ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық және халықаралық деңгейде реттеу


МАЗМҰНЫ:

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР . . . 3

КІРІСПЕ . . . 4

1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ АЙМАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ . . . 10

1. 1 Экологиялық апат аймағының түсінігі және түрлері . . . 10

1. 2 Экологиялық апат аймақтарындағы қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері . . . 20

1. 3 Экологиялық апат аймағы ретінде Арал теңізі бассейнінің құқықтық мәртебесі . . . 28

2 ҚР АРАЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МЕН ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ . . . 37

2. 1 Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғауды құқықтық реттеу негіздері . . . 37

2. 2 Арал аймағындағы табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеу мәселелері . . . 45

2. 3 Арал аймағын экологиялық сауықтырудың мемлекеттік-құқықтық механизмі . . . 55

3 АРАЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ МЕН ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ РЕТТЕУ . . . 72

3. 1 Арал мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері . . . 72

3. 2 Аралды құтқару Халықаралық Қоры - Арал аймағының экологиялық жағдайын жақсарту саласындағы маңызды халықаралық ұйым ретінде . . . 83

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 92

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 95

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Ата Заң
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы
Ата Заң: автореф.
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Автореферат
Ата Заң: АДБ
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Азия Даму Банкі
Ата Заң: АҚ
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Акционерлік Қоғам
Ата Заң: АҚХҚ
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Аралды құтқару Халықаралық Қоры
Ата Заң: АЭА
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Арнайы Экономикалық Аймақ
Ата Заң: БСБ
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Бассейндік Су шаруашылығы Бірлестігі
Ата Заң: БҰҰ
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Біріккен Ұлттар Ұйымы
Ата Заң: ҒАО
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Ғылыми Ақпараттық Орталық
Ата Заң: д-ра юрид. наук
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • доктора юридических наук
Ата Заң: ЕҚДБ
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Европа Қайта құру және Даму Банкі
Ата Заң: ЖШС
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік
Ата Заң: ЖІӨ
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Жалпы Ішкі Өнім
Ата Заң: ЖЭҚ
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Жаһандық Экологиялық Қор
Ата Заң: изд. 3-е, с доп.
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • издание 3-е с дополнениями
Ата Заң: канд. юрид. наук
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • кандидат юридических наук
Ата Заң: КСРО
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Ата Заң: ҚР
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Қазақстан Республикасы
Ата Заң: МКСК
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Мемлекетаралық Координациялық Су шаруашылығы Комиссиясы
Ата Заң: НАТО
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Солтүстік Атлант Келісім Ұйымы
Ата Заң: Под. ред
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • под редакцией
Ата Заң: ПРООН
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы
Ата Заң: СПЕКА
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • БҰҰ-ның Орта Азия Эконмикасына арналған Арнайы Бағдарламасы
Ата Заң: ТДМК
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Тұрақты Даму Мемлекетаралық Комиссиясы
Ата Заң: ЮНЕП
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • БҰҰ-ның Қоршаған Орта жөніндегі Бағдарламасы
Ата Заң: ЮНЕСКО
Қазақстан Республикасының Конституциясы:
  • Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. XX ғасырдың екінші жартысында адамзат дамудың жаңа сатысына өтті. Адамның оның өмір сүру планетасында тіршілік ету мәселесі әрбір жеке мемлекетте және әрбір уақытта оның дұрыс жағдайда өмір сүруге деген кешенді құқықтарының бір бөлігі болып табылады. Бұл кешенді құқықтар жүйесіне әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтар кіреді.

Жеке тұлғаның құқықтар кешеніне ең бірінші кезекте өмір сүруге, оның тіршілік етуіне қауіп туғызбайтын, керісінше, оның тұлға болып қалыптасуы мен барлық құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін еңбек жағдайы мен ортасына құқықтары кіреді [1] . Жаңа экологиялық саяси ойлауға өтуге байланысты экологиялық қауіпсіздік мемлекеттің қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиялық мақсаты болып табылады [2] . Бұл мәселенің кешенді сипаты әр түрлі ғылым салаларында белсенді зерттеу жүргізу қажеттілігін көрсетеді. Бұл жерде құқық ғылымының рөлі өте маңызды. «Экологиялық құқық» ғылымы бұл салада жеке тұлғаның дәстүрлі құқықтары - денсаулығын қорғауға құқық, дем алуға құқық - қоршаған ортаның қолайлы жағдайынсыз мүмкін емес.

Көп жылдар бойы адамның әрекеті экологиялық әсердің обьектісі ретінде заңи талдаудан тыс қарастырылып келді. Ал республика халқының 20 пайызы экологиялық апат аймағында өмір сүреді. Осындай аймақтардың бірі Арал теңізі аймағы болып табылады. Қызылорда облысының аумағын тұтастай, Ақтөбе, Жезқазған және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағының бір бөлігін қамтитын Арал апаты әлемдік ынтымақтастықпен жаһандық экологиялық апат деп танылып отыр [3, 3 б. ] .

Арал дағдарысының негізгі себебі өндіріс пен халық шаруашылығын дамыту деңгейі және осы аймақтағы экожүйенің мүмкіндігі мен жағдайы арасындағы сәйкес келмеушілік болып табылады. Бұйрықты-әкімшілік басқару жүйесінде су министрліктер мен ведомстволардың монополиялық билігінде болды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мамандардың Арал теңізі аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саласындағы ірі көлемдегі ирригациялық құрылыстар мен су шаруашылығы жүйелерін эксплуатациялау жобаларын жасау туралы ұсыныстары мүлдем ескерілмеді. Жерді кешенді мелиорациялау кешенінің болмауы, ирригациялауға ауыл шаруашылығын химиялауды үйлестіру және антропогендік әсерлердің басқа да түрлері осы аймақтың табиғаты мен шаруашылығының түбегейлі өзгерістеріне әкеп соқтырды.

Суармалы жерлердің төменгі деңгейі жағдайында су пайдаланудың бақылаусыз және тегін жүзеге асырылуы су ресурстарының тиімсіз пайдалануына түрткі болды. Мақта мен күріш өсіруді арттыру көптеген суды қажет еткенмен қатар, көптеген тыңайтқыштар мен химиялық заттарды қолдануды керек етеді, бұл нәтижесінде аймақтағы қоршаған орта жағдайының нормадан он есе ластануына әкеп соқтырды.

Өндірістік күштерді дамытуда ең алдымен ауыл шаруашылығының дайын өнімдерін емес, шикізатты өндірумен байланысты бұрыс стратегиясы және жоспарлы демографиялық саясат пен экологиялық мәселелерге көңіл аудармау Орта Азия территориясындағы «халық - шаруашылық - табиғат» балансының бұзылуы себепті ең соңында Арал дағдарысына алып келді.

Шектеулі су ресурстарына деген антропогендік әсер және су пайдаланудың технологиялары мен әдістерін дұрыс жетілдірмеу аймақтың экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауына одан әрі жағдай туғызды.

Нақты мәліметтерге сүйенсек, 1960-1995ж. ж. аралығындағы аралығындағы 35 жыл ішінде теңіз шамамен өзендерден 100 км куб су ала алмады, нәтижесінде теңіз деңгейі 17метрге, ал көлемі 75%-ға және су айдынының көлемі екі есеге төмендеді [4, 19 б. ] .

Теңіз бұрынғы балық шаруашылық және тасымалдаушы маңызын жоғалтты. Ол Кіші және Үлкен Арал деген екі бөлікке бөлінді, және жағалаудан 100-150 км шегініп, 33 мың км² бұрынғы теңіз аумағы құрғақ сортаң мен шаңды жер аумағына айналды. Кейбір зерттеулерге қарағанда, Арал теңізі аймағынан тыс жерлерге жылына шамамен 100 миллион тонна тұзды шаң таралады екен. Тұзды қалдықтардың элементтері Европа мен Солтүстік Мұзды мұхитынан да табылуда [4, 28 б] .

Атмосфераның, ауыз судың және топырақ қабатының ластануы тұрғындардың денсаулығы мен өмір сүру жағдайына орасан зор зиян келтіріп отыр.

Арал теңізі аумағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану шараларын дұрыс жүзеге асырған жағдайда көптеген зиянды салдарлардың алдын алуға болатын еді. Өкінішке орай бұл мәселе тек Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң ғана қолға алына бастады. Кеңес Одағы тұсындағы республика басшылары мен жоғары басқару органдары бұл мәселені жоғары билікке қоя алмады, ал олардың аймақ экологиясы туралы ұсыныстары мүлдем қарастырылмады. Сонымен қатар, Арал теңізі суының сандық және сапалық мөлшері оған келіп құятын Сырдария және Әмудария трансшекаралық өзендерінің су ресурстарының саны мен сапасына тікелей байланысты.

Биосфера - Жер шарының ең нәзік қабаты болып табылады. Егер табиғи тепе-теңдік пен байланыс бұзылатын болса, онда кешегі жайқалған кеңістік лезде шөлейтті аумаққа айналып кетеді. Арал апаты - адамзаттың қолының әдейі жасаған ісінің салдары және жаһандық экологиялық катаклизмдердің ішінде Амазонка бассейніндегі тропикалық ормандарының жоғалуынан кейінгі екінші орында тұр. Біздің Респбликамыз - оның негізгі ерекшелігі жер қойнауы мен табиғи ресурстарға бай сипаты болып табылатын жас мемлекет. Алайда бүгінгі күні сарапшылар Қазақстанды өтпелі экономикалық кезеңдегі экологиялық жағдайы әлсіз мемлекет деп атап отыр. Бұл тікелей Арал аймағының экологиялық жағдайына байланысты.

Арал аймағындағы экологиялық жағдай өндірісті дамыту, ішкі нарықтың дұрыс ұйымдастырылмауы мен табиғат қорғау заңнамасындағы құқықтық нигилизм салдарынан одан сайын ушығып отыр. Арал теңізінің болашақта бұдан әрі де жоғала беруі мемлекетіміз үшін өте маңызды құндылықтардың жоғалуына алып келеді. Олар, біріншіден, Арал теңізі басқа да ішкі теңіздер сияқты еліміздің ұлттық байлықтарының бірі болып табылады. Екіншіден, Арал теңізі өз аймағындағы флора мен фаунаның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз етіп отырған аса ірі әлеуметтік-экономикалық маңызы бар табиғи обьект болып табылады. Үшіншіден, Арал теңізі - осы территориядағы кең аумақтағы қолайлы климаттық жағдайды қалыптастырып отыратын оңтүстіктегі маңызды реттеуші. Төртіншіден, Арал теңізі отандық ғылым мен тұтастай адамзаттың маңызды қызығушылығын тудырып отырған табиғи ескерткіш болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі күнде Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық қамтамасыз ету мәселелері елімізде жеткілікті зерттелген деп айта алмаймыз. Ең алдымен, экологиялық апат аймағы ұғымы толық зерттелмеген және олардың құқықтық режимінің ерекшеліктері нақтыланбаған. Заң әдебиеттерінде экологиялық апат аймағын құқықтық реттеу туралы жеке институт қажеттілігі мен ол нормалардың қазіргі заманғы құқық жүйесіндегі орны туралы зерттеулер толық емес.

Экологиялық апат аймағын құқықтық реттеу мәселелері туралы теоретикалық ұсыныстар Д. Л. Байдельдинов, С. Б. Байсалов, Н. Б. Мухитдинов, А. С. Стамқұлов, Ж. С. Абдукаримова, С. Б. Байсалов, С. Т. Культелеев К. А. Шайбеков, А. Ж. Тукеев, К. У. Караманов секілді отандық ғалымдар мен Б. В. Еровеев, О. С. Колбасов, В. В. Петрова, Ю. С. Шемшученко сияқты шетелдік заңгер-экологтардың еңбектерінде көрсетілді.

Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану мәселелесін зерттеу Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейінгі экологиялық заңнамаға енгізілген өзгерістерден, шаруашылық пен меншіктің әр түрлі түрлерінің пайда болуымен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік- ұйымдастырушылық басқарудағы өзгерістермен де анықталады.

Аталған тақырыптың өзектілігін ескере отырып, автор апаттың негізгі себептерін, осы мәселені заңнамалық деңгейде шешуді және қолданылған шаралардың нәтижелерін қарастырады.

Зерттеу обьектісі Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.

Зерттеу пәні осы мәселе бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар мен арнайы әдебиеттердің жиынтығы болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Осы пәнді қарастыра келе, автор келесідей мақсаттарды анықтады:

  • Экологиялық апат аймағын құқықтық қорғау ұғымын жалпы теоретикалық позиция тұрғысынан зерттеу;
  • Қазақстан Республикасының Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану және аймақты экологиялық сауықтыру туралы заңнамаларын жүйелеу және оны жетілдіру тұрғысынан ұсыныстар жасау. Осы мақсаттарға сәйкес зерттеуші алдына :
  • Экологиялық апат аймағы түсінігін, белгілерін және түрлерін анықтау және оның құқықтық режимін қарастыру;
  • Экологиялық апат аймағы туралы заңнаманы бағалау және Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеу саласындағы кемшіліктер мен жетіспеушіліктерді анықтау;
  • Арал аймағын экологиялық сауықтыруды құқықтық реттеу шараларына талдау жасау және оны жетілдіруге ұсыныстар жасау;
  • Арал аймағындағы экологиялық мәселелерді шешу саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңызын зерттеу;
  • Аралды құтқару Халықаралық Қорының қызметіне, бағыты мен жетістіктеріне талдау жасау.

Аталған зерттеу жұмысы Арал апатының эпицентрі болып табылатын Қызылорда облысының материалдарымен жүзеге асырылды. Зерттеуші Арал теңізі бассейнінің барлық аумағы емес, Қазақстандық бөлігінің экологиялық мәселесін шешуді алдына міндет етіп алды.

Диссертациялық жұмыстың әдістемелік және теоретикалық негізін Д. Л. Байдельдинов, С. Б. Байсалов, А. Шайбеков, Ж. А. Исаева, Ж. С. Абдукаримова секілді отандық заңгерлердің және Ч. Абдирова, У. Н. Бишимбаева, Н. Ф. Глазовский, Дон Хитриксин, Майкл Глантц, Е. Омарова, К. Сарыбаева, А. Ю. Скопин т. б. отандық және шетелдік биология, география, медицина, тарих, экономика саласының ғалымдарының ғылыми зерттеулері құрайды.

Зерттеу жұмысының нормативтік негізін ҚР Конституциясы, ҚР Экологиялық Кодексі, ҚР Су Кодексі, ҚР Жер Кодексі, Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы құрайды.

Зерттеу жұмысында салыстырмалы-құқықтық талдау, жүйелік және тарихи ықпал, кешенді-құқықтық және т. б. жалпы әдістер қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылатын қорытындылар. Жұмыстың ғылыми жаңалығы отандық экологиялық құқық ғылымында алғаш рет Арал теңізі аумағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдаланудың теориялық және тәжірибелік мәселелерін анықтап және оны негіздеуге ұмтылыс жасалды. Анықтау мен негіздеу барысында кейбір мәселелер диссертацияда алғаш рет қойылып отыр, ал кейбіреулері ары қарай жетілдіріліп, нақтыланды.

Қорғауға ұсынылатын қорытындылар мыналар:

1) Экологиялық апат аймағы дегеніміз - қоршаған ортаның адамның жайлы өмір сүруіне қолайсыз, тұрақты, қауіпті өзгеріске ұшыраған территорияның белгілі бір бөлігі. Төтенше экологиялық ахуал мен экологиялық апат аймағының арасындағы айырмашылық нақты реттелуі қажет. Егер, төтенше экологиялық ахуал - бұл мемлекеттің жедел қатысуы мен нақты процессуалдық режимді талап ететін табиғи апаттар мен дүлей күштердің нәтижесі болып табылса, ал, экологиялық апат аймағы территорияға біртіндеп әсер етеді: тұрғындардың денсаулығына және табиғи экологиялық жүйе жағдайына, жануарлар мен өсімдіктердің генетикалық қорына қауіп төндіретін қоршаған ортаның тұрақты және өзгерісі орын алады, бұл өз кезегінде территорияның өндірістік күштерінің бұрыс, тиімсіз дамытуы салдарынан тұрғындардың денсаулығының нашарлауына, табиғи экологиялық жүйелердің, жануарлар мен өсімдіктердің генетикалық қорының бұзылуына, табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына әкеп соқтырады. Экологиялық апат аймағының критерийлері ретінде мыналарды қарастыруға болады:

- табиғи ресурстардың өнімділігінің толық жоғалуы;

- экологиялық жүйелердің толық бұзылуы және оның өзін-өзі қалпына келтіру қабілетінің жоғалтуы;

- қоршаған ортаны ластайтын заттардың рұқсат етілген нормативтен асып кетуі және мөлшері тұрғындардың өміріне қауіп төндіруі.

2) Экологиялық апат аймағы туралы негізгі нормалар ҚР Экологиялық Кодексінде көрініс тапқан. Алайда, ол нормаларда экологиялық апат аймақтарының құқықтық жағдайы толығымен реттелмегендіктен және республикадағы экологиялық ахуал күн сайын нашарлап және экологиялық апат аймақтарының саны мен көлемі артуына байланысты «Экологиялық апат аймақтары» туралы жеке заң қабылдау қажеттілігі туындап отыр. Сонымен қатар, ҚР Су Кодексіне «Экологиялық апат аймағында су пайдалануды реттеу» деген арнайы бап енгізу және қолданыстағы заңнамаға экологиялық апат аймақтарындағы табиғи ортаға қатысты құқықбұзушылық үшін жауапкершілік мәселесін қарастыру қажеттілігі туындап отыр.

3) Арал өңірін сауықтыруға қатысты заңнамаларды талдап, зерттей келе, халықты әлеуметтік қорғау, санитарлық және экологиялық, экономикалық сауықтыру мәселелеріне қатысты нормаларды жетілдіру туралы ұсыныстар жасалды. Сонымен қатар, өңірді сауықтыруға қатысты жан-жақты және әмбебап бағдарлама жасау туралы ұсыныс жасалды.

4) Арал теңізі Орта Азиядағы бес мемлекет территориясына қатысты болғандықтан және Арал қасіреті әлем елдерін алаңдатып отырған себепті аймақтағы экологиялық мәселелерді шешу саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту және одан әрі дамыту қажеттілігі айтылып, ол үшін нақты ұсыныстар жасалды.

5) Арал аймағының мәселесін шешу барысындағы ең маңызды ұйым Аралды құтқару Халықаралық Қоры 1993 жылы құрылған болатын. Аймақ мәселесін халықаралық дәрежеде талқылап, шешу үшін Қор аясында көптеген шаралар жүзеге асырылды. Алайда, Қордың қызмет бағыты әлі де болса жетілдіруді қажет етеді.

Аралды құтқару Халықаралық Қорының қызметіндегі басты кемшіліктер анықталы: Аймақтық басқару құрылымдарын қамтамасыз ететін орталықтандырылған қаражаттың болмауы;

- Халықаралық Қор құрылымының қызметіндегі параллелизм мен көшірмелілік;

- Саяси органдардың тұрақты ротациясымен байланысты әлсіз басқару мен тұрақсыздық;

- Орта Азия республикаларының мемлекеттік органдарының қызметінің қоғам үшін ашық болмауы.

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Диссертациялық зерттеудің нәтижелерінде көрсетілген ұсыныстар мен қорытындылар және ҚР Арал аумағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды талдаумен байланысты аталған жұмыстың материалдарын тиісті құзыретті органдар мен уәкілетті тұлғалардың тәжірибесінде арнайы бағдарламалар жасау немесе заң шығармашылық қызметі барысында пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысында мазмұндалған ұсыныстар мен қорытындылар оқу үдерісінде, арнайы курстарды оқыту барысында, су ресурстарын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми жұмыстар мен оқулықтар дайындауда қолдануға болады.

Зерттеу жұмысы нәтижесінің сыннан өтуі. Зерттеу жұмысының ең өзекті мәселелері бойынша «Арал теңізінің экологиялық жағдайын құқықтық қамтамасыз ету», «Арал аумағының экологиялық жағдайын жақсартуды халықаралық құқықтық реттеу мәселелері», «Экологиялық қолайсыз аймақтардың режимін құқықтық реттеудің кейбір мәселелері» деген тақырыпта үш мақала жарияланды.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен мазмұны ғылыми зерттеу пәнімен, автордың Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану, аймақты сауықтыру және халықты әлеуметтік қорғау мәселелерін жан-жақты талдауға деген міндетімен негізделген.

Диссертация кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады. Зерттеу жұмысының материалдары 100 бет көлемінде ұсынылды. Пайдаланылған әдебиеттердің жалпы саны 95.

1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ АЙМАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. 1 Экологиялық апат аймағының түсінігі және түрлері

Табиғи апаттар, орасан зор өндірістік күштер, күрделі индустрияның дамуы көп жағдайда жекелеген аймақтардың экологиялық жағдайының нашарлауына әкеп соқтырады. Олар табиғи обьектілердің, тұтастай экожүйенің жағдайының бұзылуынан көрініс табады, бұл өз кезегінде адамдардың денсаулығының, рухани және материалдық жағдайының нашарлауымен, тіпті олардың өліміне дейін алып келуімен сипатталады.

Жағдайдың осылай жалғасуының салдарынан болған әрекеттердің экологиялық жетіспеушіліктері анықталуда және жаңа теріс әсерлер туындауда. Әрине, мұның барлығы тұрғындардың денсаулығы мен өмір сапасына қолайсыз әсер етеді, бұл күрделі әлеуметтік реакцияны туындатады.

Соңғы жылдары бүкіл әлемде қауіпті экологиялық жағдайлардың көлемі мен санының өсуінің дағдарысты тенденцияларының жаңа белгілері пайда болды [5, 19 б. ] .

Ауаның, су мен топырақ қабатының ластануы, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің деградациясы, табиғи ресурстардың жұтаңдауы экожүйелердің бұзылуына, шөлейттенуге, биологиялық және ландшафттық әртүрліліктің жоғалуына, адамдар арасында ауру мен өлім-жітімнің артуына алып келді. Мұндай өзгерістердің салдары өмір сүру сапасының төмендеуіне және республика дамуының тұрақсыздығына алып келеді. Сонымен қатар, қоршаған ортаға бөлінетін мемлекеттік шығындардың мөлшері өте төмен. Көптеген экологиялық мәселелер жаһандық сипатқа ие және бір мемлекеттің территориясымен ғана шектеліп қоймайды, сондықтан оны шешуде көршілес мемлекеттердің ынтымақтастығы қажет.

Қазақстан Республикасының он төрт облысының алтауы экологиялық тұрғыдан қиын аймақтар деп танылады, олар: Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары. Келесі сатыда Қазақстанның барлық облыстарында ұлттық басым мәселелер олардың нақты қайнар көздері деңгейіне дейін және жергілікті билікпен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жергілікті жоспарларда бекітілді [5, 1 б. ] .

Қоршаған ортадан және адамның әрекеті процесінде пайда болатын көптеген факторлар қоғамдағы процестерге және ең бастысы, адам мен оның денсаулығына, өмір сүру ұзақтығы мен тұтастай болашақ ұрпаққа кері әсерін тигізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР Арал аймағындағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалануды құқықтық реттеу
Каспий аймағының экологиялық құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жағдайлары
Қазақстанның экология саласындағы қозғалыстары, оның даму перспективалары
Республикасының экологиялық жағдай
Қазақстан Республикасындағы экологиялық проблемалар және оларды жоюдың құқықтық жолдары
Жаһандық экологиялық проблемалар
Халықаралық экологиялық құқықтық ынтымақтастығы
Экологиялық инновациялық өнім
Қоршаған ортаны қорғау аясындағы халықаралық ынтымақтастық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz