ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы біріккен провинциялар Республикасындағы экономикалық өзгерістер


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2-5

І Тарау ХҮІІ ғасырдағы Біріккен Провинциялар Республикасының ішкі жағдайы

  1. ХҮІ ғ. екінші жартысы ХҮІІ ғ. басындағы

Нидерландының экономикалық дамуы . . . 6-16

  1. Мемлекеттің саяси-әлеуметтік дамуы . . . 16-25

ІІ Тарау ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Біріккен Провинциялар Республикасы

2. 1. Оңтүстік Нидерланды Провинциялары . . . 26-37

2. 2. ХҮІІ ғ. Республиканың ішкі жағдайы . . . 37-50

Қорытынды . . . 51-53

Пайдаланған әдебиет тізімі . . . 54-57

Кіріспе

Еуропаның дамуында ХҮІ ғасыр мен ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысы кейінгі орта ғасырлар кезеңі деп аталады. Бұл дәуір өзінің алдыңғыларымен салыстырғанда оқиғалардың тығыздығымен, қоғамдық процестердің белсенділігімен, жаңа өркениеттің пайда болуымен сипатталады.

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде Батыс Еуропаның тарихы капиталистік қатынастардың қалыптасу заңдылықтарынан көп сабақ беретініне ешкім күмән келтірмейді. Осы тұрғыдан алғанда Батыс Еуропа тарихының кейінгі орта ғасырлар тарихы мен жаңа заманның өзгерістері - капитализм генезисі және осы процестің идеологиялық өзгерісі ретінде көрсететін Нидерланды буржуазиялық революциясы барысында қалыптасқан концепцияларды сұрыптау қазіргі тарихтың қажетті талабы болп отыр. Кейінгі орта ғасырларда қоғам дамуындағы белгілі бір өзгерістің көрсеткіші буржуазиялық революциялар болды.

Нидерланды буржуазиялық революциясы және соның нәтижесінде қалыптасқан Біріккен Провинциялар Республикасы тарихына «капиталдың алғашқы қорлану процесі» алғышарт қалыптастырды. Еуропада ерікті нарықтық қатынас орнады, республикалық билік формалары жеңіске жете бастады. Ортағасырлық Нидерланды - бұл қазіргі Голландия, Бельгия, Люксембург және Францияның солтүстік

-шығыс аймақтарының кейбір бөліктері.

Бельгия мен Голландия қазіргі таңда экономикалық жағынан жоғары дамыған мемлекеттер. Олар Еуропалық Одақ пен «жаңа Еуропаның» қалыптасуында маңызды орын алады. Сондықтан осы мемлекеттердің тарихи өткен жолы мен қалыптасуының ғылыми - танымдылық, теориялық өзектілігі бар.

Диплом жұмысының мақсаты - деректер мен жарияланған құжаттық материалдар негізінде ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Біріккен Провинциялар Республикасында қандай экономикалық өзгерістер болды, Нидерланды буржуазиялық революциясының қалыптасуында қандай әлеуметтік-саяси алғышарттар болды, мемлекеттің саяси-экономикалық дамуы қандай процестерге сүйенді деген сұрақтарға жауап беру.

Жұмысты жазу барысында «Орта ғасырлар тарихының хрестоматиясында» жарияланған құжаттар мен материалдыр, оның ішінде: «Аррас және Утрехт униялары», ХҮІІ ғ. католиктік хрониканың үзінділері, «Фландрия дворяндарының бағдарламасы», «18 мүшелік Комитеттің Хаты», «1577 ж. Мәңгілік Эдикт» т. б. Сонымен бірге капитализмнің қалыптасу сатысындағы отарлық экспансияны көрсететін Голландиялық Ост-Индия Компаниясының қызметіне байланысты құжаттар пайдаланылды.

Феодализмнен капитализмге өту барысында Еуропа тарихында болған буржуазиялық революциялар және жаңа буржуазиялық негіздегі республикалардың қалыптасуы өзекті мәселе болып табылады. Еуропа елдеріндегі буржуазиялық революциялар мен нәтижесінде қалыптасқан процестерге деген қызығушылық ХІХ ғасырдың соңында пайда болды /1/. ХХ ғасырда ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы бұл процестер жігін зерттеу одан әрі жалғасты /2/. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұл тақырып саяси-ғылыми белсенділікті басынан өткерді. Себебі, дамушы елдердің даму жолын таңдауына байланысты капитализм гензисі мен буржуазиялық революцияларға деген қоғамның ғылыми қызығушылығы артып, бұл мәселелер идеологиялық күрестің аренасына айналды. Идеологиялық күрес тарихнамаға да тарады.

1950 жылдардың ішінде кеңестік медиевистердің ішінде ерте капитализм мәселесімен В. И. Рутенбург айналысты. . Ол Италиядағы ерте капиталистік қатынастар тарихы туралы зерттеулер жүргізді /3/. Кейіннен бұл мәселелермен В. В. Стоклицкая-Терешкович, Л. М. Баткин, А. Н. Чистозвонов қосылды /4/.

Нидерланды тарихына байланысты зерттеулердің ішінде ерекше орынды профессор А. Н. Чистозвонов алады. Оның зерттеулері ХҮІ ғасырдағы Нидерланды буржуазиялық революциясының алғышартын, оңтүстік провинциялардың жеңілу себептерін, Солтүстік Провинцияның тарихи жолын кеңінен көрсетеді. Автор революцияның ішкі қайшылықтарын, заңдылықтарын көрсетеді. «Реформационное движение и классовая борьба в Нидерландах в пер. пол. ХҮІ века» атты еңбегінде автор революция барысына лютераншылдардың, кальвинистердің идеологиясының әсерін көрсете отырып, буржуазиялық революция өзінің алдындағы мақсатын толық орындай алған жоқ деген шешімге келеді /5/. А. Н. Чистозвоновтың Нидерланды тарихына байланысты келесі үлесі, ғылыми айналымға революцияға дейінгі француз, неміс авторларының еңбектерін енгізу болып табылады. Мысалы, Пиррен, Марец, Варлеп, Рахваль, Гахард т. б.

ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Еуропа тарихының заңдылықтарын зерттеуге атсалысқан келесі авторлардың қатарын - Ю. Л. Бессмертный, Е. А. Косминский, Ю. А. Корхов, М. А. Барг, В. Е. Майер құрайды /6/. Капитализм генезисі мәселері, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қалыптасып келе жатқан буржуазия тарихы туралы зерттеулердің келесі авторы - Б. Ф. Прошнев /7/.

Кеңестік тарихшылардың келесі тоқталған мәселелері бұл - феодализмнен капитализмге өту мәселелері еді. Бұл мәселелерді зерттеу барысында капиталистік укладтың қалыптасуы туралы үш толықтырулар қалыптасты. Олар - ХҮІ ғ., ХҮІІ ғ., және ХҮІІІ ғ. екінші жартысы.

Еуропа құрылығындағы феодализмнің ыдырауын және капитализм генезисін, ХҮІ-ХҮІІ ғасырларға байланысты кең мәселелер жиынтығымен, тарихнамалық концепцияларды әртүрлі көзқарстар қарастырған автор даниялық тарихшы Н. Стеенсгорд /8/. ХҮІІ ғасырдағы экономикалық және саяси дағдарыс ФРГ тарихшысы Скальвайт зерттеулерінен көрініс тапты /9/. Осы тарихшылармен қатар француз тарихшылары П. Губер, Ж. Мейер, американдық тарихшы В. Баусманы, чех тарихшысы Й. Полишенскийді, поляк тарихшысы Ю. Гиеровскийді айтуға болады /10/. Бұл авторлар кейінгі орта ғасырлық Еуропаның жалпы «дағдарысын» қорытындылауға қатысқан.

Келесі капитализм генезисіне байланысты зерттеулердің авторы - Н. Н. Розенталь /11/. ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы итальян республикасының қоғамдық құрылысы сауда капитализмінің таза көрінісі болды. Бұл көрініс ХҮІІ ғасырда Голландияда қайталанды. Еуропаның қалған елдерінде сауда-капиталистік қоғам өзінің феодалдық қалдығын ұзақ уақыт сақтады. Оларды тек ХҮІІ-ХІХ ғасырлардағы революциялар ғана жоя алды /12/. Осыған байланысты көп ғалымдар Еуропадағы сауда капитализімі дәуірін феодализмнің қарапайым жалғасы деп есептесе, буржуазиялық қоғам өндірістік-капиталистік қоғам деп есептейді. Өзінің жергілікті ерекшеліктеріне қарамастан, буржуазиялық қатынастардың дамуы негізінен бір процеске жатады. Сауда капитализімі дәуірі өзінің күрделі негізіне қарамастан, белгілі бір өндірістік қатынастар жүйесін қалыптастырады, бұл алдыңғы феодалдық қоғамнан да, кейінгі өндірістік қоғамнан да ерекше. Бұл қоғам біріншіден - сауда капитализімі дәуірі, екіншіден - сауда капитализімінің ары дамуы - Нидерланды революциясы деп есептеледі.

Жұмыстың міндеттері - ХҮІІ ғасырдағы Біріккен Провинциялар Республикасының ішкі жағдайы көрсету, ХҮІ ғ. екінші жартысы ХҮІІ ғ. басындағы Нидерландының экономикалық даму деңгейін анықтау, Мемлекеттің саяси-әлеуметтік дамуын көрсету, ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Біріккен Провинциялар Республикасының қалыптасуын, Оңтүстік Нидерланды Провинциялары жағдайын көрсету, ХҮІІ ғ. Республиканың ішкі жағдайы анықтау болып табылады.

Жұмыс ІІ Тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.

І Тарау

ХҮІІ ғасырдың басындағы Біріккен Провинциялар Республикасының ішкі жағдайы

  1. ХҮІ ғасырдың екінші жартысы ХҮІІ ғасырдың басындағы Нидерландының экономикалық дамуы

ХҮ ғасырда Нидерланды территориясы қазіргі Голландия, Бельгия, Люксембург және солтүстік-шығыс Францияның бірқатар территорияларын біріктірді. Елдің территориясы 17 провинциядан құралды. Олардың 7-еуі ірі еді: Фландрия, Брабант, Голландия, Зеландия, Фрисландия, Артуа, Геннегау. ХҮІ ғасырда ірі мемлекеттің - Бургундия герцогтығының бөлігі ретінде Нидерланды Ү Карлдың ірі империясының құрамына кірді /13/.

Әлеуметтік қақтығыстардың пайда болуы мен дамуына әсер еткен абсолютизм. Феодалдық құрылымның саяси негізі ретінде, өзгеріп келе жатқан тарихи жағдайда феодалдардың мүддесін қорғады. Буржуазиялық дамуға мүмкіндіктер ашты. Қоғамның әртүрлі топтарының қарсылығы және ең алдымен халықтың қарсылығы абсолюттік монархтардың салық саясатын тудырды. Ол тұрақты соғыстармен байланысты болды. Халықтың абсолютизмге қарсылығы шешуші болған жоқ. Жазалаушы күштер мен шаралар сырттан қолданылған жағдайда оқиғалар күрделілігімен ерекшеленеді. Бұндай жағдайда жүйе әлсіздік көрсетіп, оған жасаған қысым күштірек болады. Нидерландыдағы жағдай осындай болды. Жалпы әлеуметтік қайшылық барлық еуропа елдерін қамтып, өз шегіне жеткенде буржуазиялық революцияларға ұласты.

ХҮ-ХҮІ ғасырларда жаппай басталған географиялық ашылулардан 1648 жылғы Вестфаль бітіміне дейінгі уақыт шеңберінде болған капитализм генезисі, алғашқы отарлардың пайда болуы, реформация, абсолютизм, Біріккен Республикалар тарихы қазіргі идеологиядан арылған тарихтың қайта қарауын қажет етіп отырған мәселелер. Себебі, бұл кезең өзінің өтпелілігімен сипатталады. Осы уақытта еуропа елдерінің алдыңғыларында феодалдық қарым-қатынастардың ыдырап, капиталистік өндіріс тәсілінің қалыптасуы көрініс берді. Бұндай Еуропалық елдің қатарына Біріккен Провинциялар Республикасы жатты.

Осыған қарамастан еуропаның көптеген елдерінде феодалдық қатынастар әлі де үстем болды. Мысалы, Германия, венгрия, Италия. Ал батыс және орталық еуропаның елдерінде белгілі дәрежеде капиталдың алғашқы қорлану процесі жүріп жатты. Бұл дәуірдің келесі маңызды сипаты еуропалық бірліктің қалыптасуы, қазіргі мемлекеттер жүйесінің, еуропалық ұлттың қалыптасуы болып табылады. Мемлекеттің орталықтандыру процесі мемлекеттің жаңа түрін - абсолюттік монархияның қалыптасуын алып келді. Еуропаның саяси және мәдени дамуына ренессанс жетістіктері өзінің әсерін тигізді. Сондықтан, жаңадан пайда болып, тығыз байланысып жатқан процестер жалпы әлеуметтік заңдардың қоғам дамуына әсерін айқын көрсетті.

Географиялық ашылулар кезінде Американың алтыны Испания арқылы өтіп, Нидерландыдағы капиталдың алғашқы қорлануының маңызды факторларының бірі болды. ХҮІ ғасырдың ортасында Нидерланды гүлдену сатысында болды және Еуропаның тығыз қоныстанған мемлекеттерінің бірі еді. Азғантай территорияда 300-ге жуық қалалар мен 6500-дей деревнялар болды. Экономикалық жағынан елде капиталистік қатынастар орнығуда еді. Хондсхотта жібек өндіру саласында, жүн өндіру саласында капиталистік еңбек бөлінісі үстемдік ете бастады. 1485 жылы қала 15 мың мата бөліктерін экспортқа шығарса, 1563-1569 жылдары жыл сайын 90 мыңнан астам мата бөліктерін экспортқа шығарды. Өндіріс саласында орта кәсіпкер - мата өндіруші үстемдік жүргізссе, өткізу саласында - көпес болды. Эклоо, Гента, Курте нарығында жыл сайын 90 мың мата сатылды. Гентте өз цехтары болса, Фландрияда - кенеп бағаланды /14/. ХҮІ ғасырдың ортасында өндірісте жібек өндірісі пайда болып, корпоративтік өндірістер пайда болды. Брюссель, Гент, Ипр, Лилль қалаларының цехтары қымбат гобелендер мен кілемдер, Ауденаард күнделікті тұрмысқа қажетті қымбат емес тұтыну қажеттіліктерін шығарды. Бұл қалаларда шашыраңқы мануфактура үстемдік жүргізді.

ХҮІ ғасырдағы метал өндірудің дамуы әскери істі жетілдірумен байланысты болды. ХҮІ ғасырда Нидерландыда өзіндік компаниялар пайда болды. Солардың ішіндегі Антверпендегі Плантен типографиясы Еуропадағы ең ірі типография болды. Бұл жерде 22 пресса, 50-ден аса жалдамалы жұмысшылар болды. Типографияның 66 шрифтісі, 13 тілі болды. Шығарылған кітаптар экспортқа шығарылып, Қытайда, Жапонияда сатылды /15/. Қолөнершілер цехтарға біріктірілді. Жетекші орын ұсақ товар өндірушілердің қолында болды. Әрбір цехтың батыс Еуропадағыдай өз уставы болды. Цехтар мен қолөнершілердің арасында бақталастық Батыс Еуропадағыдай болды. Көпестер өз гильдияларын қалыптастырды. Олар сауданың жеке салаларын бақылап отырды. Кейбір қалалар белгілі бір товарға өз бақылауын ортнатты. Мысалы, осындай қалалардың бірі Гент еді. Ол Фландрияда нан саудасымен айналысты.

Ішкі сауда жүйесінде өзендер мен каналдар маңызды роль атқарды. ХҮІ ғасырда барлық жерде кеденді посттар болды, көпестер мен жеке сеньорлардан мемлекеттің пайдасына салық жинап отырды. Ірі сауда операцияларын жасау үшін көпестер пайларымен компаниялар құрып отырды. Экономистер бұндай компанияларды «сословиялық капитал» деп атады. Бұл капиталистік өндіріс негізін қалыптастырды. Нидерландыда капиталистік мануфактуралар барлық жерде қалыптасты, өндірістің жаңадан қалыптасып келе жатқан салалары цехтық жүйемен байланысты болды.

Батыс және Орталық Еуропаның біршама бөлігіндегі елдерде ХҮІ және ХҮІІ ғасырлардың басында саяси құрылымның дамуы феодализм шеңберіндегі жаңа капиталистік қатынастар жағдайында пайда болды. Әлеуметтік-экономикалық саламен салыстырғанда еуропалық мемлекеттіліктің даму тенденциясы ортақ сипатты иеленді. Бұл жағдайды төмендегідей түсіндіруге болады. 1) мемлекеттік биліктің түрлері біршама тәуелсіз, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қатаң шектеулігінсіз, көп жағдайда сыртқы әсерге байланысты, біршама дамыған, көрші елдердің даму тәжірибесін бойына сіңіру қабілетін иеленеді.

Мемлекеттің құрылымдық эволюциясында, әсіресе еуропалық тарихи процесте, ортақтық пен ерекшелік диалектикасы анық көрініс береді - яғни, Нидерландының географиялық және мәдени-тарих ортақтық ретіндегі санасының өсуі, жеке ұлттық және көпұлттық мемлекеттік бірлестіктердің одан әрі ұлғаюы, ұлттық сананың көтерілуімен сипатталуы және ортағасырлық континенттің батысында папаның діни және саяси билігінен шығатын көпсалалы байланыстардан қол үзуі.

ХҮІІ ғасыр барысында Еуропаның саяси картасы өте негізді өзгерістерге ұшырады. ХҮ-ХҮІ ғасырлар шеңберінде ағылшын және француз жерлерінің бірігу процесі аяқталды, біртұтас испан мемлекеті қалыптасты, оның құрамына Нидерланды да кірді. ХҮІ ғасырда өте күрделі байланыста әртүрлі даму жолындағы мемлекеттер көрші тұрды. Олар дамудың әртүрлі сатысын басынан өткеріп жатты. Монархиядан феодалдыққа, ал ғасырдың соңында ерте буржуазиялық республикалар сатысына.

Еуропа үшін түбірімен өзгеше саяси даму Нидерландыда пайда болды. Габсбургтер күштеп орнатқан абсолюттік-бюрократиялық жүйе елді империя құрамына егізуге бағыттады. Абсолютизм институттарының жергілікті өкілетті ұйымдармен қатар өмір сүру мәжбүрлігі қақтығыстың ұрығын бойында ұстап отырды. Ол ақыр аяғанында феодализмге қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалысқа ұласты және ерте буржуазиялық революция сипатын иеленді және Біріккен Провинциялар Республикасының қалыптасуымен аяқталып, сюзереннің орнын Бас Штаттар алды /16/.

ХҮІ ғасырдың 60-жылдары Нидерландыда кальвинистерді, реформаторларды ашық уағыздау көрініс алды. ІІ Филипп 1559 жылы нидерланды дворяндарын реформация идеяларымен ашық айналысудың қандай салдарлары болатынын ескерткен еді /17/. Феодалдық оппозициялық ақсүйектердің жетекшілері принц Вильгельм Оранский, граф Эгмонт, адмирал Горн болды.

Көтерілістің жаңа сатысы 1572 жылы басталды. Март айында королева Элизавета Испаниямен соғыспау үшін Англия тұрғындарына теңіз гездарымен қарым-қатынасқа түсуге тиым салды. Теңіз гездарына 24 сағаттың ішінде ағылшын жағалауларынан кету талап етілді. Гездардың 24 кемесі ағылшын жағалауынан кетіп, Солтүстік теңізде бірнеше күн жүргеннен кейін Зеландияның Брил қаласының жағлауына келді. Флот капитаны қаланың қақпасын ашуды талап етіп, оның орнына герцог Альбаның тонаушылық салығы мен тираниясынан құтқаруға уәде берді. Қала испандықтардың қол астында еді. Магистранттың тез шешім қабылдау мүмкіндігі аз болғандықтан, ультиматум уақыты біткеннен кейін гездар қалаға кірді. Брил тұрғындарына бостандық беріліп, католик шіркеуі мен мүлкі тоналды. Осы оқиға туралы мәлімет тез тарады. Бұл Солтүстік Провинциялар үшін көтерілуге берілген сигналдай болды /18/.

Брилден кейін Флиссинген қаласының тұрғындары көтеріліске шықты, гездардың революцияшыл отрядтарын құрды, оларды жақын маңның шаруалары қолдады. Осыдан кейін Веер, Арнемейден, Энкхейзен қалаларында көтерілістер болды. Апрель айында бүкіл солтүстік провинцияда көтеріліс басталып кетті. Осындай жағдайда испандықтарға қарсы күреске қала буржуазиясымен жақындасқан, кальвинизмді қабылдаған дворяндар да араласты. Теңізде де, құрғақта да көтерілісшілер жеңіске жетті.

Солтүстіктегі жалпы көтеріліс Солтүстік Провинциялар Республикасының негізін қалады. Вильгельм Оранский солтүстік провинциялардағы көтерілістер туралы естігенмен, оған аса мән бере жоқ. А. Н. Чистозвонов Гуго Гроцийдің хроникасынан үзінді береді: « . . . солтүстіктегі көтерілісті естіген герцог бұл оқиғаның басты мақстақа кедергі келтіретініне наразы болды»/19/.

Генттегі Бас Штаттар «Гент келісіміне» қол қойды. Елдің оңтүстігінде католик шіркеуінің үстемдігі сақталса, солтүстігінде Голландия мен Зеландияда протестантизм - кальвинизм мен лютерандық үстемдік алды. Голландия мен Зеландияда капиталистік қатынастардың түрлері басым болғандықтан, ұлт-азаттық қозғалыстың орталығына айналды. 1579 жылы Утрехт Униясын қабылдағаннан кейін елдің солтүстігінде тәуелсіз буржуазиялық мемлекет - Нидерландының Біріккен Провинциялары өмір сүруін бастады. Оны ірі провинциясының бірі - Голландияның атымен атайды.

Франция, Англия, Германия ұзақ уақыт Солтүстік Провинциялардың тәуелсіздігімен келісе алмады. Мысалы, ағылшындар Голландия тәуелсіздігін Англияның құқықсыз мүшесіне айналдыруға тырысып, мемлекет тарапынан ағылшын көпестеріне голландияның нарығына деген ұмтылыстарын қолдап отыруға көмек берді. Бірақ ағылшындардың бұндай ұмтылыстар Голландия тарапынан қарсылыққа ұшырып, 1587-1609 жылдары көпестік олигархия тәуелсіз саясат жүргізді. Билеуші көпестік олигархия шетелдік интервенцияға бағытталған саясаттың қауіпін дұрыс түсініп, тең құқықтық келісімдер жасауға тырысты және Испаниямен өз күштерімен соғысып отырды. Солтүстік Провинциялар Республикасы Испанияға қарсы одақтаса отырды, елдің оңтүстігі эрцгерцог Альберт пен Изабелланың билігінде қалды. Вильгельм Оранскийдің баласы Мориц 1585 жылы Голландия мен Зелландияның штатгльтері болып тағайындалды. Республика флоты теңіздегі Испанияның әлсірегенін пайдаланып, Англияның теңіз коммуникацияларында әскери операциялар жүргізіп, Голландияның болашақ отарларының негізін қалады /20/.

Ұзақ қақтығыстардан кейін Испания 12 жылға тыныштық сұрады. Келісім бойынша Испания Біріккен Провинциялардың тәуелсіздігін мойындады. Ост-Индияның Португалиялық отарларымен сауда жасау құқығы мойындалды. Шельда өзенінің сағасы сауда үшін жабылды, бұл Антверпеннің экономикалық әлсіреуіне алып келді. 1609 жылғы бейбіт келісім Нидерланды солтүстігінде революцияның жеңіске жеткендігін көрсетті. Голландия революциялық күрестің нәтижесінде азаттығын алып қана қойған жоқ, Батыс Еуропадағы бірінші буржуазиялық республика болды.

Буржуазиялық революцияның жеңісі Біріккен Провинциялардың өндірістік күшін экономикалық жағынан азат етті. Жаңа нарықтық қатынастардың нәтижесінде республика экономикасы тез өрістей бастады, ескі цехтық жүйе қирады, капиталистік негізге сүйенген өндіріс дамыды. Голландияның капиталистік өнеркәсібінің гүлденуіне оңтүстік провинциялардан келген жұмыс күші де қолайлы болды. Эмигранттардың басым бөлігі қолөнершілерден, кәсіпкерлерден, жұмысшылардан тұрды. Ең бастысы олармен бірге капитал келді. Солтүстік Провинциялардың басты табысы, әсіресе Голландия мен Зеландияның табысы сыртқы саудадан түсті. Солтүстік провинциялардың негізгі кірістері, әсіресе, Голландия мен Зеландия табысты Балтық бойы елдеріне бағытталған сыртқы сауданың есебінен тапты. Зунд бұғазы арқылы Балтық бойынан Еуропаға астық шығарды, ал елге олардан маталар, тұздалған балық және басқа да тауарларды әкелді.

Голланд көпестері Архангельск және Нарва арқылы Мәскеу мемлекетімен сауда-саттық жасады; 1608 жылы Мидделбургте арнайы ең бай Мәскеу сауда компаниясы құрылды.

Нидерланды Испаниямен соғыс жүргізгендігіне қарамастан, голланд саудагерлері, баю мақсатын барлығанан жоғары қоя отырып, сырттан әкелінетін астықты ұдайы қажетсінетін Португалия және Испаниямен сауда жасады. Іскер голланд саудагерлері ғажайып бай отарлық мемлекетерге дейін жетті. 1598 жылы 22 голланд кемесі Үндістанға рейд жасады, ал 1602 жылы (Ағылшын компаниясынан бір жыл бұрын) Голландтық Ост-Инд компаниясы (ГОИК) құрылды /21/. ГОИК Голландияның кейінгі тарихында ірі саяси рольді атқарды.

Амстердам қаласы әлемдік сауда мен несие орталығына айналды. Теңіз айлақтары мен бүкіл қалада жыл сайын қызу коммерциялық сауда-саттық жүріп жатты. Бұл жерде алғашқы сақтандыру компаниялары құрылды, ал, 1609 жылы банк ашылды. Банктың басты мақсаты «монеталар бағамының жоғарылауы мен олардың араласып кетуін болдырмау және коммерциялық мақсатта ақшаға мұқтаждарға қолғабыс жасау» болды /22/.

Капиталистік қатынастар Голландия мен Зеландияның ауылшаруашылығына да ене бастады сондықтан, бұл елдерде ауылшаруашылық өзіндік жолмен дами бастады. Өндірістік әртүрлі салалары тарапынан азық-түлік пен шикізатқа деген ұдайы сұраныс, техникалық дақылдар (кенеп, қурай және т. б. ) өсіретін егіс алқаптарының көлемін ұлғайтуға әкеліп соқты. Әсіресе, бау-бақша мен шәп өсіру кеңінен дамды. Бұл үшін батпақты жерлерді құрғату жұмыстары жүргізілді, жерді өңдеу техникасын жетілдіру мен оны тыңайту тәжірибесі енгізілді. Ауылшаруашылығының дәстүрлі салалары - сүт, май және ірімшік өндірісі дами түсті. Дегенмен, жекелеген аудандарда (мысалы, Хелдер мен Номрда) крепостниктік тәртіптің қалдықтары ХҮІІ ғасырдың соңына дейін сақталды.

Нидерланд революциясының экономикалық салдарлары Республиканың дамуы үшін осындай болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нидерландының ХVІ-ХVІІ ғасырдағы мәдениеті
Жапонияның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
ОРТА ҒАСЫРЛАР ТАРИХЫ пәнінің Оқу әдістемелік кешені
Соңғы орта ғасырлардағы Еуропа (жаңа тарихтың ерте кезеңі), (ХҮІ-ХҮІI ғ. бірінші жартысы)
Нидерландыдағы ұлт-азаттық қозғалыс. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Құрама провинциялардың Республикасы
Ежелгі шығыс мемлекеттері
Ежелгі мемлекетер тарихы
Қазақ-қырғыз қатынасының этно-мәдени мәселелері
Қасиетті түркі жері - Түркістан
Қазақ-орыс қарым-қатнастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz