ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениеті


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениеті

Жоспар

Кіріспе . . . 3

І тарау . . .

Бүкіл қазақ даласына танылған ерекше дарын иелерінің туындылары . . .

1. 1. Біржан сал Қожағұлұлы қазақтың әнші-сазгері . . .

1. 2. Ақан сері Қорамсаұлы талантты ақын, әнші, композитор . . .

1. 3. Жаяу Мұса Байжанұлы өз талантын паш еткен дарынды әнші . . .

ІІ тарау . . .

Қазақ музыкасының дамуына сүббелі үлес қосқан халық композиторларының мәдениетке қосқан үлесі . . .

2. 1. Құрманғазы Сағырбайұлы қазақтың күй өнерінің негізін салушы . . .

2. 2 Дәулеткерей Шығайұлы күй өнерінің классигі . . .

2. 3 Тәттімбет Қазанғапұлы шертпе күй мектебінің негізін салушылардың бірі . . .

2. 4 Ықылас Дүкенұлы халқын қоңыр үніне ұйытқан қобызшы . . .

2. 5 Сүйінбай Аронұлы қазақ тарихында өшпес із қалдырған ақын . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . .

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында көптеген аса көрнекті кәсіби композитор-әншілермен күйшілердің шығармашылығы халықтың музыкалық классикасының негізін құрады. Көптеген композиторлар өз заманындағы білімді адамдар болды.

Олардың бәрі дерлік хат танитын, кейбіреулері орыс тілі мен араб тілін білетін, бірақ өз шығармалаларын нотаға түсіріп жаза алмайтын еді. Композиторлардың дүние танымы тарихи тұрғыда шектеулі бола тұрса да, олардың шығармаларында әлеуметтік қайшылықтар айқын бейнеленді, әділетсіз заңдарға, билеуші сұлтандарға, олардың зорлық - зомбылығына қарсы күреске шақырған әуен анық естілген. Әндер мен күйлерде халықтың бас бостандығы, әйел теңдігі жөніндегі армандары, бай - шонжарларға, билеп-төстеуші сұлтандарға деген наразылық үндері айқын бейнеленген. Көптеген композитор әншілер мен күйшілер өздерінің шығарған әндері мен күйлері арқылы халықтың рухын көтеріп отырған. Сол үшін де олар қуғын - сүргінге көп ұшырап отырған.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Қазақстанның музыка өнерінің дамуына Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы, Мұхит Мералыұлы, Сарымалай, Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы сияқты әнші-композитор музыканттар үлес қосты.

Бұлардың әрқайсысы әр түрлі өз туындыларын шығарғанымен, олардың бәрінің мақсаттары бір болды, яғни халықты билеп - төстеушілерге деген наразылық. Кейбір әнші - күйшілер өздерінің туып - өскен жерлерінің әсем табиғатын, тауларын, өзен -көлдерін сол жердегі халықтың тұрмыс-жағдайын өз туындыларында әсем де көрікті етіп көрсете білген.

Дипломдық жұмыстың тарихнамасы

Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы музыкалық тұрмысын зерттеу үшін, сондай-ақ қазақ музыкасының мазмұны мен ерекшеліктерін айқындауда қазақ және орыс ғалымдары мен саяхатшыларының сіңірген еңбектерінің баға жетпес маңызы бар.

Осы құнды еңбектердің ішінде елеулі орын алатын «Құрманғазы» атты күйлер жинағында Ахмет Жұбанов Құрманғазы күйлерінің нота үлгілерін келтіріп, шығу тарихы туралы мәлімет берген.

Қазақ әндерін жазып алуда С. Г. Рыбаковтың сіңірген еңбегі бағалы еңбек болды. ол 100-ден астам ән жинады, халық музыкасының өткен дәуірге тән негізгі сипаттары сақталған бұл әндер қазақ халқы тарихының әр түрлі кезеңдеріндегі музыка тілінің дамуын түсіну үшін айқын негіз болып табылады. Рыбаков қазақтарда сұлулық пен ғашықтықты жырлайтын лирикалық әндердің, кең көлемді жырлар мен аңыз өлеңдердің неғұрлым көп тарағандығын атап көрсетті.

1942 жылы жарық көрген «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествосы» деген кітабының бір бөлімін Ахмет Жұбанов Жаяу Мұсаға арнаған. Онда Жаяу Мұсаның өмір жолы, музыкалық творчествосы әңгіме болады, бірнеше әндерінің ноталары енеді. Бұл қазақтың халық композиторлары туралы бірінші музыкалық зерттеу еді.

1961 жылы Қазақтың мемлекеттік көркем баспасынан Н. Оразбековтың «Жаяу Мұса» атты кітапшасы шықты. Автор бұл очеркінде Жаяу Мұсаның ақындық, күрескерлік, композиторлық жақтары баяндалғанда, өмір шындығын ақындық, жорамалдық әрекеттері көлеңкелей берілген.

Ханғали Сүйіншалиевтің еңбегінде «Біржанның шығармашылық өмірінде үлкен бір оқиға оның Абай ауылына баруы, Абайдың Біржанға әсері күшті болғанын, Біржанның әндерін, өмірбаянын, асқан дарындылығын ашып көрсеткен.

А. Затаевич Тәттімбеттің «Былқылдақ» күйіне берген түсінік сөзінде «қызықты, ойнақы күй, ерекшелігі - жалғыз дауыстылығында. Пьесаның орта жерінде жоғары көтеріліп, ақырында төмен түсетін қажырлы, толқын тәрізді мелодия, ұшы-қиыры жоқ лентадай бұрала дамиды» - дейді.

Асанбай Асқаровтың «Ұлы тұранның ұлдары» деген еңбекте былай көрсетілген. Қазақ халық поэзиясында өлеңдері халық жадында сақталып қалған ақын Сүйімбай көрнекті орын алады. Дарынды ақын Сүйімбай Аронұлы өз өлеңдерінде халық қаһармандарын дәріптеп, ел билеуші сұлтандардың озбырлығын әшкереледі. Жүйрік тілді, тапқыр ақын Жетісудағы қазақ пен қырғыз халқы ішінде өте әйгілі болды. Оның өлеңдерінде өмір шындығы мен, халықтың ойы мен арманы айқын сезіліп тұратындығын .

Дипломдық жұмыстың мақсаты

Бұрын айтылған және өзім жинақтаған деректерге сүйене отырып, әйгілі күйшінің өмірін және күйлерінің сыр-сипатын көпшілікке таныстыруды, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениетіне үлес қосқан Біржан сал Қожағұлұлының сазды үні, Ақан серінің ақындық талантын, Жаяу Мұса Байжанұлының әншілік өнері, Құрманғазы Сағырбайұлының қазақ музыка мәдениетіндегі ерекше орнын, Дәулеткерей Шығайұлының, Тәттімбет Қазанғапұлының, Ықыластардың өмірі мен творчествосының, қазақ мәдениетіндегі алатын орнының тарихын зерттеуді жұмыстың негізгі мақсаты етіп алдым.

Дипломдық жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:

  • Құрманғазы күйлерінің ескіліктен келе жатқан түп нұсқасын тиісті бір жүйеге келтіріп, күй сүйер қауымға ұсыну.
  • Айтылған және өзім жинақтаған деректерге сүйене отырып, әйгілі күйші Тәттімбет күйлерінің сыр-сипатын көпшілікке таныстыру.
  • Қазақ музыка мәдениетіне өшпес із қалдырған асыл азамат, халық жүрегінің терең түкпірінен орын алған аяулы, айтулы азамат, композитор Біржан сал Қожағұлұлының алатын орнын ашып көрсету.
  • Қазақтың классикалық ән творчествосының алтын қорына енген Жаяу Мұса Байжанұлының бүкіл халқымыздың өшпес мұрасына айналған туындыларына тоқталу.
  • Дәулеткерейдің күйлері талай ұрпақтың жүрегін тербеп, сезімін шалқытты. Дәулеткерейдің артына қалдырған мол мұрасын бүгінгі ұрпаққа жеткізу.
  • Сүйінбай халқымыздың поэтикасына жетік шебер тілді, жүйрік ақын. Ол өз шығармаларының мәнділігімен ерекше көзге түскен. Сол қымбат мұраларды халыққа толық таныту.

І тарау

Бүкіл қазақ даласына танылған ерекше дарын иелерінің туындылары

1. 1. Біржан сал Қожағұлұлы.

Біржан сал Қожағұлұлы - қазақтың атақты халық композиторы, сазгері, әнші, ақын . Ол ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өмір сүрген қазақтың ірі бір тұлғасы . Біржан 1834 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы «Қожағұл бүркеуі» деп аталатын жерде дүниеге келген /1/.

Біржанның өмір кешкен жері Көкшетаудың Бурабай өлкесінде. / 2 / Оның әкесі Тұрлыбай өте қарапайым адам болған. Біржан жеті жасынан бастап Қызылжардағы екі кластық орыс мектебінде оқыған. Ол алғаш ел арасында ән салып, өнер қуған, ал жиырма жасынан бастап ән шығара бастаған. Асқақ ақын, жезтаңдай әнші қазақ әндерін өз өнерімен байытып қана қоймай, оны жаңа белестерге көтеріп отырған. Біржан қазақтың әншілік - орындаушылық өнерін дамытып, халық музыкасын биік белеске көтерген аса дарынды халық композиторы. Әншінің әндері өзі өмір кешкен неше алуан оқиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін толғап, адам жанының нәзік сезімдерін лирикалық әсем сазға бөлеген. Оның әндері дәстүрлі ән өнерінің ең таңдаулы, озық үлгісі болып табылады . Біржанның өнерін жетілдіруге сол өлкенің белгілі ақындары, күйшілері ықпал жасап ұстаздық еткен. Әншінің музыкалық - ақындық шығармашылығының демократиялық сипаты айқын көрініп тұрған. Біржанның алғашқы әндерінің бірі - «Біржан сал».

Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,

Адамға зияны жоқ жүрген жанмын.

Қасыңа мені сендер неге алмайсың,

Өзім сұңқар, өзім сал, кімге зармын.

Жасым бар жиырмада жасырмаймын,

Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын.

Басымнан дұшпан сөзі асып кетсе,

Сен түгіл патшағада бас ұрмаймын.

Мұнда ол жастық шақтық от жалынын да, салдық, серілік, салтында, сұлулық атаулыны да, ашып әсемдеп көрсетеді. Ол өмір бойы салдық құрып, ел аралап, ән салып жүргендіктен, оған Біржан сал деген ат берген. «Айтбай», «Бірлән», «Ғашығым» сияқты әндері Біржан шығармашылығының шоқтығы биік, сыршыл шығармалар. Біржан өзі өмір сүрген ортаның етектен тартқан, ескілігіне зорлықшыл істеріне, әлеуметтік теңсіздігіне асқақ әндерімен, уытты жырларымен қарсы тұрған суреткер. Заманның әділетсіздігіне, зорлық - зомбылығына деген наразылығы, өкініш үні оның өмірінің соңғы кезінен шығарған «Жанбас сипар», «Теміртас» деп аталатын трагедиялық әндерінен айқын көруге болады. Ол өз шығармаларында сараң байларды, әділетсіз болыстармен олардың шабармандарының кінәсін беттеріне басып отырған. Оның ән шығармашылығынан сұлу қыз, жел жетпес жүйрік, тайпалаған жорға елеулі орын алады. Ақсеркем, Телқоңыр, Сұржорға, Бурултай-Біржан әндерінен жақсы жарасымын, шынайы көркем шешімін, тапқан жүйріктер. Біржан негізінде нәзік сезімді, әсершіл, әдемі көңіл-күйді, сұлулық атаулыны талмай жырлаған лирик композитор. Мысалы: «Ләйлім - Шырақ» немесе «Көлбай-Жанбай» әнінде жоғалған шідерін тілге тиек ете отырып, өзі қонып шыққан үйдің сұлу қызы Ләйлімге деген ішкі жан толқынысы, көңіл - күйін паш еткен / 3 /. Оның «Жанботасы» тек Азнабай болыстың ғана зорлықшыл әрекетін әшкерлеп қана қоймайды, сол сияқты озбыр Жанботаға деген ақынның ашу- ызысын білдіреді. Ол өз төңірегіне талантты ақындарды, өнерпаздарды, әншілерді жинай білген. Солардың ішінде Жаяу Мұса, Ақан сері, Үкілі Ыбырай және басқалар Біржан бастаған ақындық, әншілік өнеріді одан әрі қарай дамытқан. Олар ұстазының әндерін қалың қазақ арасына таратушылар болған. Осының нәтижиесінде бізге Біржанның қырыққа жуық әндері жеткен. Оның ізін қуған Қ. Байжанов, М. Ержанов, Қ Бабақов сынды әншілер Біржанның өнерін бүгінгі ұрпаққа жеткізген. Біржан сонымен қатар дарынды ақын да болған. Бұл қасиеті оның суырып салма ақындығынан байқалады. Осы өнерінің сол заманның белгілі ақындарымен айтысында көрінген. Әсіресе оның өмірінде Сарамен айтысы ерекше маңызды.

Заманын таныған көзі ашық ақындардың бірі ретінде Біржан да кезіндегі аштық пен қиыншылықты жырлады. Ол өзінің «Күлен Маймаққа» деген арнауында күні кеше ел кезіп, қала қаңғырып жүрген арсыздың бірі Күлен Маймақтың алып сатарлық, ала аяқтық жолмен тез байып алғанын бірден байқаған еді:

Сен өзің туғаныңнан маймақ едің,

Есіл бойын Көкшолақпен жайлап едің.

Қаңғырып Қызылжардың көшесінде,

Қылжаңдап арақ ішкен парнақ едің.

- Атаңның дәулет бітіп, Күлен Маймақ,

Жігіт болар, мінекей, осындай-ақ.

Жігітке бақыт бітсе гүлденеді,

Кешегі қалыбыңа тартпа бірақ.

Осы бір жаңа дауірдің дүниеге әкелген жас тобының қатарында Біржан Қожағұлұлы да қоғам қайшылықтары тұсындағы кереғар топтар тауқыметін тартып өсті. Кезіндегі қаталдықтар мен заңсыздықтардан, құқықсыздықтардан асыл азаматтың адал жаны түршіксе де шошынбады. Асауға құрық салғандай ақырта әнге басты / 4/ .

Ілия Жақанов Біржанның Шоқанның досы Сергей Феодоровичпен таныс екенін және пікірлес болғанын көрсеткен поэзия алыбы Абайдың әсері де күшті болады. Біржанның жанында көптеген осындай ірі тұлғалардың болуы, оның қалыптасуына, жол болды деп айтуға болады / 5 /.

Біржан поэзиясының асыл арнасы қазақ халқының бай ауыз әдебиетінде, музыкалық фольклоры қазынасында жатыр. Жасынан ел аралап ділмар шешендермен кездесіп, сөз сымбаттардан үйреніп шешендік дәстүрлерін игерген, төкпе ақындар өнерінде де жетік болып, талай айтыстарға қатысады. Олардың табан асты өлең шығару әдістерін, сергек қабілеттерін меңгереді. Әсіресе, ақындармен дидарласулары әсерсіз болмаса керек. Біржан тврчествосының дұрыс бағыт ұстауына оның ұлы Абаймен кездесуін зерттеушілер жоғары бағалайды.

Абай Біржанның басына біткен композиторлық, ақындық, асқан орындаушылықтың басқа қонған бақыт екенін айтады. Осы бақытты өнімді пайдалану үшін үлкен еңбек керек екенін түсіндіреді. Абайдың ауылында болу, өлең мен әннің салтанатының қайнаған базарын аралау Біржан үшін үлкен табыс болды. Әрбір күшті дарынға тән нәрсе - іздену, үйрену, жетілу, сыннан сүрінбей өту болса керек. Біржан бұл сапарын ізсіз қалдырмайды. «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» деген Абайдың өлеңіне ән шығарады.

Біржанның «Тентек», «Жаймашуақ», «Бурылтай», «Айтбай», «Ләйлім шырақ», «Алтын болдақ», «Қаламқас», «Ғашығым», «Орынтай», «Қалқама», «Ғашық жар» тағы басқа әндері бар. Соның бірі «Сырғақты» әнінен үзінді:

Бозбала, саған айтар өсиетім,

Жақын жүр әлпештеген ардақтыға.

Жанып тұрған жас өмір-ал қызыл гүл,

Сипаттауға қызығын жетпейді тіл,

Жауқазын желбіреген жастық шақта

Өмірдің мағынасына түсіне біл.

Басқа халықтар өмір тіршілігін, әлем сырын тануда, жан аярлыққа, еріншектіке бермей, талмай ізденіп, тынымсыз еңбектеніп, дүниетанымын кеңейте түсуде деп, «Жастарға» арнауында бұл пікірлері жүйелі баяндалады:

Дүниеде үйде жатып босқа өлгенше,

Жан тәнің бірдей жанып күйген артық.

Ер жігіт дүниені кезген артық,

Дүниенің не бар жоғын сезген артық,

Түскендей аспан жерге іс болғанда,

Бел байлап, тәуекел деп төзген артық.

Біржанның неше түрлі мысқыл, күлкілі өлеңдері де болған. Ол өз шығармаларында сараң байлардың, феодалдардың жаман әрекеттерін әшкерлеген. Біржанның өмірінің соңғы кезеңі трагедиялық жағдайда өткен. Ел ішіндегі кикілжің, ұсақ-түйек, талас-тартыстың салдары Біржанның өміріне әсер еткен. Біржанды «Жынданды» деп ел арасында лақап таратып, қол -аяғын байлап, оған жан азабын тартқызған. Біржан қудалаудың талай зәбірін тартты. Жаны күйініп қана қоймай, қара күш жұмсалып, тағылық тауқыметін көрді. Шығарма азабына заман қысымы қосылып, өнерпаздың нәзік жанын жаралады. Терең ойға беріліп, қиялын қияға шарықтатар сәттерде бапсыз, мазасыз, жағдайсыз халге ұшырады. Көлгірсеген көпке қарсы топырақ шашудан не өнбек? Көрер көзге қиянат жасап, жөнсіз-жосықсыз ұрынып, үніңді өшіріп, домбыраңды отқа жақпақ болса не амал?! Осы айтылғандай, аяусыз қуғын, жан азабы, өсек-өтірік, жазықсыз жазаға төзе алмаған ардагер азамат ақыры айықпас ауруға шалдықты.

Біржан деп атым шықты алты алашқа

Құдайым берсін ғұмыр Теміртасқа.

Жасына алпыс бестің келгенімде,

Құдайым берді науқас ғаріп басқа.

Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті.

Не болар демеңіздер адамзатты,

Үкідей желпіндірген құлындарым,

Шешсеңші білегіме арқан батты, -

деп, өзінің Теміртас, Асыл, Ақық атты балаларымен қоштасты. 1897 жылы, 65 жасында осы бір дертінен дүние салды.

Біржанның аяулы есімі, оның қалдырған сан-салалы шығармалары өзі сүйген халқына мәңгі мирас болып қалды. Егеменді дәуір өркендеткен қазақтың мәдениеті өзінің алтын қорына Біржан мұраларын қосты. Қазақ халқы Біржан сияқты, асыл азаматттарын әр тұста қадір тұтады.

Бір сөзбен айтқанда Біржан -қазақтың халықтық ән өнерінің алыбы. Кейінірек әдебиетшілер мен музыка этнографтары Біржанның жырлары, сыршыл әндерін жинап, бірнеше рет жинақ етіп бастырған. Оның әдеби және музыка шығармашылығы туралы бір қатар зерттеулер де жарық көрген. Біржан мен Сараның айтысы негізінде композитор М. Төлебаев қазақ опера өміріне классикалық туынды қойған. Ал А. Қ. Жұбанов «Қазақ композиторларының өмірі мен творчествасы» атты кітабының үлкен бір тарауын Біржанға арнаған / 6 /.

1. 2. Ақан сері Қорамсаұлы

Ақан сері - 1843 жылы қазіргі Көкшетау облысында, Қоскөл деген жерде дүниеге келген. Ол талантты ақын, халық әншісі, композитор. Ақан кішкентай кезінен-ақ зеректігімен, түрлі өнерге әуестігімен көзге түскен. 13 жасында Ақанды әкесі діни мектепке берген, бірақ сергек ойлы бала дүмше молданың шалдыр- шатпағына көнбей, оқуды тастап кеткен. Ол енді Қызылжарға аттанып, Уәли ахун қазіреттің медресесіне түседі. Аталмыш медресе мұсылман салтындағы оқу орны болатын. Онда дін сабақтары барынша мол жүруге тиісті. Сөйтсе де медресе маңы, қала қауымы - қазақ даласынан өзге өмір. Сахараның тіршілігі, салт-санасы өзінше бөлек. Діндар қауымға қоса қалада зиялылар тобы да ұшырасады. Осы медреседе өткізген үш жылға жуық мерзімде Ақанның сусындаған кәусар бұлағы - Фердауси, Низами, Хафис, Шамси, Сағди, Физули, Науай тағы басқа еңбектері, бұларға қосымша араб, парсы, шағатай тіліндегі көне түркі әдебиетінің ежелгі үлгілерімен де танысып, тіл білуіне тиімді болды.

Ақан ең алдымен халық ақындары өнерін жетік меңгеруге тиіс болды. ол үшін солардың ортасында өмір кешіп, керек тұста табан асты өлең шығарып айта білуі, өнер жарысына түсіп, айтысқа жаттығуы, оларды сөзбен ұтып, озып шығуы керекті / 7 /.

Ақан сері жас шағынан халықтың ән-күй шалқарына сусындап, өзіне дейінгі әншілік өнерді еркін меңгерген жан. Ол он алты-он жеті жасынан бастап домбыра тартып, өлең айта бастаған. Шілдехана, алтыбақан, ойын-тойдан қалмайтын болған. Әр кез маңына өзі сияқты өнерпаз жастарды жинап, ел аралап, ойын-сауық құрып жүрген. Сәнді киініп, жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы ұстап серілік құрған. Осындай сегіз қырлы өнерпаздығы үшін ел арасында «Ақан сері» атанған. Ол әншілік, композиторлық өнерінде атақты Біржан салды аға тұтып, ұстаз санаған, ал Естай, Балуан Шолақ, Құлтума сияқты әнші- композиторлар оның өнер жолындағы ең жақын да сенімді достары болған.

Ақанның алғаш шығарған әнінің бірі «Желдірме», «Маң-манкер». Бұлар белгілі бір оқиғаға байланысты шыққан. Орта жүзде үлкен бір ас болады. Оның бәйгесіне бүкіл жүзден үш жүздей ат қосылады, олардың ішінде көптеген жүйрік тұлпарлар болады. Осы бәйгеден Құлагер бірінші болып жалғыз келеді. Атына риза болған Ақан оның демін басу үшін жетелеп, ілбітіп жүреді Ол Құлагердің маңдайынан сипап, оны «Маң-манкер» деп атайды.

Ақанның ақындық жолы да басқа халық ақындары сияқты дәстүрлі жолмен қалыптасты. Әбден жаттыққан Ақан өз шығармаларын жазып та шығарды, сонымен бірге жатқа айтып, ауызекіде таратты.

Сөзімді көңілімдегі жаза алмадым,

Аттың жалы, атанның қомы болып, -

дейді ақын.

Ақан тұсындағы жұртшылық шығарманы көзімен оқып білгеннен гөрі, құлағымен естіп ұғуды әдет еткен. Оның үстіне баспасөздің кешеу дамуы да үлкен қолбайлау болған еді. Сөйсе де ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қазақтың өз тілінде ресми баспасөздің дүниеге келуі, жекелеген ақын-жазушылардың шығармалар жинағының жеке кітап болып басылып шығу фактілері ықпал еткені анық. Ақанмен қатар шыққан кейбір оқыған жастар қоғам өміріне белсене араласып, оның бойындағы қайшылықтардың бетін ашу, қараңғылық торынан елін алып шығып, өнер білімге үндеу сияқты әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Оның адамдарға ақыл-кеңес беретін өлеңдері де болған. Мысалы: «Адамның біліміне ақыл серік » деген өлеңінде былай деген:

«Тірлікте тырбанып қал сайра етіп

Ажал келмей тұрғанда шауып жетіп . . .

Тұрмысқа тірі күнде боп себептер,

Отырма құр үйіңде бойға сеніп,

Талап қыл, азды-көпті жұмса ойды,

Әр істің ақылын ойла, көңіл бөліп».

Бұл өлеңінде ол әрбір адам өзі үшін, өзінің отбасы үшін еңбек ету керектігін, өзінің ақылына, біліміне сену керектігі туралы айтқан. Ақан серінің өмірінде қайғылы тұстары да аз болмаған. Соның бірі бәйгеге қосқан Құлагердің дұшпандар қолынан мерт болуына байланысты «Құлагер» әні дүниеге келген /8 /. Онда:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ҒАСЫР МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы музыка мәдениеті
Вокалдық өнер саласы
Романтизмнің мәдени және саяси - әлеуметтік бастамалары
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы балалардың музыкалық тәрбиесі
Хіх ғасырдағы қазақ ағартушылары және рухани мәдениет
Әлемдік мәдениет тарихы
ХІХ ғ. 1-жартысындағы музыкалық өнеріне жалпылама талдау жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz