Адамзаттың келелі мәселелерін шешудегі мемлекеттің функциясы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 157 бет
Таңдаулыға:   

«Адамзаттың келелі мәселелерін шешудегі мемлекеттің функциясы» тақырыбына арналған

Реферат

Бұл жұмыс кіріспеден, екі үлкен тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.

Кіріспе бөлім-аталған тақырыптың зерттеудегі өзектілігі, зерттеудің мақсаты, міндеттері, теориялық маңыздылығы, дипломдық жұмыстың құрылымын ашып көрсетеді.

Бірінші тарау-қазіргі кездегі мемлекеттің түсінігі мен мемлекеттің мәніне, әлеуметтік тағайынына және мемлекет функцияларының теориялық негіздеріне арналған.

Мемлекет - бұл белгілі бір аумақ шеңберінде халықты ырқына көндіріп отыратын, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа міндетті заңдар мен ереже -қағидаларын шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын саяси ұйым. Мемлекеттің әлеуметтік тағайынына ымыра құралынан, қарама - қайшылықты жоққа шығарудан, халықтың әр тұрлі таптарында келісім мен ынтымақтыстық болуына мемлекеттің барлық қызметін жүзеге асыруынан, жалпы әлеуметтік бағыттылықты қамтамасыз етуден тұрады.

Мемлекеттің функциясы-мемлекеттің мәні мен әлеуметтік тағайынынан көрініс табатын, оның ішкі және сыртқы қызметінің негізгі бағыты.

Екінші тарау - қазіргі замандағы келелі мәселелердің түсінігі, мәні, қоғамдағы орнына арналады. Келелі мәселелер - бұл қоғамның әр бір саласында жағдайдың дағдарыстығын куәландыратын Жер планетасындағы халықтың біріктіретін, адамзат қызметінің нәтижесінде пайда болатын адамзаттың тіршілігі мен даму аспектісі.

Келелі мәселелердің - зерттеу жұмысында терроризм, экологиялық мәселелері қарастырылады. Зерттеу объектісі болып адамзаттың келелі мәселелерін белгілеу, оның пайда болу жайларын анықтау, оны шешу жолдары және мемлекеттің атқаратын қызметі болып табылады.

Жұмыста бірнеше арнайы терминдер қолданылады: мемлекет, мемлекеттің функциясы, келелі мәселелер, терроризм, террорлық актілер, терроршылдық, халықаралық терроризм, халықаралық ұйымдар, экологиялық дағдарыс, радиоэкологиялық, радиация, құқық, және заң.

Жұмыс 62 беттен тұрады.

ГЛОССАРИЙ

Биологиялық әртұрлілік - бір тұр аясында, тұрлер арасындағы және экологиялық жүйелердегі жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің әр тұрлілігі.

Биологиялық ресурстар - генетиқалық ресурстар, организмдер немесе олардың бөліктері, популяциялар немесе экологиялық жүйелердің адамзат үшін нақты немесе ықтимал пайдасы немесе құндылығы бар кез келген басқа да биотиқалық компоненттер.

Жаһандану - қоғамның белгілі бір саласында жағдайдын дағдарыс екендігін куәландыратын, адамзат қызметінің нәтижесінде пайда болған, халық пен мемлекеттерді біріктіретін адамзаттың тіршілігі мен даму аспектісі.

Қоршаған орта - атмосферелық ауаны, Жердің озон қабатын, жер бетіндегі және жер астындағы суларды, жерді, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай - ақ осылардың өзара әрекетінен туындайтын климатты қоса алғанда, табиғи және жасанды объектілердің жиынтығы.

Қоршаған ортаға келтірілетін залал -табиғи ресурстардың жұтандауы мен сарқылуы немесе тірі организмдердің қырылуын туындататын немесе туындататындай етіп қоршаған ортаны ластау немесе табиғи ресурстарды белгіленген нормативтерден артық алу.

Мемлекттің функциясы - мемлекеттік қызметтегі алдағы қойған мақсаттарды шешу жолындағы негізгі бағыт.

Сепаратизм - мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзуға әкеліп соғатын, оның ішінде аумақтың белгілі бір бөлігінің бұзылуын қамтитын, зорлық жолымен жасалатын, ондай әрекетті жоспарлаумен дайындауға бағытталған қылмыстық тәртіпке ұлттық заңдармен қудалануға жататын белгілі бір әрекет болып табылады.

Терроризм - адамдардың қаза болуына, мүліктеріне зиян әкелетін, қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болуына, жарылыс жасауға, өрт қоюға, қоғамдық не мемлекеттік аппараттың шешім қабылдауына ықпал ететін әлеуметтік саяси құбылыс.

Экстремизм - зорлық әдіспен билікті басып алуға немесе билікті күшпен ұстап алуға, сондай - ақ күштеп мемлекеттің конституциялық құрылысын өзгертуге және қоғамдық қаіпсіздікке қол сұғуға және қарулы күштерді заңсыз құруға бағытталған, ұлттық қылмыстық заңдармен қудалануға жататын белгілі бір әрекет болып табылады.

Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсер ету нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай - күйі.

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ . . .

1. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕМЛЕКЕТТің ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯСЫ . . .

Қазіргі кездегі мемлекеттің түсінігі, мәні және әлеуметтік тағайыны . . .

Мемлекеттің функциясының теориялық негіздері . . .

Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет ретінде келелі мәселелерді шешудегі орны . . .

2. АДАМЗАТТЫҢ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯСЫ . . .

Fаламдық мәселелердің қалыптасуы және олардың кұқықтық реттелуі . . .

Келелі терроризм мәселесі және оны мемлекеттік-құқықтық тұрғыдан шешу жолдары . . .

Ғаламдық экологиялық мәселелер және оларды мемлекеттік-құқықтық жолмен шешу . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ:

АҚШ - Америка Құрама Штаттары

БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы

ЖҚТБ - Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі

МАҒАТӘ - Атомдық энергия жөніндегі Халықаралық агенттік

ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы

НАСА - Астронавтика мен Ғарыштық кеңістік жөніндегі ұлттық басқарма ШҰҚ - Шанхай ұйымының қауымдастығы

ЮНЕСКО - Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Бүкіләлемдік ұйым

КІРІСПЕ

Диплом тақырыбының өзектілігі. Тақырып «Адамзаттың келелі мәселелерін шешудегі мемлекеттің функциясына» арналған.

Адамзат XXI ғасырға аяқ басар кезде әртұрлі келелі әрі ауқымды сипаттағы мәселелермен кездесіп отыр. Бүгінгі таңдағы келелі мәселелер әлемде болып жатқан эволюциялық үрдістерге біздің көзқарасымызды өзгертіп отыр. Атап айтқанда экологияляқ апаттардың жиі шиеленісуі, демографиялық өнімсіздік сияқты, экономиқалық дағдарыс секілді, азық-түлік мәселесі, қылмыстық көріністер оның ішінде терроризмнің дамуы, есірткі тасымалдау және пайдалану қылмысының қалыптасуы, жезөкшелік және т. б. пайда болуы секілді келелі мәселелер орын алуда.

Келелі мәселелер бұл бүкіл жер шарындағы адамзатты, мемлекеттерді ойландыратын, ауқымды түрде сипатталатын және бір адаммен, бір мемлекетпен шешуге жатпайтын, керісінше барлық халықпен, барша мемлекеттермен шешілуі тиіс жалпықауымдық мәселелер болып табылады.

Келелі мәселелер бір - бірімен тығыз байланысты. Мысалы, экологиялық мәселені шешу экономиқалық мәселенің шешілуінсіз мүмкін емес, елдің экономиқалық тұрғыдан қалуы халық саны мәселесіне әкеліп соғады.

Жалпы тақырыптың, зерттеу жұмысының өзектілігі аталмыш келелі мәселелердің алдын - алуына, жол бермеуінде, атап айтқанда мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұжымдар және барша қоғам тарапынан маңызды шешімдерді талап етуімен көрініс табады.

Мемлекеттің әрбір даму кезеңінде оның қызметі туралы мәселелер мемлекттің жалпы теориясында ең бір маңызды сұрақтардың бірі болып табылады.

Қазіргі заманның келелі мәселелері - экологиялық, терроризм, демографиялық, экономиқалық және т. б. жалпы адамзаттық құндылықтардың талаптық мүдделердің үстінде тұрғанын көрсетіп, оны елдің мемлекеттік аппаратын мақсат - міндеттерін шешуші етіп қояды.

Аталған ғаламдық мәселелер мемлекеттің ішкі және сыртқы функциясына да жатады.

Мемлекеттің басты қызметтендіру фукциясы: адамның игілігіне, оның материалдық, жеке, өнегелік, жетістіктеріне жоғарғы құқықтық және әлеуметтік қорғалуына бағытталған.

Мемлекет адамның мүддесін қорғауды және сақтауды қамтамасыз ету керек. Мемлекет тек адам арқылы қоғамдық жетістікке ықпал жасай алады және қоғамдық қатынастардың барлық жүйесін реттейді. Қоғамымызда болып жатқан құбылыстардың нысанына қарай адамзаттың мұндай келелі мәселелерін өз зерттеу жұмысымда екі түрін қарастырғанды жөн көрдім. Олар - терроризм және экологиялық мәселелері болып табылады.

Мемлекеттің әлемді қамтамасыз ету және әлемдік тәртіпті ұстану функциясы - бұл ретте әлемде халықаралық қылмыстылық аяқ жайып отыр. Ол қылмыстылыққа атап кеткендей бүкіл дүниежүзін дүр сілкіндіріп жатқан терроризм мәселелері, есірткі заттарын тарату, сонымен қатар ядролық қарулардың болуы сияқты мәселелерді жатқызуға болады. Халықаралық құқықтық тәртіпті реттейтін ядролық қаруларды сынауды тоқтату туралы халықаралық шарттар, және химиялық қаруды тоқтату және жою сияқты Конвенциялар маңызды құрал болып табылады.

Мемлекеттің экологиялық функциясы - адам мен оның тіршілік өмірі ортасында қауіптің пайда болуы басталғандағы адамның табиғатқа келелі ықпалын айқындайды.

Бүгінгі таңдағы батыс мемлекетттер қоршаған ортаның ластану мәселесін жеткілікті жетісті түрде шешуде. Ал біздің Кеңестік дәуірден қалған мемлекеттерде келелі мәселелер өршуде. Бұл ретте мемлекет аса маңызды назарын табиғатты қорғауға және оның ресурстарын мақсатты пайдалануға, қоршаған ортаны сауықтыру бойынша бағдарламалар жасауға, адамның табиғи ортаға ықпалының нәтижесін жоюға және бағдарламаларды қаржыландыру сияқты мәселелерге аударуы тиіс.

Аталмыш мәселелер халықаралық, сонымен бірге ұлттық деңгейде шешілуді талап етеді. Халықаралық деңгейде атап кеткендей халықаралық ұйымдардың ролі кеңейюде. Оның ішінде Бірікке Ұлттар Ұйымын белгілемесек қателік болады. Зерттеу жұмыстың ішінде аталған келелі мәселелерді шешуде үлкен көңіл Біріккен Ұлттар Ұйымының шарттарына, шешімдеріне, Конвенцияларына, революцияларына бөлінген.

Қазақстан Республикасы көптеген келелі мәселелермен кездесіп отыр. Оның ішінде экологиялық мәселемен де, терроризм, әлеуметтік мәселесімен де қақтығысқалы отыр.

Бүгінгі таңда елімізде экологиялық ахуалдың күрт нашарлауы, радиациялық сәуленің көбеюі, атмосфераның ластануы, радиоактивтік қалдықтардың өсуі халқымыздың болашағына алаңдаушылық туғызуда.

Бұл мәселелер бүгінгі күндерде жан ушықтыруда және тақырыбымның өзектілігі осыда деп есептеуге болады.

Диплом тақырыбының зерттелу дәрежесі. Мемлекет, оның мәні мен тағайыны түсініктерінің мәселелері алғашқы кезеңнен бастап философтардың, саясаттанушылардың және заңгерлердің назарында болды.

Аристотель, Платон, Ш. Л. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, А. Радищев, Әл-Фараби секілді антиқалық және ортағасырлық ойшылардың әйгілі еңбектерінде мемлекеттің тағайыны мен оның функциясы туралы ойлар айтылған.

Қазіргі кездегі мемлекеттің тағайыны мен функциясының сұрақтары Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектерінде жеткілікті түрде зерттелген, ол еңбектері «Сындарлы он жыл», «XXI ғасыр табалдырығында» және т. б. Мысалыға «Сындарлы он жыл» кітабы бүгінгі таңдағы ең негізгі және маңызды - ұлттық және ғаламдық қаушсіздік проблемасына арналған. Осы еңбекте Қазақстан жаһанданудың барлық жағымды және жағымсыз жақтарының әсерін көруде деп көрсетіледі.

Мемлекет жалпы теориясы мен мемлекет функциясының сұрақтарымен мемлекет және құқық теориясының проблемаларымен айналысатын танымал қазақ және орыс заңгер - ғалымдарының еңбектерінде қарастырылған. Мемлекет теориясына маңызды үлес қосқан орыс ғалымдарының қатарына БачилоМ. Л., Джунусов М. С., Ефимов В. И., Киров В. И., Кавлера А. И., Қозлихин И. Ю., Кравц И. А. және т. б. жатады.

Мемлекет теориясына маңызды үлес қосқан қазақстандық заңгер ғалымдары болып: Сартаев С. С., Зиманов С. З., Сапарғалиев F. C., Баймаханов М. Т., Ким В. А., Кенжалиев З. Ж., Ибраева А. С., Малиновский В. А., Майлыбаев Б. А. және т. б. табылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыстың басты мақсаты адамзаттың ғаламдық мәселелерін шешу және реттеуге байланыста қазіргі кездегі мемлекеттің функциясын дербес функция ретінде қарастыру, Қазақстан Республикасының осы функцияны орындаудағы құқықтық негіздерін қарастыру болып табылады.

Осыған байланысты жұмыста келесідей міндеттер қойылған:

1. қазіргі кездегі мемлекеттің мәнін және әлеуметтік тағайының анықтау;

  1. мемлекет функциясының топтастырылуын, мемлекеттеің функциясын жүзеге асырудың әдістері мен нысандарын қарастыру;
  2. адамзаттың ғаламдық проблемаларын реттеудегі мемлекет функциясының теориялық негіздерін анықтау;
  1. адамзаттың проблемаларын реттеу үшін негіз болып табылатын заңнамаларды талдау;

5. адамзаттың ғаламдық проблемаларын реттеу саласындағы
мемлекеттің функциясын жетілдіру мақсатында тәжірибелік ұсыныстар жасау.

Диплом тақырыбының объектісі мен пәні. Жұмыстың объектісі болып ұлттық қауіпсіздікті және басқа мемлекеттермен ынтымақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған қазіргі кездегі мемлекеттің функциясы табылады. Осы объект шеңберінде зерттеудің пәні анықталады, оған адамзаттың ғаламдық мәселелерін реттеу мен шешуге байланысты қазіргі кездегі мемлекеттің функциясының негізгі бағыттары жатады.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысы нәтижелерінің теориялық маңызы адамзаттың келелі мәселелерін реттеу саласындағы мемлекеттің функцияларына байланысты теориялық тұжырымдарды, пікірлерді толықтырумен көрінеді.

Зерттеу жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы еліміздің жоғарғы оқу орындарда, заңтану мамандығында мемлекет және құқық теориясы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы пәндері бойынша дәріс жүргізу кезінде қолдануға болады.

Жұмыс нәтижелерінің жаңалығы. Жұмыстың жаңалығын келесідей түрде көруге болады:

  • аталған тақырып толық ашылайын деп отыр;
  • адамзаттың ғаламдық мәселелері зерттеудің объектісі ретінде жан - жақты талқыланып отыр;

- жұмыста аталған мемлекеттің функциясын ұтымды жүзеге асыру үшін ұсыныстар беріліп отыр.

Дипломдық жұмыс өз құрылымы бойынша рефераттан, глоссарийдан, кіріспеден, екі үлкен тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІ, МӘНІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯСЫ

1. 1 Қазіргі кездегі мемлекеттің түсінігі, мәні және әлеуметтік тағайыны

Тақырыбымның өзектілігіне қарамастан, бастапқы ретте мемлекетке түсінік бере отырып, оның мәнін, әлеуметтік тағайынын айтқаным жөн болар деп ойлаймын. Өйткені аталған тақырып келелі мәселелердің шешуіндегі мемлекеттің қызметіне арналған ғой, ал ол дегеніміз тікелей мемлекетке оның мәніне, жүргізетін саясатына бағытталған.

Күні бүгінде мемлекеттің анықтамасына сан қырлы ойлар қалыптасқан. Кейбір ғалымдар мемлекетті әлі күнге дейін таптық қарама - қайшылықтың өкілі ретінде талқылайды, басқалары - қоғамның әрбір қабатындағы қақтығыстарды реттеу құралы ретінде көреді. Осыдан оның мәнін көруге болады. Бірінші кезекте - мемлекеттің полициялық мәні десек те болады, ал екіншіден - ол делдалды қызмет атқаратының көреміз.

Толығымен айтқанда мемлекет белгілі бір аумақта әрекет ететін, белгілі бір адамдар тобына әрекет ететін, өз аумағында жалпыға міндетті нормативтік - құқықтық актілерді шығаратын және осы актілердің сақталуын қамтамасыз ету үшін күштеу аппаратына ие саяси ұйым болып табылады. Демек, мемлекет - ол негізгі мақсаты қоғамды басқару, қоғамда тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың куқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылатын көпшілік саяси биліктің ерекше тетігі. [1, с. 19] .

Марксизм ғылыми түрде саяси билікті - мемлекеттің негізгі белгісі екендігін және оның мәнінінің мазмұны болғандығын негіздеген. Мемлекет өзінің мәні бойына қоғамның саяси билігінің ұйымдастырылуы болып табылады.

«Саяси билікті, - Карл Маркс пен Фридрих Энгельс, - бір таптың екішпі тапты ұйымдық күштеу арқылы басу» - деп жазған. Ф. Энгельс -«Мемлекетті - тап арасындағы қайшылықты басатын машина деген мұны неге айтып отырмыз десек? - мемлекеттің таптық және адамзаттық мәнін айту үшін айтып отырмыз.

Әр бір мемлекет таптық міндеіттерді шешумен қатар жалпы адамзаттық міндетті де орындайды. Мемлекеттің жалпы адамзаттық тағайыны кең тұрғыдан алғанда әлеуметтік ымыра құралынан, қарама қайшылықты жоққа шығарудан, халықтың әртұрлі таптарында келісім мен ынтымақтастық болуынан мемлекеттің барлық қызметін жүзеге асыруынан, жалпы әлеуметтік бағыттылықты қамтамасыз етуден тұрады. [2 , 0. 85-87] .

Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік - тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.

Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай - ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.

Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекетет етін басқалардан ерекшелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде ұғынамыз.

Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес.

Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.

Мемлекет - қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, топтардың қарым - қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым.

Мемлекет - қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.

Сонымен, мемлекет - саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы мүмкін. Бірақ мемлекет - ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен, соның атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым. Мемлекет қоғамның атынан қоғамның ішінде де, басқа мемлекеттермен қатынастарда да қызмет атқарады. [3, 33-38 бб. ] .

Сондықтан мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және басқа саяси ұйымдардан оны ажырататын белгілері бар. Оларға жататындар мыналар: Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі - ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптастырып, өз еркімен жүзеге асырады. Былайша айтқанда, басқа мемлекеттерге жалтақтамай, өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізеді. 2) Билеуші органдар. Мемлекеттің ерекше билеуші, басқарушы органдары болады. Мемлекет органдарында тек басқару қызметімен шұғылданатын шенеуніктер (қызметкерлер) болады. Қоғамдағы заңды орнықтырылған тәртіпті қамтамасыз ету үшін мемлекет әскер, полиция құрады. Сыртқы жаулардың жансыздарынан сақтану үшін қарсы барлау органын ұйымдастырады. 3) Мемлекет органдарын, оларды істейтін қызметкерлерді қаржыландыратын оның арнаулы материалдың қоры болады.

Ол жасау үшін мемлекет алым - салық белгілейді және оны жинайды. 4) мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады. Сол аумақта мемлекет кұрылады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. Өз аумағының тұтастығын мемлекет барлық күш-қуатын сақтап, қорғауға тынымсыз әрекет жасайды. Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін әкімшіліктерге бөлінеді. Халық әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлініп тұрғандықтан, олардың құқықтық жағдайы соған байланысты болады. 5) Мемлекеттің күрделі белгілерінің бірі жүйенің қалыптасуы.

Қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады. Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілеттігі бар органдар болады. Сол құқықтық нормалардың жиынтығы мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды.

Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты. Мемлекет, саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойынына алады. Әрине, бұл тоталитарлық мемлекеттің түсінігі емес, демократиялық сипаттамасы, мазмұны. Мемлекеттің қоғамдық саясатты орындаудағы ерекшеліктері:

  • мемлекет саяси жұмысын қоғам көлемінде заңды күші бар құқықтық нормалар арқылы жүргізеді;
  • мемлекет қоғамдық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтап, басқарып отырады;

- мемлекет ішкі - сыртқы істерді атқаруға, егеменді тәуелсіз аппарат.

Мемлекет қоғамның саяси жүйесіне кіретін барлық ұйымдарды, бірлестіктерді, одақтарды, ұжымдарды біріктіріп, көмек жасап отырады.

Мемлекет барша елдің ресми өкілі болып саналады, себебі, ол қоғамды қандай да болсын ерекше бөлшектерге бөлмей қоғамнаң, халықтың мүддесін қанағаттандыру үшін қызмет атқарады. Мемлекеттің тарихи даму барысында қалыптасқан, тек оның өзіне ғана тән құрылымы бар. Мемлекет өз қызметін атқару үшін ерекше ұйымдардан тұрады: ол мемлекет органдары. Саяси жүйенің басқа бөлшектерінің мұндай құрылымы болмайды. [4, 57-58 бб. ]

Қазіргі кездегі мемлекет машина, қару, мәжбұрлеу механизмі ғана емес, сонымен бірге өркениеттің орналасуына маңызды рөл атқарған үлкен әлеуметтік және мәдени құндылық. Мемлекет өзімен әлеуметтік тәртіп, тұрақтылық әкеледі.

Мемлекетке деген осындай мәдени көзқарас бүгінгі таңда өте маңызды, ол мемлекеттің рөлін адам және азаматтардың құқықтары мен (Бостандықтарын, қазіргі кездегі экологиялық, демографиялық, энергетиқалық, шикізат және т. б. жаһандық дағдарыс шарттарында қоғамның жойылмай қалуына мүмкіндік беретін демократиялық процестерді сақтаушы ретінде анықтайды.

Мемлекет қоғамға саяси билікті жүзеге асырудың жалғыз қаруы болып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттік емес сипаттағы ұйымдар саяси партиялар және қозғалыстар, кәсіподақтар, еңбек ұжымдары, діни ұйымдар және т. б. Олардан мемлекет өзінің ішкі және сыртқы функциясын жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік органдарының нақты құрылған жүйесімен ерекшеленеді. Осы органдардың жиынтығы мемлекеттің механизм» терминімен белгіленеді.

Мемлекеттің мәні - мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты өзегі, яғни басты жемісі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғаудағы рөлі
Әлемдік мәселелердің экономикалық жақтары
Жаһандану кезеңіндегі мемлекеттің функциялары
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Қазақстан - халықаралық сахнадағы
ЕЛ БІРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗДЕ НАСИХАТТАЛУЫ
Этнопедагогиканың әдіснамасы
Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары. Әлеуметтенудің негізгі теориялық тұжырымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz