Инфляцияның әлеуметтік экономикалық орны оны тоқтатудың шаралары қр-дағы инфляцияның даму процесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОРНЫ ОНЫ ТОҚТАТУДЫҢ ШАРАЛАРЫ ҚР-ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ДАМУ ПРОЦЕСІ
1. Инфляцияның әлеументік экономикаға әсері және оның азайтуына қолданатын шаралар
2. ҚР-ғы инфляция процесі даму барысы оны шешудің түрлі жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Инфляция термині латын сөзі inflatio - ( вздутие) - қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1860 - 1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету процесін білдірген. ХЙХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүние жүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономиклық әдебиеттерінде 20- жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы әдеттегі анықтамасы - айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауарбағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляцияға тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол ақшаға ғана тән "ғажайып құбылыс" емес. Ол- күрделі әлеументтік экономикалық құбылыс, оны тұтынушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемаларының бірі болып табылады.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша жалпылама эквиволент деп қарастыруда. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногінде сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бүзылуы әлі инфляция емес. Инфлятция елдегі баға денгеиінің өсуі.
Инфляция - қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағананың өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болашақта, сондай - ақ ақша массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфлияцияның басты факторы ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құблыстың қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты.
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақша жатпайтын және ақшалай - монетарлық факторларды бөлуге болады.
Ақшаға жатпайтындары - бұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеументтік - саяси сипаттағы ерекшк жағдайлар және басқалары.
Ақшалай факторларға - мемлекттік қаржының дағдарысы - бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай - ақ кредит жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде кредит құралдарының өсуі және басқалары жатады.
ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОРНЫ ОНЫ ТОҚТАТУ ШАРАЛАРЫ ҚР-ДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ДАМУ ПРОЦЕСІ
1 Инфляцияның әлеументік экономикалық әсері және оның азайтуына қолданатын шаралар
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша конъюктураны жандандырады. Процестің у шығуы барысында инфляция ұдацйы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер т. б. басынан өткізеді.
Кейбір экономистер инфляцияның онша жоғары емес деңгейі экономикалық конъюпктураны жандандырады дейді. Тәжірибеде инфляцияның келесі негізгі әлеуметтік-экономикалық салдарлары орын алады. Инфляция табыс пен байлықты қайта бөледі. Осылай несие берушілердің арқасында қарызы бар адамдар байиды. Барлық жағдайларда дебиторлар ұтады; себебі ссуда ақшаның белгілі бір сатып алу қабілеті бар кезінде алынады да, ол сомаға аз сатып алу қабілеті бар кезінде қайтарылады. Сонымен қарызы бар кәсіпорындар инфляциядан ұтады және мемлекеттің қарызы бар үкімет те ұтады. Себебі инфляция оған қарыздарын сатып алу қабілеті болатын теңгемен төлеу мүмкіндігін береді.
Бағалар бір-біріне күтпеген уақытта, тез және баланссыз өсетін болса, онда бұл жағдай нарықтық экономикадағы кейбір субъектер үшін пайдалы, ал басқалары үшін зиянды болады. Мысалы, бағаның бірден тез өсуін жоспарламай кәсіпкер мен кәсіподақ арасында коллективті шарт жасалса, баға өскен жағдайда жалданбалы жұмысшылар ұтылуы мүмкін. Басқа тауарлар мен қызметтердің бағалары өскен жағдайда кәсіпкерлер де зардап шегуі мүмкін. Сонымен инфляция табыс пен байлықты төлемді кейінге қалдырғандар пайдасына, ал номиналды және ұзақ уақытқа, белгіленген шарт негізінде (несиеге процент ставкасы, жалақы) ақша беретіндердің зиянына бөледі. Осындай қайта бөлуді инфляцияның жылдамдығы, кездейсоқтық пен баланссыздығын күшейтеді.
Инфляция жылжымайтын мүлік құнын жоғарылатады. Сондықтан иеліктерінде жылжымайтын мүліктері бар жанұялар мен фирмалар бай болады.
Инфляция барлық ақша табыстарының нақты төмендеуіне алып келеді. Номиналды табыс-бұл адамның жалақы, рента, пайда немесе пайыз түрінде алынатын ақша құралы болса, нақты табыс- номиналды табыс сомасына сатып ала алатын тауарлар мен қызметтердің санымен анықталады. Егер номиналды табыс тұрақты болса немесе инфляция қарқынына қарағанда баяу өссе, онда нақты табыс төмендейді. Сондықтан инфляцияда белгілі табысы бар адамдар көп зардап шегеді. Егер табыстың өсуі инфляция қарқынының алдында болса, онда жанұя, фирманың қаржы жағдайы жақсарады. Егер сұраныстың икемсіз жағдайында фирма өз өнімінің бағасын инфляция өсуіне дейін тезірек көтерсе, онда ол инфляциядан зардап шекпейді. Бірақ көп фирмалардың ондай мүмкіндіктері жоқ, демек инфляция кезінде олардың қаржылық жағдайы нашарлайды.
Инфляция кезінде нарықта сұранысқа ие болған тауарлы заттық құндылықтардың бағасы өседі. Сондықтан халық пен кәсіпорындар өздерінің тез құнсызданатын ақша қаражаттарын пайдалануға асығады, нәтижесінде де халық пен кәсіпорындар-дың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі пайда болады. Заттардың көп сатып алынуының нәтижесі сұраныс инфляциясының нығаюына әкеледі. Оның алдын алу үшін мемлекеттің қатаң ақша саясаты керек.
Инфляцияда ұзақ мерзімді инвестиция жасау ешкімге пайдалы емес, себебі инвестицияға белгілі бір ақша салынады да, инвестициядан табысты басқа ақшамен алады. Инвестицияның өсу қарқынынан жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін инвестиция ақылға қонымды болады.
Инвестиция мерзімі ұзақ болған сайын құнсыздану көп болады. Мәселен, бір жоба үшін 200 мың теңге инвестиция керек болсын. Бірінші жылдың соңында 100 мың теңге табыс, екінші жылдың соңында 200 мың теңге, ал үшінші жылдың соңында 50 мың теңге табыс табылады деп жоспарлансын. Бірақ инвестицияны қазір шығару керек, ал табыс біраз уақыттан соң ғана түседі. Болашақтағы ақша табысын уақытша бағалау үшін дисконттау операциясы қолданылады. Егер инфляция қарқыны 15% деп болжалса, онда инвестициядан бірінші жылдың соңында табыс мынаны құрайды. 100 мың теңге/(1+0, 15) =87 мың теңге. 2-жылдың аяғында 200 мың алынады деп күтілуде. Бірақ уақыт факторын есепке алғанда олар мынадай болады: 200 мың теңге/(1+0, 15) І=151, 5 мың теңге. 3-жылдың соңында инвестициядан табыс: 50 мың теңге/(1+0, 15) і=33, 3 мың теңге құрайды. 87+151, 5+33, 3=271, 8 мың теңге. Байқағанымыздай бұл жоба инфляцияны есептесек те пайдалы болып табылады.
Инфляция сонымен қатар фирманың амортизациялық қорының құнсыздануына әкеледі, ол ұдайы өндірістің қалыпты процесін қиындатады. Инфляция жинақтардың нақты құндылықтарын да, бұл банктегі салым, облигация, сақтандыру немесе қолма-қол ақшасын да төмендетеді. Адамдар жинақ жасамауға тырысады. Фирмалар пайдасының жартысын ағымдағы тұтынуға бағыттайды, бұл да қоғамның қаржы қорының азаюына, өнеркәсіптің бәсеңдеуіне әкеледі.
Инфляция салық арқылы халық пен кәсіпорындардың қаржыларын жасырын конфиске-леуіне алып келеді. Номиналды табысы өскен салық төлеуші бірден салықты салық салудың жоғары тобынан (жоғары проценпен) төлейді. Осылайша, халық пен кәсіпорындардың пайдасы деп есептелінбейтін және ағымдағы шығындарға кететін табыстарының бір бөлігі алынып қойылады. Мұндай жағдай тудырмас үшін дамыған Батыс елдері инфляция қарқынын есепке ала отырып, салық ставкасына индексация жүргізеді. Өкінішке орай, мұндай индексацияның тиімділігі аз болады, себебі баланстанбаған баға өсу кезінде байлықты қайта бөлуіне әкеп соқтырады, номиналды табыстың нақтыдан ажырауының күшеюі және бұл да әртүрлі топтарда, әртүрлі уақытта және әртүрлі жылдамдықпен күшейеді. Бірыңғай индексация осындай нәзік айырылымдарды қамти алмайды, ол барлық табыстарды заңды түрде бағалайды. Сонымен қатар инфляциядан мемлекет те зардап шегеді, себебі салықтар мемлекеттік қазынаға түскен уақытқа дейін олар құнсызданады.
Ұлттық шаруашылықты басқарудың нашарлауының бірі-инфляцияның тұрақсыздығы және өзгермелі-лігі. Инфляция кезінде бағалар тез өзгеріп тұрады, ол тұтынушының дұрыс таңдауын қиындатады. Болашақтағы табыстарға деген сенім-ділік төмендейді, шығындар мен пайданы болжау қиынға соғады
. Осылардың барлығы кәсіпкерлікке деген ынтаны, экономикалық активтілікті төмен-детеді.
Біз инфляцияның үй тұрмысына, фирмалар мен мемлекетке тигізетін салдарын қарап шықтық. Осы талдаулардан байқағанымыз, инфляция қатты жоғары емес қарқында өндірісті өсіру стимулы болуы мүмкін, бірақ экономикалық процестің одан да көп бұзылуына алып келеді. Нәтижесінде инфляция қарқыны өседі де қоғамда гиперинфляция болу қаупі төнеді. Ол да өзімен бірге экономикалық қирауға дейін баратын күйретуші салдарлар алып келеді. Гиперинфляцияның ең қауіпті салдары, бұл - өндірістік қызметтің тиімсіздігінен делдалдық қызметке ауысудың болуы. Фирмалардың болашақта баға өседі деп шикізаттар мен дайын өнімдерін жинап отыруы инфляциялық қысымды күшейтеді. Өндірістің жалпы бәсеңдеуі басталады.
Осындай жағдайда қалыпты экономикалық қатынас бұзылады. Кәсіпкерлер тауарларына қандай баға қоюды, ал тұтынушылар қанша төлеуді білмейді. Өнім беруші фирма ақшасын тез арада алғысы келеді, өйткені ақша тез уақытта құнсызданып кетеді. Несиелік қатынас бұзылады. Бюджет тапшылығы мен мемлекет қарызы өседі. Ақшалар шындығында өз қызметтерін атқаруын қояды. Нәти-жесінде де қаржы-ақша сферасында кризис болады. Өнеркәсіп пен айырбас тоқтауға айналады және соңында экономикалық, әлеуметтік және саяси бей-берекеттік болуы да мүмкін.
2 Қазақстан Республикасындағы инфляция процесі даму барысы оны шешудің түрлі жолдары
Қазақстанның 1993 жылдың Қазанына дейін Ресейдің рубльдік аймағында болып келгені белгілі. Сондықтан Ресейдің экономикасында болып жатқан дағдарыс пен инфляцияны күшейтуші жағдайлар Қазақстанның экономикасына тікелей таралды. Оның үстіне, көрші елдердің Ұлттық валюталарын енгізгендері, Ресейдің 1961-1992 жылдарда шығарылған ақшасын жаңа, 1993 жылғы ақша белгілеріне айырбастауының салдарынан Қазақстанға жан-жақтан миллиардтаған ескі, айналымда жоқ, Кеңес және Ресей ақша белгілері құйыла бастайды.
Ресей үкіметі мен рубльдік аймақты қайта құру жөніндегі жүргізілген келіссөздер ешқандай нәтиже бермеді. Олардың қойған шарттарын қабылдаған күнде, Қазақстан іс жүзінде өзінің егемендігін жоғалтатын болды. Осындай қиын жағдайдан шығу үшін Қазақстан Үкіметі ұлттық ақша - теңгені айналымға шығаруды жөн деп тапты. Шынында да бұл қиындықтан шығудың бірден-бір жолы еді. Бір жақсысы, үкімет ұлттық ақша шығаруға алдын ала дайындалған болатын. Ең маңыздысы жеткілікті мөлшерде теңге басылып, әкелініп, енді айналымға шығуға дайын болатын. Сөйтіп қазақстанның ұлттық ақшасы - теңге дүниеге келді. Әрине бұл инфляцияны жүгендеуде шешуші орын алды. Бірақ, осы кезге дейін, нарықтық баға, бұрын болып көрмеген деңгейге жеткен болатын. Мысалы, 10 дана жұмыртқа үшін 15000 рубль, 1 кг. ет үшін 4 рубль, 1 шыны шампан шарабы үшін 15 рубль төлеу керек болды. 1993 жылдың өткен 9 айы бойынша орташа инфляция 784, 1 процентке өсті, ал бағаның бір айлық орташа өсу қарқыны 87 процентке жетті.
Осындай жағдайда тұрлаулы бағамды ұлттық ақшаның шығуы инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге үлкен әсер етті. Сонымен қатар Қазақстан Үкіметі қаулысымен әдейі ұлттық ақша енгізудің жағдайында бағаны шектеудің төтенше шараларын бекітті. Оның ішінде, көптеген тұтынуға қажет тауарлардың бағасына шек белгіленді. Осының нәтижесінде, аз уақыт ішінде болса да, баға мен инфляцияның өсуі тоқтатылды.
Бірақ кең өріс алып кеткен өндірістің құлдырауы ауыл шаруашылық өнімдеріне және энергия қуатының көздеріне бағаны босату, бюджеттің өскелең жетіспеушілігі, экономиканы долларландыру, т. с. с. жағымсыз жағдайлар, үкіметтің инфляцияға қарсы қолданған шараларын жоққа шығарды.
1994 жылдың 1 тоқсанында-ақ инфляцияның орташа өсу қарқыны 32, 2 процент болды, ал теңгенің бағамы 4 есеге жақын төмендеп, сол жылдың көкек айында 1-доллар, 19 теңге 94 тиынға теңелді.
Кейінірек Үкімет пен Ұлттық банкінің қатал монетарлық саясат жүргізгенінің, қоғамдық меншікті жекешелендірудің және басқа елдерден инвестиция жұмылдырудың нәтижесінде инфляцияның деңгейі едәуір төмендетілді. Оған әсер еткен себептердің ішінде қатал монетарлық саясаттың маңызы көбірек. Олай дейтініміз сол кезеңде айналымдағы ақша жинағы 7, 4 процентке, оның ішінде қолма-қол ақша 12 процентке кеміді, ал жалпы ішкі өнімнің өсуіне сәйкес көбеюдің орнына азайып кетті. Осының салдарынан айналымның ақша жиыны мен қамтамасыз етілуі сол тұста 9, 5 %-ақ болды.
Ақшаның айналымдағы саны азайса бір жағынан, оның бағамын бір деңгейде ұстап тұруға мүмкіншілік туады (ол жақсы), ал екінші жағынан, ел ішінде төлем қабілеті бар сұраным кемиді (бұл жаман) . Қолда ақша болмаса, сатып алуға мүмкіншілік жоқ. Ұсынымның көбеюі бағаны өсірмейді, ал кей жағдайда, тіпті төмендетеді. Сондықтан, Үкімет орындарының инфляцияны бағалайтын көрсеткіші болып табылатын, тұтыну қоржынының жиынтық индексі баға мен инфляцияның төмендегенін көрсетеді. Осыған байланысты кейбір ресми көрсеткіштердің дұрыстығына күмәндануға болады.
Инфляцияның Қазақстандағы ең төменгі шегі 1998 жыл болды, бұл жылы инфляцияның орташа өсуі 1, 9% болды. 1999 жылы тағы да жоғарылап 17, 8 %-ке жетті, ал 2000 жылы 9, 8% болды.
Қазақстандағы инфляция барлық ТМД елдері сияқты ел экономикасының мемлекеттік-монополияланған жүйеден нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өзгерістерге байланысты. КСРО-ның халық шаруашылығындағы инфляция көптеген жылдар бойы мойындалған жоқ. Социализм жүйесінің экономикасы жағдайында инфляция болуы мүмкін емес, ол тек капиталистік өндіріс тәсіліне тән деген үзілді-кесілді тұжырымдар айтылды.
Қазақстандағы қазіргі инфляцияның себептерін нарыққа өтуге дейінгі инфляцияны тудыратын факторлардан іздестіру керек. Олардың ең бастысы-шаруашылықты басқарудың жоспарлы - бөлу жүйесі. Ол шаруашылықтың шығынды механизмін қалыптастыруға, халық шаруашылығында материалды-ақшалық үйлесімсіздіктің тууына мүмкіндік жасап, экономиканың барлық салаларына зиян шеккізді. Әсіресе:
- ұлттық өнімді жинақтау қорына және тұтыну қорына бөліп, соның негізінде инвестициялық саясат жүргізуде;
- құрал-жабдықтарды өндіру және тұтыну тауарларын өндіру салаларында;
- мемлекеттік баға белгілеу жүйесінде;
- мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығынында;
- несиелік және қаржылық ресурстарды қалыптастыруда байқалды.
Қазіргі инфляцияның бір көрінісі - тауар тапшылығы біздің экономикада ондаған жылдардан бері байқалуда, оның түпкі себептері:
біріншіден, бұрынғы КСРО-ның 20-жылдар аяғынан бастап бұрынғы нарықтық құрылымдарды жоя бастауы;
екіншіден, бұрынғы КСРО-ның экономикасында көп жылдар бойы үйлесімсіздік қалыптасты, яғни бір жағынан, өндірістік құрал-жабдықтар шығаратын ауыр өнеркәсіп жедел қарқынмен дамыса, екінші жағынан, тұтыну құралдарын өндіретін салалар қарқынсыз жәй дамыды. Ол салалар - ауыл шаруашылығы, тамақ, жеңіл және басқа өнеркәсіп салалары. Статистика мәліметтері бойынша, барлық өнеркәсіп өндірісінде А тобындағы салалардың үлесі 1928 ж. -39, 5%, 1940ж. -61%, 1960 ж. -72, 5% болды;
Үшіншіден, бұрынғы КСРО-ның ұлттық табысының жартысына жуығы жинақтау қорына кетсе, ал алдыңғы қатардағы өркендеген мемлекеттерде ол - 15-25 процент болды;
Төртіншіден, бұрынғы КСРО-да ұлттық жиынтық өнімнің 25-30 проценті ғана тұтыну қорын қараса, өркендеген елдерде ол көрсеткіш 60-65 процент болды. Жалақы да өте төмен, яғни ол ұлттық табыстың 1/3 бөлігін құрады, ал өркендеген капиталистік елдерде ол 2/3 бөлігі болды.
Сөйтіп, біздің елде (бұрынғы КСРО-ның бір республикасы болғандықтан) инфляцияны тудыратын себептер көп жылдар бойы қалыптасты. Бірақ жоспарлы-әкімшілік экономика жағдайында ол басылыңқы сипатта өрбіді. Шындығында да директивалы баға белгілеу халықтың күнделікті қажет заттарының бағасын тұрақты ұстауға мүмкіндік береді. Көптеген тауарлар бағасын өндірістегі, сұраныс пен ұсыныстағы өзгерістерді есептемей тұрақты қалыпта немесе төмен деңгейде ұстап тұру кейбір тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасының олардың құныменсалыстырғанда әлдеқайда көп ауытқуына әкеп соқтырды. Мемлекет жүйелі түрде көтерме, сатып алу бағаларын қайта қарап, ал бөлшек саудадағы бағасын өзгеріссіз төмен қалыпта қалдырды. Бұл бағалар еңбектің қажетті қоғамдық шығындары мен өнімнің сапасын, олардың тұтыну қасиетін, оларға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын көрсеткен жоқ, ол әлемдік деңгейден біраз ауытқыды.
Сөйтіп тауардың көтерме, сатып алу бағасы мен бөлшек саудадағы бағалары арасындағы үйлесімділік жылдан-жылға тереңдей түсті. Оған мемлекеттік бюджеттен дотация ( жәрдем қаржы) беріліп отырылды. Бұл тауар өндірушілердің көтерме және дара бағаларды көтере белгілеуге деген ұмтылысын күшейтіп, соның әсерінен кейбір тауарлардың тапшылығына және кейбіреулерінің сауда орындары мен өнеркәсіпте жиналып қалуына әкеп соқтырды.
Өндірушілердің өнімнің сапасын жақсартып, оның өз құнын төмендетуге ынтасы болмады. Нәтижесінде жылма-жыл сауда орындарында тауарлар кем бағамен (уценка) сақталып, немесе шығынға жазылып отырды (жылма-жыл 1, 5-2 млрд. сом) . Осының бәрі “жабық” инфляцияның айғақ белгілері.
Қазақстанда 1992 жылдан бастап нарықтық өзгерістер аясында жүргізілген баға белгілеуді босату шаралары бағаның кенет көтерілуіне, сонымен бірге инфляцияның қарқындап өсуіне әсер етті. 1993 жылы айналымдағы ақша массасы 6, 3 есе, ал баға 21, 7 есе өсті; 1994 жылы ақша массасы мен инфляция қарқыны әрқайсысы 845 және 125 % өсті; осы көрсеткіштер 1995 жылы 216 және 160 процент болды. Ал 1996 жылы ақша массасының өсу қарқыны одан әрі баяулап, инфляцияның біртіндеп төмендеуін байқатты.
Жалпы экономикадағы инфляция деңгейін тұтыну бағасының индексі көрсетеді. Ол үй шаруашылығының “тұтыну қоржының” үлес салмағын есептеу негізінде бірсыпыра тауарлар мен көрсетілген қызмет бағасының өсу индексінің қорытындысымен есептелінеді. Қазақстанда ТБИ 1991 жылы белгіленді. “Тұтыну қоржынына” біздің елде 275 тауарлар мен қызмет түрлері кіреді. Бағаның және тұтыну тауарлары құрылымының өзгеруі ескеріліп ТБИ-нің құрылымы да әлсін-әлі қайта қаралады. 1995 жылғы әр отбасының бюджетін тексеру нәтижесіне байланысты 1996 жылы шілдеден бастап “тұтыну қоржынының” төмендегідей құрамы бекітілді: азық-түлік - 62, 6 процент (бұрынғысы 58, 2), азық-түлік емес тауарлар - 23, 2 процент (бұрынғысы 30), көрсетілетін ақылы қызмет - 14, 2 процент (11, 8) құрайды [24; 48] .
Тәуелсіз Қазақстанның тәжірибесі инфляцияға қарсы күресте энергоресурстарына, монополды құрылымдардың өніміне және транспорт қызмет-теріне баға белгілеуде, сондай-ақ өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға қайшысын жоюға мемлекеттік реттеудің қажеттілігін аңғартты.
1- кесте. 2007 жылдың қазанында Қазақстан Республикасының инфляция 0. 7% құрады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz