Оқушыларда біртұтас тұлға ретінде қалыптастыру мәселелері


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
1 тарау Кіші мектеп жасындағы балалардың жеке басының
дамуы мен таным процесстері . . .
- Кіші мектеп жасындағы балалардың психологиялық сипаты
және анатомо-физиологиялық дамуы . . .
- Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу-әрекеті мен
олардың ойыны . . .
2 тарау Оқушыларда біртұтас тұлға ретінде қалыптастыру мәсе-лелері . . .
- Оқушылардың жеке тұлғасын әлеументтендіру . . .
- Оқушы тұлғасын дамытудағы әрекет түрлері және тұлғаны рухани дамыту мәселелері . . .
- Жеке тұлғаның үлгісі . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазақстан Респуликасының Конституциясы «Білім туралы» Заңы -осының кепілі.
Балабақшадан бастап сауат ашуды есептей білуді, тіпті жазуды, шет тілін үйретуді бастауға бет бұру, бастауыш сыныптар үшін «Әдеп әліппесі», «Ел тану», «Экология элементтері» т. б. сияқты жаңа пәндердің қаптап жасалып жатқаны сол талпыныстардың жемісі.
Алайда, оқу әдістемелік жүйенің базасын түбегейлі жаңартудың бағыттарын жаңа мазмұнның теориялық негіздерін анықтап тұжырымдаған құжаттар бар. Олар: Қазақстан Респуликасының Білім Министрлігі құптап бекіткен Қазақстан Республикасы мектептің және осы мектептегі білім мазмұнының тұжырымдамалары ұсынылып отырған «Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасын» үздіксіз білім беру жүйесіндегі бастауыш буында осы стратегияны нақтылы жүзеге асырудың тактикалық шешімдерінің бірі деп түсінсе орынды.
Жеке тұлғаның қалыптасып, ой өрісінің дамуында, белсенділігінің артып, қоршаған ортаны танып білуінде және алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана білуінде негізгі орын алып, оқушыларды шығармашылыққа жетелейтін іс-әрекеттердің бірі оқушылардың сабақ барысында және сабақтан тыс кездерде орындайтын өзіндік жұмыстар.
Өзекті мәселе: Қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата-ананың, мұғалімнің алдында жаңа міндет баланың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық жеке тұлғалық дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. Педагогика ғылымының өзекті мәселесі мен педагогикалық практиканың негізгі міндеті өскелең ұрпақтың жеке басы ретінде қалыптасуының күрделі проблемасы болып табылады.
Психология ғылымының соңғы жетістіктері тұрғысынан қарағанда бастауыш мектеп оқушысы жеке тұлғасының қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналды.
Бастауыш мектептегі оқытудың жаңа эксперементтік жүйелері шеңберінде мектеп оқушысы жеке тұлғасының мотивациялық - қажеттілік саласында елеулі өзгерістерді айқындайтын фактілер жинақтала бастады. Сөйтіп оқу және тәрбие арасындағы байланысты айқындайтын педагогикалық тәжірибе де пайда болды. Бұл оқушының жеке тұлғасының дамуының заңдылықтарын зерттеу міндетін толық мөлшерінде қоюға мүмкіндік туғызды. Оқу материалы мазмұнын талдау және жинақтау ұстанымы негізінде бастауыш мектепте оқу қызметін қалыптастыру шеңберінде жүзеге асты. Бұл эксперимент, біріншіден, зерттеудің тұтастығын талап етті. Сол себептен оқушы тұлғасының дамуын сынып ұжымын және оларды біріктіретін оқу қызметін зерттеу міндеті бірге қамтылды. Баланың жеке тұлғасы мектепте болған кезең бойы оқу қызметіне кіріскен сәттен аяқталғана дейін зерттелді. Бұл дамудың психологиялық механизмдерін, бір жастан келесіге ауысу кезіндегі өзгерістерді айқындап, баяндауға мүмкіндік берді.
Жеке тұлғаның оқудың 2 амалындағы даму нұсқаларын салыстырып, талдау көзделді: 1. білім берудің бұқаралық жүйесінде қалыптасқан және қарапайым дағдылармен ептіліктерді қалыптастыруға бағытталады. 2. оқу пәндерінің мазмұны теориялық ұғымдар жүйесіне негізделеді. Мектеп оқушылары ұғымдардың пайда болуы оқу үрдісінің орталық буынын құрайтын ортақ ұжымдық жұмыс барысында оқып, үйренеді.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бастауыш мектепте бала тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар бастауыш мектеп жасының аяғына таман жинақталып қалыптасад да, баланың әртүрлі оқу материалына көзқарасы арқылы айқындалывп, қызығуын қанағаттандыратын көздерді өз бетімен іздеуге жетелейді. Яғни, оқу танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің бүкіл жүйесінде жетекші орын алады.
өйкені осы мүдделер ортақ ұжымдық қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық формасы-топтық құндылық бағдары ретінде ұғынады. Дамыта оқыту теориясы шеңберінде әртүрлі мәселелер бойынша бірқатар зерттеулер жүргізілді. Олар-бастауыш сыныптарда дамыта оқытуды теориялық және әдістемелік қамтамасыз ету, оқу барысында жеке тұлғаның дамуы, оқу барысындағы қатынас түрлері, оқу қызметінің қалыптасу деңгейіне баға беру.
Зерттеу мақсаты: Баланың өзін жеке тұлға екенін сезіндіретін түрлі іс-әрекеттер арқылы жағдай жасау, қабілеті мен қызығушылығын дамыту. Балының танымын қолдап, өзін-өзі тәрбиелеуге мүмкіндік беру.
Зерттеу міндеті:
- өзін-өзі басқаруға, өзінің ішкі мүмкіндіктерін, «Менің» табуға бағыттау
- баланың күнделікті өмірін тәрбиелік үрдіске айналдыру
- мұғалім мен оқушы қарым-қатынасында оқушы өмірінің мәнін ашуға сипаттама беру
- мектеп пен отбасы байланыстарының нысандарын анықтау.
Зерттеу объектісі: Оқушының жас және дара ерекшеліктерін ескеру, жүйелілік ұстанымдар негізінде оқушы еңбегінің мақсаты-мектеп өмірінің жауапты кезеңдеріндегі оқушының тұлға ретінде қалыптасу барсын жүйеге келтіру, сондай-ақ оқушының әлеуметтендіру үрдісіне енуіне тәрбиелік ықпал ету.
Зерттеу әдісі:
- кіші мектеп жасындағы балалардың сабаққа деген құлшынысын қолдап отыру, ой пікірлерін, ұсыныстарын қолдау
- жеке талап қою әдістемесі оқушының өзіне деген сенімін бекіте түсу үшін оның мүмкіндігіне қарай сабақ жүктемелерін беру
- жеке тұлғалық қатынас әдістемесі, өзінің мүмкіндігін ескере отырып, түрлі іс-әрекет түрлеріне қатыстыруы арқылы дамуына ықпал ету
- оқушының жетістігі жағдайаттарын туғызу әдістемесі бұл арқылы сынып ұжымында оқушының беделін, оның мектепке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
Зерттеу орны : Тараз қаласындағы №30 отра мектебі.
Зерттеу нысанасы: Бастауыш мектепте 1-ші сынып әліппесі және сыныптан тыс жұмыстар.
Зерттеу болжамы : Балалар өмірі мен іс әрекеттерін жалпы адамзаттың әлеуметтік құндылықтарымен үндесіп ұйымдастыру:
- баланың ойлау мен мәдениетін дамыту
- басқа адамдарды құрметтеу, олардың кәсібіне еңбегінің нәтижесіне, қоғамдық өндірісте алатын орнына қарай жек көрушілік пен қорлаушылықты болдырмау
- балалар жалпы адамзаттық құндылықтарды жүзеге асыру мақсатында әлеуметтік тәжірибені үзіліссіз үнемі байытып отыру.
І тарау Кіші мектеп жасындағы балалардың жеке басының дамуы мен таным процесі
Бала бақшаларының өмірге қанат қақтырар жеткіншектері алты жастан өтіп, жетіге толған балалар екені әркімге де аян. Жетіге толған балалар күзде бірінші сыныпқа баратындықтан, балабақшасының соңғы жылы негізінен мектепке әзірлік жұмыстарын жүргізеді. Мұны педагогика тілінде 0-ші сынып деп те атайды. Ал қазіргі кездегі еліктеушіліпен баланы алты жасынан мектепке беру керек дейтін тұжырымның әлі де зерттеуді қажет ететін кемшіліктерінің көп екенін батыл түрде айтуды азаматтық парызымызға санаймыз. Алты жасар бала дене бітімі жағынан шымырда болуы мүмкін, бірақ ол жеті жастағы баламен салыстырғанда әлі де сәби екенін түсінуіміз керек. Сондықтан, баланың мектепке жеті жасқа толғаннан кейін баруы өте орынды. Өйткені адам ең әуелі биологиялық индивид ретінде, ол міндетті түрде биологиялық және физиологиялық заңдылықтарға бағынып, сол өзінің физиологиялық кезеңдеріне лайықты іс-әрекеттер жасауға тиісті. Балалардың жеті жасқа толық толу сәтін, оның саналылыққа тұрақты түрде тоқтаған алғашқы баспалдағы деуге болады. Себебі, бұл кезде адам баласының жыныс бездері мен жұлын-жүйке сөлдерінің үндесе қызмет етулерінің арқасында, адамдық темпераменттердің негіздері ғана қалыптасып қоймай, сонымен қоса әр адам өз алдына жеке тұлға ретінде ерекшеліктеніп, оның мінез құлықтарыныңда даралана дамуының күрделі сатыларынан өте бастайды. Міне, бұл баланың жеті жасынан ғана мектепке баруын құптайтын аз ғана дерек деп есепке аламыз. Бұған қосымша ретінде, әр халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отыратын тектік сипаттарында міндетті түрде есептеген жөн. Өйткені, балаға ата-баба зердесі де әсер етпей қоймайды. Адам тәрбиесінің осы кезеңінде, барлық әрекеттің зиянсыз болғаны ауадай қажет. Оның тәуліктік тамақтануы мен тазалық режимдері де, жеті жасарлардың ойлану мен ойнау тәрбиесіне көптеген өзгерістер енеді.
«Жеке тұлға» деген ұғымға «Мен» деген мәністе кіреді. Бала өзін білген соң құрбыларына қарағанда бәлендей тізімде қандай орын алатынын ойлап, қайткенде жақсы орынға ие болсам деп, арман етеді. Бұл жағдайда баланың өзінің қандай орын алғысы келетіні туралы бағасымен құрбыларының, не үлкендердің ол жөніндегі бағасы арасында үлкен алшақтық болмағаны жақсы. Егер кіші мектеп жасындағы балалардың өзі жөніндегі бағасы өзгелердің бағасынан асып кетсе, мұндай баланы мақтаншақ деп атайды. Керісінше, оның өзі жөніндегі бағасы өзгелердің оған беретін бағасынан төмендесе, осындай баланы кішіпейіл дейді. Кіші оқушы өзінің ісіне, не мінезіне әлі сын көзбен қарай алмайтын болғандықтан, оның өзі жөніндегі бағасы, әдетте өзгелердің бағасынан жоғарғы дәрежеде келеді.
Кіші оқушылардың жеке басы деген түсінікке оның сыпайылығы, керісінше осыған қарама-қарсы әдепсіздік сапалары да жатады. Жеті -он бір жастағылар көбінесе ақ көңіл келетіндіктен, бұлардың көбі сыпайы болып келеді.
Кіші мектеп жасындағы балалардың жеке басына тән қасиеттерді тек «Мен» деген сапа тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша бағынады, мінезі, ерік жігері, қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай -осы жөнінен де алып қарауға болады. Біз енді осыларға тоқталайық:
Мөлшер не норма деп балаға қоятын талаптарды айтады. Бала мектепке келмей тұрып нені істеуге болатынын, не болмайтынын әбден жақсы біледі. Мектепке кіргеннен кейін бұрын орындап көрмеген міндеттерді игере білуі тиіс. Айталық, сабаққа кешігіп, не берілген тапсырманы орындамай келуіне болмайды. Тапсырманы орындамаса мұғалімнен не сыныптастарынан ұят. Сол сияқты мектепке таза киініп келмесе немесе тәртіп бұзса, бұл да тәртіпті бұзуға жатады. Әуелі кезде осыған үйрене алмай қиналатын болады. Бірақ бірте-бірте мөлшерлерді орындауға үйрене бастайды. Бұл мөлшерлерді норма дейтін себебі, осыларды орындау көпшілік арасында мойындалған және дәстүр болып кеткен.
Ал кіші мектеп жасындағы балалардың мінезіне, қиыншылыққа төзімділігі берген уәдесінде тұра алуы, өзгелерге сүйкімді келуі, бір нәрсеге әуесқойлығы тағы басқа жатады. Осы жағынан алып қарағанда қыздар мен ұлдардың мінезінің осы түрлері бірдей болып келе бермейді. Мысалы, қиыншылыққа төзімді келіп одан бас тартпау, табандылық тағы басқа ұлдарда көбірек кездесетін болса, өзгелерге сүйкімді, сыпайы, біреуге қамқорлық жасағысы келуі қыздарда басымырақ келеді. Мұның солай болып келуі тәрбиенің және кімнің қандай жынысқа жататынына байланысты осылай деу қызға тиісті қасиеттер ұлдарда кездеспейді деген сөз емес. Бұл тек осылардың әр қайсысының түрлі мінездерге ие болуға мүмкіншілігінің бар екені туралы айтылып отыр.
Жалпы алғанда, осылардың бәріне бірдей тән қасиеттері мынада:
әуесқой, ақ көңіл, өзгелерге жәрдем бергісі келіп, дәрменсіздерді не қарт адамды аяп, соларға қамқорлық көрсеткісі келетінінде. Жеті -сегіз жастағылардың әуесқойлығын алсақ, өзгелерге сұрақ қойғанда, мектепке дейінгілер сияқты « Бұл не?» деп сұрамайды, «Бұл неліктен?» -дейді, сұрақтарды осылай құруда үлкен мән бар, өйткені кіші мектеп жасындағы балалар нәрсенің не екенін ғана білгісі келмейді, соның бәлендей нәрсенің сырын, себебін білгісі келеді.
Кіші мектеп жасындағы балаларда кейде ашуланшақтық қасиеті де болып тұрады. Баланы үй іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып, күйіп-пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда жақсы, өте жақсы деген баға алса, жұрттың көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды. Кіші мектеп жасындағыбалалардың ерік-жігері едәуір қалыптасып қалса да, кейде өзін-өзі меңгере алмай, импульстік іс жасап, қалатыны кездеседі. Импульстік іс деп ойланбай, не болса соған қызып, бірдеңені бүлдіріп алуды айтады. Осындай жайт баланың тәртіпсіздігінен емес, импульстік іске өзінің икем келуінен, яғни өзін-өзі меңгере алмауынан кездеседі. Кіші мектеп жасындағы балалардың әсемдікті ажырату талғамының дамуына толық мүмкіншілігі бар. Бұл қасиет сурет салу, өлең айту, музыка тыңдау үстінде қалыптасады. Әрекеттенудің бұл түрлері баланың қолының шеберлігін, құлағының дыбыс ырағын және музыканы ажыратып естуін кеңінен дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар екі-үш сыныптағылар балалара арналған әдеби көркем шығармаларды оқып, әр саладан хабардар болып, әсемділікті жаман істерден ажырата бастайды.
Кіші мектеп жасындағы балалардың өз сыныптастарымен қарым-қатынасы бастауыш мектептің әр сыныбында әр түрлі және осының өзі бұрын балабақшада өсті ме, әлде үйінде өсті ме, соған орай келеді. Бұлардың коллективтік қасиетінің қалай қалыптасатынын алсақ, осының өзі бірінші сыныпта әлі қалыптаспаған, балалар бақшасында тәрбиеленген балалардың бір қатары өзгелерден бөлшектеніп, өзін сол коллектив мүшесі деп санамайтыны кездеседі. Бұлар бір біріне жаны ашып, көмектесу дегенді білмейді, тек өзіне басқалар кедергі жасамаса болғаны. Бірақ екінші-үшінші сыныптарда бұл қасиеттер жойылып, бұлар өзара достаса бастайды. Баланың бір-біріне көмектесуі әуелгі уақытта мұғалімнің басшылығымен іске асады. Кейін барлығы өзара достасып, бірі өзгесіне мейірімді келе бастайды.
Кіші мектеп жасына балалардың негізгі таным процесстері қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану. Мектепке кіргеннен кейін едәуір өзгерістерге ұшырайды. Осыған орай біз талдауды әуелі қабылдаудан басталық. Жеті-жастағы баланың қабылдауы мектепке дейінгілерге қарағандаедәуір қалыптасып қалған көзінің көргіштігі, құлағының естігіштігі тағы басқа жақсы дамыған бірақ әлі де болса, қабылдауының кейбір жеткіліксіз жақтары да кездеседі. Мысалы, орыс тілінен алынған ұқсас дыбыстарды Ф, П немесе Б, В фонемаларын дұрыс ажырата алмайтыны болады. Бұл сияқты ажырата алмаушылықтың себебі жеті-тоғыз жастағы балалардың талдау қызметінің әлі жете қалыптаспағанынан. Бір зерттеуде бірінші сыныптарға қоянның суретін көрсетіп, соны қайтадан сал деп, бірақ суретті көз алдынан алып кеткенде, сол көргенін қағазға сала алмай, қоянның мұртының бар не жоқ екенін есінде сақтай алмапты. Қоянның балаға қызық көрінген жақтарын мыаслға көзін үлкейтіп жіберіп, ал құлақтарын кішірейтіп салған. Бала өзіне қызық көрінген қоянның дене мүшелеріне көп мән беріп, қызық емес деген жақтарын көрсетуді ұмытып кеткен. Жалпы алғанда, кіші мектеп жасындағы балаларға не қызықты немесе не қажетті соған мән беріп, осыны қабылдауға икем келеді. Мысалы, балаға берілген текст әр түрлі бояумен жазылса, осының өзі оқуға кедергі жасайды. Себебі, бала оқудың орнына, бояуға қызығып, алаңдайды. Кіші мектеп жасындағы балаларға, әсіресе кеңістік уақытты қабылдау қиынға соғады. Мысалы, алыстағы бағананың ұзындығы баланың қасындағы бағанадан қысқа ма не ұзын ба деп сұрағанда, ол қысқа деп жауап береді. Себебі алыстағы зат өзінің көлемінен -ұзындығынан көзге кішкентай болып көрінетінін баланың ажырата алмауынан. Сол сияқты кіші мектеп жасындағы балалар сексен жастағы апасынан «Сен мамонттарды көрдің бе?»- деп сұрапты. Себебі мамонттар он мың жыл бұрын өмір сүрді дегенді естігенімен, сексен және он мың жылдың арасын жақсы ажырата алмай, екі оқиға да әлдеқашан болып өткен деп шатастыруынан. Бұл сияқты кемшіліктер кіші мектеп жасындағы балалардың қабылдауында жиі кездескенімен әр объектінің негізгі қасиеттеріне қабылдау кезінде мән беріп, негізгі қасиеттерді кездейсоқ қасиеттерден ажыратуға үйрене бастайды. Баланы қабылдай алуға үйретуде мұғалім бәлендей нәрсені сабақта балаларға көрсеткенде, сол нәрсенің нендей қасиеттеріне мән беруді айтып, қандай нәрсеге назар аударуды ескертіп отырады. Егер қабылдау кезінде бір объектінің қасиеттері өзге қасиеттерімен салыстырылынып отырса, балалардың қабылдау кезінде ойланып, ненің негізгі, ненің екінші дәрежедедегі қасиет екенін ажырататын болады. Баланың қабылдауында мысалы, сөзді қабылдау-тыңдау мен нақты зваттты қабылдаудың арасында едәуір айырмашылық бар, нақты затты қабылдау бірінші сигнал системасына әсер етеді де, сөзді қабылдау екінші сигнал системасының функциясы болып есептелінеді. Дамудың бұл түрі балалалардың әртүрлі объектілерді қабылдай алуына жағдай туғызады. Солай болса да, ілгеріде айтылған кіші мектеп жасындағы балалардың қабылдаудағы жеткіліксіздіктер біразға дейін сақталады.
Кіші мектеп жасындағы балалалардың зейіні де қабылдау сияқты әуелгі кезде терең дамымаған зейін әдетте, ерікті және еріксіз түрлерге бөлінеді. Бала не қызық соған мән беретін екендігінен оның еріксіз зейіні алғашқы кезде ерікті зейінмен басым келеді. Оның еріксіз зейіні әсем бояулар не заттар немесе ұйқастырып айтқан сөздер өзіне тартқыш келетінімен мұғалім мүмкіндігінше сабақты қызықтыруға барлық күшін салады. Осы бөтен болмағанымен сабақтың барлық жағын қызықтырамын деп, баланы осыған әдеттендірсе, оның ерікті зейінін қалыптасрыруға кедергі жасайды.
Кіші мектеп жасындағы балаларда екінші-үшінші сыныптарда ерікті зейін пайда бола бастайды. Ол қызық емес, бірақ қажет деген сабақтың бөлшектеріне зейінді бола алады. Баланың ерікті зейінін дамыту үшін оның істейтін жұмысын нақты етіп, түсіндіріп, тапсырманы қалай орындаудың жоспарын көрсетіп отыру қажет. Тек сонда ғана ол осындай нұсқауды орындауда зейінді болуға ұмтылады. Мұның солай екені мынадан, зейінсіз болудың өзі берілген тапсырманы қалай орындауды білмеуден кездеседі. әдетте, еріксіз зейін сыртқы объектіге байланысты болып келсе, ерікті зейін баланың іштей іске ұмтылуынан пайда болады. Бұл жерде іштей ұмтылу деп отырғанымыз баланың оқу үстінде өзін-өзі меңгере алуы. Кіші мектеп жасындағы балалардың өзін-өзі іштей меңгере алуы әлі жөнді дамымағанынан өзін-өзі күштеп объектіге ерікті зейін қоюы онша дамымаған.
Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінінің көлемінің және бір мезгілде бірнеше іске зейінін бөле алуының оқу үшін үлкен маңыз бар. Мысалы, оқушы тексті оқып отырғанда, өзінің соны қалай оқып отырғанына және сыныптастары сол кезде оның оқуын тыңдап отырғанына зейінін бөле алуы тиіс. Егер осыған ие бола алса, сыныптастарының бір нәрсе жөнінде жасаған өзіне деген ескертулерін естіп, өзінің қатесін дер кезінде түзете алады. Кіші мектеп жаындағы балалардың зейіннің аумалылығымен күресу үшін объектілерді үнемі өзгертіп, не соларды бірінен соң бірін алмастырып отырған жөн. тек сонда ғана бала зейіннің аумалы келуімен күресе алады.
Әдетте ес пен жатқа байланысты өзінше жұмбақ міндеттерді шешу кездеседі. Мұны мнемоникалық / «mnemo» -жат/ міндет деп атайды. Мысалы, бір жағдайда берілген тапсырманы сол түп нұсқасынан айнытпай жатта қалдыру қажет. Екінші жағдайда тапсырманы өз сөзімен мән мағнасын ғана айтып беруге болады. Осының өзі әр түрлі мнемоникалық міндетжәне әртүрлі психикалық әрекетті баладан талап етеді. Егер түп нұсқасынан айнытпай есте қалдыру жат процесіне байланысты келсе, өз сөзімен оны айтып беру ес процесіне жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz