Білімге негізделген экономика


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
2
КІРІСПЕ: 1. БІЛІМГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКА ТЕОРИЯСЫ, ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛАРЫ
2:
КІРІСПЕ: 1. 1 Білім экономикасының мазмұны және негізгі белгілері
2: 5
КІРІСПЕ: 1. 2 Білімге негізделген экономиканың рыноктық ерекшеліктері
2: 8
КІРІСПЕ: 1. 3 Қоғамның білім әлеуетінің мәні және оған әсер етуші факторлар
2: 11
КІРІСПЕ: 2. БІЛІМ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ РЫНОКТЫҚ БӨЛІГІ, ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
2:
КІРІСПЕ: 2. 1 Инновация және бәсекеге қабілеттілік - білім экономикасының негізгі элементтері
2: 14
КІРІСПЕ: 2. 2 Білім экономикасының рыногының экономикалық аспектілері
2: 30
КІРІСПЕ: 2. 3 Білімге негізделген экономиканың құқықтық аспектілірі
2: 38
КІРІСПЕ: 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БІЛІМГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ
2:
КІРІСПЕ: 3. 1 Білімге негізделген экономика жүйесіндегі мемлекет, оқу орны және фирманың экономикалық өзара қатынасы
2: 42
КІРІСПЕ: 3. 2 ҚР экономикалық өсудің сапасы мен динамикасының инновациялық-технологиялық дамуға тәуелділігі
2: 44
КІРІСПЕ: 3. 3 Қазақстан Республикасының білім экономикасындағы реформалардың маңыздылығы мен «ұлттық байлықтағы» қалыптастырудағы ролі
2: 49
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
2: 59
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2: 64
КІРІСПЕ: ҚОСЫМША
2: 66

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілгі. Әр заманның өз мінезі, өз талабы бар. Қазіргі болашаққа ұмтылған қадамды - білім экономикасына ұмтылған қадам деуге болады. Бүгінгі дамудың жалғыз жолы - инновациялық жол.

Сол бағытта әлемдік шаруашылықтың ғаламдануы әрекет етеді. Жаңа экономикада бәсеке қабілеттіліктің басты құралдары болып инновациялар, идеялар, шеберлік және білім болып табылады, ол бұл адам капиталын интенсивті пайдалануды көздейді. Осының нәтижесі ретінде білім базасын сақтау және дамыту тек жұмыс күшінің жоғары білім деңгейі мен жақсы кәсиби дайындығы болғанда ғана мүмкін. Айта кету керек, қазір халықаралық рынокта икемді ұйымдар гүлденіп жатыр, олардың икемділігінің кілті жоғары білікті мамандарды пайдалану болып табылады. Сонымен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілеу қарқыны қазір мынаны талап етіп отыр: мемлекеттердің, адами ресурстардың ғылыми-техникалық әлеуетін ғылым дамуының басым бағыттарына жұмылдыруды тездету, ғылым нәтижелерін осы заманғы өндірісте тиімді пайдалану. Қазіргі таңда өндірісте негізгі өзекті мәселелер мен мақсаттар білім мен біліктілікке назар аударады. Яғни білім, ғылым және тәжірибе мәселелерін қарастыру - маңызды тақырып болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Мақсаты білім экономикасының мәнін анықтау мен нарықтағы ерекшелігін ажырату болып табылады, сонымен қатар, білім экономикасының нарықтың, өндіріс салалар мен мемлекеттің негізігі тақырыбы ретінде қарастырылуы, оның негізгі бағыттары, міндеттері және проблемалары, оларды жетілдіру жолдары туралы мәліметтерді анықтап, жиынтыққа келтіру болып табылады. Міндеті : 1. білім экономикасының дамуының негізгі үрдістерін анықтау; 2. білімге негізделген экономиканың құқықтық және экономикалық аспектілерін талдау; 3. оның Қазақстандағы алатын ролі мен шетел мемлекеттерінен ерекшеліктерін көрсету.

Диплом жұмысының нысаны және пәні. Пәніне экономикалық мәселелер мен дамып жатқан елдердің білімге негізделген экономикасын көтеретін ұлттық экономика нәтижелігін арттыру мақсатында маңызды алғышарттарды қалыптастырудың, қажетті жағдайларын белгілейтін әлеуметтік мәселелер зерттеу жатады. Нысанына білімге негізделген экономиканың құқықтық және экономикалық аспектілерін талдау, оған байланысты бағдарламалар мен стратегияларды қарастыру жатады.

Тақырыптың ғылыми зерттеліну дәрежесі. Жұмыстың тақырыбы оқу және ғылыми әдебиеттерде қарастырылу дәрежесі кең. Осы дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы, Білім туралы заң және ғылым мен білімге байланысты стратегиялар мен бағдарламалар, Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Президенті Жарғылары, оқу әдебиеттері пайдаланылды. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы. Сондай-ақ, ақпараттық желілерді қолдана отырып әртүрлі мақалалар мен халықаралық отырыстардың мәтіндері қолданылған.

Диплом жұмысының әдіснамалық, теориялық және іс-тәжірибелік негізі. Білім экономикасы өндіріс экономикасы ғана емес, бұл - білімді өндірудің бүкіл тетігін - университет, іргелі ғылым, коммуникация, патенттік жүйе, қолданбалы ғылым, зерттеулерді қамтыған орасан зор кешен болып табылғандықтан, бұл жұмыстың жазылу әдіснамалық негізі оның мазмұнын аша отырып, экономикалық негіздерін шолып, оның толық әлеуметтік маңыздылығын анықтау. Білім экономикасының рыноктық бөлігі, оның құқықтық және экономикалық аспектілері қаралып, мемлекеттік экономикасының дамуына әсері ететін факторларды талдау. Сонымен қоса, білім экономикасының әлеуетін анықтайтын даму бырысындағы нәтижелерді қолдану, оны Қазақстанда ары қарай дамуын жүзеге асыратын стратегиялар мен бағдарламаларды қолдану.

Диплом жұмысында қол жеткізілген қарытындылар мен нәтижелерді, сондай-ақ ғылыми тұжырымдарды іс-тәжірибеде сынақ ретінде қолдануға болады. Қазіргі болашаққа ұмтылған қадамды - білім экономикасына ұмтылған қадам деуге болады. Бүгінгі дамудың жалғыз жолы - инновациялық жол. Бұл дегеніміз - Қазақстан экономикасының ғылыми білімге, инновациялық технологияларға, жоғары білікті өндіргіш күшке негізделуі тиіс дегендік. Атап айтқанда, табиғи ресурстарды жаңаша игеруге, оларды мүмкіндігінше республикада өңдеуге, мүмкіндігінше қосымша құн жасауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ғылыми ауқымды технологияларды барынша аз енгізуге негізделген, тұлғаның шығармашылық қабілеттілігі мен белсенділігін қажет етпейтін шикізаттық экономикадан “өңдеуші және өндіруші” экономикаға өту деген сөз. Осы диплом жұмысындағы қорытындыларды қолдана отыра, білімге негізделген экономиканың нарықтағы және қоғамдық ортада бар болған мәселелерді қарастырып, оның кемшіліктері мен артықшылықтарын саралай отыра, негізгі мақсаттар анықталды. Яғни, экономика тұрғысынан оның жеткілікті қаржылануы мен оның нәтижелерін тиімді пайдалану, ал мемлекет пен құқық тұрғысынан заңдық күші бар бұйрықтар мен жарғыларды қолдану арқылы реттелуін қамтамасыз ету тиіс.

Диплом жұмысының құрылымы 3 тараудан және 9 бөлімнен тұрады. 68 беттен, 5 кестеден және 12 суреттен тұрады.

Кімде-кім менің идеяларымды ала отыра,

оны қолданып, мені кедейлетпейді.

Менің шамымнан жарық ала отыра,

мені қараңғылыққа апармайды.

Томас Джефферсон

1. БІЛІМГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЭКОНОМИКА ТЕОРИЯСЫ, ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ФАКТОРЛАРЫ

1. 1 Білім экономикасының мазмұны және негізгі белгілері

«Білім экономикасы» терминін ғылым айналысына астроамерикандық ғалым Фрицем Махлупом (1962) экономиканың бір секторында қолдану үшін енгізген. Қазіргі таңда «білімге негізделген экономика» терминімен қатарлас қолданылады, білім шешуші рол ойнайтын экономика түрін анықтайды, ал білімді өндіру дамудың негізгі көзі болып табылады. Кең мағынада қолданылып жүрген «инновациялық экономика», «жоғары технологиялық өркениет», «білім қоғамы», «ақпараттық қоғам» «білім экономикасы» мағынасына жақын.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінің жағдайы материалды емес өндіріске бағытталып келе жатқан экономиканың қазіргі сипатымен анықталады. Материалдарды игіліктер өндірісі бұл жерде міндетті түрде сақталады, бірақ оның тиімділігі бәрінен бұрын жаңа технологияларды жұмыс күшінің білімін, біліктілігін, басқару әдістерін пайдалумен байланысты. Сондай-ақ барлық байланысқан өндіріс білімнің дамуына негізделеді және білім экономикасының негізгі элементі болып табылады. [1]

Сол бағытта әлемдік шаруашылықтың ғаламдануы әрекет етеді. Жаңа экономикада бәсеке қабілеттіліктің басты құралдары болып инновациялар, идеялар, шеберлік және білім табылады, ол бұл адам капиталын интенсивті пайдалануды көздейді. Осының нәтижесі ретінде білім базасын сақтау және дамыту тек жұмыс күшінің жоғары білім деңгейі мен жақсы кәсиби дайындығы болғанда ғана мүмкін. Айта кету керек, қазір халықаралық рынокта икемді ұйымдар гүлденіп жатыр, олардың икемділігінің кілті жоғары білікті мамандарды пайдалану болып табылады.

Білім экономикасы әлі ғылыми жасақталмаған, әйтсе де оның жекелеген элементтерінің зерттеулері бар: жаңа экономикалық, ақпараттық технологиялар, бәрінен бұрын бағдарламалық қамтамасыз ету; интеллектуалды меншік; адам капиталы мәселелері бойынша.

Профессор Колесовтың пікірі бойынша, білім экономикасы:

  • бұл бірінші кезекке интеллектуалды ресурстардың мәні шығатын

экономика мен қоғамның қандай да бір даму деңгейі;

  • бұл жаңа білім өндірістік жинақталатын және тиімді пайдаланатын,

білімге сұраныста, ұсыныста бар, болатын білім басқа өндіріс факторларын пайдалануды барынша тиімді ететін қоғам. [3]

Білім экономикасын басқа экономистер біліммен байланысты экономиканың жалпы деңгейінің сипатамасы деп көрсетеді; сөз білім өндірісі саласы туралы емес, білімді қоғамды ұйымдастыру құралы, өнім, фактор ретінде қарастыратын жалпы экономика туралы болып отыр.

Білімнің рөлі тұрғысында көзқараста өркениет дамуының төмендегідей кезеңділігі ұсынылады:

  • антикалық өркениет, негізгі мазмұны мәнді салыстыру болып табылады. Бұл - түрлі мәндерді салыстыру арқылы философия, музыкада, математикада және тағы басқа айтарлықтай нәтижедерге қол жеткізілген дәуір;
  • орта ғасыр өркениеті. Бұл жерде сұрақ-жауап, мәжбүрлеп сұрау білім алудың негізгі әдісі болып табылады. Білім бірыңғай болу қажет деген ұран жүзеге асырылады;
  • жаңа уақыт. Негізгі мазмұны - тану, қоғамның міндеті - әркімнің идеологиясы жалпы идеолигиямен сәйкес келуі, немесе идеологиялық сәйкестік;
  • постиндустриалды қоғам немесе білім қоғамы, білімнің негізгі мазмұны - таным. Бұл - тек ақпарат алу ғана емес, бұл ақпатратты салыстыру, оны білім жүйесіне кіргізу. Таным - бұл адамның когнетивті мүмкіндігі мен эмоционалды мүмкіндігінің үйлесуі арқылы мәнін түсіну. Адамдардың когнетивті мүмкіндігі түрлінше, сондықтан - бұл индевидуалдық дәуірі индустриалды қоғамға индивид қоғамға сәйкес болуы қажет, бұл жерде қоғамдық құрылымға - басқаша талаптар. [3]

Білім экономикасының маңызды белгілерін атап өтейік:

  • білім экономикасы және ғаламдану процестері мен инновацияны тарату

арасында өзара байланыс бар деп саналады. Осы жерден - білім экономикасының маңызды белгісіне өндірістік процестің материалды жағынан материалды емес бөлігіне ауысуын айтуға болады. АҚШ білім экономикасын дамытудағы жетістігіне жұмыс күшінің әлемдік рыногының ғаламдану процесстері себеп болды, немесе Американдық әлеуетінің 3/4 - әлемнің басқа елдерінен келгендер. [3]

АҚШ-та ғылымды кең ауқымды мемлекеттік қаржыландыру жүзеге асырылады, Еуропалық Одақта да бұл жағдай байқалады. Айталық, білімді дамытуға, НИОКР-ге Скандинавия елдерінде ұлттық бюджеттің 6-7% жұмсалады, және бұл олардың білім экономикасын айтарлықтай алға жылжытты. Оңтүстік - Батыс Азия елдерінде де ғылыми - техникалық дамуға үлкен көлемде қаражат бөлінеді. Қазақстан Республикасында білімге мемлекеттік бюджет шығындарының - 2002 жылы - 15, 1 %, 2004 жылы - 18, 6% жұмсалды. [2] ;

  • оның маңызды белгісі болып тауардың индивидуалдығы табылады. Бұл

репликациялық бөлігі азаяды, ал жаңы мәндердің жасалуы негізгі процесс болып табылатындығын білдіреді. Оған дәлел ретінде мысалы, кітаптың аты көбейген сайын, ол оның тиражы азайып барады. Book on demand - пайда болды - талап бойынша кітаптар, бір ғана оқырманға арналған кітаптар. Сәйкесінше, әрбір жаңа тауардың пайда болуы ерекше тауар - «білімді» талап етеді. Ал әрбір жаңа экземпляр жеткілікті ресурстар үшін ғана. Осылайшы, қазіргі білім - ол жеке қажеттіліктер туралы білім және бұл білім баға бойынша сұраныс икемділігі сияқты жалпы білімнен ерекшеленеді;

  • екінші белгінің салдары ретіндегі - мәмілелер индивидуал изоциясы. Ол

тауарға баға да индивидуалды және тек берілген трансакция шеңберінде әрекет ететіндігін білдіреді. Басқаша айтқанда, баға әмбебап категория ретінде өз мәнін жоғалтады. Бұл жерден - экономикалық теорияға жаңа талаптар; баға мен сан әлемінде әрекет ететін фирма өмір сүре алмайды. Жаңа экономикада фирма индивидуалды мәмле әлемінде, индивидуалды трансакция және индивидуалды баға әлемінде әрекет етеді. Сандық экономиканың орнына сапалы экономикада жұмыс істейміз. Бұл әзірге экономикалық теорияда жоқ, оны жасау керек, өйткені түрлі сапалы мәндер ерекше математиканы, басқа білімді қажет етеді деп санайды . Бұл жерде сапа деп түрлі мәндер арасындағы айырма деп түсіндіріледі;

  • кеселі белгі - әлемнің сызықсыздығы. Егер бір мән екінші мәнге қосылса,

түрлі мәндер бір - бірімен өзгерістермен біріксе әлем сызықты. Бірақ жеке мәндер болғанда, бір мәннің екінші мәнге бірігуі болмайды. Әзірге барлық қазіргі теориялар мәндердің шексіз санына сүйенеді. Мысалы, көп сандар мен бір-бірімен біріктірілген мәндердің экономикасы ретінде магистрал туралы теорема. Бұл тұрғыда әлемнің сызықсыздығы - заттар мүдделерін бір-бірімен үйлесімсіздігі және өлшемдердің стандартты еместігі;

  • бұл экономиканы тағы факторлардың жекелігі ерекшелейді. Экономика

капиталды және жұмыссыздар санының ұлғаюын емес, нақты қандай да бір ерекше жеке қажеттілікті қанағаттандыра алатын, оның жеке өндірісін ұйымдастыра білетін және жаңа нәрсе ойлап табуға қабілетті жұмысшыны талап етеді. Басқаша айтқанда, бұл ерекше өнерді талап ететін өзгеше, жалғыз технология. Бұл жағдайда бәсекенің ролі өзгереді, болмаса шекті жекелілік жағдайында бәсеке не шеше алады? Бұл жерде, жаңа экономикада - білім ролі түгелімен өзгереді, өйткені, егер де басқа да жоқ білімді сатып алуға болатын болса, онда бұл өзің үшін салынған ең жақсы салым болып табылады;

  • білім экономикасы қажеттіліктер экономикасының бөлігі ретінде

қарастырылады. Адамның қажеттілігінің бес деңгейін бөліп көрсетеді: физиологиялық, қауіпсіздікке қажеттілік, қажетті әлеуметтік қатынастарға қажеттілік, сыйлауға қажеттілік, өзіңді дамытуға қажеттілік. Қазіргі жағдайда тағы екі барынша жоғары деңгейдегі қажеттілік және ішкі ортадағы қажеттілік. Әзірге біздің экономика екі төменгі деңгейді қанағаттандырады - физикалық қажеттілік және қауіпсіздік. Білім экономикасы өз дамуын адамның физиологиялық қажеттілігі мен қауіпсіздігін тез арада анағаттандыруға бағытталады;

  • соңғысы, меншік мәселесі. Адамның объективті меншігі бесінші деңгейге

жататын білімге қажеттілік бар деп саналады . Бұл меншік өз даму процесінде объективті - субъективті, яғни адамның интеллектуалды менщігіне дейін дамиды (яғни бұл адамның өзі жасайтынының бәрі) . Сонда тауар адам оның өндірісіне салған білімнің, материалды бейнесі болып табылады. Бұл жерден - тауар өндіріске жұмсалған білім ғана, қандай да бір тауардың нақты құнын көрсететін болады.

Қорытындыда білім экономикасына қозғалыс бұл объективті процесс деп атап айтуымызға болады. Бірақта қазір оны технологиялық тұрғыдан қарастыру басымырақ. Бұл феноменді экономикалық теория және қоғамдық қатынастар тұрғысынан талдау қажет. Бұл келесі сәттерді ескерудің қажеттілігін білдіреді: қоғам, тұлғалар, ғылым және бизнес мүдделерінің айтарлықтай сәйкессіздігі. Бұл оларждың өзара әрекетінің тиімді меанизм тиімділігінің жоқтығымен байланысты; табыстардағы Ресейлік теңсіздікке білімнің коммерциялануы - экономикалық дамудағы айтарлықтай кедергі.

Білім экономикасының дамуы үшін кедергілерге қоғамдық сектор экономикасының жеткіліксіз дамуы, тұрғындар табысының төменгі деңгейі, халықтың барлық талаптары үшін білімге қол жеткізудің төмендігі.

1. 2 Білімге негізделген экономиканың рыноктық ерекшеліктері.

Жаңа жүзжылдықтың басталысымен дамыған мемлекеттерде білім экономикасы ( the knowledge-based economy ), яғни ақпараттық және коммуникациялық технология сферасындағы жаңа жетістіктерге негізделген білім болып табылады. [5] Бұл термин құндылығы жоғарылай бастаған білім өзектілігі байлықтың негізгі көзі екенжігін дәлелдейді.

Басында байлық деп жер немесе табиғи ресуртар саналатын. Кейін ол капитал болды. Индустриалды революция нәтижесінде кәсібибіліктілік пен технологияның ролі аса бастады. Дүниежүзілік рыноктардың енуімен білім мен тәжірибенің құндылығы бәсекеге қабілеттіліктің негізі ретінде өсті. Өндірістік масштабтың өзектілігі инновация мен білімнің пайда болуына орын берді. [14]

Британдық экономист Дж. Даннингтің айтуы бойынша, соңғы үшжүз жылдықта рыноктық экономикадағы байлықтың негізгі көзі табиғи активтерден (жер және салыстылмалы квалификациялық емес еңбек) материалды ресурстар (ғимарат және құрал-жабдық, қаражат) арқылы материалды емес ресуртарға (білім және ақпарат) өтті және ең алдымен адамдар мен кәсіпорындарда қалыптасады. [6]

Ғаламдану дұниежүзілік масштаб бойынша білімнің тез таралуын мазмұндайды. Негізгісі осы бүгінгі күнгі интернационалдық вектор болып табылады.

Трансұлттық корпорациялардың дамуы халықаралық білім трансмиссиясына салым алып келді. Алғашында, (1950-1980 жж. ) ТҰК-ң экспансиясы солардың технологиясына негізделді, американдық компаниялар алға алды. Ғаламдану техногияны мемлекетаралық қашықтықты қысқартты. Еуропа мен Жапония білім қоры бойынша АҚШ-ты қуып жетті. Бұл әлемдік политика мен экономика конфигурациясын өзгертеді.

Танымал британдық социолог Э. Гидденс анықтауы бойынша, білімге негізделген экономиканың енуі шаруашылық дамуын түбегейлі өзгертеді. Артықшылықты аграрлық даму деңгейінде болған жеке мемлекеттер мен аймақтар дәстүрлі индустриализация деңгейіне қарамастан білім экономикасына секіруге тура келеді. Ең жарық мысал - Банголордағы Үнді Силикон даласы. Бүгінгі таңдағы индустриалды жетістіктердің шарттарынан ескі стиль экномикалық өсу индикаторы ретінде өз мағынасын жоғалтады.

Соңғы жылдары халықаралық ұйымдар мен академиялық орталықтардың пайындауы бойынша, мемлекеттің білімді қабылдау қабілеті мен қолданылуы бәсекеқабілеттіліктің негізгі факторы болып табылады. Нағыз осы қабілеттілік кедейшілік пен гүлденудің шекарасын анықтайды.

БҰҰ сарапшыларының айтуы бойынша, білімге негізделген экономика - бұл экономикада білімді жасау, тарату және қолдану мемлекеттің шаруашылық дамуын және халықаралық бәсекеқабілеттігін қамтамасыз етеді. Осымен бірге білім салалар, барлық секторлар және экономикалық үрдістерді байытады.

Әрине, бұрында да кез-келген экономика білімге негізделген болатын. Ал қазір өндіріс үрдістерінде түбегейлі өзгерістер орын алды. Инновация оның үзілмес бөлігі болып, ал ақпарттық ресурстар кең мағынада қоғамдық байлықты жасауда ең негізгі орын алады.

Дүниежүзілік банктің сарапшылары білімге негізделген экономиканың төрт негізін қарастырады:

  • білім мен оқу (білім және кәсіби дайындығы бар, білімді жасау, қалыптастыру және қолдану қабілеті бар халықтың бар болуы) ;
  • динамикалық инновалиялық инфрақұрылым (коммуникация, ақпаратты сараптау мен таратуды орындайтын радиодан бастап Интернетке дейін барлық ресуртармен қамтамасыз ету) ;
  • экономикалық стимулдар және институционалды режим (білімнің оңай қозғалуын және ақпараттық-коммуникацялық технология мен кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ететін жалпыэкономикалық ортаның бар болуы) ;
  • инновациялық жүйе (білімді жасау мен оның ортаға енуімен айналысатын зерттеу орталықтарының торы, институттар, университеттер және жеке фирмалар мен ұйымдардыңбар болуы) .

Білім әрқашан да шарушылық жетістіктер мен қоғамдық-экономикалық дамудың негізі және қозғаушы күші болып келеді. Бірақ-та бүгінгі таңда кім тез және тиімді қолданады, соны негізгі бәсекелік артықшылықпен қамтамасыз етеді. Осылардың өзі мемлекеттің дамуын негіздейді. ЭЫДҰ мемлекеттерінің экономикасы білім мен ақпараттық технологияға маңызды деңгейде негізделген. Жоғарытехнология салалары және оған инвестиция салу болып табылғандықтан, жоғары кәсіби еңбек пен өсудің нәтижесінде еңбектің өнімділігі артады. «Дамудың жаңа теориясы» шегінде ( new growth theory ) шетел мамандарының қорытындылары бойынша, білімді және техногияны қаржыландыру еңбектің өнімділігі мен экономикалық дамудың стимулы ретінде қарастырады. Бұнда ретттеу мен өңдеуді, жоғарғы және кәсіби оқу жүйесін, қисынды ұйымды басқару құрылымын инвестициялауды басым айтады.

Экономиканың біліммен айналысуы білімді және кәсіби еңбектің құндылығының өсуімен сипатталады, ал үкімет саясаты адам капиталының дамуына шоғырланады. ЭЫДҰ елдерінде орта білімі бар жұмыссыздықтың орташа деңгейі 10, 5% -ға тең келеді, ал университеттік білімі бар -3, 8%.

Білімге негізделген экономиканың өлшенуі кешенді қатынастардың бірі БҰҰ-ның сарапшылары өңдеді. Ол - «Дамуға арналған білім» деп аталатын бағдарлама («2004 Knowledge for Development - K4D») . Олар 76 көсеткішті мемлекет аралық салыстырма үшін ұсынды.

Әлемдік тәжірибенің сенімді көрсетуі бойынша, тұрақты дамыту үшін экономиканың ғылыми секторын дамыту керек. Соңғы онжылдықта АҚШ, Ұлыбритания және Францияда әскери зеттеулердің бөлігі қысқартылғаны анықталды да, ғылым іргетасына қаржыландыруын өсіргені көрінеді. АҚШ-тың жеке секторларының зерттеулері мен өңдеулерінде негізгі артықшылықтары фармацевтика, электроника, программалық қамсыздандыру және байланыс болып табылады. Еуропалық елдерде білім және технология саласы, жақында ғана стратегиялық болып саналған - авиация, энергетика, қарулы күш, өз позициясын ақпарат, медицина, биотехнологияға орын берді, және ҒЗҰКШ бағыттары дәстүрлі салаға айналды. Ең жаңа артықшылық нанотехнология облысындағы бағдарламалар болып табылады.

ХХ ғ. соңғы онжылдығында ЭЫДҰ елдерінде өнімді шығару мен экпорттаудың жоғары технологиясы екі есе ұлғайды, 20-25%-ға жетті. Білім, коммуникация және ақпарат салалары одан да тез дамыды. Басқа есептеулер бойынша, осы елдерде ЖІӨ 50%-дан астамы білімге негізделген салаларға бағытталған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам капиталының қалыптастырушы факторлар
Интеллектуалдық капитал
Адам капиталы экономикалық категория ретінде
Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі: ерекшеліктері, жетілдіру бағыттары
Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру
Экономикалық білім беру
Қазақстанның жоғары білім беру саласы және оны мемлекеттік реттеу жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 – 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Адам капиталы теориясының методологиялық аспектiлерi
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz