Көрнекті тілші-ғалым филология ғылымдарының докторы профессор Мархабат Томанұлы Томановтың туғанына 80 жыл толуына орай өткізілетін «Филологияның қазіргі кезеңдегі басымдықтары: дәстүрі мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция мақалаларының жинағы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 288 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Көрнекті тілші-ғалым филология ғылымдарының докторы профессор Мархабат Томанұлы Томановтың туғанына 80 жыл толуына орай өткізілетін «Филологияның қазіргі кезеңдегі басымдықтары: дәстүрі мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция мақалаларының жинағы

І том

Алматы 2012ж.

Филология, әдебиеттану және әлем

тілдері факультетінің деканы,

профессор Қ. Әбдезұлы

Алғы сөз

Қазақстан мен Кеңес Одағы кеңістігіне аса танымал ғалым, лингвистика ғылымының ұйымдастырушыларының бірі, қазақ және түркі тіл білімінің білгір маманы филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ЖОО Ассоциациясының А. Байтұрсынов атындағы медалінің иегері, Мархабат Томанұлы Томанов арамызда болғанда 80 жасқа толар еді.

Томанов Мархабат Томанұлы 5. 02. 1932 жылы Қызылорда обылысы Қармақшы ауылкеңесіне қарасты «Абыла» колхозында дүниеге келді. 1949 жылы Қармақшы қыстағындағы №26 қазақ орта мектебін бітірген соң сол жылы ҚазМУ-дің филология факультетіне түсіп, оны 1954 жылы үздік тамамдады. Қиын да қызықты ғылым жолын таңдап алып 1960 жылы профессор Маулен Балақаевтың жетекшілігімен «Қазақ тіліндегі мезгіл мәнді сөз тіркесі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

Қазақ тіліндегі морфология саласының даму тарихын түркітану ғылымының мол деректері мен фактілеріне сүйене отырып, 1976 жылы «Қазақ тілінің тарихи морфологиясының негізгі мәселелері» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Мархабат Томанұлының ғылыми шығармашылығы көп қырлы, жан-жақты, сан-салалы, зерттеу бағытының түп қазығы мен алтын діңгегі негізінен кең көлемдегі тіл тарихының мәселелеріне арналған. Атап айтар болсақ, тілдің динамикалық даму тарихындағы өзгерістерді жан-жақты зерделей отырып, сөздің морфологиялық құрылымына тарихи жәдігерліктер негізінде кешенді де кемелді талдаулар жүргізді. Бүгінгі тілімізде негізгі, я алғашқы түбір делініп жүрген көптеген түбір сөздердің өзін алғашқы түбір мен өлі қосымшаға айыруға болатынын ғылыми тұрғыдан дәйектеп берді.

Профессор Мархабат Томанұлы алтайтану, түркітану ғылымының кең ауқымдағы методологиялық негізін басшылыққа ала отырып, қазақ тілі тарихи граммтикасының іргетасын құйды, қазақ тіл білімі тарихының даму векторы мен шынайы диагнозын саралап ғылыми жүйеге түсірді.

Профессор М. Т. Томанов Қазақ Ұлттық университетімізде 40 жылдан аса қажырлы да құнарлы еңбек етіп, қазақ тіл білімінің тарихи зерттеу бағытында сүбелі еңбектер жазып, дара да дана соқпағын салған, қазақ ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан, елімізге танымал айтулы ҒАЛЫМ.

ЕРТЕ КҮННЕН ЕСТЕГІЛЕР

Е. Жанпейісов

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл біліміИнституты

Томанов Мархабат екеуіміз ұлттық ғылым академиясының табалдырығын 1957 жылы 27 қаңтарда бірге аттадық. Дәл осы күні Тіл және әдебиет институтына Ісмет Кеңесбаев қол қойған пәрменмен кіші ғылыми қызметкер болып орналастық. Екеуіміздің ғылымдағы еңбек жолымыз осы қаңтар айының басында жаңадан ғана ашылған Терминология бөлімінде басталды. Біздің алдымызда мұнда он шақты күннен бері Әбдрахманов Айтым мен Ысқақова Нұрай істейді екен. Бөлім бастығы ҚазССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Сәрсен Аманжолв-тың. Өте бір түсі игі, майда мінезді жұмсақ адам еді. Кіммен де жымиып, жылы сөйлеседі. Алды кең, әрі ашық. Ер адамның ажарлысы да еді марқұм.

Кешікпей бөлімнің алғашқы ұйымдастыру жұмысы болды. Жиналысты Сәрсекең Ғылым академиясының жуырда өткен Төралқа отырысында халқымыздың ұлттық ғылым тілін қалыптастыру, яғни қазақ тілін ғылымдандыру проблемасы арнайы сөз болғаны, ол үшін түрлі білім салалары бойынша екі тілді орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер жасауға ғылыми мекемелерден, жоғарғы оқу орындарынан тиісті мамандар жегілетіні, ал бұл сөздіктерді Мемлекеттік терминология комиссиясында бекіту, баспаға дайындау, редакциялау, талқылау, апробациядан өткізу сияқты қыруар ұйымдастыру жұмыстары Институтқа, оның ішінде осы Терминология бөліміне жүктелетіні, соған байланысты алда тұрған міндеттер мен дереу қолға алынуға тиісті тығыз жұмыстар туралы айтты. Ол қазақтық ғылым тілін қалыптастырудың бұлай мемлекеттік деңгейде қолға алынуына Академия президентінің, Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың тікелей өзі мұрындық болып отырғанын екі-үш рет қайталап айтты.

Бұрын бұл кісінің атын ғана еститінбіз. Мұнда келгелі енді өзін де көре бастадық. Бұдан былай Әуезовті де, Марғұланды да осында жиі көріп жүрдік. Тәңірдің сирек сыйы ғой: келе-келе небір келелі, алқалы топта оларды ұйып тыңдайтын да болдық. Жалпы мәлім бір нәрсе: бұларды көруге әркім-ақ таңсықтын. Ешкім де оларға жәй қарай алмайтын. Өйткені бұл үшеуі тіпті тек сырт пішін тұрпатының өзімен-ақ былайғы бар қазақтан туысы бөлек, өзге бір дүние кейпініне: «Шираздың гүлзарын», «Самарқанның мазар ғымараттарын», «Мәру, Мешһеттің миуалы, бұлбұлды бақтарын, салқын самал хауыздарын», «Ғырат, Ғазына, Бағдаттың сарайларын, медреселерін, кітапханаларын» елестететін аңызды көне Шығыстың «толмайтын, толса аспайтын» даналарына көбірек ұқсайтын. Олар барда кеміс мініміз де көп біліне бермейтін еді.

Ол кез - енді ойлап тұрсам, қазақ ғылымының, Академияның ең бір жарқын, жұлдызды жылдары, «алтын ғасыры» екен ғой! Естен кетпес сол ғибратты ортаның, академиялық үлкен ғылымның есігін Мархабат болса «Бұғалықсыз асауды құр-құрлатқан жиырма бесінде», мен одан енді аса бере аштық. Бойымызды бір жағы мақтаныш билей, екінші жағы, шыны керек, жүрексіне аштық . . .

Жаз шыға Институт тапсырмасымен Мархабат кен өндірісі неғұрлым көбірек шоғырланған Жезқазған аймағына аттанды да, мен еліміздің Өзбекстанмен шектес аудандарына, «ақ алтын еліне» жол тарттым. Екі айдан астам уақыт түрлі өнеркәсіп орындарын, мақталы алқаптарды аралап, жергілікті ұлт өкілдері тілінде ғана айтылатын, былайғы жұрт жалпы біле бермейтін кәсіби сөздерді, терминдік атауларды жеке-жеке карточкаға түсіріп, оларды сол салалаық шаруашылықта қалыптасқан мағынасын ашатын мысалдармен қоса жазып алып, сапардан бірсыпыра жаңа жергілікті сөзқолданыс үлгілерін жинап, екеуміз де Институтқа олжалы оралдық. Келісімен сол тіл материалдарын сұрыптап, екі ғылыми мақала дайындадық. Екеуін де бірігіп, екеуіміздің атамыздан жаздық: бірі - сол жылы «Термин қалыптастыру жайлы бірер сөз» деген атпен «Лениншіл жаста» (қазіргі «Жас Алашта») жарияланды, екіншісі келесі (1958) жылдың басында «Халықтық атаулар кең пайдаланылсын» деген тақырыппен «Қазақстан мұғалімі» газетінде басылды. Осы жылы Мархабат Жезқазған сапарынан А. Әбдразмановпен қосылып «Социолистік Қазақстан» газетінде «Өнеркәсіптік терминдер жайында» деген тағы бір мақала жарияланды.

М. Томановтың бұл салада бір бөле айтатын еңбегі: К: Қуатбаев екеуі жасаған және 1962 жылы жеке кітап етіп шығарған (көлемі 164 бет) «Құрылыс және құрылыс материалдарының орысша-қазақша терминологиялық сөздігі» (9-ыншы том) . Бұлардың сыртында қазақ терминологиясын ғылыми тілді қалыптастыруға физика, астрономия, юриспруденция, педагогика және психология сияқты білім салалары бойынша кезінде жеке-жеке кітап болып шыққан орысша-қазақша терминологиялық сөздіктердің жауапты редакторы ретінде де қыруар еңбек сіңірді.

Бұл айтылғандар - М. ТОманов шығармашылғының бір ғана қыры.

Ол сондай-ақ лингвистика ғылымының әдеби тіл, стилистика мәселелерін де осылай терең зерттеді. Жалпы бұл салаға бізді - Мархабатты да, мені де бастап алып келген, ең бастысы, бұл салада бізді алғаш кітап жазуға баулыған, автор ғып тартқан - Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Мәулен Балайқайұлы. Сөз орайы келген соң айта кетейін, екеумізді аспирантураға алып қалған да, екеумізге ғылыми жетекші болған да, кезінде екеумізді Академияға ертіп барып, қызметке ұсынған да сол аяулы Мәкең-тін: ұстаз шапағаты деген осындай-ақ болар. Ғ. МҮсірепов «Адамға адам жарығын да түсіреді» дегенді сірә осындай ыңғайда айтса керек.

М. Томанов - университет пен пединституттардың филология факультеттерінің студенттеріне арналып 1961 жылы кітап болып шыққан «Қазақ әдеби тілінің мәселелері» мен 1966 жылы жарияланған «Қазақ тілінің стилистикасы» атты тұңғыш оқулықтың авторларының бірі. Ол бұл еңбектерде де өзіне тиісті негізгі бөлімдерді ғылыми талдауы, мазмұны жағынан жоғарғы мектеп талабына сай жазып шықты. Оның жақсы қалыптасып келе жатқан кәсіби дайындығы, зерттеу мәдениеті, ғалымдық қарымы нақ осы тұста көрінді. Ғылымда былайғы жерде ұстанар негізгі бағыты, темір қазығы - бұл да оған осы тұста белгілі бола бастады.

Ол өзінің үлкенді-кішілі ендігі зерттеулерін әдеби тіл проблемасы, әсіресе тіл тарихы төңірегінде жүргізді. Мысалы, әдеби тіл тағдыры оны өмір бойы толғандырған тақырып деуге болады. Бұл проблемаға мезгіл-мезгіл оралып соғып, бұл төңіректе үнемі ізденумен болды. Тынбай зерттеді. «Әдеби тіл сырына үңілсек», «Әдеби тіл әрлі болсын», «Қазақ әдеби тілі және оның нормалары», «Әдеби тілдің әлемі», «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу жолдары», «ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдеби тілі», «Орта азиялық түркі әдеби тілі мен қазақ әдеби тілінің байланыс мәселелесіне»» сияқты тақырыптарда үзбей жазды. Иә, ізденімпаз әріптесіміз әдеби тіл тарихын осылай әріден созып, әріден алып зерттеді. Туған тілінің өткенінен осылай суыртпақтап сыр тартып, оны бүгінімен салыстыра, сабақтай сөз еткен «Қазіргі қазақ әдеби тіліміздің сипаты» деп аталатын көлемді мақаласы ғұмырының ең соңғы күндерінде (24 қарашада) «Қазақ әдебиетінде» басылды. Бұл - оның көзі тірісінде жарияланған соңғы сөзі-тін.

Бұл айтылғандардан ғалымның өмір бойы қол үзбеген бір бауыр басты тақырыбы әдеби тіл екенін көреміз. Шынында солай. Бірақ Мархаббаттың ғылыми еңбектерінің құбылысы, «Мекке жазғы» бұл емес. Оның бүкіл лингвистикалық зерттеулерінің бас тақырыбы тарихи грамматика мәселелері болды. Бұл таңдау, менің байқауымша, жоғарыда аталған «Қазақ әдеби тілінің мәселелерінен» бастау алатын сияқты. Өйткені ол мұнда әдеби тіл тарихына Орхон-енисей, көне ұйғыр, араб жазба ескерткіштері деректерін де жанастыра сөз етеді. Осы салыстырма тіл деректері төңірегінде түйген алғашқы ой-пікірлері әсіресе оның алпысыншы жылдар ішінде шыққан жеке мақалаларында, сондай-ақ «Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары», «Орхон-енисей ескерткіштерінің зерттелу тарихы мен грамматикалық очерктері», «Великие ученые Средней Азии и Казахстана», «Ежелгі мәдениет куәлары», «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» сияқты ұжымдық зерттеулерде, оқу құралдарында одан әрі дамыды. Жалпы тіл тарихы жөніндегі білім, танымы жылдан-жыл тереңдей берді, кемелдене түсті.

Ол тарихи грамматикаға осылай біраз тәжірибе алып, теориялық тыңғылықты дайындықпен келді. Онымен енді түбегейлі айналыса бастады. Бұл ретте әуелі сан есімдер, үстеулер, етістік жасайтын қосымшалар тарихынан, етістіктің шақ тұлғаларының қалыптасу, түбірлердің даму, жалпы тарихи грамматика мәселелері туралы бірнеше ғылыми еңбектер сериясын жариялады. Бұлар кейін келе оның «Основные вопросы исторической морфологии языка» атты докторлық диссертациясына негіз болып қаланды.

М. Томанов өзінің тарихи грамматика тарапты зерттеулерін бұдан былай да тереңдете түсті. Жекелеген морфологиялық категориялар жөнінде бұрын айтқан кейбір мәселелерді, атап айтқанда, түбірлер құрамы, тәуелдік жалғау т. б. грамматикалық формалар туралы қалыптасқан ұғым түсінігіміздіосы сала ғылымның соңғы жетістігі, жаңа деректері негізінде теоиялық жақтан кеңейтіп, үнемі толықтырып отырды. Мысалы, оның «Тарихи морфологияны зерттеуде көне мұраларды пайдаланудың принциптері туралы», «К Истории категории принадлежности», «Қазақ тіліндегі байырғы түбірлердің құрамы туралы» сияқты мақалалары осындай мақсаттан туды.

Ғалым тіл тарихы төңірегінде жиырма жыл бойы осылай тынбай ізденді. Тынбай іздене жүріп, кәсіби білім деңгейі жағынан өзі де өсті, кемел тартты. Белгілі тіл тарихшысы болып қалыптасты. Оның сексенінші жылдары жарияланған «Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы», «Түркі тілдерінің салытсырмалы морфологиясы», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы: Фонетика. Морфология» атты оқулықтар сериясы соған айғақ. Оларды оның көп жылғы ғылыми ізденулерінің лайықты қорытындысы, шығармашылық жолындағы айтулы белес десе болады. М. Томанов бұлардан кейін де «К истории совместноорудийного падежа в казахском языке», «Көсемше тұлғалардың даму тарихына», «К вопросу о генезисе и развитии имен прилагательных», «О методах и сточниках изучения исторической грамматики казахского языка», «Принципы построения исторической грамматики казахского языка» сияқты тақырыптарда тағы бірнеше мақала жариялады. Солардың негізінде жоғарғы мектеп студенттерінің тұрақты оқулығына айналған өзінің «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы» еңбегін құрылымы, мазмұны жағынан біраз өңдеп, толықтырып, 1988 жылы оның екінші басылымын шығарды.

Талантты ғалым М. Томановтың бас кітабы, қазақ тілінің тұңғыш тарихи грамматикасы міне осылай туды.

Қазақ тілі тарихын зерттеудің жаңа үрдісі

Ж. А. Манкеева

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі Институты

Қазіргі қазақ тіліндегі жалпытүркілік қабаттың, лексикалық қордың өзегін құрап, өз бойында тілдің сан ғасырлық тарихи даму жолын сақтап, тұтынушы халықтың материалдық-рухани мәдениетін бейнелейтін түбір және тарихи туынды сөздердің түпнегізін анықтау бірқатар түркітанушы ғалымдардың назарын аударғаны белгілі. Осымен байланысты түркітануда олардың ата түркі дәуіріндегі жалпытүркілік ежелгі түрін салыстырмалы-тарихи негізде жаңғырту арқылы байырғы қалпына келтіруге бағытталған талай зерттеулер жүргізілді.

Солардың қатарында қазақ тілі деректері негізінде тікелей түбір мәселесін тарихи-динамикалық категория ретінде зерттеген көшбасшы ғалымдардың бірі - профессор М. Томанов.

Бұл арада ғалымның мұрасына талдау жасап, мазмұндық сипаттауды артық деп санаймыз. Бүгінгі әңгіме - профессор М. Томановтың зерттеулерінің қазақ тілі тарихын ұлт болмысымен сабақтас қарастыратын қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттары мен нәтижелерінің үрдісіндегі жалғастығын көрсету.

Өзінің артында қолжазба ретінде қалып, кейін жарық көрген (1992 ж. ) «Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» ғалым: «Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты немесе жеке түркі тілінің өзіндік ерекшелігі жайлы айтпас бұрын олардың бәріне тән ортақ заңдылықтар қандай дейтін мәселеге тоқтау орынды» деп бастайды да [1, 7], түркі тілдерінің негізгі жүйелік ерекшеліктеріне (фонетикалық жүйе, морфологиялық құрылыс, лексикалық қор, синтаксистік құрылыс) тоқталады. Соның ішінде тілдің даму үрдісіндегі тарихи өзгерістердің ықпалымен түбір құрылымының көнеруін анықтауда фонетикалық заңдылықтардың мәнін ерекше атап көрсеткені белгілі [2, 100] .

Ғалым байырғы сөздік қордың фоно-морфо-семантикалық құрылымы туралы Э. Севортянның, Ә. Қайдардың т. б. түркітанушы ғалымдардың ізденістерін жалғастырып, қазақ тіліне қатысты нақты тілдік деректермен дәйектейді.

Түбірдің бір буындығына қатысты ғалымдардың сүйенер тірегі - түркі тілдеріндегі түбірдің құрылымының тұрақсыздық (диффузность) сипаты. Осыған орай моносиллабтардың құрылымы фоно-морфо-семантикалық корреляция негізінде қатар зерттеліп, соның нәтижесінде түркі түбірінің ең кең тараған түрі үш дыбысты түбірдің басындағы (анлауты) да, соңғы дыбысының (ауслауты) да өзгермелі екендігі оның тұрақсыздығын тудыратыны Э. Севортян, А. Н. Кононов, Ә. Қайдаров, Е. Қажыбеков, М. Томанов еңбектерінде дәлелденгені белгілі. Нақты айтқанда, профессор М. Томановтың жылысу, кірігу, фузия т. б. құрылымдық өзгерістер мен модификацияға қатысты қазақ тілінің нақты тілдік деректерін талдаулары мен қазақ тілінің тарихи-фонетикалық, фонологиялық жүйесінің қалыптасуы туралы пікірлерінің құндылығы моносиллабтық және көптеген дисиллабтық түбір құрылымының табиғатын жалғамалылық, сөзжасамдық үдерісімен қатар қарауында.

Осымен байланысты М. Томановтың зерттеулерінде түбір морфемалардың қалыптасуына қатысты көрсетілген көптеген күрделі мәселелердің күрмеуін шешудің тетігі тек тілдік жүйенің бір деңгейі негізінде ашылмайтынын қазіргі кешенді тіл білімінің сипаты көрсетіп отыр. Атап айтқанда, қалыптасқан ғылыми көзқарастар тұрғысынан тарихи фонетикалық заңдылықтар ретінде түсіндіріліп келген морфемалық құрылымда кездесетін ығысу, жылысу т. б. құбылыстардың ерекшелігі мен сырлары қазіргі тіл білімінде морфология мен фонетика тоғысында қалыптасқан морфонологияда қарастырылады [3] .

Бұл мәселе қазіргі тілді зерттеу деңгейінің функционалдық сипатына сай жаңа сапада өзектеліп отыр. Осы тұрғыдан бағамдап қарасақ, қазақ тіл біліміндегі түбір құрылымына қатысты ғылыми болжамдардың жаңаша сипатын профессор Б. Сағындықұлы, профессор А. Салқынбай еңбектерінен көруге болады. Осыған орай ішкі флексия, архисема, идеофон, силлабофонема т. б. ұғымдардың өзектелуі түбір құрылымын жаңғыртуда тиімді сипатқа ие болуда [4] .

Осы орайда шартты түрде «өлі түбірлер» деп аталып жүрген тарихи туынды түбірлерді сөзжасам өрісінің өзегі мен перифериясының арасында тұрған тілдік бірлікті реликтілік түбір морфема деп қарайтын Н. И. Букетованың зерттеуін де профессор М. Томановтың түбірді динамикалық жүйе деп болжаған идеясының жаңа ғылыми деңгейдің дәйегі деп қараған жөн [5] .

Тәуелсіз Қазақстан кезеңінде таным көкжиегін кеңейтіп келе жатқан өрелі өріс-руханияттың көне дәуірлердегі негіздері және ұлттық сана мен болмыстың күретамырлары іспетті тарихи тілдік деректерді зерттеудің кешенді де терең тану үрдісі Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов сияқты ғалымдардың еңбектерінен бастау алғаны белгілі. Қазіргі таңда ежелгі түркі дүниесін танытатын көне түркі ескерткіштерінің мазмұны мен мәтіндеріндегі көркем ойлау жүйесі бүгінде іштей қайта түлеп, жаңғырып жатқан түркі халықтарының бірі қазақ елінің рухани-әлеуметтік және тілдік қазынасының тарихнамасы іспетті антропоөзектік аспектіде танылуда.

Кейінгі буын зерттеушілерінің өкілі М. Ескееваның: «Жалпы түркілік тектілден (протоязык) өрбіп, өзара тоғысу, қайта ыдырау тәрізді тілдік үдерістерді бірнеше мәрте басынан өткізген, өзіндік ерекшеліктермен, бітім-болмысымен сараланатын, сан ғасырлық дербес даму жолынан өтсе де, жалпы түркілік табиғатын сақтап келе жатқан, қазіргі түркі тілдерінің қалыптасу ерекшеліктерін, өзара туыстық деңгейін анықтауға арқау болып отырған құнды тілдік дерек VII-IX ғасырлардан жеткен көне түркі ескерткіштерінің тілі» [6] деген тұжырымын ғылыми сабақтастықтың жаңа деңгейі деп санаймыз. Нақты айтқанда, жас ғалымның Орхон, Енисей, Талас ескерткіштерінің тіліндегі моносиллабтарды қазіргі қыпшақ тілдеріндегі нұсқаларымен салыстыра отырып, сабақтастығын фонокорреляттар негізінде қарастырған зерттеуі түбіртану деңгейін ғылыми да, деректік те тұрғыдан дәйектелген жаңа сапаға көтерді.

Осы арада М. Томанов қазақ тіл білімінде арнайы дереккөзі ретінде пайдаланған көнетүркілік жәдігерлерді зерттеуде оның мазмұнындағы түркі жұртының ұлттық мәдени, тарихи-әлеуметтік негіздегі тұтастығын бейнелейтін тілдік мұра ретінде жаңа ғылыми парадигмада қарастырыла бастағанын да ғылыми жалғастықтың жаңа деңгейі деп бағалаған жөн. Атап айтқанда, Н. Г. Шаймерденованың «Репрезентация в языке древнетюркской картины мира» атты еңбегінде ежелгі түркілердің санасы бейнеленген тілдік деректерді когнитивтік жүйеде қарау ескерткіштер тіліндегі түбірлердің семантикалық құрылымын жаңғыртуда мәні ерекше екенін нақты дәлелдейді [7] .

Осы ретте тілдің таным құралы ретіндегі (қарым-қатынас құралы ғана емес) және құжаттық-мұрагерлік қызметін дәйектейтін көне тілдік деректердің лингвомәдени аспектіде қаралуы - соның нақты айғағы [8] . Белгілі бір уақыт пен кеңістіктегі тілдік қолданыс аясын архетиптік ұлт мәдениетімен сабақтастыру бағзы замандардан бастау алып, халық санасына сіңіп, жадында жатталған көне сөздердің тарихи сырын тіл тұтынушының іс-әрекетімен байланысты. Бұл жайт тіл тарихының ұлт тарихынан ұзақ екенін негіздейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғалым Құдайберді Жұбанов отбасындағы тіл білімін зерттеуші ғалымдар
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан жалпы қазақ ғалымдар еңбектерінің сипаттамасы
Тіл тарихын зерттеген кемел ғалым
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ – түрік әдеби-мәдени байланыстары
Қазақстанның өлкетану библиографиясының жалпы мәселелері
Қазақ әдебиеті мамандығы бойынша жазылған Белгібай Шалабаевтың ғылыми - сын, әдеби аударма еңбектері атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясының қолжазбасын талқылау
Қазақ тілі морфологиясы жөніндегі ілімдердің қалыптасуы мен дамуы
Абайдың шығармашылық өмірі - қазақ әдебиеті тарихының кіндік тұтқасы
Қазақстан Республикасындағы көркем әдебиет және әдебиеттану саласындағы ақпараттық ресурстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz