Тұлғаның танымдық іс-әрекетінің қарым-қатынас арқылы дамуы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 154 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

1 Кіріспе . . . 3

  1. Тұлғаның танымдық іс-әрекетінің қарым-қатынас

арқылы дамуының психологиялық негіздері

1. 1 Қарым-қатынас процесінде тұлғаның танымдық іс-әрекетінің

даму ерекшеліктерін талдау . . . 8

  1. Тұлғаның танымдық іс-әрекетінің қарым-қатынас процесіндегі

маңыздылығы . . . 24

  1. Қарым-қатынастың танымдық іс-әрекетке ықпалының

психологиялық ерекшеліктері . . . 42

Бірінші бөлімнің тұжырымы

2 Тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым-қатынас арқылы

дамытуды эксперименттік тұрғыда зерттеу

2. 1 Зерттеудің мақсаты, міндеттері, әдістемелері және бағдарламасы . . . 60

2. 2 Тұлғаның танымдық іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынас

ықпалының маңыздылығын зерттеу . . . 71

  1. Психологиялық зерттеу нәтижелерін өңдеудің статистикалық

талдау әдістемесі . . . 90

Екінші бөлімнің тұжырымы

3 Танымдық іс-әрекетті қарым-қатынас арқылы дамыту

жолдары

  1. Қарым-қатынас арқылы тұлғаның танымдық іс-әрекетін

дамыту бағдарламасының тиімділігін көрсету . . . 97

  1. Тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым-қатынас арқылы дамытуға

арналған эксперименттің психологиялық маңыздылығы . . . 103

  1. Танымдық іс-әрекеттің дамуын жеке дара психокоррекциялық

жұмыстар негізінде нақтылау . . . 114

Үшінші бөлімнің тұжырымы

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 121

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 123

ҚОСЫМШАЛАР . . . 133

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қарым-қатынас - адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы ретінде көрініс береді. Қарым-қатынас - адамзат қатынасының күрделі түрі. Кез - келген қарым-қатынас адамдар арасындағы жай байланыс қана емес, біріккен іс-әрекет процесінде адамдардың бірін - бірі қабылдауы және ақпарат алмасуы болып табылады. Сондықтан қарым-қатынас процесінде тұлғааралық өзара байланыстар анықталады.

Қарым-қатынас - адамзат үшін әртүрлі деңгейде, әртүрлі кезеңде қалыптастыруды қажет ететін құбылыс. Қарым-қатынасты білім мен біліктілік, дағды және адамның ішкі құндылықтарына негізделген мәдени сауаттылық, танымдық іс-әрекет дамуының деңгейі ретінде қарастыруға болады. Тұлғаның жеке бас қасиеттері қарым-қатынас процесінде дамиды. Қарым-қатынас оның танымдық іс-әрекетіне ықпал етіп, психикалық процестерінің қалыптасуына негіз болады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қарым-қатынас - қоғам дамуының құралы және негізі болып табылатын мәдениет деңгейін бейнелейтін тарихи дамудың нәтижесі. Қарым-қатынас мәселесі теориялық, эксперименттік және қолданбалы зерттеулерде мағынасы тұрғысынан психологиялық іс-әрекет, тұлға, сана т. б. ұғымдармен байланысты.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы жайлы теория мен тәжірибе танымдық іс-әрекет пен қарым-қатынас мәселесінде байланыс тауып, өзара қиылысады. Қарым-қатынас танымдық іс-әрекеттің дамуында басты көрсеткіш әрі фактор болып табылады.

Қазіргі таңда психология ғылымында кеңес психологтарының еңбектерінен жоғары психикалық қызметтің пайда болуы мен танымдық іс-әрекеттің дамуы (Л. С. Выготский, Л. И. Божович, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн, А. В. Брушлинский, О. К. Тихомиров, ), тұлғаның жас және жеке даралық даму ерекшеліктері (Б. Г. Ананьев, В. С. Мерлин, Л. И. Божович, И. Э. Бекешкина), қарым-қатынас мәселесі туралы зерттеулер (Б. Г. Ананьев, Г. М. Андреева, А. Б. Добрович, А. А. Бодалев, А. А. Леонтьев, М. И. Лисина, Б. Ф. Ломов, В. А. Кан-Калик, Ю. П. Тимофеев, Н. Д. Творогова, Ю. Л. Ханин, Е. О. Смирнова т. б. ) психикалық жаңа білімді қалыптастыру тәсілі және тұлғаның әлеуметтік әрекеттену факторы екендігін көреміз.

Қарым-қатынас мәселесінің мән-мағынасын, тұлға дамуында маңыздылығын, қолданылу аясы туралы қазақстандық психолог ғалымдардың (С. М. Жақыпов, Ә. Ж. Алдамұратов, С. Қ. Бердібаева, Х. Т. Шерьязданова, Н. А. Ладзина, Н. Қ. Тоқсанбаева, Ү. А. Уақпаева, С. А. Елеусізова т. б. ) да еңбектерінің алатын орны ерекше. Сонымен қатар, тұлғаның дамуы мен қалыптасуында өз халқының тарихы мен ұлттық құндылықтарды пайдалану белсенділігі (М. М. Мұқанов, Қ. Б. Жарықбаев, С. М. Жақыпов, С. Қ. Бердібаева, Л. К. Көмекбаева т. б. ) жоғарылап, оны қолдануға деген қызығушылық артып келеді.

Адамның бүкіл өмірі басқа адамдармен қарым-қатынаста өтеді. Ол қарым-қатынаста іс-әрекеттің нақты мақсаттарын жүзеге асырады. Олар: қарым-қатынаста өзара қабылдау, өзара бағалау, әңгімелесушілердің өзара әсерлесуін реттеу, ақпарат алмасу.

Қарым-қатынас пен даму - қатарлас және бір-бірлеріне тәуелсіз құбылыстар ғана емес, олар өзара байланыста тұратын процесс. Олардың психологиялық байланыстылығының негізі процестердің рухани бірлігі болып табылады. Қарым-қатынас тиімділігі бірлескен іс-әрекет қатынасының жақсаруына қаншалықты негіз болуына байланысты.

Өзіндік заттық және топішілік белсенділіктің тұлғааралық жақтарының өзара әрекеттестіктерінде ашылатын, бірлескен іс-әрекеттің ұйымдастырылу формасы мен мазмұны топта тұлғааралық қабылдау дамуының жетекші детерминанты болып табылады. Қарым-қатынас тұлғаның өз замандастары мен өзін танудың маңызды құралы ретінде де қарастарылады. Әрине қарым-қатынас тек тұлғаалардың бір-бірімен өзара пікір алысуы үшін ғана емес, танымдық іс-әрекеттің дамуында маңыздылығы туралы теориялық тұжырымдарды эксперименттік көрсеткіштердің нәтижелері көрсетеді.

Тұлғаның танымдық және интеллектуалды әрекеттерінің дамуында қарым-қатынас ереекше орынға ие, тұлғаның сөйлеу әрекеті қарым-қатынас процесінде дамиды, ал тұлғаның қарым-қатынас қабілеті танымдық іс-әрекеттің дамуына ықпал етеді.

Бұл бағытта қарым-қатынас процесі коммуникативті, диалогты, жүйелі болуы қажет. Онда тұлғаның дамуына арнайы ұйымдастырған іс-әрекет арқылы тұлға тек білімді ғана игеріп қоймай, сонымен қатар мінез-құлықтың өнегелі өлшемдерін игереді, қарым-қатынас қабілеттерін меңгереді, өзіндік бағасын жоғарылатады, сана сезімі дамиды. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаға бағдарланған іс-әрекет тұлғаның тек білім алуына ғана емес, сонымен қатар оның сана-сезіміне, тұлғалық қасиеттерінің дамуына да ықпал етеді. Осы мәселені шешудегі маңызды фактор-бірлескен іс-әрекетке қатысушылардың субьект-субьекттік өзара үйлесімді психологиялық жағдаймен қаруландыру нәтижесінде танымдық белсенділігін арттыру.

Тұлғаның дамуында бірлескен танымдық іс-әрекет немесе жекеленген психологиялық ықпалдың тиімділігін қарастыру оның кез-келген бірлескен іс-әрекетінен, ол мейлі танымдық немесе дамытушылық іс-шаралар болсын, екі жақты субъектілер әрекетінің түрлі формалары мен өзара әрекеттестігінде көрінеді.

Қазіргі жағдайда нарықтық қатынастың дамуы және бәсекелесуде кез келген мамандықтарда субьект-обьекттік әрекеттесуде адами фактордың рөлі және субьект-субьекттік кәсіби қарым-қатынасы күшейе бастады. Әсіресе соңғысының тиімділігі кәсіби мамандардың іс-әрекетінің нәтижесіне қатты әсерін тигізеді. Осы орайда бәсекелесу жағдайында тұлғаның болашақ мамандық иегері ретінде кәсіби қарым-қатынастың тиімді формаларын меңгеруі қазіргі таңда маңызды болып табылады.

Қарым-қатынас мәселесінің жалпы психологиялық зерттеудің заты ретінде енуі арқылы тұлғаның танымдық іс-әрекетінің даму ерекшеліктеріне оның ықпалын қарастыруға мүмкіндік туады. Аттитюдтар, талаптану және тб. дәстүрлі «тұлғалық» ерекшеліктер ғана емес, қарым-қатынастың танымдық іс-әрекеттің дамуына ықпалы - субьектінің психикалық процестерінің қалыптасуының маңызды факторы. Қазіргі ұсынылып отырған жұмыс осындай әрекетті табуды тарату болып табылады.

Зерттеу мақсаты: тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым-қатынас арқылы дамытудың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу нысаны: тұлғаның қарым-қатынас процесіндегі танымдық іс- әрекет ерекшеліктері.

Зерттеу пәні: тұлғаның танымдық іс-әрекетін арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас арқылы дамыту процесі

Зерттеу болжамы. Тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым-қатынас арқылы дамытуға арнайы бағдарлама құрылып, жүйелі психологиялық жұмыстар жүргізілсе, онда танымдық іс-әрекеттің даму сапасы артады.

Жалпы болжам төмендегі жеке болжамдармен нақтыланады:

  1. Тұлғаның танымдық және интеллектуалды әрекеттерінің дамуына ықпал жасалса, қарым-қатынас маңыздылығы артады.
  2. Тұлғаның сөйлеу әрекетін дамытса, қарым-қатынас процесі мен танымдық іс-әрекеттің дұрыс жетілуіне көмектеседі.
  3. Тұлғаның қарым-қатынас қабілеті танымдық іс-әрекеттің дамуына ықпал етеді.
  4. Қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктерін анықтау мен оны тәжірибеде қолдану тұлғаның танымдық іс-әрекетінің даму деңгейін арттырады.

Зерттеудің қойылған мақсаты мен ұсынылған жорамалдарға сәйкес мына төмендегідей зерттеу міндеттері қарастырылды:

  • Танымдық іс-әрекеттің қарым-қатынас арқылы дамуының негізгі ерекшеліктері мен маңыздылығын теориялық тұрғыда зерттеу.
  • Танымдық іс-әрекеттің дамуына қарым-қатынас ықпалының психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
  • Тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым-қатынас арқылы дамыту ерекшеліктерін анықтайтын әдістемелік кешен құрастыру және тиімділігін эксперименттік зерттеу негізінде дәлелдеу.
  • Алынған нәтижелер негізінде қарым-қатынас процесіне арналған арнайы бағдарлама құрастыру, оны өңдеу және тиімділігін бағалау.

Зерттеу жұмысының теориялық - әдіснамалық негіздері ретінде Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. В. Брушлинский тұлғаның психикалық дамуы туралы, А. Н. Леонтьевтің іс-әрекеттің дамуы жайлы тұжырымдамасы, М. И. Лисина, К. А. Абульханова-Славская, Г. М. Андреева, А. В. Мудрик, А. А. Леонтьев, Е. О. Смирнова, Х. Т. Шерьязданованың тұлғалық дамудағы қарым-қатынас ерекшеліктері туралы мәселелері, Б. Ф. Ломовтың танымдық іс-әрекет пен қарым-қатынас мәселесі туралы, А. Б. Добрович, Ю. Л. Ханин бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынас психологиясы, Қ. Б. Жарықбаевтың тұлғаның этнопсихологиялық ерекшеліктері, С. М. Жақыповтың бірлескен диалогты танымдық іс-әрекет жайлы және белсенді оқыту әдістері туралы тұжырымдамасы, Ә. Алдамұратовтың тілдік конструкцияларды меңгеру психологиясы, С. Қ. Бердібаеваның творчестволық іс-әрекеттің этнопсихологиясы және Н. Қ. Тоқсанбаеваның танымдық іс-әрекеттің құрылымы туралы еңбектері және т. б. зерттеу мәселесін шешуге мүмкіндік берді.

Зерттеу әдістері

  1. Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық еңбектерге теориялық талдау
  2. Тұлғаның танымдық іс-әрекетінің даму деңгейін анықтауға бағытталған әдістемелер - «Түсініктерді салыстыру», «Интеллектік лабилділігі немесе ауыса білу іскерлігі», «Сөйлеу жағдайын бақылау картасы» және танымдық іс-әрекетті тұлғаның қарым-қатынас деңгейінде анықтауға бағытталған әдістемелер -«Қарым-қатынас деңгейін анықтау», «Сізге вербалды емес қарым-қатынас нені білдіреді?», « Басқа адамдарға ықпал ете аласыз ба?».

3. Мәліметтерді математикалық және статистикалық талдау әдістемелері.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы

  1. Тұлғаның танымдық іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынас ықпалының психологиялық негіздері теориялық талдау арқылы зерттелінді.
  2. Алғаш рет тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым-қатынас арқылы дамыту мен қалыптастыру ерекшеліктерін анықтайтын әдістемелік кешен құрастырылып, оның тиімділігі эксперименттік зерттеу негізінде дәлелденді.
  3. Бірлескен іс-әрекетте қарым-қатынас арқылы тұлғаның танымдық іс-әрекетін дамыту факторлары айқындалды.

4. Алғаш рет тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым-қатынас арқылы дамытудың арнайы бағдарламасы ұсынылды

Зерттеудің теориялық мәні

Психология ғылымындағы қарым-қатынас пен танымдық іс-әрекет мәселесіне байланысты тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы маңыздылығына теориялық сипаттама жасалды. Қарым-қатынастың тұлғаның индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін білуге мүмкіндік туғызатындығы анықталды. Қарым-қатынас барысындағы бірлескен іс-әрекеттің мақсаттары мен мотивтері танымдық іс-әрекеттің дамуы үшін қажетті жағдай жасайды және даму жолдарын көрсетеді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: теориялық нәтижелердің негізінде диагностикалық әдістер кешені мен қарым-қатынас арқылы танымдық іс-әрекетті дамытуға арналған арнайы бағдарлама эксперимент ретінде қолданылып, тиімді зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Диссертация нәтижелері тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым-қатынас арқылы дамыту вербалды бейнелеу қажеттігімен байланысты ақпаратты сөзбен жеткізу мен қабылдау және кәсіби мамандыққа бейімдеу мақсатында қолдануға болады. Сондай-ақ алынған мәліметтер топтағы психологиялық ахуал мен психологиялық сәйкестік мәселесімен байланысты тәжірибелік өңделулерге бағытталуы мүмкін.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым-қатынастың ықпалы негізінде дамытудың өзіндік ерекшеліктері бар:

- танымдық іс-әрекеттің дамуына қарым-қатынастың ықпалын анықтау, тұлғаның кейбір қарым-қатынас қиындықтарын ұғынуы басқа да психологиялық ерекшеліктерінің себептерімен де байланыстылығы анықталды;

- зерттеудің негізгі әдістерін іріктеу, талдау, өлшемдерін өңдеу қарым-қатынас процесінің танымдық іс-әрекетіне ықпал ету деңгейінде анықтауға болады;

- бірлескен іс-әрекетті қарым-қатынас арқылы ұйымдастыру тұлғаның танымдық іс-әрекетінің дамуына ықпал жасайды;

- белсенді әдістердің көмегімен тұлғаның қарым-қатынас қабілетін көтеру психологиялық тұрғыдан танымдық іс-әрекеттің даму маңыздылығы артып, тиімді болып табылады.

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Зерттеу жұмысында қарастырылған мәселелер және зерттеудің тұжырымдары мен нәтижелері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинақтарында және «Ұлт тағылымы», «Ізденіс», «Қазақстан жоғары мектебі», Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы, «БГУнун жарчысы» журналдарының баспа беттерінде жарық көрген.

Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымша тіркелген материалдардан тұрады.

1 ТҰЛҒАНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС АРҚЫЛЫ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Қарым - қатынас процесінде тұлғаның танымдық іс-әрекетінің даму ерекшеліктерін талдау

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев дәстүрлі 2007 жылғы 28-шы ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің болашақ мамандарын дайындау процесінде кәсіптік білім берудің көкейкесті мәселелерін атап көрсетті [1, 1 б] . Қазіргі еліміздің өркениетті нарыққа бет алған кезеңіндегі туындаған экономикалық, әлеуметтік қиындықтар тұлғаның адамгершілік қадір-қасиетінің төмендеуіне, салауатты өмір сүру ережелерінің бұзылуына өз әсерін тигізуде. Мұндай жағдайда тұлғаның қалыпты өмірін қамтамасыз етуге ықпал жасайтын - қарым-қатынас. Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік бағалау, өзіндік түсіну арқылы өзін-өзі танып, басқа адамдармен қарым-қатынасқа түседі.

Тұлғаның қалыптасуында негізгі факторлардың бірі - ол қарым-қатынас. Қарым-қатынас адамды толық түсінуге, оның рухани-адамгершілік қасиеттерін, дамуын, жетілуін және индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін білуге мүмкіндік туғызады. Тарихи қоғамдағы обьективті талаптар және қоғамның дамуындағы әлеуметтік заңдар тұлғаның қалыптасуын анықтайды.

Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор Қ. Б. Жарықбаев былай деген: «Адамның психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады» [2, 66 б] . Сондықтан адамның жеке басының психологиясын ұғынуда оның бағытын көрсететін компоненттермен қатар (әлеуметтік орта, білімі, нақтылы кәсібі және т. б. ) танымдық ерекшеліктерін де толық меңгеруімізді талап етеді.

Психологиялық сөздікте қарым-қатынасқа мынадай анықтама берілген: «Қарым-қатынас - бірлескен іс-әрекеттегі қажеттіліктен туындаған адамдар арасында ақпарат алмасу, байланыс орнату және оны дамытудың күрделі, көп жоспарлы процесі. Мұнда ол қарым-қатынас бойынша серіктердің өзара әрекет, қабылдау және түсінудің бірдей стратегиясын жасау болып табылады. Сондықтан қарым-қатынас - біріншіден, бірлескен іс-әрекеттегі қажеттіліктен пайда болатын адамдар арасында бірнеше жоспарлы байланыстарды орнату мен дамытудың күрделі процесі. Ол ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің бірыңғай стратегиясын өңдеу, серіктесті қабылдау және түсінуден тұрады. Ал екіншіден, бірлескен іс-әрекет қажеттіліктерінен туындайтын күй және мінез-құлық пен серіктестің тұлғалық-мәндік құрылымдарына бағытталған екі немесе одан да көп субьектілердің өзара әрекеттерінің белгілік құралдарымен жүзеге асырылады. Мұнда ол заттық және эмоциялық аспектілерде өзара хабарлама алмасудан тұрады [3, 435 б] . Сондықтан қарым-қатынаста адам өзінің жеке дара ерекшеліктерін меңгеретіндігі байқалады.

Психологиядағы қарым-қатынас мәселесі туралы психолог Н. Қ. Тоқсанбаева: «Қарым-қатынас, бұл белгілі-бір өзара қатынас қалыптастыру мақсатындағы мазмұны мен идеялармен, қызығулармен, көзқарастармен, көңіл-күйлермен және т. б. өзара әрекеттермен дамиды. Қарым-қатынасты зерттеуде мына нәрселерге сүйенеміз:

  • біріншіден, қарым-қатынас іс-әрекеттің ерекше типі -коммуникациялық іс-әрекет;
  • екіншіден, қарым-қатынас - кез-келген іс-әрекеттің іске асырылу шарты;
  • үшіншіден, қарым-қатынас - арнайы берілген іс-әрекеттің нәтижесі» деп, қарым - қатынасты зерттеуде іс-әрекеттің маңыздылығына түсініктеме берген [4, 345 б] . Осы түсініктемелерден адам өмірінде қарым-қатынастың қаншалықты мәнге ие екендігі көрінеді.

Қарым-қатынас еңбек пен танымның жиынтығы ретінде сананың дамуына сүйеніп, адам іс-әрекеті түрінің маңызды триадасына кіреді. Қарым-қатынас адам және тұлғааралық қатынас туралы ақпарат тасымалдап, тұлғаның ішкі дүниесінің өзгеруіне мүмкіндік туғызатын адам іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттейтін, коммуникация құралы болып табылады [5, 13 б] . Мұнда қарым-қатынас коммуникативтік қызмет атқаратындығы туралы айтылады.

Тұлғаның даму процесі - бұл, біріншіден, адамның Басқалардан (үлкен әріппен) әлемнің ақиқатына бейімделу процесі;

Екіншіден, тұлғаның даму процесі - бұл тұлға құрылымының аннигиляциясы;

Үшіншіден, тұлғаның даму процесі - бұл мазмұндыдан мазмұнсыз қатынасқа қоғалыс [6, 399 б] .

Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы - оның ортамен өзара қарым- қатынасының нәтижесі. Яғни, баланың жеке басы қалай қалыптасатынын анықтау үшін «ата-ана-бала», «педагог- бала», «бала-бала» және т. б. қарым-қатынастар жүйесінде оның қарым-қатынас сипатын нақты зерттеуді қажет етеді [7, 27 б] .

Қарым-қатынасты Б. Г. Ананьев адамдардың әрекеттесуі мен әр түрлі нақты қарым-қатынас жағдайларында болатын, ақпаратта көрінетін, коммуникация және адамның ішкі дүниесінің қайта жаңаруымен бір уақыттағы әлеуметтік және индивидуалды құбылыс ретінде қарастырды. Мұнда психолог тұлғааралық қарым-қатынас пен ішкі жағдайдың байланысын бақылады, сонымен қатар тұлғаның қалыпты дамуына қажетті қарым-қатынастың қолайлы санын анықтауға тырысты. Қарым-қатынастың тұлғаның психикалық әлемінің қалыптасуына ықпалын және адамның басқа кәсіби іс-әрекет түрлерімен қарым-қатынас байланысының негізгі бағыттарын айқындады.

Х. Т. Шерьязданова қарым-қатынас процесін ұйымдастыруды баланың психикалық және тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін құрал ретінде зерттеді. Оның еңбегінде қарым-қатынасты ұйымдастыру мен қолдау болатын жағдайлар, сонымен қатар қарым-қатынастың тұлға дамуындағы рөлі сипатталған [8] .

Ал Г. М. Андрееваның еңбегінде қарым-қатынас құрылымының әлеуметтік-перцептивті, интерактивті және коммуникативті компоненттері ерекшеленген [9] . Қарым-қатынас - адамның іс-әрекетінің кез келген түрінің (еңбек, оқу, ойын) ажырамас құрамды бөлігі. Сондықтан жоғарыда айтылған комоненттер іс-әрекеттің орындалу шарттары болып табылады.

Адам басқа адамдармен қарым-қатынас пен өзара әрекет нәтижесінде тұлға болып қалыптасады. Қарым-қатынас түсінігі коммуникация ұғымына жақын. Қарым-қатынас акты келесі компоненттер бойынша талданады және бағаланады: адресант - қарым-қатынас субьектісі, адресат - хабарлама кімге бағытталған, хабарлама - хабардың берілетін мазмұны, код - хабарлама жіберілетін құрал, байланыс каналы және нәтиже - қарым-қатынас нәтижесінде қол жеткізілгендер.

Тұлға - бұл басқа адамдардың арасында белгілі позицияны иеленетін қоғамдық іс-әрекеттің себепші субьектісі ретіндегі адам. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері ол неге талпынады және неден қашады, сонымен қатар ұғыну, ұйымшылдық дәрежесі, оның белсенділігінің интенсивті және қорытынды нәтижесі, өмірлік тапсырманы шешуге сәйкес бағытталуынан көрінеді [10, 24 б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұжымды қалыптастыру және оның оқушы тұлғасына ықпалы
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға этникалық қарым-қатынастың психологиялық әсері
Танымдық белсенділіктің теориялық негіздері
Тұлғаның өзін өзі бағалау мотивациясын жетілдіру жолдары
Рефлексия арқылы студенттердің оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру
Педагогикалық қарым-қатынас кезеңдері
Колледж студенттерінің танымдық іс-әрекетін дамытудағы оқу үрдісіндегі белсенді педагогикалық-психологиялық құралдардың әсері
Педагогика. Оқулық
Полиэтникалық аудиториядағы студенттердің танымдылық іс-әрекеттері
Сабақты құру негізі - оқушылардың жұмысын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz