Білім беру саласының дамуы


КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: ХХІ ғасыр - жаһандық жаналықтар ғасыры ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры да, өйткені ол қазіргі кезде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындап, халықтың өмір сүру сапасымен деңгейін көтеруде айрықша маңызды рөл атқарады. Өз кезегінде әлемдік қауымдастықтың бір мүшесі ретінде еліміз бұл мәселелерден тысқары қала алмайды. Қазақстан Республикасы өз егемендігін алған уақыттан бастап, білім беру жүйесі жаңа кезеңге көшті. Білім берудің оқулықтары жаңа стандартқа сай жасалуда. Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені) . Осы жерден Республикамыздың білім беру деңгейінің сапалығы туралы жаңа ұсыныс кеңестердің жүзеге асыру қажеттілігін байқаймыз.
Қазақстан жоғары білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді. Тәуелсіз мемлекетіміздің білім беру жүйесі мынадай екі түрлі маңызды процесті жүзеге асыруға бағытталған:
- ұлттық білім беруді жаңа арнаға салу; әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасу.
Елбасымыз кезекті Жолдауында «Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар» - деп атап өткен болатын. Осы мәселені шешу үшін төмендегідей міндеттерді де көрсетіп өтті. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда елімізде ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтуды жоспарға қойып берді. Ал орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керектігін атап өтті. Мектеп түлектері үш тілді қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиістігі де айтылды. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеретіні сеніммен нақтыланды [1 ] .
Бүгінгі күні білім беру жағдайы, күйі, болашағы жаңа кезеңге жол ашпақ. Көптеген оқу-орындарының оның ішінде мектептер, колледждер, университеттер, оқу негіздері ашылды. Қазіргі уақытта білім берудің мазмұнына талдау жасау өте қиын.
Диссертация жұмысының зерттелу деңгейі. Білім беру саласындағы әр түрлі мәселелерді зерттеуге көптеген ғалымдар үлесін қосқан. Осы саланы зерттеп тануға Я. Ә. Әубәкіровтың, К. Н. Нәрібаевтың, Шеденов У. К., Даулиева Ғ. Р., Джумамбаев С. К., Сарбасова Т. С., Сарбасова А. К., Бимендиева Л. А., Бейсенбаев Ж. Т., Мухтарова К. С. А. А. Абишев, С. А. Абдыманапов, Е. Б. Аймагамбетов, Р. А. Алшанов, К. А. Сагадиев, Р. К. Сатова, Ж. К. Туймебаев және т. б. отандық ғалымдар үлесін қосқан.
Нарықтық экономика шартында білім беру жүйесін басқару, қаржылық
қолдау көрсету мәселелері Критский М., А. Панкрухин, С. Г. Струмилин, Н. А. Синицин, Бушмарин И. В., В. П. Тихомиров, Ишина И. В, М. Х. Тусеева, В. М. Филиппов, Т. Шульц, Капелюшников Р. И., Албегова И. М., Леонова Т. Г., Емцов Р. Г., Нойт. және т. б. отандық және ресейлік ғалымдардың еңбектерінде зерттелінген.
Білім беру саласының ұлттық экономикадағы және елдің бәсекеге қабілеттілігін анықтаудағы білім берудің орнын Толстобров М. Ю., Чистякова О. В., Портер М. Э., Киченко Л. П. Е. С. Попова Cулима С. В. Житовская И. Г., Крылова И., Cкоров Г. Е., Д. Х. Байдрахманов және т. б. б отандық және шетелдік ғалымдар зерттеуге үлесін қосқан.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертация жұмысының мақсаты отандық білім беру саласының бүгінгі жағдайы мен өзекті мәселелеріне ғылыми талдау жасап, оның нарықтық қатынас жағдайындағы құрылымдық өзгерістері және білім саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттары бойынша теориялық-әдіснамалық және іс-тәжірибелік тұрғыдан ұсыныстар дайындау болып табылады. Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер орындалады:
- білім саласын дамыту мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын айқындаудың алғышарты ретінде зерттеледі, оның қазіргі жағдайына ғылыми-теориялық тұрғыдан баға беріледі; білім беру саласында мемлекеттік бағдарламалардың орнын анықтау және осы саланы қаржыландыру мәселелерін теориялық тәжірибелік тұрғыдан талдау; білім саласын арттырудағы шетелдік тәжірибелер мен экономикалық көзқараста зерттелініп, оны Қазақстан Республикасында қолдану ерекшеліктері сараланады.
Диссертация жұмысының зерттеу нысаны. Республиканың, ішінара аймақтар мен облыстардың білім беру қызметі мен мекемелері, оның жекелеген салалары диссертация жұмысының объектісі болып табылады.
Диссертация жұмысының зерттеу пәні. Отандық білім беруді дамыту шаралары, оны қаржылық қамтамасыз ету мәселелері және білім саласындағы экономикалық қатынастар диссертация жұмысының зерттеу пәні болып табылады.
Диссертация жұмысының әдіснамалық, теориялық және іс-тәжірибелік негізі. Білім саласын дамыту тақырыбына арналған шетелдік және отандық монографиялық еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік және отандық ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы және соған сәйкес Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР Ұлттық Статистика Агентінің статистикалық деректері, ҚР Білім және ғылым және Қаржы министрліктерінің материалдары, мерзімді басылым мақалалары зерттеудің әдіснамалық, теориялық, сондай-ақ іс-тәжірибелік негізін құрайды.
Зерттеу жұмысында дәстүрлі салыстыру, статистика-экономикалық талдау және логикалық талдау, SWOT- талдау әдісі қолданылды.
Диссертация жұмысының теориялық және іс-тәжірибелік маңыздылығы. Диссертация жұмысында қол жеткізілген қорытындылар мен нәтижелерді, сондай-ақ ғылыми тұжырымдамаларды іс-тәжірибелерді сынақ ретінде қолдануға болады.
Қорғауға шығарылатын тұжырымдар.
- білім беру теориялық мәні мен мазмұны; білім беруді заманауи әлемдік тәжірибеге сүйене отырып дамытуда мемлекет саясатының ролі; Отандық білім беру жүйесін дамыту перспективалары; білім беру жүйесін дамытуда инновациялық ендірулердің маңыздылығы.
Диссертация жұмысының құрылымы. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде автор білім беру саласы дамуының теориялық аспектілері қарастырған. Екінші бөлімінде отандық білім беру саласындағы рыноктық өзгерістер үдерісі, ҚР-дағы білім берудегі қаржыландыру мәселелері мен білім беру қызметі нарығының қазіргі жағдайы қарастырылған. Үшінші бөлім отандық білім беруді заманауи әлемдік тәжірибеге сүйене отырып дамыту перспективасы мен отандық білім беруді жетілдірудің инновациялық үдерістерін зерттелген, сонымен қоса шетел тәжірибелері де қарастырылған. Қазіргі таңдағы Отандық білім беру саласындағы өзекті мәселелер айқындалған, шешу жолдары да көрсетіліп отыр.
1 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Білім беру қызметі қоғамдық саланың немесе сектордың маңызды категориясы ретінде
“Білім беру қызметі” категориясының өзіндік ерекшелігін “тауар”, “қызмет” ұғымдары мен қызмет қасиеттерін жүйелеу нақтылайды.
Экономикалық әдебиетте “қызмет” ұғымының жалпыға бірдей қалыптасқан анықтамасы жоқ, мұның өзі осы ұғымның күрделілігін көрсететін жағдай.
Қазіргі әдебиеттерде қызметті “жаңа материалды-заттай өнім жасамайтын, бірақ бұрыннан бар өнімнің сапасын өзгертетін іс-әрекет түрлері” ретінде түсіндіретін анықтамасы кездеседі. Келесі зерттеушілер қызметті “бір жақ екінші жаққа ұсынатын кез келген іс-әрекет немесе игілік” ретінде қарастырады және қызметтің сезілмейтіндігін көрсетеді.
Ө. Қ. Шеденов және Д. К. Ильясов қызметті материалды игілік түріндегі еңбек өніміне және іс-әрекет түріндегі еңбекті тұтынуға байланысты өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастар жүйесі ретінде қарастырады [2, 24 б. ] .
Соңғы жылдары американдық зерттеуші Т. Хиллдің анықтамасы кең танымал болып отыр. Оның пікірінше, “қызмет ‒ алдын ала келісім бойынша бірінші экономикалық бірліктің іс-әрекеті нәтижесінде тұлғаның немесе екінші экономикалық бірлікке тиесілі тауар жағдайының өзгеруі”. Кейбір авторлар қызметті “нәтижесі пайдалы әсер түрінде адамның қажеттілігін қанағаттандыратын мақсатты бағытталған іс-әрекет” ретінде анықтайды [3, 14]
Келтірілген анықтамаларды қызмет ұғымының мазмұнына әр түрлі түсініктеме берілуіне қарамастан, біз барлық авторларға тән ортақ ұқсастық байқаймыз. Яғни заттай және заттай емес өнімдердің арасындағы айырмашылық жойылып, олар пайдалылық белгісі бойынша біріктірілініп отырады. Осы негізде біз қызметті қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған экономикалық пайдалы іс-әрекеттің нәтижесі ретінде қарастыруға болаыд.
Қазіргі экономика ғылымында қажеттіліктерді қанағаттандыратын және рынокқа пайдалану, тұтыну, сатып алу т. б. мақсатта ұсынылатын кез келген нәрсе тауар ретінде қарастырылады, яғни тауар дегеніміз айырбас үшін өндірілген ерекше экономикалық игілік. Демек, тауар ұғымы заттың физикалық қасиеттерімен шектелмейді. Осы тұрғыда қызмет тұтыну және айырбас құны бар ерекше заттан тыс тауар болып табылады. Қызметтің құны оны өндіруге кеткен ресурстар шығынын, сондай-ақ балама шығындарды бейнелейді және сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасымен анықталады.
Қызметтің ерекше тауар ретіндегі сипаты оның келесідей ерекшеліктерінен туындайды:
Қызмет білінбейді - яғни, оның пайдалы әсерін тек тұтынудан соң ғана бағалауға болады; қызмет қызмет көрсету көзінен немесе субъектіден ажырамайды (тұтастығы) - егер материалды - заттай түрдегі тауар өндірушіден бөлек дербес өмір сүрсе қызмет өндірушіден бөлектене алмайды; қызметті өндіру және тұтыну бір мезгілде қатар жүреді; қызмет сапасы өзгермелі-яғни қызмет сапасы қызмет көрсетушінің біліктілігіне, қызмет көрсету уақытына, орнына тәуелді; қызметтің индивидуалдылығы, адрестілігі - әр тұтынушының өзіндік ерекшеліктерін, оның талап-тілегін қызмет көрсетуде ескеруді қажет етеді; қызметтің тауардан ерекшелігі - қызметтер бірін-бірі өзара алмастырмайды. [3, 43 б. ] . Қызметтің ерекше қасиеттерін талдай келе, қысқаша қорытынды жасауға болады:
Ескерту - дерек көзі негізінде автормен құрастырылған[3]
1 сурет - Қызметтің негізгі қасиеттері мен негізгі нәтижелері
Білім беру қызметі ұғымы бірқатар зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылады.
А. Панкрухин білім беру қызметін материалды емес қызмет категориясына жатқызады және оның нәтижесі ретінде клиенттің мүлдем жаңа сфера бойынша білім, дағды, іскерлікке ие болуын немесе тұлғаның өзгеруін, оның дамуын, бар потенциалдың көтерілуін көрсетеді. Келесі зерттеушінің пікірінше, «білім беру қызметі - үлкен шығынды қажет ететін, әрі тез арада материалды нәтиже әкелмейтін адамның, қоғамның, мемлекеттің іс-әрекетінің күрделі жиынтығы» [4, 99 б. ]
Отандық зерттеушілер білім беру қызметін оқу орындарының сұранысты қанағаттандыруға бағытталған оқыту, басқару, қаржы-шаруашылық іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қарастырады.
Келтірілген анықтамаларда білім беру қызметінің мазмұны «қызмет» ұғымымен салыстырмалы түрде талданады, яғни білім беру қызметінің іс-әрекет және іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қарастыру байқалады.
Қазіргі жаңа экономикалық көзқарастарды ескеріп біз білім беру қызметін осы саладағы іс-әрекеттің адам капиталын қалыптастыруға деген жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған кешенді нәтижесі ретінде қарастырамыз. Бұл қызметті тек білім білімді және басқа да нақты ақпаратты жалғастырушы адам еңбегі ретінде түсіну ағаттық болар еді, өйткені оның өзіндік белгілі бір құрылымы бар: осы білім мен ақпараттың заттай формасы - оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары, техникалық-материалды жабдықтар, т. с. с. білім беру еңбегінің тиімділігін арттыруға жағдай жасаушы барлық элементтер. Олардың барлығы түптеп келгенде білім беру қызметін құрайды. Демек, бұл қызмет еңбек пен капиталдың бірлігінде өндіріледі.
Еңбек өнімі ретінде бұл қызмет экономикалық табиғаты бойынша экономиканың басқа салаларындағы еңбек өнімімен бір тектес, демек тұтыну құны және құн қасиеттерімен сипатталатын тауар формасында жүзеге асады. Ал экономикалық категория ретінде білім беру қызметі оны өндіруге, бөлуге, айырбастауға және тұтынуға байланысты туындайтын экономикалық қатынастарды көрсетеді.
Білім беру қызметі қызметтің жалпы қасиеттерімен қатар келесідей маңызды ерекше қасиеттерге ие:
білім беру қызметі өндіруші мен тұтынушының тікелей өзара еңбек ынтымақтастығында өндіріледі және өткізіледі; білім беру қызметі сапасының өзгеру бейімділігі жоғары, бұл жағдай орындаушы тұлға және «бастапқы материал» - оқушының мінез-құлқы өзгеруімен түсіндіріледі; білім беру қызметі индивидке жан-жақты, кешенді әсер ету арқылы тұтынушының сапалық тұрғыда өзгеруіне әкелетін қызмет, яғни, білім беру қызметінің нәтижесінде индивидтің дүниетанымы, кәсіптік біліктілігі, интеллект дәрежеі, әлеуметтік ортадағы қарым-қатынасы, т. б. елеулі түрде өзгереді; білім беру қызметінің нәтижесі уақыт легімен сипатталады, яғни, нәтиже кейінге ысырылған, жедел көрінбейді, біраз уақыт өткен соң ғана білінеді; білім беру қызметі «сенім тауарлары» категориясына жатады, яғни тұтынушының тәуекелділігі жоғары; білім беру қызметінің тапсырушылары көп жағдайда потенциалды тұтынушы емес (оқушылар, жасөспірімдер) олардың ата-анасы, туыстар болып табылады, бұл жағдай қажеттіліктер мен артықшылықтардың орын ауысуына әкеледі; білім беру қызметі адамның іргелі құқықтарының бірі білім алу құқын қамтамасыз етумен тығыз байланысты; білім беру қызметі экономикалық тұрғыда тауарлар әлемінде оқшауланған, біртөбе тауар - адам капиталына ауысады. Басқаша айтқанда бұл қызмет адам капиталын ұдайы өндіру элементіне айналады. Сондықтан, білім беру қызметі материалды деуге болады («материалды» және «заттандырылған» немесе «заттай» ұғымдары бір мазмұнды емес) [3, 16] . Білім беру қызметінің маңызды ерекше қасиеттерінің бірі - оның екі жақты табиғатында. Аталған қызмет бір жағынан, жеке игіліктің қасиеттеріне ие, яғни, индивидтің білімге деген қажеттілігімен, еңбек рыногымен, индивидтің болашақ табысымен байланысты, ал екінші жағынан, ол тұтыну бәсекесіздігі және тұтынудан шығарылмау арқылы сипатталатын қоғамдық игілік қасиеттеріне ие.
Білім беру қызметінің ерекше сипатты белгілері, әсіресе оның екі жақты табиғаты оны қоғамдық сектордың іргелі категориясы ретінде анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Аталған қызмет аралас қоғамдық, соның ішінде әлеуметтік маңызды қоғамдық игілік. Әлеуметтік маңызды қоғамдық игіліктер таза жеке игіліктің және оң экстерналды әсеріне байланысты қоғамдық игілік қасиеттерін біріктіреді. Таза қоғамдық игіліктерден айырмашылығы оларды тек мемлекет ғана емес, жеке сектор да қамтамасыз ете алады, алайда, белгілі себептерге байланысты осы игіліктер мемлекеттік секторда басымырақ өндіріледі. Дамыған елдердегі қоғамдық игіліктерді мемлекеттік өндіру масштабын талдауда келесі басымдықтар белгіленеді: бірінші ретте - әлеуметтік маңызды қоғамдық игіліктер, екінші орында - таза қоғамдық игіліктер.
Білім беру қызметінің қызметінің жеке және қоғамдық игілік деңгейлерін Г. Беккердің «жалпы» және «арнайы» адам капиталы ілімі логикасында анықтауға болады деп ойлаймыз. Білім беру қызметінің жеке игілік деңгейі - арнайы кәсіпті, біліктілікті қамтамасыз ететін арнайы кәсіптік білім, ал оның қоғамдық деңгейі - жалпы, іргелі білім мен дағдыны қалыптастыратын жалпы орта білім.
Жалпы орта білім индивидке білімін жалғастыруға мүмкіндік береді, оның дүниетаным жүйесін әрекетін, мақсатын таңдауға саналы, болашақ іс-әрекетін, мақсатын таңдауға саналы мотивтер жүйесін қалыптастырады. Білім деңгейлері арасындағы сабақтастық тұрғысында заман талабына сәйкес жоғары біліктіліктің негіздері іргелі орта білім арқылы қаланады. Жұмысшылардың жалақысын, еңбек өнімділігін білім деңгейімен салыстыра отырып, С. К. Струмилин мынадай тұжырымға келеді: «бір жылда қол жеткен қарапайым сауаттылық жұмысшы өнімділігін 30%-ға арттырады. Орташа есеппен бірнеше жылдар қатарынан орта білімнің бір жылы заводтағы оқуға қарағанда біліктілікті шамамен 2, 6 есеге көтерді» [5, 266 б. ] .
Жалпы орта білімнің үлкен маңыздылығына қарамастан, білім беру қызметінің осы деңгейі «рынок шарасыздығы» орын алатын звено және біздің ойымызша, бұл жағдайды бірнеше себептермен түсіндіруге болады:
жалпы орта білім басқа білім деңгейлеріне қарағанда ұзақ уақытты қамтиды; аталған деңгей білім беру процнсінің құрамдас бөлігі және оның еңбек рыногындағы дербестігі бүгінде бірте-бірте тарылуда; адамдардың бәрі бірдей балаларына орта білімді қамтамасыз ететіндігіне сенім жоқ, бұл сенімсіздік индивидтердің қаржы тапшылығына және менмендікке байланысты; білім беру қызметін тұтынушылар:балалар, жасөспірімдер экономикалық тұрғыда шарасыз. Білім беру қызметінің әртектілігі білімнің әр түрлі деңгейлерін қамтамасыз етуде мемлекет рөлінің әр түрлі болуына әкеледі. Айтар болсақ, мемлекет жалпы орта білімді, орта бастауыш кәсіптік білімді толық, ал мектепке дейінгі және жоғары білімді ішінара қамтамасыз етуі мүмкін.
Кейбір мәліметтер, бірқатар экономикалық бірлестік және даму ұйымы елдерінде және Ресей Федерациясында ең басым қаржыландыратын деңгей міндетті орта білім екендігін көрсетеді.
Осы реттегі экономикалық маңыздылығын гистерезис құбылысында айқындау білім беру қызметі өндірісін қаржыландыру көлемінің төмендеуі кумуляция және кешігу әсерлері нәтижесінде ЖҰӨ өсіміне бір мезгілде емес, айтарлықтай ұзақ уақыт әсер ететінін көрсетіп отыр. Десек те, мемлекет ресурстардың шектеулілігі және аталған қызметке қажеттіліктің артуы дихотомиясы тұрғысында оны шексіз көлемде қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да мемлекеттік қаржыландырудың оптималды көлемін анықтау қажет.
Қазіргі экономика ғылымында қандай да болмасын игілік өндіру тиімділігі мәселесі ресурстарды оптималды бөлу мәселесі ретінде шешіледі. Сондықтан, мемлекеттің білім беру саясатына әсер етуші басты қағидаларды білу қажет. Мемлекет әділеттілік және тиімділік, қоғамдық ұтымдылық пен қоғамдық шығындар арақатынасын ескере отыра, тұтынушылардың әрі өндірушілерді субсидиялау, тікелей мемлекеттік қаржыландыру процедураларын іске асырады.
Жалпы алғанда, қалыпты қызмет етуші рыноктық экономика, сондай-ақ трансформациялық орта жағдайында да мемлекеттік білім беру саясатындағы басым экономикалық әсер әлеуметтік маңызды қоғамдық игіліктерді тікелей мемлекеттік өндіру болып табылады. Осыған байланысты, қазіргі өркениеттің дамуында әлеуметтік саланы мемлекеттік қаржыландыру өспелі тенденциясында атап өткен жөн.
1. 2 Білім беру - бәсекеқабілеттілікті арттырудың негізгі факторы ретінде
Ұлттық білім жүйесінің дамуы үшін институционалдық тәсілін қолдану қажеттілігін ескере отырып, білімді басқару сферасындағы түбегейлі өзгерістерді жүзеге асыру үшін сыртқы және ішкі факторлардың әсерін, атап айтар болсақ, жаһандану, ақпараттану, Болон процесінің талаптарын ескеру қажет. Осындай тұрақсыз жағдайларда жоғарғы білім берудің ұлттық жүйелері ішкі және сыртқы ортаның өзгерістеріне икемді, қабілетті және төзімді болуы тиіс, мұның өзі білім беру сферасын басқарудың тиімді модельдерін іздеуді талап етеді. Білім беруді дамыту елдің болашақта экономикалық, саяси және әлеуметтік-мәдени дамуының негізі болуы тиіс. Дүниежүзілік экономиканың дамуының жаңа кезеңінде қоғамның білімге зор мән беруі, оны табыс көзіне айналдыру тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру үшін маңызы зор. Білім экономикалық дамудың маңызды факторына айналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz