Қор нарығы


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ . . . 3

1 ҚОР НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ . . . 5

1. 1 Қор нарығы қызмет етуінің мәні және оның ерекшеліктері . . . 5

1. 2 Қор нарығының негізгі операциялары . . . 15

1. 3 Бағалы қағаздар нарығы қор нарығының ажырамас құрамы ретінде . . . 20

2 ҚАЗАҚСТАН ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ

2. 1 Қазақстан қор нарығының (KASE ) қалыптасуы және даму тарихы . . . 27

2. 2 Инвестициялық процеске қор нарығының әсері . . . 33

2. 3 Қазақстан Республикасы қор нарығы операцияларын статистикалық

талдау . . . 41

3 ҚАЗАҚСТАН ҚОР НАРЫҒЫНЫҢ БҮГІНГІ ТАҢДАҒЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДРАЫ

3. 1 Қор нарығының бүгінгі қаржылық дағдарыс кезіндегі даму мәселелері . . . 56

3. 2 Қазақстан қор нарығын жетілдіру жолдары мен даму болашағы . . . 69

Қорытынды . . . 78

Қолданылған әдебиеттер . . . 82

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан - 2030 Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа Жолдауында: «Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел инвестицияларын тартуға негізделеді. » - деп айтқандай, бағалы қағаздар нарығындағы банктің іс-әрекеті - нарықтық экономиканың маңызды құрылымдарының бірі.

Жоғарыда аталған Президент Жолдауында: «Алтыншы бағыт - Ырықтандыру жағдайында қаржы жүйесінің орнықтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі», - деп атап көрсеткендей бағалы қағаз нарығын «Бесіншіден, біз тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Халықты өзінің жинақ ақшасын бағалы қағаздарға салуға кеңінен тартпайынша, оның дамуы мүмкін емес. Халықты инвестициялық сауаттылық әліппесі бойынша нысаналы оқыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізу де қажет», - деп атап ерекше міндеттеді. /1/

Өзiнiң ұйымдық және құрылымдық ерекшелiктерiне орай бағалы қағаздардар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтiн құқықтық ережелермен қатар мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң тұтас бiр бөлiгiн құрайды.

Осы бағалы қағаздар нарығының қызметтері мен операциялары, оған қатысушы тұлғалар жиналатын және бағалы қағаздарды сату, сатып алу шарттарының жүргізілетін орталығы қор нарығы болып табылады.

Сонымен, қор нарығы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу процесiн ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы және өндiрiстiк капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың қозғаушы күштерiнiң бiрi болып саналатын инвестициялық процеске ықпал етедi.

Қазақстан Республикасы өз егемендігін алғаннан соң өз экономикасына, өз заңына ие болды. Осымен байланысты бағалы қағаздар нарығын дамыту қажетті болып табылады. Ал бағалы қағаздар нарығы қазір біздің елімізде жаңа даму үстінде. Кез-келген елдің бағалы қағаздар нарығын немесе қор биржасын алып қарастырсақ банктердің осы елдің бағалы қағаздар нарығында банктердің алатын рөлі өте зор. Ал біздің елде осы бағалы қағаздар нарығында банктердің алатын рөлі қаншалықты маңызды екендігін мен өзімнің дипломдық жұмысымда ашып қарастыруға тырыстым.

Бағалы қағаздар нарығы еркiн ақша қаражаттары қозғалысын қамтамасыз етуде бiр саладан басқа салаға қаржының қайта құйылуын, меншiк құқығын беретiн қаржы ресурстарын және халықтың жинақ ақшасын жұмылдыру қызметiн атқарады.

Бұл тақырыптың өзектілігі қор нарығының тиімді қызмет етуі жалпы елдің қаржы секторының дамуына, ұлттық компаниялардың әлемдік рыноктағы орнының жоғарылауына өз септігін тигізеді. Сонымен қатар, қор нарығында бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардың әділ жүруін, оған қатысушы тұлғалардың мүдделерін сақтауды қамтамасыз етеді және өзіне басты міндет етіп алады. Сонымен бірге, Қазақстанның нарықтық қатынастарға өтіп, өзінің жеке бағалы қағаздар нарығының қалыптасуына және шетелдік бағалы қағаздардың пайда болуына байланысты еліміздегі қор нарығы KASE-нің қалыптасуы мен даму барысын, осы биржаның бүгінгі таңдағы еліміз үшін маңыздылығын, сондай-ақ жалпы бағалы қағаздар нарығының жағдайын талдауды өзіме міндет етіп алдым. Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы рыноктық қатынастарды дамыту барысы көрсеткендей, бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың құралы болып табылады.

Сондықтан осы тақырыпты зерттеу, оның экономикалық мәнін ашу, негізгі атқаратын бағалы қағаздар нарығындағы қызметтері мен міндетерін атап өту мен талдау, қор нарығына қатысушылардың мүдделері мен олардың қызметтерін, қор нарығының құрылымын және оның қалыптасу негізін зерттеу осы жұмысты орындаудағы басты мақсат болып табылады.

Бұл тақырыпты орындаудағы негiзiгi мiндеттерiм келесiдей:

  • Қор нарығының жалпы экономикадағы қызмет етуi мен орнын анықтау;
  • Қор нарығында жүргізілетін негізгі операцияларды талдау;
  • Қор нарығының негізгі түрлерін және олардың ерекшеліктеріне байланысты жіктемесін атап өту;
  • Қор нарығында бағалы қағаздарды, олардың айналымын жан-жақты талдап, олардың еліміздің ұлттық экономикасындағы айналыстағы барысын талдау;
  • Қазақстан қор нарығының қалыптасуы мен оның ұлттық экономикадағы маңыздылығына тоқталу;
  • Қазақстан қор нарығының даму мәселелері мен оларды жетілдіру жолдарын қарастыру болып табылады.

Дипломдық жұмыстың пәні ретінде қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы қор нарығының дамуы және оған экономикалық факторлардың ауытқуының әсер етуін талдау болып табылады.

Зерттеу объектісі болып Қазақстан қор нарығы (KASE) болып табылады.

Жұмыстың құрылымы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы қор нарығының экономикалық маңыздылығы мен ерекшеліктерін, түрлері мен жіктелу барысын талдау және бағалы қағаздар нарығының жалпы сипаты мен оның қызметтеріне тоқталып кету болса, ал екінші бөлімде қор нарығы мен оның Қазақстан Республикасындағы даму барысын, қазіргі уақыттағы жағдайын талдау, экономикалық факторлар өзгерісінің қор нарығына әсер етуі қарастырылса, үшінші бөлімде Қазақстан қор нарығының даму мәселелері мен оларды шешу жолдары қарастырылған.

1 ҚОР НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ

  1. Қор нарығы қызмет етуінің мәні және оның ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын рыноктық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы рыногының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын-соңды болған емес.

Қаржы рыногы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін рыноктық қатынастардың жиынтығы. Ол рыноктық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады, тауар және басқа рыноктармен: табиғи ресурстар, жұмыс күші, тұрғын үй және басқа қозғалмайтын, жер, алтын сақтық рыноктарымен етене байланысты.

Ережеге сәйкес, бағалы қағаздар нарығын қор нарығы деп атайды. Бірақ, көптеген авторлардың пікірі бойынша, бағалы қағаздар нарығы - қор нарығына қарағанда өте кең ауқымды түсінік. Себебі қор нарығы түсінігі өзіне барлық бағалы қағаздарды қоспайды, ол тек қор құндылықтарын, яғни инвестициялық қағаздарды. Соған қарамастан, бағалы қағаздар нарығы инвестициялық бағалы қағаздар нарығы ретінде түсіндіріледі. Сондықтан да әрі қарай қор нарығы түсінігі мен бағалы қағаздар нарығын бір мағынада қолданамыз. /3/

Экономикалық әдебиеттерде қор нарығы жоғары дамыған ұлттық шаруашылықтың маңызды негізі ретінде бағаланады. Оның даму деңгейі бойынша экономиканың және кәсіпкерлік мәдениеттің жалпы жағдайы туралы айтылады. Тарихи тұрғыдан, қор нарығы капиталдың қозғалысы арқылы қалыптасты. Қазіргі таңда, қор нарықтары көптеген елдерде жинақтарды инвестицияларға шоғырландыра отырып, баға жетпес маңызды қызметтерді орындайды.

Қазақстанда қор нарығының дамуы үшін ішкі көздерге бағытталған объективті алғышарттар бар, олар:

  • экономиканың нақты секторларының ақша құралдарына деген қажеттілігінің болуы;
  • кәсіпорындар мен ұйымдардың бос ақша құралдарының және халықтың жинақтарының болуы;
  • капиталды бағалы қағаздарды сатып - алу - сату жолымен тарту мүмкіндігі;
  • бағалы қағаздар айналысына қатыса алатын экономикалық қатынас субъектілерінің (қор нарығы қатысушыларының) болуы.

Осы алғышарттардың барлығы қор нарығының белгілі даму технологиясы арқылы жүргізіледі.

Қор нарығын бағалы қағаздардың шығарылымы және айналымымен байланысты экономикалық қатынас жүйелері ретінде түсінуге болады. Қор нарығының негізгі міндеті бос ақша құралдарын, яғни ақша түріндегі халық жинақтары мен кәсіпорындар қаражаттарын бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыру жолымен инвестицияларға түрлендіру. Осыған байланысты қор нарығының негізгі қызметтерін белгілеуге болады:

  • ақша құралдарын шоғырландыру;
  • ақша құралдарын инвестициялау;
  • делдалдық операциялар;
  • капиталдың салалар арасында қайта бөлінуін қамтамасыз ету;
  • пайданы нарықта операцияға қатысушылар арасында қайта бөлу.

Осылайша, қор нарығының негізгі міндеті бағалы қағаздар арқылы инвесторлардың ақша құралдарын жинақтап және шоғырландырып, оларды инвестицияларға жүзеге асырудан тұрады. Инвестициялау - қор нарығының бірінші және маңызды қызметі, және бұл нарық - бағалы қағаздардың еркін айналымын процесіндегі құнын реттейтін жай ғана табиғи нарықтық механизм ғана емес, нарықтық экономикадағы инвестициялық механизмнің ерекше формасы.

Нарық құралдары, оның құрылымы, көлемінің дамуы капиталдың тиімді орналасуына, капиталдың салаларға жоғары пайда нормасымен жылжуына, капиталдың ауысуын жылдамтуға, экономиканы ұдайы өндірістік инвестициялауға әкеледі. Сондықтан қор нарығы ұдайы өндірістік қызметті орындайды, оның жүзеге асырылуы экономиканың құрылымын қайта құруға жағдай жасап, нәтижесінде бағалы қағаздардың көмегімен өндірістің жоғары тиімділігіне жетуге болады.

Қор нарығы өндірістік пайданы қайта бөлуге, инвесторлар, эмитенттер және делдалдар табыстарын қалыптастыруға қатысады. Осы орайда қор нарығының бөлістіру қызметі айқындалады.

Қор нарығы дамыған нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі болып табылады. Қор нарығының дамығандығы мен оның мемлекет тарапынан реттелу деңгейі елдің экономикалық даму деңгейінің маңызды индикаторы болып табылады. /4, 163 б/

Сонымен, эмитенттер бағалы қағаздар шығарады. Егер бағалы қағаздар атаулы болып табылса, онда бұл бағалы қағаздар иелерінің құқықтарын анықтауға тіркеушілер құрылады. Ұйымдастырылған және ұйымдаспаған қор нарығында бағалы қағаздармен операцияларды қор делдалдары (брокерлер мен дилерлер) жүргізеді. Ұйымдастырылған қор нарығы сауданы ұйымдастырушылардың міндетті түрде болуын қажет етеді (қор биржалары, биржадан тыс ұйымдастырушылар және инфрақұрылымның басқа да элементтерінің толық жиынтығы) .

Нарықтық экономикадағы қор нарығының қызмет етуі экономиканың өзін - өзі реттеуінде өте маңызға ие. Қор нарығының қызмет ету процесі 1 - суретте көрсетілген.

Сурет. 1. Қор нарығы қызмет етуінің схемасы

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы рыногы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай - ақ кредит рыногы түрінде де іс - әрекет етеді. Қаржы рыногы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін рыноктық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.

Содан болар, экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыноктарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.

Ақша рыногы дегеніміз қолма - қол ақша ғана емес, қолма - қолсыз төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногы. /5, 58 б/

Кредит рыногы несиелер бойынша банктердің кредит операцияларымен байланысты: бұған коммерциялық кредит те жатады.

Ақша мен кредит рыноктары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

Капитал рыногында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орта және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.

2 сызба. Қаржы рыногы мен бағалы

қағаздарының өзара байланысы

Қаржы рыногында сатып алу-сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар - ақша және бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады.

Қаржы рыногында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар рыногы маңызды орын алады. Ол қор құндылықтарының: корпоративтік бағалы қағаздардың -акциялар мен облигациялардың айналысымен байланысты болатын қор рыногын және мемлекеттің бағалы қағаздар рыногын кіріктіреді. “Қор рыногы” термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің - қор биржасының атымен байланысты. Функционалдық тұрғыдан қаржы рыногы- бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық үдерістерді тәртіпке (ретке) келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қаржы құралдарының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді.

Рыноктың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы рыногының жұмыс істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:

1) реттелінген тауар рыногының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызметтер көрсету бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімділігі;

2) Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма - қол және қолма - қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;

3) кредит рыногының жандандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни кредит ресурстарын еркін рынокқа орналастыру; кредит ресурстарының қозғалысы Ұлттық банктің пайыздың есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша рыногында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны қанағаттандырудың нақты көздерімен тура келмеуі қаржы рыногының жұмыс істеуінің объективті алғышарты болып табылады.

Қаржы рыногының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар жатады:

1) бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының - меншіктің барлық нысандары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;

2) қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы: инвестицияларды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішківедомстволық қайта бөлудің азаюы;

3) шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;

4) бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату республикалық, сондай - ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары облигациялар мен басқа міндеттемелердің мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

Қаржы рыногының маңызы бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды қайта бөлу жолымен ұдайы өндіріс үдерісіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл - әміршіл экономикаға тән "сатылас" әдістің орнына "деңгейлес" қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс- әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады. Сөйтіп қаржы рыногы қаржының қосалқы категориясы ретінде қайта бөлгіштік қосалқы функция орындайды, ал сонымен бірге экономикалық агенттерді дамыту және ұдайы өндірісті ұлғайту мақсаттарында олар қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілмейтіндігіне қарағанда қаржы рыногы ұдайыөндірістік функция орындауы тиіс. /6, 212 б/

Қаржы рыногы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

Қаржы рыногының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, рынокта еркін жүретін бағалы қағаздар шығаруы және олардың бағасы сұраныммен және қамтамасыз етумен анықталады.

Экономикалық реформа үдерісінде қаржы рыногының қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысы тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама-қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді. Бұл рынок әзірше экономикалық табысты жұмыс істеп жатқан көптеген компанияларын қамтымайды. Бірқатар компаниялар ресми мойындалған акциялар шығарған акционерлер болып табылады. Бірақ олар акцияларымен қаржы рыногына шықпайды. Акциялардың пакеттері оларды ұстаушылардың қолында болады, ұстаушылар дивиденттерден алған табыстармен қанағаттанады, ал компаниялардың өндірістік қажеттіліктерін қаржыландыру ішкі бөлінбеген табыс, амортизациялық аударымдар, кредиторлық берешектер есебінен жүргізіледі.

Отандық қор рыногы басым бағыттарының бірі тартымды қаржы құралдарының (тетіктерін) көлемді тізбесін қалыптастыру болып табылады. Бұл бағыттың негізгі міндеті жаңа қаржы құралдарының пайда болып, қалыптастыруына жағдай жасайды, мұның өзі инвесторларда жұмсалымдарды әртараптандыру жолымен кредиттік тәуекелдерді қайта бөлу мүмкінлігі, ал эмитентердің кәсіпорындарында банк кредитінің арзан баламасы болып келетін қарызалулардың жаңа көзінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.

Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды - олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние- мүлікке, тауарларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.

Қаржы рыногының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежеліп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Сондықтан қаржы рыногын дамытудың міндеті инвестициялаудың ұжымдық нысандары арқылы халықтың (кәсіби емес инвесторлардың) жинақ ақшаларын тартудың механизмдерін жетілдіру болып табылады.

Қаржы рыногының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорындарының рентабелділігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамның мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді. /7, 137 б/

Қаржы рыногының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды -экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногының бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.

Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит мекемелері түріндегі құрамды элементтерді кіріктіретін ұлттық қор жүйесін қалыптастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бұл жүйенің қызметін мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы рөлі кезіндегі сенімді заңнамалық қамтамасыз ету жағдайында жүргізілуі тиіс.

Қор нарығы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарықтың орталығы. Қор биржаларына ірі банктер қожалық етеді. Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін орын.

Қор нарығы - бұл бағалы қағаздардыңдың бiрқалыпты айналысы үшiн қажеттi жағдайлармен қамтамасыз ететiн ұйым және бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негiзгi нарық көзi. Қор биржаларында iрi банктер қожалық етедi. «Биржа» деген термин ежелгi грек сөзi - «бурзэ», яғни “әмиян” деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор нарығы XVIғ. Голландияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейiн акция) шығару және сату үшiн пайда болған. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезi капитализмнiң монополизм сатысына өту кезi, яғни XXғ. бас кезi. Ол уақытта қор биржаларының негiзгi операциялары өндiрiс кәсiпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсiп циклын және жалпы елдiң экономикасын қадағалап отыратын барометр сияқты. /8, 89 б/

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қор нарығы және оның қазақстандағы инвестициялық процеске әсері
Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының ерекшеліктерін талдау
Қаржы нарығы туралы түсінік
Бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыру
Қаржы нарығы туралы ұғым
Қаржы валюта нарығы
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
Қаржы нарығының мәні мен механизмі
Экономикалық факторлар тербелістерінің қаржы нарығына әсерін бағалаудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы қызметін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz