Актас мұнай кен орнын игерудің оптималды жобалық шешімін анықтау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ТИІМДІЛІГІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.1 «Инвестициялық жоба түсінігі», оны іске асырудың негізгі сатылары ... ... .10
1.2 Инвестициялық жоба тиімділігін анықтаудың әдістемелік негіздемелері және экономикалық критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
1.3 Кенорын бойынша геологиялық.техникалық жалпы мағлұмат сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2 МҰНАЙ.ГАЗ КЕНОРНЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ ШЕШІМДЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ... ... ... ... 34
2.1 Игеру нұсқаларының техникалық.экономикалық негіздемесі ... ... ... ... ... ...34
2.2 Жобалық шешімдердің экономикалық талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
2.3 Күрделі салымдар мен эксплуатациялық шығындардың экономикалық бағалануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
3 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ...62
3.1 Мұнай.газ кенорнының игеру нұсқаларын экономикалық бағалаудың
негізгі ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
3.2 Тәуекел мен белгісіздік факторларын ескере отырып жоба тиімділігін арттыру және есептеу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
3.3 Мұнай.газ саласына шетелдік инвестицияны тарту және қолданудың ұйымдық.экономикалық механизмін жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...78

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...81

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...83
Тақырып актуалдылығы. Қазіргі кезде мұнай саласы тек елдің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, оған қоса республикамыздың экономикалық өрлеуінің негізгі тұтқасы болып келеді. Өйткені, өндіріс көлемі бойынша басқа салалар ішінен мұнай саласы көрнекті орын алады.
Қазақстандағы барланған және үлкен болашағы бар көмірсутекті шикізат қорларының бар болуы мұнай химиялық және мұнай өңдеу өндірістерін сәтті біріктіруді қолдану мүмкіндігін дәлелдейді. Бұл мүмкіндік тек мұнай саласы мен ұзақ уақытқа мұнай өнімдерімен толықтай өзін-өзі қамтамасыз ету шеңберінде ғана қарастырылады.
Қазақстанның даму стратегиясында 2030 жылға дейін отын-энергетика секторына бірінші кезекте мән беріледі. Тұрақты экономикалық өсім көзі ретінде көмірсутек ресурстарын ұтымды пайдалану еліміздің ұзақ мерзімді жоспарларының бірі болып табылады.
Мұнай ресурстарын пайдалану тұжырымдамасы:
• Ең үздік технология, күрделі қаржы және ноу-хау тарту мақсатында халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік жүргізу;
• Бір мемлекеттен не бір тұтынушыдан болатын монопольдік бағалық тәуелділікті болдырмайтын көмірсутек шикізатының тәуелсіз экспорттық бағдарын құру;
• Ішкі отын-энегетикалық инфрақұрылымды дамыту және құруды жеделдету.
Зерттеу мақсаты. Берілген жобаның негізгі мақсаты Актас мұнай кенорнын игерудің оптималды жобалық шешімін анықтау болып табылады. Бұл жағдайда жобаны жүзеге асырудың күрделі салымдары мен эксплуатациялық шығындарын есептеу қажет. Күрделі салымдарды ұңғыма құрылысының жылдары бойынша, объекттер (I және II) бойынша, мұнай кәсібі бойынша үлестіру керек. Сонымен қатар, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу талап етіледі (әлеуметтік салық, жер салығы, роялти, экологиялық төлемдер, білім беру, әлеуметтік инфрақұрылым, жою қорына аударымдар, тарихи салықтар, амортизациялық аударымдар, шикі мұнай акцизі, корпоративтік табыс салығы). Ең алдымен ұңғыма торларының тығыздығымен айырықшаланатын техникалық-экономикалық көрсеткіштердің төрт игеру нұсқасын қарастыру қажет. Технологиялық көрсеткіштердің есептеу әдісін таңдау, кенорынды зерттеу деңгейіне, қабаттардың геологиялық құрылымына, коллектор типіне, олардың сүзгіштік сипаттамаларына, әркелкілігіне, шоғырларды эксплуатациялау режиміне, игерудің мүмкін нұсқаларына, шоғыр өлшемдеріне т.б. көрстекіштерге тікелей байланысты.
Зерттеу объектісі. Игерудің негізгі өнеркәсіптік объектісі Ақтас кенорны болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында орналасқан.
1 Мамедов О.Ю. Современная экономика.- Ростов-на-Дону: Феникс, 1996.
2 Тайкулакова Г.С. Мұнайгаз өнеркәсібіндегі кәсіпорын экономикасы.- Алматы: КҚУ, 2005.
3 Басуев А. С. 01.09.98 жылдары Ақтас кенорнында мұнай мен газ қорларын есептеу.- Алматы: Мұнай-Консалтинг, 1998.
4 Рохлин С.М., Рыженков И.И., Фетисов А.А. Экономика рационального использования нефтяных ресурсов недр.- М.: Недра, 1991.
5 Рабинович А.А., Ақтас кенорнының ұңғымаларын сынамалы эксплуатациялау. – Ақтау: Аманат, 2000.
6 Сапожников П.С., Финк В.К. Концентрация капитальных вложений и нефтяной промышленности.- М.: Недра, 1987.
7 Ежов С. Особенности налоговой системы в нефтяном секторе экономики. – М.: «А и Б», 1999.
8 Қазақстан Республикасының бюджетке салынатын салығы және басқа да мігдетті төлемдері.- Алматы: Салық кодексі, 2003.
9 Байтлекова Б. "Иностранные инвестиции в Республике Казахстан" - Алматы: Деловая неделя №11, 1998.
10 Проблема совершенствования законодательства по привлечению иностранного капитала в экономику Республики Казахстан. - Республикалық ғылыми журнал - "Наука и образование Южного Казахстана" №6 - 1997. "Экономика. Математика" сериясы.
11 "Государственная стратегия развития нефтяной промышленности РК" - Республикалық ғылыми журнал "Наука и образование Южного Казахстана" №6 - 1997. "Экономика. Математика"сериясы.
12 "Нефтеэкспортный потенциал Казахстана, как условие привлечения иностранных инвестиций в нефтяную промышленность" - «Қазақстан 2030» стратегиясы бойынша ғылыми-тәжірибелік еңбектер жиынтығы.-Алматы: Ғалым, 1998.
13 Қазақстанның инвестициялық климаты - Шетел инвесторларының екінші жылдық сауалнамасы.- Алматы: Азия- ЭиЖ.-1997 -№24,25,26
14 Балахметова Г. Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тартудың салалық және регионалдық аспекттері.- Алматы: Аль-Пари, №6, 2003.
15 2003-2005жылдар бойынша «ТасбулатОйлКорпорейшн» ЖШС жылдық есеп беруіне түсініктеме жазбахаты.
16 Гергичеану Д., Чепчеев С.Г. Шығыс Нормаул және Батыс Тасболат құрылымдарын зерттеу бойынша барлау ұңғыларын бұрғылаудың геологиялық жобасы (Ақтас учаскесі).- Алматы: NEDRA, 2001.
17 Насырова М.Р., Құлпыбаев С.К. Гуляева С.П. Нарықтық экономика.- Алматы: Білім, 1995.
18 Астахов А.С., Экономическая оценка запасов полезных ископаемых.- М: Недра, 1981.
19 Лысенко В.Д. Проектирование разработки нефтяных месторождений.- М.: Недра, 1987.
22 Правила разработки нефтяных и газонефтяных
месторождений. - М.: Миннефтепром, 1987.
23 Регламент составления проектов и технологических схем разработки нефтяных и газонефтяных месторождений РД 39-0147035-207-86, М.: Миннефтепром, 1986.
24 Сургучев М.Л. Вторичные и третичные методы увеличения нефтеотдачи пластов. - М.: Недра, 1985.
25 Конопляник А., Субботин М. Государство и инвестор: об искусстве договариваться.- М.: ЭПИцентр, 1996.
26 Жұмағалиев Т.Н., Шудабаев К.С. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің түсіндірме сөздігі.- Алматы: APHgroup, 2000.
27 Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. – Алматы: Сөздік-словарь, 1999.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және бизнес факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

Диплом (Бітіру) жұмысы

___________________________________ _____

Орындаған 4 курс студенті __________________________

Ғылыми жетекші __________________________

(қолы, күні)

Норма бақылаушы __________________________

(қолы, күні)

Кафедра меңгерушісінің __________________________
рұқсатымен қорғауға жіберілді (қолы, күні)

Алматы, 2009
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ТИІМДІЛІГІН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1. Инвестициялық жоба түсінігі, оны іске асырудың негізгі
сатылары ... ... .10
2. Инвестициялық жоба тиімділігін анықтаудың әдістемелік негіздемелері
және экономикалық
критерийлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... 17
3. Кенорын бойынша геологиялық-техникалық жалпы мағлұмат
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
1. МҰНАЙ-ГАЗ КЕНОРНЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ ШЕШІМДЕРІНІҢ ТИІМДІЛІГІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ... ... ... ... 34
1. Игеру нұсқаларының техникалық-экономикалық
негіздемесі ... ... ... ... ... ...3 4
2. Жобалық шешімдердің экономикалық
талдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
3. Күрделі салымдар мен эксплуатациялық шығындардың экономикалық
бағалануы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
2. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ...62
1. Мұнай-газ кенорнының игеру нұсқаларын экономикалық бағалаудың
негізгі
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..6 2
2. Тәуекел мен белгісіздік факторларын ескере отырып жоба тиімділігін
арттыру және есептеу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 67
3. Мұнай-газ саласына шетелдік инвестицияны тарту және қолданудың ұйымдық-
экономикалық механизмін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 72

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .78

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..8 1

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..83

КІРІСПЕ

Тақырып актуалдылығы. Қазіргі кезде мұнай саласы тек елдің ішкі
қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, оған қоса республикамыздың
экономикалық өрлеуінің негізгі тұтқасы болып келеді. Өйткені, өндіріс
көлемі бойынша басқа салалар ішінен мұнай саласы көрнекті орын алады.
Қазақстандағы барланған және үлкен болашағы бар көмірсутекті шикізат
қорларының бар болуы мұнай химиялық және мұнай өңдеу өндірістерін сәтті
біріктіруді қолдану мүмкіндігін дәлелдейді. Бұл мүмкіндік тек мұнай саласы
мен ұзақ уақытқа мұнай өнімдерімен толықтай өзін-өзі қамтамасыз ету
шеңберінде ғана қарастырылады.
Қазақстанның даму стратегиясында 2030 жылға дейін отын-энергетика
секторына бірінші кезекте мән беріледі. Тұрақты экономикалық өсім көзі
ретінде көмірсутек ресурстарын ұтымды пайдалану еліміздің ұзақ мерзімді
жоспарларының бірі болып табылады.
Мұнай ресурстарын пайдалану тұжырымдамасы:
• Ең үздік технология, күрделі қаржы және ноу-хау тарту мақсатында
халықаралық мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік жүргізу;
• Бір мемлекеттен не бір тұтынушыдан болатын монопольдік бағалық
тәуелділікті болдырмайтын көмірсутек шикізатының тәуелсіз экспорттық
бағдарын құру;
• Ішкі отын-энегетикалық инфрақұрылымды дамыту және құруды жеделдету.
Зерттеу мақсаты. Берілген жобаның негізгі мақсаты Актас мұнай кенорнын
игерудің оптималды жобалық шешімін анықтау болып табылады. Бұл жағдайда
жобаны жүзеге асырудың күрделі салымдары мен эксплуатациялық шығындарын
есептеу қажет. Күрделі салымдарды ұңғыма құрылысының жылдары бойынша,
объекттер (I және II) бойынша, мұнай кәсібі бойынша үлестіру керек. Сонымен
қатар, салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді есептеу талап етіледі
(әлеуметтік салық, жер салығы, роялти, экологиялық төлемдер, білім беру,
әлеуметтік инфрақұрылым, жою қорына аударымдар, тарихи салықтар,
амортизациялық аударымдар, шикі мұнай акцизі, корпоративтік табыс салығы).
Ең алдымен ұңғыма торларының тығыздығымен айырықшаланатын техникалық-
экономикалық көрсеткіштердің төрт игеру нұсқасын қарастыру қажет.
Технологиялық көрсеткіштердің есептеу әдісін таңдау, кенорынды зерттеу
деңгейіне, қабаттардың геологиялық құрылымына, коллектор типіне, олардың
сүзгіштік сипаттамаларына, әркелкілігіне, шоғырларды эксплуатациялау
режиміне, игерудің мүмкін нұсқаларына, шоғыр өлшемдеріне т.б.
көрстекіштерге тікелей байланысты.
Зерттеу объектісі. Игерудің негізгі өнеркәсіптік объектісі Ақтас
кенорны болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының Маңғыстау облысында
орналасқан.
Геологиялық-кәсіптік зерттеулер нәтижелеріне сүйене отырып кенорының
негізгі екі эксплуатациялау объектісі белгіленген. Әрбір белгіленген
эксплуатациялау объектілері бойынша барлық қарастырылатын нұсқалар үшін
игерудің сипатты элементтерінің технологиялық көрсеткіштері келтіріледі.
Бұл көрсеткіштерді қолдану арқылы ұңғымаларды орналастыру үшін қабат
қалыңдығының шекті мұнаймен қанығуы, олардың мұнай бойынша алғашқы рұқсат
етілетін дебиті, жинақталған мұнай өндіру, өнімнің шекті сулануы
негізделеді. Көп қабатты кенорынды игерудің рационалды нұсқасын таңдауда
ұңғымалар торының тығыздығы орасан зор рөл атқарады. Эксплуатациондық
объект деп қабатты немесе олардың тобын айтамыз.

Зерттеу субъектісі. Жобаның зерттеу субъектісі мердігер -
жауапкершілігі шектеулі серіктестік ТасбулатОйлКорпорейшн болып табылады.
Қазіргі уақытта ЖШС ТасбулатОйлКорпорейшн (ТОК) мұнай мен газды
өндіруге, газды өңдеуге, қызмет көрсетуге мамандандырылған 13 операциондық
бөлімшелер мен басқару аппаратынан тұрады. Жарияланған жарғылықты капитал
эмиссия регистрациясынан кейінгі кезектен тыс жиналыста белгіленген.
Компанияның кадрлық саясаты қатарына жоғарғы кәсіптік мамандар, үлкен жұмыс
тәжірибесі және жастарды тарту жұмыстары жатады.

Зерттеу құралы. Жоба тиімділігі экономикалық шарт ретінде жүретін
есептік көрсеткіштер негізінде есептеледі: таза табыс; жер қойнауын
пайдаланушының ақша ағымы; мердігердің таза дисконтталған түсімі (NPV);
пайданың ішкі нормасы (IRR); күртелі салымдарды өтеу мерзімі (POT);
максималды қаржылық теріс ақша (қаржылық күштеме); мемелекет табысы
(бюджеттік және бюджеттік емес қорларға аударылатын салықтар мен төлемдер);
шығындар бойынша үлестік көрсеткіштер; тәуекел.

Ұсынылатын нұсқаны таңдаудың негізгі көрсеткіші қолма-қол ақшаның
ағымы болып табылады. Бірақ, жеке интегралдық нәтиже жобаланатын объект
үшін жеткіліксіз болып табылады. Ауданды игеру нұсқаларын бағалау және
экономикалық көрсеткіштерді есептеу тұрақты бағалармен де, инфляцияны
ескеріп те, ішкі нарық бағаларын қолданып та, сыртқы нарық бағаларын
қолданып та жүргізіледі. Бағалау көрсеткіштерінің жүйесіне игеру нұсқасын
жүзеге асырудың күрделі салымдары мен мұнай мен газды өндірудің
эксплуатациалық шығындары, қабатты сумен ажыратуға және тұз қышқылымен
өңдеуге кететін шығындар енгізілген.
Мұнай шығарудың экономикалық негізделген мөлшері объектті рентабельді
эксплуатациалау кезеңінде анықталады. Рентабельді мерзім деп ағымдағы
(жылдық) дисконтталған ақша ағымының оң мәнін қабылдау кезеңі қабылданады.

1. МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУШЫ
ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. Инвестициялық жоба түсінігінің экономикалық мәні, оны жүзеге
асырудың негізгі кезеңдері

Инвестициялық жоба түсінігі екі мағынада қолданылады. Біріншіден,
белгілі-бір іс әрекет жиынтығын жүзеге асырытын, нақты бір мақсатқа жетуді
қамтамасыз ететін іс, шара, қызмет мағынасында қолданылады. Бұл жағдайда
мағынасы жағынан ең жақын шаруашылық шара, жұмыс (жұмыс жиынтығы),
жоба терминдері болып табылады. Ал екінші жағдайда, белгілі-бір іс
әрекеттерді жүзеге асыруға қажетті немесе осындай іс-әрекеттерді
сипаттайтын қаржылық-есептік және ұйымдық-құқықтық құжаттардың жүйесі
ретінде қолданылады.
Инвестициялық жоба түсінігі басым түрде екінші мағынада қолданылады.
Бірінші мағынада әдетте жоба термині қолданылады.
Жобаны құру және жүзеге асыру келесі кезеңдерден тұрады:
- инвестициялық идеяның қалыптасуы;
- инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу;
- жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі;
Кей кезде Құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі деген
термині объект салу кезінде қолданылады. Жоба объектті салумен аяқталмайды,
кәсіпорын жобалық қуат деңгейіне шығарылуы керек. Инвестициялық жоба
пайданың белгіленген нормасына немесе басқа да көрсеткіштеріне жеткеннен
соң аяқталады.
- келісім-шарт құжаттарын дайындау;
- жобалық құжаттарды дайындау.
Инвестициялық жобаға тек қана сметалық-қаржы есеп айырысу мәліметтері
кіреді:
- құрылыс-монтаж жұмыстары;
- объектті эксплуатациалау, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі.
Инвестициялық идеяның (ойдың) қалыптасуы келесілерді қарастырады:
• идеяны таңдау және оның алдын-ала негізделуі;
• өндірісті техникалық шешімнің (техника, ресурс, қызмет объектісінің)
экологиялық, патенттік, инновациалық талдауы, белгіленген жобамен
қарастырылған ұйымдастыру;
• сертификаттық талаптарды орындау қажеттілігін тексеру;
• инвестициялық идеяның республикалық, аймақтық, салалық
артықшылықтарымен алдын-ала таңдау;
• реципиенттің ақпататтық меморандумын тағайындау.
Инвестициялық мүмкіндіктердің жоба алды зерттеулеріне:
1. экспорт және импортты ескере отырып, өндірілген өнімге және қызметке
сұранысты алдын-ала зерттеу;
2. өндірілген өнімге (қызметке) есептік,ағымдық, болжамдық бағалар
деңгейін есептеу;
3. қатысушылардың құрамы мен жобаны іске асырудың ұйымдық-құқықтық түріне
ұсыныстарды дайындау;
4. ірілендірілген нормативтер бойынша болжанып отырған инвестиция көлемін
және оның коммерциялық тиімділігінің алдын-ала бағасын бағалау;
5. бастапқы құжаттарды дайындау;
6. жобаның ТЭН бөлімдері бойынша алдын ала бағалауларды, соның ішінде,
жобаның тиімділігін бағалауды дайындау;
7. инвестициялық мүмкіндіктер негіздемесінің нәтижелерін бекіту;
8. жобалық іздеу жұмыстарының келісім-шарт құжаттарын дайындау;
9. әлеуметті инвестор үшін инвестициялық ұсыныс тағайындау (жобаның ТЭН
дайындауда қаржылық жұмыстар жайлы шешім қабылдау).
Жобаның ТЭН келесіні қарастырады:
1. толық маркетингтік зерттеу жұмыстарын жүргізу (сұраныс пен ұсыныс,
нарықты сегментациялау, бағалау, сұраныс икемділігі, негізгі
бәсекелестер, маркетингтік стратегия, өнімнің нарықтағы өміршеңдік
кезеңін сақтау бағдарламасы және т.б.);
2. өнімді шығару бағдарламасын дайындау;
3. құрамында жобалық мүмкіндіктердің алдын-ала негіздемесінің құжаттары
бар анықтамалық хатты дайындау;
4. бастапқы құжаттарды дайындау;
5. техникалық шешімдерді әзірлеу, оның қатарына: негізгі жоспарды және
технологиялық шешімдерді (технология жағдайын талдау, құрал-жабдықтар
құрамы, қолданыстағы өндірістік қуаттардың жүктемесі, өндірісті
модернизациялау бойынша ұсыныстар, шетел технологияларын сатып алу,
өндірісті кеңейту. Шикізатты және басқа материалдарды қолданатын
өндірістік үрдіс, толықтырушы бұйымдар, энергоресурстар);
6. құрылыстық, архитектуралық-жобалық шешімдер;
7. инженерлік қамтамасыз ету;
8. азаматтық қорғаныс және қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар;
9. құрылысты ұйымдастыру сипаттамасы;
10. қажетті азаматтық-тұрғын үй құрылысының деректері;
11. кәсіпорынды басқару, жұмысшылар мен қызметшілерді, еңбекті ұйыдастыру
жүйесінің сипаттамасы;
12. қаржылық-сметалық құжаттар, сонымен қатар, өндіріс шығындарын бағалау,
қаржылық шығындар есебі, кәсіпорын қызметінің жылдық түсімінің
есебі,айналым капиталына қажеттілікті есептеу, жобаны қаржыландырудың
жобаланатын және ұсынылатын көздері (есеп), шетел валютасына деген
болжамды қажеттілік, инвестрлау шарттары, нақты инвесторды таңдау,
келісім-шартты рәсімдеу;
13. Жобаны іске асырумен байланысты тәуекелді бағалау;
14. жобаны іске асыру мерзімін жоспарлау;
15. жоспардың коммерциялық тиімділігін бағалау;
16. жобаның бюджеттік немесе экономикалық тиімділігін талдау (бюджеттік
инвестицияны қолданған жағдайда);
17. жобаны іске асыруды тоқтату шарттарын қалыптастыру.
Дайындалған ТЭН ведомстводан тыс, экологиялық және тағы басқа
сараптама түрлерінен өтеді. Содан соң, ТЭН бекіту және инвестициялық шешім
қабылдау жүргізіледі (яғни, инвестициялық жобаға қаражат салу жөніндегі
шешім қабылдау).
Келісім-шарт құжаттарын дайындауға келесі жұмыстар кіреді:
- тендерлік саудаластықты дайындау және олардың нәтижелері бойынша
келісім-шарт құжаттарын жасау;
- елеулі инвесторлармен келіссөз жүргізу;
- объектті әрі қарай жобалауға (тендерлік саудаласу) және жұмыс
құжаттарын әзірлеуге тендерлік саудаласу.
Жұмыс құжаттарын дайындауға кіреді: құжаттарды дайындау, стандарттан
тыс технологиялық жабдықтарды дайындаушы мен жеткізушіні анықтау.
Құрылыс-монтаждық және реттеуші жұмыстар қарастырады:
- құрылыс-монтаждық жұмыстар;
- жабдықты реттеу;
- персоналды оқыту;
- шикізатты толықтырушылар мен энерго-тасушыларды жеткізуге келісім-шарт
құжаттарын тағайындау;
- өнімді жеткізуге келісім-шарттарды дайындау;
- өнімнің лидерлік топтамасын шығару.
Объектті эксплуатациалау экономикалық көрсеткіштерінің мониторингі
қамтиды:
- өнім сертификациясы;
- диллерлік тор құру;
- жөндеу орталығын құру;
- жобаның экономикалық көрсеткіштерінің ағымдағы мониторингі.
Жобаны іске асыру кезінде ұйымдық-экономикалық механизмдерінің жеке
элементтері қатысушылар арасында келісім шартта нақтыланып және бекітіліп
отыруы мүмкін. Ұйымдық-экономикалық механизмді немесе жобалық құжаттаманың
кез-келген бөлімін өзгерту - түгелдей жобаны өзгерту деп қарастырылады
(жобаның басқа нұсқасын әзірлеу). Бұл жағдайда оның тиімділігі қайта
есептелуі тиіс.
Инвестициялық жобаны іске асыру келесі ұйымдық-құқықтық нысандарда
қолданылады:
1) реципиент және инвестор қатысуымен жаңа акционерлік қоғам (АҚ) құру
(акционерлік қоғамның кішігірім жарғылықты капиталы болып,
кәсіпорын қорының иесі болмауы мүмкін). Инвестиция, акционерлік
қоғамға айналым қаражатын үлестеу түрінде жүзеге асырылады.
Акционерлік қоғам табыс ала бастағаннан кейін, ағымдағы ақшамен
инвесторға инфляцияны ескермей несие қайтарылады. Содан соң келесі
табыс жарғылықты капитал құрылтайшыларының үлестеріне сәйкес
бөлінеді;
2) шетелдік инвесторға кепілдік беру. Бұл жағдайда реципиент өзі
шетелдік инвесторды табады, ал отандық құрылым бұл инвестицияларды
тек өзінің не мемлекеттің активтерімен сақтандырады. Сол үшін
инвестицияланатын кішігірім пайыз алынады. [1]
Инвестициялық ұсыныс - бұл инвестициялық орындалуы жөнінде шешім
қабылдау үшін инвестициялық мүмкіндіктердің техникалық-экономикалық
зерттеулерінің нәтижесі. Инвестициялық ұсыныс құрамында реципиент жөнінде
толық берілгендері (яғни, оның қаржылық жағдайы, шығаратын өнімі, нарықтық
стратегиясы) ақпараттық меморандумды орынды толықтырады. Инвестициялық
ұсыныс пен ақпараттық меморандумды реципиент тағайындайды. Инвестициялық
ұсыныстың нұсқасы әдетте несиелік ұйымға бағытталатын өтінім болып
табылады. Өтінім құрамы инвестициялық ұсыныспен ақпараттық меморандум
мәлеметтерінен тұрады. Инвестициялық жобалар бойынша деректердің ЮНИДО
орталықтарының халықаралық ақпараттық торына енгізу үшін арнайы формулалар
бар.
Инвестициялық жобаның көлемі оның жүзеге асыру нәтижелерінің ең
болмағанда ішкі нарықтарының біреуіне әсерімен анықталады. Ішкі
нарықтарының қатарына: қаржылық, материалдық өнімдер мен қызметтер,
экологиялық, еңбек және әлеуметтік жағдай нарығы жатады.
Егер жобаның жүзеге асырылуы жер бетіндегі экономикалық, әлеуметтік
және экологиялық жағдайға елеулі әсер ететін болса, мұндай жоба кең ауқымды
деп қарастырылады.
Егер жобаның жүзеге асырылуы елдегі экономикалық, әлеуметтік және
экологиялық жағдайға әсер етіп, басқа елдегі жағдайға әсер етпесе, мұндай
жоба ірі көлемдік деп қарастырылады.
Егер жобаның жүзеге асырылуы белгілі бір аймақтың, қаланың
экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайына әсер ететін болса,
мұндай жоба аймақтық немесе қалалық (салалық) көлемдегі жоба деп
қарастырылады.
Егер жобаның жүзеге асырылуы белгілі бір аймақтың, қаланың
экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайына, тауарлық нарық
бағаларының деңгейі мен құрылымына әсер етпейтін болса локалдық деп
қарастырылады.
Инвестициялық бағдарлама түсінігі екі мағынада қолданылады:
- инвестициялық бәсекеге ұсынуға арналан жекешелендіру жоспарына сәйкес
орындалатын жекеленуші кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы
ретінде;
- белгілі бір мақсатта бағытталған ұсынысы немесе инвестициялық жоба
жүйесі жөнінде сәйкестендірілген мәлеметтер жиынтығы ретінде.
Берілген ұсыныста Инвестициялық бағдарлама түсінігі екінші мағынада
қолданылады. Инвестициялық бағдарлама қолданысына қарай арналған
инвестициялық жоба немесе инвестициялық ұсыныс негізінде қалыптасады.
Инвестициялық жобалаудың альтернативтерін экономикалық бағалауын
жүзеге асыру, инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында табылатын пайда
мүмкіншіліктерін жүйелі анықтаумен және салыстырумен байланысты. Нақты
жағдайда инвестициялық альтернативтерді талдауда қарастырылып отырған
жобалардың арасында шығындар, пайда және өнім көлімдері, шығындарды жүзеге
асыру және пайданы табу мезгілдері жағынан айырмашылықтары болуы мүмкін.
Айырмашылықтар жобаның өмір сүру мерзімінде, салықтық жағдайларында және
берілген жоба бойынша шығындарға, табылатын табысқа, өсу және инфляция
әсерінде де болуы мүмкін.
Егер осы ықпалдардың экономикалық әсерін сандық бағалауға жүйелі
жақындау пайдаланбасақ, онда инвестициялық альтернативтердің қайсысы жоғары
экономикалық потенциалды екендігін бағалау өте қиынға түседі. Бір доллар
салымға пайда табу варианты бар инвестицияны таңдау үшін инвестициялық
альтернативтерді бағалау әрбір менеджер немесе дербес инвестор үшін басты
мақсат болып табылады.

2. Инвестициялық жоба тиімділігін анықтаудың әдістемелік негіздемелері
және экономикалық критерийлері.

Бұл бөлімде тиімділікті бағалаудың методологиялық негіздері мен
есептік формулалардың жалпы түрі баяндалған. Жоба тиімділігі оның
қатысушыларының мүдделеріне сай қолданылатын шығындар мен нәтижелер
арақатынасын көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталады.
Инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштері келесі түрлерге
бөлінеді:
- коммерциялық (қаржылық) тиімділік көрсеткіштері. Бұл көрсеткіштер
жобаның тікелей қатысушылары үшін жүзеге асырудың қаржылық салдарын
ескереді;
- бюджеттік тиімділік көрсеткіштері. Бұл көрсеткіштер республикалық,
регионалдық немесе жергілікті бюджетке арналған жобаны іске асырудың
қаржылық салдарын көрсетеді;
- экономикалық тиімділік көрсеткіштері. Бұл көрсеткіштер қаржылық
өлшемге жол беретін және инвестициялық жоба қатысушыларының тікелей
қаржылық мүдделерінің шегінен тыс шығатын жобаны іске асырумен
байланысты шығындар мен нәтижелерді ескереді.
Ірі көлемдік (қала, аймақ немесе бүкіл Қазақстан мүддесін қамтитын)
жобалардың міндетті түрде экономикалық тиімділігін бағалау ұсынылады.
Жобаны әзірлеу барысында оның әлеуметтік және экологиялық зардаптарын,
сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мен әлеуметтік шаралармен байланысты
шығындарды есептеу жүргізіледі. Инвестициялық жобаның экологиялық
негіздемесінің әдістері, сонымен қатар, олардың құндық бағалануының
тәсілдері мен өлшенуі арнайы нұсқаулықтар мен кепілдемелерде жазылған.
Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтау барысында алдағы шығындар мен
нәтижелерді бағалау есептік кезеңде жүргізіледі. Оның ұзақтығы (есептеу
көкжиегі) келесілерге байланысты қабылданады:
- объектті құру, қолдану және (керек жағдайда) жою ұзақтығына;
- негізгі технологиялық жабдықтардың орташа нормативтік қызмет ету
мерзіміне;
- пайданың берілген сипаттамасына қол жеткізуге (массасы немесежәне
пайда нормасы т.б.).
Есептеу көкжиегі есептеу қадамдарының санымен анықталады. Есептік
кезеңдегі тиімділік көрсеткіштерін анықтауда есептеу қадамы болып ай,
тоқсан немесе жыл есептелуі мүмкін. Қатысушылармен іске асырылатын шығындар
бастапқы (қаржы қалыптастырушы инвестициялар), ағымдық және жою болып 3-ке
бөлінеді. Олар сәйкесінше құрылыстық, қызмет ету және жою сатыларында
жүргізіледі.
Нәтижелер мен шығындарды құндық бағалау үшін базистік, әлемдік,
болжамдық және есептік бағалар қолданылуы мүмкін.
Базистік баға деп халық шаруашылығында белгілі бір уақыт мезгіліндегі
() қалыптасқан бағалар қарастырылады. Базистік баға бүкіл есептік
кезең аралығында кез-келген өнім не ресурс үшін өзгеріссіз болып қалады.
Жобаның экономикалық тиімділігін базистік бағамен есептеу әдетте
инвестициялық мүмкіндіктерді техникалық-экономикалық зерттеу сатысында
жүргізіледі. Инвестициялық жобаны техникалық-экономикалық негіздеу
сатысында экономикалық тиімділікті есептеу міндетті түрде болжамдық және
есептік бағалармен жүргізілуі керек.
Өнімнің не ресурстың болжамдық бағасы , t-ншы есептеу қадамының
соңына (мысалы, t-ншы жыл) келесі формуламен анықталады:

(1)

мұндағы, - өнімнің не ресурстың базистік бағасы;
- бастапқы есептеу мезгіліне (бағалар белгілі
мезгіл) қарағандағы t-ншы қадам соңындағы өнім немесе ресурс бағаларының
өзгеру коэффициенті.
Мемлекеттік басқару органдарының тапсырысы бойынша құрылатын
жобалардағы өнімдер мен ресурстардың жеке түлеріне деген бағаның өзгеру
индексінің мәнін Қазақстан Республикасының экономика министрлігінің
болжамдарына сәйкес жобалауға тапсырмада құру қажет.
Егер шығындар мен нәтижелердің ағымдағы мәндері болжамдық бағамен
көрсетілсе, тиімділіктің интегралдық көрсеткіштерін есептеу үшін есептік
бағалар қолданылады. Бұл бағалар әртүрлі инфляция деңгейінде алынған
нәтижелерді салыстырумен қамсыздандыру үшін қажет. Есептік бағалар жалпы
инфляция индексіне сәйкес көбейткішті енгізу жолымен алынады. Базистік,
есептік және болжамдық бағалар теңгемен немесе тұрақты валютамен (АҚШ
доллары, ЭКЮ және т.б.) тұлғалануы мүмкін.
Инвестициялық жобаның бірнеше нұсқаларын әзірлеу мен салыстырмалы
бағалауда өнімнің нарықтық бағасымен сату көлемінің және тұтынылатын
ресурстар бағасының өзгеруінің әсерін ескеру керек. Инвестициялық жобаның
тиімділігін бағалауда әр уақыттағы көрсеткіштерді өлшеу, оларды бастапқы
кезеңдегі құндылықтарына келтіру (дисконттау) жолымен жүзеге асырылады. Әр
уақыттық шығындарды, нәтижелерді және эффекттерді келтіру үшін, инвесторға
қолайлы, қаржыға шаққандағы табыс нормасына тең дисконт нормасы (Е)
қолданылады. Яғни, салықтарды төлегеннен кейін бағаланатын, таза
келтірілген құнды талдауда және күрделі пайыз негізінде есептелген табыс
ставкасын талдау болып табылады. Бұл әдіс ақша қаражаттарының дисконтталған
ағымын талдау әдісі деп аталады.
Ақшаның уақыт бойынша құнының өзгеруін ескере отырып, инвесторлар
әдетте бүгінгі күнгі доллар болашақтағы долларға қарағанда құлдырау болатын
жағдайды назарға алуға ұмтылады. Ақша құнының уақыт бойынша өзгеруін
бағалау барысында күрделі пайызбен есептеу әдісі, жинақталған пайыздық
табысты және капиталға қайтарымды анықтауда кеңінен қолданылатын тәсіл
болып табылады. Күрделі пайыздың анықталған ставкасымен бүгінгі ақша
салымының нәтижесінде жинақталады деп күтілетін болашақ құн бастапқы
салымының және жинақталған пайыздық табыстың сомасына тең болады. Ағымдағы
құнды анықтау, күрделі пайыздық кері есептеу әрекеті болып табылады.
Болашақ құнның келтірілген (ағымдағы) құны, бүгін күрделі пайыздың белгілі
ставкасымен салынатын, берілген болашақ құнға дейін өсетін ақша сомасы
түрінде көрінеді. Түсімді үнемдеуден келген ақша, минус эксплуатациондық
шығындарға, салықтарға және капитал шығындарына мақсатталып кеткен ақшалар,
берілген уақыт мерзіміндегі ақша қаражаттарының ағымын анықтайды. Ақша
қаражатының дисконтталған ағымын талдау негізінде экономикалық бағалау,
күрделі пайыз ставкасының көмегімен уақыт бойынша ақша құндылығының
өзгеруін ескеруге мүмкіндік береді.
Инвестициялық жобадағы күтіліп отырған пайданы есептеу үшін
пайдаланылатын негізгі әдіс, уақытты ескеретін ақша құны болып табылады.
Қолма-қол ақша ағымы әртүрлі уақыт кезеңінде келетін, күрделі қаржы салымы
және қаржыландырумен байланысты кез-келген шешім, уақыт факторын ескеретін
ақша құнының тұжырымдамасын түсінуді талап етеді.
Қарыз немесе несиеге ақша ұсынылған кезде, төлем сомасы жай немесе
күрделі пайыз пайдалану арқылы есептелінеді.
Қарыздың негізгі сомасы – бұл қарызға алынған немесе салынған ақшалар
сомасы.
Қарыз мерзімі – қарыз толық төленетін уақыт кесімі немесе кезеңдер
саны.
Пайыздық ставка – бұл қарыз алушының несие берушіге уақыт кезеңіндегі
төлейтін қарыздың негізгі сомасынан пайызы.
Жай пайыз – бұл тек қана негізгі қарыз сомасында төленетін пайыз.

(2)

мұндағы, – нөлдік сәттегі негізгі сомасы, доллар;
– пайыз мөлшері, %;
– кезең сандары, жыл;
Жай пайызды пайдаланып, қазіргі ақшаның болашақтағы құны (n
кезеңнен кейін төленетін сома) мына формуламен есептеледі:

(3)

3-ші формуланы пайдаланып келесіні табамыз:

(4)

Сондықтан, күрделі пайыз тек қана негізгі сомадан емес, және өткен
жылдары төленбеген пайыздардан да алынады.
Әрбір кезеңде төленетін пайыз сомасы – бұл кезеңнің басындағы негізгі
сомаға көбейтілген пайыз мөлшері (пайыз ставкасы).
Бірінші жылдың аяғында, қазіргі ақшаның болашақтағы құны тең болады:
(5)

Екінші жылдың аяғына:
(6)
жалпы формулаға қойғанда:
Одан:
– пайыз арқылы инвестициялық жобаның жалпы ұзақтығы біткеннен
кейін қазіргі ақшаның болашақтағы құны тең болады:

(7)

Осы формуланы пайдаланып, болашақтағы ақшаның қазіргі құнын есептеуге
болады:

(8)

Халықаралық тәжірибеде жобаларды негіздеу үшін бірнеше жалпылама
көрсеткіштері қолданылады. Олар күрделі салым тиімділігінің шешімдерін
даярлауға мүмкіндік береді:
• Таза ағымдағы құн (ТАҚ);
• Пайданың ішкі нормасы (ПІН);
• Күрделі қаржының қайтып келу уақыт мерзімі (ҚУМ);
• Инвестициялардың экономикалық тиімділігі;
• Залалсыздық нүкте (ЗН);

Таза ағымдағы құнды(NPV- Net Present Value) есептеу әдісі.
Таза ағымдағы құнның (ТАҚ) көрсеткіші инвестиция табыстылығының
маңызды критерийі болып табылады. ТАҚ белгілі пайыздық ставкасында
дисконтталған, күтіліп отырған барлық жыл сайынғы ақша табысының сомасы
инвестицияның бастапқы сомасынан қаншаға көп екендігін көрсетеді.
Инвестициялық жобаның ТАҚ-ны жобадан күтіліп отырған ақша
қаражаттарының таза ағынының ағымдағы құн минус жоба бойынша таза
инвестиция ретінде анықталады:

ТАҚ= КОАҚТА – БИ

немесе

(9)

мұндағы, – күтіліп отырған ақша қаражатының таза ағыны, t
кезеңінде;
– бастапқы инвестиция;
– инвестициялық жобаның жобаланған ұзақтығы;
– капитал құны (салықты төлегеннен кейінгі инвесторлармен талап
етілетін пайданың пайыздық ставкасы);
Осылайша ТАҚ-тың (интегралды экономикалық эффект деп те атайды)
көрсеткіші жобаның барлық жүріп жатқан кезеңіндегі инвестициядан түскен
ағымдағы құн мен есептелген пайыздық ставка негізінде дисконтталған сол
кезеңдегі барлық шығындар түрі және күрделі қаржы салымының көлемі
арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. ТАҚ дұрыс, яғни қолма-қол ақша
қаражаттарының болашақ ағыны бастапқы инвестицияны жабатын болса, жоба
қолдануға тиімді деп саналады. Ал ТАҚ теріс, яғни болашақ қолма-қол ақша
сомасы күрделі қаржы салымынан аз болса, онда жобадан бас тартады.

Ереже ТАҚ: егер ТАҚ0, онда КОАҚТАБИ

егер ТАҚ0, онда КОАҚТАБИ

ТАҚ-ты біле отыра, ақша қаражаттарын инвестициялық жобаға салып,
сәйкесінше қауіп-қатеріне көну керек пе немесе жай ғана ақшаны депозитке
салып, депозитке пайыздық ставка бойынша сол табу керек пе деген шешімнің
біреуіне келеміз. Несие ойынша пайыздық ставка – 21 пайыздан жоғары .
Депозит бойынша пайыздық ставка – 10 пайыз (Алматы қаласының коммерциялық
банктерінің 2005 жыл қаңтар айындағы мәліметтері).
Пайданың ішкі нормасын (IRR) есептеу әдісі.
Инвестиция бойынша табысты есептеудің ең кең тараған критерийі – бұл
пайданың ішкі нормасының әдісі (ПІН) немесе ақша ағынының дисконттау
әдісі.
Пайданың ішкі нормасы – бұл белгілі пайыздық ставка бойынша
дисконтталған күтіліп отырған ақша қаражаттарының таза ағынын және
инвестицияның бастапқы сомасын теңестіретін есептеу ставкасы. ПІН – бұл
жобаның бүкіл қызмет барысында есептелген таза ағымдағы құнды (интегралды
экономикалық нәтижені) нөлге теңестіруді қамтамасыз ететін дисконттау
ставкасының бастапқы мәні.

Мұндағы, ПІН=К

Ереже ПІН: егер ПІН i, онда жоба тиімді;
егер ПІН i, онда жоба қабылданбайды.
Бұл көрсеткіш инвестицияны талдаудың екінші критерийі болып табылады
және инвесторға өндірістің қиын нүктесін немесе зиянсыз нүктесін
(пайдалылық табалдырығы) қамтамасыз ететін пайыздық ставкны көрсетеді.
Инвестицияны қайтару кезеңін немесе жобаның өтеу мерзімін есептеу
әдісі.
Инвестициялық жоба үшін өтеу кезеңі, жоба бойынша күтіліп отырған ақша
қаражаттарының жиынтық түсімі, инвестицияның бастапқы сомасын тең бөлуді
талап ететін шығындар саныныа тең.
Егер күтіліп отырған ақша қаражаттарының таза ағыны жыл сайын бірдей
болатын болса, онда инвестицияны өтеу кезеңі келесі қатынаспен бейнеленеді:
шығыстардан көп болуы керек. Қаншаға көп болуы керек екендігін кәсіпкер
шешеді.
Күрделі қаржы салымының экономикалық тиімділігі.
Негізгі және айналым активтерге, жаңа техника және технология енгізу
шараларына салынатын ақша қаражаттарының экономикалық тиімділігі:

(10)

мұндағы, АҚТА-ақша қаражаттарының таза ағыны;
БИ-бастапқы инвестиция.
Егер пайда біркелкі емес үлестірілсе, онда өтеу мерзімі инвестиция
кумулятивті табыспен өшірілетін жылдар санын тікелей санаумен есептеледі.
Пайданың ішкі нормасын есептеуде дисконттайтын көбейтінділердің есептелген
мәндерін пайдаланатын кезекті итерациялардың тәсілі қолданылады. Бұл
тәсілді пайдалану үшін дисконт коэффициетінің (дисконт ставкасының) екі
мәні тағайындалады К1 К2.
(К1 ... ... К2) интервалында ТАҚ-тың функциясы f(K) өзінің мәнін
(таңбасын) + – плюстан минусқа немесе – + минустан плюсқа ауыстыру
керек.
Яғни келесі формуламен ПІН-ді анықтауға болады:

(11)

мұндағы, – табулирлік дисконт коэффициентінің мәні;
Егер келесі шарт сақталып тұрса, ТАҚ-тың ережесі:
ТАҚ = f(K1) 0, немесе
ТАҚ = f(K1) 0
– табулирлік дисконт коэффициентінің мәні, егер келесі шарт
сақталып тұрса:

ТАҚ = f(K2) 0, немесе
ТАҚ = f(K2) 0
Залалсыздық нүкте (ЗН). Қазіргі заманғы инвестициялық жобаларда
залалсыздық нүкте деп, кәсіпорынның шығыстар мен табыстар арасындағы
айырмашылығы нөлге тең болған жағдайын айтады. Яғни, кәсіпорын әзірше табыс
алмайды, бірақ шығынға да ұшырамайды.
Осылайша, заласыздық нүкте шығыстар мен табыстар арсындағы тепе-
теңдікті сипаттайды. Сонымен қатар табыстар шығыстардан асып түсетіндей
өнім шығару көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
Өндірілетін өнім үшін залалсыздық нүктені әркелкі жоспарлық нарық
бағалары және табыстарының мәндері бойынша есептеу ұсынылады.
Залалсыздық нүкте алгебралық жолмен мына формула арқылы есептелінеді:

(12)

мұндағы, – тұрақты шығындар;
тонна мұнайдың бағасы;
– өнім бірлігіне айнымалы шығындар;
– жылдық өнім өндіру көлемі. [2]

3. Кенорны бойынша геологиялық-техникалық жалпы
мағлұмат сипаттамасы

Ақтас мұнай газ кенорыны Маңғыстаудың далалық, жазықтық бөлігінде
орналасқан және әлеуметтік Қазақстан Республикасының, Маңғыстау облысының,
Маңғыстау ауданының құрамына кіреді. Жақын орналасқан елді-мекендер 20 км
жерде орналасқан Жетібай поселкесі болып табылады, ол жерде мұнай газ
өндіретін орындар мен темір жол станциялары бар (1-сурет). 50 км жерде Жаңа
өзен қаласы, онда Өзенмұнайгаз АҚ орналасқан, ал 100 км жерде облыс
орталығы Ақтау қаласы бар. Асфальтталған жол Жаңаөзен қаласымен облыс
орталығы арасында бар және Жетібай поселкесі кенорны арасында жол қатынасы
грунтты жол бойынша жүзеге асырылады. Ақтау қаласының теңіздік портында
мұнай құятын орын бар, оған Жетібай-Ақтау магистралды мұнай құбыры
жанасады, оған Маңғыстау облысындағы мұнай кенорындарынан мұнай түседі.
Кенорынының территориясы өздігінен оңтүстік-батысқа қарай еңісті
жазықтықты көрсетеді. Бедердің белгілері 120-168 м шектерде ауытқиды. Аудан
тұщы сулардың жоқтығымен сипатталады, ауыз су Астрахань-Жаңаөзен су құбыры
арқылы тасымалданады. Техникалық сумен қамтамасыз ету арнайы бұрғыланған
ұңғымалардан альб-сеноман жасындағы қабаттық сулар есебінен жүзеге
асырылады.
Ауданның климаты күрт континенталды. Жазы құрғақ, ыстық, ауаның
температурасы +40-50ºС жетеді, қыста аз қарлы, қатты желді және ауаның
температурасы -25 ºС төмендейді. Шаңды боранды желдер жазда көп соғады.
Желдің бағыты көбінесе шығыс және оңтүстік-шығыс бағытта. Жауын-шашынның
орташа мөлшері жылына 90-100 мм көп емес, олар көбінесе күз-қыс уақытында
болады. Ауданның өсімдік және жануарлар әлемі ыстық белдемдерге тән.
Өсімдіктер өте сирек, шөлдер мен шөлейттерге тән.
Ауданның негізгі экономикасы мұнай газ өндіретін кәсіпорын болып
табылады. Әктас-қауыршақ, сол сияқты осы жердегі құрылыс шикі заты болып
табылатын тас, саз, қиыршық тас пен құмды ашық өңдеу жүргізіледі. Ауыл
шаруашылығы нашар дамыған және көбінесе мал шаруашылығымен айналысады.

1 сурет. Жұмыс ауданының картасы

Тектоникасы. Ақтас құрылымы Жетібай-Өзен тектоникалық сатысы мен оның
төмендетілген оңтүстік Тенге-Тасболат антиклиналды белдеміне ұштасады.
Сатының территориясы әртүрлі жылдардағы ірі масштабты сейсмикалық
түсірімдермен толығымен жабылған.
Ақтас кенорынының территориясында тікелей құрылымдық-іздеу бұрғылау
Маңғыстаумұнайгазбарлау трестімен 1965-1967 жылдарда жүргізілді. Алаң
жүргізілген зерттеулермен 1967 жылы шілдеде басталған іздеу барлау
жұмыстарымен дайындалды. Құрылымның күмбездік бөлігінде 1 ұңғыма
бұрғыланды.
1967 жылы желтоқсанда осы ұңғымада Ю-Х және Ю-ХI горизонттарынан
газдың өнеркәсіптік құйылыстары алынды. Ал 1971 жылы 5 ұңғымада тамыз
айында Ю-Ш горизонтынан мұнай құйылыстары алынды.
Кәсіпорындық игеру мен мұнайды өндіру мақсатында қазіргі уақытта
қорлары 1999 жылы бекітілген, бір мұнай газ және үш мұнай шоғыры
дайындалды. Ақтас кенорыны Оңтүстік-Маңғыстау ойысының солтүстік бортын
күрделендіретін Жетібай-Өзен тектоникалық сатысының шектерінде орналасқан.
Ашылған локалды көтерілімдер үш антиклиналды сызықтарға
топтастырылады. Олар барлық сатылардың созылымына сәйкес шығыс-оңтүстік-
шығыстан батыс-солтүстік-батысқа қарай. Ақтас көтерілімі Тенге-Тасболат
антиклиналды сызығының төмендетілген оңтүстігіне ұштасады.
Валанжин ярусының табанында көтерілім солтүстік-батыс созылымдағы
брахиантиклиналды қатпар түрінде көрсетілген. Құрылымның көлемі жабық 1320
изогипс шектерінде - 4,6 х 1,7 км құрайды. Көтерілім амплитудалары 55 м.
Құрылымның контрасты тереңдеген сайын жоғарылайды және бат ярусының
табанында амплитуда 90 м дейін, ал аален ярусының табаны бойынша 130 м
жетеді. Сонымен бірге құрылымның көлемі мүлде өзгермейді. Солтүстік және
оңтүстік қанаттарда таужыныстарының құлау бұрыштары төменгі бор және бат
түзілімдері үшін 4º-6 º өзгереді. Төменгі юра түзілімдері бойынша
таужыныстарының құлау бұрыштары солтүстік қанатта 9º, оңтүстікте 12º
құрайды.
3500 м жабық изогипса бойынша ортаңғы триас түзілімінің табаны бойынша
Ақтас құрылымы 3,8х1,2 км көлемді және шамамен 100 м амплитуданы иеленеді.
Құрылым солтүстікте 150м амплитудалы тектоникалық бұзылыстармен шектелген.
Құрылымның оңтүстік-шығыс бөлігінде 30-40м ретті аз амплитудалы жарылымдық
бұзылыстар тіркеледі, олар солтүстік-батыста жойылады.
Қабаттық мұнайдың қасиеті. Кенорны бойынша мұнайдың тереңдік
сынамалары алынбағандықтан, қабаттық жағдайларда мұнай мен газ қорлары мен
олардың қасиеттерінің сипаттамасы есептеуде жұмыста келтірілген ұқсас
термодинамикалық жағдайларда Тасболат және Оңтүстік Жетібай кенорындары
бойынша деректер пайдаланылды. Төменде 1 кестеде Оңтүстік Жетібай және
Тасболат кенорындарының сәйкес келетін горизонттары бойынша мұнайдың
тереңдік сынамасын талдау мен белгіленген заңдылықтарға сүйеніп Ақтас
кенорынының Ю-III, Ю-IV, Ю-ХБ және Ю-XI горизонттары бойынша қабаттық
жағдайларда мұнайдың қасиеттері келтіріледі.

1 кесте

Аналогия бойынша қабылданған Ақтас кенорнының қабаттағы

мұнай қасиеті

Горизонт Қабаттық қысым, МПа
16гаұң 25 гаұң 32 гаұң 40 гаұң
(400х400м(500х500 (566х566м) (632х632
) м) м)

Рентабельді период, жылдар 22 28 41 51
Мұнай өндірудің жобалық 104,6 84,3 71,4 65,1
деңгейі, мың т.
Жобалық деңгейдегі іріктеу 6,1 4,9 3,3 3,8
темпі,%
Жобалық деңгейге шығу жылы 5 5 2 3
Жобалық деңгейдің ұзақтығы, жыл1 1 1 1
Сұйықтық өндірудің жобалық 267,3 208,8 118,4 105,9
деңгейі, мың.тжыл
Ілеспе газ өндірудің жобалық 13,1 10,5 8,3 7,4
деңгейі, млн.м3жыл
Су айдаудың жобалық деңгейі, 306,6 239,6 138,4 126,3
мың.м3жыл
Жинақталған мұнай өндіру, мың.т1 239,2 1 236,2 1 170,2 1 198,5
Мұнай шығару коэффициенті, ү. 0,279 0,279 0,264 0,270
бір.
Жинақталған сұйықтық өндіру, 4 715,8 4 799,6 4 298,4 4 844,6
мың.т
Жинақталған агент айдау, мың м35 294,2 5 496,2 5 200,3 5 824,8
Ұңғымалар қоры, барлығы, оның 32 25 20 18
қатарында:
өндіруші 23 17 12 11
айдаушы 9 8 8 7
Бір ұңғымаға шаққандағы шығарылатын үлестік қор, мың.т
өндіруші 53,9 72,7 97,5 109,0
өндіруші + айдаушы 38,7 49,4 58,5 66,6
Сулану, % 92,1 92,6 91,5 90,2
Жобаның экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері (дефлирленген)
Жалпы мұнай өткізу, мың т. 1 235,9 1 233,0 1 167,0 1 195,2
Мұнайгаз өткізуден түскен жалпы160,0 159,6 151,1 154,7
түсім, млн.$ (ҚҚС-сыз)
Салықтар және бюджетке төлемдер (мемлекет түсімдері), млн.$
дисконтталмаған 31,9 36,8 36,4 38,9
дисконтталған (10%) 16,2 16,5 13,4 13,8
Эксплуатациалық шығындар, млн.$41,9 42,7 42,7 47,9
- шартты-тұрақты шығығдар, 13,8 14,1 16,9 18,9
млн.$
- шартт-ауыспалы шығындар, 28,0 28,6 25,7 29,0
млн.$
Жою қоры, млн.$ 0,61 0,47 0,39 0,32
Күрделі салымдар, млн.$ 61,1 47,2 39,3 31,9
Үлестік күрделі 49,3 38,2 33,6 26,6
салымдар,$тонна
1 т. мұнайдың орт. өзіндік 33,8 34,5 36,5 39,9
құны, $т.
Қосымша инвестиция қажеттілігі,33,7 27,7 27,5 22,5
млн.$
Мердігердің таза түсімдері, 23,3 31,1 31,2 34,7
млн.$
Мердігердің таза дисконтталған түсімі, млн.$
8% дисконт жағдайында -0,188 4,605 2,200 5,545
10% дисконт жағдайында -3,633 0,923 -1,244 2,220
15% дисконт жағдайында -9,928 -5,704 -7,174 -3,500
Өтелім мерзімі, жылдар 7 7 7 6
Өтелім мерзімі (10% дисконт 19 11 16 11
есебімен), жылдар
Пайданың ішкі нормасы, % 7,9% 10,6% 9,2% 11,6%
Пайданың ішкі нормасы (нақты 10,1% 12,8% 11,4% 13,9%
мәндер бойынша), %
Мердігердің дисконтталған құн
коэффициенті (PVR), $
8% дисконт жағдайында -0,003 0,107 0,060 0,183
10% дисконт жағдайында -0,069 0,022 -0,034 0,074
15% дисконт жағдайында -0,199 -0,142 -0,205 -0,120
Мердігердің табыстылық индексі
(PI)
8% дисконт жағдайында 0,997 1,107 1,060 1,183
10% дисконт жағдайында 0,931 1,022 0,966 1,074
15% дисконт жағдайында 0,801 0,858 0,795 0,880

*Ақтас кенорнының есеп беру мәліметтерінен алынған

Сөйтіп, ұңғыма торының тығыздығын таңдау үшін технологиялық сұлба
жиектерінде суды жиек маңы немесе жиек алдында қиылысу жолымен қабаттық
қысымды ұстану арқылы бөлінген пайдалану объектілерін өңдеу нұсқаларымен
қарастырылды. Осы нұсқалар үшін мұнай қайтарымдылықтың мәндері,
пайдаланылатын объектілер мен кенорыны бойынша өңдеудің технологиялық
көрсеткіштері анықталды, сонымен бірге бұрғылау көлемі, капиталды және
пайдаланылатын шығындар анықталды.
Негізгі нұсқалардың техника-экономикалық талдаудың негізінде 3-ші
кестеден көрініп тұрғандай, тор тығыздығы 40 гаұңғ бойынша ұсынылатын
нұсқа таңдалды. Сөйтіп, жоғарыда айтылған техникалық және технологиялық
шешімдерді ескеру арқылы Ақтас кенорынының негізгі бес нұсқаларын игеру
қарастырылған. Осылар бойынша мұнай қайтарымдылық еселеуішінің мәндері,
негізгі технологиялық және экономикалық көрсеткіштер анықталды.
Ұңғымалар торының тығыздығы 40 га ұңғ. болатын нұсқа бойынша мұнай
шығару коэффициенті 0,270 тең, яғни қалған нұсқалармен салыстырғанда ең
жоғарғы көрсеткішті береді. Бірақ ұңғымалар торының бұл тығыздығы бойынша
мұнай өндірудің жобалық деңгейі ең төмен нәтижені көрсетіп отыр. Бұған
қарамастан 51 жылға созылатын пайдалылық кезеңін ескере отырып бұл нұсқаны
тиімді деп қарастырамыз. Ұңғымалар торының тығыздығы 40 га ұңғ. болатын
нұсқаның 1 ұңғымаға шаққандағы шығарылатын үлестік қоры, тек өндіруші
ұңғымаларда ғана емес, өндіруші және айдаушы ұңғымаларды қосқанда да
максималды мәнге ие және бұл нұсқада берілген жобаның мүддесіне сәйкес
сулану деңгейі ең минималды деңгейге ие. Қарастырылып отырған нұсқа үлкен
эксплуатациялық шығындарға ұшыраса да, бұл жобаның өтеу мерзімі небары 6
жылды құрайды. Бұл нұсқа бойынша берілген жобаны жүзеге асыру үшін аз
мөлшерде күрделі салымдар жұмсалады, оған қоса қосымша инвестицияға
қажеттілік басқа нұсқалармен салыстырғанда елеусіз көлемде болып отыр.

Барлық нұсқаларда ұңғымалардың ескі қорын пайдалану қарастырылады.
Қазіргі уақытта ААҚ Өзенмұнайгаздың газды ұңғымаларын ЖСШ Тасболат
Ойл Корпорэйшннің балансына қабылдау туралы келісімдер жүргізілуде. Бұл
осы ұңғымаларды техникалық күйі мен қолайлы орналасуы сәйкес келетін
жағдайларда жобалықтардың орнына пайдалануға мүмкіндік береді.
1-і нұсқа. Екі пайдаланылатын объектілерді 7 ұңғыманы бұрғылау арқылы
табиғи режимде өңдеу қарастырылады.
2-і нұсқа. Бұл нұсқа біріншіге ұқсас. өнімділікті жоғарылату үшін
ұңғымада қабаттардың гидравликалық жарылуын жүзеге асыру.
3-і нұсқа. Бұл нұсқада суды жиек маңы мен жиектің алдында қиылыстыру
жолымен қабаттық қысымды ұстану қарастырылады.
Бірінші объектіде бұрғылау үшін ұңғымалардың саны - 5, оның екеуі су
айдайтындар. Екінші объектіде бұрғылау үшін ұңғымалардың саны – 6.
Пайдаланудың екінші объектісінде су айдайтын ұңғымаларды бұрғылау жоқ.
Су жіберу ескі ұңғымаларға өндіретін ұңғымалардың жобалық бөлігін
ауыстырумен жүзеге асырылады.
4-і нұсқа. Бұл нұсқа ұңғымалардың өнімділігін жоғарылату үшін
қабаттардың гидравликалық жарылуын жүзеге асыру арқылы үшінші нұсқаға
ұқсас.
5-і нұсқа. Өнімділікті жоғарылату үшін ұңғымаларда тұзды-қышқылды
өңдеуді жүзеге асыру арқылы үшіншіге ұқсас. 3-ші кестедегі параметрлерге
сүйене отырып Ақтас кенорынының пайдаланылатын объектілерін өңдеудің
негізгі нұсқалары 4 игеру нұсқасымен таңдалды.

2. Жобалық шешімдердің экономикалық талдауы

Ақтас кенорнының мұнай шоғырларын экономикалық тиімділігінің есебі,
берілген жобаны жүзеге асыру үшін қажетті күрделі салымдарды, табысқа салық
салу кезінде ұсталып қалынатын арнайы қорларға жіберілетін салық және
аударымдардың есебін, сонымен қатар операциондық және ағымдық шығыстарға
кеткен пайда мен тікелей шығындарды анықтау бағытында жүргізілген. Бұл
есептеулер бір жағынан, эксплуатациялық шығындардың сомасын анықтауға, ал
екінші жағынан, табыс салығы есептелінетін соманы (салық салынатын табыс)
анықтау үшін жүргізілген. Мұндай есеп мемлекеттің және ЖШС
ТасболатОйлКорпорейшн кірістерін анықтау үшін қажет. Есептеулер Қазақстан
Республикасының талаптары мен стандарттарына және Ақтас кенорнындағы
көмірсутекті шикізатты өндіру мен барлау бойынша келісім-шартқа сәйкес
жүргізілген.
Есептеулердің экономикалық моделі мұнай кенорнын игеруді жобалау
кезінде жалпы жұрт қабылдаған және Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңды актілеріне негізделген. Бюджетке түсетін салық және басқа да міндетті
төлемдердің есебі Қазақстан Республикасының салықтық жүйесінің 1 қаңтар
2004 жылдан бастап өз күшіне енген өзгертулер және жер қойнауын пайдалану
құқығы бойынша бекітілген келісім-шарттың салықтық режимін ескере отырып,
салық төлеу және есептеу жөніндегі қолданыстағы заңдар мен нормативтік
құжаттарға негізделген. Жобалау интервалы ретінде бір күнтізбелік жылға
сәйкес уақыт аралығы қабылданған. Бірінші интервалға есептеулерді жүргізу
кезеңі яғни, 2009 жыл қабылданған.
Мұнай бағасын әлемдік мұнай өнімдерінің саудасы тәжірибесіндегі
қабылданған бағаларға келтіру үшін мұнай өткізу көлемінің бірлігі ретінде
баррель қабылданған. Мұнайды баррельден тоннаға есептеу бағасы 7.3 есептеу
коэффициеті арқылы жүргізілген. Берілген жобаның негізгі табыс көзі
кенорындағы өндірілетін мұнайды өткізу болып табылады. Мұнай өткізу көлемі
мұнай өндіру деңгейіне тең деп қабылданады. Өнім (мұнай) өткізуден түскен
ақша өнім өткізу көлеміне сәйкес есептелінген.
Келісім-шартқа сәйкес мұнайдың 15 % ішкі нарықта, ал қалған 85 %
сыртқы нарықта өткізіледі деп жоспарлануда. Жобада қабылданған мұнай бағасы
әлемдік нарықта бар бағаларға және берілген компанияның өткен
кезеңдеріндегі мұнай өткізудің нақты бағаларына сәйкес анықталған.
Өндірілетін өнімдердің жылдық өндіру көлемдері 2-ші суретте көрсетілген.

2 сурет. Мұнай, газ және сұйықтықтың жылдық өндіру көлемі

Қарастырылып отырған кенорында өндірілетін мұнайды өткізудің болжамдық
бағасы: ішкі нарықта 1 тоннаға 80 АҚШ доллары (қосылған құн салығын есепке
алмағанда), сыртқы нарықта 1 барреліне 25 доллар.
Мұнай құнының жыл сайынғы өсімінің коэффициенті сыртқы және ішкі
нарықтардағы болжамды конъюнктураны есепке алғанда 2 % тең деп қабылданған.
Мұнай тасымалына кеткен шығындар, баға жағдайындағыдай: ішкі нарықта –
Тасболат кенорнында 1 тоннаға 8,8 $ ҚҚС есепке алғанда, АНПЗ ЖАҚ
КазТрансОЙЛ магистралды құбыры арқылы мұнай тасымалдау қызметіне
белгілеген баға бойынша; ал сыртқы нарықта 1 тоннаға 42 $ (Тасболат кенорны
– Ақтау – Атырау - Новоросийск).
Ұсынылатын нұсқа бойынша жалпы ресурстан 15% көлеміндегі іліспе газ –
өзіндік технологиялық және тұрмыстық қажеттіліктеріне жұмсалады. Қалған
бөлігі КазГПЗ-да қайта өңдеу мақсатымен тасымалданады. Бұл жағдайда,
тасымал тарифі – 1000 м3 - қа 3,5 $ және қайта өңдеу шығыны – 1000м3 - қа
13,5 $. Іліспе газды өткізуден түскен табыс түсімге қосылмайды. Өйткені
тасымал және қайта өңдеу шығындары оның өткізу бағасын толығымен жабады.
(Өзендік КазГПЗ-на қайтарусыз тапсыру)
Мұнай сатудың кіріс бөлігінде ішкі нарықтық өткізудегі ҚҚС мен мұнай
акцизін есепке алмағандағы кәсіпорынның жалпы табысының есебі жүргізілген.
Сонымен қатар, мұнай тасымалымен байланысты шығындар ескерілген. Ақшалай
түсімдердің ағынын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Башқұрт жікқабатының қалыңдығы 204 метр
Өзен кен орнында 1400м тереңдікке бұрғыланатын пайдалану ұңғымасын жобалау
Альфа кенорны бойынша ұңғыманның түп аймағына әсер ету әдістерін талдау ( ҚСЖ )
Өзен кен орнының өндіру және айдау скважиналары қорының жағдайы
Кен орынды игеру жүйесі. Кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы
Өндіру ұнғыларын бұрғылаудан
Өзен кен орнында қолданылатын қабаттардың мұнай бергіштігін көтеру әдістері
Өзен кен орнында қабатты гидроқұммен жару
Ұңғымалар қорын пайдалану коэффициенті
Жаңажол кен орнын игеру кестесі
Пәндер