Әлемдік ғарыш туризмінің жағдайы


КІРІСПЕ
Туризм соңғы жылдары әлемдік экономиканың ажырамас бөлігі болып отыр. Оның табысты әрі қарқынды дамып келе жатқан бір саласы - ғарыш туризмі.
Жұмыстың өзектілігі. Ғарыштық туризм өз бастауын Батыс елдерінде алып, бүгінде бүкіл әлем бойынша таратып отыр. Басқа туризм түрлеріне қарағанда әлдеқайда күрделі, асқан жауаптылық пен білімділікті қажет етеді. Сондықтан да ғарыштық туризмді дамытқан Батыс елдерінің тәжірибесін өз елімізде қолдану, туризмнің бұл тың саласын дамыту үлкен іс болмақ.
Әлемдік дамыған ғарыштық туризм орталықтарының практикалық қажеттілігі - осы туризм саласына деген қызығушылықты одан әрі арттырып, туризмнің жоғарғы табысты саласына айналдыру. Сондай-ақ ғарыштық туризм - бұл адамның не бір топтың белгілі бір қаражатқа ғарышқа (барып, қайту) саяхат жасап қайтуы. Бұл оңай шаруа: біз ақша төлейміз, бірнеше дайындалу курстарын өтіп, ұшуға кетеміз. Мұнда ақша айырбастау жұмыстармен басыңды ауыртпайсың, шет ел тілдерін жаттамайсын және өзіңмен бірге карта да алмайсын. Тек жүз км. ұшасын болды, біздің планета жер, оны саған дейін ешкім көрмеген. Бұл өте қызық көрінеді, сен адам баспаған жерде аспаннан барша жерге қарап тұрасын. Бұл жерден алшақ ғарышқа және орбитаға ұшуды армандайтын әр ел азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктер. Ал, мұны жасау және қалай екені бұл басқа сұрақ. Мұнымен қазір инженерлер мен әр елдің ғалымдары ойластырып жатыр. Бұған дейін адам баласы ғарышты тек теледидардан, фантастикалық кинолардан көріп келген. Ғарыш туралы түсінік мың жылдар бұрын қалыптасқан. Олар тек соны өз шығармаларында, жазбаларында ойша жазып кеткен. Ең бастысы бізге оңай болғаны сол мүмкіндіктерді іске асыру ғана. Ең алғаш ғарышқа 1961 жылы Восток космодромымен Юрий Гагарин ұшқан болатын. Ал «Ғарыштық туризм» түсінігі тек 2001 жылы пайда болды. Әлем бойынша туризмнің әр түрлері тараған, енді туризмнің ғарыштық түрі жаулап алуда. Ал, ғарыштық туризмнің болашақ жақын арада дамуына конструкторлар мен шаттлдарды жасап шығарушылардың еншісінде.
Көп ғасыр бойы адам ұшуды армандаған. Олар қаншалықты армандағанымен олар орындалмай немесе қайғылы аяқталған. Соңғы жүз жылда адамдар бұған қол жеткізді. Алдымен біз ұшақ деп аталатын аспанды көруге арналған ұшатын құрылғы шығардық. Жаңа ашулармен біз оларды қайтадан жөндеуден өткізіп, адам өзіне ғажап нәрселер ашады. Ол - ғарыштық ракета. Оның көмегімен ғарышты бағындыруға болады. Өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып адам тек жер айналасындағы ғарыштық аймақты ғана емес, басқа планеталарға да ұша бастады. Адам баласы жүз жылдың ішінде - мың жыл ішінде ойламаған істерге қол жеткіздік. Адамның құлшынысы оның айналасындағы барлық нәрселерді бағындыруға талпынатыны бізді қорқытады. Қазіргі ғарыштық мамандардың беріп отырған мүмкіндігін пайдалана отырып, әр елдің азаматтары өздерінің армандарын бірнеше минуттың ішінде бағындыруға болады. Бірінші болған бағалар, адамдарды шошытқан еді. Өйткені, ол бәрінің қолынан келе бермейтін жайт және ғарыштық аэродромдар тек санаулы елдерде ғана болды. Адамдар оған көп сене бермеді. Ал, қазір ғарыш айлақтары бірнеше елдерде дамып отыр. Оған қоса аяғынан енді көтеріліп келе жатқан өзіміздің елімізде де бар. Бірақ өкінішке орай бұл біздің мақтанышызды басқа ел, Ресей өздеріне пайда қылып жаратып отыр. Біздің азаматтарымыз оны мақтаныш қылып айтып отырғандарымен, әр біреуінің ішінде реніш бар деп ойлаймын.
Жұмыстың зерттеу объектісіне әлемдегі түрлі ракетопландар, ғарыш айлақтары алынды. Олардың туристік қызмет көрсету мүмкіншілігі, ерекшелігі мен танымалдылығы жайында баяндалады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - ғарыштық туризм жайында түсінік қалыптастырып, қызықты мәліметтерді ұсыну, әлемде ғарыштық туризм дамыған жетекші елдердің тәжірибесімен танысу.
Міндеттері:
- әлемнің әр елінде орналасқан ғарыш айлақтарымен танысу;
- олардың туристік объект ретінде маңызын ұғыну;
- ғарышты жолға қойылған елдердің тәжірибесін өз еліміздің ғарыш туризмін дамытуда қолдану;
- ғарыштық ұшулар кезінде қауіпсіздікке мән беру.
Ел басымыз Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, біз өз ғарыш айлағымызды әлі өз қолымызға алып, ракетопландар, кемелер жасап өзіміз басқаратын боламыз деген. Біз де әлі басқа дамыған елдердегідей ғарыш айлағымызды пайдалана отырып, туризм саласында басқа елдермен бәсекелес боламыз деген ойдамыз.
«Ғарыштық туризм - әлемдік туризмнің жаңа бағыты» дипломдық жұмысы. 00 бетте мазмұндалып, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады. Барлығы 00 сурет, 0 кесте, 1 қосымша келтірілген.
1 ӘЛЕМДІК ҒАРЫШ ТУРИЗМІНІҢ ЖАҒДАЙЫ
- Ғарыш туризмінің даму тарихы
Қазіргі заманда ұшақ бізге жай ғана күнделікті нәрсе, ол бізді барынша қызықтырмайды. Бізге ең қызықтысы - ғарыш. Дәл ғарышқа қол жеткізгендер - миллионерлер мен ғарышкерлер. Ал, жай қарапайым халық үшін бұл әлі арман болып келеді. Бірақ ғарыштық туризмді бағындыру әр біреудің қолынан келеріне ешкім күмән келтірмейді. Ракетада жерден ғарыштық отельге дейін ұшу оңай болатыны соншалық, жай ғана ұшақпен басқа қалаға немесе елге барғандай оңай болмақ.
ХХ ғасыр адамдарға қоршаған ортаға деген көп мүмкіншілік ашты және қазіргі кезде біз көп нәрселерге таң қалмаймыз. Егер де ғарышқа ұшу арзан болған жағдайда, бұл барлығын таң қалдырар еді. Жақын арада орбитаға минишаттлдар жіберілді, ол әскери ғарыштық кеме сериясынан. Американдар мен француздар өздерінің туристік ракетопландарын шығаруға асығуда. Француздың бір компаниясы Dassault Aviation (8 жыл бұрын жабылған) жабылған NASA X-38 жобасын пайдаланды. Ол бұрын Халықаралық ғарыш бекеті - құтқару бөлімі ретінде құрылған болатын. Жалпы ғарышқа ұшу түсінігі ертеден келе жатыр. Бізден шыққан ғарышкерлер еліміздің атына үлкен мәртебе болды. Ал, ғарыштық туризм түсінігі тек 2001 жылы америка бай адамдарының ұшуының арқасында түсінік болып отыр [1] .
Ғарыштық туризм - жеке ақыларынан төленетін ғарышқа және орбитаға ойын-сауық немесе ғылыми - әдістеме мақсатында ұшуларды айтамыз. Жергілікті халықтан өткізген сауалнамалардан көп адамдар ғарышқа ұшуды қалайды екен.
1989 - 1990 ж. ж. бірінші коммерциялық ғарышкерлерімен Жанония мен Ұлыбритания азаматтары - Тоёхиро Акияма мен Хелен Шарман болды. Олар Мир совет орбиталық станциясына Союз ТМ-11/Союз ТМ-10 мен Союз ТМ-12/Союз ТМ-11 ғарыштық кемелерімен TBS пен «Джуно» жеке қаржыландыру компаниялары арқасында ұшты. Ғарыштық туризм әзірге қалталы адамдарға ғана мүмкіндік береді.
Ғарыштық туризмдегі елу жыл ішіндегі болған оқиғалар хронологиясы:
1962 жыл - 22 тамызда Эксперименталды Пилоттық Орбиталық Ұшақ USAF X-15 107 км. 960 метрге ұшып әлемдік рекорд жасайды. Кейін 40 жылдан кейін ол рекордты Virgin Galactic компаниясының SpaceShipOne ұшу құрылғысы жасайды (111 км. 996 м) .
1967 жылы - танымал Баррон Хилтон (Barron Hilton) және Крафт Эрике (Kraft Ehricke) ғарыштық туризмге қатысты бірнеше жобалар енгізді. Олардың біреуі - ғарыштық отельдер (Hotels in Space) . Өкінішке орай бұл жоба көпшілікетің көңілінен шықпай, оны қаржыландыратын адамдар болмай, ол іске аспай қалды [2] .
Гари Хадсон (Gary Hudson, Pacific American Launch Systems компаниясы) 1984 жылы көпшілікке өзінің әуе - ғарыштық құрылғысы (МВКА) "Phoenix" дизайн жобасын көрсетті. Сол жылы Pacific American Launch Systems компаниясы Society Expeditions туристік компаниясымен «Project Space Voyage» жобасына бастау береді. Ол кездері өте көп ақшаға, 50. 000$ әрбір азамат жер айналасындағы орбитаға белгіленген уақытқа барып келуге мүмкіндіктер берді. Дегенмен бұл жоба алысқа бармай өз жұмысын тоқтатты. Адамдарды бұл барынша қызықтырмай, табыс түспегендіктен, қаржыландыру орталығы келісімін үзеді.
Халықаралық Астронавттар Конгресінде 1986 жылы (International Astronautical Congress, IAF Congress) «Ғарыштық туризм дамуындағы экономикалық жағдайлар» доклады ұсынылады (Potential Economic Implications of the Development of Space Tourism) . Ұшу барысында «Челленджер» шаттлы жарылады. Оның ішіндегі барлық ғарышкерлер қаза болады. Осыдан кейін АҚШ үкіметі профессионалды емес ғарышкерлерге ұшуға жол бермеді [3] .
Shimizu Corporation компаниясы 1989 жылы Халықаралық Астронавттар Конгресінде орбиталық отель («Feasibility of Space Tourism - Cost Study for Space Tour») дизайынын ұсынды.
Дэвид Ашфорд (David Ashford) пен Патрик Коллинс (Patrick Collins) 1990 жылы «Сіздің ғарыштық ұшуда басшыңыз: 20 жыл ішінде қалай ғарыштық турист болуға болады?» (Your Spaceflight Manual: How you could be a tourist in space within 20 years) материалын жазып шығарады.
1993 жыл - 14 сәуірде Japanese Rocket Society (JRS) организациясы ғарыштық туризм дамыту жолдарының жобасын көрсетті. Туристерді ғарышқа тасымалдау құрылғысын жасап шығару туралы Transportation Research Committee зерттеу комитеті құрылған болатын. Жапониядағы өткізілген зерттеулер, 3030 адамнан түскен хаттардан түскен көрсеткіштердің ішіндегі барлық адамдар ғарыштық туризм дамуының әр жаңалығын қадағсалап отыратын және ғарыш туристері болатындығын айтқан.
1994 жыл - 19 мамыр айында Йокогама қаласында Халықаралық симпозиум өтті. Ғарыш тану бағытында технологиялық және ғылыми жетістіктерге арналған (International Symposium on Space Technology and Science, ISTS) . Тамыз, қыркүйек айларында АҚШ, Канадада жергілікті халықтын берген сұхбаттарынң көрсеткіштері бойынша, халық ғарыштық туризмге қызығушылығы бар екені белгілі болды. Қыркүйек - Вашингтонда STA организациясы NASA-мен бірге ғарыштық туризмге қатысты сұрақтарды зерттеп, оқитын болады. Сол жылы X Prize фрндының мекемесі Питер Диамандис, Байрон К. Личтенберг (Byron K. Lichtenberg), Колетте М. Бевис (Colette M. Bevis) және Грегг Э. Мариниак (Gregg E. Maryniak) қатысуларымен өтті[4] .
Сент - Луиста, 1995 жылы АҚШ, Питер Диаманис ақшалай сыйлық жарыстары туралы бастау жариялайды. Шарты: белгілі уақыт ішінде адамдарды ғарышқа ұшыратын ғарыштық кеме жасап, шығару. 10 млн. $ төлейтін бұл жобаның мақсаты үкіметті осындай ғарыштық ұсыныстарға қолдау көрсетіп, оны жасап шығару қиындықтарын жеткізу еді. Шілде - NASA 3 жылға 900 млн. $ Lockheed Martinмен келісім шарт жасайды. Басты бағыты Х-33 жүргізушісіз ғарыштық кеме жасап шығару.
Лос-Анджелес, Калифорния 1997 жылы ғарыштық туризмді дамыту (Space Tourism Society) мекемесі. Бременде, Германия Бірінші Халықаралық Симпозиум ғарыштық туризм туралы (First International Symposium on Space Tourism) ашылды. Space Tours Gmbh компаниясымен ұйымдастырылған. Кеш пресса мен кеш қонақтарын қатты қызықтырды. Бірінші Халықаралық Симпозиумға партнер - спонсор болған Ғарыштық туризм сұрақтарымен Daimler-Benz Aerospace GmbH компаниясы болды. Мамыр айында Жапонияның Suntory компаниясы Pepsi-Cola Japan компаниялары акция жариялайды. Ұтқан адам ғарыш туисті болуға мүмкіндіктері бар. Маусым айында X Prize сыйлық фонды бірінші бес миллион долларын жинайды. Virgin Galactic Airways компаниясының құрылуы - 1999 жыл [4] .
МИР орбиталық станциясына 2000 жылы бірінші ақылы қонағы жарияланады. Ол американдық - Деннис Тито (Dennis Tito) . Wilshire Associates қалаушысы.
2001 жыл - 28 сәуір бірінші рет «Союз ТМ-32» ғарыш кемесі жіберіледі. Оның ішіндегі ғарышкер Деннис Тито.
Жуков ғалымдары МВКА Cosmopolis XXI орбитаға ғарыштық кемені жеткізеді. 2002 жылы Space Adventures американдық компанияның арқасында шығарылды. 25 сәуірде оңтүстікафрикандық Билл Гейтс» Марк Шаттлуорт (Mark Shuttleworth) екінші ғарыштық турист атанды. Thawte компаниясының қалаушысы Шаттлуорт өзін турист емес, ғарышкер санауларын сұрайды. Техаста тоқтауға қонайын деген «Колумбия» (Columbia) шаттлы жарылыстарды 2003 жылы кешеді. Ішінде жеті экипаж адамдары болған. Осымен шаттлдың жұмысы бітеді, өйткені адамдар ойлана бастайды. Ғарыштық туризмді барысында осындай жағдайлар болса қайтеміз? деген сұрақтар болды. 20 сәуірде Мохаве шөлінде Scaled Composites компаниясы өзінің суборбиталды ғарыштық кемесін SpaceShipOne және ұшақ - тасымалдаушы White Knight көрсетеді. 19 мамыр айында SpaceShipOne бірінші ұшуын - өткізді [5] .
2004 жыл - 21 маусым айында SpaceShipOne ғарышытық кемесі жер атмосферасынан бөлек уақытша ұшу жасайды. Constellation Services Internatonal Айға ұшу туралы өз пікірін білдіреді. Бағдарлама Lunar Express Space Transportation System атын алады. 4 қазан - X Prize фонды SpaceShipOne құрамын, Scaled Composites компаниясын жарыстың ұтқырлары деп жариялайды. 6 қазан - X Prize құрамдастары Scaled Composites компаниясына сый тарту етіп, олардың мұндай жобаларына енді жыл сайын өтетінін жария етті. 12 қараша - ең ірі ғаламтор дүкені Amazon қалаушысы Джефф Безос Blue Origin компаниясымен суборбиталды ғарыштық ұшуларды жасайтын ұшатын құрылғыны жасап шығаруға келісім шартқа отырады. 23 желтоқсанда АҚШ президенті Джордж Буш адамдардың ғарышқа ұшуларына заңға қол қояды. Осы құжатқа байланысты АҚШ азаматтары арнайы кемелерде ғарышқа ұшуларына құқықтары болды.
Scaled Composites пен Virgin Group 2005 жылы 27 шілдеде компаниялары бірігіп өздерінің бірегей Spaceship Company деген компаниясын құрады. Бұл компания SpaceShipTwo мен White Knight2 ұшатын кемелерін жасап, шығарумен айналысатын еді. 1 қазанда - ғалым Грегори Олсен (Greg Olsen) электроника мен Sensors Unlimited компаниясының басшысы, тарихтағы үшінші ғарыш туристі атанды. Американдық Халықаралық ғарыш бекетінде сегіз күн болады. 17 қазанда Virgin Galactic ғарыштық ұшуларға ұсыныстарды қабылдай бастады [6] .
Prodea Systems компаниясы 2006 жылы Space Adventures компаниясы мен Ресейдің Халқаралық Ғарыш Агенствасымен бірге жұмыс істейтінін жария етті. Олардың жобалары бірегей ғарыш ұшағын құрастыру еді. Ал, осы жылы бүл коспанилар бірігіп Біріккен Араб Әмірлігі жерінде жеке космодром салуға ұйғарып отыр. 18 қыркүйекте - америка ирандық туылысты Анюше Ансари ең алғашқы әйел ғарыш туристі атанды. Ол япондық Дайсуке Эномотоны денсаулық жағдайларына байланысты ауыстырып, ғарышқа ұшып келеді.
2007 жыл - 7 сәуірде және 2009 жылы екінші рет дәрігер Чарльз Симони бесінші ғарыш туристі болады. Бұл саяхат оған 20 миллион долларға шығады. 2008 жылы Ричард Герриот пен 2009 жылы американдық циркач Ги Лалиберте ұшты. Шілде айында Bigelow Aerospace компаниясы 2010 жылға қарсы ғарыш отельін саламыз деп жария етті. Олардың бұл жариясы Galactic Suite компаниясының 2012 жылы ғарыш туристеріне арналатын ғарыштағы отель саламыз деген сөзінен кейін еді [7] .
- Ғарышты бағындырған туристер және оларға қойылатын талаптар
Адамның Жер шарынан тыс орбитаға шығуы 20-23 миллион долларды құрайды. Алайда бұл қызмет құнының тым қомақтылығы «аспанды бағындырғысы келетіндердің» жолын тежей алмай отыр. Сол себепті 2007 жылдан бастап ғарышқа сапарлау құнының сметасы қайтадан қарастырылған. Сөйтіп, ол 20-дан 30-40 миллион долларға дейін өскен. Осыдан-ақ ғарыш туристерінің өз арманын орындауға миллиондарын шашуға әзір бай-бағландар екенін байқай беруге болады. Қазір ғарыш туризмі мақсатында тек Халықаралық ғарыш бекеті қолданылатынын баса айта кетелік (сурет 1) . Халықаралық ғарыш бекеті - әлемнің 23 мемлекеті қатысатын өзара халықаралық жоба. Мәселен, ұшу ресейлік «Союз» кемесі мен Халықаралық ғарыш бекетінің Ресей сегментінің көмегі арқылы жүзеге асырылса, туристерді ұшыруды ұйымдастырумен Роскосмос пен Space Adventures (ғарыш туризмімен айналысатын америкалық компания) айналысады. Ғарыш туристері Мәскеудің жанындағы Жұлдыздар қалашығында дайындықтан өтеді. Space Adventures Роскосмоспен 2001 жылдан бері әріптестікте жұмыс істейді. Олардың көмегімен 2009 жылдың соңына дейін тоғыз турист ғарышта болып қайтқан екен (кесте 1) . Соның ішіндегі ерекше бір-екеуіне тоқтала кетелік. Мысалы, алғашқы коммерциялық ғарышкерлер Тоехиро Акияма (Жапония) және Хелен Шарман (Ұлыбритания) «СоюзТМ-11»/«СоюзТМ-10» ғарыш кемесімен 1989 және 1990 жылдары кеңестік орбита стансысы «Мирге» сапар шеккен екен. Ал 2001 жылы 28 сәуірде америкалық бизнесмен Деннис Тито Халықаралық ғарыш стансысынан «Союз» ғарыш кемесі арқылы көкке көтерілді. Бұл «СоюзТМ-32» экипажы құрамында ресейлік ғарышкер Юрий Батуринмен қатар, жерлесіміз Талғат Мұсабаев та бар болатын. Бұл сапары жайлы Талғат Мұсабаев өз естелігінде былай жазады: «Біз орбитаға шыққанымыз сол екен, Деннис қуаныштан жарылып кете жаздады. Өзінің сезімін жасыра алмаған ол: «Мен ең бақытты адаммын! Менің арманым орындалды!» деп айғай салды. Шыны керек, бірнеше сағаттан соң осы «сөзшеңдігі» үшін оған қиын болатынын жақсы білдім . . . » [8] .
2002 жылы 25 сәуірде «СоюзТМ-34» кемесімен Оңтүстік Африка Республикасының бизнесмені Марк Шаттлворт ғарышқа сапарлап қайтты. Ол Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігіне бұл сапары үшін 20 миллион доллар төлеген.
Сурет 1. Ғарыштық туристер [3]
Грегори Хэммонд Олсен - американдық бизнесмен. Sensors Unlimited Inc. Компаниясын қалаушы. Өзінің саяхатын 2005 жылы 1 қазанда бастаған болатын. Ғылыми доктор профессоры атағын алған. Өз ұшуында үлкен әсер алып, ғарыштық туризмге өз үлесімді қосамын деп, өз сөзін айтты.
Қарашаның 18-де ұшатын Ресейдің Союз ғарыш кемесіндегі үш адамның бірі осы Ансари ханым көрінеді. Олар Халықаралық ғарыш бекеті бетке алмақшы. Қыркүйектің 18-і күні Байқоңыр ғарыш айлағынан Союз ТМА-9 ғарыш кемесі Мәскеу уақытымен таңғы 8-ден 9 минут өткенде көкке көтеріледі. Бұл жолы екі астронавтпен бірге Ануши Ансари ханым ұшпақы. Ресейлік ұшқыш - инженер Михайл Тюрин және америкалық ғарышкер - командир Майкл Лопез-Алегриа екеуі Халықаралық ғарыш бекетіндегі ғарышкерлердің орындарына барады. Ансари ханым ғарышқа сапар шегетін алғашқы қарапайым азаматша болмақшы. Сондай-ақ әлем бойынша туристік сапарға қатысатын төртінші қарапайым азамат болғалы отыр. Бұдан бұрын екі америкалық іскер адам және оңтүстік африкалық бір азамат турист ретінде ұшқан. Ғарыштық бұл сапар бағасы негізінен құпия ұсталуда. Дей тұрғанмен, баға мәселесімен айналысатын Америкадағы «Ғарыш сапарлары» компанияның айтуынша сапар құны 20 миллион доллар тұрады. Ол қаржының негізгі бөлігі Ресей ғарыш бағдарламасына жұмсалады екен. Союз құрамында ұшу үшін Ансари ханым орыс тілін үйренген. Бұған дейін де ол парсы, француз және ағылшын тілдерінде сөйлейтін еді. Ғарыштық өзінің костюміне Ансари ханым Құрама Штаттары және Иран елінің Ислам төңкерісіне дейінгі туларын қадап алған. Ол өзіне ғарыш турисі ретінде қарайды. Халықаралық ғарыш бекетінде (ХҒБ) болатын 10 күні ішінде Ансари ханым медицина мен микробиология бойынша байсалды зерттеулер жүргізген [9] .
Кесте 1. Ғарышты бағындырған туристер [автордан]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz