпорынның жұмыс жасайтын сфераларына: қүрылыс ұйымыныңөндірісіне жаңалық енгізу; оның өнімінің өтіміне жағдай жасауды жаңалау; кәсіпорынның қаржылық саясатындағы, есеп айырысудағы өзгеріс;
  • нарықтъқ инновация:қолда бар өнімді пайдаланудың жаңамүмкіндікерін табу немесе жаңа нарық қалыптастру;
  • әлеуметтік инновация:мұнда кадлар бөліміндегі туралы айтылған;

Инновация стратегиясының негізгі мақсаттары:

  • Жаңа өнімдер, материалдар, қызметтерді жасап отыру. Кәсіпорыншығаратын өнімдер ассортиментін кеңейту, түрлендіру, арзан, сапалыматериалдар көзін табу, көрсететін қызметтер сферасын кеңейту;
  • Қолда бар өнім түрін, материалдарды, қызметтерді , талабына сай жаңа қолдану мүмкіндіктерін іздестіру. Ескіргенөнімдерді модификациялау мүмкін болмаған жағдайда, оларды басқамақсаттарға жұмсау;

• Өнім сапасын жоғарылату. Өнім қаншалықты сапалы болса, ол
клиент табуға, кәсіпорынның өз өніміне сенімді болып, кепілдік беруіне
мүмкіндік туғызады.

Кәсіпорын жаңалық енгізгісі және оны жүзеге асырғысы келсе, онда келесі үш мәселені ескеру қажет: нарықтағы сүраныс, шығындарды азайту, уақытқа сәйкестендіру.

2 сұлба - инновация процесі

Инновация процесі тауар, өнім өндіру, жұмыс және қызмет көрсетудегі жаңалықтарды қамтиды. Өндірістің жаңа әдістері көбінесе жаңа сәйкес ұйымдастырушылық құрылымды талап еткендіктен, олар ұйымдастыру инновациясымен байланысты. Өнімдер инновациясы өнімнің жаңа типін білдіреді. Алайда инновация жобасының ерекше белгісі -оның бірлік сипаты, яғни бір - ақ рет жүзеге асу мүмкіндігі және оның беймәлімсіздігі болып табылады.

Индустриялық - инновациялық бағдарламаны орындаудың негізі шет елдерден жаңа технология мен жаңа өндірістік жабдық әкелуде жатыр. Біз тек қана жаңа технология негізінде өндірісімізді жаңғыртып, олар шығаратын өнімдерді әлем деңгейіндегі бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ете аламыз. Осыны түсінсек те, жасап жатқан іс- қимылымыз мардымсыз. Қазақстан шет елдерден жылына 2, 3 - 2, 5 млрд. доллорға тауар әкеледі, оның құрамында негізгі инвестициялық тауарлар өте аз (15 - 20 % деңгейінде) . Егер бізге келген импорт тауарларының дені (75 - 80%) өндірістік жаңа жабдықтар мен технологиялар болмаса, индустриялық - инновациялық бағдарламаның іске аспау қауіпі бар.

Осыған байланысты тағы бір мәселе - бізге шет елдерден керек технологияларды, жабдықтарды сараптау, анықтау қажет. Жаңа, жоғары технологиялар, ғылыми ізденістен туған өте тиімді технологиялар бізге қажет болғанымен, бізде жасалмайды, олар дамыған елдерде және серпінді түрде шығарылып жатыр. Олардың біздің экономикамызға қажеттілігін, тиімділігін анықтау оңай жұмыс емес. Жаңа технологиялар туралы мәлімет жинау үшін кейбір жапон өндіріс орындары шет елдерге өзінің арнаулы өкілдерін ұзақ мерзімге жібереді, ал енді кейбір жапондық компаниялар технология деңгейі озық елдерде (АҚШ пен Еуропа) өздерін тұрақты кеңселерін ашқан. Олардың негізгі мақсаты озық технологиямен танысу, оларды сараптау. Осындай шаралар бізге де қажет сияқты, технология деңгейін анықтауға қабілеті бар мамандарды шет елдерге жіберіп, немесе Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің арнаулы қызметкері етіп, еліміздегі инвестициялық жобаларды солардың қатысуымен анықтау дұрыс сияқты.

Шетелдік жаңа, жоғарғы технологиялар өте қымбат, оларды сатып алуға біздегі көптеген өндіріс орындарының шамасы жетпейді деген пікірлер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы мұнай өндірісі
«Кәсіпорын немесе ұйым менеджментіндегі персоналды басқару»
Теңізшевройл және қоршаған орта
Теңізшевройл біріккен кәсіпорнының қәзіргі даму жағдайлары
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
Нарықтық экономика жағдайында Бизнес-жоспардың тиімділігін анықтау ТШО ЖШС мысалында
Қазақстан мұнай-газ кешенінің қазіргі жағдайы және перспективасы
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ІШКІ ЖАСТАР ТУРИЗМІН ДАМЫТУ
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын басқару әдістерін талдау әдістемесі
Ластану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz