Б.Cоқпақбаев шығармалары



КІРІСПЕ
I Б.Соқпақбаев шығармаларындағы окказионал сөздердің семантикалық.құрылымдық түрлері
1.1 Жалпы және қазақ тіл біліміндегі окказионалды сөздердің зерттелуі
1.2 Окказионалды метафоралық қолданыстар
1.3 Окказионалды метонимиялық және окказионалды синекдохалық қолданыстар
1.4 Окказионалды фразеологизмдердің қолдану сипаты
1.5 Окказионалды теңеудің жасалу жолдары
II Б.СОҚПАҚБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ОККАЗИОНАЛДЫ СӨЗДЕРДІҢ АССОЦИАТИВТІ СИПАТЫ
2.1 Окказионалды сөз мағыналарының оқырманның тілдік санасындағы интерпретациясына ассоциативті эксперимент жүргізу
2.2 Тілдік тұлға және оның мәдени құзыреттілігі
Қорытынды
Б.Соқпақбаевтың жеке қолданыстар сөздігі. «Өлгендер қайтып келмейді» шығармасындағы окказионалды қолданыстар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Зерттеудің өзектілігі. Поэтикалық мәтіндегі көркем ойды бейнелейтін тілдік құралдардың эстетикалық қасиетін, болмыс-бітімін, көркемдік жасалу тәсілдерін зерттеуде еңбектер баршылық. Ал авторлық қолданыстағы окказионал сөздердің мағынасын ашып, ақын тіліндегі ерекше назар аудартқан сөздердің астарына көбінесе назар аударылмайды. Автордың окказионал қолданыстарының семантикасын түсінуде оқырман ретінде біраз қиналатының анық, толыққанды түсінуің де мүмкін емес, өйткені, бұл сөздер түсіндірме немесе диалектологиялық т.б. сөздіктерде өзгеріссіз қалпында кездеспейді. Қазақ тіл мамандары «тосын сөздер», «бір ғана қолданымдық сөздер» сияқты әртүрлі сипаттама берулерінің себебі осы. Осындай ерекше қолданыстары арқылы ақын оқырманды қайда жетелейді, түпкі астарында қандай ой, қандай көңіл – күй, жасырылған сыр мен сын, дүниеге деген тың көзқарас жатқандығы кімді де болса мазалайтыны анық. Автор өз оқырманын таңғалдыру үшін де біраз еңбектеніп, тыңнан жол іздеп, жаңалыққа құмартатыны белгілі. Ал енді осы тыңнан туған сөздің мағынасын ашу үшін ақынның дүниетанымына, болмысына, ішкі сезіміне үңілу қажет. Ол үшін ақын қолданған окказионал сөздерді танымдық тұрғыдан талдап, жан-жақты болжам мен пайымдаулар жасаған дұрыс болар. Сол мақсаттар негізінде сөз шеберлері қолданған окказионал сөздерді мәнмәтінмен тікелей байланыста қарастыра отырып, мағына бірлігін айқындау және сол мағына бірлігінің оқырманның санасында қалай көрінетіндігі (ассоциациясы) басты назарда болды. Ол үшін, ең алдымен, ақын шығармасындағы окказионал қолданыстарды айқындап, оларғаталдау жасай отырып, автор мен оқырманның ассоцациясының қаншалықты үйлесімді екенін эксперимент жүргізу арқылы анықтап, мәнмәтіндегі мағынасына тереңнен үңілу қажеттігі туындайды.
Көркем шығарманы тудырушы қаламгердің ұлттық мәдениетке толы еңбегі оқырманның тілдік санасында мәдени семантиканың қалыптасуына ықпал етеді. Мәдени семантиканың санада қалыптасуына тарих, қоғам, мәдениет қайраткерлерінің есімдері мен сөздері, аса маңызды саяси-әлеуметтік оқиғалар, мәдени, тарихи, діни жәдігер-ескерткіштер, ән, жарнама, БАҚ материалдары әсер еткенімен, мәдени құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі көзі ретінде көркем шығарманы атауға болады.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Әрбір теориялық тұжырымдар нақты мысалдармен дәлелденіп отырды. Зерттеулер жүргізуде автордың таным-түсінігі, ой-санасынан пайда болатын окказионалды қолданыстардың ерекшеліктерін анықтауда, психолингвистикадағы ассоциативті эксперимент арқылы окказионализмдердің автор-оқырман дүниетанымы мен болмысын тануда жаңа дереккөздері мен әдістің табылуы. Автор мен оқырманның тілдік санасын зерттей отырып сол халықтың өзін, мәдениетін де тануға мүмкіндіктің тууы. Тілдік тұлғаның көркем шығармамен танысу барысында өзіндік ассоциацияланған мәдени семантикасынан автор мен оқырман арасында қандай құзыреттіліктер қалыптасатыны анықталды.
1 Қалиев Ғ., Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. –Алматы:Сөздік-Словарь, 2006. -262 б.
2 Будагов Р.А. Очерки по языкознанию. –Москва, 1953. -С. 293.
3 Сыздық Р. Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар. ‒Алматы, 2009. -269 б.
4 Мұратова Г. Көркем әдебиет тіліндегі қажеттілік пен кездейсоқтық. –Алматы, 2002. -238 б.
5 Еспекова Л. Қадыр Мырзалиев поэзиясындағы окказионализмдер. Фил. ғыл. канд. ...авторефераты. – Алматы, 1998. -30 б.
6 Бәйтікова Ш. Қазақ тіліндегі неологизмдер. – Алматы, 1971. -122 б.
7 Қадырқұлов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі жаңа қолданыстар. Фил. ғыл. канд. ...дис. –Алматы, 1995. – 113 б.
8 Ордабекова Х. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы: практикалық және зертханалық жұмыстар. Оқу-әдістемелік құралдар. –Алматы, 2012. -125 б.
9 Болғанбаев Ә. Қазақ тіліндегі синонимдер. –Алматы, 1970. -308 б.
10 Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика). –Алматы, 1962. -310 б.
11 Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. –Алматы:Атамұра, 2010. -208 б.
12 Балақаев М., Томанов М., Жанпейісов Е., Манаспаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. –Алматы:Дәуір, 2004. -256 б.
13 Нұржекеева Л. Метонимияның лингвистикалық табиғаты. –Алматы: Казақ университеті, 1992. -80 б.
14 Реформатский А.А. Введение в языкознание. –Москва. 1967. –С. 464.
15 Сәрсенбаев Р. Қазақ тілі фразеологиясы. –Алматы:Қазақ университеті, 1973. 352 б.
16 Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы: ҚазАқпарат, 2007. -356 б.
17 Аманжолов С. Қазақ тілі. –Алматы:Мектеп, 2004. -208 б.
18 Смағұлова Г.Н. Қазақ тліндегі фразеологизм мәселелері//ҚазМҰУ хабаршысы. Филология сериясы, 2000. №38.-31 б.
19 Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. - 340 б.
20 Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі: Оқулық. –Алматы, 1999. -312 б.
21 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы:Жазушы, 1784. -360 б.
22 Виноградов В.В. Теория языка. – Москва, Исскуство, 2000. -С. 100.
23 Караулов Ю.Н. и др. Русский семантический словарь. – Москва, 1982. -С. 317.
24 Керімұлы Ә. Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар (ХІV ғасыр). – Түркістан: Тұран, 2005. -244 б.
25 Ұйықбаев И. Қазіргі қазақ тіліндегі варианттылық проблемасы. – Алматы: Ғылым, 1976. -141 б.
26 Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. – Алматы: Ғылым, 1970. -173 б.
27 Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: филол. ғыл. док. … дис.: 10.02.02. – Алматы, 2007. -330 б.
28 Зинченко В.П, Мещерякова Б.Г. Психолингвистический словарь. Педагогика. –Пресс, 1999. -С.440.
29 Айтова Н. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивті семантикасы: филол. ғыл. канд. дис.: 10.02.02. –Алматы, -126 б.
30 Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. –Алматы, 1773. -212бет.
31 Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. –Алматы:Арыс, 2004. -210 б.
32 Смағұлова Г. Фразеологизмдердің варианттылығы. Алматы, Санат баспасы, 1996. -48 б.
33 Бейсенбай А. Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы окказионалдық қолданыстар: филолог. ғылымд. канд... дис. авторефераты:Астана, 2008. -30 б.
34 Аханов К. «Тіл білімінің негіздері» –Алматы, 2003. -316 б.
35 Смағұлова Г.Мағыналас фразеологизмдер сөздігі. –Алматы 2001. -312 б.
36 Сыздық Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы:Ана тілі, 1773. -320 б.
37 Қабдолов З. Жанр сыры. –Алматы: ҚМКӘБ. 1764. -171 б.
38 Құдайбергенова К. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «Білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі//ғылыми -практикалық конференцияның материалдары. 2008. -32 б.
39 Тұрғанбекова Б.А. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. –Алматы, 2005. -80 б.
40 Нәжім М.Б. Құзыреттілік – шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздерінің бірі.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Поэтикалық мәтіндегі көркем ойды бейнелейтін
тілдік құралдардың эстетикалық қасиетін, болмыс-бітімін, көркемдік жасалу
тәсілдерін зерттеуде еңбектер баршылық. Ал авторлық қолданыстағы окказионал
сөздердің мағынасын ашып, ақын тіліндегі ерекше назар аудартқан сөздердің
астарына көбінесе назар аударылмайды. Автордың окказионал қолданыстарының
семантикасын түсінуде оқырман ретінде біраз қиналатының анық, толыққанды
түсінуің де мүмкін емес, өйткені, бұл сөздер түсіндірме немесе
диалектологиялық т.б. сөздіктерде өзгеріссіз қалпында кездеспейді. Қазақ
тіл мамандары тосын сөздер, бір ғана қолданымдық сөздер сияқты әртүрлі
сипаттама берулерінің себебі осы. Осындай ерекше қолданыстары арқылы ақын
оқырманды қайда жетелейді, түпкі астарында қандай ой, қандай көңіл – күй,
жасырылған сыр мен сын, дүниеге деген тың көзқарас жатқандығы кімді де
болса мазалайтыны анық. Автор өз оқырманын таңғалдыру үшін де біраз
еңбектеніп, тыңнан жол іздеп, жаңалыққа құмартатыны белгілі. Ал енді осы
тыңнан туған сөздің мағынасын ашу үшін ақынның дүниетанымына, болмысына,
ішкі сезіміне үңілу қажет. Ол үшін ақын қолданған окказионал сөздерді
танымдық тұрғыдан талдап, жан-жақты болжам мен пайымдаулар жасаған дұрыс
болар. Сол мақсаттар негізінде сөз шеберлері қолданған окказионал сөздерді
мәнмәтінмен тікелей байланыста қарастыра отырып, мағына бірлігін айқындау
және сол мағына бірлігінің оқырманның санасында қалай көрінетіндігі
(ассоциациясы) басты назарда болды. Ол үшін, ең алдымен, ақын
шығармасындағы окказионал қолданыстарды айқындап, оларғаталдау жасай
отырып, автор мен оқырманның ассоцациясының қаншалықты үйлесімді екенін
эксперимент жүргізу арқылы анықтап, мәнмәтіндегі мағынасына тереңнен үңілу
қажеттігі туындайды.
Көркем шығарманы тудырушы қаламгердің ұлттық мәдениетке толы еңбегі
оқырманның тілдік санасында мәдени семантиканың қалыптасуына ықпал етеді.
Мәдени семантиканың санада қалыптасуына тарих, қоғам, мәдениет
қайраткерлерінің есімдері мен сөздері, аса маңызды саяси-әлеуметтік
оқиғалар, мәдени, тарихи, діни жәдігер-ескерткіштер, ән, жарнама, БАҚ
материалдары әсер еткенімен, мәдени құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі
көзі ретінде көркем шығарманы атауға болады.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Әрбір теориялық тұжырымдар нақты
мысалдармен дәлелденіп отырды. Зерттеулер жүргізуде автордың таным-
түсінігі, ой-санасынан пайда болатын окказионалды қолданыстардың
ерекшеліктерін анықтауда, психолингвистикадағы ассоциативті эксперимент
арқылы окказионализмдердің автор-оқырман дүниетанымы мен болмысын тануда
жаңа дереккөздері мен әдістің табылуы. Автор мен оқырманның тілдік санасын
зерттей отырып сол халықтың өзін, мәдениетін де тануға мүмкіндіктің тууы.
Тілдік тұлғаның көркем шығармамен танысу барысында өзіндік ассоциацияланған
мәдени семантикасынан автор мен оқырман арасында қандай құзыреттіліктер
қалыптасатыны анықталды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Жұмыстың нәтижелерін лингвистикада
жаңа бағыт қалыптастыруда пайдалану, окказионалды қолданыстардың түрлері
мен ерекшеліктерін айқындауда, окказионалды метафора, окказионалды
метонимия, окказионалды синекдоха, окказионалды фразеологизмдер мен
теңеулердің теориялық негізін қалыптастыруда, автор мен реципиенттің
дүниетаным сәйкестігін зерттеуде, тілдік тұлға мен оның мәдени
құзыреттілігі анықтауда, методологиясын дамытуға негіз бола алады.
Зерттеудің мақсаты. Б.Соқпақбаевтың Өлгендер қайтып келмейді
шығармасы негізінде қолданылған окказионал сөздердің семантикалық құрылымы
мен ассоциативтік табиғатын психолингвистикалық талдау жүргізу арқылы
автор мен оқырман таным-түсінігі мен санасының, ойының қаншалықты сәйкес
келетіндігін және автор мен оқырман арасында қандай құзыреттіліктің
қалыптасатындығын анықтау. Б.Соқпақбаевтың Өлгендер қайтып келмейді
шығармасында қолданған окказионал сөздерге семантикалық құрылымы мен
ассоциативтік табиғатын айқындау – зерттеу жұмысының негізгі мақсаты болып
табылады.
Зерттеудің міндеттері. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін төмендегідей
міндеттерді қарастыру көзделді:
-ғылыми тұжырымдарға сүйене отырып окказионал сөздердің анықтамасын
беру;
-окказионал сөздердің семантикасын айқындау барысында авторлық
қолданыстағы сөздердің табиғатын таныту;
-окказионал сөздердің жасалу жолдары мен қолданыстағы құрылымдық
ерекшеліктерін, яғни окказионалды метафора, окказионалды метонимия,
окказионалды теңеу, окказионалды фразеологизм сияқты түрлерін айқындау;
-фразеологизмдердің авторлық қолданыста өзгеріске ұшырау сипатын
анықтау, қалыпты және окказионал фразеологизмдердің ерекшеліктерін
дәйектеу;
-автордың окказионал қолданыстарына байланысты психолингвистикалық
экспермент жүргізу арқылы оқырмандардың окказионалды сөздердің семантикасын
қаншалықты терең түсінгендігін, индивидтің лингвомәдени құзіреттілігін
айқындау.
Зерттеу нысаны. Жұмыста окказионалды қолданыстардың құрылымдық-
семантикалық сипаты мен ассоциативті табиғатын зерттеуде негіз етіп
Б.Соқпақбаевтың Өлгендер қайтып келмейді шығармасы алынды. Бұл орайда,
жеке авторлық сөз қолданыстарға байланысты құрылымдық-семантикалық
аспектіден зерттеу жүргізген А. Байтұрсынұлы, К.Аханов, З.Қабдолов,
Х.Нұрмұханов, Ғ.Қалиев, Ә. Болғанбаев, Р.Сыздық, Н.Уәли, М.Серғалиев,
Г.Мұратова, Г.Смағұлова,Л.Еспекова, Қ.Айдарбек сынды ғалымдардың еңбектерң
қарастырылды.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Дипломдық жұмысқа нысан
болған мәселенің шешімін іздеуде тіл ғылымының іргелі зерттеулері, ерекше
бағыттары мен жаңалықтары негізге алынды. Жұмыстың ғылыми негізіне
Р.Сыздық, Н.Уәли, М.Оразов, Г.Мұратова еңбектері басшылыққа алынды.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерді
орындау үшін дәстүрлі ғылыми сипаттама, түсіндіру, салыстырмалы,
мәнмәтіндік талдау, жүйелеу, топтау, лингвистикалық эксперимент жүргізу
әдіс-тәсілдері қолданылды.

I Б.Соқпақбаев шығармаларындағы окказионал сөздердің семантикалық-
құрылымдық түрлері

1. Жалпы және қазақ тіл біліміндегі окказионалды сөздердің зерттелуі

Окказионализмдер тіл білімінің әр түрлі саласында – лексикология мен
семасиологияда, көркем мәтін тілін лингвистикалық талдауда да қарастырылып
келеді.
Қазақ тіл білімінде окказионализмдер жазушының шеберлігі арқылы пайда
болған қолданыстар ретінде зерттелуде. Осы тұрғыдан келгенде, окказионал
қолданыстарды тілдің динамикалық жүйесінің белсенді процесінің бірі ретінде
қарастыру аса маңызды.
Әлемдік лингвистикада алғаш окказионал терминін қолданған Н.Фельдман
болатын. Ғалым окказионал сөздердің семантикалық құрылымына ерекше көңіл
бөліп, дәл тауып айтылған және ерекше мәнерлі сөздер ретінде таниды.
Окказионалды сөздер – жалпыхалықтық қолданысқа сай келмейтін, белгілі
бір авторға меншікті, тосыннан пайда болатын, тілдегі сөзжасам жүйесінің
мүмкіндіктеріне сәйкес жасалатын, әдеби тілге ену қабілеті шектеулі, үнемі
жаңашылдығымен, экспрессивтілігімен ерекшеленіп, контекст қалауына қарай
қызмет атқаратын поэтикалық мәнде қолданылатын сөздер [1,90 б.].
Тіл білімінде жеке автордың қолданысында пайда болған сөздердің:
индивидуальные слова, слова-самоделки, слова-экспромы,
индувидуальные новообразования, слова информирующего характера, слова
метеоры эгологизмы, оценочные слова-времянки, эфемерические
инновации, неолексемы, некодифицированные слова, одноразовые слова,
речевые новообразования, слова одноневки, неологизмы контекста,
индивидуально-авторские неологизмы, литературные неологизмы,
неологизмы поэта, одноразовые неологизмы, писательский неологизм,
индивидуальные неологизмы т.б атауларын М.Степанова, В.Елисеева,
И.Дегтяров, О.Габинская, В.Лопатин, А.Лыков, Н.Фельдман, И.Улуханов,
Э.Ханпира т.б. ғалымдардың еңбектерінен кездестіруге болады.
Ғалымдар тарапынан негізі қаланған бұл мәселе алғашқыда жекелеген ақын-
жазушылардың тіл ерекшеліктерін айқындау, сараптау, сонымен қатар әдеби
тілмен арадағы байланысын анықтау тұрғысынан қарастырылып, кейін жалпы
теориялық және тәжірибелік ізденістерге ұласты. Бүгінгі күні жеке
автордың қолданысында пайда болған сөздерді, тіркестерді атауда бірізділік
жоқ деуге болады. Окказионалды сөздер қазақ тіл білімінде өзіндік белгі-
қасиеттеріне байланысты әр ғалым тарапынан әртүрлі айтылымыға ие. Мәселен,
Р.Сыздық тосын сөздер, Х.Нұрмұханов бір ғана қолданымдық сөздер,
А.Алдашева индивидуалды-авторлық сөздер, Л.Еспекова окказионализм,
Г.Мұратова окказионал сөздер ретінде зерттеу еңбектерінде қолданған.
Окказионалды сөздер жеке автордың шығармашылығында пайда болып, ақын-
жазушылардың өзіндік жазу мәнерін танытатын қолданыстар болып табылады.
Қазіргі тіл білімінде тілші-ғалымдардың көпшілігі окказионал сөздерді
неологизмдердің қатарында қарастырса, кей ғалымдар авторлық қолданыстарды
неологизмдер жүйесінен бөліп қарастырады. Неологизмдер мен окказионалды
сөздерді екі бөліп қарастырған дұрыс деп ойлаймыз. Өйткені, окказионалды
сөздер - жеке автордың таным-түсінігінен туындайтын, өз бойындағы
жаңашылдық пен ерекшелікті ешуақытта жоғалтпайтын, құрылымдық-
семантикалық өзгерістерге ұшырамайтын, жалпыхалықтық қолданысқа ие болуға,
әдеби тілдің бекітілген тілдік нормасына айналуға негізделмеген сөздер. Ал
лексикалық неологизмдер тіл фактісі, оны тудырушы тұлға маңызды болып
саналмайды, бастапқы жаңашылдығы жалпыхалықтық сипатқа ие болғанда, уақыт
өте келе құрылымдық және семантикалық өзгерістерге ұшырап, жаңа сөз болу
қабілетінен айырылады.
Дегенмен, жеке авторлық қолданыстағы жаңа сөздердің уақыт өте келе
сөздік құрамның қатарына өтіп, жалпыхалықтық сипат алып жататындары да
кездеседі. В.Гактың айтуынша, бұл сөздерді неологизмдерден ажырататындай
негізгі критерийлер айқындалмаған. Мұндай окказионал сөздер неологизмдер
құрамынан стилистикалық неологизмдер деген атауды иеленген. Р.А.Будагов
көркем әдебиеттегі жаңа сөз қолданыстарын тілдік және стилистикалық
неологизмдер деп қарастырады [2]. Ал Р.Сыздық стилистикалық неологизмдерге
мынадай анықтама береді: Тілдік немесе лексикалық неологизмдер – қоғамдық
қатынастардың, техника мен шаруашылықтың, ғылым мен мәдениеттің өзгерістері
мен дамуына байланысты жалпы әдеби тіл нормасына енген жаңа сөздер болса,
стилистикалық неологизмдер ̶ жеке қаламгерлер тілінде стилистикалық
мақсат негізінде пайда болған, жазушы сөздігіне тән, әдеби тілдің актив
қорына енбейтін, авторлық-индивидуалдық қолданыстағы сөздер [3, 8 б.].
Жеке авторлық сөз қолданыстарға байланысты ғылыми ой-пікірлерді А.
Байтұрсынұлы, К.Аханов, З.Қабдолов, Х.Нұрмұханов, Ғ.Қалиев, Ә. Болғанбаев,
Р.Сыздық, Н.Уәли, М.Серғалиев, Г.Мұратова, Р.Зуева, Г.Смағұлова,
А.Бейсенбай, Ж.Абдрахманова, Л.Еспекова, Қ.Айдарбек сынды ғалымдардың
құрылымдық-семантикалық аспектіден қарастырған еңбектерінен көруге болады.
Өзіне дейінгі зерттеулерді қарастыра келе, Г.Мұратова окказионалды
сөздерге тән екі басты белгіні атап көрсетеді. Ол белгілер: біріншіден,
автордың индивидуальдық шығармашылығының нәтижесі; екіншіден, бір-ақ рет
қолданылатындығы [4,13 б.].
Ал Л.Еспекова жеке автордың қолданысында пайда болған жаңа сөздер мен
тілдік жаңа сөздерді ажыратудың мынадай белгілерін атап кетеді:
• уақыт өту барысында сөз жаңашылдығының сақталу-сақталмауы;
• авторының болу-болмауы;
• контекспен байланыстылығы;
• әдеби тілге ену-енбеуі;
• сөздің қандай мақсатпен туындап отырғанын ескеру [5,10 б.].
Ш.Бәйтікова Қазақ тіліндегі неологизмдер деген еңбегінде жаңа
қолданыстардың заттық және мағыналық дәлдігін анықтауда окказионал
сөздердің атқаратын рөлі зор екенін дәлелдей келіп, олардың құрамында
ұғымға сыймайтындары да болатынын, олардың бәрін тілімізге енгізсек, тіл
мәдениетінің тазалығына нұқсан келтіретінімізді, окказионал сөздерді жаңа
қолданыстардың құрамын қоспай, кездейсоқ қалпында қараған тиімді деген
пікірді ұсынады [6,88 б.].
Сонымен қатар, жаңа қолданыстарды зерттеуші ғалымдардың бірі –
Қ.Қадырқұлов неологизмдерді жаңа сөз және жаңа сөз қолданыстар деп екі
топқа бөледі. Бұндағы жаңа сөздер дегеніміз – жаңа мазмұн мен жаңа формада
тілімізге басқа тілден өзгеріссіз не дыбыстық өзгерістерге ұшырап енген
сөздер. Жаңа сөз қолданыстар дегеніміз – жаңа мазмұны мен ескі формада
немесе ескі мазмұн мен жаңа формада, басқа тілден енген сөздердің жаңаша
қолданысқа түсуі - десе, ал жеке автордың қолданысында пайда болатын
сөздерге ...жаңалық сипат беру шамалы, өйткені ол сөз контекстен тыс
ешқашан қолданылмауы мүмкін, - дейді [7,23 б.].
Окказионал қолданыстар, яғни жеке сөз шығармашылығы қызметі нәтижесінде
пайда болатын бірліктер болғандықтан, лингвистикалық әдебиетте бірегей
терминмен белгіленбей келе жатыр. Оны жоғарыдағы пікірлерімізде айтып
өттік. Көрсетілген терминдердің барлығының қозғап отырған мәселесі біреу,
ол – жеке автордың қолданысында пайда болған сөздер. Әр зерттеуші жеке
авторлық қолданыстағы сөздің ерекшеленетін басты белгісін оның атауы
ретінде пайдаланған. Мәселен, бір қолданар сөздер деп оның жазушы
шығармашылығында ғана қолданылып, әдеби тілімізге енбей қалатынын негізге
алса, тосын сөздер, экспромт сөздер деген атаулары бұл қолданыстың аяқ
астынан, тосынан пайда болатындығын негізге алған. Әдеби неологизмдер деп
көркем шығармада пайда болу ерекшелігіне қарай аталса, заңсыз сөздер
атауы көркем әдебиет тіліне тән еркіндікке негізделіп пайда болғандықтан,
жасалуында тіл заңдылықтарын ескермейтіндігін көрсетеді, стилистикалық
неологизм пайда болатын жаңа сөзде стилистикалық мақсат көзделетінін
айтса, авторлық неологизмдер, авторлық жасалымдар сияқты атаулар жаңа
сөздердің белгілі бір авторының болатындығына негізделсе керек.
Окказионал қолданыстар индивидтің белгілі бір жағдайға байланысты сөз
тудыру қажеттілігі арқылы өмірге келген жеке авторлық сөздер мен тіркестер.
Көркем әдебиет тілінде окказионализмдердің қолданылуы, біздің ойымызша,
әдеби тілдің нормасын өрескел бұзу емес, белгілі бір әдеби-эстетикалық,
идеялық мақсатта, шығармаға оқырманның назарын аударуда, қызықтырудадан
туған құбылыс.
Авторлық жеке қолданыстар жаңа құбылыстар мен заттарды атап,
қайталамаларды жойып, сөз мағынасына жаңа бояу қосып, тілдің беріп отырған
бейнелеуіш құралдарының құрамын кеңейтіп, жазушының шеберлігін, тілге деген
жауапкершілігін көрсетуге мүмкіндік беретін тілдік бірліктер.
Окказионализмдерді жасауда экстралингвистикалық факторлардың да қалыс
қалмайтынын естен шығармауымыз қажет. Себебі, дүниені, әлемді ұлттық
негізде танудың ең басты себепшісі – экстралингвистикалық фактор. Алайда,
біздің ойымызша бұл автордың саналы түрде сол тілде сөйлеуші үшін кездейсоқ
(кенет) тұлғамен ерекше бірлік жасауға бағытталған шығармашылық әрекеттің
қажеттілігінен шығады.
Қазақ және орыс тіл білімінде окказионал сөздерді мынандай құрылымдық
түрлерге жіктейді:
1. фонетикалық окказионал сөздер;
2. семантикалық окказионал сөздер;
3. сөзжасаушы окказионал сөздер.
Фонетикалық окказионал сөздерді қазақ ақын-жазушылар шығармаларынан
кездестіре алмаймыз. Окказионал сөздердің бұл түріне тілші ғалымдар
дыбыстық құрылымдарды жатқызып жүр. Қолданыстың бұл түрі жаңа ұғым
тудырмайды, тек қана белгілі бір дыбыстардың жиынтығы ретінде ғана
кездеседі. Сондықтан да, қазақ ғалымдары бұл түрін окказионал сөздер
қатарына жатқызбайды. Фонетикалық окказионал сөздерге мысал ретінде орыс
ақыны В.Хлебниковтың мына өлеңін келтіруге болады:
Бобэоби пелись губы,
Вээоми пелись взоры,
Пиээо пелись брови, лиэээй – пелся облик,
Гзи – гзи- гзго пелась цепь. Так на холстекаких-то соответсвий,
Вне протяжения жило Лицо.
Бұндай дыбыстық құрылымдар окказионалды сөздердің семантикасын ашуда
біраз қиындықтар туғызатыны анық.
Семантикалық окказионал сөздер жеке авторлар шығармаларында
қолданылып, тілімізде мүлдем үйлесуі мүмкін емес, деген сөздер контексте
белгілі бір мағыналық үйлесім тауып, тығыз бірлікте ұжымдасқан сөздер
тобы. Сонымен қатар сөз зергерлерінің өзіндік қолтаңбасын танытатын дәл
тауып айтылған сөздер.
Семантикалық окказионал сөздердің мынадай өзіндік ерекшеліктерін атап
көрсетуге болады:
1) семантикалық окказионал сөздердің құрамындағы бастапқы лексикалық
мағынасы мүлдем жойылып кетпейді, керісінше, жаңа окказионал
сөздердің жасалуына себепші болады;
2) Семантикалық окказионал сөздер дайын тілдік бірлік ретінде
қолданылмайды, бұл сөздер тың логикадан туындайды;
3) Семантикалық окказионал сөздер контексте ғана байланысқа түсіп,
өзіндік мағынағаие болып қолданылады және контекстен тыс өмір сүруін
тоқтатады;
4) Семантикалық окказионал сөздер жеке автордың таным-түсінігінен
пайда болады.
Б.Соқпақбаев шығармаларында кездесетін, өзіндік қолтаңбасын танытатын
семантикалық окказионал сөздерді былай топтастыруға болады:
1. Окказионалды метафора;
2. Окказионалды метанимия;
3. Окказионалды синекдоха;
4. Окказионалды фразеологизм;
5. Окказионалды теңеу.
Сөзжасаушы окказионал сөздер – тілдегі бар немесе морфемалардың ерекше
жолмен жалғану негізінде жасалған сөздерді атайды. Окказионал сөздердің бұл
түрі жаңа сөз жасауда өнімді тәсілдердің бірі ретінде күрделі атаулардың да
жасалуына қызмет етеді.
М.У.Калниязов сөзжасаушы окказионал сөздердің үш түрін көрсетеді:
1. Өнімсіз сөзжасаушы тип арқылы;
2. Сөзжасаушы типтің заңдылықтарын бұзу негізінде (өнімді, өнімсіздерге
де қатысты);
3. Сөзжасам типіне қатыссыз, типтен тыс пайда болған қолданыстар.
Сөзжасаушы окказионал сөздердің мұндай жасалу жолдарын Г.Мұратова,
Л.Еспекова, Б.Ардақ сынды зерттеушілер де атап көрсетеді.
Жалпы отандық жазушыларымыздың көркем туындыларында және біз зерттеу
нысаны ретінде алып отырған Б.Соқпақбаевтың шығармасынан да семантикалық
окказионализмдерді көптеп кездестіреміз. Сөзжасаушы окказионал сөздерді
кейбір еңбектерде ғана кездестірсек, фонетикалық окказионал сөздер жоқтың
қасы деп айтуға болады.

2. Окказионалды метафоралық қолданыстар

Метафора – сыртқы және ішкі белгілері тұлғасындағы, кимылындағы не
атқаратын қызметіндегі т.б. ұқсастыққа қарап, бір зат атауының басқа бір
затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы болып табылады. Мағына
ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңы жатыр.
Метафораға келесі сипаттамалар тән: метафора әлемді тану мен ойлаудың
құралы, метафора фундаментальды мәдени құндылықтарды көрсетеді немесе
мәдени-ұлттық дүниетанымға негізделеді.
Метафораны сөз өнері мен поэтика, риторика, эстетика, логика,
философия тіл ғылым салалары мен стилистика, лексикология,
психолингвистика, когнитивті лингвистика да зерттейді. Метафора туралы
алғашежелгі грек ойшылы Аристотель, мағыналық үйлесім қалыптастырудағы
метафораның маңызды сипаттары – оның субьективтілігі мен ұғым тудыру
қасиеті бар екендігін айта отырып, қызметін түсіндірген болатын. Сонымен
қатар, зерттеуші ғалымдар тілдік метафоралардың семантикалық-функционалдық
топтарын айқындауда олардың номинация жасауға икемді толық және жартылай
мағыналарын, бағалауыштық, танымдық, эмоционалдық және прагматикалық
ерекшеліктерін де атап көрсетті.
Метафора әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалады. Соның өзінде кемінде екі
мағына болуы мүмкін. Сондықтан метафора екі түрлі қызмет атқарады: белгілі
бір затқа, құбылысқа немесе адамға сипаттама беру және сол заттың,
құбылыстың немесе адамның атын атау (номинация). Бірінші жағдайда, метафора
сөйлем ішінде баяндауыш қызметін атқарса, екінші жағдайда бастауыш немесе
толықтауыш тұлғасында көрінеді. Метафора қызметі сөйлеу практикасында
қалыптасып қалған аю, түлкі, қоян, доңыз, қой, ит т.б. аң атауларымен
тіркескен сипаттамалар арқылы ғана емес, адам болмысын сипаттайтын
лексикалық бірліктер арқылы да анықталады.
Метафора жекелеген бөлек объектілерге емес, ойлау кеңістігіне жатады.
Таным үдерісінде бұл күрделі тікелей байқалмайтын ойлау кеңістіктері
метафора арқылы ең қарапайым немесе нақты байқалатын ойлау кеңістіктермен
ара қатыста болады.
Тіл білімінде метафора мәселесі көне ойшылдар Аристотель, Цицерон,
батыс ғалымдары А.Ричардс, Ф.Уилрайт, Макс Блэк, Дж.Лакофф және М.Джонсон,
орыс тілі зерттеушілері АА.Потебня, В.Г.Гак, В.Н.Телия, Н.Д Арутюнова,
В.К.Харченко т.б; қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы, Б.Хасанов,
Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы, Б.Қалиев, Б.Қасым т.б. зерттеу еңбектерінен
көрініс тапқан.
Аристотель алғаш рет метафораны ұқсастық негізінде сөз мағынасының
өзгеруі деп көрсетеді. Цицерон оның тілге қажет ұғымдарды атау қабілетін
басты назарға алса, А.А.Потебня метафоралық ауысуды тілдік семантиканы
дамытудың бір құралы ретінде таныды. В.Г.Гак, В.Н.Телия метафораның
аталымдық, когнитивтік қызметіне баса назар аударды. Н.Д.Арутюнова бұл
құбылыстың тілдік аспектілері: бейнелілігін, қолданымдық сипатын ашады
[8,11 б.]. Метафораның мағына дамытудағы маңызы туралы А.Байтұрсынұлы,
Ә.Болғанбайұлы, Ғ.Қалиұлы, М.Балақаев құнды пікірлер қалдырған. Оның
қызметіне, қолданыстық ерекшеліктеріне Б.Хасанов зерттеу еңбегін арнаған.
Шетелдік және отандық ғалымдарымыздың метафораға және оның түрлеріне
байланысты айтқан тұжырымдарында айырмашылықтар мен ұқсастықтар бар.
Сондықтан 1-кестеге сәйкес Н.Д.Артюнова мен Б.Хасановтың тұжырымдамалары
көрсетілді.

Кесте 1. Н.Д.Артюнова мен Б.Хасановтың тұжырымдамасы

Н.Д.Арутюнова Б.Хасанов
Атаушы метафоралар – заттар мен Индивидуалдық метафора – өмірдің
құбылыстардың ұқсас белгілерінің кейбір жағдайларынан берілген
салыстырылуы негізінде ауыспалы субьективті баға, өзіндік
мағынаға ие болған жаңа мағынаның тұжырым, бұл метафоралардың
бейнелілік сипаты көмескіленіп тек авторы болады.
атауыш қызметінде жұмсалатын
метафоралар;
Бейнелі метафоралар – зат пен 2. Дәстүрлі метафоралар –
құбылыстың айқын бейнесі сақталған меншіктік авторы жоқ халықтық
метафоралар тобы; қазына, оны кез келген қаламгер
сөзінен табуға болады, олар
бірте-бірте бейнелілік қасиеті
солғындап, омонимге айналуы
мүмкін, тіпті, тұрақты сөйлеу
штампына айналуы мүмкін.
Когнитивтік-танымдық метафоралар – Б.Хасанов: Бірақ екеуінің ашық
абстрактілі ұғымдар негізінде пайда ара-жігі жоқ, өйткені, жеке
болған жаңа мағыналар; авторлар жасаған метафоралар
көбіне халықтың дәстүрлі
метафоралардың ізімен жасалады
және олардың көпшілікке кең
таралуы мүмкін.
Генеративті метафоралар – когнитивтік
метафоралардың белгілі бір атауға ие
болғандары.

Адам баласы өзіне қажетті материалдық игіліктерді уақыт озған сайын
небір жаңа түрлерін, жаңа үлгілерін өндіріп, жетілдіріп, дамытып отырады.
Сонда неғұрлым жетілген зат пен бастапқы қарапайым заттың арасында қызмет
бірлігі, белгілі бір жұмысты атқаруы жағынан ортақтық болуы мүмкін. Мұндай
жағдайда бұл екеуінің бір атаумен атала беруі заңды нәрсе. Олай болса,
тіліміздегі жаңа сөздерді, бар сөздердің мағыналарын кеңею, қолдану
әсерінің әртүрлі болуынан, жаңа құбылыстардың жетістіктерінен туған
өзгерістер деп санаймыз.
Заттар мен құбылыстарды салыстыру арқылы пайда болатын дәстүрлі
метафоралар жалпы халыққа түсінікті, белгілі болады.
Олардың күнделікті қолданылуына байланысты қасиеті солғындап, тұрақты
сөз айшығы ретінде жұмсала береді. Дәстүрлі метафоралар сол тілде сөйлейтін
халықтың тіршілігі мен тұрмыс күйіне, өмір сүрген ортасына, дүниетанымына
тікелей байланысты болады.
Б. Хасанов дәстүрлі метафоралардың фразеологизмдерге, мақал-мәтелдерге,
қанатты сөздерге желі болатындығын атап көрсетеді.
Индивидуалдық метафоралар өзінің айырмашылықтарымен қатар дәстүрлі
метафоралардың ерекшеліктерін түгел қамтиды. Бұл оның салыстыру
обьектілерін жалпы қамтитын, диапазонының кеңдігін көрсетеді.
Қазақ тіл білімі зерттеушілері метафораның мынандай түрлерін
көрсетеді:
1. атауыштық метафораларда ұқсату, салыстыру құбылыстарының түрлі
белгілері қолданылады: егеуқұйрық, жұлынқұрт;
2. танымдық метафора – танымға негізделеді: атамекен, беташар;
3. экспресивті-бағалауыштық метафорада экспрессивтік-бағалауыштық
мағына негізге алынады: тажал, қызылкөз, т.б.
Осы айтылған пікірлер негізіндеметафора туралы қысқа тұжырымдарды
сараптай кетейік:
• Метафора – тілді, мәдениетті, ғылым мен өмірді, бүкіл әлемді бір
жерге тоғыстырады;
• Метафора – танымның әмбебаптығы болып табылады, әлемді метафора
арқылы бейнелеуді қазіргі психологтар адамның мәдениетіне сәйкес адамның
шығу тарихымен байланыстырады;
• Метафора – барлық тілге тән, тілдің әмбебап құбылыстарының бірі.
Метафораның әмбебаптығы кеңістік пен уақытта, тілдің құрылымы мен
қызметінен көрінеді;
• Метафора сонау Аристотель заманынан бастау алады. Метафора –
мағынаның ауысуы, сөздер мен сөз орамдарының ұқсастығы, сәйкестігі бойынша
қолданылуы;
• Метафора мәселесі көбінесе стилистикалық құрал ретінде немесе көркем
шығарма тәсілі ретінде қарастырылады;
• Метафоралардың пайда болуы тілді игерушінің концептуальды жүйесіне,
әлемді қабылдау стандарттарына, бағалауына тікелей байланысты, яғни осы
көріністердің барлығы тілде вербалданады;
• Ғалымдар метафораны кей кезде де әлемді түсінуге көмектесетін
фундаментальды сезім дейді, олар метафораны шындықты (реальность)
бейнелейтін құралға балайды.
Метафоралар қолдану сипатына қарай үшке бөлінеді: тілдік (дәстүрлі)
метафора, поэтикалық метафора, окказионалды метафора.
Тілдік метафора – сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық аясын
кеңейтіп, үздіксіз даму үстінде болады. Метафора мынандай ұқсастықтар
негізінде жасалады:
1. Түр-тұлғасы құсастықтарына қарай: адамның беті – судың беті, таудың
күңгей беті; адамның құлағы – қазанның құлағы, домбыраның құлағы;
2. Қимыл ұқсастығы: күн күлімдеді, жұлдыздар жымыңдады;
3. Сапа ұқсастығы: мөлдір бұлақ – мөлдір махаббат, ащы пияз – ащы өмір;
4. Мінез-құлық ұқсастығы: түлкі айлакер, қу, аю икемсіз т.б. [9,18
б.].
Метафора тілді байытуға қызмет етеді, синонимдерді, көпмағыналықты,
терминдік жүйені және эмоциональды-экспрессивті лексика қорын дамытып
байытады.
Қазіргі тіл білімінде метафораны танымдық сипатта қарау оның
бағалауыштық, біртұтастық, әмбебаптық қасиеттерін анықтауға негіз болады.
Метафораның бағалауыштық мәнге ие болып, жаңа мағына тудыру қасиеті
Б.Соқпақбаев шығармаларында да кездеседі.Бейнелі сөздердің қаламгер
туындыларында көбінесе кейіпкерлер сөзінде орын алуына байланысты, әрі
жазушының негізгі кейіпкерлері балалалар болғандықтан құбылыстар мен
заттардың бағалары, олардың бағалауыштық қасиеттері балалар дүниетанымы
негізінде көрініс табады. Мысалы:
Қызылкөз жабысқақ пәледенқұтылғанымызға біз қуаныштымыз. ҚТТС–де:
қызылкөз – барып тұрған бәлеқор, жала қуғыш; жабысқақ– (Қост., Фед.,
Семиоз.) жеңіл киімдердің түймесі деген түсініктеме берілген. Жабысқақ
лексикалық бірлігін күнделікті өмірімізде желімі бар сияқты бірнәрсенің
екінші нәрсеге жабысуындай жағымсыз мағынада қолданамыз. Ал пәле сөзіне
мынадай түсініктеме берілген: 1) қырсық, кесел, жала; 2) пысық, қу, шебер.
Осы үш лексикалық бірлікті тіркестіруге негіз болған ортақ сема – олардың
жағымсыз мағына ұқсастықтары мен қолданылу сипаты деп білеміз. Пәленің бала
ұғымында қызыл көзді болатындығы, әрі жабысбақ кейпінде келетіндігі рас.
Бірақ қаламгер шығармасында қызылкөз, жабысқақ, пәле лексикалық бірліктерін
тіркестіріп метофора жасау арқылы басты кейіпкер Еркіннің көзқарасы ретінде
Ғаля екеуінің артынан қалмайтын бозбала Қалидың бейнесін ашып, мінез-құлқын
сипаттап, одан құтылғандағы қуанышын суреттеген.
Мінез-құлық ұқсастығына негізделген метафора жасауда адам болмысын
жануарлар арқылы сипаттаған. Мысалы: Қап мына ит қадырды – ау,
ә!Күнделікті сөз қолданысымыздағы иттей шулады, иттей үрді, иттей талады,
иттей ұлыды, ит пен мысықтайболды тіркестері адамдар арасындағы
жанжалдарды, ұрыс-керіс сияқты іс-әркеттерді білдірсе, автор ит
лексикалық бірлігінің бала ұғымында опасыз адамның бейнесі екендігін
негізге ала отырып, кейіпкердің өкініші мен налу сезімін жеткізуде
пайдаланған.
Келесі мысал: Колхоздың құлағынан ұстап отырған екі адамның біреуі.
ҚТТС – де: колхоз – шаруалардың ерікті бірігуі негізінде құрылған, ауыл
шаруашылығының өндірістік коорперациясы деген мағынаны білдіреді. Сөздікте
құлақ сөзінің:
1) Егінге су жіберетін арықтың аузы, су жіберетін жері;
2) мақта қауашағының мақта тұратын жеке бөлегі, әрбір тармағы;
3) қайықты бұрып отыратын рульдің сабын бекітетін қада ағашы;
4) шыны, кесе;
5) қол диірменді айналдыратын ағаш, тұтқа;
6) самаурынның шүмегі;
7) арбаның таянышы;
8) аудың әр басындағы арқан байлайтын ілмек;
9) аpықтағы суды бөлiп беpу үшiн әp жеpден қойылған тоспа, бұpма;
10) егінге су жіберетін арықтың аузы, су жіберетін жер т.б.
мағыналары
көрсетілген.
Тілдік қолданыста бір зат атауының екінші бір затқа атау болуына
байланысты қалыптасқан қазанның құлағы, домбыраның құлағы сияқты түр-тұлға
ұқсастығы негізінде жасалған метафоралардан да құлақтың тең болатындығы
және негізгі тірек, теңдік қызметін атқаратындығы көрінеді. Колхоз және
құлақ сөздеріне ортақ сема – олардың қоғам өмірінде, әлеуметтік тұрмыста
тірек қызметін атқаратындығы және тең дәрежеде болатындығы деп ойлаймыз. Б.
Соқпақбаев сол кезеңдегі қоғам тіршілігі мен адамдардың әлеуметтік жағдайын
және Еркіннің ағасының колхоз билігін ұстап отырған басшының біреуі
екендігін жеткізуде деректі зат атауларын тіркестіру арқылы колхоздың
құлағы дегенауыспалы мағынадағы метафора жасаған.
Жақыбаев, Ільясовтар көшеде кездессе, байқамаған адам болып, шекемнен
қарап өтем. Былық пенен шылыққа белшеден батқан, тоғышар арзан жандар
екенін көріп, біліп отырып, қалай ғана сыйларсың? Қалай ғана бас иіп,
амандасарсың ?
Арзан сөзіне ҚТТС–де:
1) Қымбат емес, бағасы төмен;
2) ауыс. оңай, жеңiл;
3) ауыс. қадipсiз, құнсыз мағыналары берілген.
Бұл лексикалық бірліктен орынсыз айтылған бос сөз, орташа істелген,
төмен дәрежеде мағынасында қолданылатан арзан сөз, арзан қол тіркестері
қалыптасқан.
Ал жан сөзі – адам мен жануарлардың психикасына тарихи тұрғыда
өзгеріп отырған көзқарасы бейнелейтін ұғым; дінде, идеалистік философия мен
психологияда жан материалдық емес, денеден тәуелсіз, тіршілік пен таным
бастауы деп көрсетілген. Күнделікті тілдік қолданысымызда адамның ішкі
сезімін жеткізуде, болмысын сипаттауда жан сарайы, жан дүниесі, жан
шошырлық, алдына жан салмады, т.б. тіркестерді қолданамыз.Қаламгер деректі
және дерексіз атауларды тіркестіріп, жансыз заттың қасиетін жанды затқа
теңестіру арқылыадам болмысын толықтай сипаттайтын сапа ұқсатығына
негізделген метафора жасаған.
Арзан сөзінің өн бойындағы қымбат емес, төмен, құнсыз, қадірсіз, оңай,
жеңіл мағыналардың адам мінез-құлқынан, іс-әрекетінен көрініс табатын оңай
олжа іздеу, жеңілдің астымен жүру, қадір-қасиетінің қалмауы сияқты т.б.
сапалық қасиеттерімен сәйкес келуін ортақ уәж ретінде негізге ала отырып
қаламгер сапа ұқсастығына негізделген ауыспалы мағынадағы арзан жандар
метафорасын жасаған.
Ақын-жазушылардың, танымал қаламгерлердің шығармаларында кездесетін
әсерлі сөз өрнектерін поэтикалық метафора деп атайды. Егер тілдік метафора
жалпыхалықтық сипат алса, поэтикалық метафораны қоғамдық ақпарат
қызметкерлері, көркем әдебиет қызметкерлері қалыптастырады. Мысалы: қара
алтын – көмір, сары алтын – бидай, ақ алтын – мақта, түйе – шөл кемесі,
комбайн – жер кемесі, т.б.
Поэтикалық метафораның бір түрі окказионалды метафора болып табылады.
Көркем сөз шеберлері метафоралық сөз қолданысының мынадай амал-тәсілдерін
қолданады:
1. жанды заттың қасиетін жансыз затқа, немесе керісінше жансыз заттың
қасиетін жандыға балайды;
2. жанды заттардың біреуінің қасиетін екіншісіне ауыстырып айтады;
3. жансыз заттардың біреуіндегі ерекшелікті басқасына ауыстырып айтады
[9,204 б.].
Окказионалды метафораның көркем сөзге нәр беретін негізгі
атрибуттардың бірі екендігін Б.Соқпақбаев шығармалары арқылы дәйектеуге
болады.
Қоршаған ортадағы заттарды басқа нысандармен теңестіру, ұқсату арқылы
затқа жаңа атау беруді шебер үйлестіре білген. Метафораның осы қызметі
жазушы шығармаларында мынадай мысалдар арқылы көрініс береді: Колхоздың
қоң ет, майлы сүбесіне тұмсықтарын қадап қойып, сорып жатқан сүліктер.
ҚТТС-де сүлік сөзінің сөздік мағынасы былай берілген:
1. зоол. Суда тіршілік ететін жұмыр денелі, қара түсті қан сорғыш құрт;
2. ауыс. біреудің еңбегін қанаушы, арамтамақ.
Жоғарыда берілген мағынаның семантикалық құрылымы тұрғысынан
төмендегідей семаларға жіктеуге болады:
- суда тіршілік ететін жәндік;
- денесінің жіңішке, жұмыр, жылтыр келетіндігі;
- қан сорғыштығы.
Соңғы үшінші семалық белгісі қазақ халқының дүниетанымында сүліктің қан
сорғыш қасиеті негізінде сүліктей сорды, сүліктей қадалды деген
бағалауыштық мәнді тұрақты тіркестердің қалыптасуына әкелді. Сөздікте осы
жәндік арқылы ауырған жерге сүлік жіберіп, арам қанды сорғызатын
медициналық тәсілдің бірі ретінде қолданылуы сүлік салу тіркесі арқылы
берілгені болмаса, сөздік мағынасында бұл семалық белгі қамтылмаған.
Мұндағы жазушының айтып отырған сүлігі сол қоғамдағы өмір сүріп жатқан
адамдар. Сол адамдардың іс-әрекеті сүлік сынды жәндіктің тіршілік ету
қызметімен ауыспалы мағынадағы метафоралық тәсіл арқылы шебер бейнеленген
Жаман әдет жұқпалы деген сөз рас. Алғашында сұмдық болып көрінетін
сұмдық боқауыз лас сөздерге біраздан соң құлағымыз үйір бола бастады. Ол
түгіл, ана балаларға еліктеп, бізде тұздықтап сөйлейтінді шығардық. Онсыз
ауылда өскендігіміз, ашық ауыздығымыз білініп, көрініп тұратын тәрізді.
Тұздық сөзіне ҚТТС–де: туpалған, пiскен еттiң үстiне құю үшiн тұз, пияз
салып дайындалған майлы соpпа деген анықтама берілген.
Сөйлеу –тіл арқылы болатын қарым-қатынас нысаны.
Тұздық сөзін мынандай семаларға бөлуге болады:
- туралған, піскен еттің үстіне салынады;
- пиязы, тұзы бар майлы сорпа;
- еттің дәмін арттыру үшін қолданады.
Б.Соқпақбаев тұздық сөзін сөйлеу лексикалық бірлігімен тіркестіруінде
үшінші семасы негізге алынып, еттің дәмін келтіруде пияз, тұз қосылып майлы
сорпа жасалынса, тілде тұздықтап сөйлеу тіркесі сөзге эмоционалды-
экспрессивті мән беріп, бағалауыштық қасиеті жағымды сипатта жұмсалып,
мақалдап-мәтелдеп әсерлі сөйлеу дегенді білдіреді. Ал бұл тіркес негізінде
пайда болған окказионалды метафора шығармада қарама-қарсы мағынада
жұмсалған. Яғни, боқауыз, лас сөздерді қосып сөйлеу мағынасында.
Б.Соқпақбаев шығармаларында метафора адамның психологиялық күйін
сипаттауда да ауыспалы мағынада жиі жұмсалады. Мысалы: Лүп етіп қауіп
көлеңкесі жүгірді менің көңілімде.
ҚТТС–де қауіп сөзіне:
1) Қатеpлi жағдай, қатер, қоpқыныш;
2) сан.эп.– өлім мен мүгедектіктің жоғары деңгейімен, тұрғындар
арасында жылдам таралуымен сипатталатын адамның жұқпалы аурулары (індет).
Көлеңке сөзіне:
1) төбесі жабық, жан-жағы ашық баспана;
2) қаpа көлеңке – күңгipт, қаpауытқан, көмескi.
Жоғарыда берілген мағынаның семантикалық құрылымы жағынан мынадай
семалық бөліктері жіктеуге болады:
- Төбесі жабық, жан-жағы ашық баспана;
- белгілі бір уақыттарда болады;
- күннің шыққан кезде болады;
- уақыты жағынан тұрақсыз болады.
Бұл окказионалды метафораны жасауда қауіп сөзінің қорқыныш семасы мен
көлеңке сөзінің тұрақсыздық семасы негізге алынған.
Мына қу бұны әлгі үйден жымқырыпкеткеннен сау ма екен? Ахметовтың өңі
күлгін тартып бұзылып кетіпті. Кейіпкерлердің психологиялық күйін
суреттеуде қолданылған бұл метафоралар бейнелі образ жасап тұр. Оқыстан
болған күйдің адам денесін қалшылдатып, дірілдетіп жіберуі аяз суықтығының
денеге әсерімен алмастырылған. Сол сияқты қауіп көлеңкесі жүгірді, өңі
күлгін тарттып тіркестері де авторлық қолданысқа тән тіркестер. Бұл
метафоралар да адамның күйін, секем алуын, сезіктенуін, ашулануын сипаттау
мақсатында қолданысқа түскен.
Келін түсіру шешемнің айықпас арманы болатын. Қаламгер көптен күту,
қатты қалау ұғымдарын мағыналық жағынан мүлдем жанаспайтын айықпау және
армансияқты тіл бірліктеріарқылы жеткізуге тырысқан.
Сөздікте айықпау сөзініңтоқталмау, үзілмеу, ал арман сөзінің көкейтестi
мақсат, тiлек мағыналары көрсетілген. Тілімізде айықпас ауру, айықпас дерт
ұғымдары бар. Айықпас ауру немесе дерт – мүлдем жазылмайтын деген жағымсыз
мағынаны білдіреді. Ал, арман лексикалық бірлігі мақсат, тiлек, алға
жетелеуші, талпындырушы сияқты жағымды мағынада қолданылады. Бір-біріне
мағына жағынан қарама-қарсы тіл бірліктерінің адам өмірінде маңызды орын
алатындығын негізге ала отырып, көркем мәтіндегі окказионалды метафора
жасаудың озық үлгісін көрсеткен жазушы шығармасында, бала дүниетанымына
сәйкестендірілген анасының үздіксіз, тоқтамай, қатты қалап, көптен күтіп
жүрген арман-тілегінің маңыздылығын оқырманға ұғындыруда тырысқан.
Заттық түс атауларының адам іс-әркетімен сәйкетігі, ұқсатығы мен
теңестірілуі Б.Соқпақбаевтың шығармасында кездеседі. Мысалы: Жас шамасы
қырықты мол орталаған бұл адам үнемі қоңыр жүретін еді.
Қоңырсөзіне ҚТТС–де:
1) Қаpа мен қызылдың аpалығындағы қою күpең түс;
2) ауыс. жұтаң, жадау;
3) ауыс. ықылассыз, көңiлсiз, салқын.
Семантикалық құрылымы тұрғысынан төмендегідеі семаларға жіктеуге
болады:
- қою күрең түс;
- жұтаң, жадау;
- қарапайым;
- тұрақтылық;
- көңілсіз, ықылассыз.
Бұл тіркестің ауыспалы мағынада жасалуына негіз болып отырған уәж –
қоңыр сөзінің сөзінің өн бойындағы қарапайымдық пен тұрақтылық.Қазақ
танымында қоңыр сөзі тұрақтылықты, біртоғалықты білдіретін сөз. Қоңыр
сөзінің осы қызметі арқылы автор адам іс-әрекетіне тән жаңа мағыналы сөз
жасап, ешкіммен жұмысы жоқ, бейсауыт жүретін адам бейнесін сипаттайды.
Шығармадан алынып, талданған мысалдар нәтижесінде Б.Соқпақбаев
сөздердің мағынасын ауыстырып метафора жасауда, кейіпкерлердің болмысын
ашып, бейнесін суреттеуде ауыл баласының дүинетанымын негізге алғандығын
байқаймыз.

3. Окказионалды метонимиялық және окказионалды синекдохалық
қолданыстар

Метанимия – өзара іргелес, шектес бір зат атауының басқа бір затқа атау
болуына байланысты туатын ауыспалы мағына.
Тіл білімінің зерттеуші ғалымдары метонимияға берген анықтамалары
әртүрлі.
І.Кеңесбаев пен Ғ. Мұсабаев: Метанимия – бір сөздің орнына екінші бір
сөздің ауыс қолданылуынан шығатын іргелес ұғым десе, Ә. Хасенов мынандай
анықтама береді: Метонимия дегеніміз – белгілі бір заттар мен
құбылыстардың сыртқы және ішкі мән-мағынасының реалды байланыстылығына
қарай алмастыру амалы [10,58 б.].
Лингвист, аудармашы, түрколог А. Байтұрсынов метонимияға өз пікірін
былай жеткізеді: Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып,
бірінің орнына бірін айту түрі болса, ондай ауысу алмастыру (яғни
метонимия) деп аталады [11,159 б.].
Метонимия троптың басқа да түрлеріне ұқсас болып келеді. Оның
метафорадан айырмашылығы – метафора негізінен ұқсас екі затты немесе
құбылысты бір атаумен (сөзбен) атаса, метонимия ойда сақталынып тұтас бір
сөзді айтпай-ақ, сол сөздің екінші бір сөз мағынасына сыйыстырып жібереді,
оның себебі, метонимия қазақ тілінде ертеден қалыптасқан ұғымдарға сәйкес
жасалынады.
Метафораға қарағанда метонимияның қолдану аясы тар болады.
Метафора стиль түрлерінің кез-келгенінде қолданылады, ал, метонимия көркем
шығармалар стилінде көбірек қолданыс табады. Сөздердің метонимиялық
мағынасы жазба әдебиеттен гөрі сөйлеу тілінде жиірек қолданылады [12,60
б.].
Метонимияны тілдік құбылыс ретінде қазақ тілінде тұңғыш зерттеген
Л.Нұржекеева ғылымда метонимияны синекдохадан бөліп, екеуін троптың екі
басқа түрі деп қарайтындар да бар екенін айта келіп, өзінің соңғы пікірге
қосылатынын айтып, бұл ойын жан-жақты дәлелдей отырып, жаңа ғылыми ереже
ұсынады. Ол ереже метонимия мен синекдоханың негізгі табиғаты мен
ерекшеліктерін түгел қамтиды. Сондықтан синекдоханы метонимияның бір түрі
деп қарастырады [13,27 б.].
Метонимиялар мынадай іргелестік, шектестік негізінде жасалады:
1) қимыл, әрекет пен оның нәтижесіің шектестігі: бояу, егеу, сайлау,
жайлау, ою, жабу т.б;
2) зат пен оның ішкі мазмұнының шектестігі: шәйнек қайнады, қазан асты;
3) материал мен одан жасалған заттың шектестігі, алмас – қатты, асыл
металл, өткір қару ретінде қылыш мағынасын береді. Сол сияқты,
хрусталь, фарфор – материал атауы және сол материалдан өндірілетін
бұйымдар атауы. Құндыз – өзен-көлде тіршілік ететін аң және аңның
бағалы терісін айтамыз;
4) сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағыналарының
байланыстылығы: қара – түс, қарайып тұрған нәрсе; арамдық, зұлымдық;
қара жамылды; ірі қара мал т.б. Сол сияқты, ақ, қызыл, көк (түс,
аспан, шөп) түстерін айтуға болады;
5) автор мен оның шығармасының, шығарма аты мен оның ішкі мазмұнының
байланыстылығы: Құрманғазыны тартты, Абайды оқыды деген тіркестерден
олардың шығармаларының тартылғаны және оқылғаны белгілі болады;
6) іргелес заттық ұғымдардың шектестігі: алтыбақан – ұлттық атау, ойын;
үкі – құс, мамық, үлпілдек қауырсын;
7) жалқы есімдердің бір-бірімен шектестігі: Абылай хан мен Төле бидің
қиылысқан жерінде Балалар әлемі орналасқан. Абай (аудан) қайдасың
деп тартып кеттік;
8) жалқы есімдердің жалпы есімге айналып, дербес мағыналы сөз ретінде
қолданысқа түсуі: Алдар көсе – айлакер, қу, Мырқымбай – кім
көрінген жай адам ұғымын, Асан қайғы – уайымшыл, шық бермес
Шығайбай сараң деген ұғымдарды аңғартады;
9) кейбір заттар мен бұйымдар алғаш рет қай жерде өндірілсе, сол жердің
атымен аталады: қаракөл (елтірі) Бұқардағы Қаракөл алқабының аты;
шампан (ішімдік) – Париж қаласының маңындағы провинцияның атауы;
10) кейде жалқы есімдер, оның ішінде, кісі аттары метонимияға айналады:
маузер, наган, калашников (әскери қару); френч, галифе (әскери киім)
осы аттас генералдардың есімімен аталып, термин сөзге айналған [14, 81-
83 б.].
Сөз мағынасын ауыстырып қолдануда, мағынаның құбылуы мен алмасуына,
сөздің контекстік қолданысына нәр беруде метонимия тәсілінің рөлі ерекше.
Осындай көркем мәтіндегі метонимиялық қолданыстарды жазушы
Б.Соқпақбаев өз шығармаларында аса шебер де ұтымды пайдалана білген.
Б.Соқбақпаев өз шығармаларындағы оқиғаларды суреттеуде белгілі бір
оқиғадағы мәндік, мекендік, мезгілдік, мөлшерлік, түр-түстік жағынан бір-
біріне жекелей немесе жалпылай жақындығы бар іргелес заттар мен
құбылыстарды алмастырып қолдануды метонимия тәсілі арқылы шебер
үйлестіріп көркем шығарманың бейнелілігін, мәнерлілігін, тілінің айшықтығы
мен әсерлілігін арттыра түскен.
Шығармадан мысал келтірсек: Бүгін мен баймын, мырзамын. Он сомдық
көкала қағазды қалтамнан жарқырата суырамын. Сөз мағынасы уақыт өте келе
кеңейіп те, тарылып та тұрады. Мәтіндегі қағазсөзіқазіргі кезде жазатын
қағаздан басқадокумент, хат, газет-журнал, кітап және ақша сияқты
мағыналарға йе екендігі белгілі. Қаламгер сөз мағынасын алмастыруда зат пен
оның ішкі мазмұнының шектестігі негізінде ұғымдық ақша мағынасын ауыспалы
мағынадағы түсі (көкала) мен заттың материалдық сапасын (қағаз) алмастырып
қолдану негізінде көркем мәтіндегі метанимиялық сөз қолданысын
қалыптастырған.
Ақшада күш қалмай барады.
Ақша сөзіне ҚТТС – де:
1) Сауда-саттықта тауар құнының өлшеуіші болатын құнды қағаз;
2) қаражат, қаржы;
3) ақ түсті, ақшыл;
4) ауыс. сұлулық пен әдеміліктің белгісі;
Күш сөзіне:
1) Әл, шама, қуат, қайpат;
2) біp заттың өзгеге етеp физикалық әсеpi, жұмыс iстеу энеpгиясы;
3) физикалық денелеpдiң бip-бipiне әсеp ету энеpгиясының күш-қуаты,
шамасы;
4) әскеp, қол;
5) ауыp салмақ қиындық.
Тілдік қолданыстарда күшке міну, күш көрсету, күш салу сияқты тіркестер
көп жағдайда жанды, деректі нәрселерге ғана байланысты айтылады. Автор
жансыз затқа жанды заттың қасиетін балау арқылы сапа ұқсатығына негізделген
ортақ құндылық семасынан ауыспалы мағынадағы метанимия жасаған.
- Мынау кімдікі?
Алтында үн жоқ. Өңі қашып зəресі ұшып барады.
- Бұл мұнда қайдан жатыр ?
- Білмеймін...
- Неге білмейсің, бұзылған қаншық!? Сен білмегенде, мен білем бе? Айт,
мына үйде кімболды?
Осы мәтінде ауыспалы мағынада қолданылып тұрған қаншық сөзіне
семантикалық талдау жасайтын болсақ, ең алдымен ҚТТС-гі мағынасын анықтап
алған жөн.
Қаншық лексемасының түсіндірме сөздікте екі түрлі мағынасы көрсетіледі:
1) Ит тұқымдас хайуандардың ұрғашысы;
2) Әйел адамға айтылатын балағат сөз.
Сөйлемдегі қаншық лексемасының ауыспалы мағынадағы метанимиялық тәсіл
арқылы жасалғандығын, іргелес немесе шектес келуінің нәтижесінде бір ұғым
атауының екінші ұғым атауына ауысуын байқаймыз. Автордың осы тілдік
қолданысындағы қаншық сөзінің ауыспалы мағынадағы дисфемизмдік мәндегі
нұсқасын алуы арқылы сезімге ерекше әсер ететін, мақсатты түрде
семантикалық-стильдік жүк арқалайтын және ойды барынша экспрессиялы-
эмоционалды беруді көздеуі көркем мәтіннің прагматикалық әлеуетін
арттырады.
Алматы бұлдырап артта қалып барады. Өзіміз пəлен жыл оқу оқып, білім
алған, туған аулымыздай етене болған бауырмал қала бізбен қош айтысып,
артта қалып барады.
ҚТТС-де бауырмал сөзіне өзгенi жатсынбайтын, көпшiл, туысқаншыл деген
түсініктеме берілген. Тілдік қолданымызда бауырмал адам, бауырмал жігіт
т.б. тіркестерді қолданамыз. Қаламгер деректі зат атауларына қолданылатын
бауырмал лексикалық бірлігін қала сөзімен тіркестіріп, іргелес және шектес
мағынарының негізінде ауыспалы мағынадағы метафора жасау арқылы кейіпкердің
білім алған қаласына деген қимастық сезімін жеткізген.
Шығармадан өзара іргелес заттар ұқсастықтары мен оның ішкі мазмұн
шектестігі негізінде жасалған метонимияларды да кездестіреміз. Мысалы:
Оқу жылы басталған. Мен жетінші, бесіншіге ана тілінен, тоғызыншыға
психологиядан,оныншыға логикадан сабақ берем. Аннан құрап, мыннан құрап,
жетісіне жиырма төрт сағатжүк тауып берді.
ҚТТС–де жүк сөзінің мынандай мағыналары көрсетілген:
1) Әpтүpлi салмағы баp зат;
2) ауыс. Бейнет. азап, мехнат;
3) ауыс. Талап, мiндет.
Сөйлемдегі жүк ауыспалы мағынасының басқа зат атауларымен өзара
іргелес, шектес келуінің нәтижесінде бір ұғым атауының екінші ұғым атауына
ауысқандығын байқаймыз. Яғни, автордың жиырма төрт сағат жүк дегені
контескт арқылы ғана ұғынылатын жиырма төрт сағат сабақ деген мағынаны
білдіреді. Бұл ұғымдарды ауыстырып қолданудағы ортақ уәж – қиындығы мен
бейнетінің, талап-міндеттерінің болуы деп ойлаймыз.
Жалпы лексикадағы метонимия тәсілі тілімізге жаңа сөз қосқаннан гөрі,
бұрынғы бар сөзге жаңа ауыспалы мағына беруде немесе оның мағыналық аясын
кеңейтуде тиімді қызмет атқарады.
Военкамат кеңсесінің алды мұндайда хан базарға ұқсап кететін әдеті.
Хан ҚТТС-де:
1) Феодалдық дәуipдегi кейбip түpiк және моңғол халықтаpында
болған ел билеушi шонжаpмағыгасы берілген.
Семантикалық құрылымын семалық топтарға жіктесек:
- Басшы;
- билігі бар адам;
- арнайы мекені болады;
- көпшілік бағынады;
- көпшілік кеңес сұрайды.
Базар сөзіне:
1) Өндipiс өнiмдеpiн сату, сатып алу пpоцесiн жүзеге асыpатын еpкiн
сауда-саттық оpны;
2) ауыс. у-шу, азан-қазан;
3) иран тілінен мейрам, базар күні, сауда
Базар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңестік дәуірде социалистік реализм әдісі талаптарына сәйкес жазылған қазақ романдарын оқытуда алда тұрған міндеттерді айқындау, шешім іздестіру
М. Ceрғaлиeв зeрттeулeрiндeгi көркeм әдeбиeт тiлi мәceлeлeрi
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні
ІІІ ғасырдың ақындары мен аға анналистері
Абайдың әдеби мұрасы
Ыбырай Алтынсарин әңгімелерін сахналау сайысы
Гобелен шығармаларының композициясын бағалау өлшемдері
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Бұқар жырау Қалқаманұлы
Пәндер