Turbo Pascal жүйесінде қайталанатын процестерді ұйымдастыру технологиясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық

университеті

«Қолданбалы информатика» кафедрасы

Курстық жұмысы

Тақырыбы: Turbo Pascal жүйесінде қайталанатын процестерді ұйымдастыру технологиясы

Тексерген: аға оқытушы

Миркасимова Т. Ш.

Орындаған: «Ақпараттық

жүйелер», 1 курс, 101-топ

студенті

Бекгожина Асель

Алматы 2008

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3-5

I Негізгі бөлім . . . 6

1. 1 Циклдік құрылымды алгоритмді программалау және While операторы. . 6-7

1. 2 Келесі шарт бойынша циклды ұйымдастыру және FOR операторы . . . 7-9

1. 3 Күрделі циклдер . . . 9-10

II Есептің қойылымы . . . 11

2. 1 1-есеп . . . 11

2. 1. 1 Есептің берілгені . . . 11

2. 1. 2 Есептің алгоритмі . . . 11-13

2. 1. 3 Программалау бөлімі . . . 13

2. 1. 4 Есептің жауабы . . . 13-14

2. 2 2-есеп . . . 14

2. 2. 1 Есептің берілгені . . . 14-15

2. 2. 2 Есептің алгоритмі . . . 15-17

2. 2. 3 Программалау бөлімі . . . 17-18

2. 2. 4 Есептің жауабы . . . 18-20

III Қорытынды бөлім . . . 21-22

IV Қажетті техникалық жабдықтар . . . 23

V Пайдаланған әдебиеттер . . . 24-25

КІРІСПЕ

Мен, осы курстық жұмысты жаза отырып, Паскаль алгоритмдік тілімен танысып, оны пайдаланып, программалау құру жолдарын үйрендім. Алғашқы қадамдарда теориялық және практикалық материалдарға сүйене отырып жұмыс жасадым да, содан соң күрделі мәселелерге ауыстым.

1979 жылы қабылданған стандартты Паскаль тілінің кейінгі нұсқалары жетілдірілген. Қазіргі дербес компьютерлердің пайда болуына байланысты тілдің Турбо Паскаль деп аталатын нұсқасы жасалды. Қазіргі уақытта бұл жүйенің бірнеше нұсқалары бар, соңғы жасалған ең қуаттысы 7. 0 нұсқасы болып табылады, бірақ, программалау бастамасын жүйенің 5. 5 нұсқасынан бастап үйренген дұрыс.

Сондықтан да қазіргі кезде Паскаль тілі кез келген саладағы күрделі есептерді шешу үшін пайдалануға болатын, кеңінен таралған стандартты программалау тіліне айналды.

Паскаль программалау тілінің алғашқы нұсқасын 1968-1970 жылдары Стэнфорд университетінің информатика кафедрасының профессоры, швейцариялық ғалым Никлаус Вирт жасады. Оны Borland корпорациясының қызметкерлері жетілдірді (олардың құрған тілдері Turbo Pascal, Borland Pascal және Object Pascal деп аталды) . Delphi жүйесінде Object Pascal программалау тілі пайдаланылады. Turbo Pascal стандартты паскальдың барлық құралдарын қамтитын және жаңа құралдармен толықтырылған, кеңейтілген нұсқасы (біз оны кейде Паскаль деп те атаймыз) .

Ал 1975 жылы стандартты Паскальдың компиляторымен Турбо Паскаль программалау тілі пайда болды. Содан бері Паскаль жалпы білімдік, кәсіптік-техникалық мектептерде және жоғарғы оқу орындарында «бірінші» программалау тілі ретінде қолданыла бастады. Турбо Паскаль тілін пайдаланудың қарапайымдылығынан пайдаланушылар арасында кең орын ала дастады.

Программалау тілдерін оқыту қазіргі кездегі маңызды негіздердің біріне айналып отыр. ЭЕМ-ді адамқызметінің әртүрлі салаларында пайдалану үшін программалау тілдерін меңгеру және сол тілдерде жазылған программаларды (ЭЕМ-ді программалық қамтамасыз етудің құрамындағы) қолдана білуі қажет. Қазіргі кезде программалау тілдерінің түрлері өте көп. Солардың ішіндегі бірінші деңгейдегі программалау тілі ретінде негізінен оқытылатыны - осы Паскаль тілі. Өйткені, компьютерлік сауаттіліқ пен программалауды алғашқы кезеңде үйретуге ең қолайлы тіл. Паскаль тілі алгоритмдік тілдердің ішіндегі кеңінен таралған тілдердің бірі болып табылады.

Ақпаратты өңдеу жазылған есепті шығару алгоритмі бойынша жүзеге асады. Алгоритмді жазудың бірнеше тәсілі бар екені белгілі. Алгоритмді жазу тәсілдерінің ішінде компьютерде орындалатын программа түріндегі - оның программалау тілінде жазылуы ерекше орын алады. Программала тілі - компьютерге арналған есеп шығару алгоритмін жазу үшін пайдаланылатын жасанды тіл. Программалау тілінде жазылған алгоритм программа, ал алгоритмді жазу процесі программалау деп аталады.

Қазір жетілдіріле келе мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді:

  • Құрылымдық бағдарламалау. Өзінше бөлек блок арқылы тұйық жұмыс істей алатын функциялар мен процедуралар жазып, оны қажет кезінде шақырып пайдалану нәтижесінде бағдарламаның түсініктілігі, қатесін түзету мүмкіндігі молаяды.
  • Жоғарыдан төмен біртіндеп құру. Бағдарламашы алдын ала өзіне қажетті міндетті шешу үшін оны бірнеше бөліктерге бөліп, соңында оны іске асыра алады.
  • Обьектілі бағдарланған бағдарламалар жасай алу. Бұл мүмкіндік Паскаль тілінің аясын кеңітті, жақсы жақтарын алып басқа бағдарламалау тілдерінде пайдалануға мүмкіндік берді, яғни олармен байланысты арттырды. Кейінгі Delphi бағдарламасы осының бір жемісі деп қарастыруымызға әбден болады.

Турбо Паскальда амалдардың жазылуы төмендегідей:

Амалдар
Амал аты
Математикалық жазылуы
ТР-да жазылуы
Амалдар: +
Амал аты: Қосу
Математикалық жазылуы: 45+95
ТР-да жазылуы: 45+95
Амалдар: -
Амал аты: Азайту
Математикалық жазылуы: А-В
ТР-да жазылуы: А-В
Амалдар: *
Амал аты: Көбейту
Математикалық жазылуы: 12 Х 34
ТР-да жазылуы: 12 * 34
Амалдар: /
Амал аты: Бөлу
Математикалық жазылуы: 65 : 8
ТР-да жазылуы: 64 / 8
Амалдар: Div
Амал аты: Бүтіндей бөлу
Математикалық жазылуы:
ТР-да жазылуы: 17 div 3
Амалдар: Mod
Амал аты: Қалдықты бөлу
Математикалық жазылуы:
ТР-да жазылуы: 13 mod 4

Турбо Паскальда квадраттаудан басқа дәрежелеу амалы жоқ. Оны орындату үшін математикалық жолдарды пайдалану керек.

Турбо Паскальда жұмыс жасау интеграцияланған сайманды қабықшаны (терезе) пайдаланудан басталады. Ол терезе менюлер жолы, жұмыс алаңы және көмекші ақпараттар жолынан тұрады. Менюлер жолын активтендіруді тышқанмен немесе Ғ10 пернесін басу арқылы іске асырамыз. Менюлер жолында Windows стандарты терезесіндегіге ұқсас мынадай менюлер аттары орналасқан: File, Edit, Search, Run, Compile, Debug, Options, Window, Help.

Жұмыс алаңы - ортаңғы үлкен төртбұрыш. Алғаш жұмыс алаңын (бет) ашқанда оның үстіңгі жағында NONAME00 (аты жоқ) деген файл аты автоматты түрде жазылып шығады. Еске сақтарда бағдарламамызға ат берсек, сол берген атымыз сақталған кезде жазыдып шығады. Сақталған онымыздан жадқа қайта тиесек сол файл атымен тиеледі. Бір мезгілде 10 бетпен жұмыс істей аламыз, сондықтан жоғарғы оң жақ шетінде бет нөмірі көрініп тұрады. Ашылған беттерді активтендіру үшін Alt+[бет нөмірі] пернесін басуымыз қажет. Беттің төменгі оң жақ бұрышында 1:1 жазуы тұрады. Бағдарлама жазған кезде ол өзгереді, мысалы 8:21 болса, ол 8 жолда, 21 бағанға (сол жолдағы 21 таңбаны) жазғанымызды білдіреді. Бағдарлама жазылып біткен соң оны орындату үшін Alt+F9 пернесін бассақ трансляциялау процесі жүріп, синтаксистік қателер тексеріледі. Қате табылса оның коды және қандай қате кеткені жөнінідегі түсініктеме басқа түспен жазылып шығады. Осы қате шыққан жолды меңзер көрсетеді, кейде қате меңзер үстіндегі жолда болады. Қатені бірден тауып түзейміз де қайта орындатамыз. Орындалу нәтижесі интеграцияланған сайманды қабықша астында көрінбей қалып қояды. Оны көру үшін Alt+F5 пернесін басуымыз керек. Қайта интеграцияланған сайманды қабықша оралу үшін кез келген пернеге қол тигізу жеткілікті.

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Циклдық құрылымды алгоритмді программалау және While операторы

Алгоритмнің кейбір бөліктері бірнеше рет қайталанады. Мұндай құрылымды алгоритмдерді қайталаушы алгоритмдер немесе циклдық құрылымды алгоритм деп атаймыз. Турбо Паскальда циклдық құрылымды алгоритмді программалауды үш түрлі жолмен ұйымдастыруға болады:

  1. Алдын ала шартты тексеру;
  2. Келесі шарт бойынша тексеру;
  3. Параметрдің мәніне тәуелді.

Үш түрлі жолмен ұйымдастырылған циклға арнайы операторлар қолданылады. Олардың әрқайсысына тоқталайық.

Алдын ала берілген шартты тексеру арқылы циклды ұйымдастыруға While операторы қолданылады. While операторын циклдың қайталану саны белгісіз болғанда пайдаланған ыңғайлы. Қайталанушы процесс қойылған шартты тексеру арқылы жүзеге асады. Яғни, шарт ақиқат болса цикл қайталанады да, шарт жалған болса циклдан шығу орындалады. While оператор екі бөліктен тұрады:

  1. цикл тақырыбынан;
  2. цикл денесінен.

Жалпы жазылуы:

While <шарт> do

<циклдың денесі>;

Мұндағы, қызметші сөздердің қазақша мағынасы: While операторы - “әзір”, do - “орында” дегенді білдіреді. Ал, шарт - логикалық өрнек түрінде жазылады. Берілген шартқа тәуелді бірнеше рет қайталанып орындалатын операторды - циклдың денесі деп атаймыз.

While операторы алгоритмдік тілдегі “әзір” әзір цикл командасына сай клкді. “Әзір” цикл командасының жазылуының көрінісі және блок-схемасы төмендегідей:

әзір <шарт>

цб

<цикл денесі>

цс

бітті

Жоғарыдағы блок-схема While операторымен ұйымдастырылған циклды толық сипаттайды. While операторнда, әрбір қайталанушының алдында берілген шарт тексеріледі. Шарт ақиқат болса цикл денесі орындалады. Егер де, шарт орындалмаса, цикл денесі де бірде-бір рет орындалмайды.

Егер де, цикл денесі екі немесе екіден де көп операторлардан тұрса, оларды операторлар жақшасының ішіне жазамыз.

While <шарт> do

Begin

<циклдің денесі>

End;

1. 2 Келесі шарт бойынша циклді ұйымдастыру және FOR операторы

Циклдің процесстерді ұйымдастыруда Repeat операторы циклдың қайталану саны белгілі болғанда қолданылады. Repeat операторының жалпы жазылуы:

Repeat

<циклдың денесі>;

Until <шарт>;

Мұндағы, қызметші сөздер repeat - қайтала, until - соған дейін деген мағынада қолданылады. Циклдың денесі - қайталанып орындалатын бір немесе бірнеше операторлардан тұрады. Цикл денесі құрайтын операторлар санына шектеу қойылмайды. Шартты тексеру логикалық өрнек арқылы жүргізіледі.

Repeat операторы алгоритмдік тілдегі «дейін» цикл командасына ұқсас. «Әзір» цикл командасынан «дейін» циклінің айырмашылығы: қойылған шартқа тәуелсіз бірінші цикл денесі болмаса цикл денесі кемінде бір рет орындалады. Repeat операторының қызметін суреттегі блок-схема арқылы сипаттауға болады.

Циклдық құрылымды алгоритмді программалауда, қайталанушы процесс бір айнымалының мәніне тәуелді болса, FOR операторы н қолданамыз. Айнымалы тек бір қадамға ғана өзгере отырып, циклды басқарады. Бұл, айнымалы циклының параметрі делінсе, FOR операторы параметрлері қайталану операторы деп аталады.

FOR операторы алгоритмдік тілдегі параметрлі қайталану командасына сәйкес келеді.

i үшін m1 бастап m2 дейін h қадам

Цб

Серия

Цс

For операторы екі түрлі жазылады:

  1. нұсқасы:

For X:=M1 to M2 do S1;

Мұндағы, қызметші сөздер: For (үшін), To (дейін) - циклдың қадамы +1-ге өсіп отырғандығын көрсетеді, do (орында) ;

X - скалярлық типтегі айнымалы циклдың параметрлері;

M1 - цикл параметрлерінің бастапқы мәні;

M2 - цикл параметрлерінің соңғы мәні;

S1 - цикл параметріне тәуелді қайталанып орындалатын оператор. Сондықтан, S1 - цикл денесі деп аталады.

  1. нұсқасы:

For X:=M1 downto M2 do S1;

1-нұсқадан өзгешелігі to сөзінің орнына downto (төменге дейін) қызметші сөзі жазылады. Downto циклдың өзгеру қадамы -1 тең екендігін көрсетеді. Мұнда Х-тің мәні М1-ден М2-ге дейін -1 қадаммен кему үшін М1>М2 шарты орындалуы керек. Егер бұл шарт орындалмаса цикл денесі бірде бір рет орындалмайды.

Егер, цикл денесі бірнеше операторлардан тұрса, begin және end операторлар жақшасын пайдаланамыз:

  • For X:=M1 to M2 do S1;

Begin

S1; S2; …SN

END;

  • For X:=M1 downto M2 do S1;

Begin

S1; S2; …SN

END;

Begin

S1; S2; …SN

END;

Параметрдің мәніне тәуелді циклды блок схемада төмендегідей сипаттаймыз.

1. 3 Күрделі циклдер

Күрделі қайталаушы процестерді ұйымдастыруда бір цикл оперторы құрамында екінші бір цикл операторы болуы мүмікн. Бұл жағдайда бірінші цикл операторы - сыртқы цикл, ал, оның құрамындағы екінші оператор - ішкі цикл деп аталады. Сыртқы және ішкі циклды ұйымдастыруда мына шарт орындалады: ішкі циклдың барлық операторы сыртқы цикл денесіне енеді.

Мысалы, суретте екі параметрлі цикл операторлары арқылы жазылған күрделі циклыдың жұмысы сипатталынған:

ІІ ЕСЕПТІҢ ҚОЙЫЛЫМЫ

2. 11-есепті талдау

2. 1. 1 Есептің берілгені

Көбейту кестесін тексеретін програиианы жазу. Программа 10мысалды шығаруы керек: 10 дұрыс жауабы үшін - «өте жақсы», 9 және 8 - «жақсы», 7 және 6 - «қанағаттанарлық», 6 және одан төменгілері үшін - «нашар». Төменде программаның жұмыс істеуі кезіндегі экранның көрінісі көрсетілген. Пайдаланушының жауабы жартылай толық шрифтімен берілген.

*** Көбейту кестесін тексеру ***

Мысалдан кейін жауапты енгізіп және <Enter> басу керек

5 х 3= 15

7 х 7= 49

1 х 4 = 4

4 х 3 = 12

9 х 4 = 36

8 х 8 = 64

7 х 8 = 52

Сіз қателестіңіз! 7 х 8 = 56

4 x 7 = 28

3 x 5 = 15

2 x 5 = 10

Дұрыс жауаптар саны: 9

Бағасы: Жақсы.

2. 1. 2 Есептің алгоритмі

File Edit Search Run Compile Debug Tools Options Window Help

╔═[■] NONAME00. PAS 1═[↕] ═╗

║Program Asel; ▲

║Uses ■

║Crt; ▒

║Var ▒

║numb1, numb2:integer; ▒

║res:integer; ▒

║otv:integer; ▒

║kol:integer; ▒

║i:integer; ▒

║Begin ▒

║ClrScr; ▒

║Writeln('***Kobeitu kestesin tekseru ***') ; ▒

║Writeln('Misaldan son jauap jazip <Enter> bas. ') ; ▒

║Writeln; ▒

║kol:=0; ▒

║Randomize; ▒

║for i:=1 to 10 do ▒

║Begin ▒

║numb1:=Random(9) +1; ▒

║numb2:=Random(9) +1; ▒

║res:=numb1*numb2; ▼

╚═☼ 1:14 ◄■►─┘

F1 Help F2 Save F3 Open Alt+F9 Compile F9 Make Alt+F10 Local menu

File Edit Search Run Compile Debug Tools Options Window Help

╔═[■] NONAME00. PAS 1═[↕] ═╗

║Write('', numb1, 'x', numb2, '=') ; ▲

║Readln(otv) ; ▒

║if otv=res ▒

║then ▒

║kol:=kol+1 ▒

║else begin ▒

║Writeln('Siz katelestiniz!', numb1, '*', numb2, '=', res) ; ▒

║end; ▒

║end; ▒

║Writeln('Duris jauap:', kol) ; ■

║Write('Sizdin baga:') ; ▒

║case kol of ▒

║10:writeln('5') ; ▒

║9, 8:writeln('4') ; ▒

║7, 6:writeln('3') ; ▒

║0. . 5:writeln('2') ; ▒

║end; ▒

║Writeln('Programmani aiktau ushin <Enter> basy kerek') ; ▒

║Readln; ▒

║End. ▒

║ ▼

╚═☼ 41:5 ◄■►─┘

F1 Help F2 Save F3 Open Alt+F9 Compile F9 Make Alt+F10 Local menu

2. 1. 3 Программалау бөлімі

2. 1. 4 Есептің жауабы

2. 2 2-есепті талдау

2. 2. 1 Есептің берілгені

100 маңындағы сандарды алып-қосу шарттарын жақсы меңгергендігін тексеретін программаны құру. Программа 10 мысалды шығаруы тиісті. Программаны құру барысында теріс мәнді беретін теңсіздіктерді ұсынбауы тиісті. Бағалар келесідей ережелерге сай қойылады: 10 дұрыс жауабы үшін - «өте жақсы», 9 және 8 - «жақсы», 7 және 6 - «қанағаттанарлық», 6 және одан төменгілері үшін - «нашар». Төменде программаның жұмыс істеуі кезіндегі экранның көрінісі көрсетілген. Пайдаланушының жауабы жартылай толық шрифтімен берілген.

Сандарды алып-қосуды тексеру

Мысалдан кейін жауапты енгізіп және <Enter> басу керек

75 - 4 = 71

35 - 9 = 29

Сіз өателестіңіз! 35 - 9 = 26

14 - 1 = 13

6 - 5 = 1

37 - 19 = 28

Сіз қателестіңіз! 37 - 19 = 18

53 - 14 = 39

94 - 87 = 7

90 - 16 = 74

4 - 2 = 2

89 - 41 = 48

Дұрыс жауаптар саны: 8

Бағасы: Жақсы.

2. 2. 2 Есептің алгоритмі

File Edit Search Run Compile Debug Tools Options Window Help

╔═[■] NONAME00. PAS 1═[↕] ═╗

║Program Asel; ▲

║Uses ■

║Crt; ▒

║Var ▒

║numb1, numb2:integer; ▒

║op:integer; ▒

║sop:char; ▒

║res:integer; ▒

║otv:integer; ▒

║kol:integer; ▒

║buf:integer; ▒

║i:integer; ▒

║Begin ▒

║ClrScr; ▒

║Writeln('Sandardi alip-kosu') ; ▒

║Writeln('Misaldan keiin jauap engizip <Enter> basu kerek. ') ; ▒

║kol:=0; ▒

║Randomize; ▒

║for i:=1 to 10 do ▒

║Begin ▒

║numb1:=Random(9) +1; ▼

╚═☼ 1:14 ◄■►─┘

F1 Help F2 Save F3 Open Alt+F9 Compile F9 Make Alt+F10 Local menu

File Edit Search Run Compile Debug Tools Options Window Help

╔═[■] NONAME00. PAS 1═[↕] ═╗

║numb2:=Random(9) +1; ▲

║op:=Random(2) ; ▒

║if op=0 then ▒

║Begin ▒

║res:=numb1+numb2; ▒

║sop:='+'; ▒

║End ▒

║else ▒

║Begin ■

║sop:='-'; ▒

║if numb1<numb2 then ▒

║Begin ▒

║Buf:=numb2; ▒

║numb2:=numb1; ▒

║numb1:=buf; ▒

║End; ▒

║Write('', numb1, sop, numb2, '=') ; ▒

║Readln(otv) ; ▒

║if otv=res ▒

║then ▒

║kol:=kol+1 ▼

╚═☼ 42:11 ◄■►─┘

F1 Help F2 Save F3 Open Alt+F9 Compile F9 Make Alt+F10 Local menu

File Edit Search Run Compile Debug Tools Options Window Help

╔═[■] NONAME00. PAS 1═[↕] ═╗

║Write('', numb1, sop, numb2, '=') ; ▲

║Readln(otv) ; ▒

║if otv=res ▒

║then ▒

║kol:=kol+1 ▒

║else ▒

║Begin ▒

║Writeln('Siz katelestiniz!', numb1, sop, numb2, '=', res) ; ▒

║End; ▒

║End; ▒

║Writeln('Duris jauap:', kol) ; ▒

║Write('Sizdin baga:') ; ▒

║Case kol of ■

║10:writeln('5') ; ▒

║9, 8:writeln('4') ; ▒

║7, 6:writeln('3') ; ▒

║0. . 5:writeln('2') ; ▒

║End; ▒

║Writeln('Programmani aiktau ushin <Enter> basu kerek') ; ▒

║Readln; ▒

║End; ▼

╚═☼ 58:5 ◄■►─┘

F1 Help F2 Save F3 Open Alt+F9 Compile F9 Make Alt+F10 Local menu

2. 2. 3 Программалау бөлімі

2. 2. 4 Есептің жауабы

Турбо Паскальдағы қызметші сөздер төмендегідей (түсіндірме сөздік) :

ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: 1
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: 2
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Absolute
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Абсолютті айнымалы белгісі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: And
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Логикалық амал - “ЖӘНЕ”
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Array
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Массивті сипаттаудың басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Asm
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Ассемблердегі блоктың басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Assembler
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Ассемблерде жазылған көмекші программа
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Begin
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Программа денесінің, көмекші программаның, құрама оператордың басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Case
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Таңдау операторының басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Const
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Тұрақтылар атауныңы аты (идентификатор)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Constructor
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Обьекті құрылысы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Div
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Бөліндінің бүтін бөлігін анықтау
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Do
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Орындау, FOR, WHILE операторларындағы циклдың басталуы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Downto
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Цикл параметрлерінің максималды мәнінен минималды мәніне дейінгі өзгеріс (кему қадамы)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Else
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Шартты көшу IF және CASE операторларындағы “ӘЙТПЕСЕ” бөлімі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: End
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Программаның, қосалқы програманың, модульдің, құрама оператордың соңын баяндау
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: External
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Ішкі қосалқы программаның деректері
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: File
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Файлдық тип
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: For
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Параметрлі қайталану операторының басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Forward
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Ішкі қосалқы программаның деректері
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Function
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Қосалқы программа - функцияның басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Goto
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Шартсыз көшу
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: If
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Шартты көшу операторының басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Implementation
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Модульдің орындаушы бөлігі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: In
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жиында элементтің бар екендігін тексеру
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Inherited
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жалғастыру әдісі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Inline
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Ассемблерде жазылған программа бөлімін қосу
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Interface
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Модуль интерфейсі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Interrupt
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Процедура директивасы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Label
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Белгі бөлігінің атауы (идентификатор)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Mod
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Бөліндінің бүтін қалдығын анықтау
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Near
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жақын адресті форматтау
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Nil
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Бос ссылка
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Not
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Логикалық амал - “ЕМЕС” (теріске шығару)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Object
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Обьект
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Of
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Массив типін сипаттаудың бөлігі, файлдың, CASE операторындағы тұрақтыларды анықтаудың басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Or
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Логикалық амал “НЕМЕСЕ”
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Packed
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жинақталған массив белгісі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Private
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Обьекті секциясының басталуы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Procedure
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Қосалқы программа - процедураның басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Program
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Программаның басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Public
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Сыртқы обьекті секциясының басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Record
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жазба типінің басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Repeat
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Келесі шарт бойынша қайталауды ұйымдастыру операторы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Set
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жиын типі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Shl
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Бос разрядты биттерді солға жылжыту арқылы 0-мен толтыру
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Shr
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Бос разрядты биттерді оңға жылжыту арқылы 0-мен толтыру
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: String
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жол
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Then
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: IF операторының “ОНДА” бөлігі
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: To
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Цикл параметрінің минималды мәнінен максималды мәнене дейінгі өзгеріс (өсу қадамы)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Type
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Тип бөліміні атауы (идентификатор)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Unit
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Модульдің басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Until
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: REPEAT операторының соңы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Uses
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Орындалатын модульді нүсқаушы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Var
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Айнымалылар бөлімінің атауы (идентификатор)
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Virtual
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Виртуалдық әдіс
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: While
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Алдын ала берілген шарт бойыннша қайталауды ұйымдастыру операторы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: With
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Жазба операторының басы
ҚЫЗМЕТШІ СӨЗДЕР: Xor
АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ: Логикалық амал - “НЕМЕСЕГЕ КЕРІ”

III ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы
Turbo Pascal жүйесінде процедураларды ұйымдастыру технологиясы
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы туралы
Бағдарламалау(программалау) технологиясы
Turbo Pascal тілінде циклдармен жұмыс
Turbo Pascal жүйесінде массивтерді ұйымдастыру технологиясы
Орта мектепте Паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары
Турбо Паскаль тілінде программалау
Паскаль программалау тілі
Dеlрhi ортасында ақпараттық жүйе құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz