Мөңке балығы


РЕФЕРАТ
Бітіру жұмысы 34 беттен тұрады, оның құрамына 6 сурет, 7 кесте, 1 график, 1 диаграмма, 24 әдебиеттер тізімі кіреді.
Кілттік сөздер: алтын түсті мөңке, күміс түсті мөңке, тоған шаруашылығы, жерсіндіру, өрістеу, популяция, бір жынысты, қос жынысты, тұқымдылық, қоңдылық коэффиценті
Зерттеу обьектісі болып мөңке ( С. carassius ) балығы табылады.
Бітіру жұмыста мөңке балығының биологиясы мен экологиясы, шаруашылықтағы маңызы туралы және билогиялық, морфологиялық белгілеріне талдау жасалынды.
МАЗМҰНЫ бет
КІРІСПЕ . . . 4
1 . ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ . . . 5
1. 1 Мөңкенің сипаттамасы, таралуы . . . 5
1. 2 Мөңкенің биологиялық сипаттамасы . . . 6
1. 3 Мөңкенің көбеюі, өсіп дамуы . . . 10
1. 3. 1 Мөңкенің тұқымдылығы . . . 13
1. 4 Мөңкенің шаруашылық маңызы . . . 14
2 . МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ . . . 16
2. 1 Зерттеу жүргізілген аудандардың қысқаша сипаттамасы . . . 16
2. 2 Әдістеме . . . 17
3 . НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ТАЛҚЫЛАУЛАР . . . 20
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ … . . . 30
КІРІСПЕ
Мөңке C. carasius (L) саны жағынан кең таралған балық. Тек Испанияда оны жасанды өсіреді, ал Францияда тіпті кездеспейді [1] . Эльзаста және Лотарингияда аз мөлшерде кездеседі. Қырым мен Закавказьде ол жоқ болуы мүмкін. Шығыстан мөңке Сібірге барады және Шығыс Камчаткада кездеседі. Мөңке басқа тұщысу балықтарымен өзінің домалақ денесімен және қырлы құрсағымен оңай ажыратылады. «Карась» сөзінің мағынасың өзі- толық, семіз деген мағына білдіреді. Өзінің биік, жалпақ денесімен, мұртшасының болмауымен, сонымен бірге жұтқыншақ тістерінің құрылысына да байланысты мөңке басқа туыстарынан ерекшеленеді.
Мөңке басқа балықтармен салыстырғанда әртүрлі жағдайларда да өзінің түсін, көлемін және өзінің пішінін өзгертіп өмір сүре алады. Алтын түсті мөңке мен күміс түсті мөңкенің айырмашылығы аттарынан байқалып тұр. Алтын түсті мөңке жалпақтау, әдетте қою түсті, кейде қызыл кейде қызғылт - алтын түсті болып келеді. Күміс түсті мөңке денесі ұзынырақ, арқасы дөңес емес, қабыршақтары күміс түсті, кейде қаралау түс береді, құйрығының айыры үлкенірек. Тоқтау суларда, өзендердің сағасында тіршілік етеді. Бұлардың уылдырықтары жабысқақ болғандықтан су құстарының қауырсындарына жабысып бір жерден екінші жерге ауысып отырады, ол уылдырықтар көбейіп, бірнеше жылдан соң ешқандай балық тіршілік етпейтін суқоймаларда мөңкелер тіршілік етіп жүреді. Мөңкелер барлық суларда тіршілік ете алады. Оның семіз денесі судың қатты ағысына қарсы тұра алмайтындықтан құмды немесе тасты жерден қорегін табуы қиындау болады және жыртқыштардан қорғана алмайды [2] .
Бітіру жұмыстың мақсаты: Мөңке балығының морфологиялық және биологиялық көрсеткіштерін зерттеу болып табылады.
Бітіру жұмыстың міндеттері:
1. Мөңке балығы бойынша жасалған ғылыми зерттеу жұмыстарына шолу жасау;
2. Шелек тоған шаруашылығында және Қазақ өндірістік жерсіндіру стансасынан жиналған мөңке балығының биологиялық және морфологиялық көрсеткіштерін өлшеу;
3. Алынған нәтижелерді қорытындылау.
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1. Мөңкенің систематикасы, таралуы
Тип: Chordata - Хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata (Craniata) - Омыртқалылар (басқалқандылар)
Бөлім: Gnathostomato - Жақтылар
Класс үсті: Pisces - Балықтар
Класс: Ostichthyes - Cүйекті балықтар
Класс тармағы: Actinopterygii - Сәуле қанаттылар
Отряд: Сypriniformes - Тұқытәрізділер
Отряд тармағы: Cyprinoidei - Тұқытектестер
Тұқымдас: Cyprinidae - Тұқылар
Туыс: Carassius - Табандар
Түр: C. Carassuis(L) - Кәдімгі немесе алтын түсті мөңке
Түр: C. Auratus(L) - Күміс түсті мөңке
Түрше: C. Auratus gibelio(Bloch) - Күміс түсті мөңке. [3] .
Күміс түсті мөңкенің санының көп бөлігі Солтүстік Қазақстанның көлдерінде кездеседі. Солтүстік Қазақстанның зерттелген 32 көлдің ішінде күміс түсті мөңкелер 30 көлінде кездеседі. Сондықтан осы түр көптеген көлдерде доминантты болып келеді, бірақ қалған екі көлде мүлдем кездеспейді. Қостанайдың облысының көлдерінде зерттеулер жасағанда зерттелген 18 көлдің ішінде күміс түсті мөңкелер барлығында да кездеседі, тек екі көлде (Бозшакөл және Қоскөл) жалғыз ғана ихтиофауна көзі болып табылады.
Сонымен қатар күміс түсті мөңке Орталық Қазақстанның суқоймаларында да көп кездеседі, бірақ ол жерлерінде доминантты емес. Ақмоладан зерттелген 21 көлінің 11 көлінде алтын түсті мөңке кездескен. Күміс түсті мөңке тек 6 көлінде доминантты, сонымен қатар 4 көлдің ихтиофаунасын құраған. Мөңке Сарысу және Кеңгір көлдерінде де, бассейндерінде де кездеседі, бірақ суқоймаларында байқалмаған.
Күміс түсті мөңке Балқаш - Арал бассейндерінде жақында жерсіндірілген. Ол 1946 жылы Алтайдан Қаратал өзен жүйесіндегі тоғандарға әкелінді. Н. П. Серов 1954 жылы күміс түсті мөңкенің Қараталда пайда болғаны туралы айтқан. 1959 жылдан кейін бассейндердегі мөңкенің популяциясы жыл сайын Алматы тоған шаруашылығының балықтарымен толып отырады. Қапшағай суқоймасында оның саны қарқынды артқан. Алакөл бассейнінің Сасықкөл және Қошқаркөл көлдер жүйесіне 1973 жылы әкелінген.
Көкшетау облысының үлкен терең көлдерінде, далалық көлшіктерде және орман суларында көптеп кездеседі, ал тұзды көлдерде мүлдем жоқ. Сонымен қатар Шығыс Қазақстанның суқоймаларында, Ертіс және Зайсан көлдерінде бұрын көп ауланатын болса, қазір сирек кездеседі.
Күміс түсті мөңке Батыс Қазақстанда Қамыс - Самара және Көшім көлдерінде, Үлкен және Кішіөзен өзенінде кездеседі, Орал және Ембі өзенінің көлдерінде де ұсталған. Сонымен қатар Күшім өзенінің төменгі ағысындағы көлдерде тек күміс түсті мөңке кездескен, Ақтөбе облысының Шалқар көлінде алтын түсті мөңке тіршілік етеді. Ырғыз - Торғай бассейнінің көлдерінде бұлардың екі түрі кездескенімен, бірақ біреуінде (Үлкен Жалаңғаш ) күміс түсті мөңке басым, ал басқасында (Кіші Жалаңғаш) алтын түсті мөңке басым.
Оңтүстік Қазақстандағы суқоймалардағы күміс түсті мөңкенің кездесуі ең біріншіден көлдердің сумен қамтамасыз етілуіне байланысты. Сырдария өзенінің суы көп болған жылдары, күміс түсті мөңке өзеннің төменгі ағысында көп кездесті. Н. А. Гладковтың айтуынша 1929 жылы Қамыстыбас көлінде 33, 16 ц күміс түсті мөңке ауланды, ал 30 - 50 жылдардан кейін аулау мөлшері төмендеді [4] .
Шу өзенінің төменгі жағындағы көлдерінде және Талас өзенінің Қазақстанға кіретін бассейіндерінде мөңке бұрын болмаған, қазір 60 - шы жылдардағы акклиматизацияның нәтижесінде пайда болды. Сырдария өзенінің бассейінінің Бөген суқоймасында 1963 жылы Шымкент тоған шаруашылығынан әкелінген тұқымен кездейсоқ келіп түскен.
Қырғызстанда және Қазақстанның Оңтүстігіндегі суқоймаларда күміс түсті мөңкені жасанды өсіреді. 1963 жылы Ыстық көлде күміс түсті мөңке тұқы балығының жас шабақтарымен бірге Фрунзе тоған шаруашылығынан алып, 1954 жылы Алматыға тұқымен бірге алып келінген.
Күміс түсті мөңкенің ерекшелігі, кең танымалы «алтын балық» күміс түсті мөңкенің селекциялық жұмыстары нәтижесінде пайда болған. Алтын балық Қытайда мың жыл бұрын (X - XII ғ) мөңкеден шығарылған. XVI ғ. Жапониядағы ұзақ селекциялардың нәтижесінде оның ерекше формасы алынған. 1611 жылы алтын балық Португалияға әкелінді. XVII ғ. аяғында Россияға, 1728 жылы Ұлыбританияға әкелінген. Қазіргі кезде алтын балық - ең басты аквариумда және тоғанда өсірілетін балықтардың бірі [5] .
1. 2. Мөңкенің биологиялық сипаттамасы
Кәдімгі немесе алтын түсті мөңке ( C. Carassius L ) - жылыу сүйгіш тұщы су балығы, денесі биік, басы үлкен емес. Бүйірі әлсіз қызыл немесе алтын түсті, аузында мұртшасы жоқ. Алтын түсті мөңке сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына: PH - 4, 5 (су қышқылдығы), оттегінің мөлшері 0, 5 - 0, 6 мг - болғанда және мұз қатқан суқоймалардың ихтиофаунасында тіршілік етуге төзімді болып келеді.
Күміс түсті мөңкенің ( С. auratus gibelio (Blosh) ) дене формасы қырлы болып келеді. Қабыршағы ірі кедір - бұдырлы, бүйірі күміс түсті. Кәдімгі мөңкеден желбезек доғасындағы кірпікшелер саны көп болумен ерекшеленеді. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді. Кәдімгі мөңкеден тез өседі. Тоғандық жағдайларда өсірілетін дернәсілдерінің салмағы 20 - 30 г, дернәсілдері зоо - фитопланктонмен қоректенеді [6] .
П. А. Дрягиннің (1933) айтуынша күміс түсті мөңкенің өзгерістері алтын түсті мөңкенің ауытқуларының арасында жатады. В. И. Медведев (1976) Челябинск және Свердловск облысындағы көлдерде тіршілік ететін мөңкенің жоғарғы дәрежелі морфологиялық өзгерістерін көрсетті. Күміс түсті мөңке мен алтын түсті мөңке бірге тіршілік еткенде олардың ауытқулары бірдей бағытта жүретінін байқаған. Жақсы жағдайларда мынандай белгілері денесінің биік жерлері, кеуде қанатына дейінгі аралық, құйрық қалақшасының ұзындығы және D негізі, P - V аралығы және V-A
аралығында өзгерістері бар мөңке 9 көлде көп кездескен, ал қолайсыз жағдайларда - алтын түсті мөңке мен күміс түсті мөңке аз кездескен. Көз диаметрі мен басының ұзындығы кері тәуелділік көрсетті: қолайсыз жағдайларда - көрсеткіштері жоғары, қолайлы жағдайларда - көрсеткіштері төмен болды. Ортаның жағдайларына байланысты морфологиялық өзгергіштік түрдің жоғары биологиялық әсемділігіне бағыттайды, сонымен қатар суқоймалардағы гибридті популяциялардың болуын білдіреді. Мөңкенің шағылысуы көбіне күміс түсті мөңке мекендейтін көлдерде жүреді. Гибридті белгілері ретінде: көк түске бояулы, бірінші желбезек доғасындағы желбезек кірпікшелерінің саны және арқа қанатындағы соңғы қатты сәулелеріндегі тісшелерінің саны тіркелген [2] .
D III - IV (14) 15 - 19; A II - III 5 - 7 (көбінесе 5) ; 1. 1 28 - 34 (көбінесе 32), бірнеше желбезек доғасындағы желбезек кірпікшелері 37 - 52 (көбінесе 46) ; омыртқалар 26 - 33 (көбінесе 29 және 30) . Құрсағы қара, тұмсығының ұзындығы денесінің ұзындығымен салыстырғанда 6, 43 - 8, 83 % тең; көз диаметрі 4, 09 - 5, 90; көздің артқы бөлімі - 10, 63 - 14, 50; басының ұзындығы - 18, 30 - 30, 96; басының биіктігі - 19, 40 - 28, 60; маңдайының ені - 9, 95 - 14, 12; денесінің биік жері - 35, 76 - 59, 20; денесінің аласа жері - 12, 0 - 17, 0; тұмсығының арқа қанатына дейінгі ұзындығы - 44, 61 - 60, 24; тұмсығынан кеуде қанатына дейінгі ұзындығы - 18, 04 - 23, 98; құйрық қалақшасының ұзындығы - 11, 30 - 18, 60; D ұзындығы - 32, 07 - 85; D биіктігі - 15, 78 - 20, 21; А ұзындығы - 10, 29 - 15, 57; А биіктігі - 13, 97 - 16, 86; Р ұзындығы - 14, 0 -19, 53; V ұзындығы - 17, 40 - 24, 44; Р және V аралығы - 16, 22 - 27, 00; V және А аралығы - 23, 80 - 33, 55 ( 1 кесте) [1] .
Күміс түсті мөңкенің санауға болатын белгілері географиялық өзгерістерді қорытындылауға негіз бола алмайды (2 кесте) .
Солтүстік және оңтүстік суқоймаларда әртүрлі ландшафты - климаттық зоналарда орналасқан популяцияларда үлкен айырмашылықтар жоқ. Морфологиялық белгілерінің түрленуі экологиялық жағдайларға сонымен қатар күміс түсті мөңке мен алтын түсті мөңкенің үйірінің тығыздығына байланысты [7] .
Кесте 1
Қазақстанның әртүрлі суқоймаларындағы
күміс түсті мөңкенің пластикалық белгілері,
% денесінің ұзындығынан
Қостанай
облысының ағын сыз көлдері
(М±m)
Үлкен және
Кіші
Жалаңғаш көлі
(М±m)
Қапшағай су
Қоймасы
(М±m)
7, 35±0, 16 -
8, 83±0, 24
7, 38±0, 17 -
8, 46±0, 18
4, 85±0, 11 -
5, 90±021
4, 09±0, 11 -
4, 46+0, 13
12, 77±0, 14 -
14, 44±0, 58
10, 63±0, 25 -
14, 50±0, 18
26, 47±0, 15 -
30, 96±0, 21
26, 44±0, 26 -
27, 14±0, 21
25, 96±0, 69 -
28, 60±0, 74
23, 09±0, 37 -
25, 44±0, 37
11, 01±0, 15 -
14, 12±0, 38
10, 61±0, 30 -
11, 85±0, 25
37, 41±0, 22 -
56, 12±0, 21
46, 75±0, 45
49, 56±0, 65
14, 01±017 -
16, 65±0, 42
15, 95±0, 24 -
16, 09±0, 35
49, 98±10, 32 -
60, 24±1, 04
50, 69±0, 53 -
52, 61±0, 56
18, 04±0, 64 -
23, 21±0, 26
23, 67±0, 44 -
23, 98±0, 35
Құйрық қалақшасының
ұзындығы
13, 04±0, 59 -
17, 71±0, 21
17, 50±0, 21 -
17, 85±0, 36
32, 07±0, 37 -
36, 73±0, 52
36, 23±0, 40 -
36, 55±0, 36
17, 33±0, 18 -
20, 21±0, 25
16, 37±0, 24 -
17, 47±0, 24
10, 29±0, 48 -
12, 57±0, 41
11, 67±0, 33 -
12, 44±0, 30
14, 62±0, 27 -
16, 86±0, 19
13, 97±0, 31 -
15, 16±0, 24
18, 32±0, 23 -
19, 53±0, 37
19, 44±0, 19 -
19, 47±0, 32
20, 31±0, 22 -
24, 44±0, 51
20, 39±0, 23 -
21, 93±0, 28
16, 22±0, 34 -
24, 96±0, 41
22, 76±0, 30 -
24, 39±0, 53
23, 80±0, 58 -
33, 35±0, 57
33, 47±0, 44 -
33, 56±0, 35
Мұндағы:
М - орташа мәні;
m - орташа ауытқуы;
D - арқа қанаты;
А - аналь қанаты;
Р - кеуде қанаты;
V - құрсақ қанаты;
Кесте 2
Қазақстанның әртүрлі суқоймаларындағы
күміс түсті мөңкенің меристикалық белгілері.
(М±m; алымы - аралығы, бөлімі - орта немесе жиі кездесетін белгілері)
1. 1-дағы
қабыршақ
Желбезек
Кірпікше
лері
D
Сәуле
лері
А
Сәуле
лері
Омырт-
қалары
Авторы,
жылы
Қостанай
обл-ң
ағынсыз
көлдері





Горюно
ва, 1958
Ақтөбе
обл-ң
көлдері:
Үл.
Жалаңғаш
Кіші
Жалаңғаш
Су-
Жарған
32, 77±0, 17
33, 92±0, 18
30 - 35
51, 41±0, 19
50, 37±0, 24
50, 02
IV 16. 53
IV 16. 96
IV 16. 64
III 5. 11
III 5, 32
III 6, 05
29, 60±0, 15
29, 36±0, 13
29, 11
Сидоро
ва, 1956
Сарысу
өзенінің
бассейін





Ерешен
ко,
1956
Қамыс-
Самара ж/е
Күшім көлі






Серов,
1959
-
-
-
-
Ырғыз
және
Торғай
өзендері





Ақсуат көлі
(Торғай обл. )





2 кестенің жалғасы
Көктенкөл көлі
(Жезқазған
Обл. )










Сырдария
өзені
(Қызылор
да)



Қапшағай
Су қоймасы


П. А. Дрягиннің (1952) нәтижелері бойынша порциялап уылдырық шашатын ересек балықтардың уылдырықтарының диаметрі келесі порциядағы уылдырықтардың диаметрінен екі есе үлкен. Алтын түсті мөңкенің уылдырықтары сары түсті, диаметрі 0, 8 - 1, 2 мм, келесі порциядағы мөңкенің уылдырықтары ашық түсті, диаметрі 0, 2 - 0, 7 мм. Керісінше Г. М. Кривощековтың айтуы бойынша мөңкелердің барлық порциялап шашатынын ескере отырып олардың уылдырықтарының мөлшері бірнеше порциялап шашқанымен бірдей болады. Кривощеков зерттеу үшін мөңкелердің 150 данасын алды. Нәтижесінде күміс түсті мөңкенің уылдырықтарының диаметрі наурызда 1, 00 мм, сәуірде - 0, 96 мм, мамырда - 0, 95 мм, маусымда 0, 97- 1, 00 мм болды, ал алтын түсті мөңкенің уылдырықтарының мөлшері наурызда - 0, 91 мм, сәуірде - 0, 98 мм, мамырда - 0, 93 мм, маусымда - 0, 80 - 0, 90 мм, қыркүйекте 0, 90 мм, қазанда 0, 98 мм болған [8] .
1. 3. Мөңкенің көбеюі, өсіп дамуы
Күміс түсті мөңке гиногенетикалық көбею қабілеті бар жануарлардың қатарына жатады. Табиғи жағдайда күміс түсті мөңке аналығының жұмыртқалары өрістеу барысында алтын түсті мөңкенің аталығының шәуетімен ұрықтанады, кейде сазан, тұқы, қаяз, торта балықтарының аталықтарының шәуетіменде ұрықтанады. Ұрпақтар тек аналықтар болады. Себебі, басқа балықтардың аталықтарының шәуеті уылдырықтарды ұрықтандырмай тек активтендіреді. Күміс түсті мөңке популяциясы көбінде жынысы жағынан бірдей болып келеді. Кейбір суқоймаларында тіршілік ететін мөңке популяциясында екі жынысты өкілдеріде кездеседі, өрістеу барысында сол түрдің аталықтары қатысып, ұрықтану процесі барлық балықтар тәрізді жалпы заңдылықтармен жүреді және ұрпақтары аталық - аналық болып бөлінеді [9] .
Қазақстанның табиғи суқоймаларда бұл популяцияның бір жынысты өкілді (гиногенетикалық) және қос жынысты өкілді формалары кездеседі. Мөңкенің аналық жынысты формалары Ырғыз және Торғай көлдерінде, Балқаш бассейініне Алматы тоған шаруашылығынан қос жынысты формалары түскенге дейін байқалған. Қостанай, Ақмола, солтүстік Қазақстан және Қарағанды облысының көптеген ағынсыз көлдерінде мөңкенің бір жынысты өкілдері кездеседі. Мөңкенің қос жынысы өкілді формалары көбіне қамысты қопаланған, оттегі аз, тартылып бара жатқан көлдерде мекендейді. Бұндай популяцияда аталықтың саны 0, 5 тен 5, 5 % дейін 2, 0 ден 7, 6% дейін ауытқып отырады. Суқойма жағдайы нашарлап, популяцияға жойылу қаупі байқалғанда аталықтар саны артып отырады [2] .
Қостанай облысындағы Жақсы - Жаркөл көлінде екі жылдың ішінде аталықтар саны 2, 0 ден 7, 76 % - ке өскен, Бозша көлде алтын түсті мөңкенің жойылуы күшейді, 2 - 3 жыл мөңкенің тіршілік ету барысында «монокультурада» аталықтық саны 15 - 20 % жетті. Бұл көлде көп жылдық бақылаулар барысында бір жынысты өкілдер популяциясы қос жынысты өкілдер популяциясына айналу мүмкіндігі бар екендігі дәлелденді. Жынысты анықтауда гермофродитті дарақтар бар. 1956 жылы олардың саны 0, 4 % (788 экз- н 3), 1957 жылы екі айда 0, 5 % (1070 тен 5-еу) және 1958 жылы 2, 5 айда - 0, 4 % (11000 - нан 42) болады. Аналықтарын гермофродитті аталықтардың шәуетімен ұрықтандырғанда жақсы нәтижелер алынған. Гермофродиттердің жыныс безінің гистологиялық анализі жұмыртқа аймағындағы қайта уылдырық шашуын көрсетті. Көрсетілген бақылаулар күміс түсті мөңкенің аталықтарын гермофродиттер деп есептеуге болатындығын дәлелдеді [10] .
Күміс түсті мөңкенің аналықтарының жыныс бездерінің дамуында әртүрлі нормалық ауытқулар байқалады, әсіресе ассиметриясында 50 - ші жылдары осындай гонадалы аналықтар Қостанай облысының Теңіз және Жақсы - Алакөл секілді терең көлдерде, көп бөлігі суы аз, тартылып бара жатқан Жақсы - Жаркөл, Жалжиырған, Қоскөл көлдерінде және негізгі бөлігі Бозшакөл көлінде кездеседі. Көрсетілген аномалиялар көбіне бір жынысты өкілдер формасының аналықтарында, кейде бірге тіршілік ететін қос жынысты өкілдер формасында кездеседі.
Бозшакөл көлінде жалпы мөңкенің ішінде бір жынысты аналықтар 1574 экземпляр кездескен, оның 31 - інде тек сол жағындағы жұмыртқа қабы дамыған, 24 - де 10, жалпы аномалия саны - 3, 5 %.
1893 қос жынысты формалы аналықтардың 9 - да жұмыртқа қабы оң жағында, 19 - да сол жағында барлығы: 1, 4 %. өндіруші жүйенің жетілуіндегі ауытқулар тұқымқуалаушылық ақпаратының бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін [11] .
Осыған байланысты балықтың денесінде қабыршақтардың орналасуының және формасының бұзылуына әкеліп соғады.
Әртүрлі климаттағы күміс түсті мөңкенің жыныстық жетілу жасы айтарлықтай жақын: 3 - 4 жаста жалпы жыныстық жетілу солтүстік Қазақстан және Орал балықтарына тән. Бірақ Ырғыз - Торғай бассейіндерінің көлдерінде жалғыз аналықтар үшінші жылы жыныстық жетіледі, ал Қостанай облысның көлдерінде көп бөлігі аналықтар. Сонымен тартылып жатқан көлдердегі жай өсетін балықтарға бірдей жастан жыныстық жетіледі [10] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz