Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық – құқықтық формалары


тақырыбы: Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық - құқықтық формалары
жоспары
КІРІСПЕ . . . 3
1. Кластерлік жүйенің дамуы мен теориялық аспектілері
1. 1. Кластердің сипаты мен құрылымы . . . 7
1. 2. Кластердің экономикадағы шикізаттық құрылымын өзгертудегі рөлі . . . 14
1. 3 ТМД елдеріндегі кластерлік технологияларды құру және енгізу тәжірибесі . . . 18
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДА КЛАСТЕРЛІК ЖҮЙЕНІ ҚОЛДАНУҒА САРАПТАМАЛЫҚ ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстан Республикасындағы кластерлік жүйеге әлеуметтік - экономикалық сараптама . . . 25
2. 2 Қазақстан Республикасында кластерлік жүйені іске асыру мәселелері мен шешу жолдары . . . 35
2. 2 Оңтүстiк Қазақстанда мақта-тоқыма кластерiн іске асыру мәселелері мен шешу жолдары . . . 46
3. Қазақстандағы кластерлік жүйенің даму бағыты
3. 1. Қазақстан Республикасындағы кластерлік жүйенің даму тенденциясы мен перспективасы . . . 57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 72
КІРІСПЕ
Елбасы Н. Назарбаев елімізді таяудағы он жылда дүние жүзіндегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енгізу міндетін қойып, оған жетудің алғы шарттары мен жолын саралап айтып, белгілеп берді. Оның бірден-бір және басты жолы - өңдеуші өнеркәсіпті дамыту болып табылады. Бұл бағытта қолға алынып, жүзеге асырылып жатқан игі істер де баршылық. Солардың бірі - кластерлік жүйе.
Президент Н. Назарбаев осыдан екі жыл бұрын республикалық алқалы жиындардың бірінде: "Кластер дегеніміз - тізбектелген технология арқылы соңғы нәтижеге қол жеткізу" деген тұжырым жасаған болатын. Кейінгі кезде кластер ұғымына ғалымдар мен экономист мамандары әрқалай ғылыми түсініктер беріп келе жатқанымен оның түпкі мағынасы бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы дегенді білдіреді. Ал, ғылыми сипаттамаларына үңілсек, кластер дегеніміз - қосымша құнды құру үрдісі барысында өзара байланыста жұмыс істейтін жеткізімшілер мен өндірісшілер, тұтынушылар мен өнеркәсіптік инфрақұрылым және ғылыми-зерттеу институтының біртұтас желісі болып табылады. Демек, кластер - тізбектелген өндіріс арқылы бірнеше өңделген өнім түрлерін шығаратын өнеркәсіптік топ екенін аңғаруға болады.
Елімізде экономиканың шикізаттық емес салаларын кластерлеу, яғни өңдеуші өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында Н. Ә. Назарбаевтің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты жолдауында бәсекеге қабілетті салаларды біріктіріп, кластер құру керек екендігі алға қойылған.
Аталған жолдаудағы бәсекеге қабілеттік, бәсекелік артықшылықтар және салаларды кластерлеу үлгісімен дамыту мәселелерін жүзеге асыру үшін «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген Қазақстан халқына жолдауында ел президенті экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін, сондай - ақ экономиканы тиімді дамыту үшін маңызы зор жеті пилотты кластерлерді атап көрсетті. Олар: туризм, мұнай - газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік - логистикалық қызмет көрсет, металлургия және құрылыс материалдары салалары.
Кластер - өнімді өндіруден бастап дайын тауар күйіне дейін жеткізудің толық технологиялық тізбегі. Осыған сәйкес шикізаттық салаға сүйеніп экономиканы дамыту тұрақты және ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз етуде сенімді тірек бола алмайтыны бәрімізге белгілі. Қазіргі уақытта экономиканың сыртқы факторларға тәуелділігі күшеюде. Ол төмендесе өндірістің құлдырау ықтималдылығы өседі.
Кластерлер даму стратегиясы, корпоративті басқарудың жетілуіне, өндіріс пен инвестиция үшін арнайы жағдайлармен қамтамасыз етілуіне, таңдап алынған кластерлерді қолдау мен дамытуға үкімет саясатының жетілуіне негізделген өндірістік шебер - жоспар жасалуы керек деп ойлаймыз.
Көпшiлiк елдер кластерлiк саясатты пайдалануды кластерлiк бастама деп таныды. Әлемде барлығы 500-ден астам кластерлiк бастамалар бар. Қазақстанда 2005 жылдан бастап қазақстандық үкiметтiң “кластерлiк бастамасы” қолданысқа ендi, бұл жетi бағыт бойынша пилоттық кластерлердiң пайда болуы мен дамуына жол ашады: туризм, тамақ өнеркәсiбi, мұнай-газ машинажасау саласы, тоқыма өнеркәсiбi, көлiк-логистика қызметi, металлургия және құрылыс материалдары өндiрiсi. Сондай-ақ кластерлердiң басқа да пайда болу жолдары iздестiрiлуде. Яғни кластерлер туралы ой-идеялар Қазақстанда аналитикалық тұжырымдама ретiнде бекiмей жатып, экономикалық саясаттың құралына айналып отыр десек те болады. Және кластерлер феноменiне қажеттi теориялық талдау жүргiзбей, олардың ерекшелiктерiне түсiнiк бермей, түрлi типтерiн ұқсастырмай-ақ практикада жүзiнде қолданыс тапты. Кластер - экономиканың жүйелi моделiнiң феноменi дегенге мән берiлмей жатқанын да ескеруiмiз керек.
“Жүйелi экономика” моделiнiң пайда болуы рыноктар мен трансакциялардың шектен шығармауына байланысты. Экономикалық агенттер қатысушысы көп рынокта емес, қайта аумағы жағынан шектелген немесе белгiлi бiр агенттерi бар локалды рынокта әрекет етедi. Бұл жерде шектен шығармау дегендi тек географиялық мағынада түсiнбеу қажет. Экономикалық өзара әрекет аумақтық, сондай-ақ қатысушылардың институционалдық және әлеуметтiк жақындығына да негiзделедi. Мәселен, географиялық тұрғыдан жабдықтаушы жақын болғанымен, егер ол сенiмсiздiк туғызса, онда ол әлеуметтiк жағынан шалғайда орналасқан деп есептеледi.
Қазақстандағы кластерлердiң сараланбаған әдiсi олардың көлемi, қуаты, даму кезеңдерi негiзiндегi өзгешелiктерiн ескермейдi. Ал әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, кластерлер шағын және орта фирмалардан да, сондай-ақ шағын және iрi фирмалардан да құралуы мүмкiн. Университет базасында қалыптасқан, ғылыми орталықтармен байланысы жоқ, өнеркәсiптiң дәстүрлi салаларындағы және жоғары технологиялы салалар кластерлерi бар. Сонымен қатар жаңадан пайда болған, жаңа, дамыған және құлдырауға дайын кластер түрлерi де баршылық. Сәтсiздiкке ұшыраған кластерлер туралы да деректер бар.
Қазақстанда кластерлердi қалыптастырғанда кәсiпкерлiктiң даму ерекшелiктерi және бiздегi рыноктық институттардың әлi де болса шикi екендiгi аз ескерiлуде. Елiмiздегi кәсiпорындар әзiрше рыноктық емес сипаттағы өздерiне тән әдiстермен әрекет етедi. Кәсiпкерлiк мәдениетi де әлi толық қалыптасып болған жоқ.
Қазақстанда кластерлердi қалыптастырудағы кейбiр шалағай, анайы әдiстер осы экономикалық қоғамдастықтарды ойдан шығарылған экспериментке айналдырып, нәтижесiнде олар сәндi теориялық тұжырымдамалардан алынған сызбалық пайдалану болып қалуы мүмкiн және ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру жолында айтарлықтай пайда әкелмейдi.
Бұл диплом жұмысында қазіргі экономикалық жағдайда маңызды болып табылатын бәсекелік қабілеттіліктерді арттыру жағдайына байланысты экономиканы кластерлеу мәселесіне арналған. Мұнда кластер түсінігі, қалыптасқан теория мен маңыздылығы, сипаты мен құрылымы, мақсаты мен оның жүзеге асыру жолдары, артықшылықтары мен кемшіліктері, шетел тәжірибесі және оның Қазақстан экономикасында жүзеге асырылуы қарастырылған.
Диплом жұмысына таңдап алынған тақырыптың тағы бір маңыздылығы өңдеуші салаларды айтарлықтай деңгейде қалыптастырып және дамытып, экономиканы тұтастай алғанда осы салалардың үлесін жоғарылату болып саналады.
Жоғарыда көрсетілген жеті кластерлерді, оның ішінде мақта кешенін кластерлеу жолдары диплом жұмысында ашып көрсетілген. Сонымен қоса тамақ өнекәсібін кластерлеу арқылы отандық тұтынушылардың қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға қол жеткізетінімізге толықтай сенемін. Негізінен алғанда мақта кластері - бәсекеге қабілеттілікті арттыру арқылы шаруалардың тиімділігін көтереді, бәсекеге қабілеттілік - аталған дақылға кіндік байлаған бүкіл бір аймақтың әлеуметтік жағдайын жақсартудың алғы шарты. Елімізде тоқыма - мақта кластерін дамытудың негізгі мақсаты да осы.
Диплом жұмысының мақсаты - экономиканы басқарудың жаңа бағыты - кластерлік жүйенің бәсекелік ортаны дамытудағы теориялық және практикалық аспектілерін зерттей отырып, шикізаттық емес өндіріс салаларын балама дамыту мүмкіндіктерін айқындау.
Көзделген мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру керек:
- кластердің қоғамды дамытудағы әлеуметтік - экономикалық маңыздылығын анықтау;
- кластер жүйесін тиімді құрудың механизмін, оған әсер ететін факторларды, жүзеге асыру қағидаларын іздестіру;
- дамыған елдердің тәжірибесін зерттей отырып, отандық кластерлік үлгіні қалыптастыру;
- Қазақстан экономикадағы кластерлік реформалардың қалыптасуы мен дамуына баға беру.
Тақырыпты зерттеу дәрежесi. Кластерлер теориясы әлi де жаңа деп есептеледi, ол өткен ғасырдың 80-шi жылдарының аяғынан бастап М. Портер және оның iзбасарлары М. Энрайт, М. Сторпер, П. Кругман, Г. Джереффи күш-жiгерiнiң арқасында ғана белсендi дамыды. Сондай-ақ кластерлердi зерттеудiң методологиялық негiздерi фирмааралық жүйелердiң даму проблемаларына арналған Ф. Фукуяма, Р. Вайбер, Б. ДиМаджио, О. Уильямсон, А. Осборн және т. б. еңбектерiнде баяндалады.
Қазақстанда кластерлiк әдiстiң жекелеген аспектiлерi жайында А. А. Әлiмбаев, С. Н. Алпысбаева, С. Б. Ахметжанов, У. Б. Баймұратов, М. Б. Кенжегузин, А. К. Қошанов, К. А. Сағадиев, О. С. Сәбден, Т. П. Притворова еңбектерiнде айтылады. Р. А. Алшанов, Ж. Х. Давильбекова, Ф. М. Дiнiшев, В. Ю. Додонов, Г. Н. Дугалова, Р. З. Жалелева, К. К. Қажымұрат, А. Г. Кравцов, Н. К. Мамыров, Р. К. Ниязбекова, Н. К. Нұрланова, К. О. Окаева және т. б. еңбектері ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру мәселелерiне арналған.
Жалпы кластерлік мәселенаманы жасақтау енді ғана қолға алынып жатыр. Бұл бағытта арнайы зерттеулер де жоқ. Қазақстандық жағдайды ескере отырып Портердiң кластерлер теориясы жан-жақты ұғынуды, кластерлiк сызбаларды, кластерлердi қалыптастыруда мемлекеттiң қатысу әдiстерi әлi де зерттеудi қажет етедi.
1 Кластерлік жүйенің дамуы мен теориялық аспектілері
1. 1 Кластердің сипаты мен құрылымы
Кластер түсінігін экономикаға енгізген әлем елдерінің 100-ден аса салаларын зерттеген Майкл Портер. Оның Аризона штатындағы (АҚШ) кластерлеу бағдарламасы сәтті өтті. Аймақтық интеграцияланған құрылымның экономикалық талдауының интеллектуалдық алғы шартын Альфред Маршал қарастырған.
Бұрынғыда кластер түсінігі ұлттық деңгейдегі сауданы талдау барысында қолданылған. Лимер өзінің «Сауданы зерттеу» еңбегінде (1984) коррелирленген экспорттың жоғарғы деңгейіндегі тауарлар кластерін анықтаған. Сондай-ақ, француздың бірқатар авторлары (Толенадо, 1978ж. ; Солье, 1980ж., т. б. ) технологиясы бойынша секторлардың тобына анықтама беру үшін «филерлер» деген түсінікті қолданған. Филерлердің қалыптасуы бірінші сектордың екінші сектордың технологиялық деңгейіне тәуелділігімен анықталады. Сонымен, филерлер кластердің бастамасы ретінде саналады және олардың туындау себептерінің бірі - олардың потенциалды артықшылықтарын жүзеге асыру үшін экономика секторлары мен салалары арасындағы технологиялық байланысты қалыптастыру қажеттігін көрсету болып саналады. Кластерлік бағыт шведтік авторлардың мақалаларында да қолданылған. Мұнда ұлттық экономика құрылымы көрініс табады: шведтік көпұлтты ірі корпорациялардың қызметі айтарлықтай тығыз байланысқан. Дахмен (1950ж., 1988ж. ) «Даму блогы» туралы тезисінде бір сектордың дамуы мен басқасында жетілуін қамтамасыз ету қабілеттілігінің арасындағы байланыстың маңыздылығына ерекше көңіл бөлген. Дахмен өз мысалдарында нақты бір сала шеңберінде «іс-әрекеттің тік болуы» деп аталатын кезеңі туралы жиі айтады және бәсекелі артықшылықтарды иемдену үшін салалар арасындағы байланыстың маңыздылығына көңіл бөледі.
Сондай-ақ, швед экономистері Х. Хаканссон мен Й. Йохансон «желілік орталықтарға» қатысушылардың өзара байланысын қарастырып, модел жасауға ұмтылған. «Желілік орталықтар» жекелей оқшауланған фирмалар арасындағы байланыс нәтижесінде туындайды, дамиды және өзгереді. Осы байланыстар арқылы «желіге» қатысушылар шикізаттардың, өнімдер мен қызметтердің айырбасын, бөлінуі мен жүзеге асуын қаматамасыз етеді. Бұл байланыстар ұзақтығы мен формаларына қарай әртүрлі және әртүрлі сферада туындайды. «Желінің» даму бағыты қатысушылардың бәсекелестігі мен қызметтестігі нәтижесінде, олардың бір-бірінің көзқарасына бейімделуіне байланысты қарастырылады.
Гарвард университетінің профессоры Майкл Портер «Бәсекелестік» атты кітабында «Кластер немесе өнеркәсіп топтарын белгілі бір сферада қызмет ететін және іскерлік біртұтастығы мен бірін бірі толықтыруымен сипатталатын географиялық көршілес өзара байланысты компаниялар мен ұйымдар тобы» деп қарастырған [8, 104 бет] . Кластерлер өзінің тереңдігі мен күрделілігіне байланысты әртүрлі формада болады, ал көп жағдайда дайын өнім компаниялары немесе сервистік компаниялар; өндірістік факторларын, машина компоненттерін, сондай-ақ сервистік қызметті тасымалдаушыларды; қаржы институттарын, сәйкес сала фирмаларын қамтиды. Кластерлер - бұл географиялық белгілері бойынша жинақталған, өзара байланысты компаниялар тобы, маманданған тасымалдаушылар, қызмет көрсетуші компаниялар, сәйкес саладағы фирмалар, сондай-ақ белгілі бір аймақта олардың қызметімен байланысты ұйымдар (мысалы, университеттер, стандартау агенттіктері, сауда бірлестіктері) бәсекелесетін, сонымен қоса бірлесіп жұмыс жасайтын топ жиынтығы.
Кластер тұжырымдамасы ұлттық, аймақтық және қалалық экономикалардың жаңа таным-тәсілін ұсынады, сонымен бірге бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ұмтылған компанияның, үкіметтің, басқа да ұйымдардың жаңа рөліне, маңыздылығына бағытталған. Бизнестің белгілі бір саласында айтарлықтай бәсекелі жетістік үшін критикалық массаны құра отырып, кластерлер әсіресе прогрессивті экономикасы басым елдердің кластері, тәжірибе жүзінде кез келген ұлттың, аймақтың, тіптен елдің экономикасының айрықша көрсетілген ерекшелігі болып табылады.
Электрондық есептеу машиналарында (ЭЕМ) ақпарат жүйесі құрылатыны сияқты экономикада да ойдағыдай бәсекелесуші фирмалар тобы салалық, ұлттық, әлемдік рыноктарда бәсекелестік жағдайын дамыта отырып, ұқсас нұсқадағы құрамалар пайда болады. Бәсекелік артықшылық серпілісінің көрінісі ретінде кластер дүниеге келеді, қалыптасады, кеңейеді, тереңдейді, бірақ, олардың сондай-ақ, тартылуы да, жіңішкеруі де, байланыстырылуы да, ыдырауы да мүмкін.
Майкл Портер ұлттық деңгейде бәсекелестік түрлерін қоғамның экономикалық дамып жетілуіне қарап анықтайды. Егер бәсекелестік жағдайын табиғи ресурстар, тек құндық факторлар және сол сияқтылар айқындаса, онда іс басқа, ал инвестициялық мүдделер шешуші жағдайға айналса - ол бір басқа, ал енді қозғаушы күш ретінде жаңалыққа, жаңалық енгізуге деген ынталылық болса, онда іс тіпті бір басқа. Кластерлер бәсекелік қабілеттілікті арттырудың құралы екенін ескере отырып, біздер өз еліміздегі бәсеке жағдайларын анықтаудың әдістемелік амалы ретінде пайдалану керек екенін ұмытпауға, осы тұрғыдан келіп, қайда және қандай кластерлер құруымыз, қалыптастыруымыз керек екенін анықтауға тиіспіз.
Майкл Портер бойынша екі мысал айқын көрсетілген: Жапонияда кластерлердің көлденең бағытта даму тенденциясы байқалады, өйткені, танымал Жапон компаниялары тектес салаларға кіруге белсенді түрде тырысады, бұған олардың мақсатының табиғаты мен ішкі әртараптануға деген бейімділігі мүмкіндік тудырады. Италияда кластерлер тік бағытта дамуда, өйткені жаңа компаниялар бұрынғыдан да көбірек маманданған орындарға қызмет көрсету үшін бөлініп шығады және жабдықтаумен шұғылдана бастайды. Кластерлер даму үдерісінің негізінде сатып алушы салалар, жабдықтаушылар және біртектес салалар арасында қажеттілік, техника мен технология жөніндегі ақпарат алмасу жатыр. Осындай өзара алмасу жүзеге асырылған кезде, сонымен қатар әр салада белсенді бәсекелестік қолдау тапқанда бәсекеге қабілеттіліктің өсуі үшін ең қолайлы жағдай жасалады.
М. Портер «бәсекелік ромб» жүйесін құрған. Оларға:
- Факторлық шарттар: табиғи және адам ресурстары, ғылыми - ақпараттық потенциал, капитал, инфрақұрылым жатады.
- Ішкі сұраныс заттары: сұраныс сапасы, халықаралық нарықта сұраныстың дамуы, сұраныстың жалпы жағдайы.
- Қызмет көрсету салаларының кластері: жартылай дайын өнім және шикізаттардың түсуі, шикізаттарды қолдану саласы, құрал - жабдықтар, технологиялар.
- Кәсіпорындардың құрылымы және стратегиясы, ішкі салалық бәсеке мақсаттары барысындағы стратегиялар, кәсіпорындардың менеджменті, ішкі салалық бәсеке [8, 104 бет] .
Майкл Портердің әдістемелік ұстанымы бойынша экономикалық өркендеу көзін не фирма деңгейінде, не елді тұтас алғандағы деңгейден іздеу дұрыс емес. Германия типографиялық жабдықтардың, автокөліктердің және химиялық реактивтердің және басқа да жетекші өндірушілердің базасына айналғанын қалай түсінуге болады? Немесе неліктен Швецарияда фармацефтикалық өнеркәсіптің әлемдік жетекшілері шоғырланған? Неге ауыр жүк машиналары және тау-кен өнеркәсібі үшін жабдықтар шығару жөніндегі жетекші фирмалар Швецияда шоғырланған? Неге италияндықтар керамикалық плиткалар, шаңғы ботинкалары, орайтын жабдықтар мен автоматтандырылған өндірістік жүйелер бойынша өте күшті болып келеді? Неге Жапония тұрмысқа қажет электроника, робот, фото, көшірмелік қондырғылар саласынан бірінші орында?
Атап айтқанда, сол елдің фирмалары өз саласында бәсекелестік артықшылықтары қалай жасай алатынын және ұстап тұра алатынын себептерін түсіне білу жеке фирманың саясатын жасау кезінде ғана емес, жалпы ұлттық экономикалық міндеттерге жету үшін қажетті дұрыс амал.
Кластердің сипаты мен құрылымы
Кластерлердің пайда болу себептері ұлттық артықшылық факторларымен тікелей байланысты және олардың жүйелік сипатының көрінісі болып табылады. Бәсекеге қабілетті бір сала өзара нығайтушы қатынастар үдерісінде екінші саланың бәсекеге қабілеттілігін жасауға көмектеседі. Мұндай саланың өзі тауарлар мен қызметтің аса талапшыл сатып алушы болып келеді. Ондай саланың елде бар болуы жабдықтаушы саланың бәсекеге қабілеттілігінің өсуін анықтаушы маңызды фактор болып табылады. Бәсекеге қабілетті жабықтаушылар да елде бәсекеге қабілетті тұтынушы салалардың дамуына мүмкіндік туғызады. Олар екіншілерін техологиялармен қамтамасыз етеді, ортақ өнірістік факторлардың дамуын ынталандырады, жаңа өндірушілерді туындатады. Кластерлер қалыптасқан кезде оның құрамындағы барлық өндірістер бір-біріне өзара қолдау көрсете бастайды. Тиімділік пайда байланысының барлық бағыттары бойынша тарайды. Бір саладағы белсенді бәсекелестік кластердің басқа салаларына тарайды, соның арқасында қосылған құн тізбегін өсіре түседі.
Салаларда кластердің болуы - ішкі бәсекелестер тобы бар жерде факторлардың пайда болу үдерісін тездетеді. Өзара байланысты салалар кластерінің барлық фирмалары маманданған, бірақ та біртектес технологияларға, ақпаратқа, инфрақұрылымға, адам ресурстарына инвестициялар жасайды, бұл өз кезегінде жаңа фирмалардың жаппай пайда болуына әкеледі. Кластер тұтас алғанда ірі капитал жұмсауға және мамандануға мүмкіндік тудырады.
Бәсекеге қабілетті салалар кластері оның жеке бөліктерінің жай ғана қосындысынан үлкен болып шығады. Оның ұлғаю тенденциясы бар, өйткені бір бәсекеге қабілетті басқасын туындатады. Мұндай өсудің бағыты кластерлердің құрамына бағынышты және олар әр елде әр түрлі.
Кластерлер даму процесінің негізінде сатып алушы салалар, жабдықтаушылар және біртектес салалар арасында қажеттілік, техника мен технология жөнінде ақпарат алмасу жатыр. Осындай өзара алмасу жүзеге асырылған кезде және сонымен қатар, әр салада белсенді бәсекелестік қолдау тапқанда бәсекеге қабілеттіліктің өсуі үшін ең қолайлы жағдай жасалады.
Ақпараттың жеңілірек қозғалысына, сондай-ақ көлденең және тік байланыстар арқылы фирмалардың мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік беретін жағдайлар кластерлер арасында өзара алмасуға мүмкіндік тудыратын тетіктер болып табылады.
Ақпарат қозғалысын жеңілдететін факторлар:
- бірге оқу немесе әскерде бірге қызмет атқару негізінде қалыптасқан жеке қарым-қатынас;
- ғылыми қоғамдастықтарда немесе кәсіби ассоциацияларда пайда болатын байланыстар;
- географиялық жақындастықтан туған байланыс;
- салалық ассоциациялар, қызмет көрсетуші кластерлер;
- ұзақ мерзімді және баянды өзара қарым-қатынасқа сенім сияқты мінез-құлық ережесі;
- мақсаттардың сай келуін және кластер ішіндегі ымырашылдықты анықтайтын факторлар;
- фирмалар арасындағы отбасылық және отбасы төңірегіндегі байланыстар;
- өнеркәсіптік топ ішіндегі жалпы меншік;
- акционерлік меншіктегі үлестік қатысу;
- фирма директорлары арасындағы қарым-қатынастар;
- ұлттық патриотизм [ 12, 74 бет] .
Кластердің пайда болуы тәсілдеріндегі ұлттық айырмашылықтар фирмалардың сол елге тән үлгілерінің әртүрлілігіне байланысты. Италияда көптеген бәсекеге қабілетті салалар үшін қозғаушы күш тұтынушылар мен дайын ақырғы өнімге қойылатын талаптың жоғары деңгейі болып табылады.
Экономиканы кластерлеу құрылымы мемлекеттің жалпы экономикалық саясатына маңызды деңгейде әсер етеді. Ең алдымен бұл ғылымды қолдаумен, тәуекелді инновациямен, экспорттық қызметпен, қажетті инфрақұрылым құру мен білімге байланысты (1-ші сызбаға қараңыз) .
Кластерге фирманың қатысуы - серіктестіктер арасында тәжірибе алмасу, дағды мен технологияны қолдану үшін тиімді. Қатысуға қабілеттіліктің болуы - кластерді қамтамасыз ететін фактор. Қазіргі кезде кластерлік бірлікте кәсіпорын үлесі басым. Мысалы, Қазақстанда Менделеев кестесінің барлық элементтері кездеседі, тек қана Қарағанды облысында еліміздегі марганецтің 100 %-ы, трикосид вольфрам қорының 80%-ы, молибденнің 63, 9%-ы және тағы басқа минералды қорлар кездеседі. Сондай-ақ, түсті және қара металлургия, органикалық синтез, радиоэлектроника, машина жасау кластерлеуге негіз бола алады. «Қазақмыс корпорациясы» АҚ, «Испат-Кармет» түсті және қара металлургияға қамқорлық көрсетуде [19, 73 бет] .
Алынған көзі: М. Ж. Тұрсымбаева ҚР - да кластерлерді мемлекет тарапынан қолдаудың маңызы // ҚазҰУ хабаршысы, №2 - 2006
Сурет 1- Жалпы экономикалық саясатқа кластердің әсері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz