Қазақстандағы ақша-несие жүйесін реттеу


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . …… . . . …. 3

1. Ақша-несие жүйесінің теориялық негіздеріне сипаттама . . . 5

1. 1. Ақша-несие жүйесінің құрылымы, мәні . . . 5

1. 2. Орталық банктің ролі мен ұйымдастыру негіздері . . . 6

1. 3. Орталық банктің реттеу және бақылау ережелеріне сипаттама . . . 14

2. Қазақстандағы ақша-несие жүйесін реттеудегі ұлттық банктің рөліне талдау . . . 38

2. 1. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қазіргі жағдайы . . . 38

2. 2. Қазіргі кездегі ақша несие саясатының ерекшеліктеріне талдау . . . 42

2. 3. Коммерциялық банктердің қызметін реттеу әдістері . . . 48

3. Ұлттық банктің ақша-несие жүйесін реттеуді жетілдіру жолдары . . . 59

3. 1. Банк қызметін экономикалық және құқықтық реттеудің жетілдіру жолдары . . . 59

3. 2. Банктің несиелік тәуекелдіктің жолдары. . ………. …. . 61

3. 3. Банктік жүйелердегі бәсекелестікті қадағалау . . . 65

Қорытынды . . . 68

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . … . . . 72

Қосымшалар . . . ………. … . . . 75

Кіріспе

Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері - 28 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

2006 жылдан бастап, "Ұлттық банкі туралы" ҚР заңына жасалған соңғы толықтырулар мен өзгерістердің кейінгі Ұлттық банкінің басты міндеті - еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктелді;

- мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау;

- төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;

- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамысыз ету;

- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Соңғы уақытта Қазақстанның банкілік жүйесінің қалыптасуында маңызды өзгерістер болды. Банк-жетекшілер анықталды, банкілік мамандандырудың негізгі бағыттары қалыптасты, қаржы институттары арасында тапсырыскерлер қорын бөлу аяқталды.

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуін, оның жұмыс істеу тиімділігінің артуын, қажетті инфрақұрылымның құрылуын несиелендіру қатынасын қолданбай және оны ары қарай өркендетпей қамтамасыздандыру мүмкін емес.

Несиенің пайда болу және өркендеу мүмкіндігі капиталдың ауыспалы айналымымен және айналымымен байланысты. Капиталдың негізгі және айналымды қозғалысы процесінде ресурстарды босатып алу жүреді. Еңбек құралдары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылады, олардың құны дайын өнімдер құнына бөлшекті беріледі.

Қазіргі кезде Қазақстандағы шағын бизнестің өркендеу жағдайы қоғамның қажетсінуіне алыс сәйкестікте емес. Бұл тарихи түсінікті жағдай. Нарыққа өтпес бұрын Қазақстан экономикасын ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар - социалистік индустрияның флагмандары құрды. Одан өзге, онымен қатаң және компромиссіз күрес жүргізілді, өйткені шағын кәсіпкерліктің өркендеуі социалогиялық идеология негізінің беделін түсіретін еді.

2007 жылдың ішінде байқалған, ұлттық валютаның нығаюы тенгемен берілетін несиелердің артуына және соған сәйкес несиелік салымдардың долларлану дәрежесінің төмендеуіне әкелді, бұл бәрінен бұрын тенге бағамының АҚШ долларына қатынасы бойынша нығаюымен түсіндіріледі.

Шағын және орта бизнес секторындағы жұмыс жағдайын жақсарту үшін Қазақстан Республикасының мемлекет басшысымен және Үкіметімен оның өркендеуіне кедергі келтіретін жетімсіздіктерді болдырмауға бағытталған шаралар қабылданды.

Өзінің Қазақстан халқына үндеуінде Президент Н. А. Назарбаев “Келесі мәселелерді сатылы шеше отырып шағын және орта бизнесті беріктендіру қажет:

- салықтық алымды төмендету;

- меншікті және активті жариялы ету;

- несие ресурстарына шығуды жеңілдету;

- әкімшілікті процедуралар мен рұқсаттарды күрделендірмеу;

- бюрократтықтан және бақылау - тексеру органдарынан қору;

- шағын және орта бизнесті қолдаудың регионалдық орталықтарын құру, маркетингтік зерттеу жүргізуде, кәсіпқойлығын жоғарылатуда, орталықтандырылған бухгалтерия құруда көмек көрсету».

Қазақстан халқына мемлекет басшысының жолдауындағы ережелерге сәйкес, қазіргі этапта агроөнеркәсіптік салалар басымшылықты болады. Осыған байланысты шағын және орта кәсіпкерліктің өркендеуінің басымды бағыты, қаралатын кезеңдегі, саланың минералды тыңайтқыштар, ауыл шаруашылығы машинасын жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты ауыл шаруашылықты бағыты болады.

Қорыта келіп айтатын болсақ, шағын және орта бизнестің өркендеуін қамтамасыз ететін Үкіметпен қабылданған шараларға қарамастан, жүргізілген зерттеулер экономиканың осы секторының өркендеуіне кедергі келтіретін келесідей проблемалардың бар екенін куәлендіреді :

  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған, қабылданған заңдық және бағдарламалық құжаттардың толық орындалуы жеткіліксіз;
  • тиімді өндірістік - шаруашылықты қызмет үшін отандық өндірушіге қажетті нарықтық инфрақұрылымның өркендемеуі;
  • несиелік ресурсқа шығу қиындығы;
  • өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетудің стандартталу және сертификатталу жүйесінің қолданудағы жүйесінің жетілмегендігі, ол отандық тауар өндірушілерге шет елдік компаниялармен бірдей бәсекелесуге мүмкіндік бермейді.

Бұл қазіргі кезде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу аймағандағы, құрылыс материалдарын шығарушы және металл бұйымдарын жасаушы, резеңке және синтетикалық шайырлар шығарушы кәсіпорындардың. Экономиканың қаралатын секторындағы жұмыстың күрт өзгерісі болуы үшін Қазақстандағы шағын және орта бизнесті өркендету және қолдаудың кезектегі мемлекеттік бағдарламасында осы мәселелерді жоятын шаралар енгізу қажет.

1. Ақша-несие жүйесінің теориялық негіздеріне сипаттама

  1. Ақша-несие жүйесінің құрылымы, мәні

Орталық банк мемлекеттік ақша-несие жүйесін анықтайтын және жүзеге асыратын ұйым болып табылады.

Ақша-несие жүйесінің басты мақсаты ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Ақша-несиежүйесінде негізінен айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығын жүргізеді.

Ақша-несие жүйесінің макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - орталық банк болып табылады. Ақша-несие жүйесінің Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жүргізеді.

Ақша-несиежүйесінің негізгі бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық банк қатаң ақша-несие жүйесін жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие жүйесінде келесі құралдарды қолданады:

1. Сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу;

2. Ең төменгі міндетті резевтер нормасын белгілеу;

3. Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргізу;

4. Банктерге және укіметке несиелер беру;

5. Валюталық нарықта интервенциялау;

6. Кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несие бойынша сұраныс мен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банкінің заң актілері, ҚР Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі - ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуге қолданылады.

Ақша несие жүйесінде Ұлттық банктің айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарып сату және сатып алумен байланысты операциялары атқарылады.

Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің өтімділігі және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссия-лауын шектеуді білдіреді.

Жалпы ақша-несие жүйесіндегі жүргізілетін негізгі қызметтер:

- несиелік операциялар;

- валюталық интервенция;

- бағалы қағаздар нарығы;

-зейнетақы қорлары;

- сақтандыру қорлары.

Ұлттық банк ақша-несиежүйесінің атқаратын қызметтің негізгі бағыттары Ұлттық банк пен ҚР Үкіметі біріге қадағалау жасап отырады. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.

Ақша-несие жүйесі Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілетін ақша-несие саясатына деген нарықтың қатысушыларының үлкен сенемін қамтамасыз етеді. Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сактауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрі қарай дамуына және банк жүйесінің ңығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады. [22, 55б]

1. 2. Орталық банктің ролі мен ұйымдастыру негіздері

  • Қазақстан Ұлттық Банкiн орталық банк деп атаймыз. Қазақстан орталық банк iнiң құрылымы және органдары. Оларды қалыптастыру тәртiбi және құзыретi. Қазақстанның Ұлттық Банкi тiкелей бағынуын сиапттайтын орталықтандырылған біртұтас құрылымды бiлдiредi. Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымына департаменттерден және басқа бөлiмшелерден тұратын орталық аппарат, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi. Қазақстанның Ұлттық Банкi орталық аппарат бөлiмшелерiнiң, өз филиалдарының, өкiлдiктерiнiң және ұйымдарының қызметтерiне аудиттi және тексерудi жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жоғары органы Басқарма болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрт лауазымды тұлғасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң бiр өкiлi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң екi өкiлi, сондай-ақ уәкiлеттi органның басшысы кiредi. Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасы Yкiметiнен және Қазақстанның Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына мүшелердi тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы тағайындайды және босатады. Қазақстан Ұлттық Банкi : :- мемлекеттiк ақша-кредит саясатын мақұлдау;
  • банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есептiң, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналымының, валюта операцияларын және олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларда қызметтiң өзге де түрлерiне қатысты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту; - Қазақстан Республикасы Президентi бекiткен тұжырымдама негiзiнде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын, сондай-ақ дизайнын айқындау, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы банкноттары мен монеталарын шығару, банкноттар мен монеталардың дизайны немесе нысаны өзгерген кезде оларды ауыстыру, сондай-ақ ескi және бүлiнген банкноттар мен монеталарды айырбастау тәртiбiн белгiлеу туралы шешiмдер қабылдау; - коллекциялық және инвестициялық монеталарды шығару тақырыбын, дайындау таралымын, қоспасын, шығарылатын мерзiмi мен күнiн айқындау; - басқа елдердiң тапсырыстары бойынша коллекциялық монеталар соғу туралы шешiм қабылдау;
  • Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банкноттар мен монеталарды сату және сатып алу тәртiбiн; айқындау;
  • ресми қайта қаржыландыру ставкасын белгiлеу;
  • қызметiнiң ерекше түрi шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргiзу болып табылатын уәкiлеттi ұйымдарға берiлетiн шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға берiлген лицензияны қоспағанда, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу туралы шешiмдер қабылдау;
  • банктерде операциялар жүргiзуге сенiмхат берудiң тәртiбiн белгiлеу;
  • алтынвалюта активтерiн басқарудың негiзгi принциптерiн айқындау;
  • монетарлыққа жатқызылатын қызметтi айқындау;
  • Қазақстан Ұлттық Банкi, оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары қызметкерлерiнiң еңбек жағдайын, оған ақы төлеудi, әлеуметтiк-тұрмыстық қамтамасыз етудi, бiліктiлiгiн арттыруды және қайта даярлауды айқындау және бекiту;
  • уәкiлеттi орган басшысының ұсынуы бойынша оны қаржыландырудың жалпы сомасын бекіту;
  • "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықаралық және өзге де ұйымдарға Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қатысуы туралы шешiмдер қабылдау;
  • Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң (Директораттың) құрамын бекiту;
  • қызметiн реттеу мен қадағалау уәкiлеттi органға және Қазақстанның Ұлттық Банкiне жүктелген ұйымдар үшiн бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарларын, бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк бойынша нормативтік құқықтық актiлердi, сондай-ақ халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және оларға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлік есеп стандарттарын және оларға әдістемелік ұсынымдарды бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк жүйесiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның келісiмi бойынша бекiту;
  • банк болып табылмайтын заңды тұлғаларға Қазақстан Ұлттық Банкінде банктiк шоттар ашудың шарттарын айқындау;
  • Қазақстан Республикасының аумағында шығарылатын немесе аумағына әкелiнетін вексель қағазының қорғалу дәрежесiне қойылатын талаптарды, сондай-ақ вексель қағазына қойылатын техникалық талаптарды бекiту;
  • Қазақстанның Ұлттық Банкi берген кредиттер бойынша банктердің және басқа ұйымдардың Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы берешегiн қайта құрылымдау шарттарын айқындау;
  • Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымын, жалпы штат санын, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң еңбекақы төлеу жүйесiн және Қазақстанның Ұлттық Банкi туралы ереженi, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қарау, мақұлдау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң бекiтуiне ұсыну;
  • банктер үшiн ең төменгi резервтiк талаптардың нормативiн бекiту;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын есептi бекiту;
  • Қазақстан Республикасы Парламентiне Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару нәтижелерi туралы жыл сайын ақпарат беру;
  • өкiлеттiгiне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенiмгерлiк басқару бойынша шұғыл шешiмдер қабылдау кiретiн лауазымды тұлғаны (өкiлеттi өкiл), (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейдегi) айқындау;
  • Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ресми бағамы белгіленетiн шетел валюталарының тiзбесiн айқындау;
  • бағалы қағаздар эмитенттерiнiң кредиттiк рейтингiсiнiң ең төменгi деңгейiн айқындау;
  • Қазақстан Ұлттық Банкiнiң консультативтiк-кеңесшi органдарын құру туралы шешiмдер қабылдау;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiн айырбастау және қайта айырбастау ережелерiн бекiту;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерiне сыртқы басқарушылар таңдау тәртiбiн айқындайтын ережелердi бекiту;
  • банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға реттелуi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ықпал ету шараларын және санкциялар қолдану тәртiбiн айқындайтын ережелердi бекiту кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзыретiне кiретiн кез келген мәселенi қарауға әрi шешiм қабылдауға құқылы. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының отырыстары қажеттiгiне орай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Басқарма отырыстары Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орнындағы адам жүргiзедi. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының отырыстары демалыс және мереке күндерiн қоса алғанда, кез келген күнi және тәулiктiң кез келген уақытында өткiзiлуi мүмкiн. Басқарма отырыстары өткiзiлетiн орынды Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам белгiлейдi. Басқарма отырыстары қажеттiгiне орай бiрнеше күн бойы өткiзiлуi (жалғасуы) мүмкiн. Мұндай жағдайда Басқарма отырыстары соңғы күнi шешiм қабылданған күн болып саналады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам, не Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен бiрi аса шұғыл және маңызды мәселелердi талқылау үшiн Басқарманың кезектен тыс отырыстарын өткiзудi талап етуге құқылы. Басқарма отырысына нақты мәселе бойынша қатыса алатын адамдар тобын (Басқарма мүшелерiнен басқа) Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы айқындайды. Басқарма шешiмi арасында Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам болуға тиiстi Басқарма мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда Басқарма мүшелерiнiң жай көпшiлiк дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының даусы шешушi болып табылады. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi сауалнама арқылы да қабылдануы мүмкiн. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Басқарма шешiмiн өзiнiң қарсылықтарымен бiрге қайталап талқылау және дауысқа салу үшiн бiр апта мерзiмнен кешiктiрмей қайтаруға құқылы. Егер Басқарма жалпы санының үштен екiсiне тең дауыспен бұрын қабылданған шешiмдi бекiтсе, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы шешiмге қол қояды.

Басқарманың жекелеген мүшелерiнiң тұрақты жұмыс орны Қазақстанның Ұлттық Банкi орталық аппаратының орналасқан жерiне сәйкес келмейтiнiн ескере отырып, сондай-ақ Басқарманың кейбiр мүшелерi қызметтiк iссапарларда болу немесе өзге де дәлелдi себептермен болмаған жағдайларда талқыланатын мәселелердi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы олармен телефон не басқа да байланыс құралдарын пайдалана отырып сөйлесу арқылы келiсе алады. Қабылданған шешiм бойынша олардың кейiннен өз көзқарастарын растауы Басқарма қаулысына қол қою кезiнде ресiмделедi.
Басқарма өз құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.
Басқарма мүшелерiнiң Басқарма отырысы талқыланатын мәселе бойынша Басқарма отырысы басталғанға дейiн жазбаша бiлдiрiлген және осы отырыс басталғанға дейiн шешiмiн таппаған, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық Банкi Төрағасының, не оның орнын басатын адамның шешiмi жөнiнде түбегейлi келiспеушiлiктерi болған жағдайда, Басқарма отырысында хаттама жүргiзiледi. Мұндай жағдайда Басқарма отырысы хатшысының жұмысын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, не оның орнындағы адам Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының кез келген мүшесiне немесе Қазақстан Ұлттық Банкiнiң өзге де қызметкерiне жүктеуі мүмкiн. Басқарма отырысына енгiзiлетiн мәселелер бойынша материалдар қаулыны шығаруға (ресiмдеуге) тiкелей жауап беретiн, оларды алдын ала қарау үшiн Басқарма мүшелерiне Басқарма отырысы басталғанға дейiн он күннен кешiктiрмей жiберетiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бөлiмшесiне берiледi. Басқарма Төрағасы материалдарды алдын ала қарауға неғұрлым қысқа мерзiм белгiлеуге құқылы. Қазақстанның Ұлттық Банкi Басқармасының жұмыс тәртiбi оның регламентiмен айқындалады.

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi Қазақстан Ұлттық Банкiн оралымды басқару органы болып табылады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы мен Төрағасының (немесе оның орынбасарларының) құзыретiне кiретiн мәселелердi қоспағанда, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құзырындағы мәселелер жөнiнде шешiм қабылдайды. Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Ұлттық Банкi бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiтедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің пайыздық саясаты
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы, қызметі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ РЕФОРМАЛАНУЫ
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Несие жүйесінің түсінігі
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Қаржы нарығының теориялық негіздері
Несиелік мекемелердің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz