Ресейдегі лаңкестікпен күрес мәселелері және шешілу жолдары


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 98 бет
Таңдаулыға:   

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты кафедрасы

М. О. Есбаева

РЕСЕЙДЕГІ ЛАҢКЕСТІКПЕН КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ШЕШІЛУ ЖОЛДАРЫ.

(Бітіру жұмысы)

Ғылыми жeтeкші т. ғ. к., аға оқытушы Б. М. Балаубаева

Нopмa бaқылaушы т. ғ. к., дoцeнт. A. P. Aлипбaeв

“қopғaуғa жібepілді”

Халықаралық қатынастар және

ҚР сыртқы саясаты

кaфeдpa мeңгepушісі, т. ғ. к., дoцeнт E. C. Чукубaeв

Aлмaты, 2011

МАЗМҰНЫ

Кіріспе. 4

І ТАРАУ. РЕСЕЙДЕ ЛАҢКЕСТІКТІҢ ОРЫН АЛУЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ

  1. Ресейдегі лаңкестіктің орын алуына тарихи ретроспектива . . . 9
  2. Қазіргі Ресейдегі лаңкестік және оған әсер етуші факторлар: сараптамалық талдау……… . . . 19
  3. Ресейдегі лаңкестік мәселесінің құқықтық негіздері… . . . ……. . 32

ІІ ТАРАУ. ҚАЗІРГІ РЕСЕЙДІҢ ЛАҢКЕСТІКПЕН КҮРЕС ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ШЕШІЛУ ЖОЛЫНДАҒЫ БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ

2. 1. Ресей Федерациясының тәжірибесінде қалыптасқан лаңкестікпен күрес жүйесі. . . . 42

2. 2. Елдегі Лаңкестікпен күрес іс-шараларының кемшіліктері: Беслан трагедиясынан Домодедово әуежайындағы оқиғаға дейін. 51

2. 3. Ресей Федерациясындағы лаңкестік мәселесінің шешілу жолдары: отандық, аймақтық, халықаралық шаралар аясында . . . 59

Қорытынды. . ……. …76

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 80

Қосымшалар

ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗБЕСІ

РФ- Ресей Федерациясы;

КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы;

АҚШ - Америка Құрама Штаттары;

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы;

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы;

ШЫҰ - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы;

ААТҚ - Аймақтық антитеррористік құрылым;

АӨЫСШК - Азиядағы Өзара Ынтымақтастық және Сенім шаралары туралы Кеңес;

ЮНЕСКО - Біріккен Ұлттардың білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ұйымы;

ШИР - Шешендік Ичкерия Руспубликасы;

БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары;

ФЗ - Федералды заң;

ФҚҚ - Федералды Қауіпсіздік Қызметі;

ІІМ - Ішкі істер министрлігі;

ҰАК - Ұлттық антитеррористік комитет;

СКФО - Солтүстік Кавказдық федералды округ;

ЗҚҚ - заңсыз қарулы құрылымдар;

ОФО - Орталық федералды округ;

ҚМ - Қорғаныс Министрлігі;

ТЖМ - Төтенше жағдайлар министрлігі.

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бітіру жұмысы Ресей Федерациясындағы лаңкестік мәселесін зертеу арқылы онымен күрестің нақты бағыттарын айқындайды. Ресейде алғаш орын алған лаңкестік әрекеттер мен қазіргі кездегі лаңкестік қауіпінің сипаты қалайша өзгергендігіне мән берілген. Ресейлік лаңкестіктің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, онымен мемлекеттік күрес жүйесі және жүргізіліп жатқан іс-шаралар қамтылған. Ресейдің жеке және аймақтық, халықаралық деңгейдегі әрекеттері аясында оның мүмкін болатын шешілу жолдары сарапқа салынды.

Тақырып өзектілігі қазіргі кездегі халықаралық деңгейге көтерілген лаңкестік мәселесі Ресей Федерациясына ғана емес, бүкіл әлем мемлекеттерінің қауіпсіздігіне едәуір нұқсан келтіруші фактор ретінде лаңкестіктің нақты орныққандығымен дәлелденеді. Қазіргі жаһандық ақпараттық технологиялар мен транспорттық жүйе, халықаралық қаржы−экономикалық байланыстардың интенсивті дамуы жаңа мыңжылдық басында әлемнің жаңа кейпін жасады: бір жағынан алып қаржылық байлықтың дамыған мемлекеттерде шоғырлануы болса, келесі жағынан әлемнің көптеген кедей елдерінде саяси−әлеуметтік мәселелердің өткірленуі. Жаңа әлемде халықаралық қару, есірткі, адам саудасы және халықаралық лаңкестік сияқты қылмыстар дамыды.

Соңғы қылмыс түріне, яғни лаңкестікке 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған Нью−Йорктегі оқиғадан, Мәскеудегі тұрғын үйлердегі жарылыстарынан, жапондық лаңкестік секта Аум Синрике Токио қаласының метросында жоғары улағыш зарин газын қолдануының нәтижесінде 5500 адам зардап шегуінен кейін ерекше назар аударылды [1] .

Халықаралық қатынастар жүйесінде бүгінгі ірі лаңкестік мәселесі, XX ғасырдың аяғында жаңа даму сатысына шықты. Лаң салушылардың іс-әрекет жасайтын аумағы да, пайдаланылатын құралы да кеңейе түсуде. Ал мәні сол күйінде қалады, яғни адамдар мерт болады. Қоғамға үлкен залал келтіріледі. Лаңкестік мәселесі соңғы кездері өте елеулі құбылыстардың біріне айналып отыр. Өйткені ол ұлт, ел, шекара таңдамайды. Сол себепті де адамзат үшін өте қауіпті құбылыстың алдын алу, оны болдырмау, тамырына балта шабу- лаңкестікті жан-жақты сараптап, шығу себебін айқындауды қажет етеді. Сонда ғана лаңкестікке қарсы қабылданатын іс-шаралардың тиімділігі артатыны айқын [2] .

Қазіргі лаңкестік идеологиялық, қылмыстық, әскери, экономикалық, саяси, діни және ұлттық секілді бір-бірін толықтыратын үрдістер кешенінен құралатын күрделі жүйе. Жалпылама түрде, бүгін лаңкестік пісіп−жетілген саяси, этникалық, әлеуметтік мәселелердің уақытылы шешілмегендігіне жауап реакция ретінде бағаланады [3] .

Ресей Федерациясында бұндай мәселелер түйіні Солтүстік Кавказ аймағында шиеленісті. Елдегі лаңкестік орталығына айналған Солтүстік Кавказ қазіргі кезге дейін ең тұрақсыз, қауіпсіз, мемлекетке үлкен шығындар алып келетін аймақ. Бүкіл ел бойынша әлеуметтік жағдайы төмен, инфрақұрылымдары шайқалған аймағы болып табылатын Солтүстік Кавказда заңсыз қару айналымы дамып, қылмыстық құрылымдар мен лаң салушылар нақты орнықты. Осы тұрғыдан алғанда, лаңкестікпен күресу қазіргі кездегі үкімет тарапынан жүргізілуі керек ең маңызды шара болып табылатындығы айқын.

Осы жәйт, лаңкестік қазіргі заманның бірқатар қарама−қайшылықтарын шешудің бір жолына айналды деп тұжырымдауға негіз салады. Қазіргі кездегі жағдай осындай екенін мойындау керек, сондықтан, лаңкестікпен күресудің тиімді жолы- күресіп жатқан тараптардың уақытылы ымыраластыққа келуі, туындаған мәселелерді барлық мүдделі жақтардың диалогы арқылы шешудің қажеттілігі көрініп тұр.

Ресей Федерациясының Ұлттық қауіпсіздік тұжырымында мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне ішкі және сыртқы қауіптердің кең спектрін құрайтын факторлар тізіміне масштабтарының өсуіне байланысты лаңкестіктің енгізілгені кездейсоқ емес. Экстремистік ұйымдар мен топтардың іс-әрекеттері қазіргі кезде Ресейдегі әлеуметтік-саяси жағдайды тұрақсыздандыратын елеулі факторы болып қала беруде және мемлекеттің конституциялық қауіпсіздігі мен территориялық біртұтастығына нұқсан келтіру қауіпі бар ірі мәселе болып табылады.

Лаңкестік зардаптарының елде артуына байланысты, онымен күресу мәселесі қазіргі кездегі Ресейдің қауіпсіздігіндегі үлкен басымдылық. Осы тұрғыда, атаулы мәселемен тиімді күресу үшін оның мағынасын дұрыс түсінген де маңызды. Әлем қауымдасытығы да, Ресей Федерациясы да лаңкестік анықтамасына келгенде едәуір сәйкессіздіктерге келеді. «Лаңкестік» ұғымына деген түрлі көзқарастар аймақтар ерекшелігімен, ұлттық және тарихи дәстүрлермен, демократия деңгейімен, мемлекеттегі саяси жағдайдың тұрақтылық деңгейімен, заңи мектептердің ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

Лаңкестік пен экстремизм көріністерінің формаларының, акцияны орындауының мотивтері мен мақсаттарының көп түрлілігінен лаңкестіктің жүзден астам анықтамасы мен ондаған классификациясы бар. «Лаңкестік» сөзінің этимологиясы (лат. terror) «қорқыныш» дегенді білдіреді және зорлық-зомбылық шараларымен қорқыту, қысым жасау мағынасына ие. Осы жерден лаңкестік өз мақсаттарына жету үшін қатал әдістерді қолдану арқылы мемлекет құрылымына іріткі салуға, қоғамды қорқыту мен қоғамды моральдық азғындауға бағытталған және мотивацияланған зорлықты пайдалану әдісі болып табылады [4] .

Ал Ресей Федерациясының лаңкестік бойынша негізгі нормативтік құжаты болып табылатын 2006 жылғы «Лаңкестікке қарсы тұру туралы» Федералды заңына сәйкес, «Лаңкестік- халықты қорқытумен және басқа да заңға қайшы жәбірлеумен байланысты зорлық-зомбылық идеологиясы және мемлекеттік билік органдарына, жергілікті басқару органдарына немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету тәжірибесі. Ал лаңкестік акт- мемлекеттік билік органдарына, жергілікті басқару органдарына немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету мақсатында жарылыс, өртеу және басқа да халықты қорқытумен байланысты, адам өліміне алып келетін, айтарлықтай үлкен мүліктік залал келтіретін немесе экологиялық апатқа және т. б. аса ауыр зардаптарға алып келетін мәселе» [5] .

Сонымен қатар, бітіру тақырыбының өзектілігі тек қана Ресейге ғана емес, бүкіл Әлемдік қауымдастыққа да үлкен қауіп төндіріп отырған лаңкестік мәселесінің жаһандық сипатынан айқындалады. Лаңкестік сипатын, оның орын алуына әсер ететін факторларын, түрлері мен ерекшеліктерін зертеудің мәні зор болса, онда сол зерттеулерге сүйеніп, онымен күресудің маңызы тіптен жоғары. Осы мәселенің шешімін табу, азаматтың, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне барабар үлесін тигізері анық.

Жоғарыда айтып кеткендей, Ресей Федерациясындағы лаңкестіктің негізгі орталығы болып отырған Солтүстік Кавказдағы тұрақсыз жағдай мен аймақтағы лаңкестік құрылымдар бүкіл Ресейге зиянын тигізеді. Халық арасында этникалық, ұлттық жіктердің пайда болуына әкеліп соқтырады. Ал ұлттық, діни, этникалық қатынастардың Ресей Федерациясы сияқты көпұлттық мемлекетте шиеленісуі оның географиялық тұтастығына, әлеуметтік, экономикалық−саяси тұрақтылығына нұқсан келтіретіні рас. Осы тұрғыда лаңкестікпен күрес мәселесінің өзектілігі көрінеді.

Ресей Федерациясында лаңкестік мәселесінің маңыздылығын, осы сұраққа көптеген авторлар еңбектерінің арналғандығынан, лаңкестік шеңберіндегі түрлі конференциялар, отырыстар, дискуссиялар, дөңгелек үстелдер көп өткізілетіндігінен де байқауға болады.

Лаңкестіктің соңғы жылдары ел территориясында жиіленіп, әкелген адам, қаржы шығындары онымен нақты күресу қажеттілігін тағы да дәлелі бола алады. Бесландағы оқиға, Норд−Ост, жақында орын алған Домодедово әуежайындағы лаңкестік акт жүздеген адам өліміне алып келді. Бұл әрине, ел территориясында лаңкестіктің аса ірі қауіп екендігін растайды. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ел территориясында лаңкестерді жоюдың өзекті мәселе екені ақиқат. Осы күресті мемлекет қандай жолдармен ұйымдастырып, мәселенің алдағы уақытта Ресей Федерациясындағы орны қандай болатынының мәні зор екені даусыз.

Бітіру жұмысының деректік негізі. Зерттеудің дерекнама негізін мынадай топтар құрайды:

Бірінші топты Ресей Федерациясының лаңкестік мәселесіне қатысты қалыптасқан құқықтық-нормативтік қоры құрайды. Лаңкестікпен жүйелі күрес жүргізуде бұл мемлекеттік құжаттардың мәні ерекше. Оларға: РФ Конституциясы [6], РФ Федералды заңдары [5, 7-15], РФ Президентінің Жарлықтары [16-18], РФ Үкіметінің Үкімдері [19-28], 2020 жылға дейінгі Ресей Федерациясының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы [29], 2009 жылғы 5 қазанда қабылданған Ресей Федерациясында Лаңкестікке қарсы тұру концепциясы [30], Ресей Федерациясының Әскери доктринасы [31] жатады.

Екінші топта Ресей Федерациясының лаңкестікпен күрес саласындағы қол қойған халықаралық құжаттары қамтылған. Ресейдің аймақтық және халықаралық ынтымықтастығының негізгі қайнар көздері болып табылады. . Соның ішінде, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі келісім және Біріккен Ұлттар Ұйымы мен НАТО шеңберіндегі құжаттар лаңкестікке қарсы тұру негізін құрап отыр [32-52] .

Үшінші топқа Ресей Федерациясының Президенті Д. А. Медведевтің және лаңкестікпен күрес саласындағы алдыңғы қатарлы лауазымды тұлғалардың сөйлеген сөздері мен сұхбаттары жатады [53-57] .

Дерекнаманың бұл тобы лаңкестік қауіпіне ресми баға беріп, онымен күресте осы тұлғалардың алға тартып отырған басымдылықтарын, жүргізіп отырған саясаттарын саралауға жол ашты.

Төртінші топта ғаламтор беттерінде жарияланған ақпараттық агенттіктердің хабарламалары, Федералды Қауіпсіздік қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық антитеррористік орталық, ТМД, ШЫҰ сияқты ұйымдардың да ресми сайттарындағы нақты статистикалық мәліметтер қолданылды [58-85] . Бұл топтағы ақпарат аталмыш мәселенің қазіргі кезде Ресей территориясында орын алуына талдау жасап, жүргізіліп отырған күрес шараларын саралауға мүмкіндік берді.

Деректік негіздің барлық 5 тобы бітіру жұмысын жазу барысында кеңінен қолданылды. Оларды сұрыптап, саралап зерттеу бітіру жұмысындағы мәселелерді шешуге және алға қойған мақсаттар мен міндеттерді қажетті деңгейде ашуға мүмкіндік берді.

Зерттелу деңгейі. Лаңкестік мәселесінің қазіргі кездегі өзектілігі және кең таралуы бүкіл әлем зерттеушілерінің назарын аудартып отыр. Ресей Федерациясындағы лаңкестіктің ұзақ тарихының болуы және мәселенің аса күрделілігі оның кең зерттелуіне негіз болды. Бітіру жұмысында Ресейдегі лаңкестіктің тарихына сүйене келе, оның қазіргі кездегі деңгейіне ерекше көңіл бөлінген. Иван Грозный дәуіріндегі, одан кейінгі басқарушылар кезіндегі мемлекеттік лаңкестік, 1860 жылдардан басталған революциялық лаңкестік, Сталин кезіндегі репрессиялар аралығы қазіргі кезге дейін қамтылады. Ресейдегі лаңкестік тарихын В. Е. Петрищев [86], Ю. И. Авдеев [87], Н. Д. Литвинов [88] О. В. Будницкий [89-91], тарихшы, әрі жазушы П. А. Кошель [92], С. А. К. В. Ланцов [93], Жаринов, Ч. А [94], Рууд, С. А. Степанов [95] сияқты атақты авторлар зерттеген.

Қазіргі кездегі Ресейдегі лаңкестікке сараптама жүргізгенде, О. А. Кимлацкийдің [96], Я. Д. Вишняков, Г. А. Бондаренко, С. Г. Васин, Е. В. Грацианскийдің [3], В. Ю. Кравченконың [97] зерттеу жұмыстары маңызды болды.

Ресейлік және халықаралық лаңкестікті зерттеген авторлар қатарында американдық тарихшы Анна Гейфман [98], Нетаньяху Б [99], Алекс Шмид [100], Шольц Р. [101] сияқты атақты авторлар зерттеулері қолданылды.

Сондай-ақ, лаңкестік мәселесіне қатысты Қазақстандық авторлар жасаған зерттеу жұмыстары да осы бітіру жұмысында орын алды. Мәселен, А. Р. Әліпбаев [2], М. Ашимбаев пен М. Лаумуллиннің [102], П. С. Бокашеваның [103], Д. Т. Жакеновтың [104], Е. Б. Жатқанбаеваның [4], Э. А. Ибраева мен Т. А. Тұрсынбаевтің [105], К. К. Ракишевтің [106] , М. С. Досымбекованың [1] зерттеу еңбектері ерекше.

Зерттелу обьектісі: Бітіру жұмысының зерттелу объектісі лаңкестік және онымен күрес.

Зерттелу пәні: Ресей Федерациясындағы лаңкестік, онымен күрес және шешілу жолдары.

Мақсаты: Ресей Федерациясындағы лаңкестіктің орын алуын зерттей келе, лаңкестікпен күрес мәселелері мен шешілу жолдарын анықтау.

Міндеттері : Қойылған мақсатқа келесі міндеттерді орындау арқылы жету қарастырылған:

  1. Ресей Федерациясындағы лаңкестіктің тарихына сараптама жасау арқылы оның Ресейге тән болмысын анықтау;
  2. Аталмыш қауіптің елде Иван Грозный кезінен бастап қандай сипатта болғандығына, сонымен қатар, уақыт өте келе әрі қарай қалайша өзгеріп, қандай кейіпке ие болғандығын тарихи ретроспектива жасау арқылы анықтау;
  3. КСРО ыдырап, Ресей Федерациясы болған уақытынан бері елде лаңкестік атаулы қауіптің қай аймақтардан төніп, қандай ерекшеліктермен сипатталатынын, оның қазіргі заманда елде негізгі тұрақсыздандырушы әрекет ретінде болуына қандай ішкі және сыртқы факторлар әсер ететіне тоқталып, екі Шешен соғыстарына сараптама жасай келе, бүгін ресейлік лаңкестіктің қалайша қарқындағандығын көрсету;
  4. Қауіп болғандықтан онымен күресу ерекше өзекті мәселе екендігін ескере отырып, Ресейдің лаңкестікпен күрес бойынша нормативтік−құқықтық базасын сараптау;
  5. Белгілі Беслан трагедиясы мен жақында орын алған Домодедово әуежайындағы лаңкестік оқиғаларына дейінгі күрес механизмдерінде орын алған өзгерістер мен күрес аппаратттарының жіберген қателіктеріне талдау жасау;
  6. Осы міндеттерге орындап, ақпаратты дұрыс сараптай келе, Ресейдегі лаңкестікпен күрес басымдылықтарын белгілеп, оның шешілуіне ұсыныстар жасау.

Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 тараудан, 6 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.


І . РЕСЕЙДЕ ЛАҢКЕСТІКТІҢ ОРЫН АЛУЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ

  1. Ресейдегі лаңкестіктің орын алуына тарихи ретроспектива

Қоғамдық саяси өмірде ерекше құбылыс ретінде лаңкестік өзінің ұзын тарихына ие. Ал оны білмей лаңкестіктің бастаулары мен тәжірибесін түсіну қиындыққа соғады, алайда турасына келсек, қазіргі кездегі лаңкестікке бұрынғы идеологиялық сипаты мен бағытталуы тән емес [94] .

Мемлекеттегі билік иерархиясының түрлі деңгейіндегі түрлі күштердің өзара қақтығыстық қарым−қатынастарын сипаттайтын әлеуметтік саяси өмір көрінісі ретінде лаңкеcтік Ресейге оның алғашқы құрылуынан бастап таныс. Үнемі сыртқы агрессия қауіпінің астында болған, ішкі жанжалдарға көп тап болған мемлекет бола отырып, өткір саяси келіспеушіліктерді күш қолдану жолдарымен, яғни лаңкестікке тән жолдармен шешу бойынша үлкен тәжірибе жинады.

Ресейде лаңкестікті көріністер мазмұнына қарай құқықтық анықтау талпыныстары XVI ғасырға, «қулық» (қазіргі кездегі құқықта «тура пиғыл» (прямой умысел аналогы) ұғымы қалыптасқан кезге жатады. 1550 жылғы «Судебникте») (ІV Иван тұсындағы Ресейдегі сословиелік монархия кезеңіндегі заңдар жинағы, құқықтың жалғыз көзі деп жарияланған орыс тарихындағы алғашқы нормативтік-құқықтық акт) кең қолданылған термин жүз жыл ішінде «ойластырылған іс-әрекет» (умышление) болып өзгерді. Ол 1649 жылғы Собор жинағында 3 формада ұсынылған: өлтіруге бағытталған баптар; ұрлық жасау пиғылдары (ұйымдасқан қылмыстық топтармен ауыр жалпы қылмыстық заң бұзушылықтар жасау) ; мемлекеттік қылмыстар немесе патшаға қарсы озбырлықтар (оның денсаулығына зиян келтіру, мемлекетті иеленіп алу, қаланы өртеу т. б. )

Әрине, орта ғасырда өз халқына қатысты патшаның өзімен жасалған террорлық актілерді қылмыстандыру туралы сөз қозғалмаған. Осылайша, монархиялық билікті шексіз дәріптеу ортасы болған, 1565-1584 жылдары Патша IV Иванның нағыз лаңкестік билеу әдістері құқыққа қарсы деп қарастырыла алмады. 1565 жылы оған дейін Ресейде болып көрмеген, негізгі мақсаты боярлармен қатаң ойластырылған және аяусыз күрес және оларды патшалық режимге берік тірек бола алатын дворяндыққа алмастыру болған «Опричнинаны» құрды. Опричниктер патшалық сенімді асыра пайдаланып, бұл жаппай репрессияларға алып келгені де белгілі.

Русьтегі монархиялық билікті нығайтуға тырысқан IV Иван опричнинасы мемлекеттік лаңкестіккке тән барлық элементтер мен сипаттарға ие, және орыс еліндегі алғашқы осындай тәжірибе болды. Шын мәнінде, кез келген өзгеше ойлайтындарды, кез келген оппозицияны күштеп басу тәсілдерін қолдану осы лаңкестікке тән саяси мақсаттарды көздеді.

1584 жылы Иван Грозныйдын қайтыс болуынан кейін де өз қарсыластарының пікірлерін өзгерту, тіпті саяси ойлары өзгешелерді өлтіруге жоғарғы билік өкілдері барып тұрды. Федор Ионнович патша болған кезінде ақ Русьті басқарған Борис Годунов өз билігіне аздаған болса да қауіп төнгенде қарсыластарына, яғни княздер Шуйский, Татьев, Урусов, Колычев, Быкасов т. б. қарсы психологиялық қорқыту мен физикалық жою әрекеттеріне барған [86, 9 б] .

1850 жылдары эмиграцияда революциялық зорлық-зомбылық теоретиктерінің ортасы пайда бола бастады: Бакунин, Лавров, Ткачев, Степняк-Кравчинский. Ұлы Француз революциясын, 1848 жылғы еуропалық революцияларды, Париж Комуннасын, «Жас Италия» консперативті ұйымының тәжірибесін саралай отырып, Гарибальди ерлігімен шабыттанып, болашақ революция теоретиктері Ресейде қоғамдық құрылымды зорлықпен өзгертудің тиімді ұйымдық және тактикалық формаларын іздей бастайды.

Ресейде мемлекетке қарсы лаңкестік дәуірі 1866 жылы В. Каракозовтың ІІ Александрға оқ атуынан басталды деп есептеледі. Ресейлік революционерлер арасында елді әлеуметтік әділеттілік қоғамына тек террор арқылы алып келуге болады деген пікір кең тарап, сана-сезімге нақты орнықты. Каракозов оғы нысанаға жетпесе де революциялық көңіл-күйдегі топтардың теориялық ойлаудан лаңкестік тәжірибеге өтуіне өз септігін тигізгені анық. 1867 жылы 25 мамыр күні Францияда А. Березовский ІІІ Наполеонмен бірге Булон орманымен өтіп бара жатқан ІІ Александрға оқ атады (ол да тигізе алмаған болатын) [86. 15 б. ] .

1862 жылдың көктемінде төңкерісші Петр Зайчневский Тверьлік полиция бөлімінде отырып, Ресейде ашық түрде алғаш рет террорды әлеуметтік және саяси түбегейлі өзгерістерге қол жеткізу құралы деп айтылған «Жас Ресей» үгіт қағазын (прокломация) жасайды. Бұл құжатта автор қоғамда орын алып жатқан әлеуметтік әділетсіздіктерге сілтеп, революциялық мемлекетті қайта құруға шақырды. Осы ретте шешуші өзгерістер құралы деп ол революциялық террорды белгіледі. Бұл үгіт қағазы билік жағынан репрессияларға сылтау болды. Революциалық көшбасшылардың бір бөлігі, соның ішінде А. И. Герцен аталмыш үгітті сынады, алайда «Жас Ресейге» ұқсас идеялар кең революциялық ортада танымал бола бастайды. Ал Каракозовтың патшаға оқ атуы Ресейдегі жарты ғасырлық революциялық лаңкестік дәуіріне бастама болды [89] .

Каракозовтың іс-әрекеті революциялық қозғалыстың бірқатар танымал қайраткерлерімен үлкен сынға түсті. Олардың ішіндеА. И. Герцен, М. К. Элпидин, Н. Я. Николадзебұл әрекетті қолдамады. Сонымен қатар, Каракозовтың оқ атуы революциялық жастарға үлкен әсер етті. 1860 жылдар зерттеушісіБ. П. Козьминбылай жазған: «Каракозов пен оның қастандығы сол кездегі революциялық жастар арасында қалыпты тақырып болған».

Содан кейінгі алғашқы лаңкестік ұйым С. Г. Нечаев негіз салған «Халықтық жаза» қауымы болды. Нечаев өлтірілуі тиіс алғашқы кандидаттар тізімін жасады, бірақ ол жасаған жалғыз лаңкестік акт Нечаевке бағынудан бас тартқан өз ұйымының мүшесі, студент И. И. Ивановты өлтіру болды. Бұл қылмыс ашылып, революциялық қозғалыстағы террордың беделін он жылға түсірді [90] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лаңкестікпен күрес мәселесi
Қазіргі әлемдік қауіпсіздік мәселесіндегі АҚШ-Ресей сыртқы саяси ұстанымы
Экстремизм мен күрес жүйесіндегі әлемдік ситуациялардың дамуы
Еуропалық Одақ елдерінің ішкі саясатындағы лаңкестік мәселесімен күресу
Соғыстан кейінгі ирак жағдайы
Орталық Азия елдерінің аймақтық ынтымақтастығы: негізгі бағыттары мен болашағы
ҚР мен ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық саладағы ынтымақтастығы
Атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану
Қытайдың сыртқы саясатында Орталық Азияның геостратегиялық маңызы
Таулы Қарабах мәселесі аясындағы түрік - армян қатынастары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz