Қасым Қайсеновтің публицистикасы


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 156 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘӨЖ 82. 081’512. 122 Қолжазба құқығында

МЫСАЕВА ҚАРЛЫҒА НАҚЫСБЕКҚЫЗЫ

Қасым Қайсеновтің публицистикасы

10. 01. 10 - журналистика

Филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:

филология ғылымдарының докторы,

профессор Б. Ө. Жақып

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: 1ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ ӘСКЕРИ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .
3: 12
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Қ. Қайсенов әскери публицистикасы - партизандар жорығының шежіресі . . .
3: 12
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Қасым Қайсенов көркем публицистикасындағы соғыс шындығы . . .
3: 35
КІРІСПЕ . . .: 2ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВ ПУБЛИЦИСТИКАСЫНЫҢ ПОЭТИКАСЫ . . .
3: 51
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Қаламгер публицистикасының тақырыбы, проблемасы, идеясы, . . .
3: 51
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Қасым Қайсенов публицистикасының көркемдік сипаты, тілдік, стильдік ерекшеліктері . . .
3: 82
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 119
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 125
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМША А Қ. Қайсенов публицистикалық шығармаларының тізімі . . .
3: 129

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысы Ұлы Отан соғысының даңқты партизаны, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, жазушы, публицист Қасым Қайсеновтің публицистикалық мұрасына арналады. Ғылыми еңбекте Қ. Қайсенов публицистикасының үлгілері - мақалалары, көркем очерктері, естеліктері жан-жақты талданып, алғаш рет ғылыми айналымға енгізілді. Қаламгер шығармаларының көркемдік сипаты жайлы өзіндік пікірлер айтылып, публицистикасының поэтикасына тұжырымдар жасалады.

Тақырыптың өзектілігі. Медиажаһандастыру үрдісі бүгінде журналистиканың ұлттық шеңберде қалып қоймай, әлемдік өркениеттен өзіндік орнын табуын талап етіп отыр. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ журналистикасы үшін әлемдік ақпараттық бәсекеге ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, дәуір үніне сай ену басты мақсат. Себебі, публицистика - қай кезеңде де қоғамдық өмірде болған оқиғаларды шынайы көрсетуге, дәуір үнін жеткізуге бағытталғаны бізге тарихтан белгілі. Ол қоғамдық-саяси басқару қызметінің құрамдас бөлігі ретінде заман тарихын, белгілі бір кезеңнің шежіресін жасауға қатысады. Публицистика - замана ақиқаты, дәуір үні, қоғам дамуының айнасы деп қарастырсақ, сол ақиқат пен шындық үшін күресіп, аянбай еңбек еткен, бүкіл саналы ғұмырын сарп еткен халқымыздың біртуар ұлы перзенттерінің еңбектерін зерделеп, олар жазған көсемсөздің қадірін білген абзал. Соңғы кездері қазақ баспасөзінің тарихын ұлттық мүдде тұрғысынан қайта қарау мәселесі қолға алынуда. Егеменді ел ретінде тарихымыздың өткен беттерін қайта парақтап, ұлттың қамын жеген ұлылар өсиетін ұрпақтар жадында сақтау үшін көптеген игі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсақ, Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы сөзіміздің айқын дәлелі. Бүгінгі таңда ұлттық публицистиканың теориясы мен тәжірибесін жетілдіруде жекелеген қаламгерлердің көсемсөз мұраларын жинақтап, зерттеп, келер ұрпаққа ұсыну - заман талабы.

Қазақ публицистикасының қалыптасуы мен дамуында ерекше еңбек сіңірген А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, Ә. Бөкейхан және т. б. қаламгерлердің рухани мұрасы зерттеліп, оқу орындарында арнайы оқытылуда. Осынау адамзат тарихынан өзіндік орнын алып, жас ұрпақтың жадында мәңгі қалар азаматтар жайлы ел аузында аңыздар айтылады, дастан - хикаялар мен өлең-жырлар жазылады. Олардың бір парасы халқының қамын жеген ерлер, Отанын, туған жерін, елін қорғаған батырлар, жауға қарсы жорыққа шыққан қаһарман батырлар т. б. болып келеді. Батырлығы, қайыспас қайрат-жігері, ұлттық сезімі, адами парасаттығы өз кезеңінде де, кейін де әдеби шығармаларда көрініс тауып, көркем шығарманың, өлең-жырдың кейіпкеріне айналып жатады. Осындай тұғырлы тұлғаның бірі - Қасым Қайсаұлы Қайсенов.

«Адаммын басымнан сөз асырмайтын,

Ашықпын ішіме сыр жасырмайтын.

Өр мінезім тағы бар кеудем соғар,

Ешкімге тізе бүгіп бас ұрмайтын» [1, 206 б. ], - деген өлең жолдары арқылы Қасым Қайсенов өзінің адами, азаматтық болмысын шеберлікпен жеткізген-ді.

Қасым Қайсенов өмір мен өлім белдескен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының басты қаһарманы ғана емес, сол өзі көрген көкейіне түйген соғыс шындығын жеткізуші.

Қазіргі кезде өздерінің дербес тәуелсіздіктерін жариялаған кешегі КСРО мемлекеттері үшін бұл соғыс - ортақ тарихтың ұмытылмас беттері. 1418 күнге созылған бұл қатерлі айқаста Кеңестер Одағының экономикалық қуаты, халықтың ерік-жігері, олардың саяси бірлігі мен моральдық күші сынға түсті.

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең жойқыны болса, негізгі қиыншылық сол кездегі ынтымағы жарасқан кеңестік ұлттарға ғана емес, дүниежүзі халықтарына ең ауыр сын болды. Сұрапыл сол соғыстан халқымыз абыроймен жеңіске қол жеткізді.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әскери публицистикасы қазақ журналистикасы тарихында ерекше рөлге ие. Бұл туралы қазақ публицистикасының тарихын зерттеуші ғалым Б. Жақып: «Ұлы Отан соғысы бүкіл халқымыздың өміріндегі сияқты әдебиет пен журналистиканың дамуында да жаңа тарихи кезең қалыптастырды. Жазушыларымыз бен публицистеріміздің барлық күш-жігері мен таланты ортақ мүддеге - жауды тізе бүктіруге бағытталды. Қаһарлы күндерде мыңдаған қаламгерлер майдан шебіндегі қантөгіс ұрыстарға қоян-қолтық араласты, әрі сол сұрапыл күндердің шежіресін мәңгі өшпестей етіп, халық жадында жазып кетті» [2, 242 б. ], - деп атап көрсетеді.

«Соғыс жылдарындағы публицистиканың басты ерекшелігі - абыржу мен күту халіндегі күрескер халыққа әсер ете білді. Өз халқымен үздіксіз байланыста болып, олардың ойлары мен сезімдерін білдіріп, оларды көмекке шақырды және әлем тыныштығы үшін асқан абырой мен үміт отын жақты. Соғыс жылдарындағы публицистика арқылы халықтың сол кездегі көңіл-күйін және заманның бет-бейнесін тануға болады» [3, 12-13 бб. ] .

1942 жылғы 24 қазандағы Солтүстік Батыс майданының «Отан үшін» деп аталатын Қызыл әскер газетінде Илья Эренбургтың «Қазақтар» атты публицистикалық мақаласы жарық көрді. Осы мақалада: «Бір фриц маған былай деді: «Бізге қарсы айбарлы солдаттар болды. Олар түтеген оқтан тайынбай, бізге тұп-тура тап берді. Бұлардың қазақтар екенін маған соңынан айтты. Мен бұрын мұндай халықтың барын білмеуші едім . . . ». Фрицтердің білмейтіндері көп еді. Оларға Ресейдің зор ел екенін айтты, бірақ осындай зор елде зор адамдар тұратынын айтпаған еді» [4] - деп жазады. Бұл ежелден батыр қазақ халқының ерен ерлігін арқау еткен соғыс ақиқаты.

Ұлы Отан соғысы тақырыбын көтерген әскери публицистиканы шартты түрде екіге бөліп қарастыруға болады: біріншісі соғыс жылдарында майдандық газеттерде қалыптасқан әскери публицистика. Республикада 1941-1945 жылдар аралығында жалпы саны 229 газет шығып тұрған. Бұл мектептің негізін қалаушы қаламгерлер: М. Ғабдуллин, Б. Момышұлы, С. Бәйішев, А. Елшібеков, Ә. Сәрсенбаев, Б. Бұлқышев, Ж. Жұмаханов, Д. Әбілов, С. Машақов, Х. Бекхожин, Қ. Сағындықов, С. Сейітов, Қ. Аманжолов, М. Әлімбаев, Т. Ақшолақов, З. Тұрарбеков, Ғ. Әбішев, Қ. Шәріпов, Ә. Нұршайықов, М. Дінішев, С. Омаров, Ж. Молдағалиев, т. б. .

Екіншісі, майдан шебіндегі қантөгіс ұрыстарға қатысумен қатар, соғыстан кейінгі жылдары сол өздері бастан кешірген сұрапыл соғыстың шежіресін мәңгі өшпестей етіп жазған майдангер - қаламгерлердің әскери публицистикасы. Олардың қатарына: Б. Момышұлы, Ә. Нұршайықов, Ж. Саин, С. Бақбергенов, М. Ғабдуллин, Қ. Қайсенов т. б.

Шығармашылығы біздің зерттеуімізге арқау болған Қасым Қайсенов - Ұлы Отан соғысында Украина жерін дұшпаннан азат ету жолындағы партизандық қозғалыстың шежіресін алғаш алып келген қаламгер, әйгілі партизан отрядының командирі, тәуелсіз елдің батыры. Қазақ әскери публицистикасының басты ерекшелігі, әуел бастан-ақ өмір шындығын суреттеу болды. Сондықтан да Ұлы Отан соғысы тақырыбына қалам тартқан қаламгерлер деректік негіздерге молынан сүйенетін. Бұны академик З. Қабдоловтың: «Өз көзімен көрмеген немесе өзі сезіп-білмеген шындықты жазушы жаза алмайды» [5, 329 б. ] - деген ойымен тұжырымдауға болады.

Бауыржан Момышұлының «Шығарманы қызықты етеміз деп, біз кейде құр оқиға қуалап кетеміз. Шығармаларымыздың елеулі кемшілігінің бірі, міне осында» [6, 2 б. ], - деген пікіріне сүйенсек, соғыс тақырыбына қалам тартқан әрбір қаламгерге деректік пен көркемдік қиялдық ара жігін ажырата білу талабы қойылғаны ақиқат. Осы тұрғыдан алғанда Қ. Қайсенов публицистикасына өзі көрген, көкейіне түйген соғыс шындығы арқау болған.

Белгілі қоғам қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаев бұл жайлы: «Ел құтқарарда ерлік қалай керек болса, ес жиғызарда шындық сондай керек болды. Сөйтіп, жеңіске қолын жеткізгендерге жеңіс жайлы шежірені де өз қолдарынан жазып шығуға тура келді» [7, 4 б. ], - деп ой түйеді.

Қазіргі журналистика теориясында публицистика проблемасын жалпылай зерттеу барысында дедуктивті яғни көсемсөздің заңдылықтарына талдау жасау мен жекелеген публицистердің шеберліктерін, тәжірибелерін зерттеуде индуктивтік әдіс жиі қолданылады.

Қасым Қайсенов публицистикасына арналған зерттеуімізде біз қаламгер публицистиканың жаңа қырларын ашып көрсетуге мүмкіндік беретін индуктивті әдісті қолдана отырып, оның шығармаларының қоғамымыздың руханият әлемінде алатын орнын айқындамақпыз.

Қалай дегенде де, Қасым Қайсеновтің публицистикадағы көркем бейнесі және ел ұғымындағы толымды да тұтас бейнесі бір жақты көзқарас тұрғысынан жасалған секілді. Ол тек соғыс қаһарманы ғана емес, сонымен бірге бір туар азаматтың толымды бейнесі болуға тиіс еді. Оған қаламгер Қасым Қайсеновтің рухани байлығын қоссаңыз, сонда алуан қырлы алып тұлғаның өзі, оның қайталанбас болмысы танылары сөзсіз. Бұған деген талпыныс та, ізденіс те жоқ емес, тек нәтижесі қандай? Біздің назар аудармағымыз да осы мәселе.

Қазақ әскери публицистикасының көрнекті өкілдерінің бірі Қасым Қайсеновтің шығармашылығы - бай материалдарға негізделген және зерттеуге қолайлы. Сонымен қатар, бүгінгі таңда ұлттық журналистикамызда тың теориялық болжамдар жасалып, әдістемелік жаңа ізденістер, заман талабына сай үрдістер қалыптасу үстінде.

Осы тұрғыдан алғанда, әр түрлі тақырыптарда жазатын басқа қаламгерлерлермен салыстырғанда негізінен әскери публицистикалық тақырыпты, патриоттық тәрбие мәселесін қозғайтын Қасым Қайсеновтің айтулы айырмашылығы болмағанымен, оның көтерген әрбір тақырыбының ерекше сипаты, әрине публицистің шығармашылық үрдісіне, қызметінің түрі мен формасына белгілі бір деңгейде ықпал етеді деп ойлаймыз. Сондықтан да зерттеу нысанына айналып отырған публицист Қасым Қайсеновтің шығармашылығынан өзіндік айырмашылықтар іздеуге талпынып көрмекпіз.

Елуінші жылдардан бастап шығармашылықпен үзбей айналысқан әдебиетші, публицист, редактор ретінде шығармашылығының көркемдік-тілдік стильдік ерекшелігімен танымал қаламгердің публицистік шеберлігін зерттеу, ғылыми жүйеде талдау заман талабынан туып отыр. Сонымен қоса оның публицистік шеберлігімен ұштаса дамып отыратын қайраткерлік тұлғасы да зерттеуімізге негіз бола алады.

Қасым Қайсеновті әдебиетке, публицистикаға үлкен рухани зәрулік, әлеуметтік парыз әкелді. Оның жазған кітаптары мен публицистикалық мақалалары Украинадағы партизандар қозғалысының шежіресі болумен бірге соғыс жылдарының, кешегі өткен азаматтық жолдың айнасы. Қасым Қайсеновтің есімі көзі қарақты кез-келген қазақ оқырманына таныс. Алайда, біз оның публицистік қырын ғылыми тұрғыда толық танып білдік деп айта алмаймыз. Оның басты себептері: біріншіден, қаламгер шығармашылығы осы кезге дейін арнайы зерттелмегені; екіншіден, әр жылдары түрлі газет-журналдарда жарияланған ірілі-ұсақты мақалаларының толық топтастырылып, жинақталмағандығы; үшіншіден, Қ. Қайсеновтің публицистік шеберлігін айқындайтын әскери публицистикасын жан-жақты зерделеп алмай, толыққанды пікір айтудың күрделі болғандығында.

Сондықтан, тәуелсіз Қазақстанның ұлттық батыры Қасым Қайсенов шығармашылығын зерделей зерттеу бүгінгі күн қажеттілігінен туған тақырып. Себебі, қаламгер публицистикасы қазақ әскери публицистикасының Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы өзіне тән сипаттарын және қаһармандық образдарды сомдаудың үлгісін ғана танытып қоймай, сонымен бірге халықтар достығы мен ынтымақтастығы, кеңес адамдарының биікке көтерілген патриотизмі мен гуманизмі сияқты үздік қасиеттерін жоғары дәрежедегі көркемдік суреттеу сатысына көтере алды деп айта аламыз. Қ. Қайсенов публицистикасын зерттеудің зәрулігі осында.

Зертттеу жұмысында Қ. Қайсенов мақалалары жинақталып, публицистика жанрына қойылатын талаптарға сәйкес қарастырылады. Сонымен қатар көркем публицистикасы арқылы тарихи кезеңдер ақиқатын сезіну - тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қ. Қайсенов туралы жазылған шығармалар көп-ақ. Олардың басым көпшілігі қысқа сюжетті естеліктер және әдеби көркем шығармалар, қысқа сюжетті естеліктермен бірге, ғылыми ізденістері бар еңбектер де кездеседі. Украиндық майдандастарынан бұл тақырыпқа Г. Д. Алексеенко, А. А. Гречко, В. В. Лавриненков, Г. М. Уткин, А. В. Тканко, қазақ ғалымдарынан Ғ. А. Сланов, Ә. Кекілбаев, Ә. Шәріпов, М. Әлімбаев, К. Тоқаев, С. Жиенбаев [8-18] және т. б. бірнеше зерттеулер жүргізді.

Алайда, Қ. Қайсеновтің публицистикалық мұрасы бүгінгі күнге дейін толыққанды топтастырылып, ғылыми тұрғыда зерттелмеген. Оның шығармашылығы, публицистикалық шеберлігі жүйелі түрде қарастырылып, әскери публицистикадағы көркем бейнесі, жазушылық мұрасы, естеліктері мен мақалалары журналистика ғылымында арнайы зерттеу объектісіне айналған жоқ.

Қалам қайраткерінің публицистикалық мұрасына еніп, негізінен оның көркемдік тәсілдерді қолданудағы ерекшеліктерін, сюжет, композиция құру, кейіпкер характерін ашудағы тың ізденістерін, стильдік ерекшелігін тануға деген ұмтылыс біздің зерттеуіміздің өзектілігін айқындай түседі.

Қасым Қайсеновтің шығармашылығын және ол туралы жазылған еңбектерді ғылыми тұрғыда талдау журналистика мен қазақ әдебиеті үшін әлеуметтік-мәдени маңызы мол мәселелердің бірі болып есептеледі.

Қ. Қайсеновтің қайталанбас өмір жолы, партизандық шежіресі мен көркем публицистикасы жөнінде әр түрлі пікірлер айтылып, әлі күнге жазылып келе жатқан мақала, зерттеу кітаптары баршылық. Қ. Қайсеновтің көркем шығармалары, прозалық туындылары зерттеу нысанына алынғанымен, публицистикалық еңбектері тиянақты түрде зерттелген жоқ.

Партизан батыр, жазушы, публицист Қасым Қайсенов туралы Украиндық майдандас достары Г. Алексеенко, В. Лавриненковтан бастап, Ғ. Сланов, М. Әлімбаев, Ә. Кекілбаев, Ә. Шәріпов, Х. Ерғалиев, С. Мәуленов, Ғ. Қайырбеков, М. Әлімбаев, К. Салықов, Ә. Нұршайықов, С. Жиенбаев, Ғ. Қабышев, І. Жарылғапов, С. Иманасов, М. Айтқожина, С. Асанов, А. Жақсыбаев, С. Оспанов, С. Ақтаев, И. Сапарбаев, Иран-Ғайып, Н. Шәкеев, Е. Зікібаев, А. Егеубаев, Б. Исаев, Ж. Аупбаев, М. Әшірбеков, А. Тұрсынбаев, Е. Сахариев, Н. Бәдіғұлов, М. Салықбаев, С. Ғабдуллин, Д. Мұратбаев, С. Жұмабекұлы, Ж. Өмірбек, Т. Молдағалиев, Ә. Дастанұлы, Е. Нұразхан және басқа да қаламгерлер әңгіме, повесть, естеліктер жазды. Солардың басым көпшілігін біз осы зерттеу еңбегімізде талдауымызға арқау еттік.

Диссертациялық жұмыста Қасым Қайсеновтің шығармашылығы жан-жақты қарастырылып, қалам қайраткерінің публицистикасымен қатар ол туралы өзгелер жазған еңбектер де салыстырыла зерттеледі.

Қазақ әскери публицистикасының қалыптасып, дамуында өзіндік қолтаңбасы бар Қасым Қайсенов шығармашылығына қатысты әдеби мақалалар мен өз естеліктерінде кейбір шығармалар туралы бірен-саран сөз болғанымен, қаламгер публицистикасы арнайы түрде диссертациялық жұмысқа арқау болған жоқ. Қасым Қайсенов публицистикасының патриотизм, отаншылдық, ғылым, өнер, білім туралы мақалаларының теориялық тұрғыдан қарастыратын мәселелері жетерлік. Қаламгер шығармашылығының жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, композициялық құрылым мен көркемдік, поэтикалық және стильдік айырмашылықтары тұрғысынан зерттемекпіз. Соның нәтижесінде әлі күнге дейін кейбір сыншы әдебиетшілердің мақалаларында айтылған пікірлерін жинақтап, талдап, қорытып, оларға ғылыми тұжырымдама жасамақпыз.

Кешегі Ұлы Отан соғысының ақиқатын публицистика тілімен жеткізіп ғана қоймай, бүгінгі қоғам тынысына да өз үнін қосқан Қ. Қайсеновті зерттеу - журналистиканың теориялық мәселелерінің бір қырын ашу болып табылмақ.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қасым Қайсеновтің публицистикалық шығармаларындағы проблемалық, тақырыптық ерекшеліктерін көрсетіп көркемдік шеберлігін анықтау, сондай-ақ оның өзіндік азаматтық көзқарасын таныту жұмыстың басты мақсаты болып табылады. Сондықтан біз зерттеуімізде қаламгердің өмірбаян жолдарына қарағанда оның шығармашылық қарым-қабілеті мен мүмкіндіктеріне ерекше назар аударуды жөн көрдік.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделді:

  • Қ. Қайсенов публицистикасының қалыптасу, даму кезеңдерін көрсету;
  • Қ. Қайсенов көзқарастарының қалыптасуына ықпал еткен алғышарт-тарды айқындау;
  • Қ. Қайсенов публицистикасының жанрлық сипаттарын көрсету;
  • Қ. Қайсенов публицистикасының тақырыптық, проблемалық, идеялық бағыт-бағдарын анықтау;
  • Қ. Қайсенов публицистикасының поэтикасын: стильдік ерекшелігін, шығарма құрылысы мен сюжеттік пайымдауларын зерделеу.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

1. Диссертация Қасым Қайсеновтің публицистикалық мұрасын зерттеген тұңғыш ғылыми еңбек. Зерттеуде Қ. Қайсеновтің 1954-2006 жылдар аралығындағы публицистикалық мақалалары біртұтас шығармашылық жүйеде және бүгінгі заман көзқарасы тұрғысында бағаланып, алғаш рет ғылыми айналымға түскелі отыр.

2. Соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әскери публицистикасындағы рөлі және әскери публицистикасының ерекшеліктері айқындалады.

3. Публицистік шығармашылығының барлық кезеңін қамтитын патриоттық тәрбие тақырыбындағы еңбектеріне талдау жасалады.

4. Қаламгердің дәуір тынысын, замана шежіресін танытатын мақалаларына сараптама жасалады. Мақалаларындағы саяси астар негізі, өзіндік көзқарастары, проблемалық мәселелерді шешу жолындағы ой тұжырымдары сарапталады.

5. Қ. Қайсенов публицистикасындағы нақты дерек пен оқиға негізінде жазылған көркем шығармаларындағы публицистикалық стиль басымдылығы сөз етіліп көркемдік дәрежесі анықталады.

6. Қалам қайраткері көсемсөздеріндегі ұлттық құндылықтарымызды сөз ететін мазмұнға бай, пішін жағынан ұтымды шыққан туындылары ғылыми еңбектерде қарастырылған мазмұн мен пішін үйлесімі тұрғысынан танылады.

7. Қаламгер шығармашылығының барлық кезеңі қамтылып, публицистикалық еңбектерінің алғаш рет толық тізімі жасалады.

8. Қалам қайраткерінің стильдік даралығының, публицистік шеберлігінің ерекшелігі дәйектеледі.

Зерттеу тәсілдері. Диссертацияның алға қойған мақсаттарын орындау барысында және зерттеудің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес, тарихи-салыстырмалы, кешенді талдау әдістері қолданылды. Қаламгер шығармашылығының көркемдік қуатын, қазақ журналистикасында алар орнын, өзіндік мәнерін зерттеуде жүйелі кешенді, тарихи, объективті талдамалық әдіс-тәсілдер басшылыққа алынды. Зерттеудің өзіндік бір ерекшелігі - Қасым Қайсенов публицистикасының көркемдік сипатын ашуда оның шығармаларындағы адамгершілік-патриоттық мәселелерге ерекше тоқталып, еңбектерінің тақырыптық-идеялық маңызын барынша тереңірек талдауға назар аударылғанын айтуға болады. Сонымен қатар, қаламгердің дербес қолтаңбасын танытатын тұстарын іріктеп алып, талдау барысында негізгі ой-идеяны, көркемдік бейнелеудің тілдік ерекшеліктерін қоса көрсетуді мұрат тұттық.

Зерттеу пәні. Қасым Қайсенов публицистикасының тарихы, қалыптасуы мен даму ерекшеліктері. Қасым Қайсенов әскери публицистикасы және қаламгер шығармашылығының мазмұндық-көркемдік сипаты.

Зерттеу жұмысының нысаны. Қ. Қайсеновтің публицистикалық мұрасын әр түрлі басылымдарда жарияланған мақалалары мен очерктерін, естеліктерін, көркем шығармаларын ғылыми тұрғыдан сараптап, талдау жұмыстың негізгі нысанасын көрсетеді.

Зерттеу жұмысының деректік көзі ретінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Орталық кітапханасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының арнайы және сирек қолжазбалар қорларында сақталған, Қ. Қайсеновтің жеке мұрағатынан алынған көптеген публицистикалық шығармалары, оның өмірбаянынан, шығармашылығына қатысты түпнұсқа құжаттар мен деректік маңызы бар мәліметтер жұмысымыздың өзегі болды. Сонымен қатар қаламгердің «Коммунизм туы», «Коммунизм таңы», «Ленинская смена», «Под знаменем Ленинизма», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан», «Халық кеңесі», «Алматы ақшамы», «Вечерняя Алма-Ата», «Ақ орда», «Рудный Алтай», «Сарыарқа самалы», «Қазақстан-Заман», «Өркен», «Егемен Қазақстан», «Жас алаш», «Түркістан», «Ақ жол», «Қазақстан сарбазы», «Қазақ елі», «Ұлан», «Спорт», «Алтын орда», «Шекарашы» газеттерінде, сондай-ақ «Простор», «Білім және еңбек», «Жалын», «Қазақстан Коммунисі», «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат», «Пионер», «Ақ желкен» «Ақиқат», «Зерде» журналында жарияланған публицистикалық мақалалары мен корреспонденциялары, естеліктері пайдаланылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәлік Ғабдуллиннің публицистикасы
Қaзaқстaндaғы орыс тілді бaсылымдaрдa қaзaқтың ұлттық құндылығының нaсихaттaлуы
Публицист шығармаларындағы этнотарих мәселесі
Қасым-Жомарт Тоқаев- дипломат және публицист
Қайнар Олжай - публицист
Сәбит Дөнентаевтың шығармаларын оқыту
М. Дулатов - зерделі сөз зергері
Қазақ газетінің зерттелуі
Сәбит Дөнентаев. Өмірі мен шығармашылығы
Қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz