Қазақстан Республикасындағы өлкетанудың мәні мен мақсаттары


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ5

1 ТАҚЫРЫП . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӨЛКЕТАНУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТТАРЫ7

1. Өлкетанудың мәні мен мақсаттары7

2. Өлкетанудың түрлері мен формалары7

3. Қазақстан мен ТМД елдеріндегі өлкетанулық зерттеулердің тарихи9

Өзіндік жұмыс пен бақылауға арналған сұрақтар 10

2 тақырып . ӨЛКЕТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ДЕРЕКТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ11

1. Өлкетанудың деректері мен ұстанымдары11

2. Өлкетанулық зерттеулердің негізгі кезеңдері11

3. Зерттеу әдістерініңжіктелуі11

Өзіндік жұмыс пен бақылауға арналған сұрақтар12

№ 1семинар13

№ 1 Сарамандық жұмыс13

3 ТАҚЫРЫП. ТАБИҒИ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ14

1. Табиғи - географиялық өлкетанудың зерттеу пәні14

2. Геологиялық және минералогиялық зерттеулер15

3. Геоморфологиялық зерттеулер16

4. Метеорологиялық зерттеулер18

5. Гидрологиялық және гляциологиялық зерттеулер21

6. Геоботаникалық зерттеулер22

7. Зоологиялық және фенологиялық зерттеулер23

8. Топографиялық түсірілімдер24

Өзіндік жұмыс пен бақылауға арналған сұрақтар26

№ 2семинар27

№ 3семинар27

№ 4семинар28

№ 2Сарамандық жұмыс28

№ 3 Сарамандық жұмыс29

№ 4 Сарамандық жұмыс30

4 ТАҚЫРЫП. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ31

1. Экономикалық өлкетанудың мәні, мағынасы, деректері31

2. Өлкенің халқын зерттеу31

3. Шаруашылық құрылымы және оның жіктелуі32

4. Рекреациялық ресурстар32

Өзіндік жұмыс пен бақылауға арналған сұрақтар34

№ 5семинар34

№ 5 Сарамандық жұмыс35

5 ТАҚЫРЫП. ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ36

1. Тарихи өлкетанудың пәні. Тарихи және мәдени ескерткіштердің түрлері36

2. Тарихи өлкетанудың негізгі бағыттары36

Өзіндік жұмыс пен бақылауға арналған сұрақтар40

№ 6семинар40

6 ТАҚЫРЫП. ТОПОНИМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР41

1. Топонимиканың негізгі түсініктері мен әдістері41

2. Өз өлкеңнің топонимдерінің құрылу ерекшеліктері41

3. Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыруда топонимиканың мәні42

Өзіндік жұмыс пен бақылауға арналған сұрақтар43

№ 7семинар43

№ 6 Сарамандық жұмыс43

7 ТАҚЫРЫП. МҰРАЖАЙТАНУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ45

1. «Мұражайтанудың» түсінігі45

2. Әлем мұражайларының тарихы45

3. Мұражайдың әлеуметтік функциялары47

4. Мұражайлардың типологиясы мен жіктелуі47

5. Мұражайтанудың негізгі түсініктері48

6. Мұражай экспозициясы49

7. Мұражайдың мәдени - танымдық жұмысының негізгі формалары50

Өзіндік жұмыс пен бақылауға арналған сұрақтар51

№ 8семинар51

№ 7 Сарамандық жұмыс51

№ 8 Сарамандық жұмыс52

Өзіндік жұмыс орындаудың әдістемелік нұсқауы 53

СИЛЛАБУС55

АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ МЕН ЕМТИХАНҒА ДАЙЫНДЫҚ СҰРАҚТАРЫ 59

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ 60

ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖАУАПТАРЫ 89

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 91

КІРІСПЕ

Өлкетану деп елдің, облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың белгілі бір бөлігін, осы аймақ туған өлкесі болып табылатын жергілікті халықтың зерттеуі табылады. Шағын аймақты кешенді зерттеу, оның тарихын, этнографиясын, мәдениетін, археологиясын, табиғатын, халқын, шаруашылығын және т. б. ауқымды сұрақтарды қамтиды. Туған өлкені жан - жақты зерттеу деп:

1) табиғатын және оның барлық элементтері (геология, жер бедері, жер қойнауы, топырағы, су қоймалары, өсімдік, жануарлар) мен оның байланысын ;

2) тарихы мен демографиясын (қала мен ауыл этнографиясын, топонимика және т. б. )

3) экономикалық өмірін, қоршаған орта мен шаруашылық арасындағы байланысты, шаруашылықтың жеке салалары арасындағы байланысты;

4) халықтың мәдени және рухани өмірін, шығармашылығын (халықтың кәсібін, өнерін, фольклорын, сәулетін) .

Өлкетану мен туризм бір - бірімен байланысты. Нақты және әртүрлі өлкетанулық ақпаратсыз туристік маршруттар мен экскурсияларды ұйымдастыру мүмкін емес. Сондықтанда туристік - өлкетанулық жұмыстардың негізін және өлкетанулық зерттеулерді жүргізу әдістерін білу, туризм саласында кәсіби мамандарды даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Туристік бизнесті ұйымдастырушылардан ішкі туризмді дамыту үшін, туристік жорық пен экскурсияларды өткізу үшін, жергілікті жер мен рекреациялық далалық зерттеулер мен әдістерін білуі қажет. Өлкетанулық бағыт мазмұны жағынан жергілікті мәліметтерге сүйенетін туризмнің өзге жұмыстарына да тән.

«Туристік - өлкетану жұмыстарының негізі» пәні ҚР МЖМББС 050902-«Туризм» мамандарын даярлайтын профильді пәндердің міндетті компоненті болып табылады.

Курсты оқытудың мақсаты болып ішкі және халықаралық туризмді дамыту үшін студенттер туристік рекреациялық ресурстарды (табиғи және тарихи - мәдени) зерттеу әдістемесін игеру табылады.

Пәнді оқытудың мақсаты:

- студенттерді өлкетанудың ғылыми және практикалық негіздерін, оның мәнін, мақсатын, формалары мен түрлерін, туристік - экскурсиялық қызмет көрсету үшін мамандарды даярлауда алатын орнымен таныстыру;

- туристік экскурсиялық бағдарламаларды құрастыру үшін, қажетті өлкетанулық мәліметтің негізгі деректері туралы білімді қалыптастыру;

- студенттерде туристік бизнесте пайдаланатын өлкетанулық білімді жинақтау мен жүйелеудің дағдыларын қалыптастыру;

- туристік - экскурсиялық мекемелерде далалық зерттеулер әдістемесі мен туристік - өлкетанулық жұмыстарды ұйымдастырудың біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру;

Курсты оқу нәтижесінде студент білуі қажет:

  • өлкетанудың жалпы ұстанымдарын;
  • табиғи, тарихи, өнер нысандарына тән ерекшеліктерді;
  • туған өлкені, оның табиғатын, тарихын, тарихи орындары мен тарихи және мәдени ескерткіштерін, экономикасын зерттеу кезінде қолданылатын негізгі деректерді;
  • жергілікті жерді зерттеудің өлкетанулық әдістерін;

Студент жасай білуі керек:

  • өлкетанулық мәліметтерді жинай және жүйелей;
  • өлкетанулық, әдеби, мұрағаттық, картографиялық, статистикалық және өзге де деректермен жұмыс жасай;
  • туристік - өлкетанулық және экскурсиялық объектілер мен аймақтың сипаттамасын құрастыра білуі керек.

050902-«Туризм» мамандығының МЖМББС сәйкес пәннің құрылымын анықтайтын минимум білім, іскерлік пен дағдыға жатады: а) тарихи - мұрағаттық құжаттар, мемуарлар, географиялық және тарихи карталар, туристік карталар, басылымдар сияқты деректермен жұмыс жасай білуі; ә) әртүрлі деректердің мәліметтерін салыстыра отырып, рекреациялық және туристік - экскурсиялық мәселеге сәйкес мәліметті құрастыра білуі; б) туристік - экскурсиялық іс - әрекетті дамыту үшін өлкетанулық және мұражайлық мәліметтерді қолдана білуі қажет.

Пререквизиттар: туризмология негіздері, халықаралық туризм тарихы, мәдениеттану, рекреациялық география, география, тарих, әдебиеттің мектептік курсы.

Постреквизиттар: экскурсиятану, әлем халықтарының этнографиясы, Қазақстанның туризм географиясы, әлем табиғатының құндылықтары (ескерткіштері) .

Ұсынылып отырған оқу құралы МЖМББС 050902-«Туризм» мамандығының типтік оқу бағдарламасына, «Туристік - өлкетану жұмыстарының негізі» пәнінің типтік оқу жоспарының негізінде құрастырылған. Оқу құралы дәрістердің теориялық сұрақтарын, семинар сабақтарына дайындалу үшін әдістемелік нұсқауларды, сарамандық жұмыстар мен СӨЖ тапсырмаларын, силлабус (студенттерге арналған оқу бағдарламасын), сонымен қатар емтиханға дайындалу үшін қажетті сұрақтар мен тест тапсырмаларын қамтиды.

Оқу құралы 050902-«Туризм» мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арналған.

1 тақырып . ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ӨЛКЕТАНУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТТАРЫ

1. Өлкетанудың мәні мен мақсаттары

2. Өлкетанудың түрлері мен формалары

3. Қазақстан мен ТМД елдеріндегі өлкетанулық зерттеулердің тарихи

1. Өлкетанудың мәні мен мақсаттары

Өлкетану деп елдің, облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың белгілі бір бөлігін, осы аймақ туған өлкесі болып табылатын жергілікті халықтың зерттеуі табылады. Кіші аумақ - әкімшілік аудан, қала, ауыл. Туған өлке - облыс немесе көлемі кіші республика. Алматының тұрғындары үшін туған өлке болып, Алматы және Жамбыл облысының бір бөлігін алып жатқан Жетісу өлкесі табылады.

Өлкетану мен туризм бір - бірімен байланысты. Нақты және әртүрлі өлкетанулық ақпаратсыз туристік маршруттар мен экскурсияларды ұйымдастыру мүмкін емес. Сондықтанда туристік - өлкетанулық жұмыстардың негізін және өлкетанулық зерттеулерді жүргізу әдістерін білу, туризм саласында кәсіби мамандарды даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады.

Шағын аймақты кешенді зерттеу, оның тарихын, этнографиясын, мәдениетін, археологиясын, табиғатын, халқын, шаруашылығын және т. б. ауқымды сұрақтарды қамтиды. Туған өлкені жан - жақты зерттеу деп:

1) табиғатын және оның барлық элементтері (геология, жер бедері, жер қойнауы, топырағы, су қоймалары, өсімдік, жануарлар) мен оның байланысын ;

2) тарихы мен демографиясын (қала мен ауыл этнографиясын, топонимика және т. б. )

3) экономикалық өмірін, қоршаған орта мен шаруашылық арасындағы байланысты, шаруашылықтың жеке салалары арасындағы байланысты;

4) халықтың мәдени және рухани өмірін, шығармашылығын (халықтың кәсібін, өнерін, фольклорын, сәулетін) .

2. Өлкетанудың түрлері мен формалары

Өлкетанудың құрылымы мен зерттеу әдістері әртүрлі, бірақ туған өлкені ғылыми және жан - жақты зерттейтін ғылыми пәндердің кешенін біріктіреді. Сондықтан да жалпы өлкетануда зерттеу объектісіне байланысты өлкетанудың түрлері ажыратылады.

Салалық өлкетану:

  • табиғи-географиялық - табиғи компоненттер мен табиғи-аумақтық кешендерді зерттейді;
  • экономикалық-географиялық - өндірістік-аумақтық кешендер мен шаруашылықты зерттейді;
  • биологиялық - өлкенің биоценозын, флорасын, фаунасын және т. б. зерттейді;
  • тарихи - жазбаша және заттық ескерткіштерді, археологиялық табысты, әдеби және мұрағаттық деректерді, сәулетшілік пен сәулет ескерткіштерін зерттейді;
  • этнографиялық - нақты бір микро аудан тұрғындарының өмірін, іс - әрекеті мен тұрмыс-тіршілігін, яғни киім - кешегін, тұрмыстық заттарын, өндіріс құралдарын, ауылды кешенді зерттейді;
  • фольклорлық (неміс тілінен «халық») - сәулетшілік өнердің сәндік әшекейлерін, халықтың ауыз әдебиеті мен салт - дәстүрін зерттейді;

Кешендік өлкетану табиғи және әлеуметтік құбылыстардың барлық себеп - салдарлық байланысын зерттейді. Негізгі әдіс болып табиғи үлгілерді, материалдық мәдениеттің заттарын, мәліметтерді жинау мен жүйелеу табылады. Кешенді өлкетану бірнеше ғылыми әдістерге сүйенгенмен, бірақ олар географиямен тығыз байланысты. Л. С. Бергтің ойынша, өлкетануды «кіші география», дәлірек айтсақ «кіші елтану» деп қарастыруға болады.

Өлкетанулық жұмыстардың формалары зерттеу тәсілдерімен анықталады. Біздің елде өлкетанудың үш ұйымдық формасы бар:

  • мемлекеттікөлкетану әдетте, республикалық, облыстық, қалалық, аудандық өлкетанулық мұражайлармен, мұрағаттармен, кітапханалармен және ғылыми мекемелермен, үкіметтік ұйымдармен (шаруашылық, экологиялық, әкімшілік статистикалық басқармалармен және т. б. ) жүргізіледі.
  • қоғамдықөлкетану туристердің, өлкені сүюшілермен, қоғамдық ұйымдармен - табиғатты қорғау қоғамымен, аңшылар мен балық аулаушылар көмегімен жүзеге асады.
  • мектептікөлкетану мектеп оқушылары мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Мектептік өлкетанудың негізгі екі формасы бар: бағдарламалық (оқу) және бағдарламадан тыс (мектептен тыс) .

Мектептік өлкетану мектептердегі оқу бағдарламаларына қатысты мәліметтерді нақты объектілерде жетілдіруге көмектеседі. Оқушының қоршаған ортасы мен өмірі ешқандай иллюстрация мен колекциямен салыстыруға келмейтін көркем құрал. Мектептік өлкетану оқу бағдарламасын терең игеруге, оқушылардың практикалық дағдылары мен көзқарасының кеңеюіне, Отанға деген сүюіспеншілігін арттыруға және экологиялық тәрбие беруге көмектеседі.

Мектептен тыс өлкетану - мектептен тыс жасөспірімдер ұйымдары - туристік клубтар, оқушылар үйіндегі үйірмелер, скауыттық ұйымдар - туристік жорықтар, экскурсиялар, оқушылардың ғылыми жұмыстары.

3. Қазақстан мен ТМД елдеріндегі өлкетанулық зерттеулердің тарихи

Қазақстандағы өлкетанулық зерттеулердің тарихы ұзақ және қызықты. Қазақстандағы ұйымдасқан өлкетанулық зерттеулер ХІХ ғасырдың соңында Орыс География қоғамының бөлімдерімен, Ғылым Академиясының, Орыс Археологиялық қоғамының Шығыс бөлімшесімен, жаратылыстануды сүюшілер, антропология және этнография Қоғамының көмегімен жүзеге асты.

РМҚ Орынбор және Батыс - Сібір бөлімшелері бұл уақытта қазақтардың этнографиясы туралы еңбектерді жарыққа шығарды. 1904 жылы «РМҚ жазбаларының» жеке томында Ш. Ш. Уәлихановтың негізгі еңбектері жарияланды. РМҚ мүшелері болып атақты өлкетанушылар Н. М. Потанин, Н. М. Ядринцев, Ы. Алтынсарин., Н. Бекчурин, Г. С. Карелин, Н. Н және В. Н. Белослюдовтар болды.

Совет өкметі орнағаннан кейін барлық сәулет ескерткіштері, кітапханалар, мұражайлар, мұрағаттар ұлттандырылды. 1920 жылдың 15 қазанында Қазақстанды зерттеу Қоғамының құрылтайшылық жиналысы өтті. Қоғамның төрағасы болып, қазақ халқының тарихы туралы алғашқы жұмыстардың авторы болып табылатын А. П. Чулошников тағайындалды. Сол уақытта Республикада мемлекеттік ғылыми ұйымдар жоқ болатын, Қазақстанды зерттеу Қоғамының қатарында зиялы қауымның басым бөлігі біріккен болатын. Қоғамда С. Д. Асфендияров, А. П. Чулошников, А. Ф. Рязанов, А. А. Диваев, А. Л. Калмыков, С. С. Сейфуллин, М. Әуэзовтер бірге қызмет атқаратын. Қазақстанды зерттеу Қоғамының қызметі 1932 ж Қазақ Ғылым Академия базасының құрылуымен тоқтатылады, 1946 ж ҚазССР Ғылым Академиясы ұйымдастырылады.

1932 ж өлкетанудың Орталық бюрасы негізгі өлкетану орталығының қызметін атқаратын, бұл ұйым 1937 ж дейін ғана болған, одан кейін өлкетанулық зерттеулердің орталық қызметін СССР Географиялық қоғамының Өлкетанулық комиссиясы атқарды.

Қазақстан мектептеріндегі жасөспірімдер туризмі мен өлкетану ХХ ғ. 20 жылдарында пайда болды. 1924 ж. Семейде мұғалім - өлкетанушылардың алғашқы өлкетанулық конференциясы өтті. Осыдан кейін барып Орынборда, Қызылордада, Талдықорғанда, Алматыда мектептік өлкетанудың мұғалімдер үйірмелері ұйымдастырыла бастады. Олардың жұмысын жасөспірімдер өлкетанушылар ұйымдарының Губерниялық бюросы (ГБОЮКО) басқарды.

1951 жылы Қостанайда республикада алғашқы болып Балалардың экскурсиялық - туристік станциясы құрылды. 1973 жылға дейін балалардың мектептен тыс мұндай ұйымдары барлық облыс орталықтарында жұмыс істеді.

Облыстық станциялардың жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып 1961 жылы Қазақстанда мектептік және мектептен тыс ұйымдардағы оқу, ғылыми, инструктивтік-әдістемелік және тәрбие бағыттағы ұйым ретінде Республикалық балалар экскурсиялық - туристік станциясы құрылды.

ХХ ғ. 60-90 жылдары республиканың барлық өңірлерінде балалар - жасөспірімдердің қызығушылықтарына байланысты тұрғылықты жерлерде клубтар, аудандық, қалалық және облыстық Үйлер және пионерлер мен оқушылар Сарайлары, жас техниктердің, натуралистердің, туристердің станциялары, клубтары, туристік базалары, пионерлік лагерлері ашылды.

1985 ж туристік-өлкетанулық жұмыстардың мектептен тыс балалар ұйымдарында қарқынды даму шыңы болатын. Қазақстанда мыңдаған балалар ұйымдары болды, олар оқушылармен жүйелі түрде әртүрлі іс-шаралар өткізетін: туристік - өлкетанулық экспедициялар, ғылыми - практикалық конференциялар, слеттар мен жарыстар, тақырыптық альбомдар шығарды, республика бойынша эстафеталар, өлкетанулық мәліметтерді жинады, білім ошақтарында өлкетанулық мұражайлар ашылды.

Қайта құрылудың басталуымен және қаржыландырудың қысқаруымен, білім жүйесінің реформалануымен балалардың көптеген туристік - өлкетанулық ұйымдары өз жұмыстарын тоқтатты, бірақ облыс орталықтарында жас туристер станциялары қызметтерін жалғастыруда. 1995 ж. жас туристердің Республикалық станциясы «Оқушылардың Халықаралық туристік орталығы» (МЦТУ) болып аталды.

Вопросы для контроля и самостоятельной работы :

  1. Дать определения понятий «краеведение», «родной край», «малая территория»
  2. Каково значение туристско-краеведческой работы для специалистов туризма?
  3. На каком основании выделяются виды краеведения, перечислить их и дать характеристику?
  4. На каком основании выделяются формы краеведения, перечислить их и дать характеристику?
  5. Кого считают основоположником краеведческого изучения России и почему?
  6. Почему Ш. Ш. Валиханов считается первым казахским краеведом?
  7. Какие государственные учреждения и общественные организации занимались изучением территории Казахстана до Октябрьской революции?
  8. Какие государственные учреждения и общественные организации занимались изучением территории Казахстана после Октябрьской революции
  9. Выявите этапы развития школьного краеведения в Казахстане
  10. Какие государственные и общественные организации занимаются краеведением в Республике Казахстан в настоящее время?


2 ТАҚЫРЫП. ӨЛКЕТАНУЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ДЕРЕКТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

1. Өлкетанудың деректері мен ұстанымдары

2. Өлкетанулық зерттеулердің негізгі кезеңдері

3. Зерттеу әдістерінің жіктелуі

1. Өлкетанудың деректері мен ұстанымдары

Туристік-өлкетанулық жұмыстар туризм саласында кәсіби мамандарды даярлаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Оған туған өлке туралы білім алу, мәліметтерді жинақтай білу, бақылау әдістерін үйрену, алынған мәліметтерді өңдеу дағдылары мен сараптай білу, алынған дағдыларды туристік фирма жұмысының тиімділігін арттыруда қолдана білу жатады.

Өлкетанудың ұстанымдары: ғылыми, жүйелілік және реттілік, кешенділік және аймақтылық.

Өлкетанудың деректері: әдеби, картографиялық, мұрағаттық, статистикалық, құжаттық (деректік), бақылау.

2. Өлкетанулық зерттеулердің негізгі кезеңдері

Өлкетанулық зерттеулердің негізгі кезеңдеріне жатады:

1) Кітапханалардан, ұйымдар мен мекемелерден әртүрлі әдеби және өлкетанулық мәліметтерді жинау, зерттеу және жалпылау.

2) Алдын - ала таңдалған пункте жүйелі түрде бақылаулар жүргізу.

3) Арнайы бағытталған жорықтар мен экскурсиялар кезінде бақылаулар жүргізу, өлкені зерттеу.

4) Алынған мәліметтерді өңдеу (жоспарлар, карталар, графиктер, диаграммалар, коллекциялар және т. б. құру) .

5) Алынған мәліметтерді жалпылау және сараптау.

3. Зерттеу әдістерінің жіктелуі

Жалпы өлкетанудың негізгі әдістеріне әдеби, картографиялық, статистикалық, далалық бақылаулар, визуалды, сауалнама, салыстырмалы-тарихи және т. б. жатады.

1) Өлкетанулық әдеби деректерін зерттеу өлкетанулық зерттеулердің бірінші кезеңінде, алдын - ала мәлімет алу үшін жүргізіледі. Өлкетанулық мәліметтің деректері:

- оқулық пен оқу құралдары, статистикалық анықтамалықтар;

- туризм мен өлкетануға байланысты анықтамалық - библиографиялық шолулар;

- «Вопросы географии» жинақтары (1930 жылдан бастап 120 шығарылымы болды, мысалы, №93 «География и туризм», № 110 «Топонимика на службе географии») ;

- «Преподавание истории в школе», «Преподавание географии в школе», «Юный натуралист», «Казакстан мектебi», «Социологические исследования» журналдары;

  • Газет мәліметтері. Қарастыратын баспаларды алдын-ала белгілеп, оның ақпараттық бағытын анықтап, хронологиялық рамкаларын белгілеу керек. Тақырыпқа сәйкес келетін бөлімдерге көңіл аударған жөн.

Алынған мәлімет карточкаға енгізілу керек. Үзіндіде автордың аты - жөні, мақаланың атауы, жылы көрсетілген баспаға нақты сілтеме, газет немесе журналдың беттері мен саны көрсетілу қажет.

2) Зерттеудің картографиялық әдісі зерттеліп отырған аумақтың табиғи, шаруашылық, тарихи, археологиялық және т. б. объектілер мен құбылыстардың кеңістікте орналасуын анықтауға бағытталады. Барлық өлкетанулық зерттеулер зерттеліп отырған жердің карта немесе жоспарын құрастырудан басталғаны жөн. Карта - зерттеу нәтижесін түсіретін негіз болып табылады.

3) Далалық зерттеудің негізгі стационарлық және экспедициялық әдістері бар. Бірінші әдіс зерттеушінің тұрғылықты жерінде немесе ұзақ тұрған жерінде жүргізіледі. Ал екінші әдіс саяхат немесе жорық кезінде қысқа мерзімді тұрған жерінде жүргізіледі. Саяхат кезінде бақылау әдісінің ең тиімдісі болып визуалды немесе сауалнама табылады.

4) Статистикалық әдіс сандық көрсеткіштерді іріктеу мен сараптауға негізделеді, оның нәтижесінде карталар, сұлбалар, таблицалар, графиктер, диаграммалар құрастырылады. Өлкетанушылар бұл әдісті өлкенің шаруашылығын, халқын және өзге аумақтармен экономикалық байланыстарын зерттеген кезде кең қолданылады.

Вопросы для контроля и самостоятельной работы :

  1. Что такое «принципы», и каковы принципы краеведения?
  2. Какова методика работы с различными типами библиографических сведений?
  3. Какие виды документации необходимо получить для работы в государственных архивах?
  4. Какие сведения по туризму можно получить из статистических бюллетеней?
  5. Каковы принципы составления анкет и проведения социологических опросов?
  6. Какие методы применяются на различных этапах краеведческого изучения территории?

№ 1семинар

1. Өлкетану деректерінің классификациясы. Өлкетану әдебиеттері мен материалдарына шолу және олардың анализі - 2 сағат

1) Өлкетану түрлері мен формалары. Туристік - экскурсиялық жұмыстар бойынша мамандарды дайындау жүйесіндегі өлкетану орны.

2) Өлкетану деректерінің классификациясы.

3) Өлкетану білімдерінің әдебиет деректерінің орны мен маңызы.

4) Ағымдағы және ғылыми - танымал әдебиеттерімен жұмыс істеу ерекшеліктері.

5) Ақпараттық (анықтамалық) басылымдар мен олардың өлкетану жұмыстары үшін маңызы.

6) Өлкетану әдебиеттерінің картотекасын және аннотациялы тізімді құрастыру.

7) Өлкетану статистикалық деректерімен жұмыс істеу ерекшеліктері.

8) Архивте жұмыс істеу ережелері

Әдебиет:

  1. Краеведение: пособие для учителя // А. В. Даринский и др. - М., 1987
  2. Вуколов В. Н., Назарчук М. К. Основы туристко-краеведческой работы. - Алматы, 1997.
  3. Вуколов В. Н. Основы туристско-краеведческой работы. - Алматы, 2005.

№1 сарамандық жұмыс

Өзінің жері туралы өлкетану әдебиетінің библиографиясы

Мақсаты: өлкетану әдеби деректерін іздеу мен пайдаланудағы практикалық дағдыларды қалыптастыру, каталогтардың, әдебиет тізімімен, библиографиялық және анықтамалық басылымдардың әр түрімен жұмыс істеуді үйрену.

Тапсырма: өзінің жері бойынша келесі тақырыптардың біреуі бойынша әр түрлі деректер бойынша әдебиет тізімін құрастыру (40 атаудан аз емес) :

  1. Табиғат
  2. Халық
  3. Шаруашылық
  4. Тарих
  5. Мәдениет

Тапсырма жеке - топтық ( топ 2-3 адамнан) . Әдебиет тізімі тақырып бойынша 40 кем болмайтын әдеби, картографиялық, электронды деректер атауларын қамтуы тиіс. Жұмысты тапсыру кезінде іздеу әдісін айту қажет: әдебиет қандай кітапханаларда, каталогтарда табылған, тізімді құрастыру кезінде қандай библиографиялық деректер қолданылды.

Әдебиет:

  1. Вуколов В. Н. Основы туристко - краеведческой работы. - Алматы, 2005.
  2. Краеведение: учебное пособие // А. В. Даринский и др. - М., 1985
  3. Ердавлетов С. Р. Достопримечательные места Казахстана. - Алма - Ата: Знание, 1988.
  4. Алматы. Энциклопедия. - Алматы, 2002.

3 ТАҚЫРЫП. ТАБИҒИ - ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ

1. Табиғи - географиялық өлкетанудың зерттеу пәні

2. Геологиялық және минералогиялық зерттеулер

3. Геоморфологиялық зерттеулер

4. Метеорологиялық зерттеулер

5. Гидрологиялық және гляциологиялық зерттеулер

6. Геоботаникалық зерттеулер

7. Зоологиялық және фенологиялық зерттеулер

8. Топографиялық түсірілімдер

1. Табиғи - географиялық өлкетанудың зерттеу пәні

Кез-келген өлкетанулық жұмыстың негізі болып шаруашылықтың барлық түріне ресурс болып табылатын, өзіндік табиғи жағдайлары тән белгілі - бір аумақ табылады. Өлкетанушылар негізінен жергілікті жердің геологиялық құрылысы мен тау жыныстарының құрамын, жергілікті жердің жер бедерін, климатын, жер беті суларын, топырақ жамылғысын, өсімдік, жануарлар дүниесін зерттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері
Тарихи өлкетану курсының жұмыс бағдарламасы.
Өлкетану
Қазақстанда өлкетану тарихының дамуы
Бастауыш сыныпта дүниетану пәнінде өлкетану материалдарын оқыту. Мектеп өлкетануының тарихы
Өлкетану жұмыстарының мақсаттары
География пәнінде өлкетану жұмыстары негізінде оқушылардың азаматтылықтарын қалыптастыру мүмкіндігі
Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Өлкетану материалдарын пайдалану арқылы негізгі мектептің оқушыларын елжандылыққа тәрбиелеу
Мінездің ұлттық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz