Үндістан экономикалық модернизациясының теориялық-концептуалды негіздері


1 Үндістан экономикалық модернизациясының теориялық-концептуалды негіздері
1. 1 Экономикалық модернизацияның теориялық негіздері
Үндістан экономикалық модернизациясы күрделі әрі нақтылы зерттеуді керек етеді. Өйткені, елдегі экономикалық модернизация процесі Үндістанның әлем сахнасындағы өзін-өзі анықтау, сондай-ак ұлттық етенелену мәселелерінен туындалады. Ал, бұл жағдай Үндістан экономикалық модернизациясының өзіне ғана тәң даму жолдарын айқындап, өз кезегінде зерттеуді ерекше бағытында, яғни бірқатар факторларын ескере отыра жүргізуді талап етеді.
Бастапқыда ұғымдық жағына көңіл бөлу керек. Экономикалық модернизацияға көшпес бұрын “модернизация” ұғымы нені білдіреді екендігін анықтау керек. Және бұл сұрағының мән-мағынасын ашу керек.
Батыстық тұжырымдамасына сәйкес “модернизация” ұғымы адамзат дамуы барысындағы ілгері әлеуметтік өзгерістерін білдіреді. Демек, модернизацияның бұл мағынасы жаңа замандағы батыс елдерінде болған ескі жүйелерінің әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өзгерістер легіне ұшырау мен қазіргі заманғы технологияларға қол жеткізу процестерін айқындайды. Батыстың белгілі зерттеушісі Шмуэль Айзенштадтың пікірінше, “модернизация тарихи калыптасқан өзгерістердің толқыны, бұл процесс көбінесе ХVІІ-ХІХ ғасырлар аралығында Батыс Еуропа мен Солтүстік Америкада пайда болған әлеуметтік-экономикалық, саяси жүйелеріне тәң болады”. Ал, тағы бір батыстық автор, Вильберт Мур модернизацияның түбінде “қазіргі заманға дейінгі дәстүрлі қоғамның экономикалық жағынан гүлденген, сондай-ақ саяси жағынан біршама тұрақты батыстық нысанындағы мемлекеттерге тәң болатын әлеуметтік ұйымдасқан қоғамдастыққа карай түбегейлі өзгеру” процестін жатқанын көрсетеді. Бірқатар зерттеушілердің пікірінше, модернизацияны қозғайтын кіндіктері бар. Дегенмен бұл кіндіктер белгілі бір қоғамдарға ілеспейді, олар өзгермелі сипатында болады. Мәселен, Эдвард Тиракьян аталмыш кіндіктердің қозғалуын Ежелгі Грекиядан бастап, Ежелгі Рим, ортағасырдағы солтүстік және солтүстік-батыс Еуропа арқылы қазіргі АҚШ пен Қиыр Шығыс мемлекеттеріне дейін жеткізеді [1] . Яғни әлемдегі өркениеттер дамыған сайын модернизация процестері жүріп, тек белгілі бір ғасырларда локалды түрде пассионарлығы басым мемлекеттер модернизацияның ошақтарына айналып, оны басқа жерлерге таратады. Сөйтіп, модернизацияны әлемде табиғи ұйымдасқан құбылыс ретінде де тануға болады. Өйткені, әлем жаратылғаннан бері адамзат ілгері дамуын туындайтын жаңартуына ұмтылып, әр түрлі саладағы “жаңасын” өзіне тартады. Дегенмен модернизация ұзақ жүретін процесс ретінде де танылады. Өйткені, ғылыми оның дәлелденген теориялық негізі бар, және де ол адмзат эволюциясындағы бірден-бір құралы. Осындай мағынада модернизация өз алдына бірнеше түрлеріне жіктеледі. Мысалы, қазіргі әлемде модернизацияның экономикалық, саяси, әлеуметтік, ғылми-техникалық, мәдени, әскери сияқты тармдалған және өзара байланысқан түрлері бар.
Кезінде Нейл Смелзер модернизацияны кешенді ұйымдасқан, құрамына алты бөлігі (саласы) кіретін әр алуандылық ретінде сипаттады. Яғни ол модернизациялық процесін қоғамның әр түрлі деңгейдегі салаларымен теңестіреді. Атап айтқанда, модернизация экономика саласында біріншіден, жаңа технологиялардың пайда болуы, екіншіден, өмір сүрудің тәсілі ретіндегі ауыл шаруашылықтан коммерциялық ауыл шаруашылығына өтуі, үшіншіден, адам баласы мен жануарлардың еңбегін “тірі емес” энергиясы мен механизмдермен алмастыруы, тхөртіншіден, қалалық типтегі қоныстардың жайылуы және еңбек күшінің белгілі бір кеңістікте шоғырлануы сияқты мәселелерін қамтиды. Ал саяси саладағы модернизация тайпа көсемінің авторитетінен сайлау негізінде келетін және алмастырылатын саяси партиялар мен демократиялық өкіметке өтуін білдіреді. Білім беру саласында модернизация сауатсыздықты жою және білім мен сапалы еңбек құндылығының өсуін келтіреді. Смелзер көрсеткен келесі үш бөлігі діни қатынастарын, отбасы-неке қатынастарын және стратификация саласын (мобильді болу мен жеке табысқа жету маңыздылығының арттыруын білдіреді) қамтып өтеді [2] . Көбінесе, осындай салаларда модернизация әрекеттесіп, кеңінен қолданысты табады. Сөйтіп, модернизация локалды түрде адамзаттың дамуына, сондай-ақ әлемдік деңгейде болатын түрлі ілгері процестердің кеңеюіне индуктивті түрде жәрдемдеседі.
Сайып келгенде, модернизация өркениеттер дамуындағы табиғи императиві рөлін атқарып, көшбасшы өркениетін немесе локалды түрде модернизациялық ошағына айналған мемлекетін ерекше тұрғыға қояды. Яғни бұл көшбасшы өркениеті үшін экономикалық және әскери-техникалық жағынан басқалардан ерекшелену маңызды болып келеді. Бұл өркениет басқаларға лайықты болатын мәдени-әлеуметтік стандартты жасауға ат салысады. Сөйтіп, көшбасшы өркениет өз уақытында және өз ойкуменасында ең қазіргі заманғы дәрежесіне дейін жетеді. Модернизация тек Батысқа тәң процесс қана емес, ал қайта өркениеттілік көшбасшылықтың мәдени-әлеуметтік аспектілерін құрайтын әмбебаб тарихи құбылыс ретінде танылу тиіс. Дегенмен соңғы ғасырларда әр алуандылық сипатындағы модернизация көбінде тек батыс қоғамында орналғандықтан, батыстық үлгісіндегі модернизация халықаралық тәртіпті құрды. Бұл тәртіптің негізінде басым рөлі батыс елдерінің мықты экономикалық әлуетіне және олардың саяси күшіне берілген болатын. Қазіргі таңда дамушы елдердегі модернизациясы үшін бұл халықаралық тәртіптің тіректері табиғи түрдегі үңдеуі болып табылады [3] . Ал Үндістан сияқты басқа азиаттық және шығысеуропалық дамушы елдер үшін бұл үңдеуге жауап беру ниеті олардың шапшаң түрдегі экономикалық және саяси реформалау негізінде болатын модернизацияны басынан өткізу процесімен сәйкес келеді.
Конвергенция теориясы бойынша, модернизация технологиялық детерминизммен ұласып кетеді. Яғни басымдылығы бар технология әлеуметтік ұйымдастырудың, саяси өмірдің, мәдени түрлерінің, күнделікті өмір нормалар мен ережелердің, тіпті наным-сенімдердің ерекше нысандарын талап етеді. Озық технологиялар уақыт өте келе бәрібір де қазіргісінің синдромын әкеледі. Бұл синдром түрлі қоғамдардың бірегей болып көрінуінде және жергілікті ерекшеліктерінің жоюында көрініс табады. Джон Голдтроп айтқандай, “индустриализацияның алға жылжуына қарай ол бірте-бірте әлемдік құбылысына айналады. Сөйтіп, индустриалды әлеміне кірген барлық қоғамдарда құр индустриалды нысаны ғана қалады”. Конвергенция теориясының тұжырмын айқындауға үлес қосқан Сэмюэль Хантингтон былай деп жазады: “Модернизация бірегейлікке апаратын тура жол. Егер дәстүрлі қоғамдар әр алуан болып келсе, және оларды қазіргі заманның белгілердің жоқ болу фактісі ғана біріктіретін болса, қазіргі заманғы қоғамдар бәріне ортақ негізгі қасиеттер жиынтығынан тұрады. Яғни модернизация қоғамдар арасындағы ұқсастыққа деген үрдісін тудырады”. Сайып келгенде, 1970 жылдарға қарай бұндай ұқсастық белгілері көріне бастады. Мәселен, бұл кезде өнеркәсіптік өндірісінің қажеттіліктеріне бейімделу (кәсіптік құрылым), туып көбеюшіліктің төменгі сатыда болуы және өмір ұзақтығының өсуі (демографиялық құрылым), үлкен отбасыларды құрудан кіші отбасыларды құруға өту, бұқаралық білім берудің жаңа нысандары, адам басына шаққандағы табыстың өсуі, тұтынушы рыноктар, саяси өмірдің демократияландыру сияқты үрдістер әлемдегі әрбір мемлекетке жұғып, кеңінен тарай бастады [4] . Дегенмен конвергенция теориясы модернизацияның ұйытқысында болатын стратификация, кешенді еңбек бөлінісіне негізделген өнеркәсіптік өндірісі, тауар мен қызметтерді тұтыну рыногы сияқты мәселелерін ғана қарастырады. Өйткені, мұнда бірқатар әлеуметтік, мәдени, ділдік ерешеліктері ашылмайды. Сондықтан саяси режімі және өнеркәсіптік дамуы бірдей болатын мемлекеттерде қоғамның басқа салаларда ұқсастық белгілері болмауы мүмкін. Сөйтіп, конвергенция теориясы модернизацияның экономикалық заңдылықтарын біршама дұрыс дәлелденгенмен, модернизацияда болатын басқа өлшемдердің жалпы кешенін және түрлі үрдістердің пайда болуын дәлелді түрде аша алмады.
Конвергенция теориясының жақтаушылары барлық дәстүрлігіне жататын мәселелердің болуын жоққа шығарып, оларды мешеу құбылыс ретінде көрсеткісі келді. Алайда бұл шындықпен сай келмейді. Белгілі бір халық (қоғам) ешқашанда өзінің төл мәдениетінен, тілінен, салт-дәстүрінен, дінінен бас тартпайды. Тіпті қазіргі мәдени жаһандану ғасырында озық технологиялық инновацияларын қабылдаған көптеген мемлекеттер өзіндік жолды тандап, өзінің ұлттық мәдениеті мен дінінен бас тартпады. Қоғамның дәстүрлі элементтерін құрайтын бұл мәселелерге модернизация үнемі әсер етеді. Бірақ, олар көп жағдайда мызғымас күйінде қала береді. Әйтсе, модернизация оларға жағымды жағынан да әсер етіп, ескінің кейбір сорақы сарқыншақтарын түзету мүмкін.
Модернизация ұғымының ғылыми айналымға енген тағы бір мағынасы бар. Ол “үшінші әлемге” жататын көбінесе азиаттық немесе шығыстық нысанындағы мемлекеттерге тәң құбылыс ретінде сипатталады. Яғни белгілі бір объективті мен субъективті себептерге байланысты Батыстан артта қалған, және экономикалық өрлеуді енді ғана басынан кешірген дамушы елдердің озық технологияларды пайдалану мен батыстық үлгісіндегі функционалдық-құрылымдық өзгерістерді енгізу арқасында жаңару процестеріне қол жеткізу ұмтылыстарын атап көрсетуге болады. Бұндай жағдайда дамушы елдердің барлық салалары (саяси, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық) модернизацияға ұшырайды. Бұл арқылы дамушы елдері экономикасы дамыған батыстың алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тарапынан жасалған модернизациялық үңдеуіне жауап береді. Сондай-ақ олар Батыстан келген қаржы-технологиялық қысымға қарсы тұрып, тіпті батыс елдерімен белгілі бір дәрежеде бәсекеге тұру мүмкіндігіне қол жеткізеді.
Мәселен, аталмыш Сэмюэль Хантингтонның жоғарыда өзінің конвергенция теориясы негізінде жасалған пікіріне біршама қайшы тұрғыда айтылған сөздерін оның атақты еңбегінде таба аламыз. С. Хантингтонның пікірінше: “модернизация батыстық емес өркениеттерді нығайтып, Батыстың өзінің әлуетінің күрт азаюына әкеліп соғады. Әлем әлдеқайда қазіргі заманғы болғанымен, ондағы батыс елдерінің ықпалы күннен-күнге азая түседі” [5] . Бұл сөздерде шындық бар. Өйткені, қазіргі Жапония, Қытай, Үндістан, Бразилия, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Корея сияқты ілгері даму үстіндегі мемлекеттер арнайы бағытталған индустриализациясы және ғылымдағы инновациялары арқылы қол жеткізген өзінің жоғары экономикалық қарқындарымен дамыған мемлекеттерге жетіп, ал кейбір көрсеткіштері бойынша тіпті олардан да озып кетті. Сондай-ақ олар өзінің экономикалық дамуын ғылыми-техникалық жетістіктерімен барынша байланыстырып, өзіндік озық технологияларды кұрастыру мен тарату арқылы қазірдің өзінде экономикалардың өсімі бойынша дүниежүзінде алдыңғы қатарларына шықты. Демек, олардың халықаралық процестерге ықпалдасу мүмкіндіктері туып, әлемдік қауымдастықтың “еуроатлантикалық” сипатын өзгертуге күші жетеді. Сондықтан батыста дамушы елдерінде модернизация процесінің кең етек жайылуына карсылық пен қорқыныш белгілерінің қалыптасуы занды құбылыс. Тарих деген қайталана беретін процесс: кеше - сіздің мемлекетіңіз шикізат беретін көптеген отарларды иеленсе, бүгін - сіздің қол астында болған отарлары дербестікке қол жеткізсе, ертең - сіздің бұрынғы отарлары технологиялық өрлеу арқылы жоғары экономикалық дамуына жетіп, сіздің өзіңіздің әлеуметтік-экономикалық жүйесіне ықпал тигізе бастайды. Мінеки, бұл ережесінен шыға отыра Үндістанның Батыспенен байланыстары дамиды: кеше ғана Ұлыбританияның отары болған Үндістан XX ғ. ортасында дербестікке кол жеткізіп, XXI г. басында технологиялық жетілдіру арқасында өзінің экономикалық қарқындарының өсімі бойынша бірқатар дамыған еуропалық мемлекеттерден де озып кетуге шамасы бар.
Жоғарыда көрсетілген модернизация ұғымының екінші мағынасына сәйкес дамушы елдерінде модернизация процестері көбінен екі бағытында дамиды. Яғни модернизация негізінен алғанда саясат пен экономика сияқты екі басты саласында көрініс табады. Модернизация дамуының алғашқы бағыты елдегі авторитарлық немесе отарлық билігін біршама еркін, демократиялық құндылықтарын бірінші кезекке қоятын мемлекеттік билік нысанына өзгертуді талап етеді. Ал оның екінші даму бағыты негізінде экономикалық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіліп, өндірістің қарапайымдалған дәстүрлі әдіс-тәсілдерінен озық технологияларға қарай ету процесі қамтамасыз етіледі. Бірақ, бұндай күрделі өзгерістер өздігінен пайда болмайды. Ол үшін белгілі бір шараларды жүзеге асыру керек. Яғни бірінші жағдайда елдегі саяси режімді жетілдіру процестері іске қосылса, екінші жағдайда ғылыми біліктер мен жаңа ойды (инновацияларды) қорлану мен дамыту процестері іске асады.
Жалпы модернизация ұғымы баяғы заманнан жалғасатын бірден-бір экономикалық даму жолынан сипаты жағынын әр алуан болатын дамуына көшу моделін білдіреді. Бұндай түбірлі бетбұрыс барысында міндетті түрде әрбір мемелекеттің әлеуметтік, мәдени ерекшеліктері және рухани құндылықтары ескерілуі тиіс. Яғни жаңа толқынмен келген экономикалық реформалар және олар жетелейтін ғылыми-техникалық инновациялар мемлекеттің төлтума ерекшеліктерін өзіне бағындыруды мақсат қоймайды. Керісінше, бұл модернизациялық үлгілер елдің төл мәдениетін мен ұлттық сана сезімін туғызатын “дәстүрлі” құндылықтармен үйлестіру жолдарын тауып, халықтың пайдасына саятын келісілді түрде әрекеттесу процестерін кездейді. Кәдімгі сөзбен айтқанда модернизация үстіндегі қоғамында ескінің жаңасымен, дәстүрлігінің қазіргісімен және өзінікінің басқа жақтан алғандығымен үдемелі қосарлану (синтезделу) процестері жүреді.
Сондықтан XX ғ. ортасында тәуелсіз болғанымен, алайда экономикасы жағынан артта қалған Үндістанның алдында тұрған бірден-бір шешім, ол аз уақыттың ішінде, бар мүмкіндіктерін пайдалана отыра, түбірлі модернизация процестері арқасында жоғары даму жолына түсу мақсаты болатын. Бұл мақсатан орындауда елде “Неру бағыты” атаулы жаңа әлеуметтік-экономикалық реформалардың бағытын жүзеге асыруға кірісті. “Бұндай келелі бағыттың ұйытқысы ретінде ұлттық өндірістің дамуына жол ашатан кең түрдегі өнеркәсіптік капиталдың калыптастыру мен қорлану процестері алдыңғы орынға шықты. Соның нәтижесінде XX ғасырдың соңына қарай Үндістанда мемлекеттік капитализмды тірек еткен экономиканың импорттың орнын басатын құрылымдық модернизацияның моделі қалыптасты, ал ол өз кезегінде экспортқа бағдарланған либералдық модернизация моделінің қалыптасуына жолын ашты. Сөйтіп, өнеркәсіпте мемлекеттік сектор және экономиканы мемлекеттік реттеу арқылы дамыту қондырғылары пайда болды. Мемлекеттік капитализмның ұстанымдары экономикалық дамуының механизмдеріне айналып, рыноктың және жеке кәсіпкерліктің еркіндігін біршама шектету аркылы ел эқономикасында түбегейлі жаңару міндеттерін орындауға жәрдемдесті” [6] . Нақ сол мемлекеттік капитализмнан шыққан “мемлекеттік реттеу” және “технологиялық инновациялар” сынды механизмдері арқасында Үндістанда экономиканы либерализациялауға бағытталған модернизацияның жаңалау процестері орналып, қазірдің өзінде бұл елді қарқынды экономикалық даму үстіңдегі елдерінің қатарына қоспақшы.
Осыған орай, Үндістандағы модернизация көбінен экономикалық қондырғылары есебінен жүзеге асады. Яғни елдегі экономикалық реформалары ерекше бағытында жүргізіліп, бұл арқылы әсіресе машина жасау мен жеңіл өнеркәсібінде сырттан келетін импорт тауарларының легі күрт қысқартылып, оларды сапасы кем емес ұлттық тауарларының үлгілері орнын басты. Сонымен қатар Үндістан модернизациясының басқа дамушы елдерінің парадигмаларынан ерекшелігі - жоғары технологиялардың, әсіресе компьютерлік бағдарламалар мен софтарының, түрлі аса күрделі компьютерлік бөлшектерінің шығарылуын өндіріс жолына салу, оларды сыртқа шығару және әлемдік ІТ-рыногына тарату мүмкіндіктері болып табылады. Қытай, Малайзия, Оңтүстік Корея, АСЕАН елдері сияқты басқа модернизациялық үлгілерде басты назар жоғары технологияларды экспортқа шығару процесіне емес, қайта ауыр және тұрмыстық өнеркәсібінің салаларын дамытуына, сондай-ақ бұлар өндіретін өнеркәсіптік тауарларының экспортқа шығару ұстанымдарына берілген. Бұл жәйт Үндістан мен басқа азиаттық модернизациялық парадигмалар арасындағы түбірлі құрылымдық айырмашылығы болып табылады.
Сөйтіп, Үндістан ақпараттық технологияларды тарату жөнінде әлемде қазірдің өзінде алдыңғы қатарлы ел ретінде танылмақ. Мәселен, Үндістанда ақпараттық жүйесіне қажетті кадрларды даярлау процесі өндіріс жолына қойылған. Елдегі бұл салада кадрларды даярлау міндеті екі бірдей жоғары сапалы білім беретін үздік оқу орындарына берілген. Ол Үністанның технология институты және Ұлттык технология институты (бұлардың ел бойынша таралған бөлімше-филиалдары бар) . Бұл жоғары оқу орындарының қаржыландыру процесі мемлекеттік қазынасы арқылы жүзеге асады. Сондықтан Үндістанның дүниежүзі бойынша ІТ-саласында (ақпараттық технологиялар) жұмыс істейтін мамандардың саны жағынан екінші орында болуы таң қалдыратын нәрсе емес. Тіптен әлемдегі аса ауқатты адамдарының бірі Билл Гейтс құраған атақты “Microsoft” компаниясында жұмыс істейтін білікті мамандарының 3/1 бөлігі үндістандык азаматтар мен азаматшалар екендігі әркімге мәлім жәйт болып табылады.
Қазіргі таңда негізінен Бангалор, Хайдарабад, Ченнаи, Мумбаи қалаларының маңында шоғырланған ақпараттық жүйелерінің технологиялық орталықтары (бизнес инкубаторлары) немесе басқаша айтқанда “үндістандық силикон алқабы” дүниежүзі бойынша ең дамыған мемлекеттерді “Made in India” лейблі бар сапалы компьютерлік бағдарламалық өнімдерімен (бағдарламалар, софтар, CD және флэш дискілеріне жазылған заманауи ойындар, әр түрлі компьютерлік бөлшектер, т. б. ) қамтамасыз етеді. Үндістанның IT-саласында жұмыс істетйтін 1 миллионаннан аса ақпараттық технологиялардың мамандары өздері жасаған бағдарламалық өнімдерін 180-нен асатын дүниежүзі дамыған және дамушы елдеріне экспортқа шығаруда. Әрине бұл жоғары сапалы өнімдерінің негізгі негізгі тұтынушылар легін АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Германия, Франция және тағы басқа дамыған батыс еуропалық мемлекеттері құрайды.
Қазірдің өзінде жоғарыда аталған “Microsoft” компаниясымен қатар “Сиско”, “Моторола”, “IBM”, “Хьюлетт-Паккард”, “Intel”, “Yahoo!” сияқты жан-жанқты мамандырылған жоғары технологиялық компаниялары үндістандық IT-орталықтарына өзінің арнайы тапсырыстарын беруде [4] . Сөйтіп, Үндістандағы модернизация процестері басқа “шығыстық” нысанындағы дамушы елдерінен ерекше дамып, көбінен мемлекеттік капитализмның қағидаларын пайдалана отыра, жоғары инновациялық технологияларды өндіріс жолына салу арқылы импорттың орнын басатын әрі экспортқа бағдарланған экономикасын қалыптастыруды көздейтін теориялық аспектілерін қамтиды.
Дүниежүзілік үрдістер бір әмбебаб дәрежеге модернизация ұғымын салады, жаһанданудың ажырамас бөлігі ретінде және қоғамның жалпы стандартталуындай қабылданады. Алайда бұл заңдылық әрдайым болып табылмайды, мысалы, дамыған елдерде жаңарту ғаламдану және стандарттау процестерінің ілгерілемелі дамуындағы аспап ролді атқарады. Сонымен қатар, дамып жатқан елдерде жаңарту көбінесе жергілікті социум дәстүрлі заңдарымен жинақтайды, және мәні бойынша технологиялық даму аспабы болып табылады, және де ол арқылы дамып жатқан мемлекеттер дамыған елдердің ғылыми-техникалық тықсыруына қарсы тұруға тырысады. Бұл мағынада жаңарту жаңа ой, техника, технологиялардың және өмірге көзқарастардың генераторы болып табылады. Ұлттық мемлекеттердің ыдырауы мен мәдени шекаралардың жойылып кеткен дәуірде модернизация қоғамның ілгерілемелі дамуында бас роль атқарады. Демек, модернизация дегеніміз қайтымсыз және көбінде табиғи өркениетті құбылыс, ол арқылы қоғамның ескірген құрылымының бөлек элементтері жаңа түріне қайта құрылады, сонымен қоғамның дамуын одан ары арттырады. Бұл әлеуметтік бөлектенген қоғамдардың әртүрлі мәдени-әлеуметтік және экономикалық құрылымдардың ғаламдық әрекеттестігінің қазіргі заман тез дамитын үлгілеріне табиғи қайта құрылуының әмбебаб императиві болып табылады. Бөлек алынған мемлекет пен қоғамның рухани дамуының экономикалық дамуы одан ары нәтижелі жалғасуда болу үшін сол мемлекеттің әртүрлі құрылым элементтерін үнемі жаңартып тұру қажет. Бұған қоса қоғамдық социомәдени прцесіне ғылыми-техникалық даму және экономикалық өсу кері әсерін тигізбеу керек. Керсінше ғылыми-технологиялық ойдың табысты дамуы тұрақты экономикалық дамуға түрткі болып қоғамның рухани дәрежесімен жетілуінің көрсеткіші болып табылады. Яғни экономикалық модернизация процестері мемлекет түйіні болып табылатын ұлттың дәстүрлі мәдениетін, тілін және дінін тимеу керек. Олар тек қана ғылымды, техниканы, экономиканы, тұрмыс және саяси мемлекеттік құрылысын жетілдіру керек. Сол үшін “дәстүрлі” және “қазіргі заман” элементтерін бірыңғай жүйеге біріктіру қажет, сонымен қоғамда бар социомәдени тенденцияларды бүкіл мемлекеттің экономикалық модернизация процестерімен жинақтау керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz