Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылықта пайдаланатын жерлеріне әсер ететін физикалық- географиялық факторлар


КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі - пайдаланатын жерлердің таралуын, егіс көлемін сандық және нүктелік әдістермен бейнелеу.
Жұмыстың жаңалығы - Шығыс Қазақстан облысының пайдаланатын жерлер картасын соңғы жылдардағы жаңа мәліметтердің негізінде сүйене отырып жаңа картасын құрастыру.
Жұмысты ғылыми зерттеу - стастикалық мәліметтерді картографиялық тұрғыда бейнелеп көрсету үшін, мәліметтерге математикалық талдау жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыстың мақсаты - аймақтың ауыл шаруашылық дақылдарын арнайы картографиялық тәсілдермен бейнелеу.
Жұмыстың мақсаты - аймақтың табиғи жағдайын ескере отырып, жаңа мәліметтердің негізінде, ГАЖ технологиясының арнайы бағдарламасы ArcGis-тың көмегімен талапқа сай картографиялық туынды шығару.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы - картографиялық туындыны мектеп және жоғары оқу орындарында, ауыл шаруашылық мамандары қолдауға болады.
Пайдаланылатын жерлер картасының негізгі мазмұны - егістік жерлер, пішендер, жайылымдар, көпжылдық отырғызулар және олардың тағы да басқа түрлері болып табылады. Пайдаланылатын жерлердің шекарасын картада көрсету кезінде өзіне тән табиғи суреттер, мысалы, егістіктің тік сызықтық немесе бұрыштылық контуры, пішендердің дөңгелек көрінісі, өзен аңғарлары мен көлдердің қазаншұңқырларына бейімделген жерлердің контуры бейнеленеді.
Пайдаланылатын жерлер тақырыбындағы карталарда сапалық рең, картограммалар, картодиаграммалар, ареалдар, нүктелік әдістер кеңінен қолданылады.
1. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚТА ПАЙДАЛАНАТЫН ЖЕРЛЕРІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН
ФИЗИКАЛЫҚ- ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР
- Жер бедерінің ерекшелігі
Шығыс Қазақстан облысы Алтайдың оңтүстік-батыс бөлігін, Зайсан ойпатын, Қалба таулы өлкесін, Сауыр - Тарбағатай жотасын, Ертіс маңы жазығы мен Қазақтың Ұсақ шоқысының шығыс бөлігін алып жатыр.
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының территориясы 283, 3 мың шаршы км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 6 0 -қа 48 0 -тан 51 0 -қа солтүстік ендік (с. е), ал батыстан шығысқа қарай 10 0 -қа 77 0 -тан 87 0 -қа (ш. б) созылып жатыр. Жер бедері
Біздің облыстың жер бедері өте күрделі және әртүрлі: сол жағалау бөлігі - жазық, таулы немесе төбешік-ұсақ шоқылы, ал оң жағалау да - таулы. Таулар - Қазақстанның немесе Оңтүстік-Батыс Алтай территориясының шамамен 80%-ін алып жатыр. Шығыс Қазақстан облысы жер бедерінің ерекшелігіне байланысты батыс және шығыс субрегиондарға бөлінеді.
Батыс субрегионының жер бедері келесі ірі табиғи-территориялық кешендерге бөлінеді. 1) Ертіс маңы жазығы, Шыңғыстау тауы, Көкпекті-Шар ұсақ шоқысы, Тарбағатай жоталар жүйесі, Зайсан және Алакөл қазаншұңқырлары.
Cемей Ертіс маңы - жер бедері тегіс, бірақ бұл тегіс жазық жерлер тегіс сары топырақты төбешіктермен күрделеді. (Балапан - 351 м, Белағаш - 429м және т. б. ) Олардың абсолюттік биіктігі 200-ден 400 м-ге дейін өзгеріп тұрады, ал салыстырлы биіктігі 50-100 м-ден аспайды. Осы жерде жайылма өзендердің биіктігі 4-5 м-ге жетеді. Оның үлкен бөлігі сазға айналған. Ертістің қазіргі арнасының ені шамаменм 0, 3-0, 5 км. Ертіс арнасында шағын аралдар, жұмыр тасты және құмды шығанақтар кездеседі.
Ертістің оң жағалауында Семей қаласының солтүстік-шығысында қарағайлы орман отырғызылған құм тізбегі созылып жатыр. Ертіс маңы жазықты жер бедері Семейдің оңтүстігіне қарай жоталы тауға айналған.
Көкпекті-Шар ұсақ шоқысының абсолюттік биіктігі 400-500-ден 800-900 м, 20-250 м-ге дейінгі жоталы жерлер кездеседі. Бүкіл ұсақ шоқы аз жүйеленген. Әдетте жоталардың баурайлары жазық, бірақ кейде таулы аралдар массивтерін құрайды, мысалы, Семей-тау (606 м), Дегелен (1085 м) , Арқалық, Делбегетай (730 м), Қандығатай (1025) т. б.
Аласа тау Семей-тау Ертістің оң жағалауы, Семейдің оңтүстік-батысындағы Шаған және Мұқыр өзендерінің арасында орналасқан. Олар биік таулар емес, бірақ ендігі 10 км-ден аспайтын гранитті массив кездеседі.
Дегелен тауы герциндік граниттерден құралған және кесе-көлденең ені 10 км күмбез тәрізді қырат. Дегеленнен солтүстік-батысқа қарай аз жоталанған жазық орналасқан.
Қазақтың ұсақ шоқысының орта бөлігінде Дегеленнің солтүстік-батысынан оңтүстік-шығысына қарай Шыңғыстау тауы созылып жатыр: солтүстік жота Қаншыңғыс (1152 м), ортаңғы -Шыңғыстау (Қосбастау қаласы - 1077 м), оңтүстігінде - Ақшатау тауларымен жүйеленген. Ең биік нүкте - Қособа тауы, оның биіктігі - 1305 м-ге жетеді. Бұл жоталар Алтай тауынан Шар өзенінің тектоникалық аңғарларымен ажыратылған, ал оңтүстік-шығыс және шығысында Тарбағатай тауымен және Зайсан қазаншұңқырымен қосылады.
Шыңғыстаудан шығысқа қарай Шар және Көкпекті өзен бассейінде Шар-Көкпекті ұсақ шоқысы жайылып жатыр. Оның жер бедерінің ерекшелігі - қыраттар бір-бірінен тегіс баурайлармен қатты ажыраған. Ұсақ шоқы шегінде жекеленген қыраттарға бөлінеді: Арқалы тауы, Сарыжал, Мыржық, Күшмұрын т. б. Олардың абсолюттік биіктігі 400-800 м-ге өзгеріп отырады және жеке төбешіктер ғана 900-1000 м-ге жетеді (Сағымжол тауы, 1215м) .
Көкпекті-Шар ұсақ шоқысына шығысында Зайсан ойпаты қосылып кетеді. Шығыс Қазақстан облысының шекарасында ойпаттың ені мен ұзындығы 120 км-ге созылған. Оның жер бедерінің абсолюттік биіктігі 400 - 480 м-ге дейінгі тегіс жазық. Жайсан көлі орналасқан жерде жазық үсті аз қисайған. Ол 382 м биіктікте жатыр. Жазықтың жер бедері біркелкі, кейде ол горст түрінде құрғақ жыралармен тілімденген тегіс қыраттарға айналады. Сондықтан қыраттар сазды және сазды малта тасты тақырлармен бөлінген мұнара және күмбез түрінде ретсіз қоқырап көрінеді.
Зайсан қазаншұңқырының шығысында Ертістің сол жағалау бөлігінде адыр және бархан түріндегі эолды құмдар үлкен аудандарды алып жатыр. Ежелгі су ағыстары жазықпен қиылысады. Мұндай пішіндегі жер бедері Зайсанның оңтүстігінде куэсталар деген атқа ие болған. Қазақстан мен Орта Азияда оларды адырлар деп атайды. Жекелеген адырлардың абсолютті белгісі 900-1000 м-ге жетеді. Зайсан қазаншұңқырының оңтүстігіне қарай кеңінен созылған тау жүйесі биіктігі 1600-2900 м Тарбағатай жалғасып жатыр, ең биік нүктесі - Тастау 2992 м. Облыс шекарасына Тарбағатайдың батыс баурайлары кіреді. Жотаның су айырығында пенеплендер керемет сақталған. Олар жоталардың шыңдарына тегіс кескін береді. Тарбағатай жотасы Жайсан көлінің солтүстігіне, Сасықкөл және Алакөл көлдердің оңтүстігіне жинайтын өзендердің су айырығы болып табылады. Жотаның солтүстік баурайы оңтүстікпен салыстырғанда жайпақтау. Жотаның жер бедері әркелкі: шыңдары тегістелген, жазық, ал баурайлары шатқалды аңғарлармен бөлінген. Бұл жас көтерілген жота туралы айтылды. Қазіргі таулы жер бедер жаңа тектоникалық қозғалыстан қалыптасқан. Манырақ және Тарбағатай жоталарының арасында жазықты Шілікті тау аралық ойпат орналасқан. Оның бетті төрттік ұсақ тасты шөгінділерден қалыптасқан. Абсолютті белгілері 1100 м құрайды /1/.
Шығыс Қазақстан облысының шекарасында Балқаш-Алакөл ойпатының шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігі орналасқан, Балқаш-Алакөл ойпаты тау аралық ойпаң жер болып табылады және Шыңғыс және Тарбағатай жоталарымен шектеледі.
Алакөл ойпатының жер бедері - тегіс көлді жазық, теңіз деңгейінен 340-600 м биіктікте орналасқан. Тарбағатай тау етегінде - бұл ұсақ малта тасты, ал көл маңы - құм-сазды жазықтар. Жазықтың кей жерлерінде аласа таулы массивтер көтеріледі. (Арқалы - 850 м және т. б. ) Мұнда құрғақ арналардың іздері жиі кездеседі. (Бақанас, Аягөз өзендерінің сағалары және т. б. ) Олар өзінің жансыз түрлерімен адамды таң қалдырады. Оның шекарасында су тек қана өзеннің бастауында ғана, борпылдақ жыныс қалдығына сіңіп үлгермеген жерлерде кездеседі.
Сонымен, Батыс субрегион жер бетінің құрылысындағы маңызды ерекшеліктермен ерекшеленеді - бұл Батыс Сібірдің оңтүстік-шығыс жазықты кеңістігі, Солтүстік-Батыс Алтайдың және Қалба тауының құлама етегі, Қазақтың ұсақ шоқысының жекелеген массивтері, Балқаш-Алакөл бөлігі және Зайсан ойпаты, Тарбағатай жотасы.
Шығыс субрегион бес ірі және күрделі табиғи-территориялық кешенге бөлінеді: Кенді және Оңтүстік Алтай, Қалбатауы, Зайсан ойпаты, Сауыр-Тарбағатай тауы. Әртүрлі сыртқы және ішкі процестер мен құбылыстардың бір-бірімен байланысының нәтижесінде олардың жер бедерінің пішіні мен түрлері де әртүрлі.
Жер бедердің түрлері: биік таулы, орташа таулы, аласа таулы, тау алды және тау ішіндегі ойпаттар.
Жер бедердің пішіндері: өзен алқабы, мореналар, каррлар, бұйра жартастар т. б.
Кенді Алтай Оба және Нарым өзендерінің ортасында Ертістің оң жағалауында орналасқан. Кенді Алтай солтүстік-батыс бағытында созылып жатқан мынадай жоталардан тұрады: Листвяга, Холзун, Көксу, Тигирецский. Олардан батысқа қарай Оба, Иванов, Үлбі, жоталары жалғасады. Таулардың төбесі көбінесе тегіс, жиі үшкірленген және құзды болып келеді. Кенді Алтайдың ең биік нүктесі - Вышеивановский белок (2776 м) . Қыраттар мен таулар ойпаттармен алмасып тұрады. Мұндай жер бедерін төбешікті тау деп атайды. Ол әсіресе Шемонайха ауданы мен Зырян шұңқырына тән.
Оңтүстік Алтай тау аралық Нарым-Бұқтырма ойпаты Кенді Алтайдан бөліп тұр. Ол Тобын-Богдо-Ола таулы тізбектен басталады және кең жайылған жоталардан тұрады. Олар тау аралық ойпаттармен бөлінген.
Батыстан шығысқа қарай мынадай жоталар орналасқан: Нарым, Сарым-Сақты, Тарбағатай-Алтай. Оңтүстікке қарай Күршім және Оңтүстік Алтай жоталары созылған. Марқакөл батысында Асутау жотасымен қоршалған. Оңтүстік Алтайда максималды биіктік - 2800-3600 м, ал ең биік нүкте -3871м-ге жетеді. Оның жоталарының шегінде таулы мұздықтың екі орталығы бөлінген. Сонымен қатар, Кенді Алтайда ежелгі тегіс үстірттер жақсы сақталған. Бұдан басқа, жер бедерінде тік жартастар, терең шатқалдар және қабаттар нақты айқындалған. Мұндай жер бедерін альпілік деп атайды.
Қалба таулы өлке Ертістің сол жағалауында Көкпекті, Бөкен, Шар өзен алқаптарының арасында орналасқан. Таулы өлкеде көтерілген үйінді түріндегі тегіс толқынды шыңдар бар. Қалба Оңтүстік Алтайдың батысындағы жотаның жалғастырушысы болып табылады. Жота 200-230 км ұзындыққа созылған, оның максималды ендігі - 50-70 км. Сары-Шоқы -1608м ең биік нүктесі болып есептеледі. Бұл таулар граниттен құралған, өзіне тән кескіні бар: жартастар әртүрлі таң қаларлық пішіндермен ажыратылады.
Сауыр-Тарбағатай жоталар жүйесі. Сауыр жотасы - едәуір биік, оның биік нүктесі - Мұзтау тауы (3816 км), оның шыңында мұздықтар бар. 2000-2400 м биіктікте ежелгі тегіс үстірттер кездеседі. Мұнда олар «сырт» және «сауыр» деп аталады. Сауырға параллель Сайқан жотасы созылған, ал Манырақ жотасы Сауырдың батыс сілемі болып табылады. Оның биіктігі 2058 м-ге жетеді.
Тарбағатай жотасы әртүрлі биіктікке көтерілген үлкен жүйе қатары болып есептеледі. Олардың шыңдары тегіс, мұз баспаған және 2000-2500 м биіктікке жетеді.
Сонымен, тегіс шыңдар және тау аралық ойпаттардың бар болуы Шығыс субрегионның таулы жер бедерінің ерекше белгісі болып табылады. Осындай ерекшеліктерді шаруашалықпен айналысу кезінде ескерген жөн /2/.
1. 2. Климаттық факторы
Облыс территориясында ауа температурасының таралуы радиациялық жағдайға, жер бедеріне, ерекшелігіне, атмосфера циркуляциясына байланысты және жыл мезгілі бойынша өзгереді. Жиынтық радиациясы жазғы және күндізгі ауа температурасын анықтаса, ал нәтижелі сәулелену - қысқы және түнгі температура мәнін анықтайды. Сонымен қатар, облыстың шығысы таулы жер бедер болғандықтан көлденең белдеулік негізгі климаттық заңдылық болып табылады. Мұндай климаттық заңдылық Ертіс маңы жазығында көрінеді.
Сонымен, Ертіс маңында және тау етегі жазықтарында қаңтардың орташа температурасы -17 0 -тан -22 0 С-ге дейін, тау баурайларында -13 0 -тан -15 0 С-қа, таулы шұңқырларда -24 0 -тан -27 0 С-ге өзгереді. Облыста -40 0 . . . 55 0 С-ге дейінгі аяз байқалады. (1969 жылдың қаңтары, 1987 жылдың қарашасы, 2001 жылдың қаңтар және ақпан айлары)
Біздің облыстың территориясында қыста ең суық орын Күршім ауданындағы тұйықталған Орлов шұңқыры, мұнда қаңтардың орташа температурасы -27 0 С, ал абсолюттік минимумы -56 0 С құрайды.
Қыста ең жылы орын Кенді Алтай тауының баурайы екендігі Риддер қаласының метеостанциясында анықталған. Мұнда қаңтардың орташа температурасы -12, 7 0 С.
Шығыс Қазақстан облысындағы жазғы ең жылы орын - Зайсан және Алакөл қазаншұңқырлаы: мұнда шілденің орташа температурасы +23 0 , ал абсолюттік максимум +42 0 С-ты құрайды. (Бақты метеостанциясы)
Сондай-ақ климатының шұғыл континенттілігі жылдық және тәуліктік температураның үлкен амплитудаларымен түсіндіріледі. Температураның жылдық амплитудасы Орлов ауылында 43 0 , Зырянда 42 0 , Ертіс маңы жазығындағы тау етегінде 35-37 0 тең, тау баурайларында шамамен 30 0 С құрайды.
Жаздың қоңыржай ауасы жылулық және ылғалдылықтың үлкен қорына ие, бұл территорияның жылыну есебінен болады. Ертіс маңы, Алтай жазығының тау етегіндегі Көкпекті-Шар ұсақ шоқысының орташа ауа температурасы +18 0 . . . +23 0 С, тау баурайларында +16 0 . . . +18 0 С, таулы шұңқырларда +14 0 . . . +16 0 С. Тал түсте ауа температурасы әдетте +24 0 . . . +26 0 С-ге жетуі мүмкін. Абсолюттік максимумы +40 0 . . . +43 0 С-ді құрайды. Жазғы ауа температурасы өсімдіктердің дамуына және топырақтың құрылу процесі үшін үлкен мәні бар.
Жауын-шашын. Облыс территориясы бойынша жауын-шашынның таралуы жер бедерінің ерекшеліктеріндегі циркуляциялық факторлардың әрекеттілігіне байланысты.
Шығыс Қазақстанның күрделі жер бедері жауын-шашынның әркелкі таралуына мүмкіндік туғызады. Жауын-шашынның таралуында мынадай жалпы заңдылықтар байқалады: жауын-шашынның мөлшері оңтүстіктен солтүстікке және батыстан шығысқа қарай көбейеді. Тау баурайларында олар биіктігі бойынша көбейеді.
Шығыс Қазақстан территориясы бойынша жауын-шашынның жылдық қосындысы Зайсан және Алакөл қазаншұңқырының оңтүстік және орталық бөліктерінде 119 - 220 мм-ге, Ертіс маңының дала зонасында және Көкпекті-Шар ұсақ шоқы аудандарында 200 - 280 мм-ге өзгереді. Кенді Алтай жазығының тау етегінде 300 - 450 мм-ге дейін, тау шыңдарында 2000 - 2500 мм-ге жетеді. Оңтүстік Алтайда жауын-шашын 1200 - 1500 мм-ге дейін жауады. Сонымен, таулар ауа массасының жолында бөгет немесе өзіне тән тосқауыл болады.
Кіші Үлбі өзенінің ауданы Шығыс Қазақстанның ең ылғалды ауданы болып табылады, мұнда жылдық жауын-шашынның мөлшері 1500 - 2000 мм және одан да көп. 1979 жылы өте ылғалды жыл гидрометеоқызмет бақылауы бойынша олардың қосындысы 4000 мм-ді құрайды.
Кенді Алтай ауданының едәуір ылғалдылығы мұздықтардың болуымен дәлелденеді. Жауын-шашын көп жауатын аудан - Кенді Алтай, сонымен бірге ол мұздықтың орталығы болып табылады.
Таудан Ертіс жазығына қарай жауын-шашын мөлшері тез азаяды. Бұқтырманың орта ағысында 400 мм ғана құрайды. Қалбаның шығыс шекарасында, биіктеу бөліктерінде 700-800 мм-ге жетеді, ал тау етектерінде 300-400 мм-ге дейін азаяды /3/.
1. 3. Гидрографиясы
Шығыс Қазақстан облысының жазық және аласа жерлерінде өзен торы аз кездеседі. Солтүстік Мұзды мұхит алқабына жататын Ертіс өзені - облыстағы негізгі су магистралі. Ал қалған өзендердің cуы аз болғандықтан, Балқаш, Алакөл сияқты тұйықталған ішкі су ағынын құрайды. Жер бетіндегі сулар ағыс сипатына қарай тұрақты, суы тартылатын және маусымдық болып бөлінеді. Бұлардың ішіндегі тұрақты ағатын өзендер: Ертіс, Үржар, Қатынсу, Еміл. Өзендердің көпшілігі жаз айларында құмға сіңіп ( Ащысу, Шаған, Бұғаз, Бақанас, Қарақол) тартылып қалады.
Ертіс өзені Монғол Алтайынан бастау алады, Жайсан көлінен келіп қосылады. Облыс шекарасында Ертіс өзенінің ұзындығы 1311 км, ал ені - 120-150 м-ге жетеді. Ертіс өзенінің көптеген ағыстары бар, солардың ішіндегі ең ірілері: Бұқтырма, Оба, Үлбі, Хамир, Берель және т. б. Бұқтырма - Ертіс өзенінің ең ірі ағыны, оның ұзындығы 405 км құрайды. Ал Оба өзенінің ұзындығы - 278 км, Үлбі өзенінің ұзындығы - 156 км, Нарым өзенінің ұзындығы - 100 км.
Табиғи қазаншұңқырлар болуы көлдің пайда болуының бірден-бір шарты екендігі белгілі. Олардың бұзылмай тұруына климат қолайлы фактор болады. Облыстың ылғалды климаты шығыс аудандарда cуы мол, ағынды, тұщы көлдердің көп болуына жағдай тудырады. Құрғақ климатты батыс, оңтүстік батыс аудандарында көлдер аз кездеседі. Олардың суы аз, ағынсыз, кейде құрғап қалады. Шығыс Қазақстанда ірі және орташа көлемді 148 көл бар. Солардың ішінде ірілері Жайсан, Марқақол, Маралды, Язово, Рахманов, Дұбығалы, Балықты, Сасықкөл, Алакөл көлдері орналасқан /4/.
Көлдер. Шығыс Қазақстан облысында 2000 көл бар деп есептеледі. Олардың 1003 көлдің көлемі 1 гектардан үлкен. Ірі көлдер саны - 18. Олар территория бойынша біркелкі таралмаған, көпшілігі солтүстік бөлікте, ірілері - оңтүстіктегі жазықтар мен тау аралық ойпаттарда орналасқан. Таулы аймақтарда көлемі кіші көлдер көп. Олардың тереңдігі - 2 - 20 км-ге дейін, бірақ кейбіреулерінің тереңдігі 30 м және одан да көп. Сонымен, Алакөл көлінің тереңдігі - 54 м, Шалқар - 38 м, Рахманов - 30 м, Марқакөл - 27 м.
Көлдердің қазаншұңқырлары шығу тегі бойынша әртүрлі. Жайылмалы, бекітілген және көбіне тектоникалық түрлер тән. Ірі көлдердің пішіндері көбінесе ұзыншақ және сопақша болып келеді. Судың көкшіл-жасылдан сары-қоңырға дейін өзгереді. Судың температурасы мамырдың соңында +7 0 …+15 0 C жетеді. Ең жоғарғы +20 0 …+26 0 C дейінгі температура шілде және тамыз айларында болады.
Көптеген көлдер әдетте қазан айының соңында және қарашаның бірінші он күндігінде қатып қалады. Мұздың орташа қалыңдығы - 50, кейбір жылдары қалыңдығы - 70 см-ге дейін жетеді. Көлдің мұз жамылғысы орнықты және 160 - 200 күнге дейін сақталады. Сәуірдің екінші жартысынан бастап мұз жамылғысы бұзыла бастайды.
Cу айналымының шарттары бойынша көлдер ағынсыз, мезгілді ағын, ағынды және ағысты. Көптеген көлдер ағынсыз, жауын-шашын, жер асты және мұздықтардың есебінен қоректенеді.
Көлдер минерализация деңгейі бойынша тұщы және нашар минерализацияланған. Қуаңшылық жылдары судың минерализациясы жоғарлайды.
Ірі көлдердің сипаттамасы. Біздің облыстағы ең үлкен көл - Жайсан көлі. Ертістегі Бұқтырма СЭС-ның құрылысынан кейін оның жағалауының көрінісі тез өзгерді. Қойманың суы көлемді кеңістікті басып алды, көлдің табиғаты өзгерді. Жайсан көлінің көптеген мағынасы сақталған. 280 жыл бұрын ол Кызыл-Пу, кейінірек - Корсан, Теңіз мұхиты, ерекше толқынның шарпынынан - Хошту-Нор, Нор-Зайсан немесе жай ғана Жайсан деп атаған.
Көлдің ұзындығы шамамен 100 шақырым, ендігі - 28 шақырым, ауданы - 1600 шақырым кв. Көлдің тереңдігі біркелкі емес, дегенмен көлдің түбі айтарлықтай тегіс. Көлге айқын арналармен үш өзен құяды: Қара Ертіс, Кендірлік және Клы. Тарбағатайдан бастау алатын көптеген өзендер көлге жетпейді. Көл ерекше балықтарымен дараланады: бекіре, сүйрік, арқан балық, (нельма және таймень) тұқы және т. б.
Алакөл - теңіз дейгейінен 347 м биік Алакөл қазаншұңқырының ең төменгі бөлігінде орналасқан, көл тектоникалық қозғалыстың нәтижесінде қалыптасқан. Көлдің ұзындығы - 104 км, ені - 52 км, орташа тереңдігі - 22 км, ең терең жері - 54 км. Тұзды көл. Жағалаулар көптеген түбектермен, мүйістермен, шығанақ, кіші шығанақтармен қатты тілінген.
Көлге 15-тен көп өзен тармақтар құяды, осылардың негізгілері - Үржар, Қатынсу, Еміл және т. б. Су бетінің жоғарғы температурасы 24-26 0 С-ге жетеді, ал таяз сулы жерлер 30 0 С-ге дейін жылынады. Көл бетінде күрделі желді режім байқалады. Көлдің жағалау бойында қарапайым қамыс, шалғын, айрауық, қамыс, қоға, сулы жеңіл өсімдіктер, стерелолист, частуха, мүйіз жапырақ өседі. Алакөл суында балықтың сегіз түрі мекендейді. Көксерке, сазан, қарабалық, алабұға кәсіпшілік болып табылады. Өзен сағаларында ондатра мекендейді. Жағалауында бакландар, ұзақ, маймақ қаздар, аққулар, бірқазандар, құтандар, көп үйректер мекендейді. Қамыс қопасында дақты мысықтар, егеуқұйрықтар кездеседі.
Сасықкөл Алакөлдің солтүстігінде теңіз деңгейінен 350 м биікте орналасқан. Бұл көлде тектоникалық қатпарлықта қалыптасқан, ағынды, ұзындығы 49, 6 км, ені 20 км-дей, орташа тереңдігі 3, 3 м, ең терең жері 4, 7 м. Көлге үш өзен құяды: Тентек, Қарақол және Ай. Жағалауындағы зонада үйректің көптеген түрлері, қаздар, маймақ қаздар, суқұзғын, бірқазандар, аққулар, шағалалар, құтандар, балшықшылар мекен етеді. Қамысты қопаларда қабандар, түлкілер, дақты мысықтар мекен етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz