Кәсіпорынның негізгі құралдары есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 115 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні, маңызы және теориялық аспектілері

1. 1 Негізгі құралдардың мәні мен ерекшеліктері . . . 7

1. 2 Негізгі құралдар, оларды жіктеу және бағалау . . . 23

2 «Торғай-Петролеум» АҚ-ның негізгі құралдарының есебін ұйымдастыру және талдау

2. 1 «Торғай-Петролеум» АҚ-ның техника-экономикалық сипаттамасы және негізгі құралдарының құрамы . . . 48

2. 2 «Торғай-Петролеум» АҚ-ның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігі және олардың тозуы . . . 60

2. 3 «Торғай-Петролеум» АҚ-ның негізгі құралдарын жаңартудың экономикалық тиімділігін талдау . . . 78

3. Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігін жетілдіру

3. 1. Өндіріске жаңа негізгі құрал енгізу қажеттілігі . . . 88

  1. Негізгі құралдарды тиімді пайдалану жолдарын жоғарлату . . . 93

Қорытынды . . . 102

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 106

КІРІСПЕ

Диссертациялық жұмысының өзектілігі . Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Дс Солозано осы ғылым туралы "Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес»- деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки "Есеп - бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы" - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында "Есептей алмаған, басқара алмайды" - деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есептің ақпараттық жүйесі қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді.

Қазіргі таңда біздің мемлекеттің өз алдына қойып отырған мақсаттары мен міндеттері бар. Олар келесідей көріністе: бәсекеге қабілетті экономиканы құру; аймақтық көшбасшы тұғырын қалыптастыру; отандық өндірістердің қосылған құны жоғары өнімдерді шығаруын қамтамасыз ету; ішкі нарықтағы отандық өнімдердің үлесін арттыру және т. б.

Бірақ осы мақсаттарға жетуге көптеген бөгеттер бар. Солардың ішіндегі ең негізгі проблемалары ол: экономиканың бір жақты дамуы; жемқорлық; экономика салаларын дамытуға инвесторлардың құлықсыз болуы; әлемдік ірі державалардың астырын саясаты және т. б.

Біз экономикамыздың бір жақты дамуынан бас тарта алатын болсақ, ол біз үшін өте тиімді нәтижелерді әкелетін еді. Себебі ірі державалар біздің мемлекетті тек шикізат көзі ретінде ғана қабылдайды. Ал біз бұл бағыттан тайюымыз керек. Ол үшін біз отандық өнеркәсіпті барынша жетілдіріп, дамытуымыз қажет және осы мәселе Қазақстан Республикасының 2003 - 2015 жылдарына арналған индустриалды - инновациялық бағдарламасында көрініс тапқан.

Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған.
Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс.

Өндірістік қорлар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Осы жазылғалы отырған курстық жұмыс нақ осы өндірістік кәсіпорындарының негізгі құралдарының тиімділігін талдау жайлы болмақ. Себебі олар - өндірістік кәсіпорынның тиімділігіне тура әсерін тигізеді және оның жоғарылауына немесе төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Негізгі құралдар материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес (әлеуметтік) салада да ұзақ уақыт бойы ( бір жылдан астам) қызмет етеді.

Негізгі құралдар дегеніміз ұзақ уақыт жұмыс істейтін материалдық - заттақ құндылықтар ( ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, құрал - саймандар, өндірістік және шаруашылық мүлкі, жұмысқа пайдаланылатын және өнім беретін мал, және тағы басқалар) .

Ақшалай бағаланған негізгі қорлар негізгі құралдар деп аталады. Олар бухгалтерлік есепте осы бағамен көрінеді және субъект балансында көрініс табады. Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы, көптеген өндіріс циклы барысында пайдаланылады, олар бірте - бірте тозады және өзінің қасиеті мен түрін сақтай отырып, өз құнын бірте - бірте жаңадан өндірілген өнімге аударады ( мысалы, станок немесе автомашина өндірісте бірнеше жыл бойы пайдаланылады) .

Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстардың және қызметтердің өзіндік құнын құрайтын негізгі элементтердің бірі болып табылады. Амортизациялық аударымдар сомасын көтеру немесе түсіру өндіріске жұмысалатын шығынның, жалпы табыстың көлемінің бұзылуына әкеліп соғады.

Курстық жұмыс кіріспе, қорытындыдан және үш бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімі жалпы негізгі құралдардың теориялық аспектілерін қарастырады. Екінші бөлімі «Торғай Петролеум» кәсіпорнының мысалында негізгі құралдар және олардың кәсіпорындағы қозғалысы талданады. Үшінші бөлімде негізгі құралдарды пайдалану тиімділігінін арттыру және жетілдіру жайында ұсыныстар жасалады.

Зерттеу жұмысының мақсаты . Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. «Негізгі құралдарға» - қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машиналар мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.

Барлық «негізгі құралдар» өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі станокгар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі құралдар жатады.

«Негізгі құралдарды» халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынады.

Егер кәсіпорындар мен ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын) болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол кәсіпорынның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.

Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай әртүрлі топтарға бөлінеді.

Негізгі құралдар есебі Қазақстан Республикасының бухгалтер есеп жөніндегі 1996 ж. 13 қарашадағы Қаулысымен бекітілген № 6 «Негізгі құралдар есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес іске асырылады.

Мақсаттық белгілеуіне және орындалатын іс-қызмет аясына байланысты, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық бухгалтерлік есеп бойынша 1996 ж. 18 қарашадағы №6 қаулысымен бекітілген қаржы-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының Бас жоспарына сәйкес негізгі құрамдар мынандай топтар бойынша мақсатты белгілеу мен орындалатын іс-қызмет аясына байланысты жіктеледі.

Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жургізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Қолданыста жүрген заңдарға орай (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 ж. 24 шілдедегі №1174 Қаулысы мен Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттіктің 2002 ж. 3 сәуірдегі № 03-1а-8 «Негізгі құралдардың құнын арттыру индекстері туралы» қатынас хаты) объектілерде қайта бағалау өткізілді, оның нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша көрсетіледі. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 12 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 541 «Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал» 54 бөлікшенің баланстық шоты бойынша көрсетілді.

Зерттеу жұмысының міндеттері. Жоғарыда көрсетілген жұмыс мақсаттарына байланысты мынадай міндеттер туындады:

  • негізгі құралдардың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу;

- негізгі құралдардың техникалық жағдайын және қозғалысын талдау;

- негізгі құралдың тозуының және амортизациясының есебін қарастыру;

- негізгі құралдар есебін жетілдіру жолдарын анықтау;

  • негізгі құралдардың түрлерін, атқаратын қызметтерін бағалау.

Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу ретінде) дүниежүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап, бағалауға мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:

1) есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;

2) оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;

3) шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.

Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. «Негізгі құралдар есебі» дипомдық жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен қалған. Кіріспе жұмысының негіздері мақсаттары және оларды шешу көрсетілген. Бірінші тарауда меншікті инегізгі құралдардың теориялық негіздері көрсетілген. Екінші тарауда меншікті негізгі құралдардың есебі сипатталған. Үшінші тарауда меншікті негізгі құралдарды пайдаланудың жағдайы және талдауы көрсетілген.

1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні, маңызы және теориялық аспектілері

1. 1 Негізгі құралдардың мәні мен ерекшеліктері

Экономика ғылымы барлық әртүрлi машина, ғимараттар, құрылыс, құрал-жабдықтарды «негiзгi капитал» деген экономикалық категорияға бiрiктiредi. Бұны адам еңбек құралы ретiнде пайдалана отырып өз қажеттiлiгiн толығымен қанағаттандырады.

«Капитал» терминiнiң түсiнiгi мен мағынасын экономика ғылымдарының барлық iрi мектептер мен бағыттарының өкiлдерi түсiндiруге тырысты. Капитал теориясының қалыптасуының ұзақ тарихы бар. А. Смит капиталды зат немесе ақшаның жинақталған қоры деп сипаттайды. Ал Д. Рикардо оны өндiрiс құралы ретiнде қарастырады: «ертедегi адамның қолындағы таяғы, тасы оған қазiргi машина мен зауыт сияқты капитал элементi болып көрiнедi» дейдi. К. Маркс өзiнiң алдындағыларына қарағанда капиталды әлеуметтiк сипаттағы категория ретiнде түсiндiредi. Ол «капитал - бұл қосымша құнды тудыратын, өз-өзiнен «өсетiн құн»» дейдi. Өсу құны ол тек ғана жалдамалы жұмысшылар деп есептеледi. Сондықтан Маркс капиталды - бұл ең алдымен қоғамның әр түрлi қабаттары арасындағы белгiлi қарым-қатынас, соның iшiнде жалдамалы жұмысшылар мен капиталистер арасындағы деп қарастырады. Америкалық экономист Ирвинг Фишердiң (1867-1947) пiкiрi бойынша, капитал табыс ағымына айналатын қызмет ағымын тудырады. Қандай да бiр капиталдың қызметi қаншалықты жоғары бағаланған сайын, ол соншалықты табыс әқеледi. Сондықтан капитал деңгейiн одан алынған табыс деңгейi негiзiнде бағалау керек. [4]

Негізгі құралдар еліміздің ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. Негізгі құралдар-ұзақ жылдар бойы өндіріс саласында жұмыс істейтін, материалдық игіліктерді өндіруге қатысып, өзінің заттай түрін сақтайтын, бірте-бірте тозатын және өзінің құнын өндірілетін жаңа өнімге тозу мөлшеріне қарай амортизаторлық жарна түрінде аударатын өндіріс құралдарын айтамыз.

Кәсіпорынның өндіріс қоры үнемі қозғалыста болып, айналымда болады. Олар өндіріс шеңберінен, айналым өндірісіне, ал одан қайтып келесі өндіріс шеңберіне оралады.

Өндіріске қатысу нәтижесінде негізгі құралдар-өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі құралдар-бұл қор өндіріс үрдісіне тікелей қатысатын-машина күштері мен жабдықтар немесе оның іске асуына жағдай туғызатын, өндірістік корпусы, тасымалдау көлігі, сақтау және қойма бөлімдері кіреді. Негізгі құралмен бірге өндіріс үрдісіне тікелей қатыспайтын (кәсіпорын балансындағы жұмысшыларға қызмет ететін объектілер) -өндірістік емес құралдарға жатады. Бұл негізінен, кәсіпорындағы әлеуметтік құрылымға кіретін-тұрғын үй қоры, мәдени-тұрмыстық қызметке арналған ғимараттар мен құрылыстар, денсаулық сақтау объектілері, бала-бақша, мектеп т. б. объектілер кіреді. Өндіріс үрдісінде және табиғи заттай белгісімен барлық негізгі құралдар төмендегідей болып бөлінеді:

  • жер;
  • ғимараттар - негізгі, қосалқы, көмекші цехтар мен әкімшілік ғимараттар осыған кіреді;
  • қондырғылар - бұған мұнай және газ скважиналары, дамбалар, платиналар, каналдар, темір жолдар жатады;
  • тарату жүйелері - бұған газ және мұнай құбырлары, су тарату жүйелері, электр тарату жүйелері, байланыс жүйелері, жылыту жүйелері, канализация жүйелері жатады;
  • машиналар мен құрал - жабдықтар - оған компрессорлар, домнапештер, балқыту пештері жатады. Олар күш машиналары болып есептеледі. Ал жұмыс машиналары мен құрал - жабдықтарға: комбайн, тігін машиналар, сонымен қатар өлшенетін және қадағалайтын приборлар (вольтметр, амперметр(, есептеуіш техникалар ( компьютерлер) жатады;
  • транспорттық құралдар - бұған барлық қозғалатын құралдар жатады, яғни темір жолда, суда қозғалатын транспорттар және транспорттар жатады;
  • өндірістік және шаруашылық инвентарь - өндірістікке: механизациялар мен инструменттер ( қысатын, итеретін) жатады, ал шаруашылық инвентарьға: жиһаз, палас, кілемдер жатады;
  • жұмыс және аналық мал;

- көп жылдық өсімдіктер - гүлдер, ағаштар, алма бақтар және т. б. Халықаралық қаржы есебінің стандарттарыны сай негізгі құралдардың мынандай үш белгісі бар:

  • материалдық формасының болуы;
  • міндетті түрде кәсіпорын қызметінде пайдаланылуы тиіс, яғни сатылуға бағытталмауы керек;
  • кәсіпорында ұзақ уақыт пайдаланылуы тиіс. [5]

Иелігінде болуына қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз - субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар. Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар - жалға алынған құралдар болып саналады.

Негізгі құралдар өндірістік процеске қатысуына қарай активті және пассивті болып бөлінеді.

Активті негізгі құралдарға өндірістік процеске тікелей қатысады. Мысалы, машиналар, құрал - жабдықтар, көлік құралдары және т. б. Ал қалған негізгі құралдарды пассивтіге жатқызуға болады. Себебі олар, өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ процестің дұрыс жүруіне қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, ғимараттар, қондырғылар.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған ( тоқтатылып қойған ) және қорда тұрған деп бөлінеді. Жұмыс істеп тұрғанға пайдаланудағы құрал - жабдықтар жатады. Жұмыс істемей тұрғандар - бұл тоқтатылып қоюына немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланылмайтын негізгі құрал - жабдықтар. Қорда сақтаулы негізгі құрал - жабдықтарға жұмыс істеп тұрғандарды жоспарлы түрде ауыстыру үшін құрылғын қордағы объектілер жатады.

Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатындар ( үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар ) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман, суға ( ғимараттардан басқа) күрделі қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар ( жер учакелерін, егістік үшін пайдаланылатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, және т. б. ) жатады.

Негізгі құралдардың сапалық жағдайын талдау үшін оның құрылымын білу керек. Негізгі құралдардың келесідей түрлері қарастырылады:

  1. өндірістік құрылымы
  2. технологиялық құрылымы
  3. тұтыну уақытына байланысты құрылымы

Өндірістік құрылым деп - әртүрлі топтағы өндірістік негізгі құралдардың заттай - натуралды құрылымы бойынша олардың орташа жылдық құнының қатынасын белгілейді.

Өндірістік негізгі құралдардың өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері болып - олардың жалпы құнының активті бөлігінің үлесі табылады. Бұл кәсіпорынның өнім шығаруының, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығының және басқа экономикалық көрсеткіштерінің жұмысының өндірістік негізгі құралдардың активті бөлігінің көлеміне тәуелді болғанына байланысты. Сондықтан оның үлесін тиімді деңгейге дейін көтерілуі - өндірістік негізгі құрадардың өндірістік құрылымының бсым бағыттарының бірі болып табылады. [4]

Өндірістік негізгі құралдардың өндірістік құрылымы келесі факторларға байланысты болып келеді: кәсіпорынның өзіндік ерекшеліктері; ҒТП-ң жеделдетілуі; шоғырлану деңгейі; мамандандырылуы; өндірісті кооперациялау; құрамдастыру мен диверсификациялау; географиялық орналасуы және т. б.

Өндірістік негізгі құралдардың технологиялық құрылымы оның кәсіпорындағы құрылымдық бөлімшелерге бөлінуін олардың жалпы құнындағы пайыздық үлесінде бейнеленуін сипаттайды.

Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар былайша бөлінеді:

Қолданыстағы - бұл пайдалану сатысындағы негізгі құралдар қолданылмаған консервацияға немесе басқа да себептерге байланысты уақытша қолданылмай тұрған негізгі құралдар.

Запаста тұрған- қолданылып жүрген негізгі құралдардың жөнделуі, жойылуы, апатқа ұшырауы жағдайында оларды алмастыру үшін запас құрайтын негізгі құралдар.

Әрбір топтағы негізгі құралдың құндарының жалпы өндіріс қорына үлес салмағын (%) өндірістегі құрылымын көрсетеді. Негізгі құралдар құрылымы салаларда, бірлестіктерде және кәсіпорындарында өзінің қолдануына, бағытына, көлеміне қарай әртүрлі болады.

Негізгі құралдардың кейбір бөлігі үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, өндіріс және шаруашылық құралдары өнім өндірісіне тікелей қатыспауы мүмкін-ол тек еңбек тіршілігіне, өндірістің технологиялық үрдісін дамытуына көмектеседі. Мұндай негізгі құралының бөлігін-енжарлы бөлігі дейді. Ал, беріліс қондырғылар, ішкі зауыт көліктері, әсіресе өнім өндірудегі машиналар мен жабдықтар, яғни негізгі өндіріс қордың белгілі бөлігі өндіріс бөлімшелерінде өнім өндіруде шешуші рөл атқаратын өндіріс қорларын-белсенді бөлігіне жатқызады.

Негізгі құралдар кәсіпорын мүлкінің және оның айналымнан тыс активтерінің маңызды бөлігі болып табылады.

Негізгі құралдар - негізгі қорларды сипаттайтын бағалық өлшеуіштер.

Негізгі құралдар - өндіріс процесінде ұзақ уақыт пайдаланылатын, өзінің заттай - натуралды формасын сақтай отырып, шығарылатын өнім мен қызметтерге біртіндеп өз құнын аударатын, өндірісте тауарлар мен қызметтерді жеткізуде үшінші жаққа жалға берілетін құндылықтар.

Оларға кем дегенде бір жыл мерзімінде қолданылатын құралдар жатады.

Өндіріс процесі еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар) және еңбек құрал - жабдықтары болып бөлінетін өн-діріс құрал - жабдықтарының қатысуымен жүзеге асырылады. Еңбек құрал - жабдықтарының құрамына белгілі бір заттарды жатқызу олардың сыртқы белгілеріне қарап емес, өндіріс процесінде атқарар рөліне қарап белгіленеді. Мысалы, заводта дайындалған бу қазаны ол үшін дайын өнім болып санала-ды, ал орнату үшін субъект сатып алған осы қазан еңбек құралы болып табы-лады.

Негізгі құралдар функционалдық бағытталуына байланысты келесідей болып бөлінеді: өндірістік және өндірістік емес.

Өндірістік негізгі құралдарға - өндірістік процеске тікелей қатысатын (машиналар, құрал - жабдықтар), оның қызмет етуіне жағдай жасайтын (өндірістік ғимараттар, қондырғылар, электр жүйелері және т. б. ) және еңбек заттарын сақтау мен ауыстыруды қамтамасыз ететін негізгі құралдар жатады. Негізгі өндірістік құралдардың пайдаланылуын сипаттайтын жинақтаушы экономикалық көрсеткіш - негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнім болып табылатын қор қайтарымы. [6]

Өндірістік емес негізгі құрал - жабдықтар - тұтынуға арналған құрал - жабдықтар. Олар ұжымның мәдени - тұрмыстық қажеттіліктерін ұзақ мезім бойы өтеуге арналған. Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ кәсіпорын балансында тіркеледі. Оларға: ғимараттар, тұрғын үйлер, балабақшалар, мектептер, денсаулық сақтау мекемелері жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек ақы бойынша диплом алды іс – тәжірибе
Негізгі құралдар аудитінің жүргізілуі
Керамин - Астана ЖШС серіктестері
Өндіріс есебінің ұйымдастырылуы
Негізгі құралдарды жалдаудың есебі
Негізгі құралдардың талдауы
Бизнес жоспар құрылымы мен көрсеткіштерін талдау
Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
Ұзақ мерзімді активтер есебінің теориялық аспектілері
Ақша айналым құралы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz