ХIХ ғасырдағы қазақ- татар әдеби байланыстары



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім
I тарау
1.1. Қазақ ауыз әдебиеттерінің ұқсастықтары мен өзгешеліктері ... ... ... ... .7

II тарау
2.1.ХIХ ғасырдағы қазақ. татар әдеби байланыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

III тарау
3.1.ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ. татар әдеби байланыстары ... ... ... ..21
3.2.ХХ ғасырдың II жартысындағы қазақ. татар әдеби байланыстары ... ... .32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Халықтардың мәдени байланыс проблемасы - заманымыздың маңызды, өзекті мәселерінің бірі. Оның үшін де халықтар арасындағы мәдениет пен әдебиет байланыстарын зерттеу бұл байланыстардың негізгі түрлері мен жолдарын анықтау, олардың заңдылықтарын ашу және оларға ғылыми және практикалық мәні бар іс саналып, әдебиеттану ғылымының маңызды бөлімінің біріне айналып отыр.
Кейінгі кездерде қазақ әдебиетінің украин, беларус, өзбек, тәжік, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ әдебиеттерімен жасаған достық қарым- қатынасы жөнінде бірсыпыра мақалалар жарияланды. Бұлардың қатарына С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Е.Ысмаилов, М.Дүйсенов, Р.Бердібаев, Т.Сұлтанов, А.Мусинов, Б.Тілегенов,С.Тойшыбаева, Р.Қайшыбаева мақалаларын қосуға болады.
Мақсаты мен міндеті. Біз бұл жұмысымызда, жоғарыда айтылғандай, әзірше әдебиет зерттеуші ғалымдарымыздың назарынан тыс қалып келе жатқан тың тақырып – туысқан халықтар әдебиеттерінің достық байланысы, туыстық қарым-қатынасы, атап айтқанда сол туысқан халықтардың бірі - қазақ, татар әдебиеттерінің байланысы мәселесін әңгіме етпекпіз. Өйткені қазақ елінің көп ғасыр бойы тығыз қарым – қатынас жасап келе жатқан халықтарының бірі – татарлар. Екі ел арасындағы осы қарым-қатынас жөнінде жазған өлеңдерінің бірінде ұлы татар ақыны Ғ.Тоқай:
Бұл достықтың тамырлары,
Ғасырлардың түбінде[1;31 ],
деген болатын. Ал, қазақ ақыны Ж.Молдағалиев қазақ пен татар халықтарының туыстық байланысын сөз ете келіп: «Біздің қарым-қатынасымыз ежелгі заманнан бері жасап келеді. Оның қай кезеңнен басталатынын ешкім де кесіп айта алмаса керек»,-деп жазды [2;24].
Расында, қазақ пен татар халқының арасында туыстық, достық қарым-қатынастың түп тамыры сонау терең тарих түкпірінде, көне ғасырлар қойнауында жатыр. Бұған ең алдымен олардың шыққан тегінің бір болуы, сөйлейтін тілдерінің туыстығы, көп ғасырлар бойы көрші - қоңсы отыруы, түркі мемлекеттерінің құрамында өмір сүруі себеп болды. Алайда, осыған қарамастан, көп уақытқа дейін осы мәдени қарым-қатынас пен әдеби байланыс жан-жақты терең зерттеліп, толық анықталмай келді. Қазақтар мен татарлар арасындағы мәдени байланыстар сөз болса, әдетте олардың көлеңке жағы көбірек айтылып, күнгей жағы көрінбей қалады. Әдебиеттер байланысын бірнеше қырынан алып зерттеуге болады. Біз бұл жұмысымызда қазақ татар әдебиеттері байланысының барлық мәселесін қамтымай, тек оның негізгі тарихи даму кезеңдерін ғана әңгіме етіп, көбінесе оның демократиялық, прогресшілдік жақтарына баса назар аудардық.
Біз бұл жұмысымызда қазақ татар әдебиеттері байланысының даму жолдары, осы екі халықтың саяси – экономикалық және мәдени қатынастары тарихына байланысты, негізінен төрт кезеңге бөліп қарадық. Оның біріншісі – қазақ-татар халықтарының жалпы түркі тұқымдас халықтардың құрамында – Түрік қағанаты, Дәшті Қыпшақ одағы, Алтын орда хандықтары қол астында тайпа-тайпа болып өмір сүрген кезі. Қазақ – татар әдебиеттерінің көптеген әдебиет нұсқалары –ауыз әдебиет үлгілері мен көне әдебиет ескерткішері негізінен осы тұста жасалған. Екінші кезең – татар және қазақ елінің Ресей мемлекетінің құрамына кіріп, тарихи тағдырлары мне ұлттық мүдделерінің ұштасып, тарихи мақсаттары мен мұраттарының ортақтас кезі. Бұл негізіне Х1Х ғасырдың екінші жартысын қамтыды. Үшінші кезең – ХХ ғасырдың басы, Қазақ төңкерісінің қарсаңы, қазақ-татар әдеби байланысының жаңа тарихи жағдайларда жаңа биікке көтерілуі. Төртінші кезең – көтерілістен кейінгі кез – Кеңес дәуірі. Мұнда қазақ- татар әдебиеттерінің өзара туысқандық, достық байланысы жатады.
Зерттеу жұмысының әдісі. Диплом жұмысын зерттеу барсында тарихи салыстырмалы, кешенді талдау, қорыта айту сияқты дәстүрлі, қажетті деген әдіс- тәсілдер басшылыққа алынып отырды және сол тәсілдердің озық үлгісімен жұмыс жазылды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Осы түбі бір туыстық, көне тіршілік, тарихи тағдырластық екі елдің саяси-экономикалық және мәдени өміріне, соның ішінде әдебиетіне де әсерін тигізіп, олардың өзара байланыс жасап, жақындасуына себеп болды. Мұны, әсіресе екі халықтың ежелден бері келе жатқан ескі ауыз әдебиет үлгілері мен көне әдебиет нұсқаларынан анық көруге болады.
Тағы бір айта кететін жай: қазақ пен татар халқы бір-бірінің ертегі-әңгіме, өлең-жырларын жатсынбаған, қайта жақын тұтып, жаттап алып, тіпті иемденіп кеткен.
Мәселен, татардың «Қара орман», «Ғалиябану», «Сандуғаш» сияқты өлең-жырлары қазақ арасына кең тараған. Ойын-тойларда, сауық - кештерде қазақ жастары татар жырын тамылжыта айтатын. Ерте кездің өзінде-ақ екі ауыз татар өлеңін білмейтін қазақ кемде-кем болған.
Қазір де «жырлап жіберуге» әзір тұратын қазақ қарттарын жиі кездестіруге болады. Мұның өзі татар жырының әрі құлаққа жағымдылығынан болса, әрі жақындығынан деп түсіну керек.
ХХ ғасырдың басында татар мәдениеті мен әдебиеті ерекше өрлеу жолында болды. Бұл кезде татар мәдениеті түркі тектес халықтар мәдениетінің көбінен жоғары тұрды. Осыған байланысты татар мәдениеті өзімен көрші, туыстас халықтар әдебиетіне де әсерін тигізді.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі татар әдебиетінің ең көрнекті өкілі, татар халқының ұлы ақыны Ғ.Тоқай шығармасы қазақ арасына кең тарады. Тоқайдың есімін де, еңбегін де білмейтін адамды қазақ арасынан табу қиын. Өйткені, Тоқай жырлары қазақ халқының жүрегіне жол таба білді, туындылары екі халықтың еншісіне айналды. Тоқай шығармалары қазақ арасынан өзінің көптеген қолдаушыларын тапты. Қазақ ақындары арасында «Тоқайша жазу», «Тоқайша жырлау» деген ұғымдар пайда болды. Қазақ ақындары С.Торайғыров, С.Дөнентаев, Ә.Ғалымов, Б.Күлеев, Т.Жомартбаев т.б. Тоқай шығармаларынан көп нәрсені үйренді және оның жекелеген өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Төңкерістен бұрын көпке дейін қазақтың өз баспа орны болмады. Осы кезде қазақ даласына татар кітаптары, журналдары, газеттері кең тарады. Бұл газет-журналдарда ( әсіресе «Шора», «Уақыт», «Жұлдыз») қазақ халқының өмірі, тарихы, әдебиеті жөнінде де материалдар басылып тұрды. Бұларда сонымен бірге, қазақ ақын- жазушыларының да шығармалары жиі жарияланды. Қазақ жазушыларының алғашқы кітаптары Қазан, Уфа, Орынбор, Петербург, Тройцкідегі татар баспаханаларында басылды.
1917 жылдан бастап қазақ - татар әдебиеттерінің байланысы бұрынғыдан да нығая түсті. Көрнекті татар жазушылары Ғ.Ибраһимов, Ф.Бурнаш, Ш.Усманов т.б. қазақ тұрмысынан көркем шығармалар жазды. А. Айдардың «Ташбай» романы, Ә.Әбсәләмовтың «Қазақ жігіті» очеркі, И.Салаховтың «Көкшетау далаларында» романы, Н.Арслан, З.Нури, М.Хусаинның көптеген өлеңдері қазақ өміріне арналған. Сол сияқты қазақ ақын – жазушылары Б.Майлин, Ж.Сыздықов, М.Дәулетбаев, С.Машақов, Ж. Молдағалиев, С.Мәуленов, С.Сейітов дастандар, мақалалар, очерктер жазды.
Ал татар тілінен қазақ тіліне, сол сияқты қазақшадан татаршаға аударылған шығармалардың саны мен сапасына келетін болсақ, ол көтеріліске дейінгі дәрежесінен көбейіп жақсара түсті.
Қазақ-татар әдебиеттері байланысының тығыздығы соншалық, тіпті кейбір ақын-жазушыларымыз өз шығармаларын екі тілде қатар жазып екі әдебиеттің де ортақ өкілі болып кеткен. Бұған мысал ретінде Қадырғали Қошымұлы Жалайыри (ХVIғасыр), Ахмет Оразаев- Құрмаши, Ақмолла (ХIХ ғасыр) және Әкрам Ғалымов (ХХ ғасыр ) шығармашылығын алуға болады. Ал, кейбір Кашафетдин ибн-Шахмардан, Сабырхан Мұхаммед- Садықұлы, Фатхулла Бекбауұлы (Қатиев), Ғариф Сейфулла ұғлы, Кеңес дәуірінде С.Шәріпов, С.Баязитов, М.Гумеров т.б. өз шығармаларын қазақ тілінде жазып, таза қазақ жазушысы болып кетті. Міне, осы шолудың өзінен –ақ қазақ пен татар халықтарының арасындағы мәдени және әдеби байланыстардың қаншалықты күшті болғанын анық байқауға болады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырып негізінен ХХ- ғасырдың II-жартысында Б.Ысқақов зерттеген.Оның «Қазақ – татар әдеби байланысы» ( 1976) атты зерттеу еңбегі бар. Бұдан кейін бұл тақырып осы уақытқа дейін зерттелмей келуде.Ары қарай зерттеу ісі жастардың еншісінде.
Алайда, осыған қарамастан, көп уақытқа дейін осы мәдени қарым-қатынас пен әдеби байланыс жан-жақты терең зерттеліп, толық анықталмай келді. Қазақтар мен татарлар арасындағы мәдени байланыстар сөз болса, әдетте олардың көлеңке жағы көбірек айтылып, күнгей жағы көрінбей қалады. Әдебиеттер байланысын бірнеше қырынан алып зерттеуге болады. Біз бұл жұмысымызда қазақ татар әдебиеттері байланысының барлық мәселесін қамтымай, тек оның негізгі тарихи даму кезеңдерін ғана әңгіме етіп, көбінесе оның демократиялық, прогресшілдік жақтарына баса назар аудардық.
Біз бұл жұмысымызда қазақ татар әдебиеттері байланысының даму жолдары, осы екі халықтың саяси – экономикалық және мәдени қатынастары тарихына байланысты, негізінен төрт кезеңге бөліп қарадық. Оның біріншісі – қазақ-татар халықтарының жалпы түркі тұқымдас халықтардың құрамында – Түрік қағанаты, Дәшті Қыпшақ одағы, Алтын орда хандықтары қол астында тайпа-тайпа болып өмір сүрген кезі. Қазақ – татар әдебиеттерінің көптеген әдебиет нұсқалары –ауыз әдебиет үлгілері мен көне әдебиет ескерткішері негізінен осы тұста жасалған. Екінші кезең – татар және қазақ елінің Ресей мемлекетінің құрамына кіріп, тарихи тағдырлары мне ұлттық мүдделерінің ұштасып, тарихи мақсаттары мен мұраттарының ортақтас кезі. Бұл негізіне Х1Х ғасырдың екінші жартысын қамтыды. Үшінші кезең – ХХ ғасырдың басы, Қазақ төңкерісінің қарсаңы, қазақ-татар әдеби байланысының жаңа тарихи жағдайларда жаңа биікке көтерілуі. Төртінші кезең – көтерілістен кейінгі кез – Кеңес дәуірі. Мұнда қазақ- татар әдебиеттерінің өзара туысқандық, достық байланысы жатады.
Пайданылған әдебиеттер

1. Тоқай Ғ. Шығармалары ІІ т. Қазан 1956ж
2. «Социалистік Қазақстан », 1962 24 қазан
3. Лизунова Е. Современный казахский роман. Алма ата, 1964г
4. «Қазақ әдебиеті », 1962, 26 қазан
5. Қазақтың мақал мәтелдері. Құрастырған Тұрманжанов Д. Алматы, 1957.
6. Татар халық мақалдары І т. Қазан. 1959.
7. Қазақ ертегілері Алматы, 1959.
8. Гүлшешек (татардың халық ертегілері ). Құрастырған Бәшіров Г. Алматы, 1957.
9. Валиханов Ү. Собр. соч. Т І. Алма-ата , 1961
10. С. Сейфуллин. Шығармалары. Алматы, 1964.
11. Усман Х. Егіз жырлар—«Қазақ әдебиеті », 1962, 26 қазан
12. Алматы батыр (Текст және аударма). Редакциясын басқарғандар : Әуезов М.О, Смирнова Н.С. Алматы, 1961
13. Алпамша.—Кіт: Бұрынғы татар әдебиеті, Қазан, 1963.
14. О татарских версиях «Алпамша »,--В кн: тезисы регионального совешания по эпосу «Алпамыш». Ташкент, 1956.
15. Валитова А. Татарская версия эпического сказания «Алпамыш».—В кн: Тюрко- монгольское языкознания и фольклористика. М, 1960.г
16. Сыдықов Т. Жыр қайнары. Алматы, 1966
17. Сыдықов Т. Глубокие корни. Алма-ата , 1975
18. Қозы Көрпеш-Баянсұлу. Құрастырған, кіріспе, мақаламен ескерту жазған Дүйсенбаев Ы.Т Алматы, 1959
19. Дүйсенбаев Ы.Т. Қазақтың лиро-эпосы Алматы 1973
20. Жолдасбеков М. Жыр туралы сыр «Социалистік Қазақстан» 1962,
3 қараша
21. Жолдасбеков М. Сан бақта сайраған бұлбұл жыр.—«Қазақ әдебиеті» 1962, 12 қазан
22.Тоқай Ғ.Шығармалары. ІІІ т. Қазан, 1956
23.Ғайнуллин М. Татар әдәбиеті (ХІХ-ғасыр ). Қазан, 1957 .
24. История татарской советской литературы. М, 1965
25. Сағди А. Тіл, әдебиет жазу hәм олардың тарихи өсулері .Қазан 1926
26. Ақмолла. Өлеңдері. Алматы, 1935
27. Мұқанов С. Жарқын жұлдыздар, Алматы, 1964
28. Сүлейменов Б. Жизнь и деятелность Ибраhима Алтынсарина(1841-1889)- Кіт: И Алтынсарин Собр. соч. ТІ Алма-ата, 1975.
29. Гайнуллин М. Х. Татарская литература (ХІХ век) Казань 1975
30, Татар поэзиясы антологиясы.Қазан 1956
31. Тоқай Ғ. Шығармалары IV том. Қазан, 1958
32. Кенжебаев Б. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері. Алматы, 1973
33.Харисов Ә.Башқұрт Халқының әдеби мұрасы. Уфа, 1965
34. Ақмолла. Өлеңдері. Алматы, 1935
35. Қ. Жұмалиев. Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі.ІІт, Алматы, 1960
36.Ақан сері. Өлеңдері. Алматы, 1965
37.Құдаш С. Жастық шақтың ізімен. Алматы , 1966
38. Мұстафин Ғ. Армысың ағайын !—«Қазақ әдебиеті» 1962, 26 қазан
39. Татар әдебиеті. (ХХ ғасыр) ІІ-бөлім. Қазан, 1954
40. Ғафури М.Шығармалары. ІІІ том. Уфа, 1957
41. Смайылов Е. Қазақ әдебиеті.(ХХ ғасыр ). Алматы, 1941.
42. Ақмұқанова Б. Ақынның ортақ мұрасы.---«Жұлдыз», 1973, №11
43. Бабич Ш. Шығармалары. Уфа 1958.
44.Дәрдымәнд. Сайланма әсәрләр. Қазан , 1959
45. Торайғыров С.Таңдамалы шығармалары.алматы, 1957
46.Тоқай Ғ. Сайланма әсәрләр. І том Қазан, 1953.
47. Дөнентаев С. Шығармалары. Алматы ,1957
48. Сейфуллин. Тар жол тайғақ кешу. Алматы. 1960
49. Қаратаев М. Ілияс Жансүгіров. Алматы 1961
50. Дүйсенов М. Ілияс Жансүгіров. Алматы , 1965
51. Мұқанов С. Өмір мектебі. 1-кітап. Алматы , 1965
52. Шәріпов С. Алтыбасар. Қызылорда , 1926
53. Құнанбаев А. Шығармалары. І том.Алматы , 1957
54. Жәлел М. Моабит дәптерлері. Қазан, 1963
55. Ауэзов М.Мысли разных лет. Алма-ата, 1961
56. Ғайнуллин М. Достықта күш. Қазан, 1973

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
I тарау
1.1. Қазақ ауыз әдебиеттерінің ұқсастықтары мен
өзгешеліктері ... ... ... ... .7
II тарау
2.1.ХIХ ғасырдағы қазақ- татар әдеби
байланыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
III тарау
3.1.ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ- татар әдеби
байланыстары ... ... ... ..21
3.2.ХХ ғасырдың II жартысындағы қазақ- татар әдеби
байланыстары ... ... .32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..45

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Халықтардың мәдени байланыс проблемасы -
заманымыздың маңызды, өзекті мәселерінің бірі. Оның үшін де халықтар
арасындағы мәдениет пен әдебиет байланыстарын зерттеу бұл байланыстардың
негізгі түрлері мен жолдарын анықтау, олардың заңдылықтарын ашу және оларға
ғылыми және практикалық мәні бар іс саналып, әдебиеттану ғылымының маңызды
бөлімінің біріне айналып отыр.
Кейінгі кездерде қазақ әдебиетінің украин, беларус, өзбек, тәжік,
түрікмен, қырғыз, қарақалпақ әдебиеттерімен жасаған достық қарым- қатынасы
жөнінде бірсыпыра мақалалар жарияланды. Бұлардың қатарына С.Мұқанов,
Ғ.Мүсірепов, Е.Ысмаилов, М.Дүйсенов, Р.Бердібаев, Т.Сұлтанов, А.Мусинов,
Б.Тілегенов,С.Тойшыбаева, Р.Қайшыбаева мақалаларын қосуға болады.
Мақсаты мен міндеті. Біз бұл жұмысымызда, жоғарыда айтылғандай,
әзірше әдебиет зерттеуші ғалымдарымыздың назарынан тыс қалып келе жатқан
тың тақырып – туысқан халықтар әдебиеттерінің достық байланысы, туыстық
қарым-қатынасы, атап айтқанда сол туысқан халықтардың бірі - қазақ, татар
әдебиеттерінің байланысы мәселесін әңгіме етпекпіз. Өйткені қазақ елінің
көп ғасыр бойы тығыз қарым – қатынас жасап келе жатқан халықтарының бірі –
татарлар. Екі ел арасындағы осы қарым-қатынас жөнінде жазған өлеңдерінің
бірінде ұлы татар ақыны Ғ.Тоқай:
Бұл достықтың тамырлары,
Ғасырлардың түбінде[1;31 ],

деген болатын. Ал, қазақ ақыны Ж.Молдағалиев қазақ пен татар халықтарының
туыстық байланысын сөз ете келіп: Біздің қарым-қатынасымыз ежелгі заманнан
бері жасап келеді. Оның қай кезеңнен басталатынын ешкім де кесіп айта
алмаса керек,-деп жазды [2;24].
Расында, қазақ пен татар халқының арасында туыстық, достық қарым-
қатынастың түп тамыры сонау терең тарих түкпірінде, көне ғасырлар
қойнауында жатыр. Бұған ең алдымен олардың шыққан тегінің бір болуы,
сөйлейтін тілдерінің туыстығы, көп ғасырлар бойы көрші - қоңсы отыруы,
түркі мемлекеттерінің құрамында өмір сүруі себеп болды. Алайда, осыған
қарамастан, көп уақытқа дейін осы мәдени қарым-қатынас пен әдеби байланыс
жан-жақты терең зерттеліп, толық анықталмай келді. Қазақтар мен татарлар
арасындағы мәдени байланыстар сөз болса, әдетте олардың көлеңке жағы
көбірек айтылып, күнгей жағы көрінбей қалады. Әдебиеттер байланысын
бірнеше қырынан алып зерттеуге болады. Біз бұл жұмысымызда қазақ татар
әдебиеттері байланысының барлық мәселесін қамтымай, тек оның негізгі тарихи
даму кезеңдерін ғана әңгіме етіп, көбінесе оның демократиялық,
прогресшілдік жақтарына баса назар аудардық.
Біз бұл жұмысымызда қазақ татар әдебиеттері байланысының даму жолдары,
осы екі халықтың саяси – экономикалық және мәдени қатынастары тарихына
байланысты, негізінен төрт кезеңге бөліп қарадық. Оның біріншісі – қазақ-
татар халықтарының жалпы түркі тұқымдас халықтардың құрамында – Түрік
қағанаты, Дәшті Қыпшақ одағы, Алтын орда хандықтары қол астында тайпа-тайпа
болып өмір сүрген кезі. Қазақ – татар әдебиеттерінің көптеген әдебиет
нұсқалары –ауыз әдебиет үлгілері мен көне әдебиет ескерткішері негізінен
осы тұста жасалған. Екінші кезең – татар және қазақ елінің Ресей
мемлекетінің құрамына кіріп, тарихи тағдырлары мне ұлттық мүдделерінің
ұштасып, тарихи мақсаттары мен мұраттарының ортақтас кезі. Бұл негізіне Х1Х
ғасырдың екінші жартысын қамтыды. Үшінші кезең – ХХ ғасырдың басы, Қазақ
төңкерісінің қарсаңы, қазақ-татар әдеби байланысының жаңа тарихи
жағдайларда жаңа биікке көтерілуі. Төртінші кезең – көтерілістен кейінгі
кез – Кеңес дәуірі. Мұнда қазақ- татар әдебиеттерінің өзара туысқандық,
достық байланысы жатады.
Зерттеу жұмысының әдісі. Диплом жұмысын зерттеу барсында тарихи
салыстырмалы, кешенді талдау, қорыта айту сияқты дәстүрлі, қажетті
деген әдіс- тәсілдер басшылыққа алынып отырды және сол тәсілдердің
озық үлгісімен жұмыс жазылды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Осы түбі бір туыстық, көне
тіршілік, тарихи тағдырластық екі елдің саяси-экономикалық және мәдени
өміріне, соның ішінде әдебиетіне де әсерін тигізіп, олардың өзара байланыс
жасап, жақындасуына себеп болды. Мұны, әсіресе екі халықтың ежелден бері
келе жатқан ескі ауыз әдебиет үлгілері мен көне әдебиет нұсқаларынан анық
көруге болады.
Тағы бір айта кететін жай: қазақ пен татар халқы бір-бірінің ертегі-
әңгіме, өлең-жырларын жатсынбаған, қайта жақын тұтып, жаттап алып, тіпті
иемденіп кеткен.
Мәселен, татардың Қара орман, Ғалиябану, Сандуғаш сияқты өлең-
жырлары қазақ арасына кең тараған. Ойын-тойларда, сауық - кештерде қазақ
жастары татар жырын тамылжыта айтатын. Ерте кездің өзінде-ақ екі ауыз татар
өлеңін білмейтін қазақ кемде-кем болған.
Қазір де жырлап жіберуге әзір тұратын қазақ қарттарын жиі
кездестіруге болады. Мұның өзі татар жырының әрі құлаққа жағымдылығынан
болса, әрі жақындығынан деп түсіну керек.
ХХ ғасырдың басында татар мәдениеті мен әдебиеті ерекше өрлеу жолында
болды. Бұл кезде татар мәдениеті түркі тектес халықтар мәдениетінің көбінен
жоғары тұрды. Осыған байланысты татар мәдениеті өзімен көрші, туыстас
халықтар әдебиетіне де әсерін тигізді.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі татар әдебиетінің ең көрнекті өкілі, татар
халқының ұлы ақыны Ғ.Тоқай шығармасы қазақ арасына кең тарады. Тоқайдың
есімін де, еңбегін де білмейтін адамды қазақ арасынан табу қиын. Өйткені,
Тоқай жырлары қазақ халқының жүрегіне жол таба білді, туындылары екі
халықтың еншісіне айналды. Тоқай шығармалары қазақ арасынан өзінің көптеген
қолдаушыларын тапты. Қазақ ақындары арасында Тоқайша жазу, Тоқайша
жырлау деген ұғымдар пайда болды. Қазақ ақындары С.Торайғыров,
С.Дөнентаев, Ә.Ғалымов, Б.Күлеев, Т.Жомартбаев т.б. Тоқай шығармаларынан
көп нәрсені үйренді және оның жекелеген өлеңдерін қазақ тіліне аударды.
Төңкерістен бұрын көпке дейін қазақтың өз баспа орны болмады. Осы кезде
қазақ даласына татар кітаптары, журналдары, газеттері кең тарады. Бұл газет-
журналдарда ( әсіресе Шора, Уақыт, Жұлдыз) қазақ халқының өмірі,
тарихы, әдебиеті жөнінде де материалдар басылып тұрды. Бұларда сонымен
бірге, қазақ ақын- жазушыларының да шығармалары жиі жарияланды. Қазақ
жазушыларының алғашқы кітаптары Қазан, Уфа, Орынбор, Петербург, Тройцкідегі
татар баспаханаларында басылды.
1917 жылдан бастап қазақ - татар әдебиеттерінің байланысы бұрынғыдан да
нығая түсті. Көрнекті татар жазушылары Ғ.Ибраһимов, Ф.Бурнаш, Ш.Усманов
т.б. қазақ тұрмысынан көркем шығармалар жазды. А. Айдардың Ташбай романы,
Ә.Әбсәләмовтың Қазақ жігіті очеркі, И.Салаховтың Көкшетау далаларында
романы, Н.Арслан, З.Нури, М.Хусаинның көптеген өлеңдері қазақ өміріне
арналған. Сол сияқты қазақ ақын – жазушылары Б.Майлин, Ж.Сыздықов,
М.Дәулетбаев, С.Машақов, Ж. Молдағалиев, С.Мәуленов, С.Сейітов дастандар,
мақалалар, очерктер жазды.
Ал татар тілінен қазақ тіліне, сол сияқты қазақшадан татаршаға
аударылған шығармалардың саны мен сапасына келетін болсақ, ол көтеріліске
дейінгі дәрежесінен көбейіп жақсара түсті.
Қазақ-татар әдебиеттері байланысының тығыздығы соншалық, тіпті кейбір
ақын-жазушыларымыз өз шығармаларын екі тілде қатар жазып екі әдебиеттің де
ортақ өкілі болып кеткен. Бұған мысал ретінде Қадырғали Қошымұлы Жалайыри
(ХVIғасыр), Ахмет Оразаев- Құрмаши, Ақмолла (ХIХ ғасыр) және Әкрам Ғалымов
(ХХ ғасыр ) шығармашылығын алуға болады. Ал, кейбір Кашафетдин ибн-
Шахмардан, Сабырхан Мұхаммед- Садықұлы, Фатхулла Бекбауұлы (Қатиев), Ғариф
Сейфулла ұғлы, Кеңес дәуірінде С.Шәріпов, С.Баязитов, М.Гумеров т.б. өз
шығармаларын қазақ тілінде жазып, таза қазақ жазушысы болып кетті. Міне,
осы шолудың өзінен –ақ қазақ пен татар халықтарының арасындағы мәдени және
әдеби байланыстардың қаншалықты күшті болғанын анық байқауға болады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл тақырып негізінен ХХ- ғасырдың
II-жартысында Б.Ысқақов зерттеген.Оның Қазақ – татар әдеби байланысы
( 1976) атты зерттеу еңбегі бар. Бұдан кейін бұл
тақырып осы уақытқа дейін зерттелмей келуде.Ары қарай зерттеу ісі
жастардың еншісінде.
Алайда, осыған қарамастан, көп уақытқа дейін осы мәдени қарым-қатынас
пен әдеби байланыс жан-жақты терең зерттеліп, толық анықталмай келді.
Қазақтар мен татарлар арасындағы мәдени байланыстар сөз болса, әдетте
олардың көлеңке жағы көбірек айтылып, күнгей жағы көрінбей қалады.
Әдебиеттер байланысын бірнеше қырынан алып зерттеуге болады. Біз бұл
жұмысымызда қазақ татар әдебиеттері байланысының барлық мәселесін қамтымай,
тек оның негізгі тарихи даму кезеңдерін ғана әңгіме етіп, көбінесе оның
демократиялық, прогресшілдік жақтарына баса назар аудардық.
Біз бұл жұмысымызда қазақ татар әдебиеттері байланысының даму жолдары,
осы екі халықтың саяси – экономикалық және мәдени қатынастары тарихына
байланысты, негізінен төрт кезеңге бөліп қарадық. Оның біріншісі – қазақ-
татар халықтарының жалпы түркі тұқымдас халықтардың құрамында – Түрік
қағанаты, Дәшті Қыпшақ одағы, Алтын орда хандықтары қол астында тайпа-тайпа
болып өмір сүрген кезі. Қазақ – татар әдебиеттерінің көптеген әдебиет
нұсқалары –ауыз әдебиет үлгілері мен көне әдебиет ескерткішері негізінен
осы тұста жасалған. Екінші кезең – татар және қазақ елінің Ресей
мемлекетінің құрамына кіріп, тарихи тағдырлары мне ұлттық мүдделерінің
ұштасып, тарихи мақсаттары мен мұраттарының ортақтас кезі. Бұл негізіне Х1Х
ғасырдың екінші жартысын қамтыды. Үшінші кезең – ХХ ғасырдың басы, Қазақ
төңкерісінің қарсаңы, қазақ-татар әдеби байланысының жаңа тарихи
жағдайларда жаңа биікке көтерілуі. Төртінші кезең – көтерілістен кейінгі
кез – Кеңес дәуірі. Мұнда қазақ- татар әдебиеттерінің өзара туысқандық,
достық байланысы жатады.

I тарау.
1.1 Қазақ- татар ауыз әдебиеті үлгілерінің ұқсастықтары мен
өзгешеліктері.
Әдебиеттің басқада құбылыстары сияқты әдеби байланыстың да өзіндік
пайда болу процесі, даму жолы және оның тарихи кезеңдері болады. Бұл
құбылыстар көбінесе әдебиетті жасаушы халықтардың тарихи байланысына, саяси-
экономикалық және мәдени қарым-қатынасына негізделеді.
Қазақ пен татар халықтарының тарихына көз жіберсек, бұл туысқандық
тамырларының тіпті тереңнен, сонау көне ғасырлардан басталатынын көреміз.
Біріншіден екі халықтың шыққан тегі бір – тарих сахнасыеа біздің
дәуіріміздің басында-ақ көріне бастаған сонау көне түркі тайпалары.
Екіншіден бұл екі халық көп уақыт бойы әуелі (V-VIII ғасырларда) Түрік
қағанатының, кейін (1Х-Х11 ғасырларда) Дәшті қыпшақ одағының, ақырында
(Х111-ХV ғасырларда) Алтын Орда хандығының құрамына кіріп, бір мемлекеттің
қол астында өмір сүрген.Қазақ татар әдебиеттерінің көптеген көне ортақ
үлгілері көбінесе осы кезде жасалған [4 ;139]. Үшіншіден бұл екі халық
кейін сол көне түркі – монғол тайпалары құрған қоғамнан бөлініп шығып, бірі
бұлғар-татар одағының, екіншісі – үйсін- қыпшақ одағының негізінде өз
алдына жеке халық болып қалыптасқан.Төртіншіден, бұл екі ел бірі- қазақ,
екіншісі – татар атанып, тарих сахнасына шыққанан бері негізінен бір өлкені
(Еділ-Жайық өзендерінің бойлары мен Орал-Алтай тауларының арасын) мекендеп,
көп ғасырлар көршілес қонып, іргелес тұрып өмір сүріп келеді.
Осыған байланысты олардың басынан кешірген тарихи тағдырлары да бір
болып, ұлттық мүдделері үнемі ұштасып жатты. Мәселен, қазақ –татар
халықтары Шыңғыс пен Бату бастаған монғол шапқыншыларының шабуылына бірдей
ұшырады. Кейін Қазан,Астрахань, Қырым, Сібір және Қазақ хандықтары болып
бөлінген кездердің өзінде де қазақ, татар халықтары өзара экономикалық
байланыс жасап, бір-бірімен сауда қатынастарын жүргізді. Тіпті қазақтар мен
татарлар бір кезде Ноғайлы одағын құрып, бір хандық болып та тұрды.
Қазақтың көптеген батырлық және лиро- эпостық жырлары көбіне осы дәуірде
пайда болған.
Міне, осы түбі бір туыстық, көне көршілік, тарихи тағдырластық және
эконмикалық қатынас екі елдің мәдени өміріне, соның ішінде әдебиетіне де
елеулі әсерін тигізіп, олардың өзара жақындасуына себеп болды.Мұны, әсіресе
екі халықтың ежелгі заманнан бері сақтанып келе жатқан ауыз әдебиеті
үлгілеріне көз жіберсек анық аңғарамыз. Бұл жөнінде белгілі татар ғалымы,
филология ғылымдарының докторы, профессор Х.Усман былай деп жазады: Қазақ
– татар әдебиетінің қарым-қатынас, өзара байланыс тарихы өте ертеден
басталады. Олардың түп тамыры, бастау бұлағы біздің халықтарымыздың ауыз
әдебиетінде жатыр.Ескі Орхон- Енисей жазуы мен Махмут Қашқари сөздігіне
үңілсек, олардан біздің тілімізде күні бүгінге дейін ортақ мақал-
мәтелдерді каездестіреміз. Мұндай туыстас шығармалар кейігі замандарда да
кем түспейді. Әсіресе эпос төңірегінде аса қызғылықты жәйттер
бар...[4;26].
Расында да, қазақ-татар халықтары жасаған ауыз әдебиеті үлгілері үнемі
өзара ұқсап, ұштасып жатады. Бұл жағынан алып қарағанда, олар бір көрікті
бақшаның қос гүлі тәрізді. Олай дейтін себебіміз:Бұлар бірігіп жасаған
ертегі-аңыздар, тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар,
батырлық және лиро- эпостық дастандар бір-біріне өте ұқсас. Тіпті, олардың
кейбіреулерінің қай халықтікі екенін де айыра алмайсың. Мәселен, Көз
–қорқақ, қол – батыр, Ер жолдасы тәуекел, Жатып қалғанша, атып қал, Бітер
істің басына, жақсы келер қасына,Өнер алды-қызыл тіл, Өнерді үйрен, үйрен
де жирен, Ұста -әруақ, Жан аямаған жау алар, мал аямаған дау алар, Ат
аунаған жерде түк қалар [5:17,28,37; 6:256,265,306] – деген қазақ-татар
мақалдарының мән-мағына жөнінен еш айырмасы жоқ. Өзгеріс тек жазылуы,
оқылуы және айтылуында ғана.
Сол сияқты татардың Шомбай атты ертегісі қазақтың Шық бермес
Шығайбай мен Алдар көсе деген ертегісіне өте ұқсас. Екеуінде де қу кедей
жігіт сараң байды алдап кетеді.Ал татардың Бай мен шаруа деген ертегісі
қазақтың Хан мен тазша бала деген ертегісіне, татардың Молда мен Мәзи
деген ертегісі қазақтың Тапқыш деген ертегі-аңыздарымен мазмұн, идея,
тіпті сюжет жағынан өте сәйкес. Ал, Есек дәме, Екі жалқау,
Ағайындардың қаз бөлгені деген ертегісі қазақ ертегілерімен тіпті сөзбе-
сөз үйлесіп жатады [7:367; 8:128].
Жоғарыда қазақ пен татарлардың тіпті бір кезде бірігіп Ноғайлы одағын
құрып, бір хандықтың қол астында өмір сүргенін айтып, өткен болатынбыз.
Қазақтың көптеген батырлық жырлары мен лиро – эпостық дастандары міне осы
Ноғайлы дәуірінде туған. Бұл жөнінде қазақтың тұңғыш ағартушы-ғалымы, қазақ-
татар халықтарының тарихи байланысын терең зерттеп, олардың ауыз
әдебиеттерінің нұсқаларын көп жинаған Ш.Ш.Уәлиханов былай деп жазады:
Туысқан ноғай мен қазақ ордаларының бірігіп өмір сүрген кезі қазақ
дастандарында алтын ғасыр есебінде жырланады. Жиренше шешен, Әз Жәнібек
және ноғай философы Асан қайғы атына байланысты әңгімелер, ертегі- аңыздар
және нақыл сөздердің көпшілігі сол кезде туған. Оларды дала тұрғындары осы
уақытқа дейін пайдаланады...
Орталық Азиядан Еділ бойына жөңкіген Жоңғар қалмақтары ноғай мен қазақ
ордасына шабуыл жасап, жат жерлік жаулар оларды өздерінің туған жерлерінен
ығыстырады,талан-таражға ұшыратады,қазақ пен ноғайдың туысқандық одағын
ажырытады. Қалмақтардан ығысқан ноғайлар Еділ мен Оралдың ар жағына
кетеді.Ал, қазақтар оңтүстікке ауады.Ноғай мен қазақтың осы екіге айырылуы
жөнінде шығарылған, бүкіл дала тұрғындарына мәлім жоқтауды дала күйшілері
осы уақытқа дейін ұмытпай қобызда ойнайды. Мұны естіген ақсақалдардың
көзіне жас келеді.
Ормамбет би өлгенде,
Он сан тоғай бүлгенде,
Қара орман күйгенде...
деп жырлайды дала Бояны (жыршысы)[9:218].Ш.Ш.Уәлиханов ноғайлы дәуірінде
жасалған әдебиетке татар, қазақ арасына кең тараған Едіге, Орақ батыр,
Ер Көкше, Ер Қосай, Шора батыр және Қозы Көрпеш – Баян сұлу
дастандарын жатқызады.
Татар мен қазақ халықтарының бір кезде бір хандықтың қол астында өмір
сүріп, көптеген әдебиет нұсқаларын жасағанын ауыз әдебиетін көп зерттеген
ақын С.Сейфуллин де растайды. Ол өзінің қазақ әдебиет тарихына байланысты
еңбектерінде, тіпті Ноғайлы дәуірінде туған әдебиет деген арнаулы бөлім
енгізеді. Сәкен ертедегі ноғайлы дәуірі (ХV-XVII ғ асырлар) кезінде
жасалған әдебиет нұсқаларын қазақ, татар, башқұрт, өзбек, қарақалпақ тағы
басқа халықтардың бірігіп жасаған ортақ әдебиеті деп есептейді.Бұған ол
көбінесе,батырлық жырларды және лиро эпостық дастандарды жатқызады.
Мәселен, С.Сейфуллин былай деп жатқызады: Қазіргі Қырым, Астрахань, Қазан,
Еділ бойлары, Башқұртстан, Өзбекстан, Қарақалпақ және басқа жерлердегі
түркі монғол руларының ол заманда ноғайлы елі атанғандары, ертедегі ноғайлы
батырлары туралы айтылған жырларды, әңгімелерді біздікі еді десе
айтуларына болады.Олай айтуға хақылары да бар. Ноғайлы заманындағы
ноғайлының батырлар әңгімесіне бәрі де ортақ деуге болады. Оларға...
қазіргі қазақтар да ортақ [10:299]
Ал,енді,Алтын Орда ыдырап, оның қарамағында отырған ноғайлы елі
бытырап, одан қазақ рулары бөлініп,өз алдына халық құрған кездегі татар
және қазақ әдебиеттерінің жайы жөнінде Сәкен тағы былай дейді: Қалың
ноғайлы бірте-бірте бытырап, бөлек-бөлек болып, жан-жаққа – ұлы-ұрымға,
қызы- қырымға тарасып кеткенде, қазақ атанып кеткен ноғайлылар өзінің
ноғайлы заманындағы, ноғайлының бытырай бастаған заманындағы батырлар
әңгімелерін өздері қазақ болып кеткен соң да ұмытпаған. Қазақ болған елден
өзге жерлердегі ноғайлылардың көбі ол батырлар жырларының ұзын ырғаларын да
ұмытып қалып, тек қана қысқа әңгімелерін ғана сақтап қалған. Тіпті кейбір
ел қысқа әңгімелерінің өзін де ұмытып қалған... Ертедегі, ноғайлы заманын
дағы батырларды әңгіме қылған жырлардың қайсысын алсаң да, қазақ болған
елдің ауыз әдебиетіндегісі өзге түркі –монғол руларының бәрінікінен де екі
есе немесе талай есе көлемді, талай есе толық сақталып келген...[10:299].
Мұнан кейін С.Сейфуллин ноғайлы дәуірінде жасалған әдебиет нұсқаларына
Едіге, Қобыланды, Алпамыс батыр, Қамбар батыр, Ер Тарғын, Ер
Сайын, Жабай батыр, Нәрік ұлы Шора батыр, Ер Көкше, Ер Қосай,
Қозы Көрпеш –Баян сұлу, Қыз Жібек дастандарын жатқызады да, өзінің бұл
пікірін осы поэмалардан үзінді келтіре отырып дәлелдейді.
Қазақ ғалымы Ш.Ш.Уәлиханов пен ақын С.Сейфуллин тарапынан айтылған бұл
пікірлерді татар ғалымы проф.Х.Усман да толық қуаттайды. Мәселен, ол былай
деп жазады: Бір кезде Қара теңіз жағасынан Алатау бөктеріне дейін созылып
жатқан сонау Дәшті Қыпшақ дәуірінде көптеген ортақ эпостық жырлармыз осы
аталған аралықтың Батысы мен Шығысында бір үлгімен, құдіретті күшпен
жаңғырып, айырмасыз, айна – қатесіз айтылған да жырланған.
Татар халқының тарихи дамуындағы одан бергі сан алуан өзгерістерге
байланысты олардағы эпостың даму жағдайлары да өзгеріп кетті. Татардың
халықтық шығармашылығы өзінің бұдан кейінгі даму дәуірінде бәйіт, қысқа
жырлар түріне ауысты да, ал қазақтар болса, сол эпостың байырғы батырлық
жыр дәстүрін одан әрі байытып әкетті[11:26]. Сөйтіп қазақтың тұңғыш
ағартушы-ғалымы Ш.Уәлиханов, ақын С.Сейфуллин, сондай-ақ белгілі татар
ғалымы, проф. Х. Усман да қазақ- татар әдебиеттерінің түпкі тектерінің бір
екендігін, олардың алғашқы нұсқаларының көбінесе бірігіп жасалғанын
айтады. С.Сейфуллин мен Х.Усман оның үстіне, әлгі бірігіп жасалған ортақ
әдебиет үлгілерінің татарларға қарағанда қазақ арасында молырақ және
толығырақ сақталып қалғанын атап өтеді.
Бұлардың бұл пікірлерінің дұрыстығын қазақтың батырлық жырларымен
танысқанда анық байқауға болады. Мәселен, есімдері қазақ, татар халықтарына
бірдей мәлім Едіге, Орақ Мамай, Қобыланды, Алпамыс, Шора жөнінде екі ел
арасында да көптеген өлең-жырлар мен ертегі - аңыздар бар. Бірақ қазақтың
бұл батырлық жөніндегі өздерінің ой-пікірлері мен ой-қиялдарын ертегі-
аңыз,яғни қарасөз түрінде ғана жеткізген. Бұған мысал ретінде Алпамыс батыр
туралы шығарманы алуға болады. Қазақ ішінде Алпамыс батырдың негізінен үш
версиясы болса, соның үшеуі де ұзақ өлең-жыр, яғни батырлық дастан түрінде
сақталған. Ал, татардың Алпамша атты ертегісінің әр кезде жазылып алынған
екі нұсқасының екеуі де ертегі, аңыз-әңгіме, яғни қарасөз түрінде жазылған.
Қазақ-татардың Алпамыс атты батырлық жыры мен көркемдік ерекшеліктері
мен олардың арасындағы өзара ұқсастықтар мен айрмашылықтар жөнінде
академик жазушы М.О. Әуезов, Қ.Жұмалиев, М. Ғабдуллин, проф. Н.С.Смирнова,
филология ғылымдарының кандидаттары А.А.Валитова мен Т.Сыдықовтардың ғылыми-
зерттеу еңбектерінде өте жақсы айтылған.[12:566; 13:37-46; 15:173-209].
Ал,енді татар мен қазақ халықтарының Алпамыс жөніндегі шығармасын өзара
салыстырып қарағанда көптеген ұқсастықтарды табуға болады. Мәселен, Алпамыс
туралы қазақ жыры мен татар ертегісінде де батырдың қалыңдығына үйленуі,
өзіне лайықты ат таңдап алуы, өзіне қарсы болған ханға сапар шегуі,
батырдың тұтқынға түсіп, зынданда отыруы, жабайы қаздың қанатына хат
байлап, оны өзі өскен өлкесіне жіберуі, әйеліне басқа біреудің үйленбек
оймен құда түсіп жатқан кезінде батырдың еліне қайтып оралуы т. б.
жағдайлар өте ұқсас келіп отырады. Бірақ бұл шығарма мазмұнының ұқсастығы
емес,тек сюжет желілерінің жақындығы ғана деп түсіну керек.Өйткені, татар
ертегісі мен қазақ жырын қатар салыстырып отырсақ, олардың арасында елеулі
айырмашылықтардың бар екендігі байқалады.Мәселен,егер Алпамыстың қазақша
версияларында: батырдың ата-анасының баласыз болу жайы әңгімеленсе,
Алпамша атты татар ертегісінде бұл жоқ. Сол қалыңдығының ата-аналарының
аттары да аталмайды. Сондай-ақ татар ертегісінде айтылатын Алпамшаның әйелі
үшін бәсекеге түсуі, Алпамша мен Сандуғаштың бірігіп патшаға қарсы тұруы,
батырдың үстемшіл Қылтаппен соқтығысуын баяндайтын эпизодтар қазақ
версиясында басқаша баяндалады.Алпамшаның қараңғы түнек, түпсіз құдықтан
босанып, сау-саламат еліне қайтып оралуы да басқаша.Сонымен бірге татар
ертегісінде мыстан кемпірдің айла-амалы да айтылмайды. Қатысушы адамдардың
да аттарында да атап айтарлықтай айырмашылықтар бар.Мәселен, қазақ
жырындағы Алпамыс, татар ертегісінде- Алпамша, Гүлбаршын- Сандуғаш, Тайшық
– Қылтап, т.с.с. болып келеді.
Татар ертегісін Алпамыстың қазақша версияларымен қатар алып
қарағанда, олардың өмірдегі құбылысты беру тәсілдерінде де айырмашылықтар
кездесіп отырады. Ол айырмашылықтар көбінесе қиял-ғажайыптық жайларға
байланысты құрылған. Алпамыс жайындағы эпикалық жырды халық Еділ жағалауына
әкелгенде, ол татар халқының өзіндік төл көркем туындысы болып саналып
кеткен.Ал, бұлардағы, яғни эпикалық жыр мен ертегінің арасындағы
айырмашылық жайларды қазақ пен татар халықтарының өмір шындығының әртүрлі
болып келуі, елдердің бастан кешкен тұрмыс жолының әр қилы болуынан деп
түсіну керек.
Алпамыс батыр сияқты Қозы Көрпеш- Баян сұлу туралы да екі ел арасына
бірдей тараған таңғажайып тамаша аңыз бар. Мұнда да, қазақтың ҚозыКөрпеш –
Баян сұлуы екі жастың арасындағы адал махаббаты мадақтаған лиро-эпикалық
дастан түрінде жетсе, татар аңызы Қозының ерлігін көрсетуге бағытталған
шағын ертегі түрінде ғана сақталған. Бірақ осы дастан мен ертегінің
көтерген тақырыбы. Айтайын деген ой-пікірі, мазмұны мен сюжетінде де елеулі
ортақтық пен ұқсастық бар. Мәселен, екі елдің аңызында да екі бай (бірде
олар хан немесе рубасы) аңға шығып жүріп, далада құда болады, кейін бір
құда өледі де, қалыңдықтың әкесі: Жетім ұлға қызымды бермеймін деп, қоныс
аударып көшіп кетеді. Жас батыр Қозының балалық шағы да бірдей
суреттеледі.Баянға аттанар жолдағы оған кездесетін кедергілер, қиыншылықтар
да бір тектес.Қозы мен Баян арасындағы дәнекердің – бозторғайдың әрекеті,
тағдыры ұқсас. Екі аңыздың да екеуінде Қозы Баянға тазша бала болып
келеді.екі нұсқаның екеуінің де соңы кейде қайғылы, кейде бақытты болып
аяқталады.
Осы аталған негізгі ұқсастықтарына қарағанда, Қозы Көрпеш – Баян сұлу
жырының о бастағы нұсқасы біреу-ақ екені сезіледі.Өйткені екі жастың
арасындағы мөлдір махаббатты жыр еткен бұл тамаша әр елдің өз топырағында
туа қалған күннің өзінде осыншалықты бірін-бірі қайталайтын ұқсастықпен
жырланбаса керек еді.Сонымен қатар бірнеше ғасырлар бойы жырланып, айтылып
келе жатқандығы себепті, бір тілден екінші тілге ауысқанда, сол халықтың
қасиетін бойына сіңіріп те отырған.Ал, келе-келе қалыптасып, сол елдің
дербес бір шығармасына айналуы әбден ықтимал.Бұл ретте жырды қабылдаған ел
өз басынан кешірген тарихи кезеңдерді, өз елінің ұлттық дәстүрлерін, әдет-
ғұрып, салт- санасын, тұрмысы мен психологиясын асқан шеберлікпен шығармаға
дарыта да, оны дамыта да білген. Қозы Көрпеш – Баян сұлу дастанын, оның
идеялық- көркемдік қасиеттері мен толып жатқан версиялары, варианттарын
салыстыра зерттеп, олардың әрқайсысына тән ерекшеліктерін ашқан академик
М.О.Әуезов, Қ.Жұмалиев, проф. М.Ғабдуллин, Ы.Дүйсенбаев,
Ә.Қоңыратбаевтардан бастап, бұл дастанды татар, башқұрт, алтай нұсқаларымен
салыстыра талдаған М.Жолдасбековтерге дейін осы пікірге саяды [18:354;
20:3; 21:12].
Сондай-ақ татар арасында көп жырланған, сюжеті шығыстан ауысқан Жүсіп-
Зылиқа, Таһир-Зуһра, Ләйлі-Мәжнүн, Сейфіл-Мәлік, Боз жігіт, Шәкір-
Шәкірат дастандары қазақ арасында да ерте кездің өзінде-ақ белгілі болған.
Ал, Қожанасыр әңгімелері, Тотының тоқсан тарауы, Қырық уәзір
хикаялары, Мұңлық-Зарлық жырлары қазақ даласында қандай құрметпен
айтылса, татар ноғайларында да сондай сүйіспеншілікпен жырланған. Бұл
эпостар мен дастандардың, ертегілер мен аңыздардың бүкіл Орта Азия
халықтарына, соның ішінде қазақтар мен татарларға да етене болып кеткені
соншалық, кейде бұлардың кейбіреулерінің түп төркінін табудың өзі де қиын.

II тарау
2.1.ХIХ ғасырдағы қазақ- татар әдеби байланыстары.
Әдебиеттер байланысы, әрине, тек халықтардың байырғы
қатынастарымен, атап айтқанда, олардың шыққан тегінің бірлігі, тіл
туыстығы, мекен жақындығымен ғана шектелмесе керек. Бұл мәселеде шешуші
қызмет атқаратын нәрсе--халықтар арасындағы саяси-экономикалық, әлеуметтік
байланыс, осыған сай туатын тарихи тағдырлар мен мұраттардың ортақтығы,
арман тілектер мен ұлттық мүдделердің ұқсастығы болмақ. Халықтардың, оның
ішінде, қазақ, татар халықтарының осы ортақ мақсаттары мен ұқсас мүдделері
Х1Х ғасырдың екінші жартысында, орыстың азаттық қозғалысының алғашқы
кезеңдерімен байланысты айрықша көзге түсті.
Татарстан мен Қазақстанның орыс мемлекетінің түгелдей қол астына
қосылып кетуіне байланысты жалғаса түсті. Өйткені, осыған байланысты қазақ,
татар халықтарының арасындағы екі-үш ғасырға созылған үзіліс қайта
жалғасты. Сөйтіп, баяғы түбі бір туыстық қайтадан қалпына келіп, туыстар
тағы да табысып, құшақтар қайта қауышты.
Осыған байланысты олардың әдебиеттерінің арасындағы көне қатынас та
қайта қалпына келіп, жаңа мазмұн, жаңа мағына тауып, жаңа бір арнамен дами
бастады. Міне, осыдан бастап, қазақ-татар әдебиеттерінің арасындағы
байланыстың жаңа дәуірі – екінші кезеңі басталды.
Ал татардың халық ақыны Ғ. Тоқай өз халқы әдебиеттің ХХ ғасырға дейінгі
осы артта қалу себебін, былай деп жазды: Не үшін біздің татарлар дүниеде
осынша ғасыр өмір сүріп, жөні түзу бір өлең жаза алмаған ? Әлде өлеңді
шығарушылар болып, оны жазып алушылар болмады ма? Сөйтіп ол өлеңдер өзін
шығарушылармен бірге жерге көмілді ме? Оған дейін еркіндік болмады дейін
десең, бізден басқа халықтарда да оған дейін еркіндік жоқ еді[22:144].
Татар әдебиетінің тарихы туралы жазған ғылыми еңбектерінің бірінде проф.
М.Ғайнуллин: татар әдебиеті өзінің тақырыбы, көтерген мәселелері, идеялық
және көркемдік дәрежесі жөнінде орыс әдебиетінен кем дегенде бір ғасыр
артта қалып отырды.Мәселен, орыс әдебиетінде ХҮ111 ғасырдың өзінде-ақ
көтеріліп, шешімін тапқан мәселелер татар әдебиетінде тек Х1Х ғасырдың
екінші жартысында ғана күн тәртібіне қойылды. Осыған байланысты татар
әдебиеті өзінің тақырыбы, идеясы, мазмұны, жанр түрлері, көркемдік жағынан
орыс әдебиетінен көп төмен тұрды[23:18]-деп жазады.
Қазақ елінің Ресейдің қол астына түгелдей қосылып бітуі ХХ ғасырдың
орта тұсы десек, сол кездің өзінде-ақ қазақ қауымы, қазақ әдебиеті орыстың
озат мәдениеті мен әдебиетін еркін игерген, олардың алдыңғы қатарлы
қоғамдық ой-пікірлерін өз бойарына сіңіре білген Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин
және А.Құнанбаев сияқты өз өкілдерін тудырды.Әрине бұл кездейсоқ нәрсе емес
еді. Бұған кейбір тарихи жағдайлар себеп болған.
Көрнекті татар жазушысы Ғ.Ибраһимов 1916 жылы жазған еңбегінде:
Қазіргі қазақ халқының рухани өмірінде халықтың өзіндік сипаты, табиғи
дербестігі, елдік ерекшелігі айқын байқады,- деп жазса [4:26], татар
ғалымы А.Сағди: Қазірде ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы
қалпында сақталынып қалған бір тіл болса, ол – қазақ тілі және қазақ
әдебиеті. Шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек, -деп жазды [25:86].
Ұзақ ізденудің нәтижесінде олар оқу – білімге, өнерге шақырған,
әлеуметтік әділетке үндеген ағартушылардың алғашқы тобын тудырды. Олардың
тек діни білімдері болғанмен, жаңа заманның жаңа талабын ағарып, халықтың
надандығын, қараңғылығын жою, көзін ашу жөнінде өз заманы үшін тың да озат
пікір айтты. Бұлардың қатарына Мәуле-Құли (ХҮ111 ғасыр), Отыз-Емени (1754-
1834), Ғабденнасыр Құрсауи (1776-1818), Ибатулла Салихов (1794-1867),
Ғабделжаббар Қандалилерді (1797-1860) қосуға болады. Бұлардың әрқайсысы өз
дәуіріне, заманына және білімдеріне сай әр дәрежеде әртүрлі ағартушылық
пікірлер айтып, жұмыстар жүргізді. Мәселен, татар ағартушыларының алғашқы
тобына жататын Мәуле Құли өзінің кейбір еңбектерінде құран сөзін, шариғат
заңдарын сопылық пікірлерді уағыздаумен бірге, бір үзім нан үшін ел кезген
жалаң аяқ, жалаң бас кезбелерге аяныш білдірген, халықты қараңғылықта
ұстауға наразы болған.
Дегенмен, өз заманы тұрғысынан қарағанда, бұлардың аз да болса озат ой-
пікірлері Х1Х ғасырдың басында әлі де үлкен әлеуметтік күшке ие бола
алмады.Өйткені, бұлар тек жекелеген қожа молдалардың адамгершілікке
жатпайтын өрескел қылықтарын әшкерелеп, көзі ашық оқыған, аздап болса да
мәдениеттілеу болуын талап етумен ғана қанағаттанды. Сөйтіп, ел арасында
аздап болса да беделі түсе бастаған ислам дінінің абыройын қайта қалпына
келтіріп, халыққа білім беру, оқу-ағарту жұмыстарын сол дін арқылы, ислам
жолымен жүргізбек болды. Осыған байланысты, олар айтқан ой-пікірлер сол
кездегі татардың қоғамдық көзқарастары мен мәдениетінде елеулі орын алды.
Х1Х ғасырдың екінші жартысында татардың қоғамдық ой-пікірі, мәдениеті
мен әдебиеті едәуір өрлеу дәуірінде болды
Оның үстінде 1804 жылы Қазан университеті және басқа да түрліше оқу
орындары ашылды.Мұнда орталық Ресейден келген көптеген ғалымдар (мәселен,
Н.В.Лобачевский, А.П.Щапов, Ф.Ф Лесгафт, К..В.Лаврский т.б.) жұмыс істеді.
Олардың кейбіреулері өздерімен бірге ондағы озат идеяларды да ала келді.
Оқта-текте, аз-мұздап қана бой көрсететін өздерінің ашық айқасқа шығып,
батыл күрес жүргізе алатын өз иделогтарын туғызды. Соның бірі және аса
көрнектісі Шиһабутдин Баһауитдин-Маржани (1818-1889) болды.
Маржани татар қауымында алғашқылардың бірі болып жаңаша (жәдит)
мектебін ашты. Онда дін оқуымен бірге ғылым үйрететін есеп, география,
тарих, орыс тілі сабақтарын да жүргізді. Маржани татарлардың орыс тілін
білу қажет екенін айтты және орыс-татар мектептерінің ашылуын барынша
қолдады.
Маржанидің көзқарасын қуаттаған, құптаған ақын-жазушылар шықты. Олардың
кейбіреулері оны өздеріне ұстаз тұтты, оның пікірін насихаттаушы болды.
Мәселен, белгілі ақын Ақмолла өзін Маржанидың шәкіртімін деп есептейді,оның
идеяларын қазақ арасына насихаттайды. Ол 1889 жылы Маржанидың қайтыс
болуына байланысты Маржани мәрсиясы ( Маржаниға ескерткіш ) деген өлең
жазады. Бұл өлең Дәмелда Шиһабутдин Маржани мәрсиясы деген атпен 1892
жылы Қазанда басылып шығады.
Ақмолла бұл өлеңінде Маржанидың сол кездегі қоғамдық өмірде, әлеуметтік
күресте алған орнын, атқаратын қызметін дұрыс бағалайды, оған арнап мынадай
өлең шумақтарын жазады:
Қазаннан бір ғалым шықты алмас болып,
Көбейді дұшпандары һәм қас болып,
Мағына жауһарларын қолына алды,
Ақиқат теңізіне терең шолып [26:31].
Ақмолла қай жерге барса да, кіммен айтысса да осылайша Маржани бастап
кеткен жаңалықты жақтап, оған бөгет болған кертартпа ескілікті сынап өлең
айтады. Міне, Ақмоланың осы ақындық үнімен бірге қазақ даласына Маржанидың
жаңашылдық идеялары да тарай бастады.
Маржанидың ескілікке қарсы күресіп, жаңалықты жақтау жөніндегі идеясы
жалғыз Ақмолладан ғана емес, қазақ арасындағы басқа да оқу оқып, көзі
ашылған адамдардан қолдау табады. Мәселен, Маржанидың кертартпа
ескішілдікпен күресі, ағартушылық ой-пікірлері Х1Х ғасырдың екінші
жартысында өмір сүрген қазақтың бірсыпыра ақын-жазушыларына, оның ішінде
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ақан сері, М.Серәлиннің қоғамдық-саяси, идеялық
көзқарастарына әсер еткені байқалады. Мұны қазақ ақын-жазушыларының кейбір
шығармашылығынан көруге болады.
Х1Х ғасырдың екінші жартысында татар, қазақ халықтарының қалың бұқарасы
жаппай дерлік сауатсыз болатын. Олардың арсында хат танып, шот білетіндері
саусақпен санарлықтай ғана еді. Сол кездегі татар және қазақ
ағартушыларының тобына қазақтардан – Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаевтарды қоссақ, татарлардан ағайынды Халфиндер,Х.Фаизханов,
С.Кукляшев, Ғ.Махмутов, Қ.Насыри т.б. жатқызуға болады. Бұлар ең алдымен
мұсылманша, орысша қатар оқыған, осыған байланысты Шығыстың да, Батыстың да
мәдениетімен жақсы танысқан білімді адамдар еді.
Қазақ-татар ағартушыларының бұл тобынан Шоқан Уәлиханов пен Хусайын
Файзхановтың, сондай-ақ Қаюм Насыри мен Ыбырай Алтынсариннің алатын орны
ерекше. Өйткені, бұлардың әрқайсысы өз халқының ағартушысы болуымен бірге,
өзімен көршілес туысқан халықтың тағдыры туралы көп оқыған, толғанған, оның
тарихы, тілі мен әдебиеті жөнінде келелі пікірлер айтқан, сондай –ақ онда
ағартушылық ой-пікірдің пайда болып жаңа бағыттағы жазба әдебиеттің
өркендеуіне елеулі ықпал еткен. Мұның мысалы ретінде қазақтың тұңғыш
ағартушы-ғалымы Ш.Уәлихановтың (1835-1865) өмірі мен еңбегін алсақ та
болады. Мәселен,ол алғаш рет ауыл молдасынан, татар мұғалімінен оқып хат
таныған. Соның арқасында татар тілі мен жазуын еркін меңгерген.Оның үстіне
Шоқан Уәлиханов озат ойлы орыс оқымыстыларымен ғана емес, сонымен бірге
алдыңғы қатарлы татар ағартушыларымен де таныс болған. Мысалы,
Ш.Уәлихановтың Х1Х ғасырдың орта кезінде өмір сүрген татардың атақты
оқымысты Ш.Маржанимен таныс болғаны, онымен кездесіп, сөйлескені жөнінде
мәлімет бар. Ш.Уәлиханов 1860 жылдың қысында Омскіден Петербургке бара
жатқан сапарында жолшыбай Қазан қаласына соққан, онда кейбір татар
рқымыстыларымен, соның ішінде Ш.Маржанимен де кездесіп,сөйлескен. Шоқан
Маржаниге қазақ халқының тарихы жөнінде, өзінің Қашқарияға жасаған саяхаты
туралы әңгіме айтқан.Сөйтіп Маржани өзінің еңбегінде келтіретін қазақ
тарихына, сондай-ақ, Қашқария мен Жоңғарияға байланысты иәліметтерді
Шоқаннан алғанға ұқсайды[27:41].
Сондай-ақ, Х1Х ғасырда өмір сүрген көректі татар ағартушысы, ғалым
Хусаин Фаизханов Шоқанның ең жақын достарының бірі болған. Шоқан
Петербургке барғанда, көбіне соның үйіне түсіп жүрген. Ал,Шоқан
Петербургтен өз аулына қайтқанда, оны шығарып салушылардың ішінде
Х.Фаизханов та болатын. Шоқан мен Хусаин өзара хат та жазысып тұрған.
Сондай хаттың бір-екеуін Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі
Ә.Х.Марғұлан мен татар ғалымы М.Усманов мұрағаттан тауып алып, баспасөз
бетінде жариялады.
Х.Фаизханов көзінің тірі кезінде татар медреселеріне реформа жасау
жөнінде өзінің жобасын жасап, түрліше өкімет орындарына ұсынады,
таныстарына хат жазады. Бірақ, Файзхановтың бұл жобасы патша үкіметі
орындарынан және кейбір татар ғалымдарынан тиісті қолдау таппағандықтан,
кезінде жүзеге асырылмайды. Сөйтіп, татар ғалымының өз халқын оқу, ағарту
жолына салу жөніндегі бұл әрекеті, қазақ ағартушысы Ш.Уәлихановтың арманы
сияқты аяқсыз қалады.
Х1Х ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген қазақ, татар
ағартушыларының кезінде орындалмай қалған осы арманын іс жүзіне асырған,
халықпен тікелей тығыз байланыс жасап, оларды оқу-ағарту ісіне бастаған
татардың көрнекті ғалымы Қ.Насыри мен қазақтың ағартушысы Ы.Алтынсаин
болды. Қазақтың көрнекті ағартушы-демократ, ғалымы Ы.Алтынсарин (1841-1889)
жастайынан орыс тілімен қоса ,татар тілін де оқып үйренген, орыс ғалымдары
в:В Григорьев, Н.И.Ильминский, В.В.Катаринскийлермен қоса, татар
ағартушылары С.Кукляшев, Х.Фаизханов, Қ.Насыри т.б. жақсы таныс, пікірлес
болған. Соған байланысты ол татар ағартушыларынан оқып үйрене
білген.Ы.Алтынсаринге сабақ берген ұстаздық еткен адамдардың ішінде белгілі
орыс ғалымы В.В.Григорьевпен бірге, бірнеше татар мұғалімдері де болады.
Олардың арасында Шығыс зертеушісі М:Бекчурин, ағартушы-ғалым С.Б.Кукляшев,
ахун У.Мусин т.б. бар еді[28:10-17].
Бұлардың ішінен С.Б.Кукляшевке ерекше тоқтаған жөн.Өйткені оның өмірі
мен ағартушылық қызметі қазақтармен, оның ішінде, Ы.Алтынсаринмен тығыз
байланысты болған. Салихжан Бекташұлы Кукляшев (1811-1864) Орынбордағы
Неплюев училищесінде (1823-1830) оқыған. Оны бітіргеннен кейін Орынбор
Шекара комиссиясында тілмаш болып істеген. Бірақ училищеден алған біліміне
қанағат тұтпай, Қазан гимназиясында, Қазан университетінде оқиды.1836 жылы
университеттің филология факультетінің Шығыс тілдері бөлімін үздік бағамен
бітіріп шығады, оған ғылым кандидаты дәрежесі беріледі. С.Б.Кукляшев татар
арасынан шыққан алғашқы ғылым кандидаттарының бірі.Университетті
бітіргеннен кейін С.Кукляшев Орынборға қайта оралып, ондағы бір кезде өзі
оқыған неплюев кадет корпусында Шығыс тілдерінен сабақ береді. Ол сонымен
бірге Орынбор шекара комиссиясының жанынан ашылған қазақ-орыс метебінде
бақылаушы, тәрбиеші әрі мұғалім болып істейді.1850 жылы тамызда осы
мектептің ашылуына қатысып, орыс және татар тілдерінде құттықтау сөз
сөйлейді, кейін Ы.Алтынсаринге сабақ береді, ұстаздық етеді. Сөйтіп болашақ
қазақ ағартушысы Ы.Алтынсаринның саяси-әлеуметтік, ағартушылық және
педагогикалық көзқарасының қалыптасуына, басқа да орыс оқымыстыларымен
бірге татар ғалымы С.Б.Кукляшев те елеулі әсер етеді.1859 жылы Кукляшев
шығарған Татар хрестоматиясы мен Ы.Алтынсаринның 1879 жылы жарық көрген
Қазақ хрестоматиясының арасынан көптеген үндестіктер мен ұқсастықтарды
табуға болады. Сондай-ақ С:Б:Кукляшев те , Ы.Алтынсарин де өздерінің
бойындағы барлық күш қуатын қараңғы халықтың көзін ашып, санасын оятуға,
оларды оқуға, өнер-білімге баулу ісіне бағыштады.
Белгілі татар ғалымы Х.Фаизханов 1860 жылдың жазында Орынборға келген.
Онда ол Ы.Алтынсаринмен кездеседі. Бұл кезде ол Орынбордың облыстық
басқармасында тілмаш болып істейтін. Х.Фаизханов пен Ы.Алтынсарин ұзақ
әңгімелеседі, сырласады, ақыры достасып кетеді. Мұны Х.Фаизхановтың
хаттарынан байқауға болады.
Татар ағартушыларының ішінен өзінің идеялық-шығармашылық қызметі
жөнінен Ы.Алтынсаринге басқалардан гөрі Қаюм Насыри (1825-1902) жақын еді.
Сондықтан ол одан көп нәрсені үйренеді. Қ.Насыри тәрізді Ы.Алтынсарин де
1864 жылдан бастап қазақ балалары үшін жаңа типті мектептер ашады. Соларға
арнап Қазақ хрестоматиясы атты оқулық жазады. Қазақтарға орыс тілін
үйрету мақсатымен Начальное руководство к обучению казахов русскому
языку (1879) деген еңбегін шығарады. Егер Қ.Насыри Қазан татарларының
сенімдері мен ырымдары (1880) атты этнографиялық еңбек жазса, Ы.Алтынсарин
де Орынбор ведомствосы қазақтарының өлген адамдарды жерлеу және оған ас
беру дәстүрінің очеркі (1870), Орынбор қазақтарының құда түсу, қыз ұзату
және той жасау дәстүрлерінің очеркі (1879) атты мақалаларын жариялайды.
Содай-ақ Қ.Насыри – татар прозасының негізін салушы, ауыз әдебиеті
нұсқаларын жинаушы болса, Ы.Алтынсарин де қазақ прозасының алғашқы
үлгілерін жасаған, қазақ балалар әдебиетінің атасы болған, халық әдебиеті
туындыларын көптеп жинаған жазушы. Қ.Насыри мен Ы.Алтынсарин шығармалары
тек мақсаты мен тақырыбы мен жөнінен ғана емес, сонымен бірге идея,
мазмұн, түр жөнінен де бір-біріне үндесіп жатады.
Қ.Насыри мен Ы.Алтынсарин өздерінің түрліше тақырыпта жазылған
оқулықтары, ғылыми-көпшілік кітаптарымен қараңғы халықтың көзін ашуға,
табиғаттың сырларын ұғынып, керегін ала білуіне, сөйтіп, өз тұрмысын
жақсартуға бірден-бір мүмкіндік туғызды.
Қ.Насыри дінді уағыздайтын Отыз уағыз атты кітабын жазып бастырса,
Ы.Алтынсариннің Шариғат-ул ислам атты кітапша шығарғаны мәлім. Алайда бұл
кітаптар олардың басты еңбектеріне еш нқұсан келтірмек емес.
Қаюм Насыридың ізгі есімі, ағартушылық қызметі және әдеби мұрасы өткен
ғасырдың өзінде-ақ қазақтар арасына кеңінен мәлім болған. Мәселен, 1870
жылдардан бастап Қаюм шығарған оқулықтар мен күнтізбелер сол кездің өзінде-
ақ қазақ даласына тараған. Әсіресе, оның 1872 жылы жарық көрген
Әбуғалисина хиссасы атты аңыз әңгімесін қазақтар оқыған. Әбу-Әли ибн
Синаның есімі және еңбегімен қазақтар көбінесе осы Қаюм кітабы арқылы
танысқан.
Тағы бір айтатын кететін жай: сол жылдардың өзінде-ақ Дала уәләяты
атты қазақ газеті өзінің беттеріндет Қ.Насыридің оқулықтары мен кітаптары
жөнінде хабарлар, рецензиялар жариялап отырған.
Қазіргі кезде қазақ ғалымдары мен жазушылары Қ.Насыридың
шығармашылығына көп көңіл бөледі. Мәселен, тарихшы Х.Айдарова, ақын
Ж.Сыздықов, журналист Б.Мәзитов қазақ баспасөзі беттерінде Қ.Насыри туралы
бірнеше мақалалар жазып, ұлы ағартушының өмірі мен қызметін қазақ
оқушыларына кеңінен насихаттады.Сөйтіп, еліміздің басқа да көрнекті
ғалымдары сияқты Қ.Насыри де қазақ оқушыларының аса қадір тұтатын ардақты
адамына айналды.
Х1Х ғасырдың екінші жартысында қазақ, татар әдебиеттерінің арасын
жақындастырған бір әдеби құбылыс пайда болды. Ол- өз шығармаларын екі ілде
қатар жазып, екі әдебиеттің ортақ өкілдері болып кеткен қазақ-татар
әдебиеттерінің ортақ өкілдері – Ахмет Оразаев Құрмаши мен Ақмолла
шығармалары еді.Бұлардың қайсысы болса да екі елдің ортақ ұлы болып, екі
халықтың тілімен әдебиетін, әдет-ғұрыпы мен салт-санасын жақсы
білген.Сондықтан да оларға екі халық тілінде де және екі халықтың тұрмысы,
арман-тілегі жөнінде шығармалар жазу аса қиынға соқпаған. Есімі мен еңбегі
қазақ және татар әдебиеттері тарихына бірдей енерлік, демек, екі елдің
әдебиеттерінің ортақ деп есептеуге толық тұрарлық ақынның бірі – Ахмет
Оразаев –Құрмаши-Қызылжари (?-1883). Өйткені, ол қазақ-татар тілдерін еркін
игерген,қазақ-татар әдебиеттерін жақсы білген, өз шығармаларында қазақ
әдеби тілін көбірек қолданған. Рас, оны қазақтардан гөрі татарлар жақсы
біледі,жақын тұтады. Сондықтан да оның есімі мен еңбектері татар
әдебиетінің тарихы мен татар поэзиясының антологиясына көптеп енеді [29:140-
145; 30:134-137].
Ахмет Оразаев-Құрмаши қазіргі Қорған облысындағы Звериноголовск
қаласында, татар отбасында туып өсті. Татар медреселерінде оқып, білім
алды. Кейін Қазан губерниясына келіп, білімін толықтыралды. Шығармаларын
көбінесе татар тілінде жазып, татарлар арасына таратты. Ол өз өмірінің
бірсыпырасын қазақтар арасында өткізеді, жас кезінде қазіргі Солтүстік
Қазақстан облысының орталығы – Петропавл (ескіше Қызылжар) қаласында
медреседе оқып тәрбиеленеді, кейін есейіп ержеткен шағында (1880 жылдары)
Қызылжарға қайтып келіп, осы қаладағы және қала маңындағы қазақ ауылдарының
ішіне барып бала оқытады. Ахмет Оразаев- Құрмаши татар тілі және әдебиеті
мен бірге қазақ тілі және әдебиетін де жақсы біген. Әсіресе, ол қазақтың
ертегі – аңыздарын,тұрмыс-салт жырларын, мақал-мәтелдерін, сол сияқты
батырлық және ғашықтық жырларын еркін игерген.Сондықтан да ол шығыс
шығармаларының сюжеті мен алып, 1874 – 1876 жылдары жазып шығарған Боз
жігіт пен Таһир мен Зуһра атты поэмаларында қазақ сөздерін көбірек
қолданады. Мәселен, Таһир мен Зуһрада сергелдең,қадам, бота, отағасы,
мазмұн, менен, алыс, қанша деген татар тіліне түсініксіз, қазақ сөздерін
жиі кездестіруге болады.Сол сияқты Ахмет қазақ тіліндегі етістік формаларын
да көптеп пайдаланған.Мәселен, оның өлең шумақтарынан мынадай өлең жолдарын
кездеструге болады:
Таңдап алған дұшпанның,
Аңдап алған дұшпанның,

Күннің жүзін қоршайды,
Тез жеткенге ұқсайды[30:135].
Бұл келтірілген өлең жолдарындағы кездесетін таңдап, аңдап немесе
қоршайды, ұқсайды сияқты етістік формалары татар тілінде кездеспейді деуге
болады.
Ахмет Оразаев сонымен бірге қазақтың өлең –жырларымен жақсы таныс
болуының арқасында өз дастандарының кейбір шумақтарын қазақ жырларының өлең
өлшемі үлгісінде жазған, ондағы ырғақ, ұйқас заңдылықтарын ұстанған және
қазақ халық фольклорында кездесетін көркем сөз тіркестерін барынша
пайдалана білген.
Татар ғалымы, профессор М.Ғайнуллиннің айтуынша, тіпті ол кейін өзінің
Таһир мен Зуһра атты дастанын таза қазақ тілінде жазып шығарған.Ал Боз
жігіт поэмасын жазарда, оның қазақ арасына тараған нұсқаларында негіз етіп
алған [23:135]. Сондықтан да болса ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ, шығыс және еуропа әдеби байланыстары
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Түркі тілдерін жіктеу тарихы мен болмысы
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
Түрік тілдеріндегі сын есім категориясының зерттелу тарихы
Бүркіт ысқақовтың шығармашылығы
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Императорлық Қазан Университеті жанындағы Тарих, археология және этнология қоғамы
Көркем өнер шығармашылығының 70-80 жылдардағы ерекшеліктері
Шоқан және оның шығыстанулық зерттеулері
Пәндер