Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 159 бет
Таңдаулыға:   

Кіріcпе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі еліміздегі саяси -әлеуметтік, экономикалық және мәдени өзгерістер орта және жоғарғы мектепті демократияландыру мен гуманизациялау, білім беру жүйесінде жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу сапасын көтеру, оларды еңбекпен қоғамдық өмірге даярлау мәселесінің көкейтестілігін көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» туралы заңында, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының» жобасында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында», Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Қазақстан халқына жолдауында» т. б. құжаттарда осы заманға сай білім беру жүйесін дамыту, кең ауқымды ойлай білетін тұлғаның рухани және салауатты өмір салты негізін қалыптастыру, тұлғаның шығармашылық дара қасиеттерінің дамуы үшін жағдай жасау, интеллектісін байыту міндеттерін алға тартып отыр. [1; 2; 3; 4 ]

Қазіргі мектептің құрылымы мен білім беру мазмұнында болып жатқан бетбұрыстар оқу-тәрбие процесін жаңашаландыру талаптарын қояды. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында: « . . . Бастауыш мектептің бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталған . . . І сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу оқу қызметінде негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен игеу үшін мыналарды: оқу, жазу, есептеудің тиянақты дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуді, мінез-құлық мәдениетін, жеке гигиенасы және салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға бағдарланған», - деп көрсетілген. [3, 4 ]

Жоғарыда айтылған талаптар мен міндеттерді нәтижелі жүзеге асырудың факторлары оқушылардың этникалық, психологиялық, дербес ерекшеліктерін ескеру, оларды жан-жақты білу және соған орай оқу-тәрбие процесін гуманизациялау, яғни олардың қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік тудыру, сенім білдіру, өз күшіне сендіре білу болып табылады.

Гуманистік ой пікірлер қазіргі кездегі педагогикалық теориялар мен тәжірибелердің ашқан жаңалығы емес. Оның негізі әр халықтың діни сенімдері мен салт-дәстүрлерінде, философиялық және педагогикалық ілімдерінде жатыр. Дегенмен, бірқатар философиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау барысы «Гуманизм» термині ғылымға алғаш рет Х1Х ғасырда ғана енгізілгенін байқатады. [5]

«Гуманизм» ұғымына М. М. Розенталь, А. Ф. Лосев, Р. Н. Нұрғалиев сияқты философтардың құрастырған және т. б. сөздіктерде әртүрлі анықтамалар берілгендігін байқауға болады. [6; 7; 8; 9; 10]

Гуманизм идеясы Сократ, Платон, Аристотель, шығыс ойшылдары әл-Фараби, Ибн-Сина, Ж. Баласағұн және қазақ ақын-жыраулары мен жазушыла-

рының еңбектерінен және халық ауыз әдебиеті үлгілерінен кең орын алды.

И. Кант жаңа дәуір философиясын әрі қарай жалғастырып, жалаң білім мен зердеге негізделген ілімді сынға ала отырып, адам бойындағы әсемдік, адамгершілік қасиеттерге жете мән береді. [11; 12; 13; 14; 15; 16; 17; 18; 19; 20; 21; 22; 23; 24; 25; 26; 27]

Сократтың адам туралы ілімі батыс философиясына, әсіресе, неопрагматизм, жаңа гуманизм, экзистенциализм ағымдарына зор әсер еткенін байқауға болады. Бұл бағыттардың негізгі өкілдері: А. Маслоу, А. Комбс, К. Роджерс, С. Хук, П. Херс, Дж. Вильсон, Р. С. Питерс, А. Харрис, Дж. Кнеллер, К. Гоулд, У. Баррет, М. Марсель, О. Ф. Больнов, Н. А. Бердяев пен С. Франкл т. б. [28; 29; 30; 31]

Философтардың адамгершілік құндылық туралы пікірлері гуманистік психология мен педагогиканың қалыптасуына негіз болды

Гуманистік психология ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының басында АҚШ - та пайда болды. Бұл бағыттың жетекші өкілдері- Г. Олпорт, Г. А. Мюррей, К. Роджерс, А. Маслоу т. б. [32; 33; 34]

Оқытуды гуманизациялаудың психологиялық аспектісін, яғни оқушылардың моральдық дамуы мен қарым-қатынас психологиясын зерттеумен А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович, С. Г. Якобсон, А. Н. Лариенко, Н. Э. Фокина, И. Л. Ленская, Л. А. Венгер, В. С. Мухина, Т. Грининг, М. М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, А. А. Леонтьев, В. А. Кан-Калик С. Елеусізова[35; 36; 37; 38; 39; 40; 41; 42; 43; 44; 45; 46; 47; 48; 49; 50; 51; 52; 53]

Қайта өрлеу заманы гуманистік педагогиканың дамуының жаңа кезеңі болды. Қайта өрлеу заманының көрнекті өкілдері Т. Мор, Т. Компанелла, Ф. Рабле т. б. да ағартушылар баланы жан-жақты білу, баланың жеке басын бағалау қағидасын ұсынды. [ 54; 55]

Гуманистік педагогиканы әрі қарай дамытуға үлкен үлес қосқан ұлы педагогтар: Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, М. Монтессори, К. Д. Ушинский, Л. Н. Толстой, Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, С. Көбеев, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Ш. Амонашвили, Д. Д. Зуев, З. И. Калмыкова. [56; 57; 59; 60; 61; 62; 63; 64; 65; 66; 67; 68; 70; 71; 72; 73; 74; 75; 76; 77]

Қазіргі кезде оқу-тәрбие процесін гуманизациялау мәселесіне зертеулерін арнаған ТМД ғалымдары З. Г. Нигматов, Л. В. Куликова, Ю. В. Гармаш т. б. [ 78; 79; 80]

Кейінгі кезде бұл мәселені Қазақстан ғалымдары да зерттеуде. А. А. Бейсенбаева, С. А. Ұзақбаева, Р. К. Төлеубекова, Г. К. Шолпанқұлова, В. П. Карибжанова, К. Т. Әтемова, Ж. Таубалдиева, З. Т. Сейілова докторлық және кандидаттық диссертацияларында бұл мәселе әр қырынан көрініс тапты. [81: 82; 83; 84; 85; 86; 87; 88; 89]

Сондай ақ осы мәселе төңірегінде А. А. Бейсенбаева мен М. Е. Ералиеваның, К. Нуртлеуованың баспасөз беттерінде біршама мақалалар да жарияланды. [90; 91; 92]

Жоғарыда айтылғандардан біз оқу-тәрбие процесін гуманизациялау бұрыннан көтеріліп келе жатқанын байқадық. Дегенмен, бұл мәселе өз шешімін толық таба қойған жоқ. Сондықтан біз, оқушыларды жекелеп оқытуды бастауыш сыныптың оқыту процесін гуманизациялаудың құралы ретінде қарастырамыз.

Оқыту процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытуды жүзеге асыруда ТМД және отандық педагогика оқушыға тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарау принципіне сүйенеді. Оқушыға тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қараудың психологиялық мәселелерін С. Л. Рубинштейн, А. Н. Леонтьев, тұлғаға бағдарланған оқыту жүйесін Е. В. Бондаревская, В. В. Сериков, И. С. Якиманская зерттесе, Г. И. Щукина іс-әрекеттің құрылымына педагогикалық тұрғыдан талдау жасайды. [92; 93; 94; 95; 96; 97; 98; 99]

Оқыту процесінде оқушыларды жекелеп оқыту мәселесін шешуге ТМД ғалымдары да ат салысты. Оқушыларды жекелеп оқыту мәселесімен айналысқан психологтар мен педагогтар: Е. С. Рабунский, А. А. Кирсанов, И. Э. Унт, А. А. Бударный т. б. [100; 101; 102; 103; 104; 105; 106]

Бұл мәселені зерттеуге АҚШ және батыс Европадағы оқу орындарында көбірек қадамдар жасалынды. Соның негізінде әр түрлі жоспарлар, жобалар пайда болып, жүзеге асырылды. [107; 108; 109]

Оқыту процесін гуманизациялауда бастауыш сынып оқушыларын жекелеп оқытуды жүзеге асыру үшін олардың анатомиялық-физиологиялық, психикалық және моральдық даму ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Бұл орайда біз М. М. Мұхановтың, А. Н. Леонтьев пен А. А. Люблинскаяның, Л. В. Занков пен Д. Б. Элькониннің, Н. Е. Коневская мен Ю. И. Щербакованың С. Ф. Жуйков пен Н. А. Менчинскаяның, М. А. Асылханова, М. Мухин мен Л. С. Выготскийдің еңбектерін, сондай-ақ зерттеу жұмыстарын басшылыққа алдық. [110; 111; 112; 113; 114; 115; 116; 117; 118; 119; 120; 121; 122]

Оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларын жекелеп оқыту мәселесіне өздерінің еңбектерін және кандидаттық диссертацияларын жазған ТМД ғалымдары: В. А Сухомлинский, Л. В. Савельева, Т. В. Азарова, А. М. Колесова т. б. еді. [123; 124; 125; 126; 127 ]

Қазақстанда оқушыларды жекелеп оқыту мәселесі мына ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды М. А. Құсаинова, Р. Д. Төлебаева, А. Н. Сүлейменова т. б. [128; 129; 130 ]

Сонымен, біз жоғарыда біраз ғылыми еңбектерге, диссертациялық зерттеулерге талдау жасай келе, оқушыларды жекелеп оқыту мәселесі орыс тілінде және орыс тілі мектептерінде қалай жүзеге асырылғаны, қалай асырылуы қажеттігі туралы көтерілгенін байқадық. Ал қазіргі кезде қазақ мектептерінде, соның ішінде, бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесінде жекелеп оқытуды ұйымдастыруға бағытталған ғылыми еңбектер жоқтың қасы деуге болады.

Сонымен қатар, мектеп жұмысын бақылау және мұғалімдер мен оқушылар арасында жүргізілген сауалнама жұмысының нәтижесі бастауыш сыныптың оқыту процесін гуманизациялау, оқушыларды жекелеп оқыту мәселесі тәжірибеде қажетті дәрежеде жүзеге асырылып отырмағанын байқатты. Бұған сабақта оқушылармен фронталды жұмыс істеудің басымдылығы, оқушыларды жекелеп оқытуды жүзеге асырудың шектеулілігі, сыныптағы оқушылар санының көптігі, әдістемелік нұсқаулардың аздығы өз кесірін тигізеді. Міне, сондықтан педагогикалық тәжірибеде оқушыларды жекелеп оқытуды ұйымдастырудың ғылыми теориялық аспектілерін оқытушылардың білмеуі салдарынан оқыту процесін гуманизациялау мәселесін шешудің жүйесіз жолдары басым болып отыр.

Қазіргі бастауыш білім беру жүйесі оқушыларды жекелеп оқыта отырып, оқыту процесін гуманизациялауға толық мүмкіндік бермейді. Соған байланысты оқушыларды жекелеп оқытудың теориялық зерттелуі мен оның мектептегі оқыту процесінде қолданылуы арасында қарама-қайшылық туындап отыр.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, біз оқу-тәрбие процесін гуманизациялау барысында бастауыш сынып оқушыларымен гумандық қарым-қатынас жасау негізінде жекелеп оқытудың әдістемелік негіздерін жасаудың қажеттілігін байқадық. Сондықтан бұл мәселені өз зерттеу жұмысымыздың нысаны етіп алдық.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сыныптың оқыту процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың тиімділігін айқындау.

Зерттеу нысаны: жалпы қазақ орта мектептерінің бастауыш сыныптарындағы оқу-тәрбие ісін гуманизациялау процесі.

Зерттеу пәні: Қазақ бастауыш сыныптарындағы оқыту процесін гуманизациялауды іске асыру арқылы оқушыларды жекелеп оқытудың тиімді жолдары.

Зерттеу жұмысының болжамы: Егер, мұғалімдер оқушылармен гумандық қатынас жасау мен жекелеп оқытуды жүзеге асырудың қажеттілігі мен маңызын жете түсінсе, оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін білсе, оқыту барысын гуманизациялау негізінде оқушыларды жекелеп оқытуда оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың алуан түрлерін қолдана алса, бастауыш сынып оқушыларын жекелеп оқыту технологиясын игерсе, онда бастауыш сынып оқушыларын жекелеп оқыту негізінде оқу-тәрбие процесін гуманизациялауға қолжеткізуге болар еді.

Зерттеу міндеттері :

1. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау, «Гуманизм», «Оқушыларды жекелеп оқыту» ұғымдарының мәнін ашу;

2. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;

3. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін гуманизациялада оқушыларды жекелеп оқытудың моделін жасау және өлшемдері мен деңгейлерін анықтау;

4. Бастауыш сынып оқушыларын жекелеп оқытудың технологиясын көр-

сету;

5. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушы-

ларға жекелеп өзіндік тапсырмалар беруге қатысты әдістемелік нұсқау әзірлеу.

Жетекші идея: бастауыш сынып оқушыларымен гумандық қатынас жасау негізінде жекелеп оқытуды ұйымдастыру арқылы оқу-тәрбие процесін гуманизациялауға, яғни оқушылардың тұлғалық, моралдық қасиеттерінің ашылуына, өз күшіне сене білуіне, өзіндік «Мен»- інің қалыптасуына мүмкіндік туады.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізі: біртұтас педагогикалық процесс теориясы, тұлғаның әлеуметтік мәні, қоғамдық сананың негізгі формасы - мораль, тұлғаның дамуындағы сана мен іс-әрекеттің бірлігі, ақыл-ой әрекетінің қалыптасу кезеңі туралы оқулар, жеке және ұжымдық еңбектің диалектикалық бірлігі туралы философтардың, психологтардың, педагогтардың алдыңғы қатарлы идеялары.

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының ресми материалдары (заңдар, қаулы-қарарлар), Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары (тұжырымдамалар, бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты, бұйрықтар), зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер, бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін жетілдіру жайындағы мұғалімдердің тәжірибелері, бастауыш сыныптарға арналған оқулықтар, ізденушінің мектептегі педагогикалық тәжірибе жұмысы.

Зерттеу барысында мынадай әдістер қолданылды: философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау; жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесімен танысу және талдау; бақылау; тест; сауалнама; педагогикалық эксперимент, математикалық әдістер.

Зерттеу кезеңдері: зерттеу негізінен үш кезеңге бөлініп жүргізілді.

1-ші кезеңде (1998-1999 жж. ) зерттеу тақырыбы анықталып, өзімізді қызықтырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер оқылып, талдау жасалынды. Зерттеу тақырыбымыздың теориялық негізі қарастырылып, ғылыми аппараты анықталды.

2-ші кезеңде (1999-2002 жж. ) бастауыш сыныптың оқыту процесін гуманизациялау мақсатында оқушыларды жекелеп оқытудың жолдары анықталып, әдістемесі жасалынып, соған сәйкес тәжірибе жұмысы жүргізілді.

3-ші кезеңде (2003-2006 жж. ) жүргізілген тәжірибе жұмысының нәтижелері анықталып, ғылыми-әдістемелік қорытынды жасалынды. Бастауыш сыныптың оқыту процесін гуманизациялау негізінде мұғалімнің оқушыларды жекелеп оқытуды ұйымдастыруының дидактикалық моделі жасалынды. Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытуға қатысты нақты әдістемелік ұсыныстар дайындалып, диссертацияның әдеби даярлығы аяқталды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

1. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушы-

ларды жекелеп оқытудың ғылыми - теориялық негіздері айқындалып,

«Гуманизм», «Оқушыларды жекелеп оқыту» ұғымдарының мәні ашылды;

2. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайы анықталды;

3. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін гуманизациялада оқушыларды жекелеп оқытудың моделі жасалынып, нақты өлшемдері мен деңгейлері анықталды;

4. Қазақ орта мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларын жекелеп оқыту арқылы педагогикалық процесті гуманизациялаудың үлгісі ұсынылып, технологиясы көрсетілді;

5. Бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларға жекелеп өзіндік тапсырмалар беру беруге қатысты әдістемелік нұсқау әзірленді.

Зерттеудің практикалық мәні: бастауыш сыныптың оқыту процесін гуманизациялау негізінде мұғалімнің оқушыларды жекелеп оқытуды ұйымдастыруының дидактикалық моделі жасалынды, бастауыш сынып оқушыларын жекелеп оқытуды жүзеге асырудың механизмдері, оқушылардың танымдық белсенділігінің даму деңгейлері анықталды, оқушылардың қызығушылығы, икемділігі, өз бетімен әрекет ету деңгейлеріне, білімінде жіберілген кемшіліктердің орнын толтыруға сәйкес жеке тапсырмалар жүйесі анықталып, оқушыларды жекелеп оқыту технологиясы ұсынылды. Сондай-ақ, «Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқыту процесін гуманизациялау бағытында оқушыларды жекелеп оқыту ісіне даярлау» атты арнайы курс дайындалды.

Зерттеу базасы: Алматы қаласындағы № 98-ші орта мектебінің, № 124-ші арнайы орта мектебінің бастауыш сыныптар және Талдықорған қаласы Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18-ші орта мектеп-лицейінің бастауыш сыныптары.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар: бастауыш сыныптың оқыту процесін гуманизациялауды жүзеге асыруда оқушыларды жекелеп оқытуды маңызды құрал ретінде қарастыру; бастауыш сыныптың оқыту процесін гуманизациялау негізінде мұғалімнің оқушыларды жекелеп оқытуды ұйымдастыруының дидактикалық моделі; бастауыш сынып оқушыларын жекелеп оқытудың технологиясы; бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларға жекелеп өзіндік тапсырмалар беру әдістемесінің тиімділігі; болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған «Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқыту процесін гуманизациялау бағытында оқушыларды жекелеп оқыту ісіне даярлау» атты арнайы курс бағдарламасы оларға бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін гуманизациялау, оқушыларды жекелеп оқыту туралы теориялық білімдерін жетілдіріп, тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беретіндігі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізде орындалуымен, ғылыми аппаратқа мазмұнының сай болуымен, мәселені талдауға сәйкес лайықты әдіс- тәсілдердің қолданылуымен, тәжірибелі-эксперимент жұмысының тиімділігімен, ұсынылып отырған әдістеменің бастауыш мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибесіне енгізілуімен қамтамасыз етілгендігінде.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен тәжірибеге енгізу: Зерттеу мәселесі эксперимент барысында сынақтан өткізілді және халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық, ғылыми-әдістемелік конференцияларда (Алматы және Талдықорған 2000, 2002, 2006 жж. ) баяндалды, сондай-ақ мерзімді басылымдарда жарық көрген ғылыми мақалаларда көрініс тапты.

Диссертацияның құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімде зерттеу жұмысының көкейтестілігі дәлелденіп, ғылыми аппараты, диссертацияның құрылымы қамтылады.

«Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың ғылыми-теориялық негіздеріі» атты бірінші бөлімде «Гуманизм», «Оқушыларды жекелеп оқыту» ұғымдарының мәні және оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздері, бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың психологиялық, педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылып, бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін гуманизациялада оқушыларды жекелеп оқытудың өлшемдері мен бастауыш сынып оқушыларын жекелеп оқытуды жүзеге асырудың механизмдері анықталды. Бастауыш сыныптың оқыту процесін гуманизациялау негізінде мұғалімнің оқушыларды жекелеп оқытуды ұйымдастыруының дидактикалық моделі жасалынды.

«Бастауыш сынып оқушыларын гумандық қатынас жасау негізінде жекелеп оқыту барысындағы тәжірибелі-эксперимент жұмысының мазмұны», -деп аталатын екінші бөлімде бастауыш сынып оқушыларын жекелеп оқытудың технологиясы, болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған «Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқыту процесін гуманизациялау бағытында оқушыларды жекелеп оқыту ісіне даярлау» атты арнайы курс бағдарламасы және бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларға жекелеп өзіндік тапсырмалар беру әдістемесі ұсынылып, оның тиімділігін дәлелдеу мақсатында тәжірибелі-эксперимент жүргізілгендігі және оның нәтижесі баяндалды.

Қорытындыда зерттеу жұмысының нәтижесіне сүйене отырып, мұғалімдерге ілгері уақытта бастауыш сыныптың оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытуға байланысты ғылыми-әдістемелік және практикалық ұсыныстар берілді.

Қосымшада оқыту процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқыту технологиясы көрсетілген сабақ жоспарының үлгісі мен «Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқыту процесін гуманизациялау бағытында оқушыларды жекелеп оқыту ісіне даярлау» атты арнайы курстың оқу-әдістемелік комплексі ұсынылды.

1. Бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесін гуманизациялауда

оқушыларды жекелеп оқытудың ғылыми-теорялық негіздері

  1. «Гуманизм», «Оқушыларды жекелеп оқыту» ұғымдарының мәні

және оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздері

Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесін гуманизациялаудың маңызын ашпас бұрын, алдымен, адамның болашағы және оның білім алуы, мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасының негізгі қағидалары бастау алатын философиядағы қоғам және ондағы адамның орны, гуманизм туралы түсініктерге сипаттама беруді жөн көрдік.

Гуманистік ой пікірлер адамзат қауымымен байланысты шығып, дамып, өзгеріп, жетіліп отырғанымен, «Гуманизм» терминін алғаш рет Х1Х ғасырда неміс педагогы Ф. Нитхаммер енгізді. Содан бері «Гуманизм» терминіне ғалымдар әр түрлі анықтамалар беріп келеді. [5, 49-50 б. ]

М. М. Розентальдің жетекшілігімен шығарылған «Философиялық сөздікте»: «Гуманизм (лат. адамгершілікті) - адамның қадір-қасиетін құрметтеуді, адамдардың игілігіне, олардың жан-жақты дамуына қамқорлық көрсетуді, қоғамдық өмірде адамдарға қолайлы жағдайлар тудыруды білдіретін көзқарастардың жиынтығы» - делінген. [6, 94 б. ]

Ресей философы А. Ф. Лосевтің пайымдауынша, гуманизм - философия, тарих, филология тұрғысындағы білімдердің және ерекше өнердің ғана емес, сонымен бірге, ол адамның ақыл-ойының ерекше бір қасиеті, еркін ойлауға деген бұрылысы. [7. 213 ]

Этика туралы сөздікте: « гуманизм - тұлғаның қадір -қасиетін қорғау және бостандығын талап етуге, оның қабілеттерін жетілдіруге және адамның мүмкіндігінің шексіздігіне, адамның бақытты болуға құқылығы, оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыру қоғамның басты мақсаты екендігін сендіруге негізделген көзқарастардың қағидалары» - деп жазылған. [8. 63]

Ал Р. Н. Нұрғалиевтің құрастырған философиялық сөздігінде: «Гуманизм - адамның қадір- қасиеті мен құқын құрметтеуге, оның жеке тұлға ретіндегі бағасы, адамның игілігі, оның жан- жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы » - деп анықтама берілген. [ 9. 342]

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндерме сөздігінде: «Гуманизм - дүниетаным принципі. Оның негізіне адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне, өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады.

Гуманизм қайта өрлеу дәуірінде ХІV-ХVІ ғ. ғ. қоғамдық ой-пікірде, әдебиетте, өнерде, ғылымда алдыңғы қатарлы прогресшіл идеялық ағым ретінде қалыптасқан. Бертін келе адамды барынша ардақтайтын, адамгершілік қасиеттерін, бас бостандығын қорғайтын біртұтас көзқарастар жүйесіне айналды» деп жазылды. [10. 66 ]

Сонымен. «гуманизм » ұғымын әр ғалым өзіндік ерекшеліктерімен сипаттағанын байқауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарындағы оқу – тәрбие процесін гуманизациялауда оқушыларды жекелеп оқытудың педагогикалық негіздері
Дидактика. Дәріс курсы
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде
Болашақ мамандарды даярлау жүйесі
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі
Ұрпақ жалғастығы
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар
Оқыту процесін ұйымдастыру
Оқыту процесінің мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz