Атырау облысының экономикалық потенциялы



I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Атырау облысының инвестициялық саясаты
2. Атырау облысының өнеркәсіп салалары
3. Атырау облысының шаруашылығы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Облыс Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан, 1938 жылы негізі қаланған (1992 жылѓа дейін Гурьев облысы болып аталды). Облыс аумағы 118,0 мың шаршы км жерді алып жатыр. Облыс халқының саны 2009 жылдың 1 қазан айына 510 723 мың адамды құрайды. Атырау облысы негізінен ойпатты жазық болып келеді. Рельеф аумағы- көлбеулене келген, білінбей Каспий теңізі жағалауынан жоғары көтерілген. Каспий ойпатының көп бөлігі құм мен сордан (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) құралған. Мұнай және газға бай кен орындары бар (Жайық-Ембі ауданындағы мұнай кәсіпшілігі). Қазақстан Республикасының 2009 жылдың басында мемлекеттік баланста 214 мұнай кен орындары тіркелген, оның ішінде Атырау облысының үлесіне 88 кен орындары бар. Алынатын жалпы ел бойынша мұнай өндірісі категориясы қорын 4,0 млрд. тоннаға бағалайды, оның ішінде облысқа 2,5 млрд. тонна келеді. Облыс түрлі пайдалы қазбалар қорларына бай, олар: құрылыс өндірісінің шикізаттары (қор 52,7 млн. тоннаға бағаланады); калий тұзы (697 млн.тонна), құрылыс тасы (41,2 млн.м.куб), гипс (21,0 млрд.тонна), ас тұзы (687,0 млн. тонна), құм-қиыршық қоспасы (12,0 млн.м.куб), әктас (1,9 млн. м. куб), бор (95,2 млн.тонна), бешофит (50,0 мың. тонна); минералды сулардың қайнар көздері, натрий диоксиді, калции хлориді, магний хлориді, магний сульфаты. Жайық – Каспий балық өнеркәсібі Қазақстан Республикасының ішкі су қорлары арасында жетекші орынға ие. Балық саласының дамуына бекіре тектес бағалы балық түрлерінің Жайық және Каспий теңізінде болуы, уылдырық пен балықты дүниежүзілік рынокқа шығара алады. «Атыраубалық» АҚ ірі уылдырық өндірудің арқасында көптеген елдерге экспортталады. Каспий теңізінің жақын орналасуы өндіріс салаларының, яғни балық шаруашылығы, балық өндіріс өнеркәсібі, кеме шаруашылығы өндірістерінің дамуына жағдай жасайды. Климаты қуаң континенттік, жазы ыстық, қуаң болса, қысы қарсыз (не жұқа қарлы), қара суықты келеді. Қаңтардың орташа темпертурасы-8-11СО, шілде +24,+25 СО. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-200 мм. Облыс аумағында ірі өзен – Жайық (жалпы өзен ұзындығы -2534 км, Қазақстан жеріндегі ұзындығы – 1084 км), Ембі (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км).Облыстағы ірі көлдің бірі – Индер (110,5 шаршы .метр).Негізінен шөлдік-далалық өсімдіктер деп аталған өсімдік түрлерінен ғана қалыптасқан. Облыс аумағының жартысынан астамы құмдар өзен жағалауында ивалық өсімдіктер басым. Облыс орталығы Атырау қаласында орналасқан (1992 жылға дейін-Гурьев қаласы), Жайық өзені бойында және 1640 жылы құрылған. Атыраудан Астанаға дейін – 1810 км. Облыста 7 аудан, 2 қала (1 қала аудан қарамағында), 176 селолық елді мекен, 6 поселке бар.
1.Аймақтық экономиканы басқару мәселелері Г.С.Смағулова

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық
Университеті


Басқару
факультеті

Экономиканы мемлекеттік реттеу кафедрасы

Аймақтық экономика пәні бойынша

Баяндама

Тақырыбы: Атырау облысының экономикалық потенциялы

Орындаған:
Қосымбаева А
3 курс, әлеуметтік жұмыс мамандығы
301 тобының студенті

Тексерген: Тоқтасынов С.У

АЛМАТЫ 2010

Жоспар
I.Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Атырау облысының инвестициялық саясаты
2. Атырау облысының өнеркәсіп салалары
3. Атырау облысының шаруашылығы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Облыс Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан, 1938 жылы
негізі қаланған (1992 жылѓа дейін Гурьев облысы болып аталды). Облыс аумағы
118,0 мың шаршы км жерді алып жатыр. Облыс халқының саны 2009 жылдың 1
қазан айына 510 723 мың адамды құрайды. Атырау облысы негізінен ойпатты
жазық болып келеді. Рельеф аумағы- көлбеулене келген, білінбей Каспий
теңізі жағалауынан жоғары көтерілген. Каспий ойпатының көп бөлігі құм мен
сордан (Нарын, Тайсойған, Қарақұм) құралған.
Мұнай және газға бай кен орындары бар (Жайық-Ембі
ауданындағы мұнай кәсіпшілігі). Қазақстан Республикасының 2009 жылдың
басында мемлекеттік баланста 214 мұнай кен орындары тіркелген, оның ішінде
Атырау облысының үлесіне 88 кен орындары бар. Алынатын жалпы ел бойынша
мұнай өндірісі категориясы қорын 4,0 млрд. тоннаға бағалайды, оның ішінде
облысқа 2,5 млрд. тонна келеді.
Облыс түрлі пайдалы қазбалар қорларына бай, олар: құрылыс
өндірісінің шикізаттары (қор 52,7 млн. тоннаға бағаланады); калий тұзы (697
млн.тонна), құрылыс тасы (41,2 млн.м.куб), гипс (21,0 млрд.тонна), ас тұзы
(687,0 млн. тонна), құм-қиыршық қоспасы (12,0 млн.м.куб), әктас (1,9 млн.
м. куб), бор (95,2 млн.тонна), бешофит (50,0 мың. тонна); минералды
сулардың қайнар көздері, натрий диоксиді, калции хлориді, магний хлориді,
магний сульфаты. Жайық – Каспий балық өнеркәсібі Қазақстан
Республикасының ішкі су қорлары арасында жетекші орынға ие. Балық саласының
дамуына бекіре тектес бағалы балық түрлерінің Жайық және Каспий теңізінде
болуы, уылдырық пен балықты дүниежүзілік рынокқа шығара алады.
Атыраубалық АҚ ірі уылдырық өндірудің арқасында көптеген елдерге
экспортталады. Каспий теңізінің жақын орналасуы өндіріс салаларының, яғни
балық шаруашылығы, балық өндіріс өнеркәсібі, кеме шаруашылығы
өндірістерінің дамуына жағдай жасайды. Климаты
қуаң континенттік, жазы ыстық, қуаң болса, қысы қарсыз (не жұқа қарлы),
қара суықты келеді. Қаңтардың орташа темпертурасы-8-11СО, шілде +24,+25 СО.
Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100-200 мм. Облыс аумағында ірі өзен – Жайық
(жалпы өзен ұзындығы -2534 км, Қазақстан жеріндегі ұзындығы – 1084 км),
Ембі (712 км), Сағыз (511 км), Ойыл (800 км).Облыстағы ірі көлдің бірі –
Индер (110,5 шаршы .метр).Негізінен шөлдік-далалық өсімдіктер деп аталған
өсімдік түрлерінен ғана қалыптасқан. Облыс аумағының жартысынан астамы
құмдар өзен жағалауында ивалық өсімдіктер басым.
Облыс орталығы Атырау қаласында орналасқан (1992 жылға дейін-
Гурьев қаласы), Жайық өзені бойында және 1640 жылы құрылған. Атыраудан
Астанаға дейін – 1810 км. Облыста 7 аудан, 2 қала (1 қала аудан
қарамағында), 176 селолық елді мекен, 6 поселке бар.

Атырау облысының инвестициялық саясаты
Өңірдің инвестициялық саласында қазіргі сәтте кәсіпорындар мен ұйымдардың
белсенділігінің артуы байқалады.Инвестиция салудың басым салалары мұнай мен
табиғи гащ өндіру (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінің
70,4%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (18,1%), көлік пен
байланыс (6,9%) болып табылады.
Инвестициялардың өсуі мұнай-газ кешені мен көлік инфрақұрылымының
қарқынды дамуымен тікелей байланысты.
2010 жылы Теңізшевройл ЖШС геологиялық барлау, Екінші Буын және
Шикі Газ айдау зауыттарының құрылысы жобалары сияқты ірі жобалар бойынша,
күкіртті кәдеге жарату жөніндегі қосымша қуаттарды енгізу және т.с.с.
бойынша 191,9 млрд. теңге игерді. 2011 жылы ТШО жоғарыда тізбеленген және
бірқатар басқа да инвестициялық жобалар жөніндегі жұмысты жалғастырады және
осы мақсаттанда 195,0 млрд. теңге игеруді жоспарлап отыр.Қазіргі уақытта
Аджип ККО компаниясы теңіз және жер үсті кешендерінде негізгі құрылыс
жұмыстарын жүзеге асыруда, Қашаған және Қайраң кен орындарының жасанды
аралдарында бұрғылау және бағалау ұңғымаларын сынау жүргізуде, сондай-ақ
Болашақ мұнай мен газды кешенді әзірлеу қондырғысы құрылысын
жалғастыруда..
2010 жылы КаспийМұнай АҚ Айранкөл мұнай кен орнын барлау жүргізу
және пайдалану үшін 1622,0 млн. теңге игерді. Самек Интернэшнл ЖШС
Блоктар бойынша көмірсутек шикізатын барлау жүргізу және өндіру үшін 2007
жылы 6732,0 млн. теңге игерді.
2010 жылы жалпы сомасы 7,8 млрд. теңгені құрайтын 5 инвестициялық
жоба іске асырылды, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 50 млрд. теңгеге төмен.
Бұл 2006 жылы жалпы капитал сыйымдылығы 46,0 млрд. теңгені құрайтын Атырау
мұнай өңдеу зауытын қайта құрылымдау ірі жобасының іске асырылуымен
байланысты. Сондай-ақ енгізілген жаңа инновациялық және инвестициялық
жобалар жөніндегі есеп әдістемесіне сәйкес одан өндіруші саланың,
инфрақұрылымның жобалары мен құны 500 мың. АҚШ долларынан төмен жобалар
алынып тасталды.
2010 жылы шамамен 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда:
олардың ішіндегі ең ірілері:
Кәдеге жарату қалдықтарын басқару және химиялық өнеркәсіп
қалдықтарын қайта өңдеу жөніндегі кешенді кеңейту, Вест Дала ЖШС;
Атырау қаласында машина жасау зауытын салу, Атыраумұнаймаш ЖШС;
Тазалау ғимараттары бар қатты-тұрмыстық материалдар мен инертті
құрылыс материалдары қалдықтарының полигонын салу, Вест Дала ЖШС.

Облыста инновациялық құрауышы бар ірі ауқымдағы жобаларды іске асыру жүріп
жатыр.
Теңізшевройл ЖШС өндірістік қуаттарды кеңейту жобасы мен Аджип
ККО компаниясы объектілерінің құрылысы іске асырылуда, олардың жалпы
сомасы 10 млрд. АҚШ долларынан асады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 қаңтардағы №81
қаулысымен Экономиканың басым шикізаттық емес салаларында серпінді және
инфрақұрылымдық инвестициялық жобаларды іске асырудың бас жоспарына сәйкес
Атырау облысында 2 серпінді жоба айқындалды, оладың іске асырылуы 2008-2012
жылдар кезеңінде жүзеге асырылатын болады. Бұл:
Жылына 800 мың тонна полиэтилен және 450 мың тонна полипропилен
шығару жөніндегі әлемдік деңгейдегі бірінші кіріккен мұнай-химия кешенінің
құрылысы. Мұнай-химия кешені жобасының құны 6,0 млрд. АҚШ доллары
мөлшерінде бағалануда. Жобаның бастамашысы арнайы құрылған компания -
ҚазақстанПетроКемикалИндастри АҚ.
Жылына 133 мың тонна бензол алу және хош иістендірілген
көмірсутектер (жылына 496 мың тоннаға дейін параксилол) шығару жөніндегі
кешеннің құрылысы. Жобаның құны 791 млн.АҚШ доллары. Жобаның бастамашылары
ҚазМұнайГаз ТД, Атырау мұнай өңдеу зауыты ЖШС.
Балық шаруашылығын баламалы дамытудың маңызды бағыттарының бірі
тауарлық бекіре шаруашылығының озық технологияларын қабылдау, шикі балық
аулау көлемдерін арттыру.
Осы мақсаттарда облыста екі жобаны іске асыру мәселесі пысықталуда:
• Тауарлық бекіре фермасын салу, қуаты жылына 85 тонна, бастамашысы –
Нұр ШҚ. Жобаның құны 107 млн. теңге. Жоба Каспий ӘКК ҰК-мен бірге
іске асырылатын болады.
• Бекіре тұқымдас тауарлық балықты өсіру және Атырау қаласының тұйық
сумен жабдықтау жүйесінде тағамдық бекіре уылдырығын алу жөніндегі
балық өсіру кешенін құру, қуаты жылына 100 тонна тауарлық балық, жыл
сайын тағамдық уылдырықтың 1 тоннасы. Жобаның құны 7-8 млн. АҚШ
доллары. Жобаның бастамашысы Қағазов ШҚӨңірде шағын және орта
бизнесті қолдаудың нақты шаралары алынып, барлық жағдай жасалып отыр.
Бизнестің жол картасы - 2020 бағдарламасы аясында республикадан
бөлінген 10 млрд теңгенің 600 миллионы біздің облысқа тиесілі.
Талаптарға сәйкес келетін жобаларды сараптайтын облыс әкімдігі жанынан
арнайы үйлестіруші кеңес құрылған.
Бүгінде монополия субъектісі ЖайықБалық
кәсіпорны құрылып, бұрыңғы АтырауБалық АҚ -тың мүлкі соның
қарамағына көшіп жатыр.
Одан басқа құны 9 млрд теңгеге көптеген су тазарту қондырғылары мен сумен
қамту жүйелерінің құрылысы жүргізілуде.

Игілік бағдарламасы бойынша осы бағыттағы ауқымды жұмыстар Құлсары
қаласында да атқарылуда. Халықтың тұрмыс-тіршілігіне тікелей әсер ететін
елді мекендерді газбен қамту жұмыстары жалғасуда. Бүгінде облыс 95 пайызға
газдандырылды. Ағымдағы жылы бөлінген 613 млн теңгеден астам қаражатқа
Атырау қаласының салынып жатқан жаңа ықшамаудандарын, Құрманғазы ауданының
14 елді мекенін, Исатай ауданының жаңа көшелерін және Махамбет ауданының
Өткел ықшамауданын газдандыру жүріп жатыр. Жыл басында табиғи газ Миялыға
жеткізіліп, Қызылқоға ауданының елді мекендерін газдандырудың 1-ші кезеңі
аяқталса, қазіргі күні оның 2-ші кезеңі басталып, Сағызға газ тартылып
жатыр.
Облыстың экономикалық дамуының маңызды көрсеткіші -
инвестициялық жобалардың жүзеге асуы десек, бұл тұрғыда Атырау облысында
үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде өңірлік
индустрияландыру картасына 7 инвестициялық жоба енгізіліп, оның төртеуі
ағымдағы жылдың І жартыжылдығында іске қосылды. Бұлар - газтурбиналық
қондырғыларды жөндеу және сервистік қызмет көрсететін және қуаты жылына 1,2
млн шаршы метр өнім беретін тұрғын үй құрылысы үшін жеңіл панельдер
шығаратын, қуаты жылына 120 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру
зауыттары мен 250 млн дана бір рет пайдаланатын шприцтер шығаратын зауыт
іске қосылды. Облыстағы ірі жобалардың іске қосылуымен қатар, облыс басшысы
аймақтың экономикалық дамуының негізгі факторларының бірі ретінде көлік
инфрақұрылымына ерекше тоқталды. Облыстың 250 көшесіне асфальт жол төселеді
деген болатын. Қазір осы салаға қосымша 3 млрд теңге бөлініп, тағы 50
көшеге жол салуға мүмкіндік туған. Осы қарқынмен, қала әкімінің мәліметі
бойынша, келесі жылы бүкіл Атырау қаласы мен қала маңындағы селолық елді
мекендерді асфальттау толықтай аяқталады. Бұдан өзге аймақ басшысының
айтуынша, өңірде тұрғын үй құрылысының қарқыны сақталып келеді. Биыл 144,8
мың шаршы метр немесе 1141 пәтер пайдалануға берілді. Өткен жылдың сәйкес
кезеңімен салыстырғанда 18 пайызға артық.
Бұл үйлер бірінші кезекте, облыстағы әбден тозып, ескіріп, артта қалған
мұнайлы ауылдар - Қошқар, Комсомол, Бек-бике елді мекендеріндегі
бауырларымызға беріліп, жағдайы бар жерге көшіру ісі аяқталды.
Инвестиция тартуда облысымыз республикада жетекші орында. 2009 жылы бұл
көрсеткіш 1 трлн. 83 млрд. теңгеге жетіп, 2008 жылдың көрсеткішінен 26,3
пайызға артты. Инвестиция салымдарының басым салалары кен өндіру
өнеркәсібі, көлік және байланыс болып табылады. Инвестициялардың жалпы
көлеміндегі олардың үлесі тиісінше 68,2 және 10,2 пайызды құрады.
Негізгі инвестиция салымдарын ірі кәсіпорындар жүзеге асырады, оның көлемі
былтырғы жылға қарағанда 35,7% өсті.

2010 жылдан бастап соның алғашқы бесжылдық жоспары жүзеге асырылады.
Мемлекет басшысы Үкіметке перспективалық дамудың неғұрлым басымдылыққа ие
нақты бағыттарын атап көрсетті.
Олар: агроөнеркәсіп кешені және ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу,
құрылыс индустриясы, мұнай өңдеу және мұнай-газ секторын дамыту,
металлургия және дайын металл өнімдерін шығару, химия және фармацевтика,
көлік және телекоммуникация.
2015 жылға дейінгі кезеңге арналған республикалық Индустрияландыру
картасына біздің облыс бойынша 3 жоба енгізілді. Олар: Атырау мұнай өңдеу
зауытын қайта жаңғырту, газхимиялық кешенін салу, Атырау Жылу Орталығын
кеңейту.
Өңірдің инвестициялық тартымдылығы халықаралық ынтымақтастықты
дамытудың маңызды стимулы болып табылады.
Соңғы жылдары Атырау облысында 53 шетел мемлекеттерінің елшілері мен
өкілдерінің ресми делегациясы мен халықаралық ұйымдар, қауымдастықтар және
бірлестіктер өкілдерінің іссапарлары болды.
Алыс және жақын шет мемлекеттермен өзара тиімді сауда-экономикалық
ынтымақтастықты дамыту және кеңейту жұмыстары жүргізілуде.
Облыстың сыртқы сауда айналымы 2009 жылы 15209,7 млн. АҚШ долларын құрап,
2008 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 33,4%-ға төмендеді, соның
ішінде, экспорт 13869 млн. АҚШ долларын құрап 34,9%-ға төмендеді, импорт –
1340,7 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2008 жылмен салыстырғанда 87%.
Осы кезеңде 12528,3 млн. АҚШ доллары мөлшерінде сауда балансының оң
сальдосы қалыптасты (өткен жылдың деңгейі – 19768,3 млн. АҚШ доллары).
Салықтар және бюджет. 2009 жылы 628 млрд. теңге сомасында бюджетке салықтар
мен басқа да төлемдер жиналды.
Облыс экономикасындағы кәсіпкерлік сектордың орны ерекше.
Жол картасы аясында облыста 10,2 млрд. теңге бөлініп, 47 инвестициялық
жобалар іске асырылды. Бұл облыстың әлеуметтік инфрақұрылымын жаңартуға,
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жағдайын жақсартуға, жолдарды ретке
келтіруге мүмкіндік берді.
Барлық жобалар бойынша 10774 жаңа жұмыс орындары ашылды.
13 мыңнан астам адам даярлау және қайта даярлау курстарынан өтті. Бұл
жоспарлаған межеден 2 есеге артық.
Шетел мамандарын алмастыру мақсатында 2500 маман даярлау үшін 22
компаниямен келісім шарт жасалды. Оқуын аяқтаған 912 адамның 90 пайызы
жұмысқа орналасты.Сайпем, Болашақ Атырау, Бонатти, КазЕН, Іскер
сияқты компаниялармен жұмыссыздарды кәсіби оқыту жөнінде Меморандумдарға
қол қойылды.

Атырау облысының өнеркәсіп салалары

Облыс түрлі пайдалы қазбалар қорларына бай, олар: құрылыс өндіісінің
шикізаттары (қор 52,7 млн. тоннаға бағаланады); калий тұзы (697 млн.тонна),
құрылыс тасы (41,2 млн.м.куб), гипс (21,0 млрд.тонна), ас тұзы (687,0 млн.
тонна), құм-қиыршық қоспасы (12,0 млн.м.куб), әктас (1,9 млн. м. куб), бор
(95,2 млн.тонна), бешофит (50,0 мың. тонна); минералды сулардың қайнар
көздері, натрий диоксиді, калции хлориді, магний хлориді, магний сульфаты,
олардың қорлары 898 млн. куб.метрді құрайды. Жайық-Каспий балық өнеркәсібі
Қазақстан Республикасының ішкі су қорлары арасында жетекші орынға ие. Балық
саласының дамуына бекіре тектес бағалы балық түрлерінің Жайық және Каспий
теңізінде болуы, уылдырық пен балықты дүниежүзілік рынокқа шығара алады.
Атыраубалық АҚ ірі уылдырық өндірудің арқасында көптеген елдерге
экспортталады. Каспий теңізінің жақын орналасуы өндіріс салаларының, яғни
балық шаруашылығы, балық өндіріс өнеркәсібі, кеме шаруашылығы
өндірістерінің дамуына жағдай жасайды. 2008жылы Исатай ауданының Аққыстау
селосындағы Дана шаруа қожалығы сүт өңдеу цехын, Индер ауданында ет өңдеу
цехы, Махамбет ауданында 2 жылыжай және Атырау қаласында 2 жылыжайды іске
қосылды.. Бұдан басқа Атырау қаласында қуаттылығы тәулігіне 3000 банка егін
өнімін шығаратын цех және Аққыстау селосында Даннис Сервис ЖШС қуаттылығы
тәулігіне 600 кг ет өңдейтін шағын ет өңдеу цехы іске қосылды.
Негізгі тамақ өнімдерінен: 18 тонна шұжық; 5784 тонна қалбырланған балық;
323 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей; 7370 тонна жаңа піскен нан
өндірілді. Атырау қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің артуына
Қазмұнайгаз ӨФ-ы, Атырау мұнай өңдеу зауыты, Қазтранойл,
Атыраубалық, Заман групп, ЖШС-рі, Атырау жарық, Облтрансгаз,
Атыраусушар, Атырау су арнасы, т.б. мекемелер ауқымды үлестерін қосуда.
2010 жылы 3319,5 мың тонна мұнай өнімі өңделді, одан 493,7 мың тонна
моторлық отын (бензин); 1122,2 мың тонна газойл; 1389,9 мың тонна отындық
мазут; 123,6 мың тонна мұнайлы кокс алынды. Электр қуатын өндіру 1442,9
млн.кВтсағ; жылу қуаты – 1624,4 мың гКал құрады.
Аймақтағы өнеркәсіп
өндірісінің құрылымында экономиканың кен қазу саласының үлесі басым. Бұл
саладағы өнімнің жалпы көлемі 1 трлн. 526 млрд. теңгеге жеткен. Қаңтар-
шілде айларында облыс бойынша 17 млн. тонна мұнай, 7 млрд. 586 млн. шаршы
метр газ, 1 млн. 3625 мың тонна шикізат өндірілген.2010 жылғы қаңтар-
шілдеде Атырау облысының өнеркәсіп кәсіпорындары арқылы 1 680 млрд.
теңгенің өнімі өндірілді, бұл өткен жылғы салыстырмалы кезең деңгейінен
17,9%-ға артық.
Облыста өнеркәсіп өндірісінің құрылымында қомақты үлесті кен өндіру
өнеркәсібі және карьерлерді қазу иеленіп, 2010ж. қаңтар - шілдеде оның
көлемі 1 526 млрд. теңгені құрады.

2010 жылғы қаңтар-шілдеде облыста 17 008,5 мың тонна мұнай, 7 586,2
млн.тк.м. жолай мұнайгаз және 1 362,8 мың тонна күкірт алынды.
2010 жылдың қаңтар-шілдесінде өңдеу өнеркәсібінде 139 млрд. теңгенің өнімі
өндірілді, бұл 2009 жылдың қаңтар-шілде айымен салыстырғанда 25%-ға артық.
Өндіріс көлемінің ауқымды өсуі тамақ өнімдері 1,7 есе, кокс және мұнай
өңдеу өнімдері 23,5% өндірісінде болды. 2010 жылғы қаңтар-шілдеде
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптау және Сумен жабдықтау,
кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуы және таратылуы қызметі түріндегі
кәсіпорындар арқылы 15 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өнеркәсіптік
сипаттағы қызмет көрсетілді, бұл облыстық өнеркәсіп өндіріс көлемінің 0,9%-
ын құрады. 2010 жылдың қаңтар-шілде айында кәсіпорындар арқылы 1 671,7
млн.кВт электр қуаты, 2 250,7 мың Гкал жылу қуаты және 20 442,1 мың.тк.м.
ауыз суы өндірілді.
Облыс аумағында өнеркәсіп саласында: Ембімұнайгаз ӨФ, Облтрансгаз КМК-
ны, Қазмұнайгаз, Прикаспийбурнефть Қазақстан, Теңізшевройл, АМӨЗ,
Атырауобллгаз ЖШС-рі, Атыраубалық, Атырау ЖЭО, Атыраужарық, Атырау
жылу желілері АҚ-ры, Атырау су арнасы КМК бар. Атырау облысында 15
кәсiпорын мұнай өндiрумен айнадысады. Шикi мұнай өндiруде ең үлкен үлес
салмағын Теңiзшевройл ЖШС және Ембiмұнайгаз ӨФ алады.
Теңiзшевройл ЖШС - Каспий теңiзiнiң солтүстiк-шығыс жағалауында
орналасқан Теңiз алып кен орнында және көршi Королевское кен орнында шикі
мұнайды өңдеу және сату жұмысын жүргізеді. 2010 жылы 13,9 млн. тонна мұнай
өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкесті кезеңінен 1,1 есеге артық, 7247,7 млн.
текше метр ілеспе мұнай газы өндірілді (104,9%).
Теңіз және Королевское кен орындарын өңдеуші Теңізшевройл ЖШС Екінші
Буын және қабатқа шикі газ айдау зауытын (ЕБЗШГЗ) пайдалануға енгізді. ШГЗ
жобасы қабатқа ілеспе газды қайта айдауға мүмкіндік береді. Бұл мұнай
қабаттарының қайтарымын елеулі түрде арттырып, күкірт түзілуін азайтады
және алауларда газ жағуды ең төменгі деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді.
Берілген жобалар Теңіз Кен орнынан жылына тұрақты шикі мұнайды өндіру
деңгейін 12-ден 24 тоннаға дейін арттыруға және газдың бір бөлігін қайтадан
коллекторға айдауға мүмкнідік береді. Аджип ККО болашақта Солтүстік
Каспий қайраңында өндірілетін мұнай мен газды дайындау жөніндегі Болашақ
кешенді қондырғысын салу жұмыстарын бастады. Мемлекетаралық келісімді іске
асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат жағдайы және оған баға беру
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ
Инвестиция-жедел экономикалық даму факторы ретінде
Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіп салаларында сапаны қамтамасыз етудің теориялық негіздері
Интеграция – арнайы білім беруді ұйымдастырудың жаңа формасы
Аймақтық саясат
Аймақтың климаттық көрсеткіштері
Маңғыстау облысының туристік әлуеті.
Күрделі қаржы бюджетін оңтайландыру
Лизинг
Пәндер