Кәсіпорынның қаржысын басқару


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……… . . . . . ……5

1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  1. Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесінің мәні … . . . … . . . …. . …. . 7
  2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері . . . 12

1. 3 Қаржы менеджментінің ақпараттық базасы……… . . . . . 21

2. КӘсіпорынның қаржысын оперативті басқаруды ұйымдастыру

2. 1 Кәсіпорынның активтерінің жағдайын талдау: баланстың өтімділігін және кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау . . . 30

2. 2 Активтерді пайдалануды талдау . . . 35

2. 3 Кәсіпорынның іскерлік белсенділігінің оның қаржылық жағдайына ықпалын талдау . . . 45

3. кӘсіпорындарында қаржыны басқаруды оңтайландырудың мӘселелері

3. 1 Кәсіпорындардағы қаржыны басқаруды оңтайландыру бойынша ұсыныстар . . . 56

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67

КІРІСПЕ

Басқару жүйесі басқарылатын объектіге қажетті әсерді қамтамасыз етеді. Басқару қызметі лауазымды адамдар мен ұйымның мамандандырылған бөлімшелері арасында бөлінеді. Басқару жүйесінің буындары желілік, атқарымдық, желілі-атқарымды, атқарымды-желілі әр түрлі комбинацияларда бола алады. Басқару жүйесі буындарының қосарлы, бірақ бөлінетін бағыныштылығы кезінде ол қалыптамалық болып табылады.

Қаржыны басқару (немесе қаржы менеджменті) ақшалай қаражаттарды, қаржы ресурстарын олардың қалыптасу және қозғалыс, бөліну және қайта бөлу, және де пайдалану процесінде басқаруды көрсетеді; бұл - шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есептесумен, ақшалай қаражаттар қозғалысымен, ақша айналымымен, шаруашылықтың оңтайлы түпкілікті нәтижесін алу үшін мақсатты бағыттауда ақшаны пайдаланумен шартталатын, экономикалық қатынасқа зерделі және нысаналы әсер ету, осының бәрі осы тақырыптың көкейтестілігі болып табылады.

Көптеген қазақстандық кәсіпкерлердің ең үлкен қателіктері олардың қаржылық менеджментті (қаржы ағынын басқаруды) жеткілікті бағаламауымен қорытындыланады. Кейбір кәсіпкерлер мұны қаржы мәселелерінің ерекше күрделілігімен түсіндіреді, сондықтан да өзінің кілеттігін бағыныштыларына табыстайды. Мұндай ұстаным қателікті: түсетінде, шығатында ақшалай ағымды ешуақытта, ешқандай дербес бағыттауға да, бақылауға да болмайды. Дәл осы ағындар қозғалысында кәсіпкерлік белсенділіктің нақты нәтижесі шоғырланады және кәсіпкер іздестіретін бизнестің нәтижелілігін жоғарылату мүмкіндіктері жасырылған. Сондықтан отандық кәсіпкерге бәрінен бұрын, қаржыны басқарудың барлық негізгі принциптері мен тәсілдемелерін игеру, оларды талдай білуі қажет, әйтпесе ол табыссыз болады. Сонымен, қаржы менеджментінің барлық потенциалын, барлық құпияларын игеру проблемалары бұл - бизнестің өмірі мен өлімінің мәселесі, әсіресе қазақстандық нарықтың өзіндік жағдайларында.

Біздің елімізде өтіп жатқан нарықтық өзгерістер, жаңа жағдайларда шаруашылық жүргізу тәжірибесін игеру және оны тиімді пайдалану қажеттігін зәру етеді. Кәсіпорынның қызмет атқару жағдайлары мен принциптері, қызметтерінің нәтижелері, енді оларды өнімдерінің нарықтағы бәсекеге жарамдылығына тікелей тәуелді болады. Нақты нарықтардың қоятын талаптарына бейімделуде ең маңызды болып табылатындар: болжау, өнімнің техникалық-экономикалық параметрлерінің сапалық деңгейінің бағалануы, оның бағасы, жеткізу мерзімдері. Және де, мұны алдын-ала жаңа өнімнің әзірлену сатысында, жаңғырту, шығарылатын өнімді жетілдіру кезінде, өндірістік циклдің басталуына дейін жүргізу қажет. ¤ткізу саясатын әзірлеу үшін де, барлық қажетті істік ақпараттың болуы өте маңызды.

Қазақстан Республикасында нарықты экономика үлкен күшке ие болуда. Сонымен бірге, шаруашылық жүргізу процесінің негізгі реттеу механизмі ретінде бәсекелікте күштене түсуде. Сондықтан да, шаруашылық жүргізуші субъектіге бәсекеге жарамдылықты, оның қарамағындағы қаржылық ресурстар мен капиталдың қозғалысын дұрыс басқару ғана қамтамасыз ете алады.

Кез-келген кәсіпорынның жұмыс істеу процесі циклдік сипатта болады. Бір циклдің шектеуінде жүзеге асырылады: қажетті ресурстарды тарту, оларды өндірістік процесте байланыстыру, өндірістік өнімді өткізу және соңғы қаржылық нәтижелерді алу. Нарықты экономика жағдайларында шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару жүйесінің объектілерінде және мақсатты қондырғыларында басымдылықтың ығысуы жүреді. Басқарудың жалпы қызметінің қосымша аясын құрайтын, ірілендірілген және салыстырмалы дербес экономикалық объекті болып ақша қаражаты (дәлірек айтсақ, қаржы ресурстары), еңбек ресурстары, еңбектің құралдары мен заттары табылатыны белгілі.

Орталықтандырылып жоспарланған экономикада осы объектілерді басқарудағы басымдылықтар, қағидаға сай, орналастырылмайды. Экономиканың бұл типіне мүлтіксіз жоспарлау, орталықтандыру тән, сонымен қатар ресурстардың лимиттенуі оларды қатаң қорландыруды енгізуді қарастырды. Ресурстардың алмастырылу еркіндігі, олардың өзара орын басу жағдайлары барынша шектеулі болды. Одан өзге, кәсіпорындар қатаң қаржылық шеңберге алынып және олар барлық пайдаланылатын ресурстардың ең тиімді (солардың көзқарасында) құрылымын таңдай алмайды.

Нарықтық экономика жағдайларында бұл шектеулер едәуір дәрежеде алынып тасталады (лимиты тоқтатылады, орталықтандырылған қамтамасыздандырудың ролі төмендейді ), ал тиімді басқару кәсіпорынның ресурстық потенциалын (әлуетін) оңтайландыруға болжау жасайды. Бұл жағдайда қаржылық ресурстарды тиімді басқарудың мәнділігі күрт жоғарылайды. Олардың негізгі және айналым қаражатына, және де жұмыс күшін ынталандыру қаражатына қаншалықты тиімді және пайдалы түрленуіне тұтас кәсіпорынның, оның иеленушілерінің және жұмыскерлерінің қаржылық игіліктілігі тәуелді болады. Бұл жағдайлардағы қаржылық ресурстар бірінші дәрежедегі маңыздылыққа ие болады, өйткені ол - ресурстардың кез-келген басқа түріне тікелей және минимал уақытша кешеуілдеумен түрленетін, кәіпорын ресурстарының жалғыз түрі. Қандай да бір дәрежеде, басқарудың барлық деңгейлерінде, қаржы ресурстарының ролі өте маңызды (стратегиялық, тактикалық, оперативтік), дегенмен ол кәсіпорынның даму стратегиясы жоспарында ерекше мәнге ие болады.

Осылай, қаржыны басқару (қаржы менеджменті) басқару аппаратының негізгі функцияларының бірі ретінде нарықты экономика жағдайында өзекті рольге ие болады.

1 . КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Кәсіпорында қаржыны басқару жүйесінің мәні

"Менеджмент" ұғымын үш жағынан қарастыруға болады: экономикалық басқару жүйесі ретінде, басқару органы ретінде (басқару аппараты), кәсіпкерлік қызметінің нысаны ретінде. Менеджментті (ағыл. management - басқару) жалпы түрде басқарудың принциптерінің, әдістерінің, нысандарының және тәсілдерінің жиынтығынан тұратын өндірісті экономикалық басқарудың жүйесі ретінде анықтауға болады. Менеджменттің өзіне басқару теориясы мен тиімді басшылық жасаудың тәжірибелік үлгілері жатады, оны басқару өнері деп түсінсек болады. Екі бөлімі де басқарумен кешендік және нақты құбылыс ретінде қатынаста болады.

Басқару - бұл басқарушы әсердің өндірілуі мен жүзеге асырылуы. Басқарушы әсер - басқару мақсатына жетуге арналған, басқару объектісіне ықпал ету. Басқарушы әсерді өндіруге - қажетті ақпаратты жинау, беру және өңдеу, шешімдерді қабылдау кіреді. Басқарушы әсерді жүзеге асыру басқарушы әсерді беруді және түрлендіру қажет болған жағдайда басқару объектісімен тікелей қабылданатын олардың нысанын қамтиды. Менеджмент өзінің барлық шешімдерінде экономикалық тұжырымдарды жетекшілікке алады. Сондықтан, менеджменттің кез-келген әрекеті - бұл экономикалық сипаттағы шара. 1

Қаржы менеджменті, бәрінен бұрын, ақша ағымы мен айналым қаражатын басқаруға бағытталған. Сондықтан, қаржы менеджментін инвестициялық шешімдерге жатқызып және оны инвестициялық шешімді қабылдау туралы ғылым тұрғысынан ғана қарастыру заңсыз болады.

Қаржы менеджменті - бұл ақша ағымын, қаржы ресурстарының қозғалысын және қаржы қатынастарының сәйкес ұйымдарын басқарудың өзіндік жүйесі.

Қаржы менеджментін, айқындалудың әртүрлі нысанында болатын интегралдық құбылыс ретінде қарастыру керек.

Мысалы, атқарымдық көзқараста, қаржы менеджменті экономикалық басқару жүйесін және қаржы механизмінің бөлігін көрсетеді.

Түйсіктік көзқараста, қаржы менеджменті - басқару органы.

Ұйымдастыру -құқықтық көзқараста, қаржы менеджменті - бұл кәсіпкерлік қызметінің түрі.

Қаржы менеджменті шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, қаржы ресурстарының қозғалысы процесінде пайда болатын қаржы ресурстары мен қаржылық қатынастарды басқаруға бағытталған. Бұл қозғалыстар мен қатынастарды қалай шебер басқаруға болады деген сұраққа жауапты қаржы менеджментінің мазмұны құрайды. Қаржы менеджменті қаржыларды басқарудың мақсатын өндіру процесін және оларға қаржы механизмінің әдістері мен рычагтары көмегімен әсер етуді жүзеге асыруды көрсетеді.

Сонымен қатар, қаржы менеджментіне басқарудың стратегиясы мен тактикасы кіреді. Берілген жағдайда стратегия деп жалпы бағыт пен қойылған мақсатқа жету үшін қаражаттарды қолдану әдісін түсінуге болады. Бұл әдіске шешімді қабылдауға арналған ережелер мен шектеулердің белгілі бір жиынтығы сәйкес келеді. Стратегия басқа нұсқалардың бәрін тастап, қабылданған стратегияға қарама - қайшылықсыз шешімнің нұсқаларына күшті шоғырландыруға мүмкіндік береді. Қойылған мақсатқа жеткеннен соң, стратегия оған жетудің бағыты мен құралы сияқты өзінің қатысуын тоқтатады. Жаңа мақсаттар жаңа стратегияны әзірлеу міндетін қояды.

Тактика - бұл нақты жағдайлардағы қойылған мақсатқа жетуге арналған нақты әдістер мен тәсілдер. Басқару тактикасының міндеті барынша оңтайландырылған шешімді және басқарудың әдістері мен тәсілдерінің берілген шаруашылықты жағдайларға барынша қолданбалысын таңдау болып табылады. 2

Қаржы менеджменті басқару жүйесі ретінде екі қосалқы жүйеден тұрады: басқарылатын қосалқы жүйеден немесе басқару объектісінен, және басқарушы қосалқы жүйеден немесе басқару субъектісінен. Сұлбалы түрде оны келесідей көрсетуге болады.

Кез-келген бизнес келесі үш өзекті сұрақтардың қойылуы мен жауабынан басталады:

  1. Кәсіпорынның алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге жетуге мүмкіндік беретін, кәсіпорынның активтерінің шамасы мен оңтайландырылған құрамы қандай болуы қажет?;
  2. қаржыландыру көзін қайдан табуға болады және олардың оңтайландырылған құрамы қандай болады?;
  3. кәсіпорынға төлем қабілеттілігі мен қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ететін, қаржы қызметінің ағымды және келешекті басқаруын қалай ұйымдастыруға болады?

Осы сұрақтардың бәрі, кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінде өзекті қосалқы жүйелерінің бірі болатын қаржы менеджменті шеңберінде шешіледі. Оның жұмыс істеу логикасы 1. 1-суретте келтірілген.

Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылың басқару жүйесінің және де оның кадрлық құрамының ұйымдастырылу құрылымы, кәсіпорынның мөлшеріне және оның жұмысының түріне қарай әртүрлі әдістермен тұрғызылуы мүмкін. Ірі компания үшін, бухгалтерия мен қаржы бөлімін қамтитын, қаржы вице-президентімен (қаржы директорымен) басқарылатын арнайы қызмет бөлімінің ерекшеленуі барынша сипатты болады.

Шағын кәсіпорындарда қаржы директорының ролін бас бухгалтер орындайды. Қаржы менеджерінің жұмысы не фирманың басшыларының жоғары буындарының жұмысының бір бөлігін құрайды, немесе оған қаржы сипатындағы, басшылық шешімін қабылдау үшін қажетті және тиімді талдамалы ақпаратты берумен байланысты. Қаржы менеджері тұрақты түрде қаржыландыру көзін таңдау проблемасымен түйіседі. Оның ерекшелігі тағы да қандай да бір қаржыландыру көзіне қызмет көрсету кәсіпорынға бірдей жағдайда болмайды. Қаржыландырудың әрбір көзінің өзіндік бағасы болады,

Ақпараттық база қаншалықты жақсы және объективті болса, соншалықты қаржылық сипаттағы шешім дәлдікті болады. Объективтілік деңгейі, капиталдар нарығының тиімді нарыққа қандай дәрежеде сәйкес екендігіне байланысты. Осы арқылы қаржы менеджерімен орындалатын қызметтердің ерекше маңыздылығы көрсетіледі (“Fortune” журнал. 1976 ж. ірі америкалық корпорацияның жоғарғы қызметкерлерінің 25, 3 % өзінің қызметін қаржы саласында бастағаны туралы атап көрсетілді) . Фирманың ұйымдастыру құрылымына тәуелсіз, қаржы менеджері қаржы проблемаларын талдауға, кейбір жағдайларда шешім қабылдауға немесе жоғарғы басшылыққа ұсыныстар әзірлеуге жауапты болады.

Қызметтің бөліп көрсетілген бағыттары бір мезгілде менеджер алдында тұрған негізгі міндеттерді де анықтайды. Бұл міндеттердің құрамы келесідей бөлшектене алады.

Бірінші бағыт шеңберінде жалпы бағалау жүзеге асырылады:

- кәсіпорын активтері және олардың қалыптасу көздері;

- кәсіпорынның қол жеткізген экономикалық потенциалын ұстап тұру үшін қажетті, ресурстардың шамасы мен құрамы және оның жұмысын кеңейту;

- қосымша қаржыландыру көздері;

- қаржы ресурстарын тиімді қолдану және күйді бақылау жүйелері. 3

Екінші бағыт бөлшекті бағалауды болжайды:

- талап етілетін қаржы ресурстарының көлемін;

- оларды ұсыну нысандарын (ұзақ мерзімді немесе қысқа мерзімді несие, қолма-қол ақша) ;

- қол жетерлік дәрежесі және ұсыну уақытын (қаржы ресурстарының қол жетерлігі алғы шарттармен анықтала алады; қаржы қажетті көлемде және қажетті уақытта қол жетерлік болуы қажет) ;

- ресурстың берілген түрін қамту құнын (пайыздық мөлшерлемелер, қаражаттың берілген көзінің ұсынуындағы басқада нысандық және нысандық емес шарттар) ;

- берілген қаражат көзімен байланысты тәуекелді.

Сурет 1. 1 - Кәсіпорындағы қаржыны басқару жүйесінің жұмыс істеу құрылымы мен процесі.

Үшінші бағыт инвестициялық сипаттағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді шешімдерді талдау мен бағалауды қарастырады:

- қаржы ресурстарының ресурстардың басқа түрлеріне түрленуінің оңтайлы болуын (материалдық, еңбектік, ақшалай) ;

- негізгі қорлар салымының тиімділігі мен орындылығын, олардың құрамы мен құрылымын;

- айналым қаражатының оңтайлылығын;

- қаржылық салымның тиімділігін.

1. 2 сурет - Қаржы менеджері қызметінің өзекті салалары

Қаржы менеджері қызметінің салалық бөліну логикасы, кәсіпорынның мүліктік және қаржылық күйін көрсететін негізгі есеп беру нысаны ретіндегі баланс құрылымымен тығыз байланысты (1. 2 сурет) .

Келтірілген бағаларды қолдану шешімінің қабылдануы өтімділіктің, қаржылық орнықтылық пен пайдалылық талаптарының араларындағы ымыраны ескеретін баламалы шешімді талдау нәтижесінде орындалады.

Қаржы менеджментінің негізгі міндеттерінің бөлінуі, мәнді дәрежеде, бухгалтерлік есеп беру мазмұнымен анықталады.

Табысты қаржы басқармасының белгілерін анықтайтын мақсаттар жүйесін тұжырымдап көрейік:

- фирманың бәсекелестік күрес жағдайларындағы өміршеңдігі;

- кәсіпорындағы қаржы басқармасының құрылымдануы.

  • банкротқа ұшыраудан және ірі қаржылық сәтсіздіктерден сақтану;
  • фирма “бағасын” барынша көбейту;
  • фирманың экономикалық әлуеттілігінің өсуінің қолайлы қарқындылықтары;
  • өндіріс пен өткізу көлемдерінің артуы;
  • пайданы барынша көбейту;
  • шығындарды барынша азайту.

Қандайда бір мақсаттың басымдылығы кәсіпорынның өзімен туындаған жағдайларға байланысты анықталады.

Мақсаттар әртүрлі қаржы құралдарының қолданылуы жолдарымен жүзеге асырылады. «Қаржы құралы» ұғымын түсіндірудің әртүрлі тәсілдемелері бар. Жалпы түрде қаржы құралы ретінде, сол бойынша бірмезгілде бір кәсіпорынның қаржы активтерінің және екінші кәсіпорынның қаржылық міндеттемесінің артуы жүретін кез - келген өзара шарт қабылданады. Қаржы құралдары біріншілікті (бастапқы) (ақша қаражаттары, құнды қағаздар, ағымды операциялар бойынша несиелік және дебиторлық қарыздар), және қайталама немесе тума (қаржы опциондары, фьючерстер, форвардтық өзара шарттар) болып бөлінеді. 4

«Қаржы құралы» ұғымының барынша жеңіл түсіндірілуі де бар. Оған сәйкес аржы құралдарын үш негізгі категорияға бөледі: ақша қаражаттары (кассадағы және есеп шотындағы қаражаттар, валюта), несие құралдары (облигациялар, фьючерстер, опциондар және басқ. ) және жарғылық капиталда қатысу әдістері (акциялар және пайлар) .

Қаржылық басқару әдістері сан алуан. Олардың негізгілері болатындар: болжау, жоспарлау, салық салу, сақтандыру, өзіндік қаржылану, несиелендіру, есептеу жүйесі, қаржылық көмек жүйесі, қаржылық ықпалшара жүйесі, амортизациялық аударым жйесі, ынталандыру жүйесі, баға белгілеу принциптері, кепілдікті операциялар, трансферттік операциялар, факторинг, жалға беру, лизинг. Келтірілген әдістердің құрама элементі болып қаржы басқармасының арнайы тәсілдері табылады: несиелер, қарыздар, пайыздық мөлшерлемелер, дивидендтер, валюта бағамын белгілеу, акциз, дисконт және басқ. Қаржы басқармасы жүйесінің ақпараттық қамтамасыздандыру негізін қаржылық сипаттағы кез-келген ақпарат құрайды:

  • бухгалтерлік есеп-қисап;
  • қаржы органдарының жарияламасы;
  • банкілік жүйе органдарының ақпараты;
  • тауарлық, қорлық және валюта биржаларының ақпараты;
  • басқа ақпараттар.

Қаржы басқармасы жүйесінің техникалық қамтамасыздануы оның жеке және өте маңызды элементі болып табылады. Қағазсыз технологияға (банк аралық есептесулер, өзара есептесулер, несиелік карточкалар көмегімен есептесу және басқ. ) негізделген, көптеген қазіргі уақыттың жүйелері ЭЕМ желісінің қолдануынсыз, дербес компьютерлерсіз, қолданбалы бағдарламаның функционалдық пакеттерсіз мүмкін емес.

Қаржыны басқару кез-келген жүйесінің жұмыс істеуі әрекеттегі құқықтық және нормативтік қамтамасыздықтың шеңберінде жүзеге асырылады. Оған жататындар: заңдар, ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, министрліктер мен ведомстволардың бұйрықтары мен өкімдері, лицензиялар, жарғылық құжаттар, нормалар, нұсқамалар, әәдістемелік нұсқаулар және басқ. 5

1. 2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері

Нарықтық қатынасың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және (қаржылық талдау) талдау деп білуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері болады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдары кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есептік кезендегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газетер мен бюлетеньдерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне субьектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдынғы кезендегі жағдайы болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметерің жарйалайды. Есеп берудің екенші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдерінің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтар мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорының жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындары мен салыстыру, кім қалай жұмыс істейтін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есепті, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен 6 негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

  1. көлденең (уақытша) талдау;
  2. тікелей талдау;
  3. трендтік талдау;
  4. салыстырмалы талдау;
  5. факторлық талдау;
  6. қаржылық коэффициенттер әдісі.

Көлденең талдау - есеп берудің әр бабын өткен кезеңмен салыстыру.

Ол өткен кезеңмен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік салыстырмалы ауытқуын анықтауға болады.

Тікелей талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін анықтайды.

Трендік талдау - барлық көрсеткіштер 100 пайыз деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендік талдау әрбір есеп позициясын ар қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және терендік, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшелігі мен кездейсоқ жерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясының анықтауды көрсетеді.

Коэффиценттер - салыстырмалы соммалар болып табылады. Оларды есептеу шамалардың бірлік ретінде алып, ал екіншісін қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффиценттердің есептеу баланстың баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде құбылыстарға алуға мүмкіндік беретін екі арасында өзара материалдық қатынастарды көрсетеді.

Салыстырмалы (кеңестіктін) талдау - бұл фирманың, еншілес фирмалардың бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша құрамы көрсеткіштерін щаруашылық ішіндегі талдау, сондай - ақ берілген фирманың көрсеткіштерін салалық және орташа жалпы фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

Факторлық талдау - жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін анықтау немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен талдау. Сонымен қатар, факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері болуы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген қатар, қаржылық жағдайды талдауда экономиканың, сондай-ақ экономикалық және математикалық статистикалық дәстүрлі тәсілдері қолданады.

Қорыта айтқанда, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістері мен тәсілдеріді қолдануға еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігін байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор, қаржылық жағдайға терең, жан - жақты әрі кешенді талдау жүргізе алады. Сондай - ақ объективті және оның баға беруді, қаржылық тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпкерлердің тыйыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау - басқару шешімін қабылдаудың негізі. Нарықтық экономикаға өту, меншіктіліктің және шаруашылықтың әртүрлі нысанындағы өндірісін ұйымдастыруда, кәсіпорынның қаржылық күйін талдауға барынша ұқыпты және жүйелі (кешенді) тәсілденуді талап етеді.

Кәсіпорынның қаржылық талдамасы келесі талдауларды қамтиды:

  1. алдын-ала;
  2. қаржылық орнықтылық;
  3. баланс өтімділігі;
  4. қаржы коэффициенттері;
  5. қаржы нәтижелері;
  6. пайдалылық пен істік белсенділік коэффициенттері.

Талдау бірқатар экономикалық көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын және компанияның белсенділігін сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер жиынтығы, зерттеу тереңдігіне тәуелді болады; дегенмен қаржылық жағдайдың талдау дістемелерінің көбісі индикаторлардың келесі топтарының есептеуін болжайды: қаржы орнықтылығын, төлеу қабілеттілігін, іскерлік белсенділікті, пайдалылығын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржысына әсер ететін негізгі факторлар
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Кәсіпорынды ақша ресурстарымен басқарудағы қаржы менеджментінің рөлі
Қысқа мерзімді қаржы саясаты кәсіпорын қаржысын жедел басқару негізі ретінде
Акционерлік қоғамдардың қаржысы
Корпорациялар қаржысының мазмұны және оларды ұйымдастыру
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы қаржы және валюта қоры
Кәсіпорын қаржысының мәні
Шағын кәсіпорындардың қаржыларын басқару мәселелері
Корпорация қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz