Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Университеті
Абдыкаимова Ақбопе
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5B010300 мамандығы - «Педагогика және психология»
Алматы 2012 ж
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика Университеті
«Қорғауға жіберілді»
«__»2012 ж.
теор. және практ. психология кафедрасының
меңгерушісі пс. ғ. д., проф. Х. Т. Шерьязданова
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
5B010300 мамандығы - «Педагогика және психология»
Орындаған А. Абдыкаимова
Ғылыми жетекші
Аға оқытушы К. Ғ. Елшібаева
Алматы 2012 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
I БӨЛІМ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖОЛДАРЫ БОЙЫНША ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ . . . . . . 8
1. 1. Психология ғылымындағы психологиялық кеңес беру
мәселелері . . . . … . . . 81. 2. Есіртке қолданудың әлеуметтік-психологиялық
ерекшеліктерінің себептері . . . …. . 10
1. 2. 1. Нашақорлық, қоршаған орта және жеткіншектер……… . . . . . . 221. 3. Жеткіншектердің есірткі қолдануының әлеуметтік-
психологиялық ерекшеліктері . . . . 241. 3. 1. Жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқуларға
(нашақорлыққа байланысты) отбасының әсері . . . ……. 32II БӨЛІМ. ЖЕТКІНШЕКТЕРМЕН НАШАҚОРЛЫҚПЕН ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҮРГІЗУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . ………. …45
2. 1. Мектепте нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің
алғашқы профилактикасы……… . . . . . . 48
2. 1. 1 Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша
жеткіншектерге профилактика жүргізудегі отбасының рөлі… . . . . . 51
2. 2. Нашақорлыққа қарсы күрес жолдары бойынша
психологиялық кеңес берудің диагностикалық бағдарламасы……… . . . … . . . 57
және диагностика нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . 63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . ……. …65
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес қазақ қоғамының гүлденуі мен ҚР азаматтарының құқықтық кепілдігінің еркіндеуі мен заңды мүдделерінің негізінде жасалған.
Негізі 1997 жылы 10 қазанда еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақ халқына жолдаған жазбаша Үндеу хатында ең бастысы ішкі және саяси негізгі нашақорлық пен есірткіге қарсы күресті нығайтудың қажетті екендігіне баға беруі және бұл берілген мәселенің шешілуі 2030ж. Республиканың өркендеу стратегиясындағы мемлекеттің деңгейіндегі беделіне ие болды. Сондай-ақ факт ретінде Біріккен ¥лттар Ұйымының заңсыз есірткіге қарсы күресу аймағындағы үш негізгі конвенциясына (1961, 1979 және 1988 ж. ж) қосылуы осы қазіргі жағдайдың толық мемлекеттік саясат ретінде қалыптасуының негізгі бағалауына тура келеді.
Нашақорлыққа қарсы саясаттың қалыптасуының негізгі шарты ретінде, оның іске асатындығы, уақыттың барлығы және жағдайға бейімделуі болуы тиіс, сондай-ақ басқа да саладағы жалпы мемлекеттік саясаттың байланыстылығының болуы. Сонымен, қандай да болмасын есірткімен байланысты барлық жағдайларда бақылаушылықты күшейту керек. Нашақор кылмысына байланысты қатынастың соңғысының негізгі маңызы бар, яғни есірткінің заңсыз айналуымен байланысты қылмыстың жиынтығы.
Есірткіні заңсыз айналдыруға қарсы күрестің аймағындағы саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік статусына негізделген ол алдымен қоғамдағы есірткілік құралдарын және психотроптық заттардың таралу процесі және табиғаттың барабарлық баға беруі болуы керек. Соның ішінде есірткіге қиянат ету деген мәселе мүндай саясаттың үлгісіне кірмейді деген есірткіге сұранысты азайту үшін саясатты құрғандығын ескеруіміз керек.
Қоғамның экономикасына және оның рухани бастауларына материалдық және рухани-адамгершіліктеріне зиян келтіреді. Есірткіні қиянаттық қолдану өлімнің көбеюіне алып келеді, әсіресе жастардың арасында қылмысқа барушылықтың көбеюі, ол нашақорлардың күйреуі жағдайына әкеліп соғады.
Бүгінгі таңда кәмілетке толмағандардың арасындағы есірткі жағдайы Қазақстанда, ТМД елдерінде және бүкіл әлемдегі өткір мәселе болып отыр. Жеткіншектер нашақорлығы мәселесімен тікелей айналысатын наркологтар мен мамандар "Нашақорлық ауруы жылдан жылға жасарып келеді" деп дабыл қағуда. Өкінішке орай бұл бағытпен күресті есірткіге тәуелділік қалыптаса бастағанда емдей бастаса, оның салдары жеңілірек болады. Сол уақытта алғашқы профилактика жұмысына көбірек көңіл аударылады.
Нашақорлықпен байланысты сұрақтарда ақпараттар мен психологиялық көмекті негізінен қажет ететін буын - жалпы білім беретін мектеп, колледж, лицей орта және үлкен буындары, яғни "өтпелі" кезеңде түрған жеткіншектер. Жеткіншектердің ең басты ерекшелігі - тұлғалық түрақсыздығы. Қарама-қарсы қырлары үмтылу, іс жүзінде көру тенденциясы мен бір-бірімен күресу, мінездегі қарама-қайшылықты анықтау мен өсіп келе жатқан баланың мінез-құлқы. Үлкендерге тән сезімнің қалыптасуы және "Мен концепциясын" ерекше ажыратуға болады [1] .
Үлкендерге еліктеу мінез-құлықпен, киіммен шектелмейді. Еліктеу көңіл көтеру, сезімге толы қатынас бойынша жүреді және осы қатынастардың мазмұнын тікелей үлгі етіп алады.
Жеткіншектер үшін үлкендер өмірінің негізгі атрибуттарының бірі есірткі құралдарын пайдалану болып табылады. Бірақ та пайдалану мотивациясы әртүрлі болып келеді. Құрдастарымен қарым-қатынас жеткіншектер өмірі үшін ерекше орын алады және барлық өмірлік сферасында айрықша ізін калдырады. Ол үшін маңыздысы референтті топқа ену, ол жерде кімнің кұндылықтарын қабылдайды және кімнің мінез-құлық нормасы мен бағасына ол бағдарланады. Сол уақытта жеткіншектер үшін жақын адамдарың эмоциясына ұмтылу да тән. Ата-аналарды, олардың махаббаты мен қамқорын, олардың пікірін қажетсіне отырып, олар дербестікке ұмтылуды сезінеді және олармен тең құқықта болғысы келеді.
Тұлғалық дағдарысты алып жүретін бұл кезең пайдаланудың тәуекел бастамасына қақтығысады, ал оның салдары есірткіні теріс пайдалануға әкеліп соғады. Бірақ, пубертатты кезеңнен өтетін барлық адамдар нашақор болып қалыптаспайды. Бұл отбасындағы тәрбие уақтысында үзақ уақыт бойы
калыптасатын психологиялық қорғаныс механизмі арқасында жүреді.
Неліктен біздің қоғамымызда жеткіншектер нашақорлығы сияқты мұндай құбылыс жүзеге асады?Осы кезеңдегі жеткіншектердің салауатты өмір сүруі немесе "есірткілік сандырақты" таңдауына маңызды эсер етуші фактор, отбасының өзара катынасының құрылымы, оның жүзеге асуының нәтижесі құндылықтар мен иландыруды қалыптастыру болып табылады. Соның ішінде өзіндік "Мен" кұндылығы, өзіндік денсаулық пен өмір. Өзіне қатынасы бойынша негативті бағдарда "өзін-өзі бұзу" бағдарламасы жүзеге асады, яғни көбіне есірткілік кұралдарды пайдалануда байқалады.
Есірткіге тәуелділіктің арақатынасы мәселесімен және отбасындағы эмоциялық өзарақатынас факторларымен айналысқандар Н. С. Курек, А. Е. Личко, В. К. Мягер, В. Буриан, Т. И. Петракова, Д. Л. Лимонава, Е. С. Меньшикова, Е. Джеликен.
Біздің зерттеуіміздің өзекті тақырыбы болып психологиялық кеңес беру жағдайында психодиагностикалық зерттеулердің мазмұны мен ұйымдастыру болып табылады.
Зерттеудің мақсаты Нашақорлықпен күрес жүргізуге байланысты жеткіншектердің психикалық дамуындағы ауытқу себептерін (нашақорлықпен байланысты) зерттеу және оларға психологиялық кеңес беру жолдарын жетілдіру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Нашақорларға психологиялық кеңес беру жолдары бойынша теориялық зерттеулерге талдау жасау.
2. Жеткіншек жасындағы психикалық даму мен ондағы ауытқуларға нашақорлармен күрес) теориялық талдаулар жасау.
3. Нашақорлықпен күрес жүргізуге байланысты
дсихологиялық-коррекциялық бағдарлама жасау.4. Зерттеудің мақсат, міндеттеріне сәйкес жеткіншек жасындағы балаларға диагностикалық зерттеу жүргізу.
Зерттеу объектісі. Психикалық дамудағы ауытқу (нашақорлармен күрес) себептері бойынша жеткіншектерге психологиялық кеңес беруді ұйымдастыру жолдары.
Зерттеудің пәні. Нашақорлықпен күреске байланысты жеткіншектерге психологиялық кеңес беру.
Зерттеу болжамы. Психикалық дамудағы ауытқуды (нашақорлықпен байланысты) болдырмау жолдары негізінде жеткіншектерге өз уақтысында психологиялық көмек көрсету өз тиімділігін береді.
Зерттеудің жеке болжамы. Жеткіншектерге нашақорлық жайлы терең психологиялық сауаттылықты беру психикалық дамудағы ауытқудың (нашақорлықпен байланысты) алдын алады.
Зерттеудің теориялық негізі. Жеткіншек тұлғасының дамуындағы ауытқу ерекшеліктерін (нашақорлықпен күрес) зерттейтін жұмыстарға бағытталған. Жас ерекшелік-психологиялық кеңес беру баланың психикалық дамуының барысындағы нормативті мазмұнның түсініктері және осы процестің периодизациясы негізінде бақылаудың негізгі мақсатын Г. В. Бурменская, Р. А. Карабанова, А. Г. Лидерс зерттеулерінде қарастырылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. А лғаш рет нашақорлықпен күресу жолдарына психологиялық көмек көрсету негізінде жеткіншектерге байланысты жүргізілген зерттеулер қазақ отбасына және мектепке өз көмегін тигізеді.
Жұмыстың теориялық мәнділігі - зерттеу барысында жеткіншектердің психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, Д. Б. Эльконин, Г. В. Драгунова, И. С. Кон және басқалардың да теориялық зерттеулері нысанаға алынды.
Жұмыстың практикалық мәнділігі: жүргізілген зерттеулердің негізінде жеткіншектерге нашақорлықпен қарсы күрес жүргізуде алғашқы психологиялық кеңес беруге ұсынылған бағдарламалар жұмыстың сапасын жоғарлатады.
Сонымен қатар, нашақорлық мәселесіне байланысты мектептегі, колледж, лицейлерде психологтар, ата-аналар мен педагогтардың алғашқы профилактикалау жұмысының сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді.
I БӨЛІМ. НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖОЛДАРЫ БОЙЫНША ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1. 1. Психология ғылымындағы психологиялық кеңес беру
мәселелері.
Психологияны практикаға кеңінен енгізілуі оның сол облысының дамуына заңды түрде әкеліп соғады, яғни дәстүрлі түрде психологиялық эсер етудің танымал әдісі ретінде белгіленеді. Соның ішінде маңызды орынның бірі психологиялық кеңес беруге сөзсіз тиісті. Бұл іс-әрекеттің түріне тура анықтама беру және оның қолданылу сферасын бір жақты көротеу қиын. Психологиялық білімдердің қолданылатын кез-келген сферасында кеңес беру жұмыс формасының бір түрі ретінде қолданылады. Кеңес беру өзіне кәсіби кеңес беруді, педагогикалық, өндірістік кеңес беруді және тағы басқаларды қамтиды [2] .
Психологиялық кеңес беру тұлғаның дамуына көмекке бағытталған. Ол практик психолог жұмысының бір бөлігі болып табылады (психодиагностика
және тренингтің жұмыстарының жүргізілуімен қатар) . "Кеңес беру" сөзі латынның consultare, яғни кеңесу, ақылдасуды білдіреді. Психологиялық кеңес берудің мақсаты тұлғаға қамқорлық жасау, яғни қалыптасу мен өсудің
үздіксіз процесі болып табылады. Кеңес беру адамның қабілетінің дамуына адекватты көмек береді және өзі мен басқаларды толығымен қабылдайды, ішкі тұлғалық және тұлғааралық қатынастар жүйесін өзгертеді. Кеңес беруші - өзінің мамандығының сұрақтары бойынша соңғы кеңес беретін психология облысындағы маман. Ол азды немесе көпті клиентті жүйелі реттеуге және оның ішкі проблемаларын шешуде көмек үшін шақырылуы мүмкін.Кеңес берудің түрлері клиент немесе топтың өміріне кеңесшінің араласу деңгейіне байланысты. Практикалық психологияда кеңес берудің келесі деңгейлері мен түрлерін ажыратады:
. Индивидуалды даму немесе ө згеру, өзгеру объектісіне жеке адам түскен кезде, өмірлік іс-әрекеттің әртүрлі сферасының жүзеге асу белсенділігі мақсатында: кәсіби, коммуникативті, тұлғалық және түрмыстық. Осы деңгейде психодиагностика және коррекциямен индивидуалды кеңес жүргізіледі.
2. Тұлгааралы қ қ атынасты белсендендіру өмірлік іс-әрекеттің әртүрлі
сферасында: бұл жерде тренингтің элементтерімен топтық кеңес жүргізілуі
мүмкін.3. Ұ ймдастырылган даму ұйымдасқан құрылым және басқарудың жүзеге асуын үйғарады. Бұл деңгейде күрделі басқарудағы кеңес беру жүзеге
асады [3] .Кеңес берушінің іс-әрекетінің схемасы: проблеманы айқындау- диагноз - фактіні талдау - қатысу жоспары - кеңес беруші түрінде қатысу - кеңес беруші және клиенттің бірлескен іс-әрекетінің нәтижесін бағалау.
Психологиялық кеңес берудің негізгі мақсаты - бұл психологиялық көмек көрсету, сонда психологпен әңгімелесу мәселені шешкенде адамға беруге көзқарастары екі жақты болып отыр: біріншілері психологиялық кеңес берудің өзінің пәні жоқ және тек психологиядағы басқа теориялық өңдеулердің қолданбалы облысы болып табылады; екіншілері психолог-кеңес беруші "сүйікті және тексерілген" жинақы және кез-келген клиент концептуалды аппараттан үлкен және күрделі теориясына сүйенеді.
Бір жолғы кеңес беру жүргізілуі немесе психотерапевтік жұмыстық жүргізілуіне қарамастан, кеңес беру диалектикалық процесс ретінде және бірнеше сатыда қарастырылуы мүмкін:
- Клиентпен арадагы контрактіге отырукеңеске өз еркімен үсыныс жасауы, көмек беруге келіскен кеңесші кеңес беру барысында қауіпсіздікті және қолдауды қамтамасыз етеді.
- Сауалды тусіну жне проблемалықситуацияны талдау. Бұл сатыда кеңесшіге клиенттің проблемасын зейін қоя отырып тыңдап, ашық сұрақтарды пайдаланып, жеткілікті мәліметтерді алу үшін қайта сұрауға бағытталуы қажет. Сол уақытта кеңесші өзінің және клиенттің сезіміне рефлекс жасап, оның ары қарай проблемаға терең енуіне психотерапевтік мақсатта жағдай жасайды.
- Проблеманықайта өңдеу және психотерапевтік мақсатты орнату, контрактіні нақтылау. Бұл сатыда проблеманың шарттарын түсіну және жағдайдың пайда болуы, сезімді талдау және проблеманың мәніне клиенттің қатысы анықталады. Бұл жерде ең бастысы клиент өзінің проблемасын психологиялық көзқараста түсінуі.
- Проблеманы шешудін тәсілдерін іздестіру. Бұл кезеңде клиенттің өзінің психологиялық қиындығын зерттеуге келісімі қажет, таңдалған шешімге жауапкершілікті іздеу және қабылдау.
Клиентке кеңес беру процесінде оның тұлғасына және өміріне толығымен эсер ететін өзгерістер жүреді. Қандай жағдайда болмасын клиентке жаңа тәжірибе және оны ол қаншалықты терең сезінсе, соншалықты кеңес берудің нәтижесі жоғары болуы мүмкін.
Кеңес беру жұмысының клиентте өтетін өзгеру деңгейіне байланысты шамамен салдарларын бөлуге болады:
- өзіндік қажеттіліктерге, уайымдауларға және ойларға зейінді күшейту;
- өзін тануға және жаңа тәжірибені үғынуға қабілеттілікті дамыту;
- өзіне және қоршаған ортасына қатынасын өзгерту,
- өзіне қамқорлық жасауға, өзінің проблемасын өз бетінше шешуге, таңдау жасай алуға, шеіпім қабылдай отырып, соған жауапкершілікке қабілеттілікке иемдену.
Кеңес беру адамдарға көмек беруде олардың проблемасын шешудің бір түрі болып табылады және әрине барлық сұрақтарға жауап беруі мүмкін емес. Бұл басқаларды түсінуге, олардың жеке мақсатына жетуде көрінуі мүмкін. Кеңес берумен қатар басқа да көмек берудің түрлері бар: кеңес, хабарлар жасау, тікелей әрекет, оқыту, жүйелі өзгерістер.
Кеңесші нақты жұмысында осы стратегияларды жағдайдың ерекшеліктеріне және оның динамикасына байланысты сөзсіз пайдалануы мүмкін. Стратегияны ыңғайлы таңдау және оны ауыстыру қабілеттілігі оның
көмектесуі тиіс және айналасындағылармен тұлғааралық қатынас ретке келуі. Бірақ сұраққа бір жақты бұл психологиялық көмек қалай көрінуі мүмкін екенін жауап беру оңай емес.
Индивидуалды кеңес жүргізудің алғашқы шарты сол уақытта клиент үшін қауіпсіздігі мен жағдайын жасау қажет, оған: кеңес алуға өз еркімен келісім беру, өзіне және өзінің проблемасына сол адамның белсенді, зерттеу және творчестволық қатынасы; кеңесшіге сенімді қатынас.
Психологиялық кеңес беру әрқашан тұлғаның сана - сезіміне, адамның өзінің даралық , тілек, мақсат, қабілеттілік, сезім, ой және әрекетіне бағытталады. Сана-сезім индивидуалды "Мен" әртүрлі аспектілерін тереңдеуіне ықпал етеді, тұлғаның мотивациялық, эмоционалды және интеллектуалды компоненттерін кеңейтеді. Сана-сезім біруақытта тұлғаның өсуінің алғы шартын және нәтижесін, оның, қалыптасу процесінің жемісін, құндылықтарының қалыптасуын, оның жүріс-тұрыста жеке түрде жүзеге асуының өмірлік жоспарлары мен тәсілдерін көрсетеді.
Индивидуалды психологиялық кеңес беруді жүргізу арнаулы тұлғалық қасиеттер мен бағдарды қажет етеді. Тиімді кеңес беру жұмысы үшін тұлғаның басқа адамға (клиентке) жағымды бағдары болуы тиіс.
Психологтың және басқа адамның өзара әрекеттестігінің мақсатының арасында келесі мақсаттың тобын ажыратуға - болады: әлеуметтік, этикалық, адамгершілік және өзіндік психологиялық. Әлеуметтік мақсат адамның өзіне белгілі жалпы нормаларға сәйкес әрекетін және бастан кешіруін ұсынады, мысалы, жас ерекшелік, жыныстық, кәсіби, құқықтық және т. б. Бұл мақсаттар әрекеттердің және бастан кешірудің эталондарының қатысуын үсынады, яғни соған сәйкес болуы тиіс. Этикалық мақсат "жақсы-жаман" критериінің клиенттің әрекетіне сәйкес келуі және адам соған сәйкес бағалауды өзі таңдауы тиіс.
Психологиялық мақсат адамның өзінің қажеттіліктері мен әрекеттің сәйкес келуін ұсынады, яғни бұл қажеттіліктердің жүзеге асуы психологиялық жағдаймен байланысты.
Біздің еліміздегі психологиялық кеңес беру жағдайы бұдан жиырма жыл бұрын еуропа мемлекетінің бастан кешіргендеріне ұқсас болып отыр, алғашқыда әлеуметтік процестерде терең өзгерістерге ұшырады және қоғамдық құрылымдардың әртүрлі сфераларында қажетті бөлігінің бірі болып табылды. Белгілі Британ психологы М. Хорберт бұл жағдайды былай сипаттайды: "кеңес берушілер барлық жерде . . . сіз оларды мектепте, өндіріс орындарында, ауруханаларда, әлеуметтік қызметтерден кездестіруіңіз мүмкін . . . неке, ажырасу, карьераны жоғарлату, жақыныңды жоғалту сұрақтары бойынша кеңесшілер бар, ата-аналарды, студенттерді, зейнеткерлерге және т. б. кеңес беру. Осыған сәйкес кеңесшінің міндеті клиентті зерттеуге толығымен мүмкүндік беру және оның ары қарай толық құнды өмір сүруіне қайнар көзін анықтау мен жолын табу. Бұл өте ауқымды анықтама кеңес беру әртүрлі бағыттардың қолданылуға болатынына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тіпті психологиялық кеңес беру бір бағыттың өзінде қолданылу облысына байланысты әртүрлі пайдаланылуы мүмкін. Отандық психологтардың кеңес кәсіби біліктілігі болып табылады. Осы бес стратегияның көмегімен кеңесшінің рөлі клиенттің жұмысы үшін мүмкіншіліктерді қамтамасыз етуден тұрады [4] .
Психологиялық кеңес беру - адамдармен тікелей жұмыс, психологиялық проблемалардың әртүрін шешуге бағытталған, тұлғааралық қатынастардың қиыншылығына байланысты, негізгі әсер етудің құралы ұйымдасқан әңгімелесу болып табылады [2] . Психологиялық кеңес берудің мәні психолог арнайы кәсіби ғылыми білімін пайдалана отырып, басқа адам үшін жағдай жасайды, яғни ол оның психологиялық міндеттерін шешуде өзінің жаңа мүмкіндіктерін уайымдайды [5] .
Психологтың кәсіби іс-әрекетінің бұл түрінің тиімділігінің көрсеткіші басқа адамда өзінің міндеттері бойынша жаңа уайымдаудың пайда болуы болып табылады. Психологтың өзінің көзқарасы бойынша іс-әрекеттің бұл түрінің тиімділігінің көрсеткіші басқа адамның міндеттерімен оның жұмысының сәйкес корсеткіштері болып табылуы мүмкін. Мұндай сәйкестілік (сәйкестілік емес) шкала бойынша тексеріледі:
1. Психолог зейінді болуға қабілетті емес, клиенттің көңілін бөледі, маңызды ақпаратты жіберіп қояды.
- Психологтың әрекеті конструктивті емес; ол басқа адамға әсер етуге қатты ұмтылады.
- Клиент айтқандары естілмейді немесе өте аз естіледі; психолог өзіне көп кеңіл бөледі.
- Клиенттің әсеріне психологтың жауабы теңдей.
5. Психолог өз индивидуалдығын жоғалтпастан клиентке қосылады.
"Адам-адам" өсуіндегі психологиялық әсер ету кеңес беру процедурасынжиі еске түсіреді, көбіне сұхбаттасу түрінде жүзеге асады. Осындай мамандықтың қатарына дәрігер, заңгер, педагог, социолог, әлеуметтік жұмыс іс-әрекеттері кіреді. Бірақ олардың сұхбаттасулары өзара әрекеттестік пәні ретінде ажыратылады, адамға әсер ету элшемі және оған жауапкершілік. Психолог клиенттің психикалық өмірінің сапасының пайда болуына жауапкершілік тартады.
Психологиялық кеңес беруде психолог әртүрлі теориялық және әдіснамалық бағыттарға сүйенеді. Психологиялық кеңес беру практикасындағы танымалысы психоанализ (З. Фрейд), индивидуалды психология (К. Юнг), транзактылы анализ (Э. Берн) және т. б. ; бихевиоризм -әлеуметтік үйрену, әлеуметтік компетенттілік тренингі, озін -өзі оқыту, когнитивті терапия (А. Бандура) ; рационалды - эмоционалды терапия (А. Эоллис) . ; гуманистік бағыт - гешталытерапия (Ф. Перлз), топтық терапия (К. Роджерс), логотерапия (В. Франкл), психодрама (Дж. Морено) .
Әрбір бағыт үшін айрықша әдістемелік тәсілдер, мақсат және кеңес берудің міндеттері мен психикалық шындық аймағы тән, яғни клиент және кеңесші позициясындағы психологтың жұмысы.
Көптеген мамандықтарда өзінің принциптері және талаптары жүзеге асырылады, оның жүзеге асырылуы мамандар үшін міндетті болып табылады. Әлем елдері қатарында маманның іс-әрекетін анықтайтын психологтың этникалық кодексі қолданылады (Ethical Principles of Psychologists, 1981) . Психологиялық әсер ету сферасында адамдармен тікелей жұмыс жасайтындар үшін қатал және күрделі. Психолог- кеңес беруші жүріс-түрысында белгілі бір принциптер жүзеге асырылады және олар кәсіби іс-әрекеттің этикасын қамтамасыз етеді [6] .
Клиентке мейірімді, мінсіз катынас. Мінез - құлықтың жалпы қабылданған нормасын үстану ғана емес, ал зейін қоя тыңдау, қажетті психологиялық көмекті көрстеу, сынамау, клиентті түсінуге тырысу және кім көмек сұрап келді соның бәріне көмектесу.
Кеңес беруге тыйым. Әрбір адамның өмірі бірегей және қайталанбайтын. Сондықтан кез-келген өмірлік және кәсіби тәжірибеде кепілдік кеңес беру мүмкін емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz