Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту туралы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ . . . 5
- Туризм экономикасының алғышарттары . . . 14
- Туризмнің экономика саласына әсері . . . 17
- Туризм индустриясы мен туристік нарықтың ерекшелігі . . . 19
- ТУРИЗМДІ ЭКОНОМИКАНЫҢ САЛАСЫ РЕТІНДЕ
ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ . . . 24
- Туристік қызметті мемлекеттік реттеу . . . 31
- Туризм инфрақұрылымын дамыту . . . 37
- Қазақстан туристік бейнесін қалыптастыру . . . 38
- Кадрларды даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету . . . 40
- ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ТУРИЗМ
ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ . . . 45
- Оңтүстік Қазақстан облысының туристік-рекреациялық
ресурстары . . . 52
3. 2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризмнің жалпы Қазақстанға әсері . . . 58
3. 3 Оңтүстік Қазақстан облысының туризм экономикасына ықпалы . . . 62
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66
Кіріспе
Бүгінде туризм әлемдік экономикада маңызды рөлдердің бірін атқарады. Және туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары, серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің бір түрі. Негізінен туризмнің өсіп, оның көркеюі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен дамиды. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік нарықта өзінің лайықты орның табуға мүмкіндігі мол.
Негізінен туризмді дамыту - ұзақ мерзімді, әрі экономикалық тиімді құбылыс. Оған себеп, шетел валютасының құйылуы, халықтың жұмыспен қамтылуы, елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетіні сияқты оң экономикалық нәтижелер негіз бола алады.
«Қазақстан 2030» стратегиясындағы мемлекеттің экономикасын дамыту туралы мәселенің бірі туризм және қызмет көрсету саласына да бағытталған.
Қандай жер болмасын, өзінің табиғи байлығымен және тарихи - мәдени құндылықтарымен ерекшеленіп тұрса, ол жер саяхаттаушыларды, ғалым зерттеушілерді, іскер адамдар мен жәй ғана демалушыларды өзіне тартып тұрады.
Оңтүстік Қазақстан облысының географиясына көз жүгіртсек, Қазақстанның туристік - рекреациялық мүмкіншіліктеріне кіретін көптеген тартымды, қызықты табиғи ресурстар мен тарихи-мәдени мұраларды кездестіруге болады. Аймақтағы туризмнің дамуының болашағын анықтау үшін терең, әрі жан-жақты зерттеулер қажет. Яғни, туризм мен демалыс үшін қолайлы жағдай деңгейіне отандық және шетел туристерін күту дәрежесіне, табиғи және тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық ресурстарына рекреациялық баға беру керек.
Зерттеу барысына қарай, Оңтүстік Қазақстан облысының туристік- рекреациялық мүмкіншіліктерін экономикалық және шаруашылық қызметте пайдалануға болатындықтан, облыс туризмін дамытудың мүмкіндігі мол екендігін байқауға болады.
Бірақ, бүгінгі күні облыстың зор мүмкіншіліктері аймақтың экономикасын дамытуға жеткіліксіз болып отыр. Мұның себебі, ғылыми дәлелденген ұсыныстар мен туризмнің дамуы туралы жалпы концепцияның болмауы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан бойынша туризмнің даму алғышарттарына, дамытудың экономикалық маңызына тоқталып, мысалға алынған Оңтүстік Қазақстан облысының рекреациялық ресурстарына кешенді түрде баға беру арқылы туризмнің даму мүмкіншіліктері мен туризмнің даму болашағын анықтау және оның экономикадағы орны мен маңызын айқындап, аймақтағы туризмнің даму бағдарламасына ұсыныстар жасау.
Жұмыстың міндеті: Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
- жалпы туризмнің қазіргі даму жағдайын анықтау;
- облыс бойынша рекреациялық ресурстарға баға беру;
- облыс экономикасындағы туризм орны мен маңызын анықтау;
- облыс территориясында туризмнің дамуына мінездеме беру;
- туризмнің дамуы үшін рекреациялық ресурстардың пайдалану деңгейі мен жағдайын анықтау;
- облыстың туризмі дамуы үшін ғылыми дәлелдер мен ұсыныстар жасау.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанда туризмнің күшті индустриясы мен туристік бизнестің халықаралық стандарттар деңгейінде дамуы мен қызметіндегі ғылыми және әдістемелік мәселелердің шешілуі, туризмді экономикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеуді, оны экономиканың болашағы деп қарау тақырыптың өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеу пәні: Қазақстанда экономиканың саласы ретінде туризмді дамытудың негізгі бағыттары.
Зерттеу нысаны: Оңтүстік Қазақстан облысының туристік шаруашылығы мен туристік рекреациялық ресурстары зерттеу нысаны болып табылады. Аймақтағы туристік қызметтің дамуының алғышарттарының анықтамасы, болжамы және игерілу деңгейі зерттеудің тәсілі болып табылады
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы: Қазіргі туризмнің экономикасы маңызды экономикалық ғылымның біреуіне айналды, онсыз бүгінгі күні экономикалық ғылым жүйесінің өмір сүруі мүмкін емес. Яғни туризмді экономиканың саласы ретінде дамыту және оның бағыттары жұмыстың тәжрибелік маңызы болып отыр.
Қорғалатын ұстаным:
1 Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың экономикалық маңызын айқындау;
2 Туризмді экономиканың саласы ретінде дамытудың негізгі бағыттарын анықтау;
3 Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм экономикасының дамуының алғышарттарын қарастыру.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы: Қазақстандық, ресейлік мамандардың кітаптары, Қазақстанның заң актілері, статистикалық мәліметтер және интернет сілтемелері болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, глоссарийден, 3 тараудан, қорытынды және 40 қолданылған әдебиет көздерінен құралған. Жұмыс 67 беттен, 6 кестеден және 4суреттен тұрады.
Зерттеу жұмыстары оқу-өндірістік, дипломдық тәжірбие кезінде кейбір туристік фирмалармен жүргізіліп, арнайы облыстық және Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданған.
1 Қазақстан РеспубликасынДА туризмДІ дамытудың экономикалық маңызы
Қазақстандағы туризмнің тарихи алғышарттары біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек Жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелді. Туристік қызметтегі КСРО-ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Ресейдің, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен бірге, Қазақстанның бірқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткіштері мен табиғи көрнекті жерлерінің тарихи мәніне іс жүзінде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесі элементтерінің бірі болып саналды және оның басым рөліне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулі экономикалық маңызға ие болмады.
Қазақстандағы туризм өндірісінің дамымай қалуының бір себебі экономика саласы ретінде онымен мемлекеттік деңгейде тікелей айналыспады. Туризмді аймақтық ұйымдастыру және мемлекеттік емес туристік құрылымдарды кешенді болжауға, ұзақ мерзімді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлігі жергілікті бюджетке түсетіндігіне қарамастан, жергілікті басқару органдарының тарапынан туристік қызметті басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеуші факторы болып табылады [1] .
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшін негізі қаланды.
Бүгінгі күні біздің мемлекетімізде туризмді дамыту “Туризм туралы” Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 3 шілдедегі №1508-XII Заңымен, Қазақстан Республикасының Президентінің “Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын іске асыру туралы, Ұлы Жібек Жолының Қазақстан Республикасындағы туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО және Дүниежүзілік Туристік Ұйымның жобасы туралы” 1997 жылғы 30 сәуірдегі №3476 және “Жібек Жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау”, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасы туралы” 1998 жылғы 27 ақпандағы №3859 жарлықтарымен қамтамасыз етіледі [1] .
Осындай және өзге де құжаттар мен іс-шаралардың қабылдануы туризмнің қазақстандық рыногын дамытуға оң әсер етпей отыр. Мұндай құжаттар қағаз жүзінде ғана қабылданып, іс жүзінде жүзеге толық асқан жоқ. Өйткені, туризмнің қазақстандық рыногы әлі де әлсіз, бақылаусыз .
Сонымен қатар, туризм саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға жасалған қадамдардың бірі - Қазақстанның 1993 жылы толығымен Дүниежүзілік Туристік Ұйымына толық мүше болып қабылдануы, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер жасауы болды. Бірқатар келісімдердің шет мемлекеттердің Қазақстанды туристік әлеуеті мол перспективалы серіктес ретінде тану бастамасымен болғандығын атап өту керек.
Қазақстандық туристердің неғұрлым көп болатын жерлері: Ресей, Қытай, Германия, Корея Республикасы, Польша, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері. Ал, елімізге Ресейдің, Қытайдың, Германияның, Корея Республикасының, Пәкістанның, Польшаның, Түркияның азаматтары жиірек келеді. Бұған келесідей мәліметтер дәйек бола алады [1, 2 кесте] .
1 кесте
2005 жылғы облыстар бойынша туристік қызмет көрсеткіштері [14]
1 сурет. 2005 жылғы облыстар бойынша туристік қызмет көрсеткіштері (автордың жасалуымен)
2 кесте
Туризмді дамыту индикаторлары [14]
2 сурет. Туризмді дамыту индикаторлары (автордың жасалуымен)
Туристік қызметке жасалған талдау көптеген турфирмалардың сыртқа шығу туризмімен айналысатындығын көрсетті, ал бұл бірінші кезекте, Қазақстаннан капиталдың сыртқа ағылуына алып келіп соғады. 2003 жылы шетке көптеген ақша шығарылған. Республика азаматтарының шет елге тауарлар сатып алу, кейіннен оны сату мақсатында баратын жоспарлары, бұрынғысынша бұқаралық сипат алып отыр, ал шоп-туризм Қазақстандағы туристік қызмет көрсету рыногының жай-күйін анық көрсетеді. Ол экономикалық дағдарыс кезеңінде туристік қызметке сұранысты жандандырып, көбінесе туристік фирмалардың тиісті тәжірбиесінің және білікті мамандарының жетіспеушілігіне байланысты туристер мен “чартер ұстаушылар” арасындағы делдалдық қызмет атқаруына елеулі көмек көрсетті. Қазақстанның тұтыну рыногының төрттен бірін “қапшықтау” бизнесі тауарлармен толтырады және тұтастай алғанда, бір мезгілде тауар өткізу мен сату жүйесіндегі 150 мыңа жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазақстанның ішкі сауда айналымындағы жыл сайынғы “қапшықтау” саудасының көлемі 2 млрд. Америка Құрама Штатының долларын құрайды.
Сонымен, бір мезгілде, шоп-туризм, ең алдымен, еліміздің бюджетіне кері әсер етеді. Туристік бизнестің секторларының бірі ретінде шоп-туризмнің өсуі туристік қызмет көрсетудің деңгейін көтеруге елеулі әсер ете қойған жоқ.
Бүкіл өркениетті дүние негізгі туристер ағынын өздеріне тартуға ұмтылуда, себебі туризм мемлекет бюджетінің кіріс бөлігін толықтырудың маңызды көздерінің бірі болып табылады. Сондықтан, Қазақстанға шетелдік туристер ағынын көбейту қажет. Осы мақсатта туристік ұйымдардың қызметін, мұның өзі бірінші кезекте, көлік құралдарының, орналастыру орындарының кадрлық қамтамасыз етудің жай-күйіне байланысты, келуші туризмді дамытуға қайта бағдарлау қажет.
Көлік. Бүгінгі таңда Қазақстанның халықаралық әуежелілерінің дүние жүзінің әр бұрышына, атап айтсақ, Германияға, Үндістанға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Түркияға, Италияға, Корея Республикасына, Венгрияға, Израильге, Қытайға, Таиландқа және т. б. өзге мемлекеттерге ұшуды жүзеге асыруға мүмкіндігі о бар. Ішкі және Халықаралық рыноктарда жұмыс істейтін “Эйр Астана”, “KLM”, “Lufthansa”, “Иртиш Авиа”, “Тюрк Хава Юллары” түрлі авиа тасымалдарды жүзеге асырады. Туристердің көпшілігі сервис және қызмет көрсету сенімділігі жағынан отандық тасымалдаушыларға қарағанда әуе рейстерін жүргізетін шетелдік тасымалдаушылардың қызметін пайдаланғанды жөн көреді, мұның өзі отандық тасымалдаушылар жасайтын әуе рейстер жолаушылар ағынын азайтатыны сөзсіз. Оның үстіне, әуебилеттер құнының қымбаттығы Қазақстанның туристік өнімінің құнын өсіреді және тиісінше оның халықаралық рыноктағы бәсекелесу қабілетін төмендетеді. Бұл орайда, айта кететін жәйт, еліміздің немесе өзге шет ел туристері көбіне - көп Қырғызстан Республикасындағы “Манас” әуежайы арқылы ұшуға, не шетелден ұшып келуге мәжбүр. Өйткені, мұндағы қызмет көрсету құны және әуе билет құны төмендеу. Осыған байланысты, қырғыз елінің әуе саласында жүргізіп отырған саясаты орынды. Бірақ, біздің елімізде ұлттық тасымалдаушы ретінде “Эйр Астанамен” бәсекеге түсе алатын басқа әуе компаниясының болмауы тарифтердің көтерілуіне әкеліп соғуда.
Және, елімізде соңғы уақытта көтеріліп отырған өзекті мәселенің бірі Алматы әуежайының халықаралық мәртебесін алып, оны Астана әуежайына беру. Бұл туризм саласы үшін жасалып отырған қастандық. Бұған байланысты еліміздің турфирмалары мен өзге де ұйымдары қарсылық білдірген. Бірақ Үкімет өз шешімін күшінде қалдырды. Осы шешімнен кейін, шетелдік әуе компаниялар өз тасымалдаушыларын кері қайтарып алатынын айтты. Өйткені, Астана жас қала болғандықтан, барлық бизнес көзі, туристік желілер Алматы қаласы арқылы өтетіндіктен бұл шетел компаниялары үшін өте пайдасыз, әрі тиімді емес. Автомобиль көлігі шекаралас мемлекеттерге шоп-туризмді ұйымдастыру және экскурсиялық бағыттарды ұйымдастыру үшін пайдаланылады. Алайда, оны дамыту, тұтасымен алғанда, жолдардың жай-күйіне және туристік көлік құралдарына тиісті техникалық қызмет көрсетілуіне байланысты болады. Негізінен, автомобиль көлігін жалға беуді бірен-саран ұйымдар мен ірілі-ірілі 2-3 қонақ үйлер ғана жүзеге асырады. Өйткені, ішкі туризмде бұл әлі де үлкен сұранысқа қол жеткізген жоқ. Батыс Еуропа мен АҚШ сияқты алып елдердің экскурсиялары мен саяхаттарының 70 % автомобиль көлігін жалға алу арқылы жүзеге асады. Бізде осылайша қызмет көрсетілмеудің себебі, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының сын көтерілмеуі. Сондай-ақ, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары автобус паркі қараусыз қалған, сонымен бірге қазіргі заманғы жайлы автобустар жоқтың қасы болатын. Бірақ, соңғы 2-3 жыл ішінде еліміздің туристік фирмалары өздеріне комфортты туристік автобустарды сатып алуда. Әрбір мекеме өздерінің көлік құралдарын, тасымалдауын жоғарғы деңгейге жеткізуде. Бірақ, бұл Қазақстанның Алматы, Астана сияқты қалалары мен бірен саран облыстарға ғана тән нәрсе. Әрине, бұл туристерге қызмет көрсетуді жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік бермейді.
Негізгі темір жол тасымалдаушысы “Қазақстан темір жолы” республикалық мемлекеттік кәсіпорын 20 бағыт бойынша жолаушылар тасымалдайды. Қазақстанның темір жолдарымен транзитпен Қырғызстанның, Өзбекстанның, Ресейдің, Тәжікстанның, Түркіменстанның жолаушылар пойыздары өтеді. Сондай-ақ, Қазақстаннан Қытайға, Иранға және аталған мемлекеттерге пойыздар қатынайды. Негізінен, темір жол көлігі туризм саласында аса қолданылмайды. Өйткені, арнайы жететін жерге дейін пойыздың жете алмауы негізгі себебі. Сондай-ақ, темір жол желісінің бойында бірде-бір туристік объектілердің болмауы. Темір жол көлігі арқылы саяхат, экскурсиялар өткізу бұрынғы Кеңес елі кезінде жүзеге асырылған. Ол кездегі арнайы экскурсия поездары, маршруттары болған. Келешекте экологиялық жағынан таза қоғамдық туристік көлікті дамытуға назар аудару қажет [2] .
Қазіргі күні елімізден Иранға дейін бірнеше мемлекетті басып өтетін жолаушылар поезы бар. Сондай-ақ, Алматы-Астана бағытындағы “Тальго” испан поездары бүгінгі күнге нағыз қолайлы, әрі лайық. Өте комфортты поезд. Жылдамдығы да тез. Бірақ, бағасы қымбаттау. Ел Үкіметі осындай вагондарды көптеп сатып алуға Испан Корольдігіне ұсыныс білдіруде.
Орналастыру құралдары . Туристік бизнесті шектеуші елеулі факторлардың бірі туризм индустриясы материалдық базасының мүмкіндіктерінің төмендігі болып табылады. Қазіргі уақытта, республиканың қонақ үйлерінде, турбазаларында, кемпингтерінде және басқа орналастыру объектілеріндегі сыйымдылық жүктеменің елу пайыздан астамын құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz