Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының көркемдік қабаты


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

СҮЛЕЙМЕН ДЕМИРЕЛ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

«Қазақ филологиясы және қоғамдық ғылымдар» кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

«МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ «БАТЫР БАЯН»ПОЭМАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ҚАБАТЫ»

Орындаған:

4-курс студенті . . . Төленбаева С.

Ғылыми жетекші:

ф. ғ. д., профессор . . . Ысқақұлы Д.

Норма бақылаушы:

ф. ғ. к., аға оқытушы . . . Сыдықова Ж.

Қорғауға жіберілді:

«---» мамыр 2010ж.

Кафедра меңгерушісі

СДУ доценті . . . Құсайынова М.

Алматы, 2010

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысының тақырыбы: «Батыр Баян поэмасының көркемдік қабаты»

Бітіру жұмысының көлемі:

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 33

Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті: «Батыр Баян» поэмасының көркемдік қабатын ашу. Ақынның поэмада қолданған бейнелеу сөздерін, тілінің көркемдігін ашу. Поэманы талдай отырып ондағы тақырып, идея, өзге оқиғалармен байланысын көрсету. Сонымен қатар жанрлық түрін ажырату. Көркемдігі мен мән-мағынасына терең үңілу. Ақынның қазақ халқының сол кездегі халық жағдайын қандай тарихи оқиғалармен байланыстырған, соны талдап көрсету. Көркемдік қабатын анықтау.

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Кіріспеде жалпы ақынның поэманы жазудағы шеберлігі, ақынның өзі туралы, тақырыптың зерттелу деңгейі туралы айтылады. Бірінші тарауда «Батыр Баянның» тарихи-сюжеттік негізі қарастырылады. Екінші тарауда «Батыр Баян» поэмасының көркемдік қабаты туралы сөз болады. Үшінші тарауда «Батыр Баян»поэмасының жанрлық түрі зерттелді. Қорытынды бөлімде жалпы жұмыс батысы жұйеленіп, нақтыланады.

Жұмыста қолданылатын әдістер: Бітіру жұмысында салыстыру, талдау, тарихи тұрғыдан жүйелеу әдістері қолданды.

Пайдаланылған дерек көздері: Ғылыми әдебиеттер мен жұмыстар алынды. Сонымен қатар сөздіктер, көркем әдеби шығармалар қолданылды.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .

1. Батыр Баян поэмасының тарихи-сюжеттік негізі . . .

1. 1Тарихи сюжеттер . . .

2. "Батыр Баян"поэмасының көркемдік қабаты . . .

2. 1 Стильдік ерекшелігі . . .

2. 2 Ақының эпикалық құлашы, адам образын жасау шеберлігі . . .

3. "Батыр Баян" поэмасының жанрлық түрі . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Ақындық қасиетті туғызатын ақынның өзі. Сол күштің арқасында ақындық туып, өлеңнің өрнегіне бөленіп, қаламынан сондай керемет те, бүкіл жан-дүниеңді баурап алатындай керемет туындылар қаншама. Сондай туындылары арқылы халқының аяулысы, өз өлеңдерінің жыршысы бола білген-Мағжан Жұмабаев. Мағжан ақынның поэзиясы, прозасы, поэмасы болсын бүгінде қазақ әдебиетінің төрінен орын алып, өз оқырманының жүрегіне өшпес мұра ретінде із қалдыра білді. Қазақтың ұлы ақыны Абайдан кейінгі, өлеңдері арқылы қазақ халқының тіл өнегесін байытуда өз үлесін қосқан ақын, әрине Мағжан. Ақынның артында қалдырып кеткен мұрасы бүгінге дейінгі қазақ халқының бүтін бір тарихы. Әрі жан-жақты зерттеуді қажет ететін аса бір құнды байлық. Ақынның өмірі мен шығармашылық жолы бүгінгі ұрпаққа жетіп, сол ұрпақпен бірге ақынның өзі болмаса да, мұрасы мәңгі жасап келе жатыр. Ақын сонау қиын да, сұрапыл заманда өмір сүріп, халқының мұң-зарын сол жырлары арқылы жұбата білді, жанынан табыла білді.

Әр дәуір өз ақынын туғызады десек, Мағжан шығармалары өз заманының тұтастығы бір шежіре секілді, көз алдыңа жан-жақты жүрек тебіренісімен, өз үнімен, қайталанбас өз ерекшелігімен көркем де, шыншыл отты сөзбен жасалған тұлғалармен сомдалған соны дүниені жайып салады. Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алған егеменді еліміздің мәдениеті мен әдебиеті ұлттық сипатын айқындау түсуде. Бұл мақсаттың алғашқы қадамы алаштың ардақты ұлдарын ақтаудан басталады. Алаш азаматтары, яғни зиялылар қауымы қазақ ұлтын жеке автономиялы мемлекет етіп құруды мақсат етті. Олардың осы өмірлік мұраттары шығармашылық жолына айналды. Алаш арыстары аңсаған еркіндік елге егемендік болып енді оралды. Осы лекпен ортаға оралғандардың қатарында Мағжан ақын да болды. Мағжан Жұмабаев қаламынан туған классикалық шығармалар ұлт әдебиетін белгілі көркемдік дәрежеге көтерді. Ал ақын көркем туындыларындағы эстетикалық таным өз бастауын ұлт тарихынан, халықтың мәдениетінен, жыраулық поэзиядан алып жатады. Ақынның осы негізде қалыптасқан азаматтық позициясын (ұстанымын) таныту да, патриоттық рухта жазылған поэмаларының да ролі зор. Өйткені поэма идеялары ұлт тағдыры проблемаларынан туындаған. М. Жұмабаев поэмалары халықты әдебиетпен байланыстыра дамыту арқылы поэма жанрынан әлемдік әдебиеттер үдерісімен жаңа бағыттағы мазмұнды қолданыстар жасаған. Ақынның көркем шындықты сомдаудағы шығармашылық әдістері поэма жанрының түрлерін тудырды. Бұл ақынның азаттық пен тәуелсіздікті аңсаған, Алаш қозғалысы идеясымен суарылған туындылары. Мағжан Жұмабаев шығармашылығындағы идеялық-көркемдік ізденістердің бәрінде алашшыл көзқарас сабақтастығы, пікір жалғастығы ұласып жатады.

Бүтін бір қазақ халқының ақыны, өз жырларының патшасы десек те

болады. Ақын поэмалары бүтін бір қазақ халқының тарихы болмаса да, сол халықтың керемет те, ержүрек батырларын танудағы бізге негізгі барар жол болып табылады. Қазақ халқының рухани мұрасы, қазынасы ақынның шығармалары.

I тарау

Батыр Баян поэмасының тарихи-сюжеттік негізі

Өткен жиырмасыншы ғасырдағы ұлттық поэзиямыздың санаулы биіктерінің бірі ғана емес, нағыз шыңы -Мағжан Жұмабаев шығармашылығы. Бұл -аксиома, яғни дәлелдеуді керек етпейтін ғылыми айқын шындық. М. Жұмабаев есімі тарихымызда шығармашылық шеберлігі, стильдік анықтығы т. б. профессионалдық ерекшеліктерімен ғана емес, ұлттық әдебиетіміздің тағдырына арналған патриоттық рухтағы ой бастамаларымен әсіресе құнды. Сонымен бірге ақын өз жырларының ерекше тақырыбы, авторлық концепциясы арқылы, ұлттық поэзиямызды кеңес тұсындағы таптық идеядан қорғауға талпынды. Түрікшілдікті, батырлықты жырлап, ондағы іс- әрекеттерді бүгінгі ұрпаққа патриоттық сезімнің символы етті. Мағжанның өз тұсындағы және рухани болашақтағы құлдырауды болжай білген ақындық гипотезасы- поэмаларындағы бүкіл патриоттық рухтың негізі. Ақын поэмаларының идеясы-ұлтты тапқа бөлмей біртұтас сүю, түркі бірлігі және осы концепция негізінде келер ұрпаққа бағыт, тәрбие, рух беру.

XX ғасырдың басында қазақ әдебиетінде тарихи тақырыптарға оралу тенденциясы басым болғаны белгілі. Ал тарихты сөз өнерінде ежелгі халықтық поэзия үлгісінен өзге жаңа формада көрете алу суреткердің шеберлігіне, жеке жетістіктеріне байланысты мәселе екені анық. Әйтсе де, тарихи тұлғаны идеалды өмірдің образына, әдеби қаһарманға айналдыру туралы жалпы сұрақ туындады. Дәл осы сұрақ төңірегінде арнайы әдеби тартыс болмаса да, осы кезеңдегі қазақ жазушылары шығармашылығындағы жаппай талпыныстар осының айғағы. Осы кезеңдегі әдеби даму үрдістері, яғни жазушылар шығармашылығындағы тарих пен фольклор байланысының үлгілері осы тарихи тұлғадан көркем интерпретацияға дейінгі аралық еді. Мағжан шығармашылығының профессионалдық сатыға көтерілуіне образға келер алдындағы үлкен даярлығы мен философиялық терең анализі әсер етті. Осы кезеңде өз шығармашылығының биік дамуында тұрған Мағжан Жұмабаев бұл сұраққа өзіндік ерекшелікпен келді. "Батыр Баян" поэмасын жазудағы ізденісі тарихи деректі көркем туындыға айналдыруда ақынның шығармашылық еңбегінің үлгісі бола алады. Мысалы, ақын Батыр Баян поэмасын жазуда Шоқан Уалиханов деректеріне сүйене отырып, тарихи шындықты жазушылық қиялмен дамытып, өзге деректермен қоюластырған. Мағжан өзі тарихшы ретінде жеке ізденіп деректер жинақтап, поэмасын терең философиялық ой-тұжырымдарға құрады. Бұл-жазушының шығармашылық және суреткерлік жұмысы алдындағы дайындық лабороториясында ой жинақтауы яки шығармашылық қажетіліктен туындайтын құбылыс.

Жиырмасыншы-отызыншы жылдар қазақ қоғамының қалыптасу және ғылымы енді дами бастаған балаң кезеңі еді. Сонымен бірге ақын әдебиеттің спецификалық талаптарына сай тарихи тұлғалардың өмірімен терең танысып, белгілі-бір құбылысты немесе оқиғаны көркем шығармаларына арқау еткен. Ақын-алдымен сөз шебері. Ал тарих-ақын үшін деректік негіздердің арсеналы немесе әлем туралы жалпы танымдардың қайнар көзі ғана емес, суреткерлік танымының бір элементі болып қалыптасып кеткен. Бұл, Мағжанның суреткерлік әлемінде, әсіресе философиялық ой-тұжырымдарынан ерекше байқалады. Ақын философиясы жеке басының трагедиясымен астасып жатса, трагедиясы ел тарихынан туындайды. Ежелгі аңыз, тарихи сюжеттер Мағжан поэмаларында мүлдем басқа мағына, басқа мінезге ие. Себебі, адамдар, мінез, көзқарас-бәрі өзгерген, яғни тарих өзді-өзі "пародия" жасауда. Мысалы, Нысанбай ақынның тарихи поэмасындағы, М. Әуезов пьесасындағы, М. Жұмабаев поэмсындағы Кенесары бейнесі осыған дәлел.

Мағжанның суреткерлік жүйесіндегі тарихи-көркем тұжырымдарымен байланысты тағы бір ерекшелік-қоғамдағы саяси-әлеуметтік "бай" және "кедей" яғни "жоғары", "төмен" тәрізді метафизикалық шек қоюды қабылдамауы. Біріншіден, ақын ұғымында бұл категориялар бір қалыпты емес өзгермелі. Яғни тұрақты ештеңе жоқ. Екіншіден, бұл ақынның азаматтық позициясына қайшы келетін тұжырым. "Адамның шын мағынасымен адам болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен қанағаттанбай, жалпы адамзатты сүюі шарт. Өзінің һәм жақындарының ғана пайдасын іздемей, жалпы қалың халықтың пайдасын іздеуі шарт. Халық пайдасын өз пайдасынан да ілгері қоюы шарт. Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін. Қазақтың жазушысы Міржақып Дулатов бір өлеңінде:

"Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,

Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.

Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,

Пайдалан, шаруаңа жараса, алаш", -

дейді. Міне алашты халық десек, халықты шын сүйген адам "жарты жоңқасы" қалғанша халық үшін қызмет істеуге тиісті". [1, 302-303 б. ]

Мағжан үшін "жоғары" категориясы әдеби эстетикалық танымдағы өлшем емес, поэзияның өз идеялық қуатымен жететін биіктік. Яғни "жоғары" жасалынып, және әрдайым қозғалыста дамып отыратын мәдениет пен тарих саласындағы объективті баға. Егер біз Мағжанды өзінен кейін мектеп қалдыра алған ақын деп қарасақ, онда Мағжан мектеп принципі бойынша: ақын санасы өз халқы, тіпті жалпы адамзат үшін әділеті тура жолды көре алардай дамыса, ол "жоғары" және "аса жоғары" яки "интеллектуал". Басқалардан тағы бір өзгешелігі- Мағжан шығармасының нысанасында табиғат, махаббат, достық т. б. емес, арғы-бергі тарихтағы рухани өткір коллизиялар және конфликтілер. Яғни, біз Мағжан шығармашылығынан сезім тереңдігі мен байлығын ғана емес, жоғары деңгейлі руханилық пен трагедиялық шешімдерді де көре аламыз.

Сонымен " жан диалектикасы" мен "психологизмді" Мағжан шығармаларына негіз етіп жасай алдық демесек те, ақын шығармашылығындағы әлем мен жайдақ баяндау емес, өз қалінше көп қырлы, көп мәнді құбылыстар.

Толық қамти алар болсақ, Мағжан поэмаларының астарына өз тұсындағы тарихи проблемалар негіз болған. Яғни ақын шығармаларының қай планында болмасын өз тұсындағы тарихи, рухани мәселелерді көтеріп, қозғап, қатыстырып айтып отырады. Мәселенің түйіні-шығармаға арқау болған оқиғаның қай дәуірде болғандығында да емес, оның шындық талабы мен талғамына лайық бейнеленуінде. Көркем туындының қоғам қалтарысында қалмай, заманнан заманға жетер ұлылығына себепкер тағы да туындыгердің ой-өре биіктігі, адамдық табиғаты. Мағжанның да тіршілік тауқыметін мойындай отырып:

-өзін жалған жасампаздыққа жеңдірмеуі;

-шынайылылықты тек табиғаттан іздеуі;

-әдебиетті саясаттың емес, сұлулықтың, көркемдіктің құралы деп тануы;

- адамдардың ой-сана, жан-дүние еркіндігін аңсауы, т. б. оның адамдық таза, биік рухының көрінісі.

Ақынның азаматтық тұлғасы осылай шынығып қалыптасты. М. Жұмабаев поэмасының тақырыбы, сюжеттік құрылысы жағынан сан қилы бастаудан бағыт алған: әлеуметтік теңсіздік, мәңгілік тақырып, патриотизм мен махаббат т. б.

Ақын тақырыпқа қай қырынан келмесін, бүкіл сюжетке әр түрлі әдіс-тәсілмен қатарласа өрілген лирикалық толғау барлық поэманы бір сарынға қоюластырып, сәйкестндіріп отырады. Толғау ақынның жеке арманы, мұң-шерімен бірге халқы мен туған жері тағдырына пессимистік түрде зарлана қайғырады. Өз тұсындағы келеңсіз өзгерістер ақынға рухани жоғалу сияқты әсер берген. Дәл осы өзіндік жан-дүние дағдарысында Мағжан-Абылай, Баян, Кене, Сыздық рухтарынан, патриоттық сезімдерінен күш алған. Халқының ұлттық табиғатын, тұтастығын жоқтағанда қалам мен қару әр уақытта үндестік тапқан. Біздер, Мағжан Жұмабаев поэмасына арқау болған сюжеттер, аңыз сюжеттер деп бөліп қарастырдық.

Мағжан-тарихи сюжеттерді өңдеп, көркем туынды жасауда өзіндік ерекше стильі бар ақын. Ақын туындысында тарихи сюжет пен шығармашылық ой-идея бірлігі тұтас образды сомдаған. Тарихи тұлғалар Мағжан шығармашылығында жаңа образға еніп, дәріптеліп, ұрпаққа жәдігер болып жатталады.

Ақынның тарихи сюжетті негіз еткен "Батыр Баян" поэмасының діңгегі-туған ел тарихының шындығы. Бұл поэмада жанрға тән асқақтықты- намысшылдық, алаш еліне деген сүйіспеншілік, сертке беріктік (қалмақ қызының мінезі) , нәпсіні тыйып ұстаудағы адами ерік-жігер, ақыл азабы, және жалғыздық құрайды.

1. 1ТАРИХИ СЮЖЕТТЕР . Мағжанның тарихи тақырыпқа жазылған "Батыр Баян" поэмасы Абылай дәуіріндегі қазақ батырларының ерлігін өзек етеді. Ақын шығармаларының мазмұны мен тақырып ішкі бірлік сақтай отырып, Баян образы арқылы батырлықты жырлайды. Поэма Ш. Уалиқановтың "XVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар"[2. 221 б. ] атты мақаласына негізделгені анық. Мағжан тіпті кейбір батырларға берген мінездемесінде Шоқанды сөзбе-сөз қайталайды.

Егер Шоқан мақаласымен "Батыр Баян" поэмасын салыстырып қарасақ, сәйкестікті анық байқаймыз:Баталинец Уразумбет-баты славился удивительною ловкостью и быстротою действия.

Мағжанда: . . . Балталы екпінді оттан Оразымбет, . . .

Шоқан: . . . Хан стоял на сборном месте, не двигаясь:он дожидался храброго батыра Баяна, не смотря на ропот других батыров.

Мағжанда: . . . Баянсыз қанатымды қалай жаям?!

Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,

Келмесе қандыбалақ Батыр Баян!-

деген жолдарда Баян батырлығының құдіреті ашылған.

Шоқан: . . . Калмики остановились, послали семь человек послов . . . " "Алла Джар! Уса и серен послали меня: калмики и казахи были братья, будем же и теперь или примите белые юрты- дань и будем мирны!

Мағжанда: Салады мына сөзді хан Абылай

Би-батыр қасындағы көп қыранға.

Салса да алдыменен өзі айтады:

"Түспеспіз тірі болсақ, алдағанға!

Күні ертең не бергенін жолдан алып,

Қалғанын алсақ қолдан арғы таңда"

Шоқан: . . . Баян отвечал: "Нет! Не брите белых юрт, не старайтесь обманывать: Уса и Серен обманули верхний и нижний Китай, обманут и тебя".

Мағжанда: Ерлігі алашқа аян Батыр Баян

Тұрды да деді! Алдияр, Абылайым,

Сөзімді не кектерсің не жұптарсың,

Ойыңды теріс дейді Баян-айың!

. . . Қу қалмақ күні кеше алмап па ед,

Шоңқитып Ой қытай мен Өр қытайды?

Қалмақтың қарты түгіл, қалшасы да,

Алдатпас, алдап кетер Абылайды!

Бұл тартыс Баянның қара күш иесі қана емес, айлалы ақылы ханмен пара-пар екендігін дәлелдеген.

Шоқан: . . . Хан два раз повторял свое, он два раза отвечал свое. Хан остался на своем.

Мағжанда: . . . Тоқтады Баян, Абылай тағы өз сөзін

Қайта айтты, біраз шытып қарлы жүзін.

Хан да екі, Баян да екі қайырысты,

Алмастан бір-біріне тіккен көзін, -

деген жолдарда Баянның ержүрек мінездері сомдалған.

Шоқан: . . . Два дня ждали нет калмыков, нет белых юрт, после узнали что прошло два дня, как снялись и ушли.

Мағжанда:. . Қол күтті, уақыт өтті, күн батар шақ,

Кең ойлы Абылайды, данышпанды,

Қу қалмақ кеткені ме шын-ақ алдап?!

Бас образдың батырлық қырын ашқан тарихи оқиға поэманы күрделі планға шығарған. Бұл-тарихи сюжет, Мағжан Жұмабаев поэмасындағы негізгі концепция. Ал өзіне батырлар образын жинақтаған бұл оқиға- қазақ тарихының жаугершілік заманы, оның ішінде Абылайдың тұсы. "Қазақ ішінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады", -деп жазды Ш. Уалиханов. Мағжан да өз поэмасында басты қаһарман Баян образын Абылайдың қазақ тарихындағы баға жетпес тұлғасын дәріптеу арқылы биіктетеді. Поэмада Абылай хан образы көбіне лирикалық толғауда жырланады. Мысалы:

. . . Қабырынан әулиенің Алашқа артық,

Ертеде Абылайға орда болған ағаш.

Ордасын сол ағаштың Абылайдың

Меккедей тәуеп қылған тамам алаш.

Ал поэма құрылысындағы Абылай хан образының тарихи салмағы Баянның батырлық табиғатын ашуға шебер қызмет еткен:

Наркескен, өрттей ескен, қайтпас болат

Баянсыз қанатымды қалай жаям?!

Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай,

Келмесе қандыбалақ Батыр Баян!

Қорыта айтсақ, Ш. Уалиханов деректеріндегі Баян батырлығына да баға Абылай аузымен беріледі. Мағжан осы тарихи оқиға арсына махаббат проблемасын, яғни жеке адамның жан-дүниесін араластыру арқылы, Баянның батырлық қана емес, туысқанды, ғашықтық, патриоттық сезімдер арпалысындағы үлкен психологиялық портретін жасаған. Бұл туралы М. Әуезов былай дейді: " . . . тарихи оқиғалар өз тұсында көпке жайылған жанды әңгіме болып жүрсе, кейде ақындардың қолына жетіп, өлең өлшеуіне түседі. Тарихта болған оқиға өлеңге айналған соң өзі ескінің тарихы болып жоғалмайтын болады . . . Нағыз тарихи өлеңдердің басталған кезі Абылай заманынан бері қарай"[3. 141]

Ақын Баян образын әдеби контексте махаббат оқиғасымен байланыстыру арқылы батырдың жеке трагедиясын ашады. Яғни, ақын көркем шығармада Баянның батырлығының аясында оның адами табиғатын танытқан. Поэманың композициялық құрылысын оқиға дамуымен байланыстыра жүйелер болсақ, сюжеттік кестесі былай бейнеленеді:

-Жауға қарсы жиналған батырлар Баянды күткен хан;

-Баянның жау қызына ғашықтық сезімі, тұтқын қыздың өз еліне деген махаббаты;

-Батырдың інісі Ноянның жау қызына деген махаббаты;

-Ноян мен тұтқын қыздың өлімі. Баян трагедиясы;

-Көп пікірі: киелі Абылайхан, бағы қайтқан Батыр Баян;

-Батыр Баянның жеке шешімі. Өлім.

Барымталық жолмен әкелінген "жау" елінің сұлуы шығармадағы драмалық ширығуға да, трагедиялық шешімге де басты себеп. Немесе, керісінше, ақын таңдаған махаббат ситуациясы да өзінің сипатымен негізгі тақырыпқа бағынған. Бұл поэма жанрындағы бөлшектің бүтінге бағыну заңы. Ақын екі ел арасындағы саяси жағдайды махаббат конфликтісіне себеп еткен. Дәл осы конфликт Баян басындағы ішкі жандүние тартысының көрінісін шебер ашқан.

Поэмадағы оқиғаларды шебер қоюластыру арқылы ақын қоғамдағы саяси-әлеумттік қақтығыс пен жеке бас трагедиясын нанымды байланыстырған. Оқиға тұсындағы қоғамның саяси-әлеуметтік бетін де ақын тарихи деректермен бейнелейді. Мысалы:

Қиын күн туған алаш баласына,

. . . Кез болған жаудан үркіп, Ақтабанға,

Дұшпанның қалғандай боп тобасына,

. . . Күндерде сонау қара, тапсырған ел

Тағдырын Абылайдай данасына.

Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ,

Жақыннан тыншытпайды ауыр қалмақ.

Артында-ор, алдында-көр, жан-жағы жау,

. . . Көп жаудың бірін шауып, бірін арбап,

. . . Күндердің бір күнінде хан Абылай

Қалмаққа ойына алды ойран салмақ.

Мағжанның осы жолдары М. Әуезовтың "Тарихи өлеңдер" туралы мақаласындағы мына пікірмен дәлме-дәл:" Орысқа бағыну елдің, алдына ұсынған сыбағалы табақтай болып, еріксіз бой ұсындыруға айналды. Ел өмірі мен әдебиеті тарихында осы дәуірден қалған белгілер көп. Әдебиетте қалың елдің бұл қайғысы Абылай айналасынан шығады. Абылай маңына жиналады. Ал сол аласапыран дәуірде қалың елдің "қайрандап жан қала ма" деген Қазықұрттай үміті жалғыз ғана Абылай басында болған болатын. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін, ту көтеріп бір араға жиған Абылай болатын. Бұлай болса, кейінгі заманда туатын үлке тарихи оқиғалар мен тарихи жырлары түгелімен Абылай заманынан суат алады"[142-143]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ҚИЯЛ
Мағжан Жұмабаевтың поэмалары
Мағжан Жұмабаев шығармалары
Мағжан Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Батыр Баян поэмасы
Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі - Мағжан Жұмабаев
М. Жұмабайұлы шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
М. Жұмабаев еңбектеріндегі жалпы психология мәселелері
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz