Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару жайлы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3



1.ТАРАУ. ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Инвестицияның экономикадағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Инвестициялардын ұғымы және оның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУ ПРОЦЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Қазақстанға шетел инвстицияларын тарту процесіне талдау ... ... ... ... .16
2.2 «Жезқазғантүстіметалл» АҚ.ң инветсициялық қызметі ... ... ... ... ... ... .24



ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Менің қарастырылатын тақырыбым – Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару – қазіргі таңда өте актуалды болып саналады, себебі Қазақстан Республикасының сыртқы борышы әлемдік тәжірибесі бойынша критикалық нүктеге жетті. Сол себептен инвестициялардың қажеттігін дәлелдегеннен соң, оның тиімді пайдалануды бақылап басқарудың ролі айқындата түседі.
Инвестициялау деген не? Ол ағылшын тіліндегі (investments) қаржы жұмсау (қаржы салу) деген атаудан шыққан инвестиция (investment) деген мағынаны білдіретін өндіріс, ауыл шаруашылығы т.б. салаларды дамытып, өркендету үшін ұзақ уақыт жұмсауға арналған капитал түрі.
Қазақстан экономикасына инвестициялаудың жай-жапсарына келсек, бұдан 9-10 жыл бұрын ғана әлемдік аренаға шығып, тәуелсіздік алған мемлекетіміздің дүние жүзіндегі аса ірі саясаткерлер мен кәсіпкерлердің назарына ілігіп, көңіл аударар объектісіне айналып отырғаны шындық. Ол заңды да. Себебі еліміздің жер асты байлығымен қатар, басқа да орасан мөлшерде шикізат қоры, маманданған арзан жұмысшы кадрлары жетіп артылғандай. Ішкі нарық көлемінің шектеусіз екені тағы бар. Сондықтан басы артық капиталдарын осында орналастыру олар үшін мейлінше қолайлы да тиімді.
Шетел инвестициялары елдің экономикалық қызығушылығына айтарлықтай сәйкес келеді, қашан мазмұны жағынан өте арзанға бар фабрикаларды, зауыттарды, электростанцияларды, кеніштерді және т. б. сатып алу емес, шынайы түрде қаржылық және материалдық ресурстарды құятын болса. . Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне батыстың ескі құрал-жабдықтарын жоғары бағамен «өткізіп» жіберу мақсатында біріккен кәсіпорын құру практикасы да сай келмейді. Біріккен кәсіпорын көмегімен Қазақстан рыногынан өзінің бақталастарының өндірісін құлатуға тырысқан жағдайлар да бар. Экономикалық қауіпсіздік мәселелері шетел инвесторлары жағынан отандық әлеуметтік саясатты, қоршаған ортаны қорғау нормаларын, қаржылық ұтым жағынан қойылатын талаптарды сақтауда шиеленісе түседі.
Республикадағы шағын және орташа бизнесті көтеру сын көтермейді. Сапырылысқан коммерция арзанқол тауарлармен тоғытып, елдің еңсесін түсіріп жіберді. Ал өзіміз шығарған бірде бір өніміміз жоқ. Биыл осынау салаға 49,5 млрд теңге бөлініп отыр. Әй, қайдам, тағы қолды болып кете ме деген қауіп жоқ емес. Шын кәсіппен, өз өнерін салайын деген адамдарғажолжоқ. Олардың бизнес-жоспарлары да айлап сарғайып жатқаны. Орта жолдан кіріскен алаяқтар бұрынғы едәуір қаржы мен несиені қағып кетіп, айналдырып, шетел асырып, ит рәсуасын шығарды. Ал шынайы кәсіпкер болам деген ауылдың да, қаланың да атпал азаматтары шөміштен қағылуда.
1. Указ Президента Республики Казахстан от 31 декабря 1998 года N 4189 “О Государственной программе развития и поддержки малого предпринимательства в Республике Казахстан на 1999-2000 годы”.
2. Атамкулов Б. Государство как гарант рыночной экономики. Азия: экономика и жизнь. - 1998. - №1. - с. 20-21.
3. Оноприенко В.И. Малые предприятия: Опыт, проблемы М.: Профиздат, 1991.
4. Разумнова И. Мелкие предприятия в промышленности США. "Проблемы теории и практики управления", 1990г.
5. Тукаев А. Анализ развития малого бизнеса в Казахстане. // АльПари. - 1998. - №2. - с. 69-74.
6. Хизрич Р. Питере М. Предпринимательство. Вып. 1. М., 1991, с. 20.
7. Хоскинг А. Курс предпринимательства. М., 1993, с. 28.
8. Шулятьева Н.А. Малый бизнес в условиях рынка. "Деньги и кредит", 1992, N 1
9. Шахмалов Ф. Малое предпринимательство в системе рыночных реформ проблемы роста или выживания. "Вопросы экономики", 1993г.
10. Шумпетер И. Теория экономического развития. - М., 1982г. с. 184-194,211-225.
11. Международные экономические отношения / Учебник под ред. Трофимова А. Алматы: 2002
12. Арынов Е.М. и д.р. Международные экономические организации и экономические союзы. Алматы: ИРТ, 1999
13. Журнал "Саясат" №2 за 2001 г.
14. Журнал "Транзитная экономика" за 2001г.
15. Об итогах внешнеэкономической деятельности Казахстана за 2000 - 2002 гг. // Внешняя торговля. - 2003. - № 9. - С.5
16. Курс экономики. Москва. Инфра – М.2000 год. Учебник.
17. Международные экономические отношения. Учебник Ред. Жуков Е. Ф. Москва.1999год.
18. Внешнеэкономическая деятельность в Казахстане. 2002 год.№4, стр.14 - 16.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІрІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1-ТАРАУ. Инвестицияның ұғымы жӘне оның
экономикадағы рӨлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Инвестицияның экономикадағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Инвестициялардын ұғымы және оның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

2-ТАРАУ. қаЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУ ПРОЦЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Қазақстанға шетел инвстицияларын тарту процесіне талдау ... ... ... ... .16
2.2 Жезқазғантүстіметалл АҚ-ң инветсициялық қызметі ... ... ... ... ... ... .24

ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 3

КІрІСПЕ

Менің қарастырылатын тақырыбым – Қазақстан Республикасындағы шетел инвестицияларды басқару – қазіргі таңда өте актуалды болып саналады, себебі Қазақстан Республикасының сыртқы борышы әлемдік тәжірибесі бойынша критикалық нүктеге жетті. Сол себептен инвестициялардың қажеттігін дәлелдегеннен соң, оның тиімді пайдалануды бақылап басқарудың ролі айқындата түседі.
Инвестициялау деген не? Ол ағылшын тіліндегі (investments) қаржы жұмсау (қаржы салу) деген атаудан шыққан инвестиция (investment) деген мағынаны білдіретін өндіріс, ауыл шаруашылығы т.б. салаларды дамытып, өркендету үшін ұзақ уақыт жұмсауға арналған капитал түрі.
Қазақстан экономикасына инвестициялаудың жай-жапсарына келсек, бұдан 9-10 жыл бұрын ғана әлемдік аренаға шығып, тәуелсіздік алған мемлекетіміздің дүние жүзіндегі аса ірі саясаткерлер мен кәсіпкерлердің назарына ілігіп, көңіл аударар объектісіне айналып отырғаны шындық. Ол заңды да. Себебі еліміздің жер асты байлығымен қатар, басқа да орасан мөлшерде шикізат қоры, маманданған арзан жұмысшы кадрлары жетіп артылғандай. Ішкі нарық көлемінің шектеусіз екені тағы бар. Сондықтан басы артық капиталдарын осында орналастыру олар үшін мейлінше қолайлы да тиімді.
Шетел инвестициялары елдің экономикалық қызығушылығына айтарлықтай сәйкес келеді, қашан мазмұны жағынан өте арзанға бар фабрикаларды, зауыттарды, электростанцияларды, кеніштерді және т. б. сатып алу емес, шынайы түрде қаржылық және материалдық ресурстарды құятын болса. . Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне батыстың ескі құрал-жабдықтарын жоғары бағамен өткізіп жіберу мақсатында біріккен кәсіпорын құру практикасы да сай келмейді. Біріккен кәсіпорын көмегімен Қазақстан рыногынан өзінің бақталастарының өндірісін құлатуға тырысқан жағдайлар да бар. Экономикалық қауіпсіздік мәселелері шетел инвесторлары жағынан отандық әлеуметтік саясатты, қоршаған ортаны қорғау нормаларын, қаржылық ұтым жағынан қойылатын талаптарды сақтауда шиеленісе түседі.
Республикадағы шағын және орташа бизнесті көтеру сын көтермейді. Сапырылысқан коммерция арзанқол тауарлармен тоғытып, елдің еңсесін түсіріп жіберді. Ал өзіміз шығарған бірде бір өніміміз жоқ. Биыл осынау салаға 49,5 млрд теңге бөлініп отыр. Әй, қайдам, тағы қолды болып кете ме деген қауіп жоқ емес. Шын кәсіппен, өз өнерін салайын деген адамдарғажолжоқ. Олардың бизнес-жоспарлары да айлап сарғайып жатқаны. Орта жолдан кіріскен алаяқтар бұрынғы едәуір қаржы мен несиені қағып кетіп, айналдырып, шетел асырып, ит рәсуасын шығарды. Ал шынайы кәсіпкер болам деген ауылдың да, қаланың да атпал азаматтары шөміштен қағылуда.

1-ТАРАУ. Инвестицияның ұғымы жӘне оның
экономикадағы рӨлі

1.1 Инвестицияның экономикадағы рөлі

Инвестициялау деген не? Ол ағылшын тіліндегі (investments) қаржы жұмсау (қаржы салу) деген атаудан шыққан инвестиция (investment) деген мағынаны білдіретін өндіріс, ауыл шаруашылығы т.б. салаларды дамытып, өркендету үшін ұзақ уақыт жұмсауға арналған капитал түрі.
Инвестиция дегеніміз – негізгі капиталды көбейтуге немесе сақтауға бағытталған шығындар.
Инвестицияның түрлері:
1. Құрылымы бойынша инвестициялық шығындар 2 түрге бөлінеді:
1) Жалпы инвестиция.
Жалпы инвестиция дегеніміз – негізгі капиталдың жиынтық қосындысына шыққан шығындар.
2) Таза инвестициялар.
Таза инвестициялар дегеніміз – жалпы инвестициялардан амартизациялық қорды алып тастағандағы инвестиция.
2. Объекті бойынша инвестициялық шығындар 3 топқа бөлінеді:
1) Кәсіпкерлік инвестиция.
Кәсіпкерлік инвестиция дегеніміз – фирмалардың еңбек
құралдарына шығарған шығындары.
2 Кәсіпкерлік инвестицияның негізгі нысаны бар:
1) Тікелей инвестиция. Тікелей инвестиция дегеніміз - өндірістік
кәсіпорындарға тікелей қор салу.
2) Партфельдік инвестиция. Партфельдік инвестиция дегеніміз – инвестордың пайда алу мақсатымен кәсіпорынның акция, облигация және т.б. құнды қағаздарын сатып алуы.
2) Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестиция.
3) Тауарлық – материалдық запастарға бағытталған инвестициялар.
Бұл запастарға шикізат, аяқталмаған өндіріс және сатылуын күтіп жатқан дайын тауарлар жатады.
3. Субъектілеріне байланысты байланысты инвестицияның түрлері 3 бөлінеді:
1) Мемлекеттік
2) Жеке
3) Сыртқы
Қолдану бағыттарына байланысты инвестицияның 2 түрі болады:
1. Нақты инвестициялар, яғни қорды материалдық активтерге салу.
2. Қаржылық инвестиция, яғни қорды құнды қағаздарға салу.
Инвестор дегеніміз - кәсіпорынның негізгі капиталына қор салып отырған субъект.
Инвестицияның қайнар көзері:
1. Инвестицияның ішкі көздері
2. Инвестицияның сыртқы көздері
Инвестицияның ішкі көздері:
1. Жинақтар (халықтың, ұйымның, мемлекеттің). Жинақтар дегеніміз – алынған табыстардың тұтынылмаған көздері.
Жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілер жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады (мысалы жұмысшының, оқытушының, дәрігердің т.б. жинағы). Алайда бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да кәсіпорындардың жинағы болады. Мұнда жинақшы мен инвестор сәйкес.
2. Біздің азаматтардың шетелдегі шетелдік банктердегі ақшаларын амнистициялау.
Инвестицияның сыртқы көздері:
1. Шетелдік тікелей инвестициялар.
Тікелей инвестициялар – Қазақстан Республикасының дербес кепілдіктеріне байланысты және Қазақстан Республикасына берілетін ресми техникалық көмек немесе гранттар шеңберіне кіретін инвестициялардан тыс инвестициялардың барлық түрі.
Шетелдік тікелей инвестициялар шетелдік капитал тартудың тиімді нысаны.
1. Халықаралық валюта қоры.
2. Халықаралық даму банкі.
Олар тек инвестицияны перспективті деп саналатын салаларға ғана салады. Олармен қатар транснационалдық компаниялар да салады. Мысалы: Шеврон, Окиок т.б.
2. Шетелдік партфельдік инвестициялар. Жалпы шикізатқа байланысты компанияның акциясын сатып алуы.
3. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымның гранттары.
Гранттар – халықаралық ұйымдардың лабараториялық материалдарды, құралдарды сатып алып академиялық зерттеу мен айналысу үшін (80 мың, 200 мың доллар көлемінде). Сонымен бірге жеңілдетілген ұзақ мерзімділі қарыз грант түрінде қаржылық және техникалық көмекке беріледі. Қазіргі кезде дамуға ресми көмек шеңберіндегі қаржылық көмек елімізге халықаралық және экономикалық ұйымдар, мәселен, халықаралық қайта жабдықтау және даму банкі, Азиялық даму банкі және демеуші елдер – АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Франция тарапынан көрсетіледі. Қазақстан егемендігінің алғашқы жылдарында қаржы негізінен төлем баланысын қолдауға, ұлттық валютаны нығайтуға жұмсалынды.
4. Шетелдік несиелер мен қарыздар.
Олар көбінесе Қазақстанға халықаралық ұйымдар мен дамыған елдер тарапынан келуде. Олар елге несие, қарыздарды 5-7 жылға дейін берді. Олардың қатарынан Ислам даму банкін, Халықаралық даму банкін, Жапония, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы сияқты дамыған мемлекеттерді қосуға болады. Сырттан келген инвестицияларды тиімді пайдалану мемлекеттің инвестициялық саясатына байланысты.
Инвестициялық саясаттың негізін заң шығарушылық және нормативтік өріс құрайды. Осыған байланысты 1997 жылы 2 заң қабылданды:
1. Шетелдік инвестициялар туралы Заң.
2. Тікелей инвестициялауға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі Заң.
Қазақстанның дәл бүгінгі бағыты мен бағдары экономикалық өсімнің тұрақтылығы мен ұлғаюына негізделіп отыр. Көптеген елдердің әлемдік тәжірибелеріне көз жүгіртсек тұрақтылыққа мемлекеттің жинағымен бірге сырттан инвестицияларды тарту арқылы қол жеткізгендерін көруге болады. Шетел капиталының легі мен мемлекеттік реттеуді ыңғайлы ұымдастырып, тиімді пайдаланса оның экономикаға септігі молынан.
Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру әр түрлі нысанда жүзеге асырылуы мүмкін, оған шетел банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторларының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұымдастырылуы мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұымдастыру тәжірибесін ала келеді.
Біздің экономикаға ірі инвестицияларды келтіру үшін бірнеше шарттарды орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік кепілдігін беруі қажет. Екіншіден мемлекет шетел инвесторларына пайданы тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік инвестициялар қоғамдық санада әлі де болса елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр.
Ал әлемдік тәжірибе болса, дамыған нарықтық экономиканың шетелдік инвестицияларды молынан сіңіріп алып жатқанын көрсетеді.
Мәселен, неліктен АҚШ, Германия, Жапония, Франция, Ұлыбритания сияқты өндірісі өркендеген елдердің экономикалық табыстары өте жоғары? Бәрі де шетелдік капиталдың арқасы. Бір ғана АҚШ-тың өзі 1970-жылдардың ортасында 30 миллиард доллардай шетел инвестицияларын иеленсе, 1980-жылдардың соңына қарай бұл көрсеткіш он еседей артқан. Қазір аталмыш мемлекет экономикасындағы шетелдік қаржы активінің көлемі 1,5 трил. Долларға пара-пар. Олардағы инвестициялық қарекеттерді реттейтін қуатты заң жүйелері арқылы тартылған мол көлемдегі инвестициялар ел экономикасының шарықтап дамуына, сондай-ақ, еңбек өнімділігі, экспорттық потенциал, бәсекелестік үрдісінің үдей түсуіне бірден-бір дәнекер болып отыр.
Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының келуі 1992 жылдан басталады. Ол экспорттық кредиттер арқылы екіжақты негізде қалыптасты. Халықаралық валюта қорымен арадағы келісімдер республикамызда сыртқы қаржыландырудың көзін ашты. Бұл процесс халықаралық қаржы ұымдарының дамушы елдерге ресми көмек желісімен кредиттік қорларға, ал шетелдік жеке кредиторлардың қаражаттары кәсіпорындар мен фирмаларға бөлінді. Елімізге шетел капиталын тарту халықаралық валюта (ХВҚ) қорынан валюта сатып алуға және жеңілдікпен заемдар алуға жол ашты. Бұл кезде Қазақстан өзінің алтын валюталық төлем құралын қалыптастыра бастаған еді. Осынау резервтер валютаны сатып алу ұлттық теңгеге сәйкестендірілудің келісімді шартын туғызды. Мұның өзі кредиттік қорлардың, жеңілдік заемдарының кредит беруші елдердің банктері мен халықаралық қаржы ұымдарынан қаражат түсірудің материалдық негіздеріне айналды. Осы орайда елімізде Stand-by бағдарламасы қабылданған. Бағдарлама бойынша мемкелетіміз 1998-1999 жж. аралығында тоқсан сайын ұлттық валютаны сатып алып отырды, ал STF келісімі негізінде 1998-2003 жж. аралығында жылына екі рет сатып алу жағы қарастырылуда. Қазақстан өзінің инвестициялық қызметінде төменгі халықаралық қаржы ұйымдарымен байланыста: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта жабдықтау және даму банкі, Азиялық даму банкі, Жапонияның эксимбанкі;
Халықаралық қайта жабдықтау және даму банкінің кредиттері көбіне импортты қаржыландыруға, мұнай өндірісіне техникалық көмекке, қалалық көліктің әлеуметтік мұқтаждықтары мен қаржы айналасына орналған. Ал Азия даму банкінің бөлген қаражаттары тұрақтылық бағдарламаларын қолдауға, құрылымдық қайта құруға және ауылшаруашылығы өндірісінің өркендеуіне пайдаланылды. Еуроазиялық даму және қайта жабдықтау банкінің қаражаттары ұсақ және орташа кәсіпорындарды жабдықтауға жұмсалады. Жапондық экспорт-импорт банкінің заемдары халықаралық қаржы ұйымдарының заемдарына қарағанда біраз жеңілдіктермен беріледі. Нақты кредиттік ставкасы 10% маңында.
1997-1998 жж. аралығында 3448,9 млн. доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылып, пайдаланылған. Оның 2,1 млрд. доллар мұнай газ кешені иемденсе, 0,9 млрд. доллар металургия саласына бөлінген.
Республикада жұмыс істеп жатқан халықаралық қаржы ұйымдарының легіне Ислам даму банкі қосылды. Қазақстан бұл күндері оның толыққанды мүшесі. Аталмыш банкпен басым бағыттар Ақмола үшін аса қажетті инфрақұрылымдарға арналды. Техникалық іскер байланыстар жағына келетін болсақ қайтарымсыз екі әрі көпжақты көмек Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасынан, Еуропалық бірлік (ТАСИС бағдарламасы), Ұлыбритания, Германия, Франция, АҚШ, Жапония тарапынан келуде. Техникалық көмек қаржылай емес дерлігіне қызмет түрінде болып келеді. Мысалы, заң шығарушы органдарға консультативтік көмек, шағын және орта бизнестегілерге түрлі жоба кеңестер, экологилық немесе әлеуметтік бағдарламалар сияқты.
Қазақстан Республикасы 1996-1997 жж. халықаралық жетекші агенттіктер тарапынан жоғарғы рейтингке ие болды.
Қазақстан Республикасының жоғарғы басқару органдары мемлекетіміздің болашақтағы стратегиялық өркендеуін және инвестициялық капиталға халықаралық бәсекелестіктің тынымсыз өсіп отырғанын ескеріп, 1997 жылы 28 ақпанда арнайы мемлекеттік инвестициялық комитет (МИК) құрды. Оған Қазақстанның Тікелей инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсету Заңына сәйкес экономикалық приоритетті секторларда тауар өндіру, қызмет көрсетуді қарқынды өркендету үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасау міндеттері жүктелген. Сондай-ақ, бұл мақсатқа жетудің қосымша кепілдері: жаңа технология, озат техника, ноу-хауды енгізу, ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен қамту, тауар өндіретін отандастарға қолдау, көмек жасау, экспорттық және импорттық тауарлар шығаратын өндіріс орындарын өркендету болып табылады.
Республика Президентінің 1997 жылғы 5 сәуірдегі жарлығымен тікелей инвестицияларды тарту үшін мынадай салалар экономиканың басымдық белгілер бар секторлар ретінде қаралады: өндірістік инфраструктура, өңдеу өнеркәсібі, Астана қаласының объектілері, тұрғын үй, туризм, ауыл шаруашылығы т.б. Тікелей инвестициялауға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі Заңға сәйкес, мемлекеттік инвестициялау комитеті Қазақстан Республикасындағы инвесторлармен қарым-қатынас жасайтын бірден-бір өкілетті орган болып табылады. Сондықтан кез-келген инвестор туындаған проблемалар хақында МИК-ке өтініш жасауы, ал аталмыш комитет оларға ешбір кедергісіз құлақ асып отыруы тиіс.
Бүгінгі таңда МИК Тікелей инвестициялауға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі Заңды іске асыру үшін қажетті нормативті актілерді дайындаумен де айналысуда. Қазақстан отандық, әрі шетелдік жекеменшік инвесторларға кеңірек белгілі бола түсуі үшін алда атқарылар ауқымды шаралар аз емес.
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай химия салалары, электр энергетикасы, металургия, коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдар, жүн, мақта т.б. ірі өндіруші болу себептері, агроөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп, экспортқа шығаруды арттыруға, сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады. Сол себепті аса ірі шетелдік фирмалар және корпорациялармен, соның ішінде американдық Дау кемекал, Окиок, Тексако, Шеврон, ағылшындық Бритиш петролиум, Бритиш газ, француздық Эльф Акитен және басқалармен келісімдер жасалды.
Қазақстан экономикасына аса ірі капитал тартудың айқын көрінісі 40 жыл мерзімге Теңізшевроил бірлескен кәсіпорнын құру туралы меморандумға қол қойылуы болды. Бірлескен кәсіпорынның қызмет істейтін бүкіл мерзімі бойында табыстың 80% Қазақстанға, 20% Шевронға тиісті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 1993-2000 жылдары елімізге шет елдерден келген тікелей инвестициялар 12530,3 миллион АҚШ долларын құрады. Оның ішінде қаржының ең көп мөлшері 1997, 1999 және 2000 жылдары келіп түскен. Қазақстан тікелей шет ел инвестицияларының 70% астам ақша қаржыларын салу көлемі 100 миллион АҚШ долларынан асатын елдерден келіп түседі. Инвесторлар тізімінің басында АҚШ (жыл сайынғы инвестиция көлемі 900 миллион доллардан астам), одан кейін Ұлыбритания (2000 ж. 464,2 миллион АҚШ доллар), Италия (351 миллион АҚШ доллар), Канада мен Нидерланды (жалпы көлемі 254,8 миллион АҚШ доллар) тұр. 2000 ж. қорытындысы бойынша Қытайдан, Германиядан, Индонезия мен Оңтүстік Кореядан келген инвестициялардың ұлғаю тенденция да байқалуда, мұндағы жалпы сома 280,7 миллион АҚШ доллар немесе Қазақстанға 2000 ж. келіп түскен барлық тікелей шет ел инвестицияларының 10,2% құрайды.
Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. Сондықтан оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қосымша көздерін ашу – еліміздің казіргі даму сатысындағы басты міндет. Оны шешу үшін республикамызда ғылыми тұрғыдан негізделген инвестициялық саясат жүзеге асырылуы керек. Ол халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталуы керек. Біріншіден, инвестициялық саясат негізді болуы үшін күрделі қаржыны тиімді пайдалануды, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын дұрыс анықтау керек екені белгілі. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Екіншіден, инвестициялық саясаттың негізді болуы үшін күрделі қаржыны пайдалану, оны молайту жолдары, табиғи ресурстарды өндіретін, өңдейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында ғылыми негізделген арақатынас болуы шарт.
Инвестициялық саясат экономиканың даму дәрежесіне байланысты өзгеріп тұрады. Ол сонымен қатар, өндірістің техникалық дәрежесіне де тікелей байланысты. Қазіргі кезде инвестицияны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағыттаған тиімді. Болашақта өндірістік салаға жұмсалатын инвестицияның ара салмағын өсіре беру орынды. Нарықты экономикаға көшу кезеңінде инвестициялық саясат машина жасау өнеркәсібін дамытуға, халық тұтыну бұйымдарын көбірек өндіруге, сұранысты отандық тауарлар есебінен қанағаттандыруға бағытталуы тиіс.
Шетелдіктер өз инвестициясын босқа жібермейді. Жыл сайын 1,3 млрд. доллар шетел инвестициясын пайдланамыз. Оларды өсіммен қайтару мемлекетке оңай емес. Бұл салада жетіспеген жағдай, жіберілген қателік көп. Алдағы уақытта отандық инвестицияға аса көңіл бөлініп, қор рыногын жандандыру керек. Инвестиция иемденуші еңбектен өндіруші еңбекке ауысқаны тиімді.
Халық шаруашылығының қай саласы да қаржысыз дамымайды. Оны табу, толықтыру мүмкіндіктері түрліше қиындықтарға душар етуде. Ел экономикасын дамытуды ішкі қаржының маңызды екені белгілі, бірақ, ол жеткіліксіз болып отыр. Осыған байланысты шетел қаржыларын тарту басты мақсатқа айналуда. Осы тұрғыдан біраз жұмыстар да тындырылды. Шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану жолдары тұрақты әңгімеге айналуда. Егер шетелдік қаржыны алғашқы алған жылдары біздің борышымыз 1,2-1,3 млрд. доллар, соңғы кезде (1999 ж. 1 қаңтар) ол 7,5 млрд. долларға жетіп отыр. Жыл сайын шетел капиталын пайдаланғанымыз үшін салық өсе түседі. Оны уақытымен толық мөлшерде төлеу үшін еліміздің өндіріс орындары, шаруашылық салалары өз жұмыстарын жандандыруы керек.
Бүгінгі инвестициялық саясат шетел инвестициясын көбірек тартуға бағытталған. Көп жағдайда өзіміздің отандық инвесторлардың мүмкіндіктері ескерілмейді, олардың капиталын өндірістік саланы дамытуға жұмылдыру жөнінен мемлекеттік шаралар жүзеге асырылмай келеді. Шетел инвесторларынан өндірісті меңгергенше екі жыл бойы салық алынбаса, отандық инвесторлардан салық үстемелеп алынады. Қазіргі кезде отандық инвесторлар шетел инвесторларына берілген жеңілдікті пайдалана алмай келеді.
Қазіргі кезде шетелдіктер өз инвестицияларын еліміздің шикізатын меңгеруге көптеп жұмсап, машина жасау, жеңіл, тамақ өнеркәсіптерін дамытуға мән бермеуде. Сондықтан, шаруашылық салаларын қаржыландырудың қосымша көздерін іздестірген жөн. Инвестициялық саясатты дұрыс шешу, отандық өнеркәсіп пен ауылшаруашылығының дамуына жағдай жасау, республикамыздың халқын жұмысқа орналастыру мен, олардың хал-ахауалының жақсаруымен тығыз байланысты. Отандық өндірісті дамытуға керекті инвестиция табу – еңбекке орналасу дәрежесін көтереді, жұмыссыздар белсенді түрде жұмыс іздейтін болады, қалаларда (әсіресе шағын қалаларда) жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады, жұмыссыздықтан қоғамның тұрақтылығына келетін қауіп азаяды.
Экономиканы дамытуда ішкі рыноктың тұрақтылығының маңызы зор. Инвесторлар оның дамуына жағдай жасау үшін, өз елімізде сапалы тауарлар шығарып, оны шетелдік тауарлармен бәсекелестік дәрежесіне дейін көтеру керек. Бұл бағытта басты міндет – отандық тауарлардың сапасын жаңартып ғана қоймай, оларды өндіруге кететін шығынды азайтып, бағасын төмендету. Егер отандық тауар өзіне аттас шетелдік тауарларынан арзан болып, сапасы сондай болса, халықтың біріншісін алуға ұмтылатыны белгілі. Тауар сатып алуда, оған жарнама жасауда артықшылық (приоритет) шетелдік емес, отандық тауарға жасалуы керек.

1.2 Инвестициялардын ұғымы және оның жіктелуі

Қаржылық инвестициялар - бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді - ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатка ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Капиталды бағалы кдғаздар кәсіпорынды дамыту үшін, оның капиталын (қорын) құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар кұкығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
бағалы қағазды усынушыға - құқыктарын орындау үшін, бірақ олардың иелерін теңестіруді (идентификациялауды) талап етпейді, ұстаушылардың атына тіркеу жасалынбайды. ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын кұқығын басқа адамға қарапайым жолымен колына береді.
атаулы бағалы қағаздар - белгілі бір адамның атына жазылады. Бағалы қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойылған талапты жеңілдету үшін белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға беріледі. Атаулы бағалы қағаздар бойынша құкық беретін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес, ондағы тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
ордерлік бағалы қағаз - ол ең алғашында иемденушінің атына немесе оның бұйрығы бойынша жазылады. Бұл онда көрсетілген кұкықтар қағазға түсірілген тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп - индоссаментке жазып береді. Индоссамент өзінде құқықтың болғанына ғана емес, сонымен бірге, оның жүзеге асуына да жауап береді. Бағалы қағаздардан алынатын табысқа қатысты оларды борыштық және инвестициялық етіп бөлуге болады.
Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, векселдер жатады.
Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.
Бағалы қағаздар эмитенттік сипаты бойынша: мемлекеттік (Үкіметпен ұлттық Банктің борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық-шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту мақсатымен қолданыстағы заңға сәйкес шығарылатын) болып бөлінеді.
Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар, облигациялар) және саудалық (коммерциялық векселдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінді.
Фондылық, бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.
Саудалық, бағалы қағаздар коммерциялық, бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарыктагы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қагаздарды нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.
Нарыкта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналыска түспейді. Бұндай бағалы қағаздар катарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы кағандар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалға, жабық АҚ акциялары сатып алу және сату мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы кағандар әрекет ететін орыны бойынша ақша нарығының бағалы қагаздары және капиталдық бағалы қагаздары болып бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз - қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарыктың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі - бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен катар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ак инвестициялық бағалы қағаздар болуы мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын ролі бойынша: негізгі (акциялар мен облигациялар), көмекші (чектер, векселдер, сертификаттар, т.б.) және негізгі бағалы қағаздардың алыну мен сатылу кұкьіғын куәландыратын шартты бағалы кағандар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер, сатып алу кұқығының артықшылығы).
Бағалы қағаздарды өздерінің алдына қойған міндеті мен максатына сәйкес басқа да белгілері бойынша (құжатты және құжатсыз, кері қайтарылатын және қайтарылмайтын, тұракты деңгейде және әр түрлі деңгейде табыс әкелетін) жіктелуі мүмкін.
Инвестор бағалы қагаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың тәуекелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық акдіаларын бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарыктық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық (фондылық) портфел деп аталатын бағалы қагаздардын жиынтығымен байланысты болады.
Қоржындык (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретіңде әртүрлі бағалы кағандар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің құрамына тәуелді, ол табыс немесе задал әкелуі мүмкін және тап сондай тәуекелділіктің де сол және басқа да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы қағаздардың тізбесін де, көлемін де инвестор өзгерте алады.
Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар типін.
Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі біртиптерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип - өсім қоржыны, екінші тип - табыс қоржыны.
Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың бағамдық (курстык) өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды. Күтілетін капитал өсімімен және тәуекелділіктің ара қатынасына байланысты қоржындық өсімнің ортасынан, тағы да басқа қоржынның түрлерін, атапайтқанда: агрессивті, консервативті және орташаөсімін бөліп көрсетуге болады. Агрессивті өсім қоржындары капиталдың максималды өсіміне бағытталады. Бұл қоржын үлкен тәуекелділікпен байланысты екенін көрсетеді, бірақ эмитент-кәсіпорындардың қолайлы дамуы кезінде ол үлкен табыс әкелуі мүмкін. Қоржынның бұл құрылымы, әдетте, тез өсетін жас компаниялардың акцияларымен көрсетілуі мүмкін. Консервативтік қоржынның өсімі негізінен ірі, жақсы белгілі және тұрақты компаниялардың акциясынан тұрады, бұндай қоржынның тәуекелділігі де аса үлкен болмайды. Қоржынның орташа өсімінде агрессивті қоржынға да, консервативті қоржынға да тән инвестициялық қасиеттері болады. Оның құрамына сенімді кәсіпорындармен қоса даму үстіндегі жас кәсіпорындардың да акциялары енеді. Мұндай қоржын жеткілікті жогары табысқа және тәуекелдің орташа деңгейін ұстауына қолайлы жағдай туғызады.
Қоржындардың екінші типі дивиденттер мен проценттер есебінен табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін қамтамасыз етеді және оида төуекелділіктің деңгейі нольге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жогары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін қорлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарықтық ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) қоржындар: айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы қағаздардың есебінен нарық коньюктурасы мүмкіңдік беретін болса, онда оларға жай акциялардың өзі де, қосымша табыс әкелуі мүмкін. Басқаша жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде ғана табыспен қамтамасыз етіледі.
Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толықсактау мақсатынан тұрады. Оның құрамына ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен калыптасады және нольдік тәуекедділік кезінде орташа табыс әкеледі.
Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсет етеді.Табыс қоржындары тұрақты құрамға және кұрылымға ие.
Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.
Мерзімі шектелген қоржын тек табыс табуға талпыныс жасап кана қоймай, алдына ала уакьіты белгіленген кезеңнің шегіндетабыс алуды көздейді. Ал мерзімі шектелмеген қоржынның уақыты шектеліп белгіленбейді.
Мүмкіндігінше толықтырылатын, қайтарып алынатын және тұракты қоржындар ажыратылып көрсетіледі. Толықтырылатын қоржындар, бастапқы салынған ақша қаражаттарының есебінен емес, сыртқы қаражат көздерінің есебінен өсуі (толықтырылуы) мүмкін. Қайтарып алынатын қоржындар бастапкы салынған қаражаттардың бір бөлігін қайтарып алуға жол береді. Тұрақты қоржындарда бастапқы салынған қаражаттар қоржынның барлық кезең бойына тұрақты көлемін сақтайды.
Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты- жаңа технологияларды, алдыңғы катарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және колайлы қызметкөрсету; отандыктауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазакстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетинттің әдістерін енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын камтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жаксарту болып табылады.
Преференция - халықаралық келісімдер бойынша инвестицияларды, сауданы және т.т. кенейту мақсатында берілетін артыкшылықтар.
Шетелдік инвестициялар Казакстан Республикасының занды тұлғаларының жарлық капиталына катыса отырып, ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын қоргауына болады.
Шетелдік инвесторлар заңға кайшы келмейтін кез келген кызметпен, атап айтқанда: бірлескен кәсіпорындарды кұруға және олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік кұкын сатып алуға, карыз, несие беруге т.б. кызметтермен шұғылдануына болады.
Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға кұқылы, Қазакстан аймағында қайта каржыландыру үшін, тауарлар алуға және баскада мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының зандарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуына болады.

2-ТАРАУ. қаЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУ ПРОЦЕСІ

2.1 Қазақстанға шетел инвстицияларын тарту процесіне талдау

Өзінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, экономикасының дамуы үшін Қазақстанның күшті потенциалы бар. Егер тек шикізаттық сектордың мүмкіндігін айтар болсақ, онда республика қойнауындағы минерал шикізатының шығымын эксперттер 8,7 трлн долларға бағалайды. Елімізде дүние жүзімен салыстырғанда мыстың қоры 10 процент, қорғасын - 19 процент, мырыш -13 процент, темір - 10 процент. Қазақстан уранның қоры бойынша дүние жүзінде бірінші, алтын бойынша - жетінші орында. Жалпы дүниежүзілік қорлардан бариттің анықталған қоры 1,1 есе, ал вольфрамдікі - 1,2 есе жоғары. Мұнай мен газ қорлары бойынша республикамыз дүние жүзіндегі алдыңғы қатардағы елдермен таласады.
Осы бір табиғи ресурстар іске косылу үшін оған ақша жүмсау керек, атап айтқанда төте инвестиция түріндегі.
Инвестициялық пәрменділіктің терең және ұзақ әлсіреуі аяқталмаған қүрылыстағы жағдаймен дәлелді сипатталады.
Қазақстанның үлттық есептеу агенттігінің дерегі бойынша аяқталмаған және іске қосылмаған қүрылыстарға, оның ішінде уақытша объектілерге жүмсалған капиталдың қаражат мөлшері 1995-1997 жылдары іс жүзінде өзгерген жоқ және орасан көп сома 296 млрд теңгені қүрайды. Аяқталмағандардың шамамен 80 проценті энергетика, түсті және қара металлургия және басқа қаржы көп талап ететін өндірістік құрылыстар болып табылады. Аяқталмаған қүрылыстарды шаруашылық айналымға енгізу - республика экономикасының қауіпсіздігін нығайтудағы аса ауқымды және жауапты мәселе.
Республиканың өз инвестициялық ресурстары өте шектеулі екендігі анық. Осыдан шетелдік инвестициялардың көбірек түсуін жанжақты қолдау қажет екендігі шығады. Соңғы үш жыл ішінде Қазақстанда негізгі қорларды күту және жаңарту үшін шетелдік инвестициялар үлесі өсті, бірақ әлі де жеткіліксіз. 1997 жылы бірінші жартыжылдығында республикада 8,9 млрд теңге шетелдік инвестиция (шамалы сома) пайдаланылды, ол
негізгі капиталдағы инвестицияның жалпы көлемінің 20 проценті. Шетелдік капиталдың жартысын бірлескен кәсіпорун, үштен бірін шетелдік фирмалар мен компаниялар пайдаланды. Қалған үлес отандық өндірістерге: жекеменшіктерге (15 процент) және мемлекеттік ұжымдарға калады.
1996-1997 жылдары төте инвестициялық көлем бойынша инвестор елдер ішінде алдыңғы қатарда (кему ретімен) Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания және АҚШ, Алмания, Франция, Нидерланды және басқа батысеуропалық мемлекеттердің Қазақстанға қызығушылығы төмен, тіпті төте инвестиция аз берген (1-кесте).
1-кесте
Түсу көздеріне орай төте шет елдік инвөстициялардың жүйесі

Демеуші елдер
1999 жыл
2000 (І-ші тоқсан)
Төте инвестициялар

100

100

Оның ішінде:

Жапония

28,4

36,6

Оңтүстік Корея

27,5

28,9

Ұлыбритания

15,7

13,5

АҚШ

11,1

11,1

Алмания

4,1

1,0

Италия

3,5

0,4

Түркия
3,1
2,4
Франция

2,1

2,4

Нидерланды

0,9

0,4

Израил

0,6

1,0

Швейцария

0,3

-

Басқалары
1,4
2,5

1999 жыл басында Қазақстанда шетелдердің қатысуымен 995 бірлескен кәсіпорын және шетелдік инвесторлар басқаратын 100-ден аса кәсіпорын жұмыс істеді. Бұдан отандық өндіріс даму үшін және де алдыңғы қатардағы технология мен басқаруды үйрену үшін қаражат (мемлекеттің қарызын құрамайтын) алады. Шетелдіктер кәсіпорындарға біршама немесе толық бақылауға қол жеткізеді де инвестиция бойынша дивидендті және түскен пайданы өз қалағанынша репатрияция жасай алады.
Өзіміздің қандай да бір дұрыстау бос дағдарысы қаражат болмаған жағдайда және экономиканың терең кризисі кезінде, шетелдік инвестициялар экономиканы көтеру үшін допингтің ролін атқарады, оның өзі мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға тікелей әсерін тигізеді. Екінші жағынан кейбір сомалар, әсіресе қорғаныс мәні бар, экономикалық қауіпсіздік жағынан шетелдік инвестициялар үшін жабық болуы тиіс.
Мысалы, Жапонияда, шетелдік осы салаларға жататын кәсіпорындардын акцияларын да сатып ала алмайды. Басқа батыс елдерде де шетел инвесторлары үшін лицензия берудің қатаң режимі бар, біздің республикада ол әрине әзірше жоқ. Алайда, дүниежүзілік алдыңғы қатардағылардан айтарлықтай артта қалған қорғаныс салалары мен өндірістері үшін шетел капиталының түсуі осы артта қалушылықты жоюдың және ұлттық қауіпсіздікті нығайтудың жолы болып табылады.
Шетел инвестициялары елдің экономикалық қызығушылығына айтарлықтай сәйкес келеді, қашан мазмұны жағынан өте арзанға бар фабрикаларды, зауыттарды, электростанцияларды, кеніштерді және т. б. сатып алу емес, шынайы түрде қаржылық және материалдық ресурстарды құятын болса. . Қазақстанның экономикалық қауіпсіздігіне батыстың ескі құрал-жабдықтарын жоғары бағамен өткізіп жіберу мақсатында біріккен кәсіпорын құру практикасы да сай келмейді. Біріккен кәсіпорын көмегімен Қазақстан рыногынан өзінің бақталастарының өндірісін құлатуға тырысқан жағдайлар да бар. Экономикалық қауіпсіздік мәселелері шетел инвесторлары жағынан отандық әлеуметтік саясатты, қоршаған ортаны қорғау нормаларын, қаржылық ұтым жағынан қойылатын талаптарды сақтауда шиеленісе түседі.
Қорыта айтқанда, шетел инвестицияларын тарату экономиканы модернизациялаудың тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Әуелі дамыған елдер арасында пәрменді түрде капитал алмасу жүріп тұрады, ал өркендеуші елдер шетел инвестициясын тарту үшін дүниежүзілік деңгейде қатал бәсекелестікке қатынасады. Батыс Еуропада 60 жылдары Америка капиталының күштеп кіруі жайлы айтылғанын айта кеткен жөн (С. Шрейбер. Американский вызов және басқалар). Алайда, 70-жылдардың басындаақ батыс-еуропалық және жапондық түрақты капиталдар сыртқы рынокқа пәрменді шыға бастады, оның ішінде АҚШ рыногына да 90 жылдары, мысалы, АҚШ-тың шетелдегі төте капиталының жалпы көлемі 800 млрд доллардан астам болса, америка экономикасына берілген қарамақарсы шетелдік төте инвестициялардың көлемі 600 млрд доллардан асқан. Жанашырларға (Қазақстан Президентінің термині сақталған) жауап бере тұра, Н. Ә. Назарбаев Ресейдің мемлекеттік қызмет академиясында сөйлеген сөзінде Құрама Штаттарында, мысал үшін, өздерінің рыногінде жапон капиталы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
Инвестиция және инвестициялық тартымдылық
Қазақстан экономикасын дамытудағы инвестициялық процестер
Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
Өндірісті кеңейтуге салынатын инвестициялар
Инвестициялық құқықтың түсінігі, пәні, қағидалары, жүйесі
Екінші деңгейлі банктердің инвестициялық функциялары
Инвестициялық банктердің ұсынатын қызметтері
Торғай-Петролеум ЖАҚ-ғы инвестициялық тартымдылығын талдау
Лизингтің теориялық негіздері. Қазақстандағы лизинг бизнесі
Пәндер