Көшпенділердің материалдық, рухани мәдениеті


- Көшпенділердің материалдық мәдениеті4
- Көшпенділердің рухани мәдениеті13
Кіріспе
Қазақстан аумағында түріктердің саяси үстемдігі орнағаннан кейін бар-лық жергілікті тайпалардың аттары жазбаша деректемелердің беттерінен кездеспейді деуге болады, олардың орнына, әдетте, жеңіп шыққандардың әулеттік есімі енгізілді. Алайда, мұның өзі көптеген жергілікті тайпалар бір-бірімен әбден араласып, сіңісіп кетті деген сөз емес. Олар, сөз жок, Батыс түрік қағанаты халқының көпшілігін құраған, археологиялық зерттеулердің дәлелдегеніндей, өздерінің мәдениеті мен өнерін сақтап қалған. Шаруашылық кәсібі, тұрмыс салты бойынша түріктерге жақын болғандық-тан, олар түрік қағанатының, одан соң Түргеш және Қарлұқ мемлекетінің құрамына сіңісіп кеткен. Түркі тілдес тайпалардың саяси, экономикалық және этникалық-мәдени жағынан Батыс қағанат кұрамына бірігуі біртек-тес, бірақ бытыраңқы этностардың топтасу үрдісінің басы болды.
Сонымен бірге түріктер Қазақстан жеріне жерлеу ескерткіштерінің жаңа түрлерін, атап айтқанда, тастан жасалған антропоморфты балбалдардың тізбекті мүсіндерін ала келді. Жерлеу ғұрпы өзгереді, мысалы, еліктің басын батысқа беріп жерлейтін ғасырлар бойы орнығып келген дәстүрлі бағыт жойылып, олардың басын солтүстікке бағдарлап жерлеу басым бола бас-тады. Молалардың көпшілігінде адамның сүйектері жауға мінген аттары-ның сүйектерімен, жорықтағы қару-жарақтарымен бірге жатты. Темір үзеңгілер, жебелердің темір ұштарының және қанжарлардың, қылыштардың жаңа түрлері пайда болады. Мүсінді металл қаптырмалар жиынтығымен сәнделген жауынгерлік белдіктер кеңінен тарайды. VI-IX ғасырлардағы ескерткіштер корымдар, жекелеген қабірлер, кез-дейсоқ табылған заттар және тастан жасалған тұлғалар түрінде кездеседі. Қазіргі уақытта археологиялық ескерткіштер мен олжалар кешендерін нақты этникалық құрылымдармен тендестіру үшін материалдар әзірше аз болып отыр.
Мен бұл жұмыс барысында көшпенділердің материалдық және рухани мәдениетіне қатысты мәселелерді қарастырып кетпекпін.
- Көшпенділердің материалдық мәдениеті
Көшпенділердің қолөнер мәдениеті. Алдыңғы орта ғасырлардағы қалалардың сауда-қолөнер орталықтары ретінде дамуы қолөнердің ауыл шаруашылығынан бөлініп шығу үрдісіне және негізінен алғанда байлар мен ақсүйектерге қызмет ететін қолөнер өндірісінің едәуір кеңеюіне байланысты болды. Орта ғасырлардағы қалада колөнердің ұйымдастырылуы туралы деректер жеткіліксіз. Тоқымашылык, теріден, жүннен, киізден бұйымдар жасау сияқты қолөнер туралы түсініктің жайы мардымсыз. Жазбаша деректемелерде ондай бұйымдар туралы айтылады, бірақ олар неғұрлым кейініректегі уақытқа қатысты. Мата тоқу жөнінде ұршыкбастардың табылуына қарап айтуға болады. Тері өңдеу мен одан тұрмыста және өмірде кажетті бұйымдар жасау жөнінде де солай деуге болады.
Қыш-құмыра ісі. Отырардың солтүстік рабады аумағынан VІІІ-ІХ ғасырлардағы қыш күйдірген пештер табылды, пештің ұзындығы 2, 7 м және ені 2, 5 м алмұрт тәріздес жасалған. Пештер алдыңғы заманның пештерінен неғұрлым жетілдірілген. Бұл пештердің күйдіру камерасы кеңейтілген, тем-ператураны реттеу жүйесі жақсартылған, мұның өзі дайындалатын өнімнің сапасын жақсартқаны күмәнсіз. Күйдіру пештерінің қалдықтары мен қалың күл төгілген жерлері бар құмырашылардың махаллалары Жетісу қалаларында бекіністі дуалдардың ішінен де, олардан тыс жерлерден де табылды. Пештердің біреуі Қызылөзен қаласының қираған жұртының орталығына жақын орналасқан. Оның оттығы жерден диаметрі 2, 6-2, 8 м, тереңдігі 2 метрден сәл астам болатын дөңгелек шұңқыр түрінде қазылып жасалған. Пешті түп жағынан оттықтың ортасына шикі кірпішпен салынған тіреу ұстап тұр. Тіреуді қалың ыс басқан. Күйдіру камерасына жалғасатын оттықтар мен ыстық жіберілетін саңылаулар байқалды.
Ыдысты қалыптау әдістерін ондағы оның кабырғасына түскен өндеу іздері бойынша анықтауға болады. Қыш-құмыра станогының құрылысы аяқ шеңберінің қолмен айналдырылатын ұршықшалармен және күйдірілген балшықтан жасалған жалпақ дөңгелек табақшалардың ұштасуы арқылы жасалған, ыдыс соларда қалыпталған. VII-IX ғасырлардағы ыдыстың түбі тегіс емес, мұның өзі қолмен айналдырылатын қыш-құмыра ұршықшасында жасалғанын көрсетеді. Дайын ыдыс шеңберден дөңгелек табақшамен қосып алынып, кепкеннен кейін ол ыдыстан оңай бөлініп қалатын болған. Кейбір бұйымдарда қалыпталғаннан кейінгі өндеу іздері сақталған.
Керамика. ҮІ-ІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Оңтұстік Қазақстан
қалаларының керамикасы хронологиялық екі: VI-VII ғасырдың бірінші жартысы және VII ғасырдың екінші жартысы - IX ғасырдың бірінші жар-тысы кешендеріне бөлінеді.
Ертеректегі кешен ас пісіретін ыдыстар - қазандар, көзелер, қақпақтар, табалар, мосылар; азық-түліктерді сақтауға, оларды тасымалдауға арналған ыдыстар - кеспектер, кеспекшелер, көзелер, құмыралар, кіреңкелер және ас ішетін ыдыстар - құмыралар, тегенелер, саптыаяқтар болып бөлінеді. Шырағдандар, балалардың ойыншықтары керамика бұйымдарының жеке тобын құрайды.
Асхана керамикасында көзелер басым. Бұлар - бүйірі дөңгеленген, мойны аласа, ернеуі сыртқа карай сәл шығыңқы аласа ыдыстар. Көзелердің жартылай дөңгелек немесе шығыңқы тісті түрінде жапсырылған тұзақ тәрізді, тік тұткалары болған. Қақпақтарының диаметрі әр түрлі - диаметрі 10-12 см болатын шағындарынан бастап, диаметрі 25-30 см болатын іріле-ріне дейін бар. Бу шығуға арналған саңылауы, ортасында немесе бүйірінде тұзақтәрізді тұтқасы бар қақпақтар да кездеседі. Қақпақтардың жиектері кейде кертіктермен, ойықтармен безендірілген.
Керамика бұйымдарының бір тобы мүйізді өгіздің басы бейнеленген тұғыр болып табылады. Мұндай тұғырлардың беті терең ойықтар салу арқы-лы безендірілген.
Су және тамақ өнімдерін сақтау мен тасуға арналған ыдыс қолдан жап-сыру әдісімен немесе тұғырдың көмегімен жасалған. Қолдан жапсырылып жасалған ыдыстан негізінен шағын және үлкен қыш кеспектер кездеседі. Кеспектерге ортасында білігі бар, қиғаштап қарағанда тік бұрышты сал-мақты ернеуінің болуы тән. Қыш кеспектер жұмыртқа тәріздес сопақша, ернеуі дөңгелек, түбі жалпақ болып келеді, көбінесе онда кенеп тәрізді ірі маталардың іздері болады. Кеспектердің көпшілігі ашық-қоңыр, қызғылт, сирек болса да ақшыл ангобпен, оның үстінен неғұрлым коңыр түсті, кейде қара деуге болатын ангобпен боялып, кауырсын сияқты жапырақтар, ирек бұрамалар, үш бұрыштар түріндегі өрнекпен сәнделген. Кеспектердің иіндерінде күйдірілгенге дейін салынған ернектер - сопақша, қисық, айқа-сқан, қосарланған сызықтар кездеседі, олар саусақпен жүргізілген.
Су таситын құмыралардың мойны қысқа да кең болып, ернеуі сыртына қарай сәл қайырылған, кесіндісі ромб сияқты жиегіне ұласады. Көлбеу, шығыңқы иінді бүйірі жалпақ кең түбіне барып жалғасады. Ыдыстардың бұйірі алқызыл, қызғылт немесе қоңыр ангобпен боялып, шөппен, ылғал шуберекпен немесе арасы жиі жіңішке із қалдыратын арнаулы құралмен сүртіліп жылтыратылған. Тұтқаларының ені сопак, қуысы бар тік бұрышты болып келеді. Олар ернеуін иінімен жалғастырады, кейде жоғарғы шеті ернеуінен сәл төменірек бекітіледі. Негізгі түрі су таситын құмыралар болып табылады, олардың мойынының коңыр ангобы мен бедерлі бүршіктері сәнді ұштастырылған. Жапсырылған өрнектер әдетте тұткаларында немесе бүйірінде кездеседі. Түтқаға жапсырылған өрнек оған зооморфтық мүсіншелер түрінде сәнделген. Тұтқаның астыңғы жағында қошқар мүйіз сияқты бейнеленген «S» және «V» белгілері түрінде жапсырылған өрнектер болады. Кейбір құмыралардың бүйірінде таңба сияқты етіп сызылып салынған белгілер бар.
Ас құятын ыдыстан кездесетіндері - негізінен қызыл ангобпен боялған құмыралар мен саптыаяқтар. Ас құятын құмыралар иі қандырылған балшықтан, ұршықшада жасалатын болды. Астықтың, бау-бақша дақылдары тұқымдарының табылуы егіншілікпен, бау-бақша өсірумен айналысу қосымша кәсіп болғанын дәлелдейді.
Жүзім өсіру және шарап өндірісі туралы мәлімет беретін қақпақтыңі фрагменті табылды. Қызылөзен және Новопокровск калаларының орындарынан табылған қыш көзелердің жиектеріндегі соғды жазуларына қарағанда, Жетісуда шарап құйылған бұл ыдыстар сыйға тартуға арналған. Жазулардың бірінде былай делінген: «Бұл ыдыс - Пақап қауымының тар-туы. Бұл шарапты шат кезінде іш, алдияр . . . Құдай бақыт берген Алып-Білге тақсыр бақытты болып, рахат керсін!». Луговоедегі қала жүртынан VII- VIII ғасырлардағы шарап ашытатын орынның қалдықтары табылды. Ше-берхана ауланың тұрғын үй кешені орындарының біріне орналасқан және бірнеше құбырмен жалғасқан жемісті сығу алаңқайларынан тұрған, олардан жүзім шырыны құдыққа аққан шырын сонда тұндырылып, тазартылған да, сонан соң ыдыстарға құйылған. Осында қайнатылған жүзім шырыны - бекмес дайындалған. Шарап ашытатын орын Талас аңғарындағы Төрткөл (Төменгі Барсхан) қаласының орнынан да табылды.
Қалалар мен ауылдардың тұрғындары егіншілікпен қатар ірі қара мен қой-ешкі, жылқы, түйе есіріп, олар шаруашылықта кеңінен пайдаланылған.
Сәулет өнері. Сәулет өнері ескерткіштері - оны жасаған қоғамның өмірі туралы аса бай ақпарат көзі. Өнердің және құрылыс техникасының ескерткіштері болумен қатар, олар дәуірдің эстетикалық нормалары, идеологиясы туралы, ғылыми-техникалық мүмкіншіліктің дамуы туралы, мәдени қарым-қатынастар туралы, құрылыс қолөнерінің ұйымдастырылуы мен денгейі туралы айқын түсінік береді.
Алайда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда казіргі кезге дейін сақталған архитектуралық құрылыстар саны көп емес және мұсылмандық орта ғасы-рлар дәуірімен шектелген. Сондықтан сәулет өнері тарихының жалпы про-блемаларын шешу, архитектуралық-көркемдік бейне эволюциясын ашып көрсету, сәулет өнері дамуының заңдылықтарын зерттеу көбінесе сәулет өнері ескерткіштерін археологиялық зерттеуге байланысты.
Сәулет өнері археологиялық қазба жұмыстарында табылған ескерткі-штерде, тіпті тас дәуірі ескерткіштерінің өзінен-ақ ұшырасып, одан кейінгі кезендерде барған сайын ұлғая береді. Ол адамның материалдық және ру-хани мәдениет сапаларын біріктіретін жасампаздық қызметінің ерекше түрі - «пайданың, беріктік пен әсемдіктің» ұштастырылуы болып табылады.
Еңселі тұрғын үй архитектурасы. Монументті тұрғын үй архитектурасына Жетісу қалаларының төңірегіндегі аумақтарда тұрғызылған замоктар жатады. Олар қолдан биіктетіліп (кейде табиғи биіктерді пайдаланып) жасалған биік аландарға тұрғызылған еңселі үйлер. Құрылыстар көптеген жартылай қараңғы жайлары, дәліздері бар бір немесе екі қабатты болған. Әдетте төменгі қабатында ұзынша 6-8 бөлмелі болып, олардың қабырғаларынын қалындығы екі метрге дейін жеткен және одан да қалың жасалған. Төменгі қабаттарына төбесіндегі арнаулы саңылаулар арқылы немесе шырағдандармен жарық түсірілген. Екінші қабатқа пандус немесе кішкене аспалы көпір апарған, ал одан баспалдақпен төменгі қабаттың бөлмелеріне түсуге болады. Замокқа әдетте саз балшықпен қоршалған кең аула түйіседі. Дуалдың үстіне әдетте сатылы жақтаулар орнатылған, одан оқ атуға болады. Құрылыстың бүкіл болмысын оның тұрғын жай ғана емес, қорғаныс құрылысы да болғанын көрсетеді. Тараздан, Қызылөзен қаласының жұртынан, Луговоеден, Ақбешімнен замоктар қазып-аршылды. Олар жоспарлануы мен құрылысының құрылымы жағынан да ұқсас. Қостөбе, Құйрықтөбе және Баба-Ата қала жүрттарының қамалдарын қазған кезде қызықты материалдар алынды.
Қостөбе қала жұрты Талас аңғарында жатыр және Жамукет қаласы деп саналады. Ол жартылай тік бұрышты етіп жоспарланған, биіктігі 15 метрге дейін жететін, жоғарғы алаңшасының көлемі 30x30 м болатын қамалдан тұрады. Оның қасында шахристан мен рабад (көлемі 450x450 м) және ұзын дуалмен қоршалған аумақ орналасқан. Негізгі қазба жұмысы қамалда жүргізілді. Қамал ққрылысының ансамбліне сарай кешені кірген. Оның құрылысы VI ғасырдан IX ғасырдың басына дейін созылған. Құрылыс екі кезенде жүргізілген: бірінші кезеңі - VI-VIII ғғ., екінші кезеңі - VIII ғасырдан IX ғасырдың басына дейін. Құрылысты қайталап салу кезінде сарайдың ішкі жайларының жоспарлануы, бекіністі дуалдардың орны өзгертілген. Барлығы 20 үй орны аршылды, олардың ішінде тұрғын бөлмелер, діни сипаттағы орындар, қонақ қабылдауға арналған салтанат жайлары, шаруашылық бөлмелері, сондай-ақ айналма дәліз бар.
Үйдің жалпы жоспары бөлмелердін, екі тобының жиынтығы болып та-былады, олар: үлкен залдардың орталық тобы және оның солтүстік жағынан шектесіп жатқан, орталық топқа қызмет көрсету мен оны қорғау міндетін атқарған шағын жайлардың шеткі тобы. Бүкіл ансамбльді айналасын төбесі жабық айналма дәліз қоршап жатыр.
Архитектуралық кешеннің орталық құрылымы бөлу залының тік бұрышты бөлмесі (9, 5x8, 2 м) болған. Оның оңтүстік-шығыс жағында қызметшілерге арналған бөлме болды. Бөлу залының шығыс жағында салтанатты «гофрирленген зал» орналасқан, оған ауланың ашық алаңшасы жапсарласып жатыр. Ортадағы бөлу залының солтүстік-батыс және солтүстік жағында діни-жоралғылықорындар орналасқан. Көлемі 40 шаршы метрге жуық діни-жоралғылық салтанат залы ағаштан ойып әсем безендірілген. Оның ортасында ғұрыптық ошағы бар жартылай дөңгелек үлкен сәкі түр. Көлемі нақ сондай деуге болатын екінші діни-жоралғылық залдың да ортасында ошақты жартылай дөңгелек сәкі бар, алайда бұдан безендірілген іздер байқалмады. Сарайлардағы осыған үқсас ғибадатхана кешендері Ташкент алқабындағы Қаңқа қамалынан, Мыңғұрык, Юнусабадтағы Ақтепе қалаларының жұрттарынан табылды. Ортадағы бөлу залының батыс жағында көлемі 40 шаршы метр болатын үлкен тұрғын зал орналасқан. Үйлердің орталық тобының солтүстік жағында қосалқы міндеттер атқарған орындар бар. Демалатын және тамақ ішетін орындар кешеннің солтүстік бөлігінде, не сарайға жақын бөлек тұрған үйде орналасқан болуы мүмкін деп шамаланады.
Сарайлардың жалпы композициялық шешімі залдардың атқаратын рөлін ескере отырып, биіктігі әр түрлі болуын көздейді, мүның өзі сыртынан қарағанда көлемінің қызықты панорамасын жасаған.
Мүсіндерде балшыққа жағылған ганч үстінен қызыл сызықпен көз ша-расының жоғарғы жағы, мұрынның қыры жүргізіліп, еріннің жиектері боялған; көздері самайда тұтасып кететін қара сызықпен қоршалған. Қас пен шаштың ірі бұйралары көк және қара түске боялып, самайға тағатын жарты шар түріндегі жапсырма үлкен әшекейлер - сылдырмақтар, кеудеге тағатын алқалар, білезіктер сызықпен айқын бейнеленген. Ақбешімдегі будда ғибадатханасынан табылған бодисатванын басы, күнәлілерді қорқытатын докшит-дін қорғаушының басы қызықты.
Ертедегі түріктердің тастан жасалған тұлғалары ерекше назар аударта-ды. Қазақстан тастан жасалған тұлғалар кең тараған аймақ болып табылады. Көрнектілігі мен көркемдік деңгейі жағынан олар әсте де біртектес емес. Кейде таста тек бас пен бет қана бейнеленген, бірақ олардың ішінен мәселен, үш мүйізді тәж кигізілген белгілі бейне секілді нағыз өнер шығармалары кездеседі. Мүсін жасау үшін ұзындығы 0, 5 метрден 2, 8 метрге дейінгі ұзынша тастар таңдап алынған. Оларды тастын жалпақ бетін аса батырмай бедерлеу немесе бейненің тұрқын қашап шығару техникасымен жасаған. Тұлғалық мүсіндер сирек кездеседі. Көбінесе мұртты және сақалды еркектер жиі бейнеленеді, әйелдердің бейнесі сирек кездеседі. Сақал-мұрты бар еркектер әдетте денесімен дене болып тұратын шекпен киіп, белдік буынған. Белдікке қару, қайрақ, қалта және басқа керек-жарақтар ілінген. Мүсіндерде қашап салынған заттар әдетте ертедегі түріктердің обаларында өлген адамдармен бірге қойылған заттардың арасынан кездеседі. Бас киім кигендері аз, кейде шашы көрсетілгендері бар. Тұлғалардың көпшілігінің оң қолына немесе екі қолына бірдей тостаған, саптыаяқ немесе текше тәрізді ыдыстар. Әдетте тұлғалар діни-салт ғимараттары қоршауларының шығыс жағына, беті шығысқа қаратылып орнатылған түрінде кездеседі. Оған жалғаса шығысқа қарай діңгек тас-балбалдар тізбегі кетеді. Мүсіндердегі еркектердің бет-пішіні әдетте монғол ендес, сабырлы да салиқалы болып келеді. Қиғаш көздері, шығыңқы шықшыттары айкын көрсетілген. Бейнелердің көпшілігі нақты адамдардың «портреттері» болып табылады. Ғасырлар қойнауынан мінез-құлқы әр түрлі - асқақ та өктем, жауынгер және арманшыл нақты адамдардың жүздері қарап тұрады.
Қолданбалы өнер. Қала мен даланы мекендеушілердің көркем шығар-машылығы мейлінше алуан турлі болуымен ерекшеленеді. Ең алдымен көзге түсетіндері - ұсак пластика, терракота, көркем керамика мен металл. Ме-талл мен ағаш оюлардың көптеген сюжеттері керамикаға көшірілген. Ою өнерінде жаңа техникалық тәсілдер, атап айтқанда, жапсыру, доғал және өткір стекалар, пунсон, қалыптар игерілді. Жұкалап ойып өрнектеу мен жылтырату кеңінен дамыды. Оюлардың сюжеті де әр түрлі: діни-магиялық сипаттағы нышандар мен эмблемалар, антропоморфтық және зоо-морфтық мотивтер.
Терракота бет-әлпеті, шашы және киімі женінен сипатты үлгідегі соғ-дылардың, түріктердің бейнелері болып келеді. Олар антропоморфтық ыдыстарда да, ыдыстардың жапсырмаларында да бейнеленген. Террако-таларда мейлінше алуан түрлі кейіпкерлер бар, олардың кейбіреулері зо-роастралык және буддалық иконография құдайларының бейнелерімен байланысты. Бұл жағынан алғанда, Қызылөзендегі терракоталық плакеткаға салынған құдай образындағы патшаның немесе қорқор ұстаған (сол қолына құрбан шалатын аспап ұстап, құрамы күрделі тәж киген және інжу шұғы-лалы) Аровахишт құдайларының бейнесі ерекше.
Оссуарийлер қақпақтарының төбесі көбінесе адамның басы, құстар мен андар, ғажайып мифологиялық бейнелер түрінде безендірілген. Оссуарий-лерге балшықтан ойып, қалыптап, жапсырып және бояп түрлі бейнелер са-лынған. Солардың ішінде екі оссуарийдегі бейнелер ерекше қызықты. Олар сопақша етіп жасалған, алдыңғы кабырғасында жоқтау көрінісі бейнеленген, онда композицияның ортасында мінәжат етіп, қолдарын кеудесіне басқан үш адамның бейнесі бар оссуарий мен жәшік сияқты тік бұрышты, ғибада-тханада қасиетті от жағу көрінісі бар оссуарий бейнеленген. Ортасында -ішінен жалын шығып тұрған сатылы биік мехрап, ал жан-жағында ұсак қатпарланып сәнделген және үш рет оралған белбеулі ұзын жейде киген абыздар бейнеленген. Абыздардың колдарында және олардың айналасында ғибадатханадағы дұға оку ғұрпына тән әр түрлі айшықтар бар.
Көшпелі және отырықшы халықтың көркемдігі жоғары бұйымдарының көпшілігі киім-кешек әшекейлері болып табылады. Құрама белдіктердің қаптырмалары, салпыншақтары мен қарсы ілгектері, ат әбзелдерінің әшекейлері ою-өрнектерінің байлығымен ерекшеленеді. Әсем құрама белдік-тердің бейнелері түріктердің тас мүсіндерінде, Пенджикент пен Афраси-абтың фрескаларында сақталған. Қаптырмалар географиялық түрде - төрт бұрышты, ай сияқты, жүрек тәрізді мүсіндер болып келеді.
Белдіктің ұзына бойына тағылып, өсімдік тәрізді және зооморфтық оюлармен өрнектелген олар біртүтас ансамбль сияқты әсер қалдырады. Белдіктер киімнің, жауынгерлік керек-жарақтардың атрибуттары ғана емес, сонымен қатар ерекше айырым белгісі және көркемдік мәдениет көрсеткіші болған. Жалпы алғанда, көркемдік мәдениетті былайша сипаттауға болады. Аз уақыттын ішінде бүкіл Орта Азияны бағындырып алған түріктер «отырықшы өркениет өнерін кеңінен пайдаланды, оларды көп мүсінді ком-позициялар» . . . «иконографиялық канондар, күрделі оюлар қызықтырды . . . », олар «соғдылардың өсімдік тәрізді оюларын» үйреніп, одан әрі дамытып, «абстрактілі элементтердің ұштасуына айналдырады». Сонымен бірге көшпелілердің мәдениеті өз кезегінде соғдылардың отырықшы қоғамына да ыкпал етті.
2. Көшпенділердің рухани мәдениеті
Көшпенділердің рухани мәдениеті жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Адамдардың құдайлық күштермен «қарым-катынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың - шамандардың қолында болды, ал шамандар ертедегі түрік текстерінде қам деп аталған. Шамандар сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған.
Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер -Суға (Йер-Суб) сыйыну болды. Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды. «Көк өз биігінен (көк жүзінен) менің әкем Илтериш-қағанға және менің анам Илбілге-қатынға жөн сілтей отырып, оларды (халықтан) жоғары қойды, менің өзімді түрік халқының аты мен даңқы жойылып кетпеу үшін қаған етіп отырғызған (қағандарға) мемлекетті сыйлаушы Көк деп ойлау керек». Көктің еркімен «түріктер жеңіске жетіп немесе жеңіліске ұшырап отырды». Жұт жайлаған жылдары түрік халқын Көк пен Жер-Су сақтап қалған. Түрік хандары өздерінің жазбаларында Көкті өздерің әрқашанда желеп-жебеуге шақырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz