MapInfo бағдарламасындағы ГАЖ технологиясын пайдаланып дифференцияцияланған ландшафтық карталарын жасау әдістері (Алатау аумағында)


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География факультеті
Геоморфология және картография кафедрасы
Курстық жұмыс
MapInfo бағдарламасындағы ГАЖ технологиясын пайдаланып дифференцияцияланған ландшафтық карталарын жасау әдістері (Алатау аумағында)
Орындаған
3курс студенті
Ғылыми жетекшісіЕ. Х. Какимжанов
оқытушы
Қорғалуға жіберілдіН. Н. Керімбай
кафедра меңгерушісі
г. ғ. к. доцент
Алматы 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
I Алматы облысы Қарасай ауданы совхоз Алатау аймағының физикалық-географиялық жағдайы . . . 4
II Нысанның зерттеу әдістері . . . 5
II. I Ландшафтардың дифференцияциялық карталарын жасаудағы әдістер . . . 9
II. II Ландшафтық карталарын құрастыруда ГАЖ-ды қолдану . . . 20
II. III MapInfo бағдарламасында карта жасау әдістері . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28
КІРІСПЕ
Ландшафттарды толықтай сипаттап, оларды зерттеп, оларды ұтымды пайдалану үшін олардың ландшафттық картасын құруды талап етеді. Карта нақты бір территорияның табиғи ландшафттарын зерттеу үрдісін сипатайтын ең маңызды құжат болып табылады.
Ландшафттық карта жерді игеру кезінде пайдаланылатын бірнеше қосымша сериялы карталардың құрылуына негіз болып табылады. Мысалы, механизациялау, құрғату мелиорациялары, ирригация, бақша шаруашылығын дамыту, агромелиорация және т. б.
Ландшафттың ішіндегі функционалды байланыс пен кеңістіктік-уақыттық үлгі болып, жасалған ландшафттық карта саналады. Бұл үлгінің талаптарына сай, ландшафттық карта мынандай талаптарға сәйкес болуы шарт: үлгіленетін нысанға ұқсас; одан да қарапайым болу; зерттеу мақсатына сәйкес нақты бағытқа ие болу керек; трансляциялық және эвристикалық функцияларды атқару керек. Берілген талаптарға сәйкес келуін, картаның сенімділігі сипатайды, яғни берілген талаптарды орындай алу қасиетін сипаттайтын картаның кешендік қасиеті. Картаның нақтылы ақиқаттылығы алынған мәліметтерге (ақпараттарға), олардың нақтылығына, қазіргі заманға сай болуына немесе қазіргі жағдаймен сәйкес келуі, пайдаланылатын картографиялық тәсілдерге, картаны безендірудің сапасына және т. б. факторларға байланысты болады. Ландшафттық үлгінің негізгі жағдайы болып, нақты және конструктивті түрде берілген, ландшафттың морфологиялық құрылымы туралы түсінік беруі негізгі талапқа жатады.
I. Алматы облысы Қарасай ауданы совхоз Алатау аймағының физикалық-географиялық жағдайы
Алматы облысы Қарасай ауданының аумағы 2, 1 мың км² ауданды алып жатыр. Оның ішінде ауыл шаруашылығында қолданысқа жарамды жер көлемі - 512, 3 мың га, оның 49, 3 мың га - егістік алқабы, 22, 1 мың өрістік жер және 1, 4 мың га шабындық жерлерге жатады, ал 13, 2 мың га орман алқабын құрайды.
Ауданның оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде тау алқабы (Іле Алатауы биік таулы жерлері), ортаңғы бөлігінде күрделі су айырық алқаптары (төменгі бөлігі - жалпы еңісі солтүстікке беттеген тау бөктерлі жерлер) жайғасқан. Аудан жерінің ең жоғарғы нүктесі, 4029м биіктегі, мұз және қар жамылғысы жатқан бастауындағы Қырғызстан шекарасы маңында биік шың түрінде орналасқан. Осының шығыс бөлігінде, биіктіктері 3 000 метрлік нүктеден асатын, бірқатар таулар мен асулар жалғасқан (Үшқоңыр, Тікқия, Кебеже, Айғайтас, Көкөзек, Көктөбе, Құмбел, Қаскелең және т. б. ) Халық тығыз қоныстанған және негізгі аудан бөліктері теңіз деңгейінен 800-1100 м биіктігінде шоғырланған.
Ауданның климаты-құрлықты, қысы - жылы, жазы - ыстық. Қаңтар айының орташа температурасы -6, - 9 ºС, ал шілде айында - + 22, + 24 ºС жетеді. Тау бөктеріндегі жылдық жауын-шашын мөлшері 300-500 мм, ал таулы аймақта бұл өлшем 1000 мм дейін шамасында. Ауданның аумағы арқылы келесі өзендер ағып өтеді: Қаскелең, Шамалған (Қасқасу), Ұзынқарғалы, Ақсай, Үлкен Алматы.
Топырақ жамылғысының географиялық заңдылығы, Іле Алатауының осы аудандағы биіктік белдеу сипатына тәуелді. Мұнда, жоғарыдан төмен қарай: таулы шалғынды, орманды таулы топырақтары, таулы қаратопырақ, қара-қоңыр топырақтар, ең соңында сұрғылт топырақтар жайғасқан. Ауданның тұрғылықты халықтың саны 159, 1 мың адам. Бұлардың тығыздығы орташа бір шаршы км-ге 65, 3 адамнан келеді. Бұл көрсеткіш, жалпы республикалық халық қоныстауының тығыздығымен салыстырғанда, он бір есе артық. Аудан турғындарының басым бөлігі аграрлық секторда жұмыс істейді. Қазіргі кезде 500-ге жуық шағын және ірі ауылшаруашылық құрылымдары ұйымдастырылған. Осыған орай, фискалды таксономия деңгейіндегі ауылшаруашылық өсімдіктерін өсіруді ең жаңа агро технологиясын жасау - бүгінгі күннің ең қажетті талабы. Бұл шара қоғамның нарықтық қатынасы жағдайындағы әлеуметтік мәселелермен де тығыз байланысты екендігін ерекше елеген жөн деп білеміз. /1/
Алатау Алматы қаласының шығысында 18 км жерде орналасқан кент. Іле Алатауының ылғалды агроклиматтық белдемінде орналасқан. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көпжылдық қар жапқан аңтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулы шалғын және дала белдемдері алма кезек орналасқан.
II. Нысанның зерттеу әдістері
Қазіргі кезде, ауыл шаруашылығын табиғи жағдайларға бағынышты етпей жүйелейтінін білеміз. Бұл жағдай «табиғаттың рақымын күтпей, барлығын өзіміз алуымыз керек» деген жаңылыс қағидаға сүйенгенінің себебі, табиғат ерекшеліктерін ескере отырып, ландшафттарды игергенде, мемлекет масштабында және әрбір нақты нысанның масштабын да ескерген жөн. Бұл іс-әрекет арнайы территорияның табиғи карталарын құрастыруда өте қажет. Тек қана топырақ картасын құру - жерді бағалауға өте қолайлы емес. «Жер» деген сөздің түбінде, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланылатын және пайдаланылмайтын үлескілерді табиғи жағдайларын ескере отырып пайдалануды түсіну керек. Сондықтан да бұларды жіктеу ландшафттық тәсілге сүйену керек. Ландшафттық карта жер ресурстарын оңтайлы пайдалануға көмегі тиетін жергілікті жердің табиғи ерекшеліктерін сипаттайды. Сондықтан да шаруашылық аралық және шаруашылықтың ішінде жүргізілетін жерді игеруде жоба алды кезеңге ең біріншіден территорияның кешендік ландшафттық зерттелуін қадағалайтын далалық ландшафттық түсірілім әдісін пайдаланылған дұрыс.
Ландшафттарды толықтай сипаттап, оларды зерттеп, оларды ұтымды пайдалану үшін олардың ландшафттық картасын құруды талап етеді. Карта нақты бір территорияның табиғи ландшафттарын зерттеу үрдісін сипатайтын ең маңызды құжат болып табылады.
Ландшафттық карта жерді игеру кезінде пайдаланылатын бірнеше қосымша сериялы карталардың құрылуына негіз болып табылады. Мысалы, механизациялау, құрғату мелиорациялары, ирригация, бақша шаруашылығын дамыту, агромелиорация және т. б.
Әдістемелік тұрғыдан алатын болсақ қолданбалы ландшафттық-жерді игеру картографиялау екі кезеңнен тұрады: нысанды анықтау және нақты бір таксономиялық рангтегі ландшафттық кешендердің белгілі бір масштабта түсірілуі; бағалау мен белгілі бір ауыл шаруашылық мақсаттары үшін физикалық-географиялық мәліметтерді талдау мен есептелген бір кезең үшін оның өзгеруін болжау. /2/
Ландшафттық типологиялық карталарды құрастыру мен ауыл шаруашылық жерлердің территориясын ұйымдастыру. Қандай да бір масштабтағы ландшафттық типологиялық картаның соңғы нұсқасы далалық кезеңге дейін жиналған материалдар мен далалық ландшафттық түсірілімдерден жиналған мәліметтерді талдаудың нәтижесінде құрастырылады. Алғашқы кезде картаның масштабына сәйкес ландшафттардың морфологиялық бірліктерінің жіктелуін нақтылау немесе жобалау іске асырылады, яғни әртүрлі таксономиялық рангтердегі типологиялық бірліктерге біріктіріледі: топтарға немесе фацияларға, қоныстарға. Жеке фациялар, қоныстар табиғи факторлардың біртектілік (ұқсастық) қағидасы бойынша топтастырылады: литологиясы, топырақ жабындысы мен т. б.
Басты факторларды есепке алу әдістемесі бойынша фациялар мен қоныстар топтары бір-бірімен жер бедерінің, топырақ түзуші жыныстар мен өсімдік жамылғысының кейбір белгілері арқылы ажыратылатын ландшафттардың сәйкес түрлеріне бірігеді. Орта масштабтағы ландшафттық карталарды құрастыру кезінде нақты алынған үлескілердің басқа территориямен салыстырғанда ландшафт түрлері экстраполяцияланады. Түрлер белдеулік сипаты бойынша ландшафт типшелері мен типтеріне бірігеді. Соңғылары класс пен подкластармен қосылып, ұсақ масштабты жалпылама ландшафттық карталардың мазмұнын, негізін құрайды.
Содан кейін топографиялық негізде арнайы картографиялық бейне берілетін сәйкес рангтегі типологиялық ТТК-лардың шекаралары анықталады. Бейнелеудің ең күшті әдісі болып түсті фон саналады, өйткені ол картаға нақытлықты береді. Түстердің қанықтығы контурлардың туралы мәлімет беруі керек, мысалы, жасыл түс - орман ландшафттары, ал ақшыл-сары немесе сары түстер - шөл және шөлейт ландшафттарын сипаттайды. Мұнда әр түрлі салалық тақырыптық карталарды құрастыруды есепке алған дұрыс. Әрине, түстердің бір-біріне ұқсас болып келуі олардың нақты бір ландшафт түрлерінің арасындағы ұқсастықтарын сипаттайды, ал түстердің қарама-қайшылығы (контрастность) - олардың арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Егер картада екі категориядағы ландшафттар бірге бейнеленетін болса, мысалы, ландшафттардың түрлері мен оларды құраушы қоныстардың топтары, онда жоғары рангтердегі бірліктерді түсті фонмен, ал төменгі рангтердегілерді - штрихтармен, фондық белгілермен немесе индекстермен бейнелеген дұрыс. Соңғылары, айтылған масштабта контурлармен белгіленбейтін фация мен қоныс типтерінің (топтарын) өте ұсақ үлескілерін белгілеу үшін пайдаланылады. /3/
Баспаға шыққан жұмыстарда ландшафттық типологиялық карталар немесе олардың штрихталған түрлерінің кескіндері беріледі. штрихтік бейнелеу кезінде штрихтік шартты белгілердің жиынтығы өте қажет. /2/ А. Г. Исаченконың пайымдауынша, бұрынғы кездері басқа арнайы карталар үшін құрастырылған бірнеше штрихтік белгілер пайдаланылуы мүмкін. Мысалы, топырақтық, литологиялық.
Карталарда ландшафттық-типологиялық бірліктердің шекараларын бейнелеу кезінде, көптеген келіспеушіліктерге қарамастан, контурларлы сызықтармне бейнелеген дұрыс деп санау керек. Нақты шекаралардан қарағанда шекарасы құбылмалы болып келетін шекараларды пунктир сызықтармен беруге болады.
Ландшафттық типологиялық карталардың ең соңғы нұсқасын құрастырған кезде онгың легендасын құру күрделі болып келеді. 50 жылдары шығарылған карталарды қарастырған кезде, кейбір карталарда легенда ұзыннан-ұзаққа созылған түсіндірмелі мәтіннен тұрған, өйткені берілген контурдың физикалық-географиялық көрсеткіштеріне толықтай талдау беруге тырысқан. Қазіргі кезде әр түрлі масштабтағы ландшафттық типологиялық картаның мәтіндік легендасы ең маңызды деген үш-төрт көрсеткіштерін ғана белгілейді: жер бедерін аналық тау жыныстарымен, топырағы мен өсімдігін береді, ал нақты сипаттаманы қажет ететіндері мәтіннің құрамына қосылады.
Егер де ландшафттық картада өзіндік мәтіні болмаса, онда оның легендасын толықтай сипаттауға тырысу керек. Сонымен, Қазақстанның ландшафттық картасында контурлар түрлі түспен берілген; картада легендасы мәтіндік және кестелік түрде. Мәтіндік легендада ландшафттардың класы, подкластары, типтері, типшелері мен түрлері беріледі. Олардың түрлері (олардың саны 485) былай сипатталған.
Ландшафттардың қарапайым контурларының фонында қосымша шартты белгілермен (штрихтау, фондық белгілер) ландшафттың шаруашылықтық игерілуінің бағыттары мен дәрежесін көрсетуге болады. Дегенмен де, ұсақ масштабты карталарда ол картографиялық мүмкіндіктермен шектеледі. Қосымша элементтер ірі және көбінесе орта масштабты карталарға пайдаланылған дұрыс. Мысалы, жазықтық аймақтар картасында гидрографиялық торды өте күрделі етпей, нақтылап сипаттауға болады. Басқа жағынан қарастыратын болсақ, мәтіндік легенданы жеңілдетіп, онда тек қана мысалы морфологиялық (балка, терраса, т. б. ) сияқты көрсеткіштерді бейнелеумен ғана шектелмеу керек. Мұндай қысқа легенда типологиялық ландшафттық кешендердің өзіндік ерекшеліктерін толықтай сипаттай алмайды. Әр түрлі масштабтардағы ландшафттық карталарды құрастырудың әдіснамасы А. Г. Исаченконың еңбегінде толығымен берілген. /2/
Жерді ұтымды пайдаланудың түп-негізінде ландшафттың әрбір морфологиялық бірлігі үшін оның мүмкіншілігін толығымен және ұтымды пайдаланудың оңтайлы жолдарын қарастыру жатыр. Ол нақты бір шаруашылық мақсатта пайдаланылатын жерлер (ауыл шаруашылықтық, рекреациялық, т. б. ) үшін территорияның ғылыми түрде негізделген ұйымдастырылуымен, жиынтығымен мақсатына жетеді. Ауыл шаруашылық жерлер мен жем-шөп қорларын ұйымдастыру кезінде жерлердің ландшафттық морфологиясын біліп және оны есепке алған жөн.
Шаруашылық ішілік жерді пайдалануды құрайтын және осыған қатысты туындайтын сұрақтар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, табиғи қарым-қатынаста территорияны ұйымдастырудың ландшафттық қағидасы басқасымен салыстырғанда тиімді жәнее ұтымды болады. Ол картаға берілетін қосымшада маңызды, басты табиғи көрсеткіштері табиғи-өндірістік сипаттамада, ал таралу ареалы ландшафттық картада көрсетілетін ортақ бір тұтас жүйе ретінде болып саналатын ландшафттың морфологиялық құрылымының есебінде құрастырылады. /4/
Табиғи-территориялық кешендерді ерекшелеу әдістемелері негізінде қалыптасқан танымал үш негізгі әдіс бар: типологиялық, генетикалық және функциональдік (Ретеюм, 1975) .
- Типологиялық әдістеме кезінде зерттелетін нысанның сыртқы көріністері негізінде ұқсастықтарын және айырмашылықтарын белгілейді және олардың классификациясы құрылады. Классификациялау нәтижелерін картаға көшіруге болады, мұнда берілген белгілері қатынасы бойынша ұқсас пункттер бірігіліп, ал ұқсас еместер бөлінеді. Осылай алынған контурлар изотропты, яғни таңдалған көрсеткіштерге қатысты барлық бағыттарда өзгеріссіз сақталады.
- Генетикалық әдістеме шегінде - нысандар және қасиеттер ортаның түрлі факторларына қатысты қаралады. Нысандардың себептер бірлігі белгіленгенде, оларды жүйеге біріктіреді. Қарапайым жүйе пайда болуы жағынан аналогты болып саналатын нысандардан тұрады. Ал күрделі жүйелер бірнеше біртекті емес нысандарды біріктіреді, мысалы, бір формалы рельеф, бірдей климат, бір типті тек шегінде орналасқан түрлі топырақ пен өсімдіктер.
- Функциональді әдістемені қолданған кезде жүйеге зат және энергия ағынына байланысты нысандар біріктіріледі, бұлар нысандарды бір бүтін етіп функционерленуін шарттайды. Геожүйелердің шекаралары ағындардың шекараларымен, заттарды шығару және енгізу облыстарының шекараларымен сәйкес келеді. Осылайша геожүйені белгілеу мәні бойынша геофизикалық тапсырманы елестетеді және қатаң сандық негізде жүргізілуі мүмкін (Ретеюм, 1975, Геометрия структур земной поверхности, 1991) . /3/
Ландшафттық картографиялық әдістемелерінің көбінде не генетикалық бірлік, не біртектілік принципі іске асырылған. Табиғатты жіктеу құбылыстарының қайсысы ескерілетіне байланысты типологиялық және генетикалық әдістемелердің көптеген нақты шешімдері бар.
Осылайша ландшафттарды территориялардың түрі ретінде бөлгенде (Лэндтипов - пл предложению А. Ю. Ретеюма, 1975) екі жолы бар. Біріншісі, кеңістікті біртекті ішкі аудандарға бөлу әдісі; екіншісі, жүйелі түрде ұқсас учаскелерді біріктіріп, ал ұқсас еместерді бөлу. Бірінші жағдайда (аудандастыру «жоғарыдан») алдымен табиғи компоненттерге таңдау жүргізеді және олардың қасиеттерінің белгілі бір градациясын бекітеді. Екінші жағдайдың реті келесідей: нысандарды таңдау-белгілерін бекіту-классификациялау-жеке кластардың немесе олардың жиынтығының таралу аймақтарын табу. Нысандар ретінде жеке нүктелер, еркін формадағы учаскелер және түгелдей табиғат жүйесі алынуы мүмкін, және де олар зерттелетін аймақта кез келген түрде немесе еркін түрде орналасуы мүмкін. Кейін ең маңызды немесе жеңіл өлшенетін нысан белгілері анықталады, содан соң таңдалған классификация негізінде нысандардың ұқсастығы бойынша топтастырады, бұл үшін сандық әдісті қолданады. Әрбір алынған класқа картада сәйкесінше түс не белгі берілуі мүмкін. /3/
Компьютерлік технологияның дамуы кеңістік мәліметтерді талдауда қазіргі кезде классификация нысандары ретінде барлық территорияны жабатын тор ұяшықтарын (матрицалар) қолдануды шарттайды. Бұл тордың әрбір ұяшығының белгілі бір ұзындық өлшемі және географиялық координатасы бар. К. В. Зворыкина терминологиясына сәйкес ұяшықтарды территориялық ақпарат тасушылар деп айтуға болады. Бірақта бұл бірліктің бөлімбеушілігін көрсету үшін қарапайым территориялық бірлік терминін қолданамыз (9) . Аудандарды генетикалық белгісі (моно-, паригенез) бойынша бөлу қызықтырушы нысандырды және оларға әсер ететін факторларды анықтаудан басталады. Табиғатта түрлі факторлар арасында байланылыстылық пен бағыныштылықтың жоқ болуына байланысты топтастыру байланыссыз түрде бірнеше негізде жүргізілуі мүмкін. Кешенді физико-географиялық зерттеулер үш жұмыс кезеңінен тұрады: дайындық, далалық және камеральдік . Экспедицияның техникалық өсуіне және аналитикалық және далалық жұмыстар әдістерінің жетілдірілуіне байланысты үш кезеңнің ұзақтылық қатынасы өзгеруде. Дайындық және камеральдік жұмыстарына көп уақыт бөлінуде. Олардың орта қатынасын 2:1:3 ретінде алуға болады, ал олардың бұрынғы қатынасы 1:1:2 болған(10, 11) .
Ақырғы ландшафттың морфологиялық құрылымының генезисі мен қасиетін көрсететін ландшафттық карта далалық жұмыстан алынған мазмұнды ақпараттың және шамаланған ландшафттық картаның синтезі болып табылады. /2/
II. I Ландшафтардың дифференцияциялық карталарын жасаудағы негізгі әдістер
Географтарды табиғат пен адамзат арасындағы байланыс, қарым-қатынас бұрыннан қызықтырып келген. Бұл сұрақ көпке дейін географтардың, сонымен қатар көптеген философтардың, тарихшылар мен әлеуметтанушылардың арасында біржақты бағытта ғана қызығушылық танытқан және олар табиғаттың адамға әсер ету мәселелерін ғана қарастырып, бұл мәселені тұрпайы детерменизм тұрғысынан ғана қарастырды. Кейінірек, уақыт өте келе, керісінше, адам санының артуына және осыдан туындайтын мәселелерге байланысты олардың табиғатқа тигізетін әсері алдыңғы қатарларға шықты. Бұл жаңа тәсіл өткен ғасырдың жартысында өмір сүрген атаулы географтардың еңбектерінде кездеседі.
Адамдардың өмір сүруі, одан ары қарай тіршілік етуіне, өндірісті дамыту үшін қажетті табиғи қорлардың кендерін пайдалануға қажетті жағдай ретінде қоршаған ортаны қорғау бүкіл адамзаттың алдында тұрған ең күрделі мәселе болды.
Ландшафттану, басқа ғылымдармен салыстырғанда, өзіндік ерекшеліктері бар және олардың негізгі айырмашылықтары - зерттеу нысандарының (элементтерінің) әр түрлілігі, олардың сапалылығының, мөлшерінің әркелкілігі (гетерохрондығы мен метахрондығы), шығу тегінің (гетерогендігі), масштабының әр түрлілігі. Бұл, зерттеу үлгісін таңдау мен оны белгілі бір уақыт аралықтарында қалпына келтіріп отыру, тұрақты геожүйелік бақылауды қажет етеді. /5/
Ландшафттың ішіндегі функциональді байланыс пен кеңістіктік-уақыттық үлгі болып, жасалған ландшафттық карта саналады. Бұл үлгінің талаптарына сай, ландшафттық карта мынандай талаптарға сәйкес болуы шарт: үлгіленетін нысанға ұқсас; одан да қарапайым болу; зерттеу мақсатына сәйкес нақты бағытқа ие болу керек; трансляциялық және эвристикалық функцияларды атқару керек. Берілген талаптарға сәйкес келуін, картаның сенімділігі сипатайды, яғни берілген талаптарды орындай алу қасиетін сипаттайтын картаның кешендік қасиеті. Картаның нақтылы ақиқаттылығы алынған мәліметтерге (ақпараттарға), олардың нақтылығына, қазіргі заманға сай болуына немесе қазіргі жағдаймен сәйкес келуі, пайдаланылатын картографиялық тәсілдерге, картаны безендірудің сапасына және т. б. факторларға байланысты болады. Ландшафттық үлгінің негізгі жағдайы болып, нақты және конструктивті түрде берілген, ландшафттың морфологиялық құрылымы туралы түсінік беруі негізгі талапқа жатады.
Ландшафттардың жан-жақты морфологиялық сипаттамасы келесі сұрақтарға жауап беру керек.
- морфологиялық бөлшектенудің категориялар санын, олардың таксономиялық байланыстарын анықтау;
- морфологиялық бірліктердің кеңістіктік байланысы (қарым-қатынасы) - олардың өзара біркелкі жағдайы, алынатын аймағына қатынасы (доминантты, субдоминантты, сирек, әмбебап) ;
- морфологиялық бірліктердің (әр категория бойынша жеке-жеке) типологиясы және олардың сипаттамалары;
- ландшафттардың морфологиялық құраушы бөлшектері арасындағы қарым-қатынасы, басты және оларға тәуелді бірліктер арасындағы байланыс;
- ландшафттардың морфологиялық құрылымының қалыптасуы мен олардың құбылымы.
Осыдан келіп, морфологиялық жіктелімнің деңгейлері мен олардың таксономиялық қатынастары ТТК-лардың иерархиясын құрайды. Жалпы айтқанда, ТТК-лардың иерархиясы, негізгі 3 бірлікпен берілген: фация - қоныс - ландшафт. Морфологиялық жағынан күрделі ландшафттарда, олардың ішкі бөлінуін 5-6 деңгейге бөлуге тура келеді: фация - бөлім - қарапайым қоныс - күрделі қоныс - мекен - ландшафт.
Географиялық территориялық кешендерді қандай да бір иерархиялық категорияға жатқызуда басты шарт болып оның морфологиялық құрылымының күрделілік деңгейі еске алынады. Егер, территориялық бірлік тек фациядан ғана құралатын болса, онда ол қоныстарға жатқызылуы керек. Егер олардың құрамындағы фациядан басқа бірнеше қоныстарды анықтауға болатын болса, онда олар ландшафт категориясына жатқызылады.
Әрбір иерархиялық деңгей үшін морфологиялық бірліктердің типологиясы мен олардың сипаттамасы жалпы және ортақ қасиеттері мен сипаттамалары арқылы бірліктерді бірімен бірін салыстыру арқылы іске асырылады. Әрбір иерархиялық деңгейдің шегінде жеке немесе типологиялық территорияларды анықтау аса қажет емес. Мұның себебі, ТТК-лардың қасиеттерінің алуан түрлілігі мен сапалығының әркелкілігіне байланысты:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz